Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Ғылыми жоба: "Жусан ел байлығы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Ғылыми жоба: "Жусан ел байлығы"

библиотека
материалов


Кіріспе



Табиғат адамзаттан әлдеқайда бұрын пайда болған. Адам оны қорғап, терең зерттеп, көркейте алады, бірақ ол табиғатсыз тіршілік ете алмайды. Табиғат дегеніміз- біз өмір сүретін жер, орман, өсімдіктер және жануарлар әлемі, бірақ сөзбен айтқанда бүкіл әлем.

Табиғат- тіршілік атауының құтты қоныс мекені. Алтын ұя, қоршаған ортасы. Табиғат байлығы-адамзат өмірінің баға жетпес байлығы. Тірі табиғат арасында неше түрлі қызықты байланыс бар. Бұл мыңдаған жылдар бойы қалыптасып келе жатқан құрлыс. Кейінгі жылдары медицинада шөптердің емдік қасиеттері, олардың кеңінен пайдалануға ерекше назар аударылуда. Қазіргі кезде шөппен емдеу-фитотрепияны үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін дәрәсәз ем-домды жасауды дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес сондықтан оларды орынды пайдаланып қорғай білудің маңызы зор. Мың теңге тұратын дәрі шарбағыңның дәл түбінде өсіп тұр деген халақ даналығы бекер айтылмаған. Дәрі-дәрмек жасау ісінде өсімдіктердің алатын ролі аса зор екені тәжірибеден мәлім. Алғаш рет қазақстанда өсімдіктердің емдік құрамы туралы мәліметтер жазылды. Көптеген орыс қалаларында жасыл өсімдіктерді сататын аптекалар ашылды. Ғасыр бойы емдік өсімдіктерді қолдану тәжірибелері жүргізілді. Бұл жазбалар- ғасылдың соңына дейін жалғасты, қаншама рет толықтырып, ауру түрлері ажыратылды. Дәрілерді жасау әдістері қарастырылды. Елімізде өсетін 20 мыңнан астам түрлерінің 2500-інің шипалық маңызы бар. Бұның 600-ге жуық түрінен дәрі дайындауға шикізат ретінде пайдалануға болады. Алайда медицинаға 200-ге жуық дәрілік өсімдіктер түрі белгілі. Қазақстанда өсетін 6000-ға жуық өсімдіктің түрінің 500-і дәрілік өсімдіктерге жатақы. Жусан (Artemisia) – гүлді өсімдіктердің күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптектес өсімдіктердің туысының атауы. Сонымен қатар дәрігерлер мыңжылдық деп атайды. Ол- денсаулық пен ұзақ өмірдің символы.














3

Негізгі бөлім


3.1 Жусанмен танысу


Жусан — күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер, шала бұта. Қазақстанның барлық жерінде — шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10-60 см, кейде 1,5-2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жемісі — тұқымша. Жусанның 17 түрі - сирек кездесетін эвдемик түрге жатады, ал Қазақстанда ғана өсетін бір түрі – дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Шырғалжын жусанның жапырағы мен сабағын жеуге болады, құм жусаны құм тоқтату үшін пайдаланылады. Арасындаулытүрі (таврийжусаны) де кездеседі, оны мал жемейді. Жусан — құнарлы мал азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлыөсімдік. Жусандықолдан (мысалы, тамыржусан) да өсіреді.



























4

- Ол адамның иммунитетін көтеретіні зертханада анықталған. Сәуленің адам ағзасына ықпалын азайтады, ал, ісікке әсерін көбейтеді. Өз күшімен жазып шыққан бір-екеу ғана. Көбінесе ісікті кішірейтеді. Әсіресе, бауыр, қуық, төс ісіктеріне әсері бар.
Қатерлі ісікті сәулемен емдеу барысында «Арглабин» қолданылса, науқастардың емделуі 95 пайызға көтеріледі дейді жер


Жусан өсімдігі гүлдеп тұрған кезінде нағыз күшіне енеді. Осы кезде оны сабағымен кесіп алып қайнаған суға тұндырады. 10 литр суға 2-3 кг жусанды бұқтырады. Жусаннан жасалынған тұнбаны жеміс ағаштарына түсетін құрттарға қарсы қолданады. Әсіресе, алма, алмұрт, құлпынай, бүлдіргендердің жемісі пісе бастаған кезде олардың бір шетін үңгіп жеген жәндіктерді көзіңіз шалмайды. Бірақ жемістер жартылай зақымдалып, тіпті жеуге жарамсыз болып қалады. Сол үшін де осы тұнбаны жемістер гүлдеп болып, түйін салған уақыттан бастап аптасына бір рет өсімдіктерге шашып тұрсаңыз еш зиян етпейді. Осы сияқты ащы бұрыш, темекі шөп, темекінің қалдықтары, дала қышасы, сүйелшөп, ат қымыздықтың тамыры, барқытгүлдің сабақтары, жусан өсімдіктерін табиғи ем ретінде зиянкестерге қарсы қолдануға болады. Тіпті, жусан, барқытгүлдердің мәдени түрлерін топтап отырғызсаңыз да пайдалы. Бұл өсімдіктердің ерекшеліктері сол, иісі өткір болады. Әрине, адамға зияны жоқ болғанымен жәндіктер үшін аталған өсімдіктердің иісі жағымсыз. Сол үшін де ұсақ жәндіктер өткір иісті өсімдіктердің маңына жоламайды.

Жусан деп ел атаған,                                Шөлге берік өскелең.

Шөп ол бойы жатаған.                             Дәрі – түбір бұтағы,

Дауылға, желге көшпеген,                       Жусан – қырдың жұпары.

(Бағдат Айтмұқаева)

Жусан! Осы бір жүрегімізге жылылық сағыныш  сезімін ұялатып, жанымызды жадыратып, көңілімізді көкке көтеретін, даламыздың дархандығы мен қадір қасиетін санамызға бала кезден сіңіп қалған салиқалы  еске түсіретін қасиетті сөзде ерекше құдірет бар десеңізші!...

Қаптап қырда шығатын,                              Көп шөп демей, жусанды

Иісі мұрын жаратын,                                   Біліп ал, шын атын...

(І. Шұғаев)

Жусан (Artemisia) – гүлді өсімдіктердің күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптектес өсімдіктердің туысының атауы. Дүниежүзінде жусанның 500-ден аса түрі кездеседі, оның 81 түрі еліміздің далалы, шөлейтті және шөлді өңірлерінде өседі. Олардың сабақтарының биіктігі жеке түрлеріне сәйкес 10-60 см, кейде 1,5-2 метрден асады. Сабақтары көбіне тік, кей түрлерінің сабағы жерге жайылып өседі. Қауырсын пішінді жапырақтары сабақтарына кезектесіп орналасқан және олардың жиектері тілімденіп келеді. Кей түрлерінің жиектері біркелкі тұтас тілімденбеген. Ұсақ гүлдерінің түсі ақшыл, сарғыш.Тамыз- қыркүйек айларының аралығында гүлдейді.

5

Қазақстанда өсетін жусанның 17 түрі сирек кездеседі және олардың кей түрлері тек біздің еліміздің аумағында өсетін эндемик түрлерге жатады. Мысалы, Қазақстанның оңтүстік аймағында ғана өсетін дәрмене деп аталатын жусанның шипалық қасиеті өте зор. Шырғалжын жусанының жапырағы мен сабағын тағам ретінде пайдалануға болады. Жусанның улы түрлері де бар. Ащы жусан, қара жусан, боз жусан (дәрмене) т.б. жусан түрлері құнарлы мал азығы болып саналады. Тамыржусан мен дәрмене жусаны қолдан өсіріледі.

Жусанның көптеген түрлерінің маңызын халқымыз ерте кездерден бастап-ақ біліп, дәрі-дәрмек, мал азығы ретінде пайдаланып келген.

Жусанның жұпар иісі туралы және оның қазақ даласының қасиетті өсімдігі екендігі жайында аңыз әңгімелер көптеп кездеседі.

Ойыма ащы мұң салар                              Жусан – күй мен жусан - ән,

Қапаланып тұрсам бір                             Жусан сөз бен жусан – жыр...






























6


Ол -денсаулық пен ұзақ өмірдің символы.


«Ермен жеген ер өлмес» деген сөздерге жусанның шипалық қасиетін бірден-ақ аңғартып тұр.Ертеде бабаларымыз жусанның шет елдерге сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп отырғандығы туралы деректер кездеседі. Жусанның шипалық қасиеттерінің зор екендігін байқаған неміс кәсіпкері 1884 жылы Шымкент қаласында арнайы зауыт ашып, одан «сантонин» дәрісін алып, ішек құртың түсіруге қолданған.

Жусанның бастапқы отаны Палестина мен Мысыр елі болған деген деректер бар. Ертеде оны арабтар «киелі шөп» деп атаған. Ал қазақша дәрмене атауы «дәрі міне» деген мағынаны білдіреді. Ата бабаларымыз ертеден-ақ бұл жусанның сабағы мен тамырының тұнбасын тәбет ашуға, асқазан, ішектің қызметін жақсартатынын білген.

Дәрмене жусан. Онымен емдеу ғылыми медицинаға қосылған үлкен үлес. Қазақтың халық емшілері ішек құрты ауруына қарсы қолданған. Бабаларымыз бұл өсімдікті атам заманнан бері шет елдерге сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп отырды. Қара жусанның тамырын тәбет ашуға, ішек, асқазан, бауыр, өт қалтасы ауруына пайдаланады.

Ата-бабаларымызжусанныңқасиетінертеденбілген. Шөбі мен тамырыныңтұнбасынпайдаланған. Оныңтәбеташуға, асқазан, ішектіңқызметінкүшейтуге пай далыәсері бар. Сондай-ақоныңқұрамында инулин, эфир майыжәнебасқа да қажеттідүниелеркездеседі. Елдіңарасындадемікпегешалдыққанадамғақаражусанныңсабағы мен жапырағыныңтүтініниіскететінін.

1921-1922 жылдары Алтайдан бастап Орта Азияның дәрілік өсімдіктерін зерттеген фармацевт ғалым Питирим Сергеевич Массагетов дәрмененің Арыс өңірінде көптеп өсетінін және оның «дәрмене дәнегі» шет елдерге жіберіліп тұрған және 1830 жылы одан сантонин дәрісі алынғандығы туралы  жазған. Ертеректе Шымкент қаласында бір, Ташкент қаласында екі дәрмене жусанын өңдейтін зауыттар болған.

Ертеде халқымыз құяң ауруымен ауырған адамдардың белін күнжіт майына немесе керосинге қосылған дәрмене тұнбасымен емдейтіндігін жазушы Серік Байхоновтың еңбектерінен кездестіруге болады. Ол «қазақ халқы үшін жусаннан қадірлі, жусаннан қасиетті өсімдік жоқ»,- деп  өте орынды жазған.

Ақын Нұрлан Мәукенұлының «Ермен-ай, ермен, ермен шөп, Аңқиды иісің желмен кеп... Ерменнің дәмін алғанмын, елжіреп жүрек қалғанмын» деген жыр жолдарынан ермен жусанының қасиетін аңғаруға болады.


7

Дәрмене жусаны шағын аумақта ғана өсетіндіктен және сирек кездесетіндіктен қатаң қорғауды қажет етеді және жусанның бұл түрі Қазақстанның Қызық кітабына (1981) тіркелген.


2012 жылдан бастап Қазақстанның Ерлан Сүлейменов бастаған жас ғалымдары жусаннан эфир майларын ала бастады. «Қазақ даласының хош иісі» атты жоба бойынша «Жусан» атты арнайы иіссу алуды қолға алып игілікті жұмыс жүргізуде.

Қорыта айтқанда, кең байтақ даланың жұпар иісті жусаны ел игілігі үшін алдыңғы уақыттарда талай кәделерге жарайтынына сеніміміз мол.

Еліміздің түрлі аймақтарында жусанға байланысты қойылған жер атаулары да көптеп кездеседі. Мысалы, «Жусандала» табиғи қорықтық белдемі, «Жусанды» Қызылқұм мен Сырдария аралығындағы жазық даланың атауы, «Жусандала» Қызылорда облысы Қармақшы ауданындағы көне қамал  атауы және т.б. атап айтуға болады.

Мал қоректенетін өсімдіктердің құнарлысы мен нәрлісін халқымыз «от» деп атайды. Мысалы, киік оты т.б. «Жусансыз жерді от деме, көжесіз елді тоқ деме»,- деген халық нақылы соның бұлтартпас айғағы деп атап айтуға болады. Халық ұғымында «қара от» - «жусанды жер» деген мағынаны білдіріп, ондай жер түйе мен қой үшін өте пайдалы өңір деп есептелінсе, «боз от» - бетегелі, қауданды, қияқты, бидайық өскен жерлерге айтылады. Мұндай жерлер жылқы түлігі үшін өте құнарлы азық болады деп тұжырым жасаған. «Изен, жусан болмаса шөпте береке болмайды, ауыз бірлік болмаса, көпте береке болмайды» деген Ескелді би бабамыздың даналық сөздері осының айғағы іспеттес.

Жалпы ата-бабаларымыз «жусан» деген сөзді естіген кезде жандары ерекше жадырап, туған жерге деген ерекше сағыныш сезімге бөленеді. Қазақ халқы үшін жусан қасиетті өсімдік. Алыс сапарға аттанғанда жусанды өзімен алып жүріп, туған жерге деген сағынышын басады, яғни «Отан» деген ұғыммен пара-пар мағынада айтылады.

Ертеде бір батыр жігіт өз елін тастап жатжұртқа кетіп қалған екен. Оны елге қайтару үшін қаншама рет барған елшілердің сөзіне құлақ аспапты. Сонда бір тапқыр данышпан елде өскен кепкен жусанның бір бумасын апарып иіскеткенде елге деген ерекше сезімі оянып, көзінен жасы тамшылап, жедел туған еліне оралған екен деген аңыз да ақиқатты аңғартса керек.


Тұнып тұр ғой түз деген,                        Сондықтан да біз деген

Жусан болып мың аңыз..                        Жусан аңқып тұрамыз..

(Темірхан Медетбек)




8

Асқан батырлығымен Мысырды билеген Бейбарыс бабамыз туған елден жусан мен жусан иісі бұрқыраған қымызды  алдырып ішкен деген тарихи деректер де сақталған.


Халқымыздың заңғар жазушысы Мұқтар Әуезов «Абай жолы» роман эпопеясында «Шөп атаулыдан да қой оты – мық жусан мен ұсақ, тырбықай бетеге болмаса, өнге бойшаң, тамыры босаң шөптерді жұлып ұшырып әкететін әдеті бар. Тегінде Шыңғыстаудың асыл шөбі – мық жусан. Бұл қойдың ырысы», - деп бекер жазбаса керек.

Көрнекті жазушы Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» деген әңгімесі де жусанның аңқыған жұпар иісінің қасиетіне арналған. Ал, аты әйгілі түріктанушы тарихшы, әрі жазушы Мұрад Ескендірұлы Әджидің «Жусанды қыпшақ даласы» атты өте құнды тарихи еңбегінде жусан жайында жазылған тұстары жусанның қадыр-қасиетін білетін кез келген адамды бей-жай қалдыра алмайды.


Қазақстанның орталық аймағында өсетін жусанның бір түрі – тықыр жусан деп аталады. Осы жусан түрінен көпжылдық ізденулердің нәтижесінде көрнекті ғалым Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі Серғазы Әдекеновтың басшылығымен ғалымдар «Арглабин» деген жаңа дәрі жасап шығарды. Қазіргі кезде бұл дәрі әлемнің көптеген елдерінде – АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Қытай, Германия, Швеция т.б. таралып, қатерлі ісік ауруына қарсы қолданылуда. Осындай әлемдік аса маңызды ғылыми жаңалығы үшін Серғазы Әдекенов бастаған бір топ ғалымдарға 2007 жылы  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.




















9

Жусанның химиялық құрамы


Ол улы шөп-тамырларды аса сақ-тықпен жіңішке ауруларға, тері ауруларына, күйікке қолдана біліпті. Құнанбай қажы ауруынан емдеп жазуға ша-қыртқанында, Ырғызбай емші қоңыр аюдың өтін бауырымен қоса алып, мейіздей етіп кептіріп, марал, бұғы, киік мүйіздерінен жасаған дәріле-рін реттеп, әбден қайнатып тазартқан, мумиесін мысқал–мысқалға бөліп, дайындапты. Ол Құнанбай қажының өт жолының да бұзылғанын біліп, өзіне арнап тігілген киіз үйде жеті, қырық бір, жүз үш түрлі шөптен, қырық бір түрлі жапырақтан, гүл мен тамырдан дәрі жасап, оны жылқының іш майына араластырып қайнатып, жеті түрлі дәмнен тосап дайындайды. Тосапқа аю өтінің тарыдайын екі-үш сүйкеп, жиі-жиі ішкіздіртіп, қырық күн емдеп, Құнанбай қажыны ауруынан жазып алады. Құнанбай қа-жының өтінішімен Сыбан еліндегі ақын Түбекті де емдеп, қатарға қосады. Содан Сұртай ақын Ырғызбай емшіні былайша жырға қосады:

... Ырғызбай елге әйгілі тәуіп еді, 
Құнекеңе шипалы ем тауып еді. 
Ажалдан Құнанбайды 
алып қалды, 
Әйтпесе, басқа төнген қауіп еді... 
Құнекең сыйға тартқан сол биені, 
Сусынға неше жылдай сауып еді. 
«Емші» өсімдіктертарихынан

Ертедегіегипеттіктер алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос, көкнәр, жалбыз, тал, аршатәріздіөсімдіктердіңшипалыққасиетінежелденбіліп, пайдаланған.

Ғажапсиқырлыкүші бар шөптерменҮндістанныңатышыққанымәлім. Мұнан 4 мыңжылбұрынүндістандықтар 760 дәрілікөсімдіктердіхалықеміндеқолданғаныжөніндедеректер бар. 
Ал ендіҚытайдадәрілікөсімдіктержөніндегіалғашқыкітапмұнан 5 мыңжылбұрынжазылыпты.

Орта ғасырғалымы Пара-цельстіңертезаманнанкележатқанілімгесүйеніпайт-қантұжырымдамасы: «Емдікөсімдіктіңпішіні, түсі, дәмі мен иісіаурудыңсипатынасайкелугетиіс». Яғни, сарғайыпауырғандардысарытүстіөсім-дікпен, бүйрегіауыратындардыжапырағыбүйректәріздіөсімдікпенемдеуқажет.

Қазақтардыңқылшадандәріжасауынбасшылыққаалып П.С. Моссагетов 1924 жылыҚазақстандаөсетінқырықбуынқылшасыныңшипалыққасиетінашты.

Дәрілікөсімдіктер

Дәрменежусан. Оныменемдеуғылымимедицинағақосылғанүлкенүлес.Қазақтыңхалықемшілерішекқұртыауруынақарсықолданған. Бабаларымызбұлөсімдіктіатамзаманнанберішетелдергесаудакеруендеріарқылыкөпмөлшердежіберіпотырды.

10

Қаражусанныңтамырынтәбеташуға, ішек, асқазан, бауыр, өтқалтасыауруынапайдаланады.



















































































12

Жусанның қолданылуы.


Жусан сөлі тәбет ашады, ас қорытады. Әртүрлі микробтарға қарсы тұрады. Химиялық медицинада жусанның шырыны әртүрлі ауруларға пайдаланылады. Өсімдіктердің жаңа сөлі әсіресе қараңғы жерде ұстағаны туберкулезді емдеу үшін қолданылады. Халық медицинасында дематика қарсы дәрі ретінде қолданылады. Жусанның су тұнбасы тәбетті толықтай ашады. Жусанның сөлін 4-8 рет пайдалану қажет. Сонымен қатар демікпеде, асқазан ойық жарасында асқазан ауруларына қарсы қолданылады. Кейбір шырындарға да қосады. Жусанның дәрілік қасиеті осыдан 3000 жыл бұрын белгілі болды. Орыс медицинасында жусанның сөлін жүйке ауруларын, бас ауруы т.б сырқат үшін, бал мен борсық майын қосып туберкулезді емдейді.



Жусанның ем боладын аурулары және қолданулуы.


Иммунитет көтеруде: 500гр жаңа кесілген жусанның сөлін грек жаңғағымен араластырып ет тартқыштан өткіземіз. Оған 1,5 стакан бал араластырып, тамақтан соң бір асқасықтан күніне үш мезгіл 1 ай ішу керек. Демікпеге жас жусанды езіп шырынын күніне үш рет әр ретте 5мг ішеді.

Сондай ақ адамның тәбетін ашуға іш тоқтатқанға, асқазан ауруына ішек ауруларына жақсы ем.






















12


Жусаннан жасалған қоспалар.



1.Қоспа №1

Жаңа жусан сөлі қараңғыда ұстаған борсық майын араластырамыз және де бал қосамыз. 100гр какао, жусанның жапырағының 1,5 бөлігін 1 чай қасық сөлді 1 стакан сүтке қосамыз. Туберкулез кезінде күніне 2 рет қолдану керек.

2.Қоспа №2

Жусанның жапырағын езіп күніне сөлін 3-4 тамшы қолданамыз. Мұрын қуысы ауыруына қолданамыз.

3.Қоспа №3

Жусаннын сөлін балмен араластырып бронхитке қарсы күніне 3 рет чай қасықтың ½ бөлігін пайдаланады.

4.Қоспа №4

Жусанды жуып тазалап мясуробкадан өткіземіз, бал қосамыз. Асқазан қыжылына бір чай қасықтан қолданады.

5.Қоспа №5

Суық тиюге 2-3 сағат аралығында 5-6 тамшы пайдаланады.


























13


Қорытынды


Денсаулығымыз мықты болуы үшін батпаңдап кіріп, мысқылдап шығатын ауруды дәрісіз-ақ үй жағдайында айналада өсетін дәрілік өсімдіктермен-ақ емдеп жазуға болады. Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулығымызды сақтауға көмектеседі, отбасын қаражатын үнемдейміз, табиғат байлығын қорғауға да атсалысамыз.

Міне, емдік қасиеті бар өсімдіктерге оқушылар кішкентайынан мән беріп, өз игілігіне қолдана білсе, шипаны алыстан іздемейді. Дәрілік өсімдіктерді пайдалану денсаулықты сақтайды. Дәрілік өсімдіктер жаңға шипа, дерке дауа болады.

Жусан әсемдігімен көздің нұрын алады. Гүлдеуі өте сирек. Бірақта жұмыс жасау барысында ұққаным өсімдік жұмысына байланысты сауалнама жүргіздім. Жусанды сыныптастырымның арасында кеңінен насихаттадым. Ерте заманның дәрілік өсімдіктердің қасиетін ата-бабаларымыз білген. «Аурудың жақсысы жоқ, Дәрінің тәттісі жоқ» дегендей қазіргі заманда химикат дәрілер көбейіп жатыр. Олардың адам ағзасына тигізетін зияны көп, өсімдік адам үшін азықтың қайнар көзі. Дәрілердің барлығы өсімдіктерден алынады. Аурудың алдын алуға емдеу үшін дәрілік өсімдіктердің маңызы өте зор.


Қорытындылай келе, жусан өсімдігін зерттеу нәтижесінде ұсынарым:

1.Ешқашан ауруға берілмеуге

2.Балалар мен ересек адамдардың болашағын ойлауға.

3.Қолымыздан келгенді, даладан іздемеуге.

4.Оның көптеген тигізетін пайдасын, емдік пайдасын одан әрі зерттеп, қоспасын түрлі дәрі-дәрмектер жасауын қолға алып дамытса деген ұсыныстарым бар.
















14


Ұсыныстар



1.Жусан өсімдігін күнделікті тұрмыста көп өсіріп, олармен күтіммен қарауын өз достарыма ұсынамын.

2.Жусан өсімдігінің емдік қасиетіне байланысты халық еміне арналған қоспа жасау әдістерімен қолдану ерекшеліктері жөнінде кітапшалар шығарылып көпшілік оқырмандарға ұсынылса.

3.Жусан өсімдігінің емдік қасиетін ескере отырып, сауықтыру орындарында көптеп өсіру жүзеге асырылса.

4.Халық еміне байланысты қоспа жасау әдістері күнделікті тұрмыста қолданысқа енгізіліуіне ұсыныс жасалынса.

































15



Пайдаланылған әдебиеттер


  1. «Қазақстан -Заман газеті»

  2. М.Оспанова, Ж.Лұқпанов, «Өсімдік жанға шипа дертке дауа»

  3. Ж.Жатқанбаев «Өсімдік және адамзат»

  4. Денсаулық журналы №8 2012ж

  5. Пайдалы кеңес №6 2014ж

  6. М.Қожабеков «Дәрілік өсімдіктер» Алматы, Қазақстан 2006ж



































16


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 03.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров784
Номер материала ДБ-004886
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх