Инфоурок Начальные классы Рабочие программыҒылыми жоба "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар"

Ғылыми жоба "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар"

Скачать материал

 

1.Менің жобамның тақырыбы « Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар».

2.Жобаның мақсаты Ер қанаты ат демекші, қазақ халқының тұрмысында  ерекше орын алатын жылқы малы туралы жалпылама мағұлымат беру.

3.Қазақстанда жылқы малының алар орны ерекше. Сондықтан жылқы малын қазақ даласының пырағы дейміз.

Өр Алтайдан – Атырауға, Ұлытаудан – Алатауға дейін созылып жатқан қасиетті жерімізді, ұлы даланы батыр бабаларымыз қазақтың атының үстінде жүріп қорғаған. Қазақстанның барлық аймақтарында жылқы малы өте жақсы дамыған.

4.Жақсы атқа бір қамшы . Жылқының басы созылған арықтау келеді көздері үлкен өткір, танаулары кең, сүйір құлақтары  болады.Жалы ұзын салбыраған, мойны ұзын бұлшық етті, денесі жұмырланған болады,құйрығы ұзын қылдардан тұрады, түрі әралуан келеді. Аяқтары биік сымбатты, жуандығы орташа болады.1- ші және 5- ші саусағы мүлдем болмайды. Асқазаны қарапайым болады , өт қабы жоқ, бүйені қатты дамыған.

5. Жылқының түстері. Жылқы түсі қылаң, баран, ала болып бөлінеді. Қылаңға  ақбоз,боз, бурыл, теңбіл т.б жылқылар жатады. 

Баранға торы, қара, қаракөк  қоңыр т.б жылқылар жатады.

Алаға сарыала, сұрала, қарала т.б жылқылар жатады. Алыстан қарағанда жылқының денесіндегі бозғыл түктер басым болса, ол қылаң жылқы деп аталады.Қошқыл түстер көбірек болса, баранға жатады.

6. Жылқы малының өмір мерзімі мен кезеңдері болады.

Түріне, күтімі және өсу айналасына байланысты қазіргі үй жылқысы орташада 25-30 жыл жасайды.Кей кезде, кейбір жануарлар жасы 40- тан асады.

7. Қазақстанда жылқының түрлері өте көп тараған. Мысалы жүк жылқысы, мініс жылқысы, жазық дала жылқысы, тау жылқысы, солтүстік дала жылқысы болып ажыратылады. Дүние жүзінде жылқының 250- дей түрі бар. Қазақстанда жылқының 16 түрі өсіріледі.

8. Қазақстанда жылқы малын – малдың патшасы деп атайды. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылық пен өркениет дамуының негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының шаруашылықта маңызы зор. Ол – ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу, әскери және спорттық бағыттарда өсіріледі.

9.Жылқы малының Қазақстандағы тарихы. Қазақстанның барлық аймақтарынан кездесетін арий, сақ, ғұн кезеңдерінің ескерткіштері ежелгі Қазақстанда жылқының қолға үйретіліп қана қоймай, бұл малдың ерекше қастерленіп, әдет – ғұрыптық рәсімдердің ажырамас бір бөлігіне айналғанын көрсетеді.

10.  Қазақстандағы Қайсар батырларымыздың арғымақтары болған.        Мысалы Байшұбар Алпамыс батырдың арғымағы, Тайбурыл Қобыланды батырдың арғымағы болған, Құлагер туралы ақын жазушылар  жырлаған т.б көптеген арғымақтарымыз болған.

11. Жылқы малының қазақ дәстүріндегі орны. Қазақ халқы үшін ең қасиетті болып  саналатын малы – жылқы екендігі белгілі. Еті мен сүті – шипа, өзі көлік , ер – батырларымызға серік жануардың тұқымын жоғалтпау елімізде   мықтап қолға алынған .

12. Атқа міну салтының денсаулыққа пайдасы . Салт атпен жүріп адам денсаулығын жақсарту , яғни ішкі құрлысқа, ұлтабарға және демалу ағзасына, дұрыс отыруына, жүрек ауруларына, бұлшық етке, инфаркт ауруларына пайдасы зор.

13. Ер әбзелі. Қазақ халқы ат әбзелдеріне ерекше көңіл бөлген. Ер – тоқым жабдықтарын қыздар тағатын сәнді әшекей бұйымдарға ұқсата жасаған . Ердің сәнді болуымен қатар оның адамға жайлы болуына да көңіл бөлінген. Ер тек қана адамның отыруына, ыңғайлы құрал емсе, атқа да зиян келтірмеуі тиіс.

14. Қазақстанда жылқы туризімі жақсы дамыған.

Жылқы туризімі  - адам үшін таптырмас демалыстың бір түрі және осылай болып қала береді де. Ақылды , мықты, төзімді жылқыларды таңдай білу қажет. Жалпы жылқы малы адам бұйрығының бәрін дерлік орындауға бейім. Қазірде әлемде екі жүз елуге жуық жылқы тұқымы бар.

15. Бәйгеге қосар атыңның, ерін алма, терін ал. Жылқы малын аталарымыз ежелден құрметтеген оны күтіп баптаған. Жылқы малымен аңға шыққан. Биелер құлындаған кезде оған ерекше күтім жасаған. Шөбін салып , суын беріп қадағалап отырған.

Қорытынды.

   Қазақтар жүйрік аттарды тұлпар , сәйгүлік арғымақ деген.

   Көшпелілердің, соның ішінде қазақтар 4 түлік малдың ішінде жылқыны көне заманнан бастап өсіргені тарихтан белгілі. Оның үстіне жылқы малы көшіп – қонуға ыңғайлы , мініске төзімді, өз аяғынан жайылады, күтімді көп тілемейді. Еті дәмді, сүті шипалы. Қазақ 4 түліктің ішінде бірінші жылқыны байлыққа санаған. Ол ұшқыр арманның, самғаған таң ғашайып жасампаздың қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпі болып табылады.

  Жылқы – малдың патшасы дей отырып, осы өлең шумақтарымен аяқтағым келіп отыр.

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«№54 жалпы білім беретін орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жобаның тақырыбы: «Өзін-өзі тәрбиелеу арқылы адами қасиеттерді бойға сіңдіру».

 

 

 

 

 

                 Жобаның жетекшісі: Искандирова Гүлден

Қызметі: бастауыш сынып мұғалімі

Жұмыс орны: «№54 жалпыы білім беретін орта мектебі»КММ

Ғылыми дәрежесі: І санатты мұғалім

Жобаны қорғайтын оқушы: Байдүйсен Ақмерей

Сыныбы: 4 «Г»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              

 

 

 

 

 

                          

                                      Қарағанды қаласы

 

Жобаның тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар».

 

 

Жобаның мақсаты: Ер қанаты – ат демекші,қазақ халқының тұрмысында ерекше орын  алатын жылқы малы туралы жалпылама мағлұмат беру.

 

 

 

Жобаның міндеті:

 

v    Жылқы малының шығу тегі;

 

 

v    Жылқының Қазақстандағы тарихы;

 

 

v    Жылқы малының қазақ дәстүріндегі орны;

 

 

v    Жылқы малын баптау, күту;

 

 

 

 

Жобаның өзектілігі:

Қазақ үшін ең құнды, қасиетті мал жылқы. Жалпы, халық жылқыны жоғары бағалап, оны көп өсірген.Жылқы – қазақтың кәделі, бағалы қазынасы. Халық ер – азаматтарға ат мінгізіп шапан жапқан. Демек,құрмет белгісі ретінде жылқы үлкен сый орнына жүреді. Жылқыны мінсең – үсті жел, “Ішсең – қымызы бал, жесең – еті  бал”.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

I.                  Кіріспе бөлім

II.               Негізгі бөлім

1.1             Жылқы малының шығу тегі;

1.2             Жылқы малына сипаттама;

1.3             Жылқы малының түстері;

1.4             Жылқы малының өмір мерзімі мен кезеңдері;

1.5             Жылқы малының түрлері;

1.6             Жылқының Қазақстандағы тарихы;

1.7             Қайсар батырларымыздың арғымақтары;

1.8             Жылқы малының қазақ дәстүріндегі орны;

1.9             Атқа міну салтының денсаулыққа пайдасы;

1.10        Ер әбзелі;

1.11        Жылқы туризмі;

1.12        Жылқы малын баптау, күту;

 

III.           Қорытынды

 

IV.           Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I.                  Кіріспе бөлім

 

                                Тігіпті бас бәйгеге елу бие,

                                Өлі оттау, бір бас тоғыз, тоғыз түие,

                                Жабулы қара нарға қалы кілем,

                                Аты озған зор олжаға болды ие.

                                               ( Н.Ахметбеков )

    Қазақ үшін ең құнды, қасиетті мал жылқы. Жалпы, халық жылқыны жоғары бағалап, оны көп өсірген.Жылқы – қазақтың кәделі, бағалы қазынасы. Халық ер – азаматтарға ат мінгізіп шапан жапқан. Демек,құрмет белгісі ретінде жылқы үлкен сый орнына жүреді. Жылқыны мінсең – үсті жел, “Ішсең – қымызы бал, жесең – еті  бал”.

 

II.              Негізгі бөлім

1.1 Жылқы малының шығу тегі

 

     Жылқы (лат. Еқұұс ферұс цабаллұс) – тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болады. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылық пен өркениет дамуының негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының (Е. цабаллұс) шаруашылықта маңызы зор. Ол – ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу, әскери және спорттық бағыттарда өсіріледі.

 

 

                                           1.2 Жылқы малына сипаттама

 

       Жылқының басы созылған арықтау келеді; көздері үлкен өткір, танаулары кең, сүйір құлақтары ширақ қимылды үлкен не орташа көлемді (басының жартысынан да кішірек) болады. Жалы ұзын салбыраған, мойны ұзын бұлшық етті, денесі жұмырланған болады; құйрығы түбірінен басталатын ұзын қылдардан тұрады; түсі әралуан келеді. Аяқтары биік сымбатты, жуандығы орташа болады; 1-ші және 5-ші саусағы мүлдем болмайды, 2-ші және 4-ші саусақтары рудиментті түрде ғана қалыптасқан; тұяғы ең қатты дамыған ортаңғы саусақтың басын ғана қаптайды (сондықтан дененің бүкіл салмағы соған келеді). Асқазаны қарапайым болады, өт қабы жоқ, бүйені қатты дамыған. Миі біршама кішкентай, және қатпарлы үлкен ми сыңарлары мишықты қаптамайды. Алайда ақыл қабілеті едәуір жоғары болады. Сезу қабілеттерінен естуі ең жақсы дамыған, содан кейін көруі, сосын иіс сезуі. Шоқтығына дейінгі биіктігі 50 – 185 см, салмағы 60 – 1500 кг болады.Жылқылар әдетте бір айғыр бастайтын бірнеше биеден тұратын үйірге жиналады. Көбінесе жазық далада тұрады; ерекше сипаттары - үлкен жылдамдық пен сақтылық.

 

1.3 Жылқы малының түстері

 

     Жылқы түсі қылаң, баран, ала боп бөлінеді.Қылаңға ақбоз, боз, бурыл, теңбіл, құбақан, сары, құла, құла жирен, шабдар, көк, сұр, құлагер, қызыл, нарқызыл, т.б. жылқылар;

баранға торы, қара, қаракөк, қарасұр, қоңыр, жирен, күрең, т.б. жылқылар жатады;алаға сарыала, сұрала, көкала, керала, қарала, қоңырала, күреңала, т.б. жылқылар жатады.Алыстан қарағанда жылқының денесіндегі бозғыл түктер басым болса, ол қылаң жылқы деп аталады. Қошқыл түстер көбірек болса, баранға жатады. Ерекше кездесетін түстер болады. Мысалы, шұбар, бозшұбар, көкшұбар, қарашұбар, т.б. жылқылар. Будандары қашыр, қарта қашыр (лошак), құланоид (құлан мен жылқы буданы), зеброид (зебр мен жылқы буданы) деп аталады.

 

1.4 Жылқы малының өмір мерзімі мен кезеңдері

 

   Түріне, күтімі және өсу айналасына байланысты қазіргі үй жылқысы орташада 25-30 жыл жасайды.  Кей кезде,

кейбір жануарлар жасы 40-тан асады. Жазу деректеріне сай ең көп 19 ғ. Ескі Билли деген ат 62 жыл өмір сүрген.

Қазіргі заманда, Шуга Пафф деген пони 2007 ж. 56 жаста өліп Гинесс кітабына енген.

Жылқы төлдерін былай бөледі:

құлын (биенің жас төлі),

жабағы (6 айдан асқан құлын),

тай (1 жастан асқаны) деп атайды.

Ал бұдан әрі ұрғашы жылқыны яғни байталды:

құнажын байтал (2 жастан асқаны),

дөнежін шығар (3 жастағы байтал),

дөнежін байтал (3 жастан асқаны),

бесті бие (4 жастан асқаны),

қасабалы бие (7 – 8 жастағы бие),

кәртамыс бие (11 – 14 жастағы бие),

жасаған бие (20 жастан асқан бие), т.б. атайды.

Піштірілмеген еркек жылқының яғни айғырдың атаулары:

құнан айғыр (2 жастан асқаны),

дөнен айғыр (3 жастағысы),

сәурік айғыр (3 – 4 жастағы үйірге салынбағаны),

бесті айғыр (5 жастағысы),

сақа айғыр (11 – 12 жастағысы), т.б.

 

 

 

 

 

1.5 Жылқының түрлері

 

     Жылқы жүк жылқысы (Владимир жылқысы, Першерон жылқысы, т.б.), мініс жылқысы (араб жылқысы, ақалтеке, т.б.), жазық дала жылқысы (Дон жылқысы, Буденный жылқысы, Қостанай жылқысы, моңғол жылқысы, қазақ жылқысы, т.б.), тау жылқысы (кабардин, қарабақ, қырғыз, алтай жылқылары, т.б.), солтүстік дала жылқысы (витский, эстон, якут жылқылары, т.б.) болып ажыратылады. Дүние жүзінде жылқының 250-дей түрі бар. Қазақстанда жылқының 16 түрі өсіріледі.

 

1.6 Жылқының Қазақстандағы тарихы

 

   Ежелгі дәуірлерде-ақ қазіргі Қазақстан аумағы жылқының қолға үйретілген мекені болғандығын археологиялық қазбалар дәлелдейді. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті энеолит дәуірінде (б.з.б. 4 – 3-мыңжылдық), Арқайым ескерткіштері орта қола дәуірінде (б.з.б. 2-мыңжылдық), Қазақстанның барлық аймақтарынан кездесетін арий, сақ, ғұн кезеңдерінің ескерткіштері (б.з.б. 1-мыңжылдық – б.з. 2 ғ.) ежелгі Қазақстанда жылқының қолға үйретіліп қана қоймай, бұл малдың ерекше қастерленіп, әдет-ғұрыптық рәсімдердің ажырамас бір бөлігіне айналғанын көрсетеді.

 

 

1.7  Қайсар батырларымыздың арғымақтары

 

     Қазақтар жүйрік аттарды тұлпар, арғымақ деген. Қандай тұлпар аттар болғаны қазақтың көптеген аңыз, эпос жырларында керемет суреттеледі. Мәселен, Қобыланды батырдың Тайбурылы, Алпамыстың Байшұбары, XX ғасырдағы тұлпар аттың ардақтысы Саңырақтың Құлабестісі , Ақан серінің Құлагері т.б.

 

1.8  Жылқы малының қазақ дәстүріндегі орны

   

    Қазақ халқы үшін ең қасиетті болып саналатын малы – жылқы екендігі белгілі. Еті мен сүті – шипа, өзі көлік, ер-батырларымызға серік жануардың тұқымын жоғалтпау елімізде мықтап қолға алынған.

 

 

1.9  Атқа міну салтының денсаулыққа пайдасы

    Иппотерапия - салт атпен  жүріп адам денсаулығын жақсарту, яғни  ішкі  құрлысқа, ұлтабарға  және  демалу  ағзасына, дұрыс  отыруына,  жүрек  ауруларына, вестибулярдық   аппаратқа, бұлшық   етке, инфаркт ауруларына пайдасы зор.

 

                 1.10 Ер әбзелі

      Қазақ халқы ат әбзелдеріне ерекше көңіл бөлген. Ер-тоқым жабдықтарын қыздар тағатын сәнді әшекей бұйымдарға ұқсата жасайды. Ер мен басқа да жабдықтар әркімнің жағдайына қарай сәнделеді. Ердің сәнді болуымен қатар оның адамға жайлы болуына да көңіл бөлінген. Ұзақ жолға немесе сапарға шыққан адамның ыңғайлы отыруы, жаумен шайқасуында жеңіске жетуіне де әсер етеді. Ер аттың шайқас немесе жарыс кезінде тік тұрғанда, айналған кездерде адамның ыңғайлы отыруын, жерге құлап түспеуін қамтамасыз етеді. Екінші жақтан, ер тек қана адамның отыруына, ыңғайлы құрал емес, атқа да зиян келтірмейтін құрал болуы тиіс.

 

1.11  Жылқы туризмі

    Жылқы туризмі - адам үшін таптырмас демалыстың бір түрі. Және осылай болып қала береді де. Ақылды, мықты, төзімді жылқыларды таңдай білу қажет. Жалпы жылқы малы адам бұйрығының бәрін дерлік орындауға бейім. Қазірде әлемде екі жүз елуге жуық жылқы тұқымы бар.

 

1.12 Жылқы малын баптау, күту;

    «Бәйгеге қосар атыңнын, ерін алма , терін ал». Түріне, күтімі және өсу айналасына байланысты қазіргі үй жылқысы орташада 25-30 жыл жасайды.  Кей кезде,кейбір жануарлар жасы 40-тан асады. Жазу деректеріне сай ең көп 19 ғ. Ескі Билли деген ат 62 жыл өмір сүрген.Қазіргі заманда, Шуга Пафф деген пони 2007 ж. 56 жаста өліп Гинесс кітабына енген.

 

III.Қорытынды

      Қазақтар жүйрік аттарды тұлпар , сәйгүлік арғымақ деген.Көшпелілердің, соның ішінде қазақтар 4 түлік малдың ішінде жылқыны көне заманнан бастап өсіргені тарихтан белгілі. Оның үстіне жылқы малы көшіп – қонуға ыңғайлы , мініске төзімді, өз аяғынан жайылады, күтімді көп тілемейді. Еті дәмді, сүті шипалы. Қазақ 4 түліктің ішінде бірінші жылқыны байлыққа санаған. Ол ұшқыр арманның, самғаған таң ғашайып жасампаздың қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпі болып табылады. Жылқы – малдың патшасы дей отырып, осы өлең шумақтарымен аяқтағым келіп отыр.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Қ.Мырзалиев “Қызыл кітап”, Алматы 1983;

2. Қ.Бозымов “Жылқы және түйе шаруашылығы”, Алматы “Қайнар” 1993;

3.Қ. Дүйсенбаев, З.Сейітов , Ә.Хасенов “Қымыз”, Алматы “Қайнар”1968;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ғылыми жоба "Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Проректор

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 915 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.01.2016 4734
    • DOCX 89.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Исабекова Гульмират Омиртаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 50580
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по физической культуре у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 176 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 180 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Мини-курс

Психологическое благополучие и успех в учебе: методы помощи детям на разных этапах развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 208 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 129 человек

Мини-курс

Экономика и управление

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление фобий: шаг за шагом к свободе от социальных источников страха

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек