Инфоурок Информатика Другие методич. материалыҒылыми жоба:Adobe Photoshop программасының тиімділігі мен кері əсері

Ғылыми жоба:Adobe Photoshop программасының тиімділігі мен кері əсері

Скачать материал

Мазмұны

 

Пікір             .................................................................................................. 2

Аннотация   .................................................................................................3-5

Кіріспе   ..........................................................................................................6

ІІ Негізгі бөлім

2.1 Adobe Photoshope бағдарламасы ..................................................8

2.2 Adobe Photoshope бағдарламасының тиімділігі .........................12

2.3 Adobe Photoshope бағдарламасының кері әсері ..........................16

ІІІ Тәжірибелік бөлім

Бағдарламамен жасалған суреттер.......................................................…21

ІV Қорытынды .......................................................................................21

V  Пайдаланған әдебиеттер тізімі.........................................................23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір

           Білім беру мекемесі Тараз қаласы Ө. Жолдасбеков атындағы

 №50 орта мектебі.

 Жұмыс авторы 8 сынып оқушысы Әшімхан Алтынай.

Оқушының алдына қойған міндеті:

v Adobe Photoshope  бағрламасының тиімділігі мен кері әсерін анықтау

v Adobe Photoshope  бағрламасының өмірде қолданылуын көрсету;

v Adobe Photoshope  бағрламасының зерттей отырып, негізгі теориясымен

v Adobe Photoshope  бағрламасының тиімділігі мен кері әсерін анықтау  және зерттеу жұмысын корректі түрде құрастыра білу;

Adobe Photoshope  бағрламасының қолданылуы атты тақырыбында біраз уақыттан бері ізденіс жүргізуде. Бұл құрастырылған жобада бағдарламаның басқа саладағы қолданылу тәсілдеріне толық тоқталған.                    Ғылыми жоба барысында тақырыптың әрбір пунктіне жеке көңіл бөлініп толық түсіндіріліп отырған. Осы ғылыми жоба бойынша оқушыға таныс емес көптеген мысалдар келтірілген.                                               Қазіргі уақытта мектеп оқушыларына осы ғылыми жобамен таныса отырып, оны меңгеру өте қажет. Мәселен, компьютерлік бағдарламаларға  деген қызығушылығын арттыруға, өздерінің информатикалық білімдерін шынайы  өмірге байланысты болды.                                                                        Оқушы өзіндік ізденіс жұмыстарын жүргізіп ақпараттар жинаған. Жобада қолданылған әдебиеттер салып көбейтіп, ізденіс жалғастыруда.               Мектеп оқушыларына осы ғылыми жобамен толыса отырып, оны меңгеру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

         Өнердің қолданылу аясында шек жоқ, ерекше орынға сурет өнерін, соның ішінде Adobe Photoshop қолдану арқылы көптеген нәтижелерге қол жеткізуге болатындығын қазіргі таңда техниканың даму ғасыры көрсетуде. Жоба барысында Adobe Photoshop бағдарламасының тиімді жағы мен тиімсіз жағын көруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аннотация

Нет границ в использовании этого вида искусства. Отдельное место уделено рисованию, а именно с использованием Adobe Photoshop, что показывает нынешнее достижение техники и результаты способностей  учащихся. В проекте исследованы выгодная сторона и невыгодный сторона программы Adobe Photoshop.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Anotation

 

          Art becomes an unusual place in our life.Especially, it is painting.Now a days we can hase a lot results using Adobe Photoshops.We can see the development of techinics of our century.We can see the advantage and disadvantage of the programme Adobe Photoshop

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І Кіріспе

Adobe Photoshop - суреттерді, мәтіндерді өзгертуге, түрлендіруге, сақтауға арналған ең танымалы графикалық бағдарлама болып табылады. Adobe Photoshop графикалық бағдарламасы түстер палитрасымен жұмыс істеуге, суреттерді еңгізуге және шығаруға, контурларын ерекшелеуге, түс тандауға, сурет фильтрін тандауға, өлшемі мен кеңейтілімін өзгертуге, суреттерді түстендіруге және басып шығаруға мүмкіндік береді. Adobe Photoshop интерфейсі бағдарламамен өзара әрекеттесу әртүрлі деңгейдегі қолданушыларға арналып ойластырылған. Бағдарламамен жұмыс істеу: командаларды тышқанды басу арқылы жүзеге асыру және пернетақтада белгілі бір перне комбинацияларын басу арқылы операцияларды жүзеге асыру. Операцияларды жүзеге асырудың екі түрі де бір бірінен оңайлығымен және функцияны орындау жылдамдығымен ерекшеленеді. Әдеттегідей: бағдарламамен енді жұмыс ісеуді бастаған адам меню арқылы жұмыс істегенді таңдайды, ал маман пернетақта арқылы.

Зерттеудің өзектілігі.  Қазіргі таңдағы  ақпараттық нарықта алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін жаңа технологияларды пайдалану қажет. Осы тұрғыда Adobe Photoshope бағдарламасының қолдану аясы да кеңінен таралып келеді. Атап айтқанда, маркетинг, медицина, полиграфия, дизайн және т.б. салалар аталмыш программаның көмегімен жоғары деңгейде дамуына ықпал жасауда. Бұл жобада Adobe Photoshope бағдарламасының дұрыс бағытта қолданылуы қарастырылып, оның тиімділігі мен кері әсеріне тереңінен талдау жасалынады.  

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Adobe Photoshope бағдарламасының қолданылуына сараптама жасап, тиімділігін көрсетіп, кері әсерін анықтау. Міндеттері:

-         Adobe Photoshope бағдарламасы туралы жалпылама ақпарат беру;

-         Adobe Photoshope бағдарламасының  тиімділігін мысалдар көрсету арқылы дәлелдеу;

-         шетелдік тәжірибелерді ескере отырып, Adobe Photoshope бағдарламасының зиянын көрсету.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы.

Зерттеу нысаны. Ғылыми жобаның басты нысаны - Adobe Photoshope бағдарламасының әр салада  қолданылуын қарастыру, зерттеу.

Зерттеу әдістері. Ғылыми жобада контент – анализ (кітаптар, СМИ, оқулықтарды қолдану) баяндау, зерттеу, салыстыру, эксперимент, сараптау әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 15 бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ Негізгі бөлім.

2.1 Adobe Photoshope бағдарламасы

Adobe Photoshop бағдарламасы - графиканы редакциялау үшін жасалған. Бағдарламаны Adobe Systems inc. фирмасы өңдеп жариялаған. Adobe Photoshop-ты кəсіпқой фотографтар, цифрлық суретшілер, графикалық дизайнерлер, веб- дизайнерлер жəне қарапайым қолданушылар пайдаланады. Бағдарламаның жаңа нұсқаларында бірнеше интерфейс бар, осы арқылы оны əркім өзіне ыңғайлы күйге келтіреді. Бұл бағдарлама суреттеріңізді түзетуге, мөлшерін өзгертуге, кесуге, түс түзетуін жасауға мүмкіндік береді. Бағдарламада сурет сала аласыз, осы мақсатта көптеген құралдар бар: brush, mixer brush, art history brush, pencil жəне т.б. Фотошоп растр суреттермен жұмыс істейді, бірақ вектор объектілерді қолдайды.

Adobe – Photoshop-ты алғаш жүктегенде фотошоптың негізгі терезінде жүктелген графикалық файл көрінеді.Негізгі терезе келесі элементтен тұрады:

1. Меню қатары: Edit, layer, image, select, filter, view, window, help.

Image – тікелей бейнелермен жұмыс істеуге арналған.

Layer – қабаттар мен жұмыс істеуді ұйымдастыру.

Select – ерекшелеу және онымен жұмыс жасау.

Filter – функцияның әр-түрлі қызмет атқаратын қосымша модельдерінің жиынтығы

Window – палитраларды қосу және ажырату.

2. Инструменттер палитрасыЖұмыс істеу барысында ең жиі қолданылатын барлық негізгі

құралдар орналасқан элемент. Көпдеген инструменттердің батырмасында қосымша элементтерді шығаратын тілшелер орналасқан

3. Параметрлер палитрасы (Options): Инструменттерді өзгертуге болатын параметрлері көрсетіледі.

4. Палитралар — Спецификалық қызмет атқаруды басқару элементі топтастырылған кішігірім терезе.

5. Қыстырмалар – Үнсіз келісім бойынша экранда 3-ші пайда боладыОлар:Browser (Шолушы), Too Presets және Layer Comps.Олар жиі қолданылатын файлдарды тез шақыру қызметін атқарады.Кез келген палитраны қыстырма ретінде қаастыруға болады.

Негізгі түсініктер мен терминдер.

1. Pixcel (пиксель) – Екі өлшемді графикалық растрдағы бейненің өлшемі.Яғни сурет құралып тұрған кішкене нүктелер.

2. Resolution (мүмкіндік) – ұзындық бірлігіне сай келетін нүктелер саны. Бейненің параметрінің бірі.Бұл мән жоғары болған сайын бейне сапалы,алайда оның көлемі үлкен болады.

3. Түстік модельдер (RGB моделі) – Түстік модель бояудың берілу принціптерін анықтайды.RGB моделі көбінесе мониторға түске бері үшін пайдаланылады.Кеңт тараған модель.Бұл модель бойынша бұл модельдің үш түстік құраушысы бар.

Red (қызыл)

Blue (көк)

Green (жасыл)

Әр каналдың ашықтылық деңгейіне  (0…, 255) байланысты көпдеген түстер алынады.0 – минимальдық ашықтылық, 255 – максимальдық ашықтық.

4. Layer (қабаттар) – қабаттар мен жұмыс істеуду ұйымдастыру.

5. Selection (ерекшелеу) – ерекшеленген аймақпен жұмыс істеу фотошопта үлкен роль атқарады.

6. Қосымша панель немесе Альфа чаннель – ерекшелеудің оригинальді формасы.Мұнда ақ түс ерекшеленген, қара түс ерекшеленбеген, сұ түс жартылай ерекшеленген иксельдерді анықтайды.

7. Bland Model (пиксельдерді қосу режимі) – фотошоптп кез келген элементпен жұмыс істеу бұрыннан бар пиксельдердің үстіне жаңа пиксельдерді қосу болып табылады.Қарапайым режимде ескі пиксель жаңа пиксельмен алмстырылады.

 

 

 

 



 

 

 

 

 

    Компьютерлік графика әр түрлі жарнама агенттігінде, әсемдеуші бюрода, редакция және баспаханаларда қолданылады. Графика арқылы өте күрделі суреттерді құрайды, электронды құжаттарда қолданады, объектілердің моделі мен құрылысын зерттейді. Компьютерлік графика өте қарқынды дамып келе жатқан ғылыми индустрия. Сондықтан компьютерлік графикамен жұмыс жасауды кез-келген пайдаланушы білуі керек. Графикалық программалар ішінен Adobe Photoshop программасы – графикалық және мультимедиялық программаларды өңдеуде 17 тілде танылған және 215 халықаралық жетістікке жеткен 70 мемлекетте қолданылатын программа.   

Бүгінгі таңда бұл бағдарлама суретшілердің, фотографтардың және  дизайнерлердің қолданысына ие. Бағдарламаның алғашқы түпнұсқасын ағайынды Томас және Джон Нолл жасаса, қазіргі уақытта өңдеушілердің саны 41 болып тұр. Томас түстер мен оларды коррекциялау негіздерін үйренсе, Джон компьютермен әуестенген. 1984 жылы Макинтоши маркасындағы компьютердің функционалдық мүмкіндіктері ағайындылардың көңілдерінен шықпады. Бұл болашақта миллиондаған доллар пайда әкелетін программаның шығуына себеп болды.        

Осы уақыттан бастап Томас пен Джон графика мен компьютерді байланыстырып, компьютерлік графиканың программасын құра бастады. Программаның дамуына ықпал жасауға инвесторлар іздестірді. Photoshop деп аталудың нақты себебін ешкім білмейді.  Сол уақыттарда программалық жабдықтарда  экранда «Photoshop» жазуы тұруына байланысты қойылған деген болжам бар.

Бұл бағдаламаның қарқынды дамуы бірнеше компаниялардың компьютерлік графикаға бет алуына себеп болды, бірақ Adobe компаниясы ғана Photoshop –пен жұмыс жасауға мүмкіндік алды.  Adobe Photoshop бағдарламасының ресми болжамы  1990 жылдың ақпанында шыға бастады. Қазіргі таңда Adobe Photoshop бағдарламасының қолданыста жүргеніне 22 жыл толды. Бұл программа графика көмегімен коммерциялық құралдардың, нарықтың жетекшісіне айналған Adobe фирмасының белгілі өнімі.  Жоғарыда айтылып кеткендей, бұл бағдарламаның қолдану аясы кеңінен таралуда.

                                                            Маркетинг

 

 

 

 

               Медицина                                                                      Полиграфия

                                                    Adobe Photoshope

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Adobe Photoshope бағдарламасының тиімділігі

Adobe Photoshope бағдарламасының  қолданыста болғанына 22 жыл ғана болса да, қазіргі қоғамның дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан арнайы графикалық программа.  

Маркетингтік ақпарат – нарық билеген елде экономиканы ілгері жылжытудың басты тетігі, көзі. Яғни, маркетинг – ағылшын тілінен аударғанда нарықты жасау деген мағынаны білдіреді. Маркетинг  бүгін өзінің даму барысында ғылымға, бизнестің өзегіне айналды.  Жарнамалық шараларды жүргізу де – осы маркетингтік қызмет болып табылады. «Жарнама – сауда двигателі», деп бекер айтпайды.  

Бүгінгі қоғамды жарнамасыз елестету мүмкін емес. Әсіресе, тауар өндірісінің тамырына қан жүгіртіп, оның дамуына жарнаманың қосар үлесі зор. Жарнама индустриясының қызметі барлық салада кеңінен пайдаланылып жатыр. Жарнаманың күші мен ролі әлемдік бизнес тәжірибесінен белгілі. Алдымен жарнама өңделген, көркем суреттелген түрде, эмоционалды безендірілген және түсінуге жол ашардай, әлеуетті тұтынушылардың назарын аударардай тауарлар, қызметтер туралы дәйектер мен мәліметтерді келтірердей ақпараттарды қамту керек.

Бір жағынан өз ақпараттылық, сендірерлік пен иланушылықты үйлестіре отырып, жарнама адамға эмоционалды-психологиялық әсер қалдырады. Сондықтан көпшілік жарнаманы бизнес әрі өнер деп таниды. Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған плакаттар, стенділер, жарық беруші табло, билбордтар, транспаранттар, афишалар және сыртқы (көрнекі) жарнамалар түрінде жүзеге асырылады.

Компьютерлік технологияның пайда болуымен бірге жарнамаға жаңа дәуір туды. Тіпті кішкентай клиенттердің өзін өзін Ұлы сезінердей қайталанбас мүмкіндік пайда болды.  Суретшілердің, фотографтардың, әрлендірушілердің үлкен өлшемді паннодағы таптырмас қиялдарын іске асыру және оларды қажет жағдайда тираждау аталмыш бағдарламаның көмегімен  айтарлықтай проблема емес. Жарнамалар жасауда Adobe Photoshope бағдарламасының  орны ерекше.

(мысалдар келтіру, банер, билборд, винил)

Эстетикалық талғамға сай жасалған үлкен винил паннолар да адамдарды көп қызықтырады. Әдемі жасалған паннолар оларды сүйсiндiредi.  Мысалы: АҚШ-тың бір районында орналасқан панно тұрғындардың 90 пайызының көңілінен шығып, панно сол районның визит карточкасына да айналған екен.

Adobe Photoshop бағдарламасы эстетикалық медицинада үлкен сұранысқа ие.  Бүгінгі таңда эстетикалық медициналық  клиникалар өз жұмыстарында әр түрлi графикалық редакторлар мүмкiндiктеріне жүгінуде. Мәскеу клиникаларындағы мәліметтерге сүйенсек,  Adobe Photoshop бағдарламасы адамның  бастапқы морфингісін жасау үшін қолданылатын өте әйгiлi программалық орта. 

Пластикалық операция жасатуға тәуекел еткен адамды алдымен фотоға түсіріп, суретті компьютерде сақтап алады.  Adobe Photoshop бағдарламасы арқылы операция жасалатын жерлерге өңдеу жұмыстарын жасайды да «дейін» және «кейінгі» нәтижені экраннан көрсетеді. Өңделген сурет    емделушінің  операциядан кейінгі нәтижесін көрсетеді.

Осылайша, Adobe Photoshop бағдарламасы дәрiгерлер үшiн - операцияның сәтті шығуына мүмкіндік береді.

Эстетикалық операцияға Photoshop бағдарламасы арқылы қолданылатын бірнеше нұсқаларды көрсетсек.  (фотолар СЛАЙД)

Пластикалық хирургияға: бет пішінін өзгерту, денедегі артық бөліктерді алу, тіс жөндеу т.б. жатады.  Photoshop бағдарламасы – адамның сыртқы келбетін әдемі етіп өзгертуге мүмкіндік беретін программа.  (салыстыру фотолары СЛАЙД)

Компьютерлік технологияны қолданып жүрген ғалымдардың айтуынша операция алдындағы компьютерлік модельдеу емделуші мен медицина қызметкерінің арасындағы сенімділікті нығайтып, жоғары нәтижеге жетуіне себеп болады екен.

Алдағы уақытта отандық медицина қызметкерлері де Adobe Photoshop  бағдарламасының ерекше мүмкіндіктерін  қолданып, тереңірек пайдаланса деймін.   

Мамандардың айтуынша, Photoshop  күннен күнге дамып келе жатыр.  Photoshop –тың жаңа мүмкіндіктерінде шектеу жоқ. Бағдарламаны толық көлемде жетік меңгермесе де, әр адам минимум дегенде өз фотосын  қалауы бойынша өңдеуіне мүмкіндігі бар.  (Мысалы: суреттің өңделуі СЛАЙД)

Adobe Photoshop – суреттермен жұмыс жасайтын фотографтарға, архитекторларға, дизайнерлерге, полиграфия мамандарына өте қажетті программа. Полиграфиялық өнім кез келген кәсіпорын жұмысының ажыратылмас бөлігі болып табылады. Ол бөліктерге визиттік карточкалар, фирмалық бланкілер, тауардың этикеткасы, билеттер, күнтізбелер,  открыткалар, шақыру билеттері, дипломдар, грамоталар, блокноттар, қойын дәптерлер, пакеттің сырттары, кітаптар мен журналдар жатады.

Семей қаласы ғана бойынша полиграфиялық өнімді шығаратын 42 орын жұмыс жасайды. Атап айтсақ, жоғары сұранысқа ие: «СЕМЕЙ-ПОЛИГРАФИЯ»,  «PRINT», «Регион Сем Пресс», «МАСКА» дизайн студиясы, «ПОЛИГРАФ ПОЛИГРАФЫЧ»,  «ПОЛИГРАФСЕРВИС» типографиясы, «Семей Коркем», «Konica», «Фотомир» т.б. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлердің де полиграфиялық қызметтеріне жүгінуге болады: "Арбат", ЖК Евдокимов , Амиргазина А.О.,  «Аскар и К» т.б.     

Ақпараттық технологияның дамуынан, оның ішінде графикалық программалардың сұранысынан бірнеше жаңа маман иелері ашылып, табыстың жаңа көзі пайда бола бастады. Мысалы: Adobe Photoshop бағдарламасымен  жылтырақ (глянцевый) журналдардағы  қыздардың бет әлпетін өзгертіп, макияж бен киім үлгілерін  жасау журналдардың жүздеген тираждармен таратылуына себеп болып отыр.

Adobe Photoshop бағдарламасының сиқырлы аспаптары арқылы тамаша, таңқаларлықтай, адам сенгісіз суреттерді дайындау, оларды редакторлеу мен  өңдеу қоғам игілігіне қызмет етеді.  Бұл бағдарламаның кең ауғымда  дамып келе жатқанын өзіміздің жердің өркендеуінен де көруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Adobe Photoshope бағдарламасының кері әсері

Adobe Photoshope бағдарламасының тиімділігі мен қоса оның кері әсері де бар.  Бірнеше мемлекеттің саясаткерлері «Азаматтардың психикасына жарнамалар мен бұқаралы ақпараттар құралдарындағы фотошопталған суреттер кері әсер етеді» деген пікірге келіп отыр. Ұлтты жан күйзелісінен арылту үшін заңды түрде фотошоппен күресуді ұйғарып отыр.

Көрік пен әсемдіктің дүниежүзілік қалыбы ақылға сыймастай ұлғайып отыр. Осы тұрғыда қарасақ, Photoshope бағдарламасының заманына «нүкте» қойылды деп айтуға болады.

Жарнама агенттіктері мен баспаханалардың, атап айтқанда компьютерлік технологияны, иллюстрацияны пайдалану арқылы адамдардың денесіндегі сәйкессіздікті жарнамалайтын кәсіпорындардың жұмыстарына шектеу қоюда.  Бұл тек адамның денесіне ғана емес, азық –түлікке, киім үлгілеріне, интерьерге, демалыс орындарын жараманалауға да қатысты айтылған.

Саясаткерлердің пікірінше, өңделген суреттің дауылы тұтынушыларды ақша шығынына және жан күйзелісіне ұшыратып, олардың жүйке жүйесінің жұқаруына, физикалық әлсіреуіне әкеледі.

Халықты алдап –арбауды тоқтату мақсатында бірінші болып бастама алған француз парламенті болды.

Компьютерлік ретушьтің бұқаралық ақпараттар құралдары мен жарнамаларда қолданудың алғашқы наразылық толқынын депутат Валери Бойе (Valerie Boyer) көтерді.   Жүздеген француз парламенттерін жұмылдырып, 2009 жылдың қыркүйек айында заң шығардs. Заң бойынша адамның сырт келбетін компьютерлік өңдеуге ұшыратып, оның шынайы сипатын өзгертіп көрсететін кез-келген жарнамалық суреттерде «сурет өңделген, адамның сырт келбеті өзгертілген» деген жазудың жазылғанын атап айтқан.    

Валери Бойенің айтуы бойынша «Компьютерлік ретушьті қолдану адамдардың сенгіштігіне әкеледі. Тұтынушылар шынайы өмірде жоқ нәрсеге ұмтылып,  өз бойларындағы кемістікті жоюға тырысады. Нәтиже шықпағандықтан, өз кемшіліктерін жою мақсатында психикасын, денсаулығын, тіпті өмірін де қауіп қатерге тігеді. Ең бірінші кезекте шоу – бизнес жұлдыздарының жақсартылған суреттеріне қарап жасөспірімдердің  өзін - өзі бағалауы күрт төмендейді» деген.

Бойенің заң жобасы бойынша Photoshope бағдарламасы арқылы өңделген суреттерді ескертусіз пайдалану 37 500 евромен ғана шектелмейді, кей жағдайларда азаматтарды 3 жылға дейін бас бостандығынан айыруына дейін апарады.

Ал Италия мемлекетінде  модельдерді жарнамалауда яғни 175 см бойы мен 55 кг салмақтағы суреттерді қолдануға тыйым салу туралы заң шыққан. Сол сияқты Испания мемлекеті де бұл заңды қолдап отыр.

Атақты дизайнер Джорджо Арманида өзінің арық модельдер туралы пікірін білдірді.   Dove косметикалық өнімін  шығаратын компания модельдер емес қарапайым қыздардың сабынды жарнамалап, ол жарнаманы компьютерлік өңдеуден өткізіп, жаңа технологиялар арқылы жоғары нәтижеге жету туралы арнайы көрсетілімдік жарнама жасап шығарды.  Француздардың соңынан ағылшындықтар, израильдықтар, германдықтар да осы заңның орындалуына өз үлестерін қосуда. Осы заңдардың орындалуы алдағы жылдарда барлық Евроодақтың қолдауына ие болады. Тек бұл тізімге ең соңғылар болып біздер мен американдықтар ғана енетін шығар. Біз – инерциямен, ал американдықтар мода индустриясы, жылтырақ журналдар, пластикалық косметологиямен хигургиядан түсетін қыруар ақшаны жоғалтпас үшін  Photoshope бағдарламасымен жұмыс жасай береді.  

Photoshope бағдарламасын 70 елде қолданады. Бірақ қолдану барысында арнайы мамандардың болмағандығынан үлкен қателіктер де кетіп жатады. Мысалы, жұмысына салғырттықтан немесе немқұрайлы қарағандығынан жалтырақ журналдар мен үлкен көлемді билбордтар, банерлер мен панноларда біршама қателіктер байқалады.

Осындай қателіктерді жою үшін Photoshope бағдарламасын жетік меңгерген, жоғары білімі бар дизайнерлер мен полиграф мамандарынан тұратын  комиссияның құрылып, барлық елдегі жарнама беттеріндегі ақпаратты сараптап, талқылап, қолдануға берілсе деген ойым бар.

Қазіргі компьютерлік графикалық бағдарламаларды қолданып жоғарыда айтылғандай пластикалық операциялар кеңінен жасалуда. Бірақ,  технология мен адамның мүмкіншіліктері сәйкес келмей жатқанда пластикалық операцияның ойдағыдай болмайтынына көзіміз жетеді.  

 

 

 

 

 

                                                                                    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ Тәжірибелік бөлім

 

Бағдарламамен жасалған суреттер

                 

Мұзбен жазылған мәтін

 

 

 

 

 

 

 

Отпен жазу

 

Кемпірқосақ

Кристалл                                                                            Аспан           

 

 

Қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІV Қорытынды

 

Жоба барысында «Photoshop бағдарламасының мүмкіндіктері мен қолдану тиімділігі мен кері әсері » жан-жақты зерттеу негізінде қарастырылды. Негізгі мәселелер толығымен қарастырылды деп айтуға болады. Photoshop бағдарламасының мүмкіндіктері шексіз, сонымен де бұл бағдарлама қазіргі таңда сұранысы өте жоғары, экономикалық жағынан кіріс көзінің негізін құрайтын өте беделді бағдарламалардың бірі. Бұл бағдарламаның мүмкіндіктеріне сай сұраныста алатын орны ерекше, ол кез-келген салада, технологиялардың шарықтап тұрған саласында өте қажетті бағдарлама.

Жоба барысында атқарылып, зерттелген жұмыстардың нәтижесінде көптеген мәселелерді шешуге болады.

Бағдарламада зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында көптеген мүмкіндіктерді қолдануды, оларды тиімді пайдалануды, жан-жақты толықтырып, дамытуды жетілдіруге болады.

Бағдарлама өзінің шексіз мүмкіндіктерін әртүрлі салада қолдануға болатындығын көрсетеді. Жалпы компьютерлік графиканы қолдану арқылы әртүрлі тәжірибелерді қолдану арқылы нақты нәтижені алуға болады.

Бағдарлама барысында қолданылған тәжірибелер, болашақта көптеген салаларда қолдануға болады. Бағдарлама өзінің даму сатысына байланысты көптеген мүмкіндіктерді шешуді негізге алуда. Яғни адам өзінің қандайда бір қызығушылығымен тәжірибе жасау арқылы көптеген талаптардың туындауына жол ашады, ал ол талаптарды толықтыру үшін бағдарлама жаңа мүмкіндіктердің ашылуына жол бастайды.

Photoshop бағдарламасында жұмыс жасау өте қызықты, әртүрлі тәсілдерді қолдану арқылы көптеген нәтижелерді көруге болады.

Бұл бағдарламамен жұмыс істеу барысында көзделген  нәтижеге жету, инициативтілік, төзімділік, сәндеп, көркемдеу саласына деген қызығушылық, әртүрлі мүмкіндіктерді қолдану барысында фантазияның шексіздігін  сезінуге болады.

Сонымен қатар бұл бағдарламаның көмегімен үшөлшемді объектілерді құрып оларды екі өлшемді суреттерге интегрирлауға болады. Бұл бағдарлама:

- Фотографтарға

- веб-дизайнерлерге

- Медицина саласындағы мамандарға

- Архитекторлар мен   инженерлерге

- ғылыми зерттеушілерге өте қажетт.

Бұл бағдарламамен жұмыс жасауды бірден игеру мүмкін емес, оған уақыт, төзім, шыдамдылық пен қажымас қайрат керек, уақыт өте келе бағдарлама арқылы жасалған нәтижелер өз жемісін береді. Бағдарлама өте қызықты, кез келген жұмыстың нәтижесі адамды қызықтырып, шығармашылық жұмыстармен айналысуға деген құштарлыққа жол ашады. Тек қана оның жасалу жолдарын білу арқылы көптеген нәтижелерге қол жеткізуге болады.  Кез келген адам өзінің шығармашылықпен айналысқанды жақсы көреді деп ойлаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

V  Пайдаланған әдебиеттер тізімі.

 

 

1. Электронды оқулық:  «Photoshop Шаг за шагом». 2001 «Руссобит-М».

2. «Информатика» 7-11 сыныптар оқушы анықтамасы Астана -2007

Іздеу жүйелері:

3. http://www.yandex.ru

4. http://www.google.ru

Сайттар:

5. http://photoshop.demiart.ru - Уроки Photoshop

6. http://www.photoshop-master.ru - Photoshop, уроки для тех, кто ценит качество

7. http://globator.net - Всё для работы в Photoshop

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғылыми зерттеу журналы

 

 

                                                                           Ө.Жолдасбаков  атындағы          

                                                                           №50 орта мектебінің

                                                       8 «Б» сынып оқушысы

                                                       Әшімхан Алтынайдың

                                                                            ғылыми – зерттеу жұмысының                   

                                                                           жоспары.

 

                                                                        

Жұмыс жоспары

Мерзімі

1

Кітапханаға бару,ғылыми-зерттеу тақырыбымызды таңдау

01.2015ж.

2

Қосымша әдебиеттерден,интернер желісінен материалдар жинақтау.

01.2015ж.-02.2015ж.

4

Мамандандырылған сөздік  арқылы терминдерге түсінік беру

03.2015ж.

6

Мәліметтермен толық танысу

03.2015ж.

7

Ғылыми жобаға жоспар құру

03.2015ж.

8

Ғылыми жоба жетекшімізбен сұхбаттасу

03.2015ж.

9

Эксперимент жұмыстарына қажетті метериалдар мен өсімдікті табу

03.2015ж.

10

Бағдарлама мүмкіндіктерін жан-жақты қарау

04.2015ж.

11

Барлық зерттелген материалдарды бір жүйеге келтіру

04.2015ж.

12

Компъютерден ғылыми жобаны шығару

04.2015ж.

13

Ғылыми жобаны рәсімдеу

05.2015ж.

14

Ғылыми жобаны қорғау

05.2015ж.

 

 

 

 

 

 

 

№ 50 орта мектебінің директоры:                                Р.Р. Есеева

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ғылыми жоба:Adobe Photoshop программасының тиімділігі мен кері əсері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Патентовед

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 610 073 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.11.2015 5065
    • DOCX 2.6 мбайт
    • 78 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мейрахат Назген Мейрахатқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мейрахат Назген Мейрахатқызы
    Мейрахат Назген Мейрахатқызы
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 79576
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по информатике и ИКТ в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 39 регионов

Курс повышения квалификации

Организация преподавания информационных систем и технологий в профессиональном образовании

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Использование нейросетей в учебной и научной работе: ChatGPT, DALL-E 2, Midjourney

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 549 человек из 72 регионов

Мини-курс

Figma: продвинутый дизайн

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

GR: аспекты коммуникации и взаимодействия с государственными органами

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Карьера и развитие в современном мире

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе