Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / География / Другие методич. материалы / Ғылыми жоба"Алматы облысының бөгендері"

Ғылыми жоба"Алматы облысының бөгендері"

  • География

Поделитесь материалом с коллегами:



Мазмұны


Кіріспе 3


1. Алматы облысының физикалық – географиялық жағдайы 9


1.1 Алматы облысының географиялық орны, жер бедері, қысқаша даму тарихы 9


1.2 Алматы облысының геологиясы, тектоникалық құрылымы 16


1.3 Алматы облысының ішкі сулары 22


2. Алматы облысының – бөгендері және олардың шаруашылық маңызы 31


2.1 Алматы облысының бөгендері 31


2.2 Бөген суларын тиімді пайдалану,экологиясы 55


2.3 Талдықорған қаласына жақын орналасқан бөгендердің

шаруашылықтағы орны.......................................................................

Қорытынды 83


Қолданылған әдебиеттер тізімі 86

Қосымшалар



















<Талдықорған қаласындағы үш тілде оқытатын Дарынды балаларға арналған Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» лицейінің 9 сынып оқушылары Ерасылова Наргиз бен Ахметов Алмастың «Алматы облысындағы бөгенедердің шаруашылықтағы маңызы мен экологиясы » атты ізденіс жұмысына

>









Аннотация


Бұл өлкетану-ізденіс жұмысы Алматы облысының бөгендерінің шаруашылық маңызын жан-жақты талдап, Көксу,Ақешкі,Қызылағаш бөгендеріне жеке-жеке тоқталып,картаңға түсірген .

Өлкетану-ізденіс жұмысының мақсаты:

Алматы облысындағы Талдықорған қаласына жақын орналасқан бөгндердің географиялық орнын анықтап,шаруашылықтағы маңызы мен жалпы экологиялық жағдайын сипаттап,зерттеу.

Зерттеудің жаңалығы:

  1. Алматы облысындағы бөгендердің орналасу ерекшелігі.

  2. Талдықорған аймағындағы бөгнедердің шаруашылық маңызы.

  3. Бөгендердің экологиялық жағдайы.

Практикалық құндылығы: Ғылыми-зерттеу материалдары мектепте Қазақстанның физикалық географиясындағы ішкі сулар тақырыбында оқушылардың білімін қалыптастыра отырып тәрбиелудің жолдарын ұсынады.

Бұл ізденіс жұмысында Алматы облысының физикалық-географиялық жағдайы мен географиялық орнына, жер бедері мен геологиясына, тектоникалық құрылымына шолу жасалған. Алматы облысының ішкі сулары, топырағы, өсімдік жамылғысы және жануарлар әлемі сипатталған.Облыстағы ауыл шаруашылық,өнеркәсіп салаларының, су шаруашылығына тигізетін әсері, экономикалық ерекшеліктері мен проблемаларын қарастыра отырып облыстағы – бөгендердің шаруашылық маңызын ашқан.

Ізденіс жұмыс 21 беттен, 2 тараудан, 5 кестеден, 5 диаграммадан қосымшадан, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімдерінен тұрады.


<Талдықорған қаласындағы үш тілде оқытатын Дарынды балаларға арналған Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» лицейінің 7 сынып оқушысы Ғалымбекова Аружанның «Алматы облысындағы бөгнедердің шаруашылықтағы маңызы мен экологиясы » атты ізденіс жұмысына

>









Аннотация


Бұл өлкетану-ізденіс жұмысы Алматы облысының бөгендерінің шаруашылық маңызын жан-жақты талдап, Көксу,Ақешкі,Қызылағаш бөгендеріне жеке-жеке тоқталып,картаңға түсірген .

Өлкетану-ізденіс жұмысының мақсаты:

Алматы облысындағы Талдықорған қаласына жақын орналасқан бөгндердің географиялық орнын анықтап,шаруашылықтағы маңызы мен жалпы экологиялық жағдайын сипаттап,зерттеу.

Зерттеудің жаңалығы:

  1. Алматы облысындағы бөгендердің орналасу ерекшелігі.

  2. Талдықорған аймағындағы бөгнедердің шаруашылық маңызы.

  3. Бөгендердің экологиялық жағдайы.

Практикалық құндылығы: Ғылыми-зерттеу материалдары мектепте Қазақстанның физикалық географиясындағы ішкі сулар тақырыбында оқушылардың білімін қалыптастыра отырып тәрбиелудің жолдарын ұсынады.

Бұл ізденіс жұмысында Алматы облысының физикалық-географиялық жағдайы мен географиялық орнына, жер бедері мен геологиясына, тектоникалық құрылымына шолу жасалған. Алматы облысының ішкі сулары, топырағы, өсімдік жамылғысы және жануарлар әлемі сипатталған.Облыстағы ауыл шаруашылық,өнеркәсіп салаларының, су шаруашылығына тигізетін әсері, экономикалық ерекшеліктері мен проблемаларын қарастыра отырып облыстағы – бөгендердің шаруашылық маңызын ашқан.

Ізденіс жұмыс 20 беттен, 2 тараудан, 2 кестеден қосымшадан, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімдерінен тұрады.



























Аннотация


В этой краеведческой работе исследуется важность использования плотин для сельского хозяйства, находящихся в Алматинской области, в отдельности плотины Коксу, Акешки, Кызылагаш и обозначение их на карте.

Цель краеведческой работы:

Исследование, описание общего экологического состояния и сельскохозяйственной важности, географического расположения плотин, находящихся близи города Талдыкорган Алматинской области.

Новизна исследования:

1. Особенности расположения плотин Алматинской области.

2. Сельскохозяйственная необходимость плотин в Талдыкорганском регионе.

3. Экологическая ситуация плотин.


  Практическая ценность: Научно-исследовательские материалы по данной теме изучаются на уроках физической географии Казахстана.

 В этой работе рассматриваются тектонические структуры, геология и топография, физико-географическое положение и географическое расположение. Описываются растительный мир, почва, внутренние источники Алматинской области. Раскрывается важность плотин для сельскохозяйственной отрасли в регионе, влияние на управление водными ресурсами, учитывая особенности экономических проблем региона.

Исследовательская работа состоит из 20 страниц, 2 глав, дополнительной 2 таблицы, вывода и списка использованной литературы.
































Annotation


      In this paper we study the local history the importance of dams for agriculture located in Almaty region, separately dam Cox Akeshki, Kyzylagash and marking them on the map.

      The purpose of local history work:

The study, description of the general environmental conditions and rural and economic importance, the geographical location of the dams located near the city of Taldykorgan Almaty region.

The novelty of the research:

1. Features of the location of the dam of Almaty region.

2. Agricultural necessity of dams in Taldykorgan region.

3. The environmental situation of dams.

  Practical value: Research materials on this work explored the lessons of physical geography of Kazakhstan.

In this paper, we consider the tectonic structures, geology and topography, physical geography and geographical location. It describes the flora and fauna, soil, domestic sources of Almaty region. Reveals the importance of dams for agriculture in the region, the impact on water resources management, taking into account the peculiarities of the economic problems of the region.

The research work consists of 20 pages, 2 chapters, 1 more table, output and bibliography.
























>Кіріспе


Қазақстанда 4 мыңнан астам бөгет пен бөген бар. Олардың жалпы ауданы 10 мың шаршы километрге жуық, бұлардағы тұщы су көлемі шамамен 90 текше километрдей.

Көлдер әр түрлі табиғат ресурстарына бай.

Суы. Халық шаруашылығының қажетіне көбінесе көлемі бір шаршы километрден жоғары, минералдылығы 3 г/кг-нан аз және тереңдігі 2 метрлік көлдер пайдаланылады. Осы көлдердің су деңгейінің жылдық орташа өзгеруі, минералдануы аз болады. Көлдердің көп жылдық орташа қоры 13 миллиард текше метрдей. Көктемде және жаз айларында көл суының жалпы көлемінен 1-5 %-ке, яғни 300-700 миллион текше метрге дейін пайдалануға болады.

Балығы. Республикамыздағы көлдерде балықтың 35 түрі кездеседі, олардың ішінде аулайтыны – сазан, көксерке, майбалық, ақ балық, алабұға, табан балық. Балқаш, Алакөл, Билікөл, Қамыстыбас және Марқакөлден ауланатын балық мөлшері 0,5-тен 40 кг-ға дейін. Осы көлдерден жыл сайын 6-7 мың тонна балық ауланады. Ал көлдерді ұтымды пайдаланса, балық аулауды екі есеге дейін артыруға болады.

Су өсімдіктері. Олар қағаз және ағаш өнеркәсібінде,құрылыста пайдаланылады. Көл қамысы 500 мың гектар жерді алып жатыр, ол негізінен Балқаш, Алакөл көлдерінің және Шу, Нұра, Сырдария өзендерінің сонымен қатар бөгендердің (жасанды көлдердің) жағалауларында өседі.

Есептеулерге қарағанда, 150 мың гектар жерден 1,5 млн. тонна құрғақ қамыс дайындауға болады. Олар қамысты ұтымды пайдаланып, химиялық жолмен өндесе, 700 мың тонна ағартылған целлюлоза, 30 мың тонна мал азығы ашытқысы, 300 мың тонна сульфатты спирт бордасын, 7,5 миллион декалитр этил спиртін өндіруге болады екен. Сондай-ақ миллион текше метр ағаш үнемделеді және жылына 5 миллион тонна мал азығын құнарландыруға болатын белок пен витамин алынады.

Жануарлар әлемі. Қазақстан көлдері жағалауларындағы түлкі, ақ тышқан, мысық, солонгая, қасқыр, борсық, қарсық, сасық күзен, жабайы шошқа, су тышқаны және т.б. тіршілік етеді. Бұлардың ішінде ең көп тарағаны – ондатр. 1944-1964 жылдар аралығында республикада 24 млн. Ондатр терісін өндіру 20 есеге дейін кеміді, бұған ондатрды аулауды дұрыс ұйымдастыру, браконьерліктің етек алуы елеулі әсер етуде. Бұл саланы ұтымды пайдаланған жағдайда жыл сайын ондатр терісін өндіруді бірнеше есе арттыруға болады. Тақырыптың өзектілігі: Су тіршілік көзі ,оны шаруашылықта тиімді пайдалану және таза болуы бүгінігі күнгі ең басты мәселенің бірі. Сондықтан біздің өзендердің суын тиімді пайдалану мақсатында бөгендер салынған. Жалпы бөгендердің саны олардың экологиялық жағдайы ең негізгі мәселе.

Қазақстандағы ірі қоймалардың бірі – Қапшағай су қоймасы. Ол Алматы обласы территориясындағы Іле аңғарында салынған. Су 1970 жылдан қалана бастады. Ауданы 1850 шаршы км, көлемі 28,14 текше метр, ұзындығы 180 км, ең ендірек бөлігі 22 км. Орташа тереңдігі 15,2 метр, ең терең жері 45 метр. Су қоймасының деңгейі ағысқа байланысты 4 метрге дейін ауытқып отырады. Қапшағай СЭС –і электр энергия қуатын өндіріп, облыстың кәсіпорындары мен халқы үшін жарық береді. Қапшағай су қоймасының энергетикалық және ирригациялық маңызы өте зор. Сонымен қатар ол – Алматы қаласы тұрғындарының демлыс орны.

Жер беті ағыны Алматы облысында біркелкі таралмаған. Көпшілігі шығысында және оңтүстігімен ағады. Батысы мен солтүстігінде көп өзендедің суы тартылып арналары кеуіп қалады.Ірі өзендері –Іле, Қаратал, Лепсі салаларымен. Іле, Қаратал өзенінің бас жағы мыңдаған гектар жерді, бау-бақша, күріш,қызылша алқаптарын суландыруға көп қызымет етеді. Суармалы егіннің шығымдылығын арттыру мақсатында салынған жасанды субөгендері – Көксу,Ақешкі,Қызылағаш.

Балпық бекетінің оңтүстік бөлігінен Көксу өзені ағып өтіп, Қаратал өзеніне өзеніне барып құяды. Көксу өзені қаладан 8-10 шақырым жерде орналасқан. Өзеннің ағынын «Көксу» су қоймасы реттеп отырады. Осы «Көксу» су қоймасы бірнеше елді мекенді,шаруашылықты суландырудың негізгі көзі болып табылады.

Су қорын пайдаланғанда суды үнемдеудің ең бір басты бағыты- су шығынын азайту. Су көзінен оны пайдаланатын орынға жеткенше әсіресі ауыл шаруашылығында Алматы облысы бойынша су шығыны 25 пайызға жеткен. Бұл әрине өте жоғары көрсеткіш, жедел түрде су шығынына қарсы әрекеттер жасауды қажет етеді. Жалпы бұл облыс бойынша қолданылатын судың 95 пайызы ауыл шаруашылығына жұмсалады. Бұл судың лайлануына ғана емес, біржола жоғалуына әкеп соғады. Ал өнеркәсіпте су қоры азырақ пайдаланғанымен айналымға түскен су таза болмайды, өндіріс қалдықтарымен ластанып жерді және өзен- көлдердің суын ластайды. Әсіресе Іле,Көксу,Қаратал өзендерінің суы көп мөлшерде ластанған.

Мәселенің өңделуі: Қазақстан Республикасының ақпарат көздері мен Қазақстанда жарық көрген мәліметтерге, жергілікті жердің ақпарат көздеріне сүйенеді.

Өлкетану-ізденіс жұмысының мақсаты:

Алматы облысындағы Талдықорған қаласына жақын орналасқан бөгндердің географиялық орны мен шаруашылықтағы маңызы және жалпы экологиялық жағдайын сипаттап,зерттеу.

Зерттеудің жаңалығы:

  1. Алматы облысындағы бөгендердің орналасу ерекшелігі.

  2. Талдықорған аймағындағы бөгнедердің шаруашылық маңызы.

  3. Бөгендердің экологиялық жағдайы.

Практикалық құндылығы: Ғылыми-зерттеу материалдары мектепте Қазақстанның физикалық географиясындағы ішкі сулар тақырыбында оқушылардың білімін қалыптастыра отырып тәрбиелудің жолдарын ұсынады.

1. Алматы облысының физикалық – географиялық жағдайы
    1. Алматы облысының географиялық орны, жер бедері.


Алматы облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 224,0 мың км2. Облыс аумағында 16 аудан және 3 облыстық бағыныстағы қала (ҚапшағайТалдықорғанТекелі) бар. Тұрғыны 1631,7 мың адам (1998). Әкімшілік орталығы — Талдықорған қаласы. Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі.

Облыстың табиғаты мен жер бедері ала-құла. Қазіргі жер бедерінің қалыптасуына сыртқы күштер, атап айтқанда ағын су мен желдің әсері көп. Ағын су жыныстарды ағызып, ойпаң жерлерге үйеді. Жер бедерінің күрделілігі климаттың су мөлшерінің, топырақтың, өсімдік пен жануарлар дүниесінің қалыптасуына әсерін тигізеді.

Балқаш және Алакөлге ұласатын солтүстігі көлбеуленген құмды жазық алқап. Бұл өңір негізінен антропогеннің аллювийлік және эолдық шөгінділерінен түзілген. Оның басым бөлігін Сарыесікатыраудың, Тауқұмның, Лөкқұмның, Қарақұмның, Қорғанқұмның қырқалы және төбешікті құмды алқаптары алып жатыр. Балқаш маңы жазығының Іле аңғары өтетін атыраулық бөлігі көне құрғақ арналармен тілімделген. Солтүстік шығыста Жетісу Алатауы мен Барлық тауының аралығында Жетісу (Жоңғар) қақпасы орналасқан. Облыстың шығысын Жетісу Алатауыныңсілемдері толығымен қамтыған. Олар тауаралық ойпаңдар мен қазаншұңқырлар арқылы бөлінген. Осы тұста Жетісу Алатауының ең биік тауы — Бесбақан (4442 м) орналасқан. Тау сілемдерінде 1300-ден астам мұздық бар, олардың жалпы ауданы 1,0 мың км2-ге жуық. Жетісу Алатауының кейбір сілемдері (Қолдытау, Алтынемел, Малайсары, Тышқантау, Текелі, Сайқан т.б.) өзен маңындағы жазық өңірлерге сұғына еніп жатыр. Облыстың оңт. және оңтүстік-шығысы Іле, Күнгей, Теріскей Алатаулары, Кетпен (Ұзынқара) жотасы және Солтүстік Тянь-Шань сілемдерінің т.б. жоталарынан құралған. Жетісу Алатауы мен Іле, Күнгей Алатаулары және Кетпен таулары аралығында Іле ойысы (аңғары) жатыр. Алматы облысының оңтүстік-батысын және батысын Шу, Іле таулы үстірттері мен далалары қамтыған (Жусандала, Бозой, Қараой үстірттері).

Облыстағы таулар Тянь-Шань тау жүйесінен бой түзеген және кембрийге дейінгі кристалды тақта-тасты тау жыныстары қабаттарынан түзілген. Сондай-ақ мұнда конгломераттар, туфтар, әктастар, граниттер т.б. палеозой жыныстары кеңінен тараған. Тау етегі және облыстың биіктігі орташа өңірлері плейстоцен мен антропогендік шөгінділерден түзілген. Облыстағы таулардың алғашқы қалыптаса бастау кезеңі герцин қатпарлығымен тығыз байланысты. Одан кейінгі кезеңдерде бұл таулар бірте-бірте мүжіліп, адырлы жазық (пенеплен) қалыптасқан. Плейстоцен кезеңінің басында, альпілік орогенез кезінде пенепленге айналған өңір тектоник. процестер нәтижесінде кәдімгі тауларды түзген. Мұнда осы кезге дейін тектоникалық процестер жалғасуда. Оқтын-оқтын болатын жер сілкінулер — соның айқын дәлелі.

1.2 Алматы облысының геологиясы, климаты

Кен байлықтарынан облыс қойнауында полиметалл Текелі), вольфрам (Бұғыты), (молибден кентасының едәуір қоры, фарфор тастары (Қапшағай), барит, бентонит сазы (АқсуАлакөл аудандары), отқа төзімді балшық, кварц құмы, гипстас және қоңыр көмір (Ойқарағай, Тышқанбай), шымтезек, тұз кен орындары және минералды жерасты сулары бар.

Алматы облысының климаты негізінен континенттік, шөл даладан мәңгі қарға дейінгі  5 климаттық аймақты біріктіреді. Қысы қоңыржай салқын. Қаңтар айындағы орташа температура солтүстік жазық бөлігінде — 10-16 С, оңтүстікте — 4-9С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа темп-расы солтүстігінде 25С, оңтүстігінде 27С. Бұл жазық өңірлерде жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 110-250 мм. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа температурасы — 5-9С, жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа температурасы тау бөктерінде 21-23С, тау аңғарларында 19-22С. Жауын-шашын тау бөктерінде 400-600 мм, тау аңғарларында 700-1000 мм. Облыс жерінде жауын-шашын негізінен көктем мен жаз айының басында жауады. Солтүстік өңірдің жазығы мен тау бөктерлерінде қар жамылғысының орташа қалыңдығы 10-30 см, тау беткейлерінде 40-100 см. Балқаш және Алакөл жағалауларында бриз желі соғады. Облыс аумағы Қазақстан Республикасының шығысында бөлігінде орналасқан. Дүние жүзілік мұхиттардан бірнеше мыңдаған шақырым қашықтықта жатыр. Биік таулардың оңтүстікте көлбеу жатуы, ал солтүстігінде таулардың аласалығы суық ауаның еркін кіруіне әсер етеді. Климаттың құрылуының географиялық ендіктің де әсері мол.

Күн мен түнгі, қыс пен жазғы ауа-райлары әртүрлі болып келеді. Жаз айлары жылы болып келеді және солтүстік аудандарда 6 айға созылады. Барлық жерінде ыстық болып, құрғақ әрі ұзақ тұрады.

Осы жота арқылы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының мемлекеттік шекарасы өтеді. Көксу өзені Қараарық пен Қазан өзендерінің құйылысынан басталады. Оның солтүстік суайырығы Жетісу Алатауының солтүстік жотасы болса, оңтүстік суайрығы Тоқсанбай жотасы. Сол жағында айтарлықтай ірі Көктал саласы бар. Қараарық пен Қазан өзендері құйылысар тұсқа дейін қара жол түскен. Көксу өзені Қараарық пен Қазан бастауларының қосылған жерінен Көксу аталады. Жоғарғы бөлігінде тар шатқал арасымен өтеді. Арнасының жағасы тік, биіктігі 4 м-ге жетеді. Су жайылмасының ені 5 – 10 м-ден аспайды. Ағысы қатты, суы мол. Жылдық орташа су ағымы Көксу а. тұсында 37 м3/с. Өзен суы шабындықтарды суландыруға, егін, бау-бақша суғаруға пайдаланылады Көксу өзенінің ортаңғы бөлігінде Рудничный кентінен төменіректе шатқал кеңейіп, ұзындығы 20 км шамасындағы алқапты орай өтеді. Осынау ішкі алқабында қорған, ежелгі қалашық сияқты қола дәуірінің ескерткіштері кезігеді. Су жолын бақылаушы туристердің барлық бағыты осы тұстан басталады. Ішкі алқап аяқталысымен өзен қайтадан оң жағы Қотырқайың жотасымен, сол жағы Қызылкүнгей тауымен шектесетін тар шатқалға құлайды. Бұл тұс Ешкіөлмес тауының батыс жағы. Ешкіөлмес тауында да қола дәуірінен қалған тарихи-археологиялық жәдігерлер жеткілікті.


1.3 Алматы облысының ішкі сулары

Ешкіөлместен кейін Көксу өзені тау алдындағы жазыққа шығады да кент арқылы өтіп Түйемойнақ тауының етегінде Қаратал өзеніне құяды.

Қусақ - Көксу өзенінің оң саласы. Ұзындығы 67 км, су жиналатын алабы 223 км².

Алматы облысы Ескелді ауданының жерімен ағып өтеді. Бастауын Суықтөбе тауының солтүстігінен алып, Елтай ауылының тұсында Көксу өзеніне құяды.

Жоғарғы бөлігінде тар шатқал арасымен өтеді. Орта ағысына дейін аңғары тар келген. Көктемде қар еріген кезде ағысы қатты, суы мол болады. Өзен суы шағын егін, бау-бақша суғаруға пайдаланылады. Жаздың соңғы айларында төменгі ағысының суы тартылып, қара суларға бөлініп қалады.


1 кесте


Ірі өзендер

Ұзындығы
















































2. Алматы облысының – бөгендері және олардың шаруашылық маңызы

2.1 Алматы облысының бөгендері

Қапшағай бөгені, Іле бойында, Алматы облысы Қапшағай қалалық әкімдігі аумағы және Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары жерін қамтиды. Қапшағай су электр станциясына байланысты салынған. Қапшағай бөгенінің суға толтырылуы 1970 ж. басталды. Ауданы 1847 км², ұзындығы 187 км, енді жері 23 км, орташа тереңдігі 15 м, ең терең жері 46 м. Шарасының жоспарлы сыйымдылығы 28 км3. Су жиналатын алабы 113 мың км², жағасының ұзындығы 430 км. Бөгеннің солтүстік жағасы құмды-малтатасты, едәуір бөлігі биік және тік жарлы, оңтүстік жағасы аласа, жайпақ, құмды, саздақты келеді. Бөгенде балықтың 26 түрі (ақмарқа, мөңке, тұқы, табан балық, т.б.) кездеседі, олардың ішінде 16 түрінің кәсіптік маңызы бар. Жылына 2 мың тоннадай балық ауланады. Бөген суымен 450 мың га-дан астам жер суғарылады. Онда күріш, бақша дақылдары егіледі. Сонымен бірге шабындық және жайылым суландырылады, Қапшағай қаласының кәсіпорындары пайдаланады.

Алмалы бөгені , Алматы облысы Ескелді ауданындағы Сарыбұлақ (Алмалы) өз. бойында орналасқан. 1979 ж. салынған. Суының көл. 5,5 млн. м3. Бөген суын аудан шаруашылықтары егістікке пайдаланады.

Ащыбұлақ бөгені - Алматы облысы, Ескелді ауданыдна, Ащыбұлақ өзені бойында 1977 ж. салынған. Суының көлемі 4,5 млн. м3, ұзындығы 3 км. Құрамында 3 гидротехникалық құрылыс бар. Аудан шаруашылықтарының егістігі суғарылады.

Ақсеңгір бөгені - Алматы облысы Жамбыл ауданы Ақсеңгір өзенінің бойында орналасқан.

1980 жылы пайдалануға берілді. Су сыйымдылығы 3,6 млн. м3, ұзындығы 3 км, енді жері 1,1 км. Бөген суын Ақсеңгір, Көкдала ауылдарының және Қазыбек темір жол станциясының шаруашылықтары пайдаланады.

Ақсай бөгені – Алматы облысы Қарасай ауданы.[1]Ақсай өзені бойында орналасқан. Аумағы 0,5 км², суының көлемі 2,7 млн. м3, пайдалы көлемі 2,4 млн. м3. Бөгеннің ұзындығы 3 км-ге жуық, енді жері 0,8 км, орташа тереңдігі 1,56 м, ең терең жері 2,1 м. Жалпы су шығымы 20 м³/с. Бөгеннің ұзындығы 13,1 м, биіктігі 1,75 м. Бөгетте секундына 1,5 м3 су жіберетін реттеуіш орнатылған. Суы қаңтар – ақпан аралығында қатады. Бөгеннен Ақсай – Қарғалы суғару жүйесі бастау алады.

Бартоғай бөгені , Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданында, Шілік өзенінің таудан шыға беріс аңғарында, Асысаға ауылының оңтүстік-шығысында 10 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1067 м. Солтүстіктен оңтүстікке 6 км-ге созылған, ені 3 км, орташа тереңігі 25 м, ең терең жері 60 м-ге жетеді. Аумағы 13 км2, суының көлемі 320 млн./м3 (пайдалы көл. 250 млн./м3). Жағалауы жарқабақты. Бартоғай бөгені 1986 ж. толық пайдалануға берілді. Бөген суымен Іле Алатауы етегіндегі 150 мың га жер суғарылады. Бөгенге ағып келетін судың жылдық орташа мөлшері 1 млрд./м3-ге жетеді немесе бөгеннің сыйымдылығынан 3 есе артық. Су деңгейінің өзгеруі жылына 25 м-ге дейін жетеді, сондықтан аумағы 13 – 5,6 км2 аралығында өзгереді. Бөгеннен ұзындығы 170 км болатын Үлкен Алматы каналы бастау алады. Суының минералдығы төмен (0,172 – 0,234 мг/л). Химиялық құрамы бойынша гидрокарбонатты кальций тобына жатады. Суы жұмсақ, әлсіз сілтілі. Бартоғай бөгенінде сазан, тұқыбалық, мөңке, форель, т.б. балықтар тіршілік етеді.

Күрті бөгені– Алматы облысының Қарасай және Жамбыл ауданыдары жеріндегі су бөгені. Күрті өзен аңғарында. 1967 ж. іске қосылған. Ауданы 8,3 км², ұзындығы 25 км, ең енді тұсы 0,8 км, жағалауының ұзындығы 64 км, орташа тереңдігі 14,5 м, ең терең жері 38,5 м, су сыйымдылығы 120 млн. м3, бөгеннің су жиналатын алабы 10,4 мың км². Арнадағы тосқауылдың ұзындығы 232 м, биіктігі 42 м, ені 7,5 м. Күрті бөгені орташа есеппен жылына 102 млн. м3 су береді; 23 мың га жер суғарылады, шамамен 100 мың га жайылымды суландырады.

Көкөзек бөгені, Алматы облысы Қарасай ауданы жерінде. 1965 жылы салынды. Суының көлемі 3,62 млн. м3. Ақсай, Қарғалы магистральды каналдар суымен толысады. Бөген суымен 0,4 мың га жер суғарылады.

Ақешкі бөгені, Алматы облысы, Ақсу ауданы жеріндегі Ақешкі өзенінде орналасқан. 1978 жылы іске қосылды. Бөгеннің ұзындығы 2,2 км, сыйымдылығы 2,6 млн. м3. 8 гидротехникалық қондырғы және 1 бас тоғаны бар. Бөген суымен 0,5 мың га жер суғарылады.

Ақешкі өзенінің суы көктемде жаңбыр суымен, еріген қар суымен толып, көлемі 3 млн м кубқа дейін жетеді. Көктемде жиналған су деңгейі 7-8 м көтеріледі. Өзен суы жаз бойы маңайындағы ауылдардың егіншілігіне пайдаланылады. Ақешкі өзенінің маңайындағы ауылдарда арпа, бидай, сұлы, күбағыс, қарбыз өсіру жақсы дамыған. Қараша, қазан айларында өзен суы тартыла бастайды. Ал қыста қалған суды ағызып жибереді. Аққан судың көп мөлшері Құрақсуға құяды. Егер суды ағызып жібермесе, көктемде қалған судың үстіне жаңбыр, қар сулары қосылып, су мөлшері көбейіп, бөгенді бұзып жіберуі мүмкін. Ондай болса, Қызылағаштағындай апат қайталанады.Егер бөген болмағанда көктемгі су қоры ағып кетіп, қазіргі Қызылағаштағындай шаруышылықта қуаңшылық болушы еді. Ақешкі бөгенінің басты қызметі - өзеннің суы басқа өзендердің су мөлшерінен азырақ болғандықтан: су қорын үнемдеу,ағынын реттеу, суды тиімді пайдалану. Суды жыл сайын ағызып жібергеннің өзінде, бұл өзенде ұсақ балықтар мекндейді. Жаз айларында халық балық аулап,шомылып, жағасында демалады.Күздің соңғы айында суды ағызғанға дейін, суда жабайы құстар, үйректер мекендейді.

Қызылағаш бөгені, Алматы облысы, Ақсу ауданы жеріндегі Қызылағаш өзенінде орналасқан. 1978 жылы іске қосылды. Бөгеннің ұзындығы 3,6 км



2 кесте Алматы облысындағы бөгендер



Бөгендер

Географиялық орны

Іске қосылған жылы

Ауданы

(км²)

Суының көлемі

(млн. м3)

1

Көкөзек

Қарасай ауданы жерінде, Көкөзек өзенінде

1965

0,4

3,62

2

Күрті

Қарасай және Жамбыл аудандары жерінде, Күрті өзен аңғарында

1967

8,3

120

3

Қапшағай бөгені

Іле бойында, Қапшағай қалалық әкімдігі аумағы және Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары жерін қамтиды

1970

1847

28 км3

4

Ащыбұлақ

Ескелді ауданында, Ащыбұлақ өзенінде

1977

0,9

4,5

5

Ақешкі

Ақсу ауданы жеріндегі Ақешкі өзенінде орналасқан

1978

0,8

3,0

6

Алмалы

Ескелді ауданындағы Сарыбұлақ (Алмалы) өз. бойында орналасқан

1979

1,2

5,5

7

Ақсеңгір

Жамбыл ауданы Ақсеңгір өзенінің бойында орналасқан


1980

0,8

3,6

8

Ақсай

Қарасай ауданы.Ақсай өзені бойында орналасқан

1984

0,5

2,7

9

Бартоғай

Еңбекшіқазақ ауданында, Шілік өзенінің таудан шыға беріс аңғарында, Асысаға ауылының оңтүстік-шығысында 10 км жерде орналасқан

1986

13

320

10

Көксу

Көксу өзенінде,Мәмбет ауылының жанында

1970 (87)

0,5

1,2

11

Текелі





12

Мойнақ





13

Қызылағаш











2.2 Бөген суларын тиімді пайдалану, экологиясы


Талдықорған. 22 қараша. ҚазТАГ – Алматы облысында арнайы комиссия апатты жағдайда тұрған және кезек күттірмес апатты – қалпына келтіру жұмыстарын қажет ететін 24 су қоймасы мен су жинақтаушы 13 гидроторапты анықтады, деп мәлім етті облыс әкімінің орынбасары Тынышбай Досымбеков кеңес барысында.

Оның айтуынша, бұларды жөндеу және қалпына келтіру үшін алдын ала есептеулерге сәйкес, 2 млрд-тан астам қаржы қажет.

Ақсу, Ескелді, Жамбыл, Көксу, Балқаш, Ұйғыр аудандарындағы гидроқұрылыстар ең қауіпті жағдайда. Су қоймаларының барлығы дерлік электрлендірілмеген, олардың көтеру механизмдері қолмен ғана жұмыс істейді. Бөгеттер арқылы су өтіп жатыр, су шығарғыштың жапқыштары, апатты шлюздар, басқа гидромеханикалық жабдықтар жұмыс істемейді, ал су тастау апатты тастау арқылы жүргізіледі.

Гидроқұрылыстар стратегиялық маңызды нысандар болып табылғанымен, соңғы бірнеше жыл қатарынан олардағы гидрометрикалық бекеттер жұмыс істемеген, суды есепке алу журналдары жүргізілмеген, бөгеттер тексерілмеген, жөндеу жұмыстарын орындауға дефектілік актілері толтырылмаған.

Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасарының, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссияның төрағасы Амандық Баталовтың  хаттамалық тапсырмаларына сәйкес, жаз-күз кезеңінде су шаруашылығы нысандарын алдағы қыс пен көктемдегі ауа райының ықтимал күрт бұзылуларына су тасқынына қарсы дайындау бойынша шаралар кешені орындалды.

Су шаруашылығының аудандық пайдаланушы кәсіпорындары суару арналарын тазартып, жалпы көлемі 99,6 мың текше метр топырақ, саз, тас шығарды, 290 шағын гидротехникалық құрылыс нысандарын және темір-бетон суару желілерінің 187,3 шақырымын жөндеуден өткізді. Алматы облысындағы 154 су қоймасының Жамбыл, Іле, Қарасай, Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарында орналасқан 10 су қоймасында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Алматы облысының ТЖ жөніндегі департаменті қараусыз жатқан 15 су қоймасын коммуналдық меншікке беру мәселесін көтерді, өйткені нысандарда қаржыландыру көзінің жоқтығына байланысты бұл нысандарда көп жылдар бойы жоспарлы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмеген.

Бұл су қоймаларының барлығы апатты жағдайда, олар елді мекендердің қауіпсіздігіне, түрлі инженерлік құрылыстарға қауіп тқндіріп тұр. Жағдайды тұрақтандыру мақсатында су шаруашылығын бақылайтын облыстық табиғи ресурстарды басқару және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 2016 жылы республикалық бюджеттің есебінен құрылыс жоспарына енгізу үшін апатты жағдайдағы су шаруашылық нысандарын күрделі жөндеу мен қалпына келтіруге жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеп жатыр.

Облыстық табиғи ресурстарды басқару және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметтеріне сәйкес, бүгінгі күні облыста 154 су шаруашылығы нысаны бар, оның 91-і жеке меншікте, 44-і коммуналдық, 4-еуі республикалық меншікте болса, 15-і қараусыз қалған.

Көксу өзені суының химиялық құрамы 2 гидробекеттің беретін мәліметтерімен сипатталады:

- Балпық- г/б

- ст.Көксу г/б Негізгі ластаушы заттар келесілер:

- сульфаттар

- нитриттер

- магний

- мыс

Сульфаттың максималды құрамы қалыпты мөлшерден 12,6 ПДК (1258 мг/л) есе артқан, мыс 11 ПДК, магний 2,4 ПДК. Өзенінің ластану индексі -3,33-ке тең, бұл -ластанған, 4 класқа жатады.

Ақешкі,өзен суының негізгі гидрохимиялық көрсеткіштеріне оның тығыз қоныстанған аудан арқылы өтетіндігі әсер етеді.

Өзеннің ластану деңгейі екі гидробекет суларының химиялық анализ нәтижелері бойынша

анықталған:

- Ақешкі ауылы

- Көлтабан ауылы

Негізгі ластаушы заттар келесілер:

- сульфаттар

- магний

- мыс

- нитриттер

Сульфаттың максималды құрамы 355 мг/л (3,6ПДК), мыс 0,010 мг/л (10 ПДК), нитрит

0,030 мг/л (1,5 ПДК). Өзенінің ластану индексі -1,67-ке тең, бұл-орташа ластанған, 3 класқа жатады.


Су қорларын тиімді пайдалану мәселелерін шешудің негізгі жолдары:

*Су ресурстарын қорғау, сонымен бірге су қатынастарының заңға сүйеніп реттелуі едәуір дәрежеде олардың тиімді пайдалануына әсер етеді . Тап осы негізде су қорларының қолайлы, ұқыпты және тиімді қолдануына қамтамасыз етуге жағдай жасау керек.

*Қолданыстағы су қорларының ұлғайтылуы оның тиімді пайдалануына, сонымен бірге су қоймаларының саны мен сапасының артуына тікелей байланысты.

*Өлкенің тіршілік әрекеті үшін маңызды қаржы керек ететін объекттер (сумен жабдықтау саласы: бөгендер, су қоймалары) мемлекетпен қаржылануы тиісті, жеке меншікке өтпеу керек.

*Өндіріс күштерді орналастыруға және дамытуға талдау жасау , шаруашылық маңыздылығы есепке ала отырып су тұтынудың деңгейі мен құрылымын анықтау.

*Сумен жабдықтау саласында жаңа су көздерін іздестіру және жабдықтауын жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізу.

*Су қорларының сапасы және сандық жүдеуін сақтап қалу бойынша шараларды іске асыру. Сулардың ластанумен белсенді күрес жүргізу су шаруашылық балансының шиеленісуіне бермейді, оның шығын бөлігінің қысөартуына мүмкіндік туғыза түседі.

*Су қорларын басқарудың мемлекеттік жүйесін, олардың пайдалануын реттеу, экосистема әдістерінің қолдануын, бар су шаруашылық шараларын жоспарлауды жетілдіру.

*Су сақтаудың мәселелерін кезеңді, біртіндеп және шешіміне бпрлық қатысушыларды үйлесімді жолдарын енгізу .

*Тиімді су ресурстарын пайдалануды , оның ластанудан сақтап қалуға бағытталған меншікті табиғи ортаны қорғау шараларының жұмыстарын ынталандыру ,мадақтау.

*Суды нормативпен тыс пайдалануды болдыртпау.Су пайдаланудың шарттары бұзылған жағдайы су пайдаланушыларға әсер ететіндей , құны табиғат қорғау іс- шараларының құнынан жоғары айыппұл салынуы керек.

*Сарқынды суларды тазартуынан және суды үнемдеуден түскен барлық пайданы кәсіпорындардың қарамағына беру.

*Су үнемдейтін шаруашалық жабдықтарға және экологиялық таза өнімге қосымша және мадақтау бағалар енгізу.

*Ірі су шаруашылық ұйымдарда су саясатының іс- шараларын өңдеуге және жоспарлауға тікелей араласатын қоғамдық өілдерден бақылаушы кеңестер құру.

*Келешекте су қорларының ұлғаюы өлкедегі су шаруашылық объекттерінде жоғалтатын суды азайту арқылы қол жеткізілуі тиіс.


2.3 Талдықорған қаласына жақын орналасқан бөгендердің

шаруашылықтағы орны


Ақешкі бөгені, Алматы облысы, Ақсу ауданы жеріндегі Ақешкі өзенінде орналасқан. 1978 жылы іске қосылды. Бөгеннің ұзындығы 2,2 км, сыйымдылығы 2,6 млн. м3. 8 гидротехникалық қондырғы және 1 бас тоғаны бар. Бөген суымен 0,5 мың га жер суғарылады.

Ақешкі өзенінің суы көктемде жаңбыр суымен, еріген қар суымен толып, көлемі 3 млн м кубқа дейін жетеді. Көктемде жиналған су деңгейі 7-8 м көтеріледі. Өзен суы жаз бойы маңайындағы ауылдардың егіншілігіне пайдаланылады. Ақешкі өзенінің маңайындағы ауылдарда арпа, бидай, сұлы, күбағыс, қарбыз өсіру жақсы дамыған. Қараша, қазан айларында өзен суы тартыла бастайды. Ал қыста қалған суды ағызып жибереді. Аққан судың көп мөлшері Құрақсуға құяды. Ақешкі бөгенінің басты қызметі - өзеннің суы басқа өзендердің су мөлшерінен азырақ болғандықтан: су қорын үнемдеу,ағынын реттеу, суды тиімді пайдалану. Суды жыл сайын ағызып жібергеннің өзінде, бұл өзенде ұсақ балықтар мекндейді. Жаз айларында халық балық аулап,шомылып, жағасында демалады.Күздің соңғы айында суды ағызғанға дейін, суда жабайы құстар, үйректер мекендейді.

3 кесте























Көксу бөгені. Алматы облысы, Көксу ауданы жеріндегі Қараталдың сол саласы Көксу өзенінде орналасқан. 1970 жылы іске қосылды. Бөгеннің ұзындығы 1,2 км, сыйымдылығы 1,6 млн. м3. 6 гидротехникалық қондырғы және 1 бас тоғаны бар. Бөген суымен 0,9 мың га жер суғарылады.

Көксу өзені Жетісу Алатауының батыс өңірінде. Ұзындығы жөнінен бұл таудағы үшінші өзен (210 км). Өзен шығыстан батысқа қарай жайылып ағады. Көксу өзені Жетісу Алатауының солтүстігі мен оңтүстік жоталарын байланыстыратын Бейжінтаудың батыс беткейлерінен бастау алады.


4 кесте



















Қызылағаш бөгені, Алматы облысы, Ақсу ауданы жеріндегі Қызылағаш өзенінде орналасқан болатын 1978 жылы іске қосылды. Бөгеннің ұзындығы 3,6км . су сыйымдылығы 42 млн. м3, бөгеннің су жиналатын алабы 10,4 мың км². Арнадағы тосқауылдың ұзындығы 32 м, биіктігі 20 м, ені 3,5 м. Қызылағаш бөгені орташа есеппен жылына 65 млн. м3 су берген; 23 мың га жер суғарылған, шамамен 100 мың га жайылымды суландыратын болған. 2010-2015 бөген апатынан бері суарылатын жерді,өңделетін жердің аумағы 50 пайызға кеміген.Жергілікті халық неше жылдан бері қайтадан бөген салуды сұрауда,олар аудан,облыс әкімшілігіне бірнеше өтініштер жолдаған. Бөгеннің құрылысы 2016-2020 ж.ж. аралығына жоспарланған.(Облыстың су шаруашылығы мамандарының мәліметінен)

Қандай да болмасын су нысандарын салу үшін алдымен арнайы зерттеулер жүргізіліп, техникалық-экономикалық негіздеме жасалатынын ел жақсы біледі. Алдын-ала зерттеулерде жердің геологиясы, гидрогеологиясы, топырағының құрамы мен оның су өткізгіштік қасиеті, сол жердің ауа райына байланысты судың булану көлемі сияқты су нысанының техникалық сипаттамасына әсер ететін факторлар толығымен анықталады. Осы зерттеулерді жүргізген «Казгипроводхоз» институтының жобалаушы мамандары Қызылағаш су реттегішінің бетінен буланып ұшатын судың көлемі 2,2 млн. текше метрге, ал жерге сіңетін су көлемі 1,8 млн. текше метрге тең дейді. Қызылағаш ауданы 8-9 мың гектардан аспайды екен, яғни, шындығында да оның көлемі 5-6 есе аз.

Қызылағаш техникалық-экономикалық негіздемесі жасалғанда, оның құрамды бөлігі ретінде осы нысанның қоршаған ортаға тигізетін әсері зерттеліп, экологиялық сараптамадан өткізіліп, оң бағасын алды. Сараптамада Қызылағаш бөгенінің қарбыз,соя,қызылша алқаптарына пайдасы болмаса, тигізетін кері әсері анықталмаған. Ол мүмкін де емес еді, үйткені, бұл жер ерте кезден-ақ суармалы шаруашылықтың орталығы болған.








Қорытынды


Су – табиғаттың құнды сыйы. Су – өмір бұлағы, өндірістің дамуы үшін қажетті жағдайлардың бірі. Ол қамқорлықпен қарауды,ысырапсыз жұмсауды қажет етеді. Халық жиі орналасқан аудандарда судың тапшылығы шаруашылықты өркендетуге және адам өміріне қиындық келтіреді.

«Су – тіршілік көзі» деп халқымыз тегін айтпаған. Сусыз тірі организмнің өмір сүруі мүмкін емес. Қазақстандағы өзендердің ластануы ең алдымен айналадағы ортаға әсер етіп, флора мен фаунаның бірітіндеп жойылуына алып келеді. Сонымен қатар сүзек, сары ауру, тырысқақ және басқа да жұқпалы ауру түрлерінің таралуына, өршуіне себеп болады. Су ресурстарына суқоймаларына, өзендерге, көлдерге және ағын суларға тазартылмаған немесе шала тазартылған өндірістік-тұрмыстық және ауылшаруашылық қалдық судың ағызылуынан ластанады. Су айдындарының тазалығын сақтаудың ең басты жолы – өндірісте пайдаланылған суды тазартып, қайта айналысқа қосатын тұйық өндірістік цикл тәсілін қолдану

Бөгендер Қазақстан аумағында жер беті ағындарын реттеу мақсатында өзен арналарын бөгеу арқылы жасалады. Егер көлемі кіші ойыстарды бөгейтін болса, оларды тоған деп атайды. Бөгендер, негізінен, халықтың қажетін өтеу үшін жасалады. Бөгендер су айдынының алып жатқан ауданына қарай төртке бөлінеді:

  1. 50 км2-ге дейін - кіші,

  2. 250 км2-ге дейін-орта,

  3. 1000 км2-ге дейін - ірі,

  4. одан үлкендері - аса ірі бөгендер.

Ізденіс жұмысы барысында қарастырған бөгендер кіші бөгендерге жатады.

Жер беті ағыны Алматы облысында біркелкі таралмаған. Көпшілігі шығысында және оңтүстігімен ағады. Батысы мен солтүстігінде көп өзендедің суы тартылып арналары кеуіп қалады.Ірі өзендері –Іле, Қаратал, Лепсі салаларымен. Іле, Қаратал өзенінің бас жағы мыңдаған гектар жерді, бау-бақша, күріш,қызылша алқаптарын суландыруға көп қызымет етеді. Суармалы егіннің шығымдылығын арттыру мақсатында салынған жасанды субөгендері – Көксу,Ақешкі,Қызылағаш.

Балпық бекетінің оңтүстік бөлігінен Көксу өзені ағып өтіп, Қаратал өзеніне өзеніне барып құяды. Көксу өзені қаладан 8-10 шақырым жерде орналасқан. Өзеннің ағынын «Көксу» су қоймасы реттеп отырады. Осы «Көксу» су қоймасы бірнеше елді мекенді,шаруашылықты суландырудың негізгі көзі болып табылады.

Ақешкі өзенінің суы көктемде жаңбыр суымен, еріген қар суымен толып, көлемі 3 млн м кубқа дейін жетеді. Көктемде жиналған су деңгейі 7-8 м көтеріледі. Өзен суы жаз бойы маңайындағы ауылдардың егіншілігіне пайдаланылады. Ақешкі өзенінің маңайындағы ауылдарда арпа, бидай, сұлы, күбағыс, қарбыз өсіру жақсы дамыған. Қараша, қазан айларында өзен суы тартыла бастайды. Ал қыста қалған суды ағызып жибереді. Аққан судың көп мөлшері Құрақсуға құяды. Ақешкі бөгенінің басты қызметі - өзеннің суы басқа өзендердің су мөлшерінен азырақ болғандықтан: су қорын үнемдеу,ағынын реттеу, суды тиімді пайдалану. Суды жыл сайын ағызып жібергеннің өзінде, бұл өзенде ұсақ балықтар мекндейді. Жаз айларында халық балық аулап,шомылып, жағасында демалады.Күздің соңғы айында суды ағызғанға дейін, суда жабайы құстар, үйректер мекендейді.

Су қорын пайдаланғанда суды үнемдеудің ең бір басты бағыты- су шығынын азайту. Су көзінен оны пайдаланатын орынға жеткенше әсіресі ауыл шаруашылығында Алматы облысы бойынша су шығыны 25 пайызға жеткен. Бұл әрине өте жоғары көрсеткіш, жедел түрде су шығынына қарсы әрекеттер жасауды қажет етеді. Жалпы бұл облыс бойынша қолданылатын судың 95 пайызы ауыл шаруашылығына жұмсалады. Бұл судың лайлануына ғана емес, біржола жоғалуына әкеп соғады. Ал өнеркәсіпте су қоры азырақ пайдаланғанымен айналымға түскен су таза болмайды, өндіріс қалдықтарымен ластанып жерді және өзен- көлдердің суын ластайды. Әсіресе Іле,Көксу,Қаратал өзендерінің суы көп мөлшерде ластанған.

Бұл ізденіс жұмысында Алматы облысының физикалық-географиялық жағдайы мен географиялық орнына, жер бедері мен геологиясына, тектоникалық құрылымына шолу жасалды. Алматы облысының ішкі сулары, топырағы, өсімдік жамылғысы және жануарлар әлемі сипатталған.Облыстағы ауыл шаруашылық,өнеркәсіп салаларының, су шаруашылығына тигізетін әсері, экономикалық ерекшеліктері мен экологиялық проблемаларын қарастыра отырып облыстағы – бөгендердің шаруашылық маңызын аштық.

Жалпы су шаруашылығына дұрыстап көңіл бөлетін уақыт жетті. Біз барлық өзендердің төменгі ағысында отырмыз. Суымыздың жартысына жуығы көршілерден келеді. Жыл өткен сайын су саласындағы қарым-катынасымыз күрделеніп барады. Суды басқару, оны тиімді пайдалану мен қорғау саласында толыққанды кешенді саясат болуы керек.
















Қолданылған әдебиеттер тізімі


1. Т.Байболат, Р.Н.Кенжебаева «География» Алматы 2009, 24-28 б.

2. Ә.С.Бейсенова «Қазақстанның географиялық атласы» Алматы 2010.

3. М.К.Нұрмағанбетов «Жер судың аты,тарихтің хаты» Алматы 2009.

«География және табиғат» 20012,№6

4. Н.М. Жақанбаева «География» Алматы 2011,114-116 б.

5. Ә.С. Бейсенова «Экология» Алматы 2000, 154-166 б.

6. Ғ.С. Гарапова, Н.М. Жақанбаева «География» Алматы 2007,114-116 б.

7. «Қазақстан Ұлттық энциклодедиясы» Алматы 2010, 3 том

8.«Қазақ Совет энциклодедиясцы» Алматы 1975, 2 том

9. Атамекен газеті, Алматы 2014, №88

10. Егеменді Қазақстан 2014-2015,№1235 11.05.24.№4377 12.06.28

11. Жетісу газеті .Талдықорған 2015, №82

12. Интернет. Ak orda.kz. сайты

13. А. Басшов «Экология және таза су проблемасы» Алматы 2003,12-25

14. Экологическое состояние окрущающей среды в Республике

Казахстан. Алматы, 1992.

15.ГельдыеваГ.В.,НадыровШ.М.Проблемысовместного использования водных ресурсов Или-Балхашского региона //Материалы международной юбелейной научно-практической конференции. КАЗНИИМОСК. Алматы. – 2010. С.17-25.

16. Водные ресурсы Казахстана в новом тысячелетии. Алматы, Рауан, 2009. С.74-86.

17. Надыров Ш.М., Темирбеков А.Т., Дуйсенбаева К.Д., Опабеков М.А.

Орталық Азиядағы трансшекаралық өзен сулары ресурстарын пайдаланудың экономикалық географиялық мәселелері. //ҚазҰУ хабаршысы, экология сериясы, 2010. №1, 58-59 б.

18. Бейсенова Ә., Самақова. А., Есболов. Т., Шілдебаев Ж. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Алматы, - Рауан. 2011. 301-303 б.

















блысы қазіргі жер бедерінің қалыптасуына сыртқы күштер, атап айтқанда ағын су мен желдің әсері көп. Ағын су жыныстарды ағызып, ойпаң жерлерге үйеді. Жер бедерінің күрделілігі климаттың су мөлшерінің, топырақтың, өсімдік пен жануарлар дүниесінің қалыптасуына әсерін тигізеді.

Таулары: Сырдария өзенінің орта бөлігі ағысының шығысынан оңтүстікке қарай Тянь-Шань тауларының атыраптарына Талас Алатауы, Өгем қыраттары және Қаратау тауы кіреді. Бұлар биік емес аласа тауларға жатады.Бірақ олардың шығыс бөлігінде жартастардың өте бийк жерлері де бар.

Жазық аймақтарға: Оңтүстік өлкенің бір өзгешелігі болып оның көптеген аумағын жазық аймақтар аоып жатыр. Территорияның басым бөлігі сусыз шөл және құрғақ дала болып келеді. Оны көптеген өзен аңғарлары кесіп өтеді.

Оңтүстік Қазақстанды күнгей жағынан жиектейтін тауларда биіктік зоналық байқалады. Аз қашықтық шөлден ғана бастап мәңгі қар мен мұздықтарға дейін зоналар ауысып жатады. Сырдаряи өзенінің соңғы жағынан басталатын жазықтық Түркістанды жанай өтіп оңтүстікке қарай созылып кетеді. Бетпақдала жазығы соған жалғасып жатқан шөлейтті өңір. Ол батысында Сарысу өзенінен бастап шығысында Балқаш көліне дейін 500 шақырым, солтүстіктен оңтүстікке Шу өзені аңғарына дейін 300 шақырымға созылып жатыр. Бет


1-сурет. Оңтүстік Қазақстан облысының физикалық картасы өте азайып кететіндігі байқалады.

Күннің беретін жылуы ылғалданудан 12-15 есе асып түседі. Шілдедегі орташа айлық ауаның температурасы 20-26 С болады, ал Қызылқұмдағы куейбір жерлердің орташа температурасы 48 С-қа дейін жетеді. Жаз айларындағы ауаның ылғалдылығы 25-28 процент. Ол өте ыстық құрғақ күндері 15 проценке дейін жетеді.

Бір жылдық күн радиациясы 588152-669888 Джоуль. Күннің тік түсетін радиациясы әрдайым шашыранды радияциядан мол болатындығын көрсетеді. Кей кездерде бұл көріністің 90 пайызы дерлік байқалады, тәуліктік температураның амплитудасы 18 С болады.

Қызылқұм, Мойынқұм шөлдерінде түнге қарай температура 0-қа жететін түндер үздіксіз қайталанып отырады. Мұның басты себебі өте құрғақ ауа түнгі уақытта тез суынады. Оңың бірден-бір себебі ауаның құрамында су буларының жоқтығы.

Қыс айларында Сібір антициклоны үстемдік жасайды. Қоңыржай белдеудегі суық ауа –райы көбінесе жылымай, ұзақ сақталатын күндер көп болады. Орташа температура 8-10 С, кейбір күндері көрсеткіш 40 С-қа дейін төмендейді, ол ауа массаларының ағымы оңтүстік бағытқа қарай өзгерген жағдайда тез жылымық боп өзгере қалады. Шардара төңірегіндегі Қызылқұм шөлінің температурасы -3-2 С –қа дейін жетеді. Бұл төңіректе кейде +15 С- қа дейін көтеріліп кететін күндер болып тұрады. Осыған орай кейде циклонды ауа массалары Оңтүстік батыстан келе бастайды да, қар аралас жаңбыр болып жауатыны байқалады. Оңтүстік Қазақстан облысының көлді аймақтарына жылына 90 мм ден 180 мм –ге дейін жауын-шашын түседі, ол булану 1000-1500мм болады.

Оңтүстік Қазақстан облысында негізінен төрт түрлі ауа массасы үстемдік жасайды:

  1. Арктикалық антициклондар ағымы

  2. Монғол антициклоны

  3. Иран ауа массаларының ағымы

  4. Солтүстік батыстан келетін циклон Атлант мұхитынан пайда болатын «Исландия» минумумы әсер етеді.

Арктикалық антициклон мен монғол антициклоны құрғақ ауа массаларын алып келеді де, қыс айларында қақаған аяз қалыптастырады, ал жаз айларында ауаны тым салқындатып жібереді. Ал Ираннан соғатын ауа массалары жазда өте ыстық, керімсал желді алып келеді де өте құрғақ әрі ыстық ауа массаларын жеткізеді. Бұл дәнді дақылдардың пісіп жетілуіне барынша зиянын тигізеді. Енді қамыр бола бастаған дәнді – дақылдарды күйдіріп жібереді. Мұндай жағдайларда жергілікті халықтар «Бидай ауды» деп атаған.

hello_html_m5be95011.jpg

Қыста бұл ауа массалары жылылық әкелген, сірескен мұздар еріп сай-салаға тасқын болып аққан. Жерорта теңізі мен Қара теңізден қаныққан ау массалары оңтүстік батыстан келе бастаған. Сөйтіп боранды-бұрқасын қалыптассып, қар күйінде кейде жаңбыр күйінде түсіп отырады, кейде қарға айналады. Атлант мұхитынын келетін ауа массалары Оңтүстік Қазақстан облысына қаныққан ауа массаларын айдап әкеледі де, жауын-шашын көп жауады. Тау етектеріндегі жазықтарға 350мм –дей жауын-шашын түседі, ол тау белдеулеріне одан көп ылғал қалдырады, оның мөлшері 400-500 мм болады.

Оңтүстік Қазақстан облысында желдің бірнеше түрі бар. Созақ ауданында «Созақ желі» деп аталатын жергілікті жел бар. Солтүстіктен оңтүстікке қарай есетін жел қыста тұрса температураны өте төмендетіп жібереді де, кейде -35 С –тан төмен аяз қалыптастырады, ал жазда салқындатып жібереді. Жауын-шашын мөлшері өте аз жыл бойына 180-200 мм ден аспайтын жауын –шашын түседі. Ал Қаратаудан соғатын жел батыстан шығысқа қарай еседі, ол аймақтарда жауын-шашын мөлшері 250-300мм шамасында ғана жауады. Осы желдер Түркістан аймағына да әсер етеді. Ал, Байдібек, Отырар, Ордабасы, Арыс аудандарының табиғатында да, климатында да ұқсастық бар. Бұл аудандарға әсер ететін «Арыстанды Қарабас» желі Қаратаудан басталып оңтүстік батысқа қарай еседі.Бұл жел ауылшаруашылығына өте көп зиян келтіреді. Кейбір жылдары бұл желдің айлап тұратын кездері болады.

Оңтүстік батыстан соғатын Иран тауларында қалыптасатын ауа массалары да бұл аймақтың табиғатына зиян келтіреді. Жазда аса қауіпті «Керімсал» желін тұрғызады, ол жел барлық дәнді дақылдарды күйдіріп жібереді. Ал ерте көктемде соғатын Арктикадан келетін ауа массалары да ауыл шаруашылығына өте көп зиян тигізеді.

Ал, Түлкібас, Сайрам, Төлеби аудандарында шығыстан есетін «Шақпақ» желі һөз үстемдігін жүргізеді. Ол «Шақпақ-Боранды» деп аталатын елді мекеннен асу арқылы асып келетін шығыс желі. Желдің екпіні өте күшті болып келеді, секундына 25-30 м жылдамдықпен жылжи алады. Қыста қатты суық, жазда өте салқын ауа массасын қалыптастырады. Халық арасында бұл жел туралы «Еріксем екі күн, желіксем жеті күн тұрамын» дешген мақал қалыптасқан. Қазғұрт, Сарыағаш аудандарында «Шыршық» желі үстемдік етеді. Ол жел онша қатты соқпайды. Жетімай, Асық – Ата, Шардара аудандарында «Қоқан» желі үстемдік етеді. Ол жел әрдайым батыстан соғады, ал шығыстан келетін жел «Шамал» желі деп атайды, ол Ташкент жақтан келеді.


1.2 Оңтүстік Қазақстан облысының геологиясы, тектоникалық құрылымы

Оңтүстік Қазақстан облысының көпшілік жері Тұран плитасының құрамына кіреді. Жазық өңірі негізінен кембрилік, девондық, карбондық жыныстардан, таулы бөлігі төменгі полеозойлық жыныстардан, жота аралық ойыстар девонның қызыл түсті шөгінділеріне толған. Ақсу, Сайрам өзендерінің бассейндерінде бор жыныстары таралған. Батыс Тянь-Шаньда, Қарарауда ерте бор дәуірінде қызыл сарғыш топырақтан құралған. Бор дәуірінің климаты құрғақ, аридті болады. Мұның өзі қызыл топырақтың көп таралғанын көрсетеді. Бор жыныстары Ташкент, Шымкент аудандарында таралған. Төменгі жағы құмды саздармен, жоғарғы қабаты конгломераттармен шөгінді тау жыныстарымен толтырылған. Облыс төменгі боз, қызғылт түсті құралдармен, саздармен күрделі. Ол- 1500 метр тереңдікке дейін барады. Жоғарғы бор теңіздің ізбесті ашық қызыл құмдарымен ерекшеленеді. Ең жоғарғы қабаты қоңыр топырақпен жабылған. Қаратау және Талас Алатауының төменгі силурда және жоғарғы силурда лавалармен ерекшеленеді. Тлас Алатауында, Қаратауда эффузивті жыныстар аз тарлған. Бұл негізінен оңтүстікке қарай Сайрам өзені алабында, Қаратау жотасында үштік дәуір жыныстары құмды саздар болып бсталады. Орта бөлігі гипс тектес сазбан күрделенген жоғарғы олигоценге жатады. Континентті қара қатпарлығ Іле аңғарында және Шымкент қаласында белгілі. Бұлардың төменгі қабаты триас жасындағылар [2].

Қазба байлықтары

Облыс қойнау қазба байлықтарға бай. Мұнда полиметалл рудалары қоңыр көмір қабаттары, мәр-мәр, отқа төзімді және кварцтты құмдар, темір, гипс, құрылыс материалдары, жер асты және грунт суларының қорлары мол Қазақстан қорғасын өндіруден бірінші орын алады. Соның негізінде Шымкент қаласында қорғасын зауыты салынған. Шығаратын өнімі тазартылған қорғасын, алтын, күміс рудалары және тағы да басқа. Қоңыр көмір төлеби ауданында. Бұл Шымкенттің өндірістік жылу базасы болып табылады. Шымкенттен 170 шақырымдай. Солтүстік батысында Таскөмірсай көмір кен орны ашылды. Мұнда юра жасындағы көмір кен орны бар. Цемент өндіру Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Састөбеде жақсы дамыған. Оңтүстік Қазақстан облысы басқа облыстарға қарағанда өзгеше айырма және көршілес жатқан Орт Азия Республикасымен салыстырғанда бұл жерде фосфорит кен орны, қорғасын қоры жөнінен орасан зор маңызы бар. Оңтүстік Қазақстан облысы су ресурстарына да бай. Бұл жөнінен ол Шығыс Қазақстан облысына жол береді. Таскөмірсай кен орнында 50 мың тонна көмір бар. Қоңыр көмірдің 476 млн тонна қоры тек 258 млн тоннасы өндірісте пайдаланылады. Бұл негізінен Төлеби ауданында өндіріледі. Төлеби көмірінің жылу баланысы 3850 ккал. Көмірді өндіру бұл жақта қиынға соғады. Гидрологиялық және тау-кен техникалық жағдайларға байланысты көмір өндіру жылына 5 мың тоннадан аспайды. Қалған кен орындарында өндіріліп болған десе де болады. Мысалы, Келтемашат, Шымкенттен шығысқа қарай орналасқан.

Қорғасын мен мырыштың ірі кен орны Қаратаудың оңтүстік батыс бөлігінде /Кентау, Ащысай, Байжансай кен орындары /.

Бұл темір жолдан және қайта өңдеу орталықтарынан қашық емес. Шымкент қорғасын балқыту зауыттарында өнделеді. Қаратаудың аласа бөліктерінде мыс, молибден, ваннади рудалары бар. Темір рудаларының кен орындары Шымкент, Тараз темір жолдарына жақын жерде зерттелген. Бұл жердегі темір қорына 182 млн. тонна, ал өндірісте 58 млн. тонна пайдаланылады. Оңтүстік Қазақстан оьлысында ірі фосфор бассейні бар, ол Қаратау жотасының солтүстік шығыс бөлігінде,ұзындығы 200 шақырым. Бұлардың қоры 1472 млн. Өндрісте 779 млн. тонна. Оңтүстік Қазақстанда құрылыс материалдары көп. Бұл жерлерде су жоғарғы сапалы ізбес тастары мен сазды цемент бар. Састөбе поселкісінде гипс, мәрмәр, шыны жасайтын құмдар және минералды бояу және тағы басқалар кездеседі.

1. Жанатын пайдалы қазбалары.

А тас көмір.

Тас көмірдің пайдалы атырауындағы пайдалы алабы 100 шқырымға

hello_html_m77815582.jpg

созылып жатыр. Ленгердегі тас көмір қазбасы энергия қуатын өндіру үшін пайдаланады.

Б азотты – гелді газ.

2. Темір рудасы пайдалы қазба көздері

А Қаратау тауының бөктерінен марганец пайдалы кен көздері табылған,

Ванадий пайдалы қазбасы Қаратау, Жабағылы аймағынан, темір кені Иірсу аймағынан табалды. Қорғасын мен цинк Қаратау кен орындарында көптеп кездеседі. Бұл кен орны ерте кезден белгілі. Ал 60 жылдары өндірудің шырқаған тұсы болып есептелінеді. Танымал ірі кен орындары: Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай. Бұл жерлерде қорғасын мен қатар күміс, цинк, мыс тағы басқа да пайдалы қазбалар бар.

Рудасыз пайдалы қазбалар.

Бұлар негізінен отқа төзімді кварцитті саз балшықтар мен құмдар. Састөбе мен Шымкент қаласы аймағынан саз балшық пен әк тастың өте көп қоры табылған. Қыш өндірісі мен керамзит үшін шикізат қоры бар. Осыларды пайдаланып көптеген құрылыс материалдарын өндіреді (тас пен құм -63,3 мың метр, құрылыс тасы – 38,9 мың метр). Облыс минералды тұздарға да өте бай. Жылына 1080 тонна минералды тұздар өндіреді. Облыс аймағындағы жерлер минералды ресурстарға өте бай емес, ал кейбір түрлерінен мүлдем аз кездеседі. Көмірдің Ленгер қаласындағы уақытша пайдаланылмаған қоры болашақта қолданылады. Ал газдың табылған қоры өлкемізде энергетика саласына 20-30 жылдан кейін пайдаланылады. Облыстағы Ащысай мен Мырғалымсайдың полиметал рудалары түрлі түсті металлургияның дамуының жақсы базасын құруы мүмкін [3].

Оңтүстік Қазақстан облысының жер бедері біркелкі. Жер бедерінің едәуір бөлігі жазық келеді. Оның солтүстік-шығысында ұзыннан-ұзақ созылып жатқан Қаратау сілемдері (217 шақырым), солтүстік бөлігінде Бетпақдала, Шу өзені оңтүстігінен басталатын мойыеқұм, батысында Қызылқұм, Өгем және Қаражантау тау сілемдері ғана өзгешелік білдіреді. Облыстың оңтүстігін Қызылқұм мен Шардара даласы, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр. Қаратаудан шығысқа қарай Қырғыз жотасы созылып жатыр. Биіктігі 3617м. Мұның солтүстік бөлігі Қазақстан территориясына кіреді.Осы жоталар арасынан шатқал арқала Талас өзені ағып өтеді.Өгем жотасында облыстың ең биік жері Сайрам шыңы бар.Биіктігі 4238м.Өгем өзенінен бөлініп жатқан Келестің саласында Қаражантау жотасы бар. Жотаның оңтүстік-шығыс бөлігін Қаражан және Жігірген өзендері алып жатыр. Жотаның орташа биіктігі 2000м. Биік нүктесі Мыңбұлақ тауы. Биіктігі2834м. Қаражан таудан солтүстік-батысқа қарай Қазығұрт және боралдай тауы алып жатыр. Бұл таулар өте ескірген, бұзылған таулар. Қазығұрт тауы оңтүстікке қарай баспалдақ тәрізді. Келес өзені аңғарына құлайды. Ең биік жері 1600м.

Жазықтар мен таулардың орналасуы, олардың теңіз деңгейінен биіктігі көнтеген факторларға атап айтқанда, тау жыныстарының пайда болуы мен құрамына, олардың жату пішіндеріне, уақытына және оларға жердің ішкі әсерінен болатын процестерге байланысты.

Оңтүстік Қазақстан облысының жер бедері төмендегі келтірілген картада бейнеленген.

hello_html_m7a02774d.png

1.3 Оңтүстік Қазақстан территориясының ішкі сулары

Оңтүстік Қазақстан облысының гидрографиялық жүйесі оның бүкіл аумағында әрқалай орналасқан.

Мұнда барлығы су кадастры арқылы 297 өзен тіркелген. Олардың жалпы ұзындығы 8045 км. Құрайды. Оның ішінде 42-сі сел қаупіне жақын саналады: 16 өзенде құм-тас аралас лайлы ағымы болуы мүмкін, ал 26 өзенде айналасын шайып кететін сел жүруі мүмкін. Бұл өзендерден басқа көптеген есепке алынбаған ұсақ су арналары да (жыралар, жылғалар) бар. Олар арқылы көктем айларында су тасуы байқалады. Сел қаупін тудыратын өзендер санының көптігіне қарамастан аудандағы төтенше жағдай қауіптілігі онша үлкен емес.

Аймақтағы барлық өзендер Арал теңізі алабына жатады. Олар бастауларын Қаратау, Қаржантау, Өгем жоталарының баурайларынан алады. Тау өңірлерінен шыға берісте өзен сулары егістік суаруға алынады. Бұл сулардың бір бөлігі өзендерге қайта құяды, бірақ азғана бөлігі булануға және су қоймаларында, каналдарда және суарылатын жерлерде сүзілу есебінен жоғалады.

Жер беті ағыны облыс территориясы бойынша біркелкі таралмаған: көпшілігі орталық және оңтүстігімен ағады. Ірі өзендері — Сырдария. Салалары: Келес, Құркелес, Арыс, Бөген және Шу өзені. Төменгі ағысы тартылып қалады. Сырдария мен Келес салаларында Шардара бөгені орналасқан.

Сырдария өзенінің ұзындығы - 2190 шақырым. Бұл өзен Нарын мен Қарадария өзендерінен басталады. Нарын өзенінің ұзындығы - 700 шақырым. Осы өзенді қоса есептегенде Сырдария өзенінің қоры Тянь-Шаньнан, Талас Алатауынан, Қырғыз даласынан, Теріскей Алатауынан басталады. Ауданы - 422 мың шақырым. Қазақстан территориясында Сырдарияның оң жағында өзінің үлкен саласы Шыршық өзенінің оң жағында Келес өзенін, төменгі ағысында шөлді жерлермен ағады да, 400-500 шақырым қашықтықта, сол жақ саласы жоқ. Оң жағында тек бір ғана саласы бар. Арыс өзені мен Сырдария өзенінің Өзбекстан мен Қазақстан үшін үлкен маңызы бар. Қызылорда облысы Сырдарияның суын күрішке пайдаланады.

Сырдария алабы Орта Азиядағы төрт мемлекеттің (Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстан) аумағында орын тепкен. Дарияның ұзындығы 3019 км. Алаптың ең басты ерекшелігі - оның аумағының екі айқын зонаға: ағынды қалыптасу және пайдалану зоналарына бөлінуі. Ал, Қазақстан аумағы екінші су пайдалану зонасында жатыр.

Сырдария алабының көп жылдық орташа су ресурстары 30,4 км3/жыл, суы мол жылдарда 45,0 - 50 км3/жыл, қуаң жылдарда 25,5 км3/жыл аралығында ауытқиды. Негізінен мұздықтар мен еріген қар суымен қоректенуіне байланысты табиғи жағдайда Сырдария көктем-жаз айларында тасиды. Су тасу кезінде су өтімінің мөлшері Көкбұлақ бекетінің түсында секундына 1000-3700 текше метр аралығында ауытқиды. Қазақстан аумағында Сырдарияға сол жағынан Келес, Арыс өзендері құяды. Сырдың су жинау алабының ауданы 462000 км2 тең.

Сырдария алабы көне суармалы егіншілік аудандардан өтетіндіктен кезінде ТМД-ның негізгі мақта өсіретін базаларға пайдаланылды. 1913 жылдары Қазақстан шекарасына дейін 1073 мың га, оның 743 мың га-сы

Ферғана аңғарында, Шыршық-Ангрен-Келес ирригациялық ауданында (Ташкент оазисі) - 219 мың га, Мырзашөлде - 50 мың га, Дальверзин даласында - 7 мың га жер суарылатын [4].

Арыс өзені - Сырдарияның оң жақ саласы болып табылады. Өзеннің ұзындығы 332 шақырым. Арыс өзені алғашқы да Көкбастау өзенінен басталады. Көлбастау өзені Талас Алатауы мен Қаратаудың аралығында орналасқан. Бұл жерлерде бұлақтар көп. Алатау мен Қаратаудан ағып шығатын осы бұлақтар Арыс өзенін құрайды. Өзеннің суы көп айы - наурыз, сәуір, ал азаятын кезі қазан-ақпан аралығы. Сырдария, Шу, Іле т.б. сияқты ірі өзендерерте уақыттардан бері жер суғаруға пайдаланып келеді. Совет өкіметі орнағанға дейін суарылатын жердің көлемі айтарлықтай емес еді. Бұл өзендердің су қорының көбі пайдаланылмай қалатын. Совет өкіметі жылдарында қоныстанылған тау алды аудандары жер суару жүйесімен түгелдей дерлік қамтамасыз етілді. Мұздықтар мен биік тау басындағы қардан басталатын Қазаөстанынң оңтүстік-шығысындағы өзендер жаз айларында, нақ судың тапшы кезінде, мол сулы болады. Олар егістікке сумен бірге өте көп құнарлы тұнбалар әкеоеді. Сырдария бассейні суармалы егістіктің ірі аудандарының бірі болып есептеледі. Оның өзенн жүйесінің суымен Шымкент және Қызылорда облыстарының сан мыңдаған га жерлері суарылады. Сырдарияның суын пайдалануда Қызылорда плотинасының салынуына байланысты. Құрылған ирригация жүйесінің маңызы зор. Ол 122000 га жерді суаруға мүмкіндік береді.

Шу Қазақстан егістік жерлерін суаруда көрнекті орын алады. Онда салынған Ортотоқай су қоймасы құрылысы өзеннің ағынын реттейді және Қырғыстан мен қатар Қазақстанда да суармалы егіс көлемін кеңейтуге мүмкіндік берді.

Жер беті ағыны облыс территориясы бойынша біркелкі таралмаған. Көпшілігі орталық және оңтүстік бөлігімен ағады. Ірі өзендер – Сырдария. Салалары: Келес, Құркелес, Арыс, Бөген және Шу өзені. Төменгіағысы тартылып қалады. Сырдария мен Келес салаларында Шардара бөгені орналасқан.

Арыс өзені 3500м биіктіктегі Талас Алатауы мен Қаратаудың арасындағы ойпатта орналасқан Шақпақ жотасынан бастау алады. Бассейнінің ауданы — 14530 км, оның 50 %-ы таулы бөлікке кіреді. Бастаудың жоғарғы жағындағы өзен арнасы кең, аңғардың баурайлары тегіс. Ары қарай төменгі ағыста баурайы тік болып келеді, аңғардың ені 1 км және оданда үлкен болады. Балықшы ауылының төменгі жағында өзенге Боралдай (оң жақ), Машат, Ақсу және Бадам (сол жақ) сияқты ірі салалары қосылады.

Ақсу өзені - Арыс өзенінің ең ірі саласы. Мұның бассейні Талас Алатауының батыс бөлігінде орналасқан. Ауданы 750 км2 ұзындығы 120 шақырым.

Бадам өзені - Арыс өзенінің ең ірі сол жақ саласы. Мұның бассейні Бадам тауының солтүстік, солтүстік-батысында, Талас Алатауының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Бассейннің ауданы – 4300 км2 ұзындығы -137 шақырым.

Боралдай өзені — Арыс өзенінің Оңтүстік - шығыс ірі саласы. Бассейні Қаратау жотасының оң жақ бөлігінде орналасқан. Ауданы 800 шақырым, ұзындығы -130 км2. Боралдай өзені - кіші Боралдай, үлкен Боралдай өзендерінің қосылуымен құралады. Негізінен қар суымен және жерасты қоректенеді. Арыс өзені өзінің барлық салаларымен Оңтүстік Қазақстан облысының мақта шаруашылығында пайдаланылады.

Машат өзені - Арыс өзенінің сол жақ саласы, бастауын 2500м биіктіктен алады. Өзеннің ұзындығы 75 км. су жинайтын ауданы 579км Өзеннің жоғарғы жақ бөлігіндегі аңғары құзды болып келеді. Бастаудан 25 км қашықтықта Ү тәріздес өзен аңғары тереңдігі 150-200 м. болатын тік жартасты каньонға айналады. Жартастар желден мүжілген әртүрлі жыныстар мен әк тастардан құралған. Бастаудан 45 км. оң жақтан Дәубаба өзені қосылғаннан кейін каньон біртіндеп кеңейе бастайды да, төменгі ағыс бөлігінде 100-150 км болады.

Келес өзені шамамен 1800 м. биіктіктегі Қаржантау жотасының солтүстік-батыс баурайларынан бастау алады. Өзеннің ұзындығы - 236 км., бассейнінің ауданы - 3310 км2. Өзен бастауының жоғарғы жағындағы жер бедері қыратты болып келеді. Таулы бөлігіндегі өзеннің аңғары кең болып келеді және төмен қарай одан әрі кеңейе түсіп 1,5 км-ге дейін жетеді. Өзен аңғарының жағалаулары жазық. Өзен арнасы тау аңғарынан шыққаннан кейін ағысын күшейтеді. Нәтижесінде арна жағасының опырылуына апарып соқтыратын күшті эрозиялар болады.

Өзен аңғарының өн бойын үш террасаға бөлуге болады. Олар сарғыш-сұрғылт түсті саздақтан, құмдақтан, малта тастар мен конгломераттардан тұрады.

Жайылма алқабын су тасыған кезеңде су басып қалады. Кейбір жылдары судың деңгейі 1 м және де одан да жоғары биіктікке көтеріледі. Өзен жайылмасы негізінен малта тасты, саздақты және құмайтты болып келеді.

Оңтүстік Қазақстан облысы көлдерге бай емес. Олар негізінен облыстың солтүстік бөлігінде орналасқан. Олар өте түзды және саяз болып келеді. Жазық аймақтарда артезиан сулары бар. Ол сулардан минералды сулар шығады, оны емдік бағытта пайдаланады. Сарыағаш курортындағы минералды су

Облыста су қорына өзен және көлдерден басқа - жер асты сулары да жатады. Жер асты сулары халық шаруашылығына пайдаланады. Артезиан суы шөлдегі аймақтар үшін егін шаруашылығы мен мал шаруашылығына тиімді. Елді мекендер ол суларды негізгі ауыз су ретінде пайдаланады.

Оңтүстік Қазақстан облысының көпшілік жерін шөлдер алып жатыр. Шөлді жердің ерекшелігі жауын-шашынның өте аз мөлшері (жылына 300 мм-ден жоғары емес) және жазының ыстық (шілде айының температурасы +30° жоғары) болып келуі өсімдіктердің өсіп жетілуіне кері әсерін тигізеді. Шөлдік зонада өсімдік дала аймағындай қаулап шықпайды, сирек, селдір өседі. Бұл судың тапшы болуына байланысты болады. Шөлді жерлерде өсімдік алдымен құмды төбешіктердің арасындағы ойпаттарда, беткейлерде өседі. Ағаш текті өсімдіктерден сексеуіл, жүзген, қияқ, құмқараған, селеу өседі. Шөлді аймақта өсетін өсімдіктер табиғаттың қатаң жағдайына бейімделген. Олардың бойындағы ылғалды тікенді қабыршаққа айналған жапырақтары немесе түктері сақтайды.

hello_html_m55b80b94.jpg

Карта 3 Оңтүстік Қазақстан облысының гидрологиялық картасы

1 кесте

Облыс территориясындағы ірі өзендер


Өзендер

Ұзындығы

Су жинау

алабының көлемі км2

Бастау

биіктігі, м.

Жылдық

орташа шығыны

м3

Қорек-тенуі

Негізгі салалары

11

Арыс

378

14530

3500

40,2

Жаңбыр,жерасты суы

Боралдай, Қараүңгір, Машат, Ақсу, Бадам

22

Келес

23,6

3310

1800

5,9

Қар, жерасты суы

Ұя, Қаржан, Аңырақ, Көкпақ.

33

Ақсу

133

766

4042

4,02

Қар суы, жаңбыр, жерасты суы

Балаақсу, Бұғылтұр, жаңбырлы-сай.

44

Бадам

138

4380

2700

4,51

Жаңбыр, жерасты суы

Ермек-бадам, Ленгір, Сайрамсу, Текесу.

55

Сайрам

76

1010

3400

2,2

Жаңбыр, жерасты суы

Балдыбірек, Сары-айғыр, Сиябалы, Қасқасу.

66

Машат

75

579

2500

2,1

Қар, жерасты суы

Дәубаба.

7

Қантағы

102

1210

1460

1,8

Қар, жерасты

Біресек.

Ең үлкен массив Қызылқұм территориясында өсімдік жамылғысы жартылай, облыстың оңтүстік бөлігін алып жатыр. Мұнда жусан, сораң, еркек шөп, жантақ, күйреуік, бүйірген, сексеуіл. Сырдария аңғарында жиде, жыңғыл, шеңгел, жал тау етегінде бетеге, жусан, таулы өңірде бұта, жеміс ағаштары, арша, ырғай және тағы басқа өсімдіктер өседі.

Облыс аймағында грек жаңғағы сақталған. Облыста ксерофитті сирек ормандар кездеседі. Өзен аңғарларында кездесетін орман-тоғайлар әлі де болса бар. Батыс Тянь-Шань тауларында, Өгем шатқалдарында, Талас Алатауында ксерофитті сирек ормандар кездеседі. Бұл негізінен арша, бұталар, шөптесін өсімдіктерден тұрады. Шөлді жерлерде сексеуіл өседі. Мұның қара және ақсексеуіл деген түрі болады. Ақсексеуіл әсіресе, құмды аудандарда кең тараған. Шөлде жусанның көптеген түрлері бар. Мұнда басқа ешқандай облыста өспейтін жусанның дермене деген түрі медицинада пайдаланылады. Облыстың Өгем, Піскем, Талас Алатауы жоталарының белдеуінде май қарағай жаңғақ ормандары, бүталар, шалғындар өседі.

Топырақ өте күрделі табиғи түзіліс. Топырақтың пайда болуы тау жыныстарының бөлшектеніп, қопсуынан басталады. Топырақтың түзілуіне, оның қасиетіне түрлі факторлар әсер етеді. Табиғатта жылу мен суықтың, ылғал мен тірі жәндіктердің әрекетінен үгілген тау жыныстарының үстіне өсімдіктер өсе бастайды. Күзге қарай қураған шөп, өсімдік, ағаш жапырақтары, шіріген бүтақтардан топыраққа органикалық зат беріледі. Органикалық қалдық заттарды бактериялар шірітіп, жаңа затқа - қара шірікке айналдырады.

Солтүстік шөлді аймақта (Бетпақ-дала) негізінен қарашірігі 1% қоңыр және сүр қоңыр топырақты атырап болып келеді. Оңтүстікке қарай шөлді аймақ тау беткейі аймағына ауысады. Оларды қара шірінді 3-4% құрайды. Бұл жерлердің топырағы сұр, қоңыр, қызыл шалғынды далалық болып келеді.

Оңтүстік Қазақстанның шөл және шөлейт зоналарында құмды және құмдақты топырақ таралған. Көп жерлердің топырағы сортаң топырақ. Қызылқұм және Мойынқұм топырақтарында бар-жоғы қарашірік 1% - дан да төмендеу келеді. Жер асты суларының минералды тұздары жоғары көтерілуіне байланысты және су ресурстарын дұрыс пайдаланбау себебінен топырақ құрамында тұзды аймақ пайда болады. Бұл әсіресе, Шу өзенінің төменгі саласында айқын білінеді, бұл жерлерде топырақ беті 1-1,5% көлемінде жұқа тұз қабаттарымен көмкерілген. Сырдария, Арыс, Шу өзендерінің аңғарларында өзендердің су режимдерінің әсерінен құралған шалғынды-аллювиальді топырақтар таралған [5].

Оңтүстік Қазақстанда топырақ жамылғысы биіктік белдеулік бойынша жақсы байқалады. Бұл аудандарда топырақ жамылғысының белдеулік шекарасы мұндағы табиғат зоналарымен абсолюттік биіктікте, орграфиялық ерекшеліктеріне және ылғал алып келетін территориясында топырақ биіктігі белдеулік бойынша бөлінеді:

1. Тау алды және тау етегіндегі шөлейтті сүр қоңыр топырақ белдеуі.

2. Таудың құрғақ шалғынды қоңыр топырақ белдеуі.

3. Биік тауда альпілік және суьальпілік тау шалғынды топырақ белдеуі. Оңтүстік Қазақстанның құрғақ аудандарында сортаңдар кездеседі. Ең

төменгі вертикальдық белдеу Тянь-Шань жазықтық ашық қоңыр топырақ таралған. Бұлар Қазақстан бойынша аз таралған. Бұл топырақта қара шірік 0,7-1,5%. Қоңыр топырақ Қаратаудың етегінде, Талас Алатауының етегінде таралған. Осы топырақ 600-700 м. абсолюттік биіктікке дейін жетеді. Мұның құрамында органикалық заттар, қара шіріндісі жоғары болып келеді. Мұндай топырақтар егін егуде бағалы, құнарлы болып келеді. Талас Алатауының батыс бөлігінде, Өгем, Піскем жоталарында сұр топырақтар, қоңыр топырақтар кездеседі.

Адам тіршілігінде топырақтың атқаратын қызметі мен маңызы өте зор. Топырақтың құнарлы қабаты ұлттың байлығы болып табылады. Топырақ тозып кетпес үшін үнемі байытып, оның құнарлылығын арттырып отыру ертеңгі ұрпағымыз үшін өте қажет, Топырақты эрозияға ұшыраудан сақтау үшін ағаш отырғызып, ауыспалы егін егу керек.

2 Оңтүстік Қазақстан облысының – су қоймалар мен каналдары және олардың шаруашылық маңызы

2.1 Оңтүстік Қазақстан облысының су қоймаларымен каналдары

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Шардара суқоймасы. Шардара су қоймасы баяу толтырылып Сырдарияға құйылып жатқан су көлемі 100 текше метрге дейін азайтылды. Биылғы жылы бізде су тапшылығы байқалады. Шардара су қоймасына құйылып жатқан су баяу жылдымдықпен ағуда. "Достық " арнасына да су көлемі жеткіліксіз". Бүгінде су қоймасындағы көлем 5 млрд 189 млн текше метр суды құрайды. Ал жоспар бойынша 5 млрд 400 млн текше метр суға толтыру керек. Бүгінгі күні су қоймасына секундына 209 текше метр су қосылып жатса, Сырдария арнасына тасталып жатқан су көлемі секундына 100 текше метрді құрайды. Ал Қызылқұм арнасына секундына 60 текше метр су қосылуда. 1962 жылы шыққан «Гидрометеоиздаттың» «Агроклиматический справочник по Кызылординской области» деген кітапқа сүйеніп жазған деректері күмәнді. Егер 1962 жылға дейін Аралға Сырдариядан тек 3 миллиард текше метр су түсіп тұрған болса, қалған сулар егістікке жұмсалса (осы сияқты үрдіс Амударияда да болды), онда Арал баяғыда кеуіп қалған болар еді. Ал, шындығында 1960-1965 жылдары Аралдың нағыз толып тұрған кезі болатын. Оның көлемі 1060 текше километр, деңгейі 52,97 метр, Сырдариядан түсіп тұрған судың мөлшері 1973 жылға дейін 4,7-21,1 текше километр, ал Амудариядан – 13,2-55,5 текше километрдің аралығында болды.

Аталған екі өзеннің суын егістікке үстемелеп кеңінен пайдалану СОКП-ның 1966 жылғы мамыр пленумынан басталды. Осы пленумда қабылданған бағдарламаға сәйкес, барлық одақтас республикалар кең көлемде жерді гидротехникалық мелиорациялау жұмыстарымен айналысты. Ал Арал бассейнінде одақтас республикалар жыл сайын жүздеген мың гектар жаңа суармалы жерлерді іске қоса бастады. Нәтижесінде 80-ші жылдардың соңына таман, тек Сырдария бассейініндегі суармалы жерлер 3300 мың гектардан, ал Амудариямен қосып алғанда Арал бассейінінде 7400 мың гектардан асты. Міне, Арал трагедиясы осы пленумнан бастау алды. Тоғысқан су қоймасының салынбауы судың жетіспеуінің салдары. 70-ші жылдардың екінші жартысында жасалған Сырдария бассейінінің су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғау сұлбасында Тоғысқан су қоймасы мүлдем қаралмады. Үйткені, ол жерде айта қаларлықтай ойпат болмады.

1993-2000 жылдары «Казгипроводхоз» мамандары, оның алдында бұрынғы «Союзгипрорис», қазіргі «Южказводпроект» мамандары, Шардарадан төменгі Сырдың бойын түгелдей зерттеп шыққан. Екі институттың мамандары да қажетті суды сидыратын Көксарай ауылы маңындағы ойпатты дұрыс деп тапты. Елекеңнің өзі айтқанындай Тоғысқанның көлемі Көксарайдан 5-6 есе аз, яғни бар болғаны 600 млн. текше метрден аспайды. Ал апатты жағдайды болдырмау үшін қажетті көлем 3 млрд. текше метр.

Шардара су электр стансасының жұмыс істеу графигі. Су ресурстары комитеті бекіткен су қоймасының режимімен тығыз байланысты және де осы режимге сәйкес су пайдалануға Комитеттен арнайы рұқсат алады. Ал бұл режим Қызылорда облысы мен Шардара су қоймасы астындағы Қызылқұм массивінің мүддесіне сай жасалады. Жергілікті биліктің бұл режимді бұзуға құзіреті жетпейді. Сондықтан Қызылорда облысына су жетпейді деу бекер. Құрғақшылық жылдары судың жетпейтіні рас. Совет одағы кезінде, мұндай жылдары, кәріз жүйелеріне сорғыштар қойып, суды қайта пайдаланып, тығырықтан шығатын. Әрине, Тоғысқанның көлемі Көксарайдан 5-6 есе аз болғандықтан, ол арзанға түсер еді. Ал тиімді болады деу дүдәмәл тудырады, үйткені Тоғысқанның көлемі аз болғанына байланысты, ол осы нысаннан жоғары орналасқан Оңтүстік Қазақстан облысының елді мекендері (мысалы Маяқұм, Ешкіқора және т.с.с.) мен төмен орналасқан Қызылорда облысының елді мекендерін қысқы және ерте көктемдегі топан судан сақтап қала алмайды. Сондай-ақ, Тоғысқан Көксарайдың басқа да міндеттерін орындай алмайды. Қазіргі кезде Шардараның көлемі 5,2 млрд. текше метр емес, үйткені су қоймасының түбіне шөккен тұнбаның көлемі жыл сайын өсіп келеді. 1979 жылдан бері өлшеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Оның көлемінің қысқарғанын мынадан білуге болады. Шардараның суы, жылдың көпжылдық орташа сулылығы кезінде, суару мерзімінде жоғарыдан келіп түсетін сумен қосып есептегенде, Қызылорда облысының 110 мың га күріш алқабын суаруға жететін, ал бүгінгі күні 75 мың га күрішті суаруға әрең жетеді. Көксарай осының орнын толтырады, әрі жоспарлы түрде кіші Аралды және керекті көлдерді ұстап тұруға септігін тигізеді.

Иә, Көксарайдың бөгеті 44,7 шақырым, бірақ Сырдария өзені арнасына салатын су тоспасының жоғарғы жағындағы екі жағалау дамбасының ұзындығы 110 шақырым емес, 11 шақырымнан да аспайды. Қандай да болмасын су нысандарын салу үшін алдымен арнайы зерттеулер жүргізіліп, техникалық-экономикалық негіздеме жасалатынын ел жақсы біледі. Алдын-ала зерттеулерде жердің геологиясы, гидрогеологиясы, топырағының құрамы мен оның су өткізгіштік қасиеті, сол жердің ауа райына байланысты судың булану көлемі сияқты су нысанының техникалық сипаттамасына әсер ететін факторлар толығымен анықталады. Осы зерттеулерді жүргізген «Казгипроводхоз» институтының жобалаушы мамандары Көксарай су реттегішінің бетінен буланып ұшатын судың көлемі 282 млн. текше метрге, ал жерге сіңетін су көлемі 15-18 млн. текше метрге тең дейді. Сонда мамандар жерге сіңетін судың көлемін 1 млрд. текше метр деп көрсеткен қай жобалаушыны меңзеп отыр?

Енді мына қызықты қараңыз. Тоғысқанның ауданы 8-9 мың гектардан аспайды екен, яғни, шындығында да оның көлемі Көксарайдан 5-6 есе аз. Мұны мандардың өзі де мойындап отыр. Демек Тоғысқанның көлемі – 3 млрд.: 5 = 600 млн. текше метр екен. Ары қарай мамандарТоғысқанда жерге сіңген, буланған су 900 млн. текше метр дейді.мамандар, өзіңіз ойланып көріңізші, егер Тоғысқанның суы бар болғаны 600 млн. текше метр болса, одан қалайша 900 млн текше метр су буланып және сіңіп кетеді? Енді Шардараны алайық. Оның ауданы 5,2 млрд. текше метр көлемінде 78,3 мың гектар.

Сондай ауданнан жылына 800 млн. текше метрдей ғана су буланып және сіңіп кетеді екен. Иә, Көксарайдың ауданы 46,6 мың гектар. Ондағы буланатын судың көлемі 1 млрд. текше метр дейді. Ары қарай Көксарайдың көлемі Тоғысқаннан 5-6 есе артық дейді. Сөйтеді де буланатын судың мөлшері соншалықты артпақ дейді. Сонда, 3 млрд. текше метр көлемі бар Көксарайдан буланатын судың мөлшері 5-6 млрд. текше метрді құрайтын болғаны ма? Жарайды, енді мамандар тұжырымдамасын басқа жағынан алып қарайық. Мамандар айтады, Тоғысқанда жерге сіңген, буланған су 900 млн. текше метрді құрайды дейді. Көксарайдың көлемі Тоғысқаннан 5-6 есе артық дейді. Демек, буланатын судың мөлшері соншалықты артпақ дейді. Оу аға, ешқандай ақылға симайды ғой, қалайша 3 млрд. текше метр судан (900 млн. х (5-6)) 5 млрд. текше метр су жерге сіңіп, буланып ұшып кетеді. Жазғаннан кейін, аз да болса, шындыққа жанастырып жазу керек қой.

Көксарайдың техникалық-экономикалық негіздемесі жасалғанда, оның құрамды бөлігі ретінде осы нысанның қоршаған ортаға тигізетін әсері зерттеліп, экологиялық сараптамадан өткізіліп, оң бағасын алды. Сараптамада Көксарайдың мақта алқаптарына тигізетін кері әсері анықталмаған. Ол мүмкін де емес еді, үйткені, бұл жерге ең жақын мақталы алқап – Қызылқұм массивінің аяқ жағы Сырдарьяның сол жағалауында орналасқан, ал Көксарай оң жағалауда, әрі деңгейі одан көп төмен. Ал, Арыс-Түркістан массиві – Көксарайдан 50-60 шақырым жерде. Оның да орналасу деңгейі Көксарайдан анағұрлым жоғары. Сондықтан, екі мақталы алқапқа да Көксарайдың еш қатысы жоқ.

Шардара су қоймасы пайдалануға 1967 жылы берілген. Ал енді автордың көрсеткен 1966-1971 жылдарын талдап көрейік. Осы жылдары, Қызылорда облысының су шаруашылығы, Шардара қоймасының суын реттеген деп жазадымамандар. Қош дейік. Бірақ мамандар қандай да болмасын су қоймасын пайдалануға бермес бұрын, оның пайдалану ережесі жасақталып, бекітілетінін білуі тиіс. Су қоймаларының суы осы ережелерге сәйкес реттеледі. Оны жобалау институты жасап (Ташгидропроект), облыс су шарушылығы емес, министрлік бекітетінін де біледі.

Су мол болған жылы Шыназ гидробекетінен аққан су туралы (қай жылы және жылдың қай мезгілі екені белгісіз) деректеріне ешқандай уәж айта алмаймын, болса болған шығар. Ал 1969 жылы наурыздан бастап шілденің аяғына дейін 2000-нан 3500 текше метр, кейбір күндері 4000 текше метрден астам су түскені туралы нақты деректер бар. Осы аталған мерзімде Арнасайға 19 млрд. текше метр (кейбір деректер бойынша 23 млрд. текше метр), су тасталды. Оған 5 ай бойы секундына 1000-нан 2100 текше метрге дейін су кетіп жатты. Демек Арнасай ашылған жоқ емес, ашылды. Арнасай арнайы жасалған, Шардарамен бірге соғылған нысан, ол суы мол жылдардың артық суын қабылдауы үшін керек. Осы аралықта төменге, Сыр арнасына, секундына 1600 текше метрге дейін су тасталынып отырды.

70-ші жылдардың екінші жартысында Сырдарья бассейнінде барлық бес үлкен су қоймасы салынып бітті. Соңғы салынғаны және ең үлкені Тоқтоғұл су қоймасы еді. Оның көлемі 19,5 млрд. текше метр болды, және де көп жылдық режиммен жұмыс істеді. Негізінде барлық су қоймалары ирригациялық режимді қамтамасыз етіп отырды. Яғни, қыста су жиналып, жазда егістікке беріліп отырды. Осының салдарынан қыста бізге мардымды су түспеді, жазда барлық су егістікке бұрылып, тағы да сусыз отырдық. Жазда келген аз суымыздың өзі минералды тыңайтқыштармен, өсімдікті қорғайтын химиялық улы заттармен, жиын терін кезінде пайдаланылатын дефолианттармен «тыңайтылып» келіп жатты. Арал сусыз қалды, ел күйзеліске ұшырады.

Қазір, құдайға шүкір, бас-басымызға ел болдық, өз жағдайымызды өзіміз күйттеуге қолымыз жетті. Экономикамыз дамып, тұрмысымыз түзеліп келеді. Тіршіліктің барлық саласы жанданды десе де болады. Егемендік алған Қырғызстан Тоқтоғұлын энергетикалық режимге көшіріп, бізге қысты күнгі таза су түсе бастады. Енді сол таза суды сақтап, дұрыс пайдалану үшін Көксарайды салайық деп едік, көкпар басталды да кетті. Елдің барлығы ақыл айтып, анық мамандар сыртта қалды. Көксарайды салу техникалық мәселеден саясатқа айналып кетті. Осы іске Президент араласып, төрелік айтпағанда, әлі күнге дейін тартысып жатар ма едік, құдай біледі. Қазақпыз ғой, бәрін «жатып» істеуге құмармыз. Маман болмасақ та, жағдайды бүге-шігесіне дейін білмесек те, «келелі» пікір айтуға дайын тұрамыз. Кейбіреуіміздің ішкі есебіміз де жоқ емес.

Көксарай «көкпар» болып тартысып жатқанымызда «Көксарай су реттегішін салмайтын болсақ, Шардара су қоймасын жоғалтып аламыз» дегенім рас. Арнасайдың бар кезінде ондай қауіп жоқ еді. Ал қазір, Қырғызстанның Тоқтоғұл су қоймасы энергетикалық режиммен жұмыс істеп тұрған кезде және де Арнасайды өзбек ағайындар екі жерден бөгеп, оның су өткізгіш қабілетін секундына 2160 текше метрден 600 текше метрге дейін төмендетіп жіберген кезде, Шардараға қауіп төніп тұрғанын, өзін шын мәнісінде су маманымын дейтін азаматтар біліп отыр, түсінеді.

Мысал келтірейік, Шардара ирригациялық режимде жұмыс істейді, яғни жазды күні пайдалы көлемі түгелдей дерлік егін суаруға пайдаланылады да, қыс бойы су жиналады. Жыл сайын наурыздың аяғында жобалық көлемдегі су жиналуы тиіс. Міне осы уақытта, Шардара толып тұрған кезде, 1969 жылдың суы қайталанса, су Шардараның тоспасынан асып, оны бұзып, Шардара мен Аралға дейінгі барлық елді мекендерді басып калар еді. Үйткені, төмен қарай, Қызылқұм каналын қосып алғанда секундына 1800 текше метр, Арнасайға секундына 600 текше метр, барлығы 2400 текше метр ғана жібере аламыз. Дәл осы кезде, секундына 4000 текше метр су келіп жатса, 1600-і жинала бастайды. Ол дегеніңіз тәулігіне 120 млн. текше метр деген сөз. Мұндай жағдайда су тоспадан асып төгілуі үшін 12-15 күн жеткілікті. Секундына 6000 текше метр су келсе, күніне 225 млн. текше метр су жиналып, 7-8 күнде асып төгіледі.

2003 жыл, сәуірдің 19-20-лары. Шардарадағы судың көлемі 5,4 млрд. текше метрге жуық. 4-5 күннен кейін Қызылордаға су босататын кез. Күтпеген жерден секундына 2100-2600 текше метр су келіп оншақты күнге созылды. Төмен қарай секундына 800 текше метрге дейін су жібердік. Өзбекстанның Арнасайды бөгеп жатқан кезі. Соған қарамай, амалсыздан Арнасайды аштық. Судың арыны қоя ма, Өзбекстанның соғып жатқан су өткізгіш нысанын су бір түнде тас-талқанын шығарып өте шықты. Егер олар оның алдына қорғағыш бөгет салып үлгергенде, халымыз мүшкіл болар еді.

2004-ші жылдың қаңтарының бірінші бес күндігі. Судың көп келуіне байланысты Шардарадағы су көлемі 5 млрд. текше мтерге жақындап қалды. Төмен қарай 700 текше метр кетіп жатыр. Амалсыз Қызылқұм каналын да 100 текше метрге аштық. Арнасайды толығымен ашып қойдық. Бірақ, сол кезде Арнасайдың да толған кезі болатын. Соның өзінде 10-12 күнде 5,2 млрд. текше метрден асып кететін түріміз бар. Сондықтан Қырғызстан мен Өзбекстанға сұрау салып, олардың жауапты қызметкерлерін Шымкентке жинадық. Өте қиын келіссөздер жүрді. Әйтеуір хаттама қабылдадық. Әр тарап өзіндік міндеттемелер алды. Қырғыздарға мазут пен көмір беретін болдық. Өзбектер суды суармалы жерлеріне алатын болды. Бірақ, міндеттер ақпанның ортасына дейін орындалмады. Бұл кезде бізді құтқарған сапасыз салынған Арнасайдың оң жағасындағы дамбасы болды. Топырағы қабат-қабатымен нығыздалмай төбелердің аралығында салынған дамбалардың біреуін су жұлып кетіп, артық су солай қарай ауып кетті.

Міне осыларды көріп, біліп отырып, осындай қауіп барын неге айтпаймын. Шардараға қауіп төніп тұрғаны айдан анық. Бұл қате пікір емес. Құдай сақтансаң сақтаймын деген. Сақтанбаса болмайды, қашанғы көршілердің алдында жалтақтай береміз. Жыл сайын әке-көке деп жалынамыз. Кезі келгеннен кейін айтайын, жалпы су шаруашылығына дұрыстап көңіл бөлетін уақыт жетті. Біз барлық өзендердің төменгі ағысында отырмыз. Суымыздың жартысына жуығы көршілерден келеді. Жыл өткен сайын су саласындағы қарым-катынасымыз күрделеніп барады. Суды басқару, оны тиімді пайдалану мен қорғау саласында толыққанды кешенді саясат болуы керек.

Шардарада су тастайтын үш құрылым бар. Біріншісі су электр стансасы. Одан секундына 1600 текше метр су өтеді, қазір жөндеуден өткеннен кейін 1800 текше метрге дейін өсті. Екіншісі секундына 200 текше метр су алатын Қызылқұм каналының бас гимараты. Үшіншісі Арнасай апаттық су тастамасы. Жоба бойынша секундына 2160 текше метр су өткізе алады. Қазіргі кезде, Өзбекстанның байлап тастауына байланысты, су өткізу қабілеті секундына 600 текше метр. Ал 1070 текше метрлік құрылым туралы естігенім жоқ. [5]

Тоқтоғұлдан секундына 776 текше метр су құлады дейік. Ал жолдағы Сырдарьяға құятын Қарадарья, Ахангаран, Шыршық, Сох, Шахимардан және тағы басқа кіші-гірім өзендерді қайда қоямыз? Олардан секундына 700 текше метрден артық түспесе, кем түспейді. Соның салдарынан қыс бойы Шардараға 1500 текше метрдей су түсіп жатқан жоқ па? 700 текше метрін онсыз да төмен тастап отырмыз ғой. Одан қалғаны Шардараны 60 күнде толтырып Арнасайды ашуға мәжбүрлейді. Төмен қарай тастайық десек, сол 700-дің өзі Қызылорда облысында жыл сайын апаттық жағдай тудырып отыр. Бұл ретте Қызылқұм каналы да естен шықпайды. Оған да су жіберіп жатырмыз. Бірақ, түскен судың 60-70 пайызы қайтып Сырдарьяға түседі. Сырға жолдан тағы Арыс қосылып Кызылорданың жағдайы одан да қиындайды. Мақала жазғанда Елекең осыны неге ескермейді?

Бір миллиард текше метр суды Арнасайға аудару елге жасалған опасыздық, халыққа жасалған қастандық емес пе депсіз. Солай-ақ дейік. Жоғарыда айтып кеттім, көбінесе суды Арнасайға амалсыздан тастаймыз. Оған тастамау үшін, қыстың көзі қырау кезінде, секундына 1000 текше метрден астам суды төмен қарай жіберуімізге тура келеді. Ол деген Шардарадан төменгі отырған елді, Қызылорда қаласымен қоса, суға бастыру деген сөз. Ал Арнасайға су тастамасақ, төмен қарай суды көбейтпесек, Шардарадан айырыламыз. Бәрібір елді мекендер судың астында қалады. Сонда, сіздің ойыңызша, Сырдың бойын топан судың астында қалдыру елге опасыздық, халыққа жасалған қастандық емес екен ғой?

Бір миллиард су делік. Шындығына келсек, Арнасайға, 1991 жылдан бері, орта есеппен бір миллиард емес, жылына 3 миллиардқа дейін су тастаппыз. Рас, осы көлемдегі суды біз өз жерімізде ұстауымыз керек еді. Бірақ су жинайтын қоймамыз болмады. Қараөзек бар, бірақ ол Қызылордадан төмен орналасқан. Ол да 1,5 млрд судан артық ұстай алмайды, әрі оған берген судың жартысы Жосалыда Сырға қайта құйып, төменгі отырған елдерге қауіп төнгізеді. Тоғысқанның мүмкіндігіне тоқталып өттік. Екеуі де жоғары жақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды. Мұндай суды тек Көксарай ғана игере алады. Бұл жерде Тоғысқаныңыз жолда қалады, ол мәселені шешпейді.

Мұздың қатуы, мұзқұрсау қалыптасуы және сеңнің өту сипаттамасы өзеннің географиялық орналасуына, судың ағу бағытына, ағыстың тереңдігіне, су мен ауаның температурасына және тағы басқа факторларға байланысты. Сондықтан, сең жүрген кезде қандай техникалық саясат ұстану керектігі барлық факторларды ескере отырып жүргізіледі.

Көксарай:

Қазір Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облысы халқының бойын үрей билеп тұр. Су тасқыны қаупі асқынып тұрғандықтан, Сырдария маңынан елді мекендер көшіріле бастады.

Қыс айлары жыл сайын ерекше қытымыр болып келеді. Сондықтан дарияда мұз қалың. Сырдария өзенінің арнасы Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттерінің аумағы арқылы өтеді. Өзен арнасы өтетін көрші елдерде де қыс биыл қаһарында. Қазіргі кезде Шардара су қоймасына жоғарыдан су көп келуде. Сондықтан да артық суды қоймадан Қызылқұм каналына, Арнасай арқылы Өзбекстанғаағызыпжатыр.

Сырдария өзені Одақ кезінде ирригациялық немесе суармалы жерлерге су беру режимінде жұмыс істеді. Күз, қыс айларында суды Тоқтағұл, Қайраққұм, Шардара, тағы басқа су қоймаларына жинақтап, көктем, жаз айларында суармалы жерлерді суару үшін пайдаланатын. Басқа уақытта Сырдариядан халық шаруашылығына керекті мөлшерде ғана су жіберілетін. Құрғақшылық жылдары су қоймаларында жиналған су егін суаруға жетпей жататын кездер де болды. Қазір Одақ тарап, әр республика өз алдына дербес мемлекет болды. Әр мемлекеттің өз есебі, мүддесі бар. Мәселен, Сырдария өзені бастау алатын ең үлкен Тоқтағұл су қоймасы – Қырғызстанның негізгі байлығы, бюджетінің кіріс көзі. Сондықтан олар өзен суын қыс айларында, электр энергиясының ең тапшы және керек кезінде энергияға айналдырып, қымбат бағамен сатады. Тоқтағұл ГЭС-інен суды неғұрлым көп тастаса, энергия көп өндіріледі, бюджетке қаржы көп түседі. Ал оның зиянды салдары Сырдария өзенінің төменгі арнасында отырған бізге тиеді. Бұл мәселені түпкілікті және тиімді шешудің негізгі жолы осыдан 10 жыл бұрын Елбасымыз Н.Назарбаев ұсынған Орталық Азия су энергетика консорциумын құру еді. Орталық Азияда су көздері тапшы. Сол аз суды тиімді пайдаланудың бірден-бір жолы оны Одақ кезіндегідей ирригациялық режимде, яғни Сырдария өзені ағысында орналасқан мемлекеттердің ортақ мүддесі үшін суармалы жерлерді суаруға пайдалану. Ал өзен суын қыста энергия ретінде өз бюджетіне қаржы тауып отырған мемлекетке мазут, көмір, тағы басқа энергия көздерімен көмектесіп, мемлекетаралық келіссөздер арқылы шешу. Міне, консорциум құрудың мақсаты – осы. Алайда «Кісідегінің кілті аспанда» дегендей, бұл мәселе бүгінге дейін шешілмей келеді. Тек өзеннің төменгі ағысында су тасқын қаупі басталғанда қырғыздарға көмір, мазут беріп, су көлемін азайтуды өтінеміз. Биылдың өзінде қырғыздар 5 мың тонна мазут, қосымша көмір, электр энергиясын беріңдер деп отыр. Қызылордалықтардың мүддесі үшін Қазақстан Үкіметі қырғыздардың бұл талаптарына келіскен сияқты. Шардара су қоймасына жоғарыдан келген су көлемі көп болғандықтан өзімізге ауадай керек суды өзбектерге жалынып, Арнасайға жіберуді сұранып отырмыз. Парадокс, елімізде су жетіспейді, су біз үшін алтынмен тең. Ертең көктем шыға Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының диқандары су жетіспеуінен егін егу көлемін азайтады, өнімді аз алады. Ал судың жетіспеуінен құрғап бара жатқан Аралымыздың жағдайы анау. Соған қарамастан жыл сайын 2-2,5 миллиард текше метр суды өзбектерге жалынып Арнасайға жібереміз. Оның үстіне биылғыдай Сырдария өзені бассейнінде қар қалың жауып, ылғал мол болған жылдары дарияға Арыс, Келес өзендерінен ерекше көп су қосылып, жағдайды

одан әрі қиындатып жіберуі мүмкін.

Жылда қайталанатын осы тығырықтан шығудың амалы қайсы? Бұл жағдайда не істеу керек?

Сырдария өзенінің бойында Шардара су қоймасынан 200-300 шақырым төмен Көксарай су қоймасын немесе Көксарай су реттегішін салу мәселесін шешетін уақыт жетті. Бұл жөнінде су мамандары, ғалымдар, экологтар пікірі бір арнада. Кезінде Үкіметтің қаулысы да шыққан. Бірақ қызылордалықтардың араласуымен Сырдария өзенінің арнасы мен Арал теңізін реттейтін жобаны сылтау етіп, су қоймасының құрылысы әлі басталған жоқ.

Көксарай су қоймасы дарияның Отырар ауданы көлемінде салынуы тиіс. Су қоймасы Шардараға сыймай, Өзбекстанға кетіп жатқан суды және Оңтүстік Қазақстан облысы мен Қызылорда облысының елді мекендеріне қауіп төндіретін артық суды уақытша ұстап, керек кезінде дарияға жіберіп тұратын су реттегіш есебінде болады. Егер Көксарай су қоймасының көлемі 3,0 миллиард текше метр болса, жай есеп мынаны көрсетеді: Шардара су қоймасынан дарияның төменгі ағысына қазір секундына 700 текше метр су жіберіліп, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Қызылорда облысының елді мекендеріне қауіп төндіріп тұр. Осы суды секундына 550-600 текше метрге түсірсек, қауіп сейіледі дейді мамандар. Көксарай су қоймасы салынған жағдайда елді мекендерге қауіп төндіріп тұрған артық суды ақпан-наурыз айларында Көксарай қоймасына жинап және Арнасайға кетіп жатқан 2,0 миллиард текше метр суды қабылдап алса, барлық су мөлшері 2 миллиард 516 миллион текше метр болады екен. Дарияның ағысы қалыпты жағдайға түскен кезде Көксарайдан су Қызылордаға қарай су комитетінің бақылауымен жіберіліп тұрады.

Мәселенің түпкілікті шешілуіне Елбасымыздың саяси шешімі керек еді. Ол үстіміздегі жылы 14 ақпанда болған Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Көксарай су қоймасын салу туралы шешімін кесіп айтты. Енді Үкімет Елбасы тапсырмасын орындау үшін неғұрлым тез қимылдаса, Сырдарияға байланысты проблемалар соғұрлым тез шешіледі.

Бөген бөгені. Суармалы егіннің шығымдылығын арттыру мақсатында салынған жасанды су айдындарының бірі – Бөген су қоймасы. Бөген су қоймасы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс және Бөген өзендерінің суын тиімді пайдалану мақсатында 1960 жылы салынады. Ұзындығы 10-12 км, ені 5 км, ауданы 63,5 шаршы км, пайдаланатын суынын көлемі 370-440 миллион текше метр. Республикамыздағы ірі су жүйелерінің бірі – Арыс-Түркістан каналы суды осы Бөген су қоймасынан алады.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс-Түркістан каналының жалпы ұзындығы 200 километр. Канал Арыс және Түркістан тармақтарынан тұрады. Арыс тармағы Арыс өзеніндегі Қараспан бөгенінен басталып Бөген су қоймасымен аяқталады. Ұзындығы 60 километр, секундына м3 су өткізеді.

Түркістан каналы Бөген су қоймасынан басталып Шорнақ ауылының тұсына дейін барады. Ұзындығы 140 километр. Арыс-Түркістан каналымен Түркістан, Бөген, Қызылқұм аудандарының 70 мың гектар егістігін суарады. Канал бойында су реттеуші қондырғылар, су жинағыш тораб бар. Канал облыстың мақта егетін өңірлерін сумен қамтамасыз етеді. 1961 жылы Арыс-Түркістан каналы пайдалануға берілгеннен кейін су шығыны 31 м3/сек дейін төмендеді. Өзен суы тығыз, минералдылығы 1г/л-ге дейін. Қырғызстан республикасы мен Жамбыл облысы аймағында өзен ағысын реттеу мақсатында бірнеше бөгет салу құрлысы салдарынан ОҚО-на әр жыл сайын су аз мөлшерде келуде. Ол өз кезегінде пайдаланылатын жерлер мен бақша өнімдерінің суғарылуын қысқартады. Айтып өткен өзендерден басқа Қаратау жотасы баурайына бірнеше су көздері ағады. Жиделі, Бесорық, Ермексу, Қорашық, Арыстанды, Шаян, Бөген және т.б. Таудың шыға берісінде, төбенің борпылдақ шөгінділерінде, өзеннің ағып шығу ағысы едәуір көлемін жоғалтады (50-60%), ал жазықтыққа келетін қалған бөлігі табиғи пішен шабу үшін жайылмалы суғаруға таралады. Кейбір өзендердің тасқын сулары да су қоймаларымен реттеледі. Мысалыға, Бөген, Бадам және басқа бөгеттер сияқты./2/

Оңтүстік Қазақстан облысында мұнымен қатар 1939 жылы Бөген және Шаян өзендерін қосатын Бөген-Шаян каналы салынған. Каналдың ұзындығы 24 километр. Орташа су шығыны 1,5 м3/секундына. Бәйдібек ауданының 7 мың нектар егістік жерін, 10 мың гектар шабындығын суғарады.

Облысымыздағы аса ірі жер суару жүйелерінің бірі – Георгиевка каналы. Каналдың құрылысы 1931 жылы басталып , 1934 жылы пайдалануға берілді. Канал 4,2 километрден кейін оң және сол тармақтарға бөлінеді. Ұзындығы 40,5 километр және 48,7 километр, су шығындары алдыңғыға сәйкес 7,92 м3/секундына. Каналмен 20мың гектардан астам жер суарылады.

Достық каналы – Мақтаарал ауданы жерімен ағып өтеді. Қазақстандағы маңызды құрылыстарының бірі. Мырзашөл өңірін игеру мақсатында Сырдария өзенінің су қорына негізделіп салынған. 1901 жылы «Солтүстік» канал құрылысы басталып, 1913 жылы қазан айында канал бойымен су жүргізілді. 1914 жылы «Романов» каналы болып өзгертіліп, 84 км ұзартылды. 1926 жылы Орта Азия ауыл шаруашылық еңбекерлерінің съезінде «Мырзашөлді игеру бағдарламасы» қабылданып, Қазақстандағы 326 мың гектар бөлімін суландырып, мақта алабын ұлғайту жедел қарқынмен жүрді. Канал көптеген ұсақ тармақтарға бөлініп, бойында мақта ұжымшарлары ұйымдастырылды. 1928 жылы Мырзашөл өңірінде Иіржар (Мақтаарал) ауданы құрылды. 1938 жылы канал С.М. Киров атындағы магистралды канал деп аталды. 1943 жылы батыс, 1949 жылы солтүстік, 1956 жылы Орталық су жүйелері іске қосылды. 1959 жылы – 1961 жылык-34 қызылқұм, к-25 Арнасай тармақтары толығымен салынып бітті. Каналдың іске қосылуы Сырзашөл өңірін ең ірі мақта өсіретін ауданға айналдырды. 2003 қазан айында каналдың іске қосылуына 90жыл толды.

Қызылқұм суару жүйесі. - Шардара ауданы ауданы жерінде. Сырдария өзенІ мен Шардара даласының батысында, Қызылқүм шөлІ аралығында орналасқан. 1967 жылы іске косылған. Басын Шардара бөгенінен алып солтүстіке қарай бүрылып Сүткент тұсында батыс Сырдарияға қосылады. Суы реттеуіші жүйелер арқылы ағызылған. Қызылқұм суару жүйесі бас каналдан (ұз.97,2км), су реттеуіші автоматтандырылған басқарудан түрады. Жүйе алабында күріш, мақта өсіріледі.

Дарбаза су құбыры — Сарыағаш, Қазығүрт аудандары жерінде, Сырдарияның бір саласы келес өзен алабындағы жер асты суы қорына негізделген су қүбыры. Елді мекндерді ауыз суменқамтамасыз ету мақсатында 1975 ж. салынды. Шатқал жотасының Шардара даласына ұласатын етегіндегі абай бүлағьшан басталады да солтүстіктегі Дарбаза алабына дейін 174 км-ге созылады. Бастауындағы су шығымы 9300 м"/с. Сорғы стансаларьшың торабы Абай ауылында орналасқан. Қүбыр 14 елді мекенге ауыз су таратады жэне 63,5 мың гектар жайылымдыкты суландырады.

Үлкен Келес каналы- Қазақстан мен Өзбекстанның бірлесіп жүзеге асырған су жүйесі. 1979 жылы құрылысы басталып, 1984 жылы алғашқы бөлігі пайдалануға берілді. Жалпы ұзындығы 96 шақырымға созылған. 1988 жылы құрылыс аяқталып толық пайдалануға берілді. Оның 40 шақырымы Қазығұрт ауданында, 25 шақырымы Сарыағаш ауданында, 37 шақырымы Өзбекстанның территориясында. Су көзі Бостандық ауданындағы Шарбақ су қоймасы. Канал секундына 52 текше метрге дейін су өткізуге жобаланса, іс жүзінде 35 текше метр су алынады. Мұнда 16 су бөлгіш каналдар мен латоктар, жер асты су құбырлары бар. Осы су жүйелері арқылы Қазығұрт ауданында 9294 га жер суғарылады. Үлкен келес каналына «Оңтүстік су шаруашылығы » республикалық мемлекеттік кәсіпорыныың «Захкелес» филиалы иелік етсе, ондағы су бөлгіш каналдар мен жабық су жүйелеріне осы кәсіпорынның «Қазығұрт» филиалы басшылық жасайды. Газалкент магистралінің бір бөлігі болып табылады [29,30].

Су қоймалардың әсерінен қоршаған ортаның ластану жағдайы. 2007 жылдың 9 айындағы қоршаған ортаның ластану жағдайы

І. 2007 жылдың 9 айындағы Шымкент қаласының атмосфералық ауасының сапасы

Атмосфералық ауаның ластану жағдайы 4 тұрақ бойынша бағаланады. Негізгі көрсеткіш ретінде елді мекен ауасындағы ластауыш заттардың шекті рауалы концентрациясының мәні болып табылады.

Шаңның орташа концентрациясы 1,3 шекті рауалы концентрацияны, формальдегидтікі 4,7 шекті рауалы концентрацияны, азот қостотығы 1,3 шекті рауалы концентрацияны құрады. Формальдегидтің наурыз айындағы максималды бірлік концентрациясы 0,075 мг/м3 (Ордабасы алаңындағы №2 ластауды бақылау тұрағында 2,1 ШРК), азот қостотығыныкі 0,25 мг/м3 (цемпоселок ауданындағы №3 ластауды бақылау тұрағында 2,9 ШРК), көміртегі тотығыныкі 15 мг/м3 (цемпоселок ауданындағы №3 ластауды бақылау тұрағында 3,0 ШРК) және аммиактікі 0,23 мг/м3 (1,3 ШРК).

Ауа жағдайы былтырғы жылмен салыстырғанда төмендеген. Балдық ластану анықталмаған.

II. 2007 жылдың 9 айында ОҚО ЦГМ шаруашылығы аумағындағы құрлықтың жер үсті суларының сапасының жағдайы

Сырдария өзенінің бассейні

Сырдария өзені суының химиялық құрамының сипаттамасы 13 гидропост мәліметтері бойынша жүзеге асырылды. Негізгі ластауыш заттарға сульфаттар, нитриттер, мыс және магний жатады. Олардың максималды мәні сульфаттар бойынша - 12,3 есе, нитриттар бойынша - 3,0 есе, мыс бойынша - 7,0 есе және магний бойынша - 2,9 есе нормадан жоғары. Судың ластану индексі (ИЗВ) - 1,74 және 3 сынып, қалыпты ластанған.

Сырдария өзені:

Сырдария өзені суының химиялық құрамының сипаттамасы Сырдария өзені бассейнінде орналасқан гидропост мәліметтері бойынша жүзеге асырылды. Жоғарыда аталған гидропосттарда өткізілген химиялық анализдер нәтижелері бойынша судың ластану дәрежесін келесі түрде сипаттауға болады: ластауыш заттарға сульфаттар, нитриттер, мыс және магний жатады. Сульфаттардың максималды құрамы нормадан 10,2 есе, нитриттер 3,0 есе, мыс 6 есе және магний 2,6 есе жоғары. Қалған ластауыш қосылыстар шекті нормада. Сырдария өзенінің ластану индексі - 2.00, яғни 3 сыныпты, қалыпты ластанған.

Келес өзені:

Өзен жағдайы 2 гидропост бойынша бағаланады (Келес арнасы, Қазығұрт гидропосттары).

Негізгі ластауыш заттарға сульфаттар, нитриттер, мыс және магний жатады.

Максималдық мәні бойынша сульфаттар нормадан 12,3 есе жоғары, магний - 2,9 есе, нитриттер - 2,4 есе, мыс - 4 есе. Қалған ластауыш қосылыстар шекті нормада. Судың ластану индексі - 2,39, қалыпты ластанған, 4-ші сыныпты уыттылықты құрайды.

Бадам өзені:

Өзен жағдайы 2 гидропост мәліметтері бойынша (Шымкент қаласы, Қараспан ауылы) келесі түрде сипатталады: негізгі ластауыш заттарға сульфаттар, нитриттер, мыс және магний жатады. Максималдық мәні бойынша сульфаттар 365 мг/л (3,7 шекті рауалы концентрация (ШРК), мыс 0,007 мг/л (7 шекті рауалы концентрация), нитриттер 0,056 мг/л (2,8 ШРК) және магний 51,1 мг/л (1,3 шекті рауалы концентрация). Қалған қосылыстар шекті нормада.

Судың ластану индексі - 1,61, яғни, қалыпты ластанған, 3-ші сыныпты уыттылықты құрайды.

Шардара су қоймасы:

Суқойма суы сульфаттармен, нитриттармен, мыс және магниймен ластанған. Максималдық құрамы бойынша мыс 4 есе, сульфаттар 5,8 есе, нитриттер 1,9 есе және магний 1,1 есе нормадан жоғары.

Судың ластану индексі - 1,93, 3 сыныпты уыттылықты құрайды, яғни қалыпты ластанған.

Бөген және Қатта-Бөген өзендері.

Бөген және Қатта-Бөген өзендерінің сулары таза болып саналады. Судың химиялық құрамы шекті нормадан аспайды.

Судың ластану индексі Бөген өзені бойынша - 0,52, ал Қатта-Бөген өзені бойынша - 0,43, яғни 2-сыныпты, таза.

2007 жылдың 9 айында сульфаттар бойынша 8 ластану тіркелген (7 рет Келес гидропостында және 1 рет Қаратерең г/п).

Қоршаған ортаны қорғау және табиғат қорғау заңнамасының сақталуы саласында

экологиялық бақылау

- Барлық тексерілген табиғат пайдаланушылар - 487;

- Тексеру нәтижесі бойынша жазылған актілер - 487;

- Анықталған заң бұзушылықтар - 369;

- Заң бұзушылықты жоюға ескерту - 388;

- Барлық құқыққолданушылықтар, оның ішінде:

- Әкімшілік, оның ішінде:

- Ескерту - 57;

- Айыппұлдар, барлығы/мың теңге - 299/11031,37;

- азаматтық, оның ішінде:

- Шығынды қайтаруға шағым-талап, барлығы/мың теңге - 36/38359,25;

- Шығынды қайтаруға талап, барлығы/мың теңге - 2/24847,28;

- Шаруашылық әрекетін тоқтатуға талап, - 40.hello_html_648175e3.gif

Қошқар ата өзені

Шымкенттің қақ ортасын жарып Қошқар ата өзені ағып жатыр. Қошқар ата заманында әулиелік деңгейге жеткен адам болған деседі. Сондықтан вокзал етегінен бұрқырап шығып жатқан осы өзенді қаланың көпшілігі әулие су көреді.

Бастауындағы суы қыста да, жазда да алып тоңазытқыштан енді құйып алғандай мұздай-ау. Табаныңды салсаң тоқпен ұрғандай шекеңнен бір-ақ шығады. Бірақ, дертіне дәрігерден шипа таппаған адамдардың түсіп жатқанын ұдайы көруге болады. Қалаға әбден ағып барғаннан кейін табаға салып қуырған күн қызуынан беті қайтып сәл жылиды. Қошқар ата бұлағы жұртқа осындай қуаныш сыйлап жатқанымен оның қадірін бәрі бірдей біле бермейді.

Қорлықты тартатын Қошқар ата өзені. Жабайы моншалардан аққан сарқынды суды тұншыға сіміреді.

Өзен жағалай отырған жұртта канализация жүйесі жоқ. Мал сойса да қан-жынын өзенге төгеді. Күл-қоқыс екі бастан. Үлкен базардан келіп малдың ішек-қарнын осында аршып алатындар бар. Соның бәріне Қошқар ата амалсыз көніп, ішінен тынып ағар еді. Бұл аймақ Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданына қарасты. Әкімдік адамдары арнаулы полицияны қатыстыра рейд ұйымдастырып тұрғанымен айыппұл салудан әріге бара алмайтын.

Жақында Қошқар ата жағалауында өткен жиынға қатыстық. Қала әкімі жағалаудағы тұрғындармен кездесті. Бұрын қоқыр-соқыр басып жататын жағалау қыздың жиған жүгіндей. Өзбекстаннан келген инвестор Умида ханум Валиджанова мұнда демалыс аймағының құрылысын жүргізіп жатыр. Өз қаржысына. Жазғы балалар лагері тұрғызылуда. Ересектерге және балаларға арналған бассейндер пайдалануға берілмек. Бүлдіршіндерге арналған карусельдер орнатпақшы. Көшеттер егіліп жатыр.

Жер беті ағыны облыс территориясы бойынша біркелкі таралмаған. Көпшілігі орталық және оңтүстік бөлігімен ағады. Ірі өзендер – Сырдария. Салалары: Келес, Құркелес, Арыс, Бөген және Шу өзені. Төменгіағысы тартылып қалады. Сырдария мен Келес салаларында Шардара бөгені орналасқан.

Сырдария өзені – Сырдария өзеніне барып құяды. Қазір ол шамада жоқ. Сырдария өзенінің ұзындығы – 2190 шақырым. Бұл өзен Нарын мен Қарадария өзендерінен басталады.

Арыс өзені – Сырдария өзенінің оң жақ саласы болып табылады. Өзенннің ұзындығы 322 шықырым. Арыс өзені алғкашқыда Қолбастау өзенінен бастау алған. Осы жерлерде бұлақтар көп. Алатау мен Қаратаудан ағып шығатын осы бұлақтар Арыс өзенін құрайды. Өзеннің суы көп айы наурыз, сәуір, аз айлары қазан, ақпан.

Ақсу өзені – Арыс өзенінің ең ірі саласы. Мұның бассейні Талас Алатауының батыс бөлігінде орналасқан. Ауданы 750 шақырым, ұзындығы 120 шақырым.

Бадам өзені – Арыс өзенінің ең ірі сол жақ саласы. Мұның бассейні Бадам тауының солтүстік, солтүстік-батысында, Талас Алатауының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Бассейннің ауданы – 4300 шақырым, ұзындығы – 137 шақырым.

Боралдай өзені – Арыс өзенінің оң жақтағы ірі саласы. Бассейні Қаратау жотасының оң жақ бөлігінде орналасқан. Ауданы 800 шақырым, ұзындығы 130 шақырым. Боралдай өзені кіші Боралдай, үлкен Боралдай өзендерінің қосылуымен құралады. Негізінен қар суымен қоректенеді. Арыс өзені өзінің барлық салаларымен Оңтүстік Қазақстан облысының мақта шаруашылығына пайдаланылады.

Арыс өзені бассейнінде тек қана мақта емес, сонымен қатар басқа да дақылдар егіледі. Арыс өзенінің салаларынан коналдар тартылған. Арыс өзенінің шығысы 69 м\сек.

Оңтүстік Қазақстан облысының көлдері – Ақжайық, Ақжар, Қандыкөл тағы да басқалар. Оңтүстік Қазақстан облысы көлдерге бай емес. Олар негізінен солтүстік аймақта орналасқан.Сырдария өзендерінің аңғарлары мен Шу өзенінің төменгі аңғарында құралған. Олар өте тұзды және саяз болып келеді. Жазықты аймақтарда артезиан сулары кездеседі. Ол сулардан минералды сулар да бар. Оларға Сарыағаш, Қапланбек минералды су көзерін жатқызуға болады. Оңтүстік қазақстан облысы аймағындағы негізгі жоғарғы су көздері болып: Сырдария, Келес, Бадам, Арыс, Бөген, Сайрамсу өзендері табылады. Өзендер бассейні үш алқапта орналасқан: таулы, тау алдындағы және жазықтықта. Өзендердің бастау алу жағдайлары аралас: жер асты, қар, жаңбыр. Кектемгі жауын мен қарлардың еруі, кей кезде негізгі көктем су тасқынына алып келеді. Барлығы облыс: ағында 118 кіші өзен, (ұзындығы 10 км-ден 200 км-ге дейін) 28 су қоймасы және 25 көл бар деп есептеледі.

Негізгі жер асты және жер усті суларын ластаушы кәсіпорындар:

- түсті металлургиялық;

- мұнайхимиялық;

- химиялық;

- жеңіл және тамақ өндірісі т.б

Негізгі ластаушы заттар:

- азоттың органикалық емес формасы;

- сульфаттар;

- мүнай өнімдері;

- фосфаттар т.б

Сырдария өзені облыстың ең үлкен өзені. Жоғарғы ағысында Сырдария өзені Қырғызыстан, Тәжікістан, Өзбекстан территорияларымен ағып, онда өзен суы өндіріс, ауыл шаруашылығы, тұрғындар қажеттілігіне пайдаланылады және олардың ағын суларын қабылдайды. Өзен Өзбекстан Республикасынан ластанған күйде ағып келеді. Оңтүстік Қазақстан облысы территориясында Сырдария өзенінің 2 саласын - Келес, Арыс өзендері және мақтамен күріш алқаптарының коллекторлы- сусіңгіш сулары қабылдайды. Төменгі ағысында Келес, Сырдария өзендері Шардара су қоймасымен реттелінген.

Сырдария өзенінің химиялық қүрамы 6 гидробекеттің беретін көрсеткіштерімен сипатталады:

- қаратерең г/б;

- Қазалы;

- Қызыл-орда қаласы;

- Төмен-Арық;

- Көкбүлақ /Өзбекстан Республикасымен шекаралас бекет/;

- Шардара г/б.

Негізгі ластаушы заттар:

- сульфаттар

- нитриттер

- мыс

- магний

Сульфаттың максималды құрамы қалыпты мөлшерден 7,4 есе асқан, нитрит 2,7 ПДК, мыс 7,0 ПДК, магний 2 ПДК. Сырдария өзенінің ластану индексі -1,93-ке тең, бүл орташа –ластанған 3 класқа жатады.

Өткен жылдың осыған ұқсас кезеңінде негізгі ластаушы заттар келесілер еді:

- сульфаттар

- нитриттер

- мыс

- мырыш

Сульфаттардың орташа құрамы 504 мг/л (5 ПДК), нитриттер 0,033 г/л (2 ПДК), мыстар 0,002 мг/л (2 ПДК). Жоғарыда аталған бекеттердің ластану индексі 0,59 – 2,78 -ді құрады. Нитриттердің максималдықүрамы қалыпты мөлшерден 4,4 есе, мыс 5 есе, сульфаттар р/,3 ПДК есе асқан. Сырдария өзенінің ластану индексі -1,75-ке тең, бұл орташа-ластанған 3 классқа жатады.

2002-2003жылдарға Сырдария өзенінің беткі суларының сапасы.

Келес өзені Сырдария өзенінің тармағы болып, қаржантау тауларының бүлақтарынан бастау алады. Негізінен ауыл шаруашылығы егістік алқаптарын суару үшін пайдаланылады.

Келес өзеніне суарылған алқаптардан қайтқан 7 коллектордан су құйылады.

Көксу өзені суының химиялық құрамы 2 гидробекеттің беретін мәліметтерімен сипатталады:

- Балпық- г/б

- ст.Көксу г/б Негізгі ластаушы заттар келесілер:

- сульфаттар

- нитриттер


- магний

- мыс

Сульфаттың максималды құрамы қалыпты мөлшерден 12,6 ПДК (1258 мг/л) есе артқан, мыс 11 ПДК, магний 2,4 ПДК. Өзенінің ластану индексі -3,33-ке тең, бұл -ластанған, 4 класқа жатады.

Өткен жылдың осыған ұқсас кезеңінде негізгі ластаушы заттар келесілер еді:

- сульфаттар

- нитриттер

- мыс

- мырыш

Сульфаттардың орташа құрамы қалыпты мөлшерден 7,3 есе артқан (732г/л), нитриттер 1,5 ПДК, мыстар 5 ПДК, мырыш 1,8 ПДК. 1 тоқсада Келес-устье гидробекетінде жоғары ластану анықталған. Жоғарыда аталған гидробекетте сульфат құрамы 1354 мг/м3 құрады, яғни қалыпты мөлшерден 13,5 есе артық. Өзенінің ластану индексі -2,78-ке тең, бұл -ластанған, 4 класқа жатады.

Бадам өзені

Оңтүстік Қазақстан облысының орталық аймағында орналасқан Шұбарсу, Ақсу, Піскем,

Өгем және Келес өзендерінің бассейндерімен шекараласады. Бассейіні үш аймақта орналасқан: таулы, тау алдындағы және жазықтық. Су жинақталудың жалпы алаңы 4380 шаршы км, ұзындығы 145 км.

Ақешкі,өзен суының негізгі гидрохимиялық көрсеткіштеріне оның тығыз қоныстанған аудан арқылы өтетіндігі әсер етеді.

Өзеннің ластану деңгейі екі гидробекет суларының химиялық анализ нәтижелері бойынша

анықталған:

- Ақешкі ауылы

- Көлтабан ауылы

Негізгі ластаушы заттар келесілер:

- сульфаттар

- магний

- мыс

- нитриттер

Сульфаттың максималды құрамы 355 мг/л (3,6ПДК), мыс 0,010 мг/л (10 ПДК), нитрит

0,030 мг/л (1,5 ПДК). Өзенінің ластану индексі -1,67-ке тең, бұл-орташа ластанған, 3 класқа жатады.

Өткен жылы негізгі ластаушы заттар келесілер еді:

- сульфаттар

- нитриттер

- мыс

- мырыш

Сульфаттардың орташа құрамы 301 мг/л болып тіркелген яғни , қалыпты мөлшерден 3 ПДК, мыс 6 есе артық. Судың ластану индексі 2,13 тең, бұл -орташа ластанған, 3 класқа жатады.

Кіші өзендерді қорғау жүмыстарындағы ең басты бағыттардың бірі сол өзендерде су қорғау аймақтарын, су қоймаларын жасау болып табылады. Облыста қорғауға жататын кіші өзендер тізімі бекітілген. 10 кіші өзен (Ақсу, Сайрам-су, Бадам, Бөген, Келес, Боралдай,

Қарашық, Құркелес, Құлан, Келте-Машат) суларын қорғау схемасын жасау аяқталды.

Алайда қаржы тапшылығына байланысты басқа да өзендер бойынша осыған ұқсас жобалық жұмыстар тоқтатылған («Южводпроект» институты РГП «Югводхоз»).

Тазалағыш құрылыстар. Облыс бойынша 49 тазалағыш құрылыс есепке алынған. 29 на ПДС жасалып шығарылған.

Су обьектілеріне 30 шығыс бар, оның ішінде 19-КДС. Қазіргі таңда тазалағыш құрылыстардың көп бөлігі өндірістің тоқтап қалуына байланысты жұмыс істемейді. Оның ішінде 10-ы тау

Облыстық орталық қуаты 197 мың м3/тәулік тазалағыш құрылысқа Нақты ауыртпалық 100 мың м3/тәулік болып отырған бұл қүрылыс ТОО «Водные ресурсы - маркетинг» балансында. Сыйымдылығы - 25 І.м.куб. Жіберілетін сулар - аралас: коммуналдық-тұрмыстық және өндірістік. Тазалаудан кейін су Бөржар жинақтаушысына жіберіледі.

Қазіргі кезде Мырғалымсай шығанағын су алғаннан кейін су объектілерінің мониторингі жүргізілуде.

Басқарма Оңтүстік Қазақстан гидрометеорология орталығымен бірге су басқаннан бастап «Мырғалымсай шығанағын су басу кезіндегі су обьектілерінің; мониторингін жүргізу жоспарының кестесіне» сәйкес жұмыстар; жүргізілуде. Сараптау нәтижелері МООС – қа беріледі.

Шахта суларымен жердің жоғарғы қабатының жылжу жағдайына өндірістік

мониторинг сүргізу мақсатында РГП «Кентауликвидрудник» :

- әр ай сайын «Центральная» (Клетьевая) шахтасындағы су асты суларына сынақ жүргізеді;

- су асты сулары деңгейінің қайта қалпына келуін екі апта сайын өлшейді;

- қарағанды қаласындағы қазұМЗИ (маркшейдерлік зерттеулер институты) Мырғалымсай кенішінің таулы бұрылыстарындағы жердің жоғары қабатының жылжуына бақылау жасайды.Өлшеу екі айда бір рет жүргізіледі.

ҚР МОН-ның гидрогеология жэне гидрофизика институтымен «13 көкжиектен жоғарыда Мырғалымсай кенішін су басу процесі кезінде су: асты суларының сапасына өндірістік мониторинг жүргізудің бағдарламасы» жасалып, қазіргі таңда осы бойынша жұмыстаржүргізіледі.

31.03.2003 жылғы жағдай бойынша Кентау қаласындағы Мырғалымсай кенішін су бастыру жоспарлы режиммен жалғасуда. Су басқан аймақты жоғары жер қабатында өзгерістер анықталған жоқ.

28.03.2003 жыл шахтадағы су деңгейінің абсалютті белгісі +326,88 м., 13 горизонт рельс басынан 180,03 метр биік. Су деңгейі бір тәулікте орта есеппен 3,45 метрге жоғарылайды. РГП «Кентауликвидрудник» су деңгейін өлшеуді аптасына ек-і рет жүргізеді.


2.2 Су қоймаларды тиімді пайдалану

Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары еліміз үшін өткір проблемалрдың бірі су қоймаларды суын тиімді пайдалану және оның экологиялык қауіпсіздігі мәселелеріне қоғамның назарын үнемі аудартып келеді. Әсіресе қызу талқылаулар Шардара су қоймаларды төңірегінде өрбуде. Шардара су қоймасының проблемасы сан - салалы және мұнда халықаралық тәжірибедегі апелляция мен тарихи шолусыз шешу мүмкін емес. Оны тек таза шаруашылықтық немесе экологиялық тұрғыдан қарауға болмайды. Керісінше, бұл мәселенің күрделі экономикалық, саяси, гуманитарлық және табиғатты қорғау сияқты аспектілері бар. Қазақстан үшін бұл Шардара су қоймасының пайдалану мәселесін шешумен аяқталмайды. Сонымен қатар, Сырдария өзенінің су ресурстарын тиімді басқарудың механизмін құру да күн тәртібіндегі тез арада шешімін табуы тиіс мәселенің бірі болып отыр./6/

Мамандардың айтуынша Қазақстан - Еуроазиялық континенттегі ең суға тапшы елдердің бірі болып табылады. Сумен қамтамасыз етілуі жағынан ол ТМД мемелекетерінің ішінде ең соңғы орында. Қалыптасқан жағдайды шиеленістіретін тағы бір мәселе- Қазақстанның ағынды су ресурстарының 56,3 км ғана республика территориясында құралса, қалған 44,9 км3 көршілес жатқан мемлекеттердің аумағынан ағып келеді. Мұның ішінде 23,6 км Қытайдан, оның 12,5 куб км Іле өзенінен, 9,8 куб км Ертіс өзенінен келіп құяды. Ал қалған бөлігі Хоргос, Еміл, Шағантоғай, және Тасты сияқты өзендердің үлесіне тиеді. Жер беті суларының 31 % республика территориясы арқылы көрші мемлекеттер аумағына қарай өтеді.

Соңғы он бес жылда Қазақстанның жер беті суларының табиғи көлемі жылдан - жылға азаюуы байқалуда. Климаттық жағдайлармен бірге бұл үрдіске су ресурстары құралатын тауларда және көп пайдаланылатын аудандардағы шаруашылықтық әрекеттер кері әсерін тигізуде. Дүние жүзінде трансшекаралық өзендердің су ресурстарын тиімді пайдалану проблемасы жыл өткен сайын шиеленісуде және мемлекеттер арасындағы жанжалдарға, әлеуметтік- экономикалық текетірестерге себеп болуда. Мәселе тек суға деген сұраныстың өсуімен байланысты демографиялык факторда немесе индустриялық дамудың жоғары қарқындылығында емес. Дүние жүзінің саяси картасы түбірімен өзгеріске ұшырады. Европада, Азияда, Африкада жаңа мемлекеттер пайда болды және осымен бірге олардың арасында су жөніндегі қарым- қатынастарды реттеу проблемасы туындады. Бір мемлекеттің территориясындағы көптеген өзендер екі немесе бірнеше мемлекеттің шекарасын кесіп өтіп, трансшекаралық сипатқа ие болды. Проблеманың өткірлігі жылдан - жылға өсе түсуде. Сарапшылардың пікірінше 2000 жылға қарай жер шарында ауыз суға деген сұраныс төрт есеге өскен. Дүние жүзінде стандарт бойынша адам басына шаққанда суды тұтыну жылына 5 мың кубтан келуі тиіс. Ал Орталык Азияда, оның ішінде Қазақстанда оның көлемі 700 кубқа әрең жетеді.

Кейініректе халықаралық өзендер тек әлемдік кеме жүзу проблемасы деңгейінде ғана қарастырылатын. Бүгінгі күні бүл күрделі торап шектес мемлекеттердің басты, ең алдымен экономикалық мүдделеріне айналды. Трансшекаралық өзендердің ластануы күрделі проблемаға айналды, әсіресе халықаралық өзендердің төменгі ағысында орналасқан мемлекеттер ластанудан көп зардап шегуде.

Су қорларын басқарудың ұлттық саясаты ел халқының денсаулығы мен амандығы үшін су қорларын сақтау мен үнемді пайдалану жөніндегі ұзақ мерзімді мақсаттарға жетуді қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан осы мақсаттарға жетудегі негізгі басымдықтар халықты қажетті мөлшердегі және кепілденген сападағы ауыз сумен қамтамасыз ету, экономиканы су қорларымен жеткілікті мөлшерде және лайықты сапада қамтамасыз ету, су қорларын үнемді пайдалану мен қорғау болуы тиіс. Осы міндеттерге жету үшін тұрақты су тұтыну саясаты су қорларын қорғау проблемаларын шешуде оң тәжірибелері бар көптеген елдерде қабылданған қағидаттарға негізделуі қажет. Қазіргі кезде су қорларын пәрменді, бірлесіп басқарудың жүйесі немесе жүйе элементтері осындай қағидаттар болып саналады.

БҰҰ бағдарламаларында және жаһандық су серіктестігінде "пәрменді, бірлескен, басқару" аталымы дегенде мына қағидаттарға негізделетін су қорларын

1. Ашықтық (ақпараттарға қол жеткізу)

2. Айқындық (саяси және қаржы шешімдері)

3. Серіктестік (мүдделі тараптардың қатысуымен)

4. Есеп берушілік (процесске қатысушылардың барлығының рольдері мен жауапкершіліктерін айқын бөлісу кезінде)

5. Нәтижелілік (айқын мақсаттар негізінде)

6. Қисынды тізбектілік (барлық деңгейлерде ұғынысу және қолдау үшін)

7. Тиімділік (ең алдымен экономикалық)

8. Байланысқа бейімділік (Ақпараттармен еркін алмасуды қолдау арқылы)

9. Әділдік (негізгі топтардың мүдделерін есепке алу арқылы)

10. Бірлесу (су пайдаланудың барлық түрлерін және субъектілері мен оның әсерін ескеру арқылы)

11. Орнықтылық (болашақ ұрпақтардың мүдделері мен экожүйелерді ескеру арқылы)

12. Өнегелілік (қоғамның өнегелі қағидаттарын ескеру арқылы).

басқару ұғынылады:

Көптеген дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, жан-жақта білім және ақпарат алмасу арқылы барлық мүдделі тараптардың қатысуына негізделетін су қорларын бірлесіп басқару экономикалық дамуға, институционалды орнықтылық пен жанжалдарды болдырмауға септігін тигізеді. Бұл ретте ашықтық және байланысқа бейімділік түсінігі ретінде халықтың қалың жіктері мен мүдделі тараптарға еркін түрде пікір және ақпараттар алмасуға мүмкіндік жасау әрекеті ұғынылады. Ақпараттар алмасудың жеткіліксіздігі су бөлісу мен пайдалануда экономикалық тиімсіздікке және әлеуметтік төңсіздікке апаруы ықтимал екендігіне байланысты, мұнда да сондай-ақ әділдік пен бірлестік қағидаттары сақталуы тиіс, осы қағидаттар су пайдаланушылардың мүдделерін ескеру арқылы су пайдаланушылардың негізгі топтарының мүддесін қозғайды. Ашықтық және серіктестік қағидаттары орталық және жергілікті мемлекеттік органдар саяси және қаржы шешімдерін қабылдау кезінде барлық мүдделі тараптардың қатысуын ұйғарады. Басқару процесінің барлық қатысушыларының міндеттері мен жауапкершіліктерін айқын бөлу ретінде есеп берушілік орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың бүкіл тармақтары мен құрылымдарын қозғауы тиіс. Нәтижелік және қисынды тізбектілік қағидаттары басқарудың айқын және нақты мақсаттары мен оларға шешудің шараларын белгілеумен шектесіп қоймастан, сонымен бірге осы мәселелерді барлық деңгейде анық ұғыну мен қолдауды қамтиді. Түпкі нәтижеде бүкіл әрекеттер экономикалық көзқарас тұрғысынан нәтижелі болуы тиіс. Су қорларын бірлесіп басқару негіздерін әзірлеу кезінде және Қазақстан үшін орнықты даму бағыттарын белгілеуде болашақ ұрпақтың мүдделігін ретке алу керек.

Орнықты су пайдалану стратегиясының негізгі бағыттары көбіне суды аз қажетсінетін салалар мен өндірістерді дамытуды; өзен ағынын одан әрі реттеу негізінде елде бар су қорларын ұлғайтуды, халықты сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларын кеңінен пайдалануды; су қорларын циркулярлы пайдаланудағы озық технологиялар негізінде су қорларын үнемді жұмсауды, тамшылама суаруды, техникалық мақсаттар үшін ағынды коммуналдық суларды пайдалануды және т.б. көздейді;

Көрші мемлекеттер аумақтарында су обектілерін ашу және дамыту тұрғысында Қазақстан қатысуының бөлігінде белсенді мемлекеттік инвестициялық саясат жүргізуді жобалайды. Су қорларын үнемді пайдалану су қорлары аса тапшы аймақтарда суды көп қажетсінетін өндірістердің даму қарқындарын шектеуді, суармалы жерлердің құрылымын өзгертуді, экономикадағы су қажеттілігін азайтуды, су қорларын ластану мен жұтаңдаудан қорғауды қоса ескереді.

Бұл ретте барлық үш бағыттың үшеуінің өзара қиюласуы маңызды, өйткені бұрын қолданылып келген үнемді пайдаланудың шараларын кезең бойынша іске асыру шаралары халықтың ауыз сумен қамтамасыздығын нашарлатып жіберді, су қорларының азаюы мен тапшылығын туындатты. Осы проблемаларды шешу, орнықты су пайдаланудың стратегиясын әзірлеу үшін Қазақстанның орнықты дамуы жөнінде Ұлттық комиссия құру қажет.

Экономикада, сондай-ақ мемлекеттік қатынастарда да су қорларының артып бара жатқан ролі сушаруашылық қызметке экожүйелік тәсілмен келу қажеттілігі мен осы проблеманы ұлттық және аймақтық деңгейлерде әлдеқайда тереңірек түсінуді қажетсінеді. Күрделі жүйе ретіндегі Қазақстанның экожүйесі әлеуметтік-экономикалық жүйемен өзара іс-қимыл жасайды. Бұл ретте қос жүйенің екеуі де өзара бір біріне қатты тәуелді болады: бірінші жүйенің қолданылуына жалғыз негіз болатын екіншісінің дамуы басқасының есебінен жүреді (экожүйенің). Адамзаттың әлеуметтік-экономикалық болмысының тұрақтылығы, туындаған супержүйенің (бас жүйенің) экожүйелік құрауышының тұрақтылығы кезінде ғана мүмкін болады. Орталық Азиядағы экологиялық және әлеуметтік салдарлардың басты себептері табиғи байлықтарды, ең алдымен су қорларын пайдаланудың ресурстық тәсілі болып табылады, бұрын экожүйелердің ахуалы мүлде еленбей келді. Мұндай тәсіл кезінде су қорлары тек су тұтынушыларды қамтамасыз ету көзқарасы тұрғысынан ғана қаралып келді. Су қорларының экологиялық ролі, табиғи ландшафтардың, экожүйелердің қажеттілігі мен олардың бұл орайда бүлінуі мүлде қаралған емес. Осы жағдай шаруашылық және табиғи жүйелердің өзара іс-қимылын басқарудың мықты механизмдерін жасауды табанды түрде талап етеді.

Табиғатқа әсерін тигізетін әлеуметтік, экономикалық, техникалық және саяси факторлар басымдықтарға қарай жиынтықта және тізбектілікте қараулары тиіс. Іс-шаралармен байланысты, сушаруашылық қызмет жоспарына экожүйелік тәсілмен келуге негізделген аяларда қолданылатын ұзақ мерзімді шығындар мен пайдалардың тәртіпаралық және сектораралық талдауын жүргізуге мүмкіндік беретін экономикалық бағалауды қамтамасыз етудің әдістерін әзірлеу қажет.

Еліміздің кейбір аймақтарындағы су шаруашылық баланс тапшылығының өсуі аймақтардың су қамтамасыздығын ескеру арқылы өндіргіш күштердің даму және орналастыру талдауларын жүргізуді талап етеді. Сумен жабдықтаудың жаңа көздерін табу және жаңғырту, қайталама және дүркіндік су пайдалану көлемдерін ұлғайту, сондай-ақ мүлде жаңа, қалдықсыз технологиялық схемаларды ендіруді ынталандыру қажет. Жаңа су Кодексінің қабылдануына байланысты тікелей және жанама әкімшілік, эконономикалық, заңдық және ұйымдық шаруашылық әдістер жүйесін әзірлеудің маңызы зор, олар су қорларын үнемді пайдалануға ынталандырады және халық пен су тұтынушылардың су қорларын сақтауларына түрткі болатын уәждемелер туындатады, сондай-ақ су қорларының күйіне су үнемдеудің пайдалы ықпал жасайтыны туралы ақпараттық-насихат жүргізу жүйесін әзірлеу, сушаруашылық ұйымдардың жанынан су туралы саясат әзірлеуге тікелей қатысатын жұртшылық өкілдерінің қатысуымен қадағалаушы кеңестер құрған жөн.

Ұлттық деңгейде басқару жоспарлары, негізінен, нақты қажеттіліктерге сүйенулері және өзен алаптарында орын алған әлеуметтік және экономикалық жағдайларды ескерулері тиіс. Басқарудың жалпы жоспары басқарудың ең төменгі буынының жоспарларына сәйкес келулері тиіс және жалпы сушаруашылық саясаттың кезеңдері қалған деңгейлердегі саясат кезеңдеріне қайшы келмеулері керек. Тұтынушыларға су тасудың қашықтығы мен тұтынушыларды су көздеріне жақындату арасында оңтайлы ымыра жасау қажет (техникалық, әлеуметтік және экономикалық қатынастарда).

Ұлттық деңгейде белгіленген стратегиялық міндеттерге жету үшін, нақты әрекет жоспары сушаруашылығын жүргізудің жергілікті және жеке шаруашылық жүргізу деңгейлеріне сүйенуі тиіс. Осы жоспарға мынадай іс-шаралар кіреді:

сутоғандардың ластануын санитарлық-гигиеналық деңгейге дейін азайтуды және ауыз сумен жабдықтау, ұдайы өндіру, балықтың асыл тұқымдарын сақтау мен өзге де мақсаттар үшін су кадастрының қатаң тәртіптемесі арқылы су бөлудің балықшаруашылық талаптарын қамтамасыз ету;

шаруашылық-тұрмыстық өндірістік ағынды сулардың тазартылмаған ағынын жіберуді, ауылшаруашылық объектілерінің, өнеркәсіп кәсіпорындарының сарқынды суларын жаңа, техникалық қайта құралданған түрлерін салу жолымен қолданыстағы тазартқыш құрылыстарды жаңалау арқылы тоқтату;

елді мекендерді, өнеркәсіп кәсіпорындарының аумақтарын, ауылшаруашылық жер-суларды су тасқындарынан қорғау;

су бөгендерді жайластыру, жағаларды бекемдеу, рекреациялық (тынығу) аймақтарын құру, іргелес аумақтарды су тасқыны мен су басудан қорғайтын жүйелердің жаңа құрылыстарын салу және қолданыстағыларын жаңалау.

Су қорларын жергілікті деңгейде басқару мемлекет қарамағындағы барлық сушаруашылық желілері мен құрылыстарын пайдалану және оларды ақаусыз ұстау арқылы жүзеге асырылады. Осы деңгейдегі жұмыс су тасу және бөлу кезінде судың шығынын азайтуға, қажет уақытта түрлі орындарға тиісті сапа мен мөлшерде су жеткізуді қамтамасыз етуге, су қорларын басқаратын түрлі аудандардағы орталық және жергілікті органдар арасында тікелей тиімді байланыстарды жөнге салуға бағытталуы тиіс.

Су қорларын жеке басқарудың деңгейі су пайдаланушылар қауымдастықтарының немесе жеке тұлғалардың иелігіндегі сушаруашылық обектілерді қамтиды. Бұл деңгейдегі жұмыс осы құрылыстардың қауіпсіздігі мен жоғары тиімділігін қамтамасыз ету мақсатындағы ынтымақтастыққа жұмылдырылады. Бұл ретте басты мақсат көзделеді, ол мемлекеттік емес тиімді қызмет көрсету желісін құру, сондай-ақ сушаруашылық объектілері мен құрылыстарын пайдалану және жөндеу бойынша ыңғайландырылған серіктестіктер ұйымдастыру.

Су тоғандардың тазалығын сақтау және қалпына келтіру үшін мынадай іс-шаралар жүргізу қажет:

өнеркәсіп және ауылшаруашылық өндірістерінің технологиясын жетілдіру мен өзгерту, су шығарудың көлемдерін азайту мақсаттарында суды аз қажетсінетін және су қолданбайтын технологияларды әзірлеу және ендіру;

коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік су сарқындыларын толық тазартуды қамтамасыз ету;

айналымдық сумен жабдықтауды кеңінен өндіру, тазартылған ағыс ағындарының өзенге тартылуын екінші қайтара пайдалану;

өзен алаптары мен су тоғандар ауқымында су қорғау іс-шараларының мемлекеттік жоспарларын әзірлеу және жүзеге асыру, мұнда қазіргі заманғы өндірістерді перспективалы орналастыруды және осы су алаптарының су қорларын басқару бойынша осы іс-шараларды нақты әрекеттер жоспарының бөлігі ретінде қарауды ескеру керек;

шектес өзен алаптарындағы трансшекаралық суларды пайдалану мен қорғауды басқару жөніндегі мемлекетаралық органдарды нығайту, сондай-ақ азық-түлік, ирригация, су қорлары саласында халықаралық ұйымдармен (ҒАО, ІСІД) және өзгелерімен (жаңа технологиялар алу, тәжірибе алмасу мақсатында) ынтымақтастық орнату;

сушаруашылық объектілердің орнықты жұмыс істеулеріне жағдайлар жасау.

су қорларын үнемді пайдалану мен қорғау жөнінде заңнамалық және нормативтік база әзірлеу, су жөніндегі заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу. Су айдындарды ластаудан қорғау жөніндегі іс-шаралардың ауқымдары сушаруашылық, соның ішінде су қорғау органдарын нығайту жөнінде ұйымдастыру шараларын жүргізудің қажеттілігін айғақтайды.

Бұдан басқа, ірі өзендер алаптары бөлігіндегі су қорларының тапшылығын азайту мақсатында су қорларын үнемді пайдалану мен қорғау жөніндегі республикалық бағдарламаларды, су сақтау жөніндегі мақсаттық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру қажет. Жер үсті су кездерінің су қорларын пайдалануға белгіленген төлем мөлшерлерінің әдістемесі және жер үсті суларын пайдалануға сараланған төлем мөлшерлері суды үнемді пайдалану мен қорғауды ынталандырулары керек. Аймақтың экономикалық орнықты дамуы мемлекетаралық тиімді іс-қимыл мен ынтымақтастыққа байланысты болатынын ескере отырып, Орталық Азиядағы су қорларын мемлекетаралық пайдалану ең алдымен, халықаралық практикада жалпы танылған конвенциялар мен келісімдерге негізделуі тиіс, өйткені бұлар қағида бойынша, тегіс қамтитын сипат алады және барлық қатысушы мемлекеттер үшін жалпы міндеттемелерді бекітеді, бірақ осы орайда уағдаласушы тараптарды тиым салынған әрекеттерді тізімдеу арқылы шектемейді.

"Трансшекаралық су ағыстары мен халықаралық өзендерді пайдалану", "халықаралық су ағындарының кеме жүрмейтін түрлерін пайдалану құқы туралы Конвенция" сияқты конвенциялар негізінде аймақтағы су қорларын бірге пайдалану саласындағы мемлекетаралық қатынастарды реттеу процессі дамуы тиіс. Мемлекетаралық құқықтың осы нормалары трансшекаралық суларды бірге пайдалануда мемлекеттер ұстанымдарының ортақ қағидаттарын белгілейді және су пайдаланушы мемлекеттердің тең құқықтарын қамтамасыз ету үшін үлкен маңыз атқарады. Ирригация мен гидроэнергетика (суландыру мен су энергетикасы) арасында оңтайлы баланс іздеу, аймақ мемлекеттері үшін трансшекаралық өзендердің суларын пайдалануда бірдей жағдайларды қамтамасыз ету - су қорларын басқаруда келісілген саясат жасауды талап ететін басты міндет. Сондықтан қойылған мақсатқа жету ұлттық заңнаманы су қорларын басқару саласындағы халықаралық құқық нормаларымен жүйелі түрде жақындастыруға байланысты болады.

Мемлекет басқаратын қолданыстағы сушаруашылық жүйелер мен құрылыстарды қаржы жағынан тәуелсіз коммуналдық қызметтерге және су пайдаланушылар қауымдастықтарына өткізу қажет, оған гидротехникалық құрылыстардағы су қоймалары, су тораптары, су деңгейін көтеретін бөгендер, мемлекетаралық, облысаралық және салааралық дәрежедегі су жүргізгіштер кірмейді. Бұл ретте, су қорларын басқару жүйесі тек су бөлумен ғана шұғылданып қоймай, судың сапасын қамтамасыз етулері де қажет. Осыған байланысты пайдаланылатын судың сапасын дәл белгілеу, су тұтынудың мұқият мониторингі женінде іс-шаралар жүргізудің маңызы барған сайын артып келеді.

Су қорғау қызметінің тиімділігі, көбіне, қаржы жағынан ынталандыру арқылы айқындалады. Су қорларын үнемді пайдалану мен қорғаудың экономикалық механизмдері тариф жасау жүйесіне экологиялық сипаттамаларды енгізуді, су пайдаланудың ақы төлеу жүйесін жетілдіруді және міндетті экологиялық сақтандыруды көздеуі тиіс. Бұл ретте, ақылы су пайдалану жүйесі су қорларын ұдайы толықтырудың алғы шарттарын жасауы керек. Су пайдаланудың төлемі соның аумағына орналасқан табиғи қорлар меншік иесінің экономикалық құқықтарын іске асыруды көрсететінін ескере отырып, төлем мөлшерін су көздерін ұстау мен оларды қалпына келтіруге, мемлекет меншігіндегі сушаруашылық құрылыстар мен құрылғыларды пайдалануға, суларды күзету мен олардың қоршаған ортаға зиянды ықпал етуінен қорғауға жұмсалатын шығындарды өтеу қажеттілікке сүйену арқылы белгілеу қажет. Су қорларына белгіленген төлемнің мөлшері сондай-ақ судың сапасын, су пайдаланудың жағдайларын, су қорларының нақты тапшылығын, су қамтамасыздығы кепілдігі мен экономика саласындағы экономикалық тиімділікті ескерулері керек. Ақылы су пайдаланудың экономикалық механизмін әзірлеу кезінде мынандай қағидаттар негізге алынуы тиіс:

су қорлары үшін төлемдерге сараланған тәсіл қолдану

су қорларын басқаруға, су көздеріндегі объектілерді пайдалануға, ұдайы толықтыруға, тасу мен күзетуге байланысты барлық шығындарды өтеу

су қорларын үнемді пайдаланатын тұтынушылар үшін жеңілдіктер жасау

су беру бойынша көрсетілген қызметтерге белгіленген тарифтерді қайта қарау 2002-2004 жылдарға табиғи монополия субъектілерінің тарифтік саясатын жетілдірудің бағдарламасы негізінде жүргізілуі тиіс.

Бағдарламаның негізгі мақсаты мемлекеттің, табиғи монополия субъектілері мен олардың қызмет көрсетулері тұтынушыларының мүдделері балансына бағытталған орташа мерзімді негізде икемді тариф саясатын жасау, тариф жасау әдіснамасын жетілдіру секторына инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар орнату:

тұтынушылар құқықтарын қорғау жүйесін кеңейту;

өндірісті жаңарту мен солар ұсынатын қызмет көрсетулердің сапасын арттыруға инвестициялар тарту мақсатында орташа мерзім мезгілі арасында табиғи монополиялардың қызмет көрсетулеріне тарифтердің орташа деңгейін қамтамасыз ету;

табиғи монополия және монополия қызметіне мемлекеттік бақылау жүргізу шараларын кеңейту болып табылады.

Су қорларын үнемді пайдалануға тек суға белгіленетін экономикалық негізделген тарифтер болғанда ғана қол жеткізуге болады. Елдің түрлі аймақтарындағы судың бағасын нақты білу керек және соның негізінде су пайдалану мәселелеріндегі тарифтік және инвестициялық саясат құру қажет. Экономикалық негізделген белгілерге тарифтерді жақындату су пайдаланушыларды су қорларын үнемді пайдалануға мәжбүр етеді. Бағдарламаның басым міндеттері ретінде тұтынушылар топтары бойынша табиғи монополия қызмет көрсетулеріне негізсіз сараланған тарифтерді қолдану практикасын жою шаралары белгіленді.

Су тұтынушылар мен сушаруашылық кешендер мүдделері балансына қол жеткізу қажеттілігіне сүйене отырып, шығындық қағидаттар емес, ал активтердің реттеуші базасына пайда нормасын белгілеу әдісіне негізделген тариф жасау әдістерін қолдану қажет. Шығындық әдістің негізінде өндіріс пен қызмет көрсетулерді іске асыруға жұмсалатын шығындардың есебі жатыр, ол әдіс тиімділікке қатыссыз реттелінетін шығындарды өтеуді кәсіпорындарға кепілдейді және осы секторға инвестициялар тартуды ынталандырмайды. Активтердің "Реттелуші базасының пайдасын" есептеу әдісі өз міндеттемелерінің төлемін табуға және инвестициялар тартуға жететін тарифтер деңгейін қамтамасыз ете алады. Алдағы кезде, активтердің реттелуші базасына түсетін пайда нормасы мен орташа мерзім аралығына тарифтердің шекті деңгейлерін тағайындауды белгілейтін анағұрлым озық әдіс қолданылуы тиіс. Активтердің реттелуші базасына түсетін пайданы есептеу әдістемесін енгізуді сатылап және аймақтар бойынша саралау арқылы жүзеге асыру керек, мұнда жүйелердің жай-күйлері мен Батыс Қазақстандағы су құбырларына және шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарындағы канализацияға көрсетілетін қызметтерге сақталған негізсіз белгіленген тарифтерді жоюды ескеру қажет.

Еліміздің экологиялық қауіпсіздігі проблемаларын шешуде су қорлары туралы ақпарат таратудың үлкен ағартушылық мәні бар. Су тұтынушылар құқықтарын қорғау жүйесін күшейту, сушаруашылық кәсіпорындар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсаттарында көпшілік тыңдаулар ресімін кеңінен пайдалану, аудит жүргізу мен аудиторлық есепті жариялау жөніндегі субъектінің міндеттерін нақтылау, табиғи монополия субъектінің қайта ұйымдастыруды жүргізуге мемлекеттік органдардың бақылауын күшейту қажет. Су қорғау проблемаларын шешуде барлық мүдделі тараптардың қатысу тиімділігін ескере отырып (тұрғын халық, ҮЕҰ және басқалары), мемлекетік органдар ақпараттарға, шешімдер қабылдау мен су қорларын қорғау саласындағы әділ сот төрелігіне қол жеткізуді қамтамасыз етулері тиіс. Экологиялық насихат пен халықты ағартуда қоршаған ортамен үйлесімді салауатты өмір сүруді насихаттауға ерекше көңіл бөлу керек. Су проблемаларымен байланысты ҮЕҰ қолда бар әлеуметтік қоғамдық бақылауды жандандыру, қоғамдық экологиялық сараптамалар жүргізу арқылы су тұтыну проблемаларын шешуге бағыттау қажет.

Қазақстандағы мүмкіндікті және қажетті көлемдегі судың перспективалы сараптамасы

Көпжылдық қадағалаулардың нәтижелері бойынша су қорларының тапшылығы орташа көп ылдық сулылық кезінде 7 км3 жетеді, ал су аз жылдары 14 км3 болады және ол бүкіл су алаптарында дерлік сезіледі. 2001-2005 жж. әлеуметтік-экономикалық дамудың индикативтік жоспарына сәйкес 2005 жылы 2002 жылмен салыстырғанда ЖІӨ 23% жуық, өнеркәсіп өнімінің 20,5%, және ауылшаруашылық жалпы өнімнің 13,4% өсетіні болжанады. Соған сәйкес, су тұтынудың 3-тен 8 км3 де-йін өсуін күтуге болады. Су жинауды ұлғайту қажеттілігі мен елдер бойынша өзендер ағынын бөлу шарттарын қайта қарауды туындататын Орталық Азия мемлекеттері экономика дамуының жоғары қарқындарын ескере отырып, келешекте су қорларының тапшылығы жылдың сулылығына қарай 10-нан 22 км3 дейін өсуі мүмкін.

Бағдарламаны іске асыруға берілетін ұсыныстар

Бағдарламаны іске асыру кезінде адам қажеттілігімен мекендеу ортасының сақталуы арасындағы балансты қамтамасыз ету керек. Тұщы сулы ЭКО жүйелер биоалуантүрлілікпен, гидрологиялық циклмен және өзін өзі тазарту қабілетімен байланысты бірқатар өмірлік мәні бар қызметтерді атқарады. Сондықтан орнықты ЭКО жүйелер адам денсаулығын сақтау, орнықты даму, кедейшілікті азайту (және керісінше) үшін өзекті шарт болып табылады.

Су дағдарысы жаһандық деңгейде көрініс табады, бірақ оның шешімін табу жөніндегі негізгі іс-шаралар аймақтық, ұлттық және жергілікті деңгейлерде жүргізулері тиіс. Әр деңгейдің қызмет бағыттарын айқындау процессі ашық күйінде қалуы тиіс, және ортақ мақсаттар мен мақсаттық көрсеткіштерге нысаналанған тең құқықтық серіктестік саясатымен белгіленуі тиіс. Сонымен, нақты ұзақ мерзімді мақсаттарға кіретіндер:

халықты сапасы жоғары сумен сенімді және орнықты жабдықтау мен ең аз шығындар жұмсау арқылы канализация қызмет көрсетулерімен қамтамасыз ету үшін су жабдықтаудың жергілікті инфрақұрылымы мен канализацияны басқаруды жақсарту;

экономикалықтиімділік, экологиялық орнықтылық пен әлеуметтік әділдік араларында ең озық балансқа жету үшін трансшекаралық өзендердің су алаптары мен аймақтық негіздерді қосқанда, су қорларын басқаруды жақсарту, түрлі деңгейлердегі су бөлісу мен су пайдалануға байланысты туындауы ықтимал жанжалдарды азайту.

Су секторына баламалы басқару, саяси реформалар мен реформалар қажет. Бұрын көрсеткеніміздей, "Су дағдарысы шын мәнінде басқару дағдарысы болып саналады" және көптеген елдер, соның ішінде Қазақстан үшін де су қорларын басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету күрделі проблема күйінде қалып отыр. Бұл тұрғыда басқаруды ұйымдық жақсарту, сыбайлас жемқорлықпен және қаржы қорларын тиімсіз пайдаланумен күрес жүргізу жөніндегі шаралар маңызды болып көрінеді. Азаматтық сектор, азаматтық қоғам және жеке сектор араларында серіктестікті дамыту қажет, бұл орайда осы серіктестіктің тең құқылы және ашық болуы, тұтынушылар мен инвесторлардың мүдделерін қорғау, табиғат қорғау нормативтерінің қатаң сақталуы қамтамасыз етілулері тиіс. Тиімді жоспарлау мен шешімдер қабылдауға қолдау көрсету үшін басқару әлеуетін нығайту және ақпараттық базаны кеңейту қажет. Тағы да, осы процесстер сондай-ақ барлық мүдделі тараптардың қатысуларын кепілдеуі және саясат пен стратегия әзірлеуді және оларды жүзеге асыруды қамтамасыз етулері тиіс.

Осы мақсаттарға аймақтық және жергілікті деңгейлердегі проблемалардың шешімін табусыз жету мүмкін емес. Жоспарлау және басқару процесстерінде көбіне әйелдердің үй шаруашылықтарды сумен қамтамасыз ету мен су пайдаланудағы рөлі елене бермейді, ал олардың отбасы табысы мен кедейшілікті азайту жөніндегі әлеуеттері жете бағаланбайды. Қазақстан үшін кедейшілік көзқарасы тұрғысынан ауылдық аймақтардағы гендерлік проблемалар аса өзекті мәселелер. Орнықты даму мақсаттарына жету үшін жыныс өкілдерінің теңдік мәселелерінің басымдығын қамтамасыз ету қажет. Бұдан басқа, экологиялық орнықтылық пен табиғи экожүйелердің жұмыс істеу тұтастығын қамтамасыз етудегі судың маңыздылығы да өзекті факторлар болып табылады, олар адам тіршілігіне нәр береді. Осы және өзге проблемаларды терең түсінуге саясат және саясаттың осы саладағы қағидаттарын әзірлеу мен нақты іске асыру үшін қажет сыни маңызды ғылыми деректер алуға арналған зерттеулер көмек бере алады.Мынандай іс-шаралар ұсынуға болады:

су инфроқұрылымының, бірінші кезекте, инвестициялық жобаларын жасау және техникалық жәрдем көрсету арқылы сумен жабдықтау объектілері мен канализацияның жай-күйлерін жақсарту;

институционалдық құрылымды жақсарту және инвестициялау процессіне жеке секторды тарту;

муниципалитеттер мен коммуналдық қызметтерді күшейтуге арналған табиғат қорғау қаржы стратегияларын және құралдарын қосқанда, су секторының қаржы орнықтылығын қамтамасыз ету;

тиісті жетекші құжаттарды әзірлеуді, тарифтердің қолайлылығы, әлеуметтік қорғау және жұртшылықтың қатысуы сияқты мәселелерде көрнекі жобалардың талдауын жүргізу мен оларды жүзеге асыруды қосқанда, халықтың ең кедей және осал жіктері үшін сумен жабдықтау және канализация бойынша қызмет көрсету мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету;

бақылауды жақсарту, сақтандыру және сезіну жүйелерін қосқанда су қорларын басқару мен денсаулық сақтау салалары араларындағы өзара байланыстарды нығайтудың есебінен, сондай-ақ жергілікті деңгейдегі су жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға қолдау көрсету арқылы халықтың денсаулығын қорғау.

Трансшекаралық өзен су алаптарының проблемаларын қосқанда, су қорларын бірлесіп басқару

Осы бағыттағы іске асыру салалары мына бағыттарды қосады:

басымдықтарды жоспарлау және белгілеу процессінде (мәселен, су үшін экономикалық баға) төлем, табиғат қорғау қызмет көрсетулерінің экономикалық игілік ретінде қарау тәсілін қолдануды кеңейтуді қосқанда, су қорлары жөніндегі ұлттық стратегия мен іс-әрекеттер жоспарының халықаралық келісімдерге бейімделуі;

су қорларына байланысты баламалы нормативтік база даярлау;

институционалды әлеуетті және су алаптық басқару органдары мен трансшекаралық су қоймаларын басқару механизмдерін қосқанда, су қорларын басқарудың ұйымдық құрылымын қайта қарауды күшейту;

мониторинг және су қорларының сарабы (судың сапасын есепке алу мен мониторинг жүйесі, экологиялық лабораторияларды қалпына келтіру және жаңғырту);

жұртшылықты ақпараттармен кеңінен қамту, су проблемалары туралы хабардарлық деңгейін арттыру және мүдделі тараптар мен пайдаланушыларды шешімдер шараларына қатыстыру;

шешімдер қабылдауға қолдау көрсету мен су және жер қорларын басқаруды біріктіруді қосқанда, өзен су алаптары су жинау алаптарының тәсіліне негізделген су қорларын басқаруды жоспарлау.

Су қорларын үнемді пайдалану және су қамтамасыздығы

Осы бағыт аясында мынандай мақсаттарға жету ұсынылады:

Судың, кедейшілік пен орнықты дамудың араларындағы өзара байланысты сезіну арқылы саяси деңгейдегі басшылардың іс-әрекет бағдарламаларына жаһандық және ұлттық ықтимал су дағдарысы жөніндегі мәселелерді енгізу және осы түсінік нақты іс-шараларды іске асыру жөніндегі міндеттемелер нысанын алуы тиіс.

Су қорларын басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету - халықтың салауатты және ауқатты тұрмыстары мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етудегі маңызды адым болып табылады. Қойылған мақсаттарға жету үшін барлық деңгейлердегі іс-әрекеттер бағдарламаларын жоспарлау, басқару мен іске асыру саласындағы әлеует аса маңызды роль атқарады. Сондықтан, осы әлеуетті тәжірибе мен білім алмасудың, сондай-ақ ақпаратқа қол жеткізуді жетілдірудің есебінен нығайту қажет. Осы қызметтің аса маңызды құрамдас бөліктерінің бірі ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастық болуы тиіс.

Серіктестіктер ретіндегі барлық мүдделі тараптардың, соның ішінде жұртшылықтың, қоғамдық ұйымдардың қатысуларын қамтамасыз етудегі іс-әрекеттерді үйлестіру мен келісуді жақсарту.

Мыңжылдықта даму мақсаттарына (МДМ) жету үшін едәуір қаржы қорлары қажет болады. Сондықтан мүмкін болатын құралдарды барынша тиімді пайдалану мен донор-елдердің, халықаралық ұйымдардың ағымдағы және болашақ көмектерінің нәтижелілігін арттыру қажет.

Келесі қауіпті тенденция, трансшекаралық өзендердің ағын суының көп бөлігі өз территориясында құралатын кейбір мемлекеттер өзен суын стратегиялық ресурс ретінде қарап, суды шектеусіз өз бетінше пайдаланып, шектес мемлекеттердің мүдделерімен мүлде санаспауда. Қазақстан ешқашанда мұндай іс- әрекеттерді қолдамайды. Ғаламдық су проблемасын байқап отырғанымыздай, суды пайдалану мен қорғаудың ұлттық және халықаралық стратегиясын дамыта отырып, бәріміз бірлесе жұмылғанда ғана шешуге болады. Қазақстанның су шаруашылығы саясатының негізгі принциптері экологиялық, әлеуметтік, халықаралық аспектілерде «Қазақстан - 2030» даму стратегиясында көрініс тапқан. Дүние жүзінде қалыптасқан жағдайды зертеу және сараптау үшін әлемдік банктің бастамасымен комиссия құрылды. Оның негізгі мақсаты -үкіметке болуы мүмкін су дағдарыстарының орын алуын алдын - ала ескерту болып табылады. Оның қортындылары Гаагада 2000жылы 22 науырызда бүкіл халықтық қолдауға ие болды.

Тарихи тәжірибе көрсетіп отырғандай, су ресурстарын бірлесе пайдалануға байланысты дау- жанжалдарды тек келісімдер мен шарттар арқылы ғана бейбіт реттеуге болады. Әлемнің түрлі мемлекеттерінде бұл саладағы қарым - қатынастарды реттеуде 300- ден аса келісім шартқа кол қойылған. Өткен дәуірлердегі жазба тарихи деректерге көз жүгіртсек, бір өзеннің бойындағы суды тұтынушылар арасында қарым - қатынастарды реттейтін нормалардың болғанын байқаймыз. Аталған заңдар Индия, Қытай, Египет сияқты өзен аңғарларында орналасқан көне өркениеттерде өмірге келген.

Орталық Азияда су өмірдің және тіршіліктің тірегі ретінде саналып, ғасырлар бойында су құқығы қалыптасқан болатын. Суды пайдалану төңірегіндегі тікелей нормалар мұсылмандық заңдар жинағында - шариғатта көрініс тапқан. Өркениеттер тарихын су деген қарым - қатынас тұрғысынан жазуға болады деп айтылуы кездейсоқ емес. Адамзат ежелгі дәуірлерден- ақ судың әділетті бөлінуін ғана емес, оның сапасын сақтауға да ерекше мән берген. Орта ғасырларда су көздерін ластау ең барып тұрған сорақылық болып есептелген.

Өткен тарихи дәуірлерге шолу жасап отырғандағы мақсатымыз, мемлекетаралық су ресурстарын бөлу мен бірлесе пайдалану мәселесі ежелден бері өмір сүріп келе жатқанын айту болатын. Ол бүгін ғана пайда бола қойған жоқ және оны шешу жолдары өзара сыйластыққа, трансшекаралық өзен суын тең құқықты пайдалануға негізделген. Мұндай негіздегі әділеттілік трансшекаралық өзендердің ағынсуын бірлесе пайдалану және қорғау туралы БҰҰ Европалық экономикалық комиссиясының 1992 жылғы Хельсинки конвенциясында көрініс тапқан.

Бұл халықаралық құжат екі немесе көп жақты келісімдер мен шартардың жалпы құқықтық негізін құрайды. Онда әр мемлекеттің трансшекаралық өзен бассейнінің суын пайдалануға құқығы бар екендігі, су қоймасына зиян келтірмеуге міндетті екендігі жазылған. Су проблемаларын бейбіт және тиімді реттеудің тамаша мысалдарын Европа, Солтүстік Америка, Оңтүстік- шығыс және Оңтүстік Азия мемлекеттерінің арасында көруге болады. Бірақ бүл оңайшылықпен жүзеге асқан жоқ. Мысалы, Индия мен Пәкістан арасында Инд өзенінің суын бірлесе пайдалану жөніндегі протоколға кол қойылуы үшін 13 жылдан аса уақыт кетті.

Қазақстан - Қытай арасындағы су қатынастарын ең алдымен Іле және Ертіс өзендерімен және оның табиғи ортансын қорғау, дамыту проблемаларымен тығыз байланыстырып қарастырған жөн. Ертіс өзені бассейнің сушаруашылықтық әсіресе экологиялық жағдайы сарапшылардың пікірінше өте күрделі. Қазіргі күнде өзеннің экономикалық маңызы анағұрлым жоғары - тек өзеннің Қазақстандық бөлігінде ғана 2,5 млн. адам өмір сүреді және Павлодар, Өскемен, Семей сияқты ірі өнеркәсіп орталықтары орналасқан. Ертіс өзенінің арқасында бүкіл Орталық Қазақстан сумен қамтамасыз етіледі және бұл аймақтың болашақта энергетикалық өнеркәсіптік және ауылшаруашылықтық дамуы тікелей осы өзеннің су ресурстарын пайдаланумен байланысты. Сондықтан да Қытаймен арадағы су қатынастарын реттеу Қазақстанның экологиялық, экономикалық қәуіпсіздігі үшін маңызы өте зор. Негізгі мақсат трансшекаралық өзеннің су балансын сақтау, қорғаудың және бірлесе пайдаланудың ортақ позициясын анықтау, ластанудың алдын- алу шараларына бағытталуы керек.

Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзен проблемасы, ең алдымен Іле және Ертіс өзенінің проблемасы жаңадан пайда бола қойған жоқ және бұл алғаш 70 - 80-ші жылдарда кеңестер одағы түсында туындаған болатын. Сол уақытта Қытаймен арада трансшекаралық өзенді пайдалану және қорғау мәселесі бойынша мемлекетаралық келісімге қол жеткізілген болатын.

Тәуелсіз Қазақстанның үкіметі егемендіктің алғашқы жылдары- ақ бірден трансшекаралық өзен жүйесінің проблемасы төңірегіндегі өз мүдделерін айқындап алған болатын. Қытай жағына 1992 жылы осы мүдделерге сәйкес келетін келісім жолданған болатын. Біз Пекинге трансшекаралық өзенде ішкі және сыртқы сауда жүктерін тасмалдау үшін ашық кеме қатынастарын жүргізу, туристік байланыстарды дамыту жөніндегі келісімді бекіту туралы келісімді ұсындық.

Қара Ертіс бойындағы Синьцзян - Ұйғыр автономиялық ауданының мұнайлы- газды орталығы Қарамай қаласының тұсында канал құрылысын салу ісінің қарқын алуы қазақстан жағын қатты алаңдатып, Пекинге өз ұсынысын қарауды тездетуге шақыруда. Бұл шаралар өзен суының қытай жағында көбірек тосылуына және Ертіс өзенінің су балансының өзгеруіне әкеліп соқтыруы мүмкін.

1997 жылы Қазақстан, Қырғызстан және Ресей мемлекеттері жеке-жеке трансшекаралык өзендер мәселесі бойынша қытай жағына ұсыныс жазбаларын жіберді. Москва және Бішкек бұл проблемадан тысқары калмасы анық, өйткені Ертіс Обь өзенінің маңызды саларының бірі, ал Қырғызстан территориясында Сарыжаз өзенінің суы қалыптасады, ол өзінің суының 75% - ын Синьцзян - Ұйғыр автономиялық ауданындағы Тарым сарқырамасынан алады. Қытай жағы жіберілген ұсыныстарға түсіністік жағдаймен карап жауап қайтарды. Бірақ алғашқы кезеңде екі жакты кездесу жағдайында өткізетінің өйткені кез - келген мәселені тыңғылықты, жеке қарастыру қажет деген болатын. Қазақстан уақыт өте келе екіжақты кездесулер, ішінара Ертіс өзені бойынша, үш жақты сипатқа ие болады деп есептейді. Өйткені Ертіс өзені үш мемлекеттің мүдделерінің тоғысқан аймағы болып табылады және сонымен бірге бұл су артериясы сол мемлекеттердің территориясы арқылы ағып өтетіндіктен оның ресурстарын тең пайдалану құқығына ие. Бұл мәселе екі мемлекеттің саясатында да көрініс тапқан. Қазақстан жағы бұл мәселенің екі жаққа да тиімді әділ шешілуін және мұнда халықтар арасында қалыатасқан тарихи жағдайдың, трансшекаралық өзендердің суын бірлесе пайдалану мен қорғау жөніндегі Хельсинки конвенциясының негізінде әлемдік тәжірибенің есепке алынуын қалайды. Мұнда негізгі мәселе Ертіс өзенінің суын бірлесе тиімді пайдалану механизмін жасау боғалы отыр. Бұл сарапталуы киын өте күрделі жұмыс болғанымен, мұны жүзеге асыруға болады. Адамның экономикалық сұранысына ешқандай да бөгет қоюға болмайды. Мәселе адамның мұндай іс - әрекеті табиғаттағы тепе- теңдікті бұзбауы тиіс және адам өміріне, табиғатқа қауіп төндірмеуі керек.

Кейбір қазақстандық саясаттанушылар бұл мәселені тез арада Қазақстан мен Қытай арасындағы шекараны делмитациялау арқылы шешуге болады деп есептейді. Бұл өзенді бөлу деген сөз емес (шекаралары анықталып койған), қайта оны бірлесіп пайдалану болып табылады. Өзендер жалпы, олар бөлінбейді, қайта біріктіреді. Тек оларды шығынсыз негізде бірлесе пайдаланудың жалпы ережесін жасауымыз керек. Өзенге бірлесе мониторингтік зерттеу жүргізу, ақпарат алмасу, жүргізілетін экономикалық іс - шараларды әр тарап бір- біріне ескерту және оның мүмкін болатын салдарларын бірлесе есепке алу жағдайына кол жеткізуіміз керек. Астана мәселені осылай қоя отырып, Қытай тарапы толық түсіністікпен қарайды деп үміттенеді. Қытай жағымен қазіргі таңда бұл проблеманы шешу үшін келіссөздер жүргізілуде. Қытай жағы да халыкаралық негізде трансшекаралық өзендердің су ресурстарын тиімді және әділ пайдаланылуын жақтайтынын жеткізді. Синцзянь Ұйғыр автономиялық ауданындағы құрылыстың салынуының растығын мойындай отырып, Қытай жағы Қазақстанның мүддесін толық ескеретініне сендірді. Біз Қытай Халық Республикасының төрағасы Цзян Цзэминнің бұл мәселеде «ұлттық эгойзмнен» аулақ боламыз деген мәлімдемесіне зор маңыз береміз.

Қазіргі таңда Астана мен Пекин осы жылдың қараша айында Қазақстанда өтетін келіссөздердің екінші кезеңіне дайындалу үстінде. Сарапшылардың айтуынша мұнда трансшекаралық өзендердің ресурстарын бірлесе пайдалану туралы келісімнің жобасы талқыланады деп күтілуде. Бұл келіссөз Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтің Қытай Халық Республикасына ресми сапарымен тұспа- тұс келіп отыр. Бұл трансшекаралық өзеннің проблемасының шешілуіне оң ықпалын тигізері сөзсіз./7/

Орталық Азияның посткеңестік кеңістігінде маңызды өзгерістер болып өтті, дәлірек айтсақ тәуелсіз даму жолындағы тең құқықты, бір- бірімен достық, ынтымақтастық қарым - қатынастағы бес жаңа мемлекет пайда болды. Осы қарым- қатынастарды сақтай отырып біркатар құжаттарға қол қойылды, осының негізінде Орталык Азия аумағының су қорларын басқарудың халықаралық құрылымы құрылды. Осы күрделі мәселені шешу жолында біздің еліміз Орталық Азия мен Қытай мемлекеттермен нақты саяси жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан 2000 жылы халықаралык өзендер мен трансшекаралық су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау бойынша БҰҰ конвенциясына қосылды. (Хельсинки, 1992 ж.).

Хельсинки конвенциясы және БҰҰ- ның су бөлу және су қорларын қорғаудағы халықаралық тәжірибесі әлемнің көптеген елдері тарапынан қолдау тауып, кең түсіністікке ие болды. Халықаралық қауымдастық тарапынан мақұлданған осы құжат бірлесе пайдаланылатын су ресурстарының саны мен сапасы жөніндегі проблемаларды шешетін және жанжалдар мен ынтымактастықты реттейтін халықаралық - құқықтық нормалар жүйесін құрайды. Жас егеменді мемлекетіміздің тұңғыш президенті Н.Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемелекет ретінде құрылуы мен дамуы» атты стратегиясында атап өткеніндей, тәуелсіздік алуымызбен бірге Қазақстан БҰҰ мен бірқатар халықаралық ұйымдарға қосылды және жеке қорғану, сыртқы саясат, ұлттық қауіпсіздіктің жаңа проблемаларымен, әлемдік қауымдастыққа өз бетімен кіру мәселелерімен бетпе - бет жолықты.

Тиімді ынтымақтастыққа негізделген маңызды қадам Арал теңізі бассейні проблемаларын шешу бағытында Арал аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін келісім мемлекет басшылары деңгейінде 1993 жылы 26 науырызда қабылданды.

Сонымен қатар, маңызды белестерге Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстанның Президенттерінің кездесулері жатады. 1994 ж. 16 қаңтарында Бішкек қаласында Президенттер Н.Назарбаев, И.Каримов пен А Ақаевпен Қырғызстанның «Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Біртұтас экономикалық кеңістіктің құрылуының келісім-шартына» қол қойылды. Президенттердің кезекті кездесуі 2000жылдың 14 июнінде Душанбе қаласында болып өтті, ол жерде ОАЭҚ мемлекеттерінің дамуының экономикалық модельдері мен бағыттарын бірігіп шығару және талдау жасау мақсатымен экономикалық форумның құрылуы жөнінде шешім қабылданды. КХР -мен де нақты жұмыстар жүргізіліп отырылды, ол трансшекаралық өзендер проблемалары бойынша келіссөздердің басталуына келісімін берді. Сонымен, 2001 ж. Президент Н.Назарбаевпен ҚХР бас кеңесінің Премъері Чжу Жунцзи өкіметтер арасында трансшекаралық өзендер қорғалуы мен пайдаланылуы сферасында келісімге қол қойылды.

2. 3 Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсібінің су шаруашылығына тигізетін әсері

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан - елімізде қарқынды дамып отырған облыстардың бірі. Аймақтың таңдаулы кәсіпорындарының экономикалық көрсеткіштері тұрақты дамудың айғағы болып отыр. Экономиканың табылсты дамуының тағы бір дәлелі - ол жаңа кәсшорындарының пайда болуы, бұл әсіресе мақта өңдеу саласында елеулі көрініс тапты. 2003 жылдың аяғына қарай иіру фабрикасын салу жоспарланған. Ірі өнеркәсіптің дамуы ұсақ және орта бизнес кәсіпорындары санының артуымен қоса іске асырылды.

2003 жылдың бірінші жартысында дүние жүзінің 55 елімен экспорттық - импорттық операциялар іске асырылды. Алты айлық сауда айналымы 240 млн. АҚШ долларын құрады.

Осы мерзім ішінде өнімдерді экспортқа шығарудың импортан асып түсуіне байланысты сауда байланысының оң қайтарым сальдосы 80 млн. АҚШ долларын құрады. Салыстыру үшін бүкіл 2002 бойынша оң қайтарым сальдосының 70 млн. АҚШ доллары шамасы, ал сауда айналымының жалпы көлемінің 335 млн. АКДІ долларынан арттық болғандығын келтірейік. 2002 жылы облыс өнімдері дүние жүзінің 37 еліне шығарылып, 66 елден тауарлар әкелінсе, 2003 жылдың бірінші жартысында тауарлар әкелетін елдердің саны - 52-ге дейін қысқарды.

Болашағы. Облыстың сыртқы сауда қызметінің басты мақсаты -экспортқа бағыттандырылған өнеркәсіптердің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету және облыс үшін бұрын үрдіс болмаған, жаңа эспотр көздерін дамытуға жағдай туғызу. Сыртқы сауда қызметіндегі екінші бір баса көңіл аударатын мәселе - импорт құрылымын жаңарту болып қала бермекші.

Келешекте 2006 жылға дейін эспортта мұнай өңдеу, түсті металдар мен мақта өнімдерін жетекшілік орында қалдыру. Көзделіп отыр, импортта резина - техникалық өнімдер шығаруға қажетті шикізаттар, мұнай және минералдық жанармай, машиналар мен құрал - жабдықтар, көлік - қатынас құралдары басым болмақшы.

Облыс кәсіпорындары Қазақстанның барлық өнеркәсіп елдерінің 5%-ын шығарады. Мақта мен мақта майы, экскаватор түгелдей, трансформаторлардың 98%-ын, фармацевтика өнімдерінің 75%-ы оңтүстікте шығарылады.

Облыстың өнеркәсіп мүмкіндіктерін мұнай өңдеуші және металлургия өнеркәсіптері анықтайды. Бұл салалар негізінен түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу және тамақ өнеркәсіптерінің өсуі байқалып отырған Шымкент және Кентау қалаларында дамуда.

Облыс орталығы Шымкент - Қазақстанның инфрақұрылымы жақсы дамыған ірі өнеркәсіпті - индустриялы қаласы. Қалада 40 өнеркәсіп орыны бар.

Мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы ірі кәсіпорындар:

«ПетроКазахстанОйл Продактс» (мұнай өңдеу, бұрынғы ШНОС) ААҚ және «Интерком Шинм» (шина шығару) ААҚ.

Құрылыс өнеркәсібі - «Шымкентцемент» ААҚ («портланд» маркалы), «Дыш Тиджарет ве Пластик Санаил» АОК Оңтүстік Қазақстандық филоиялы, «Құрылыс материалы»ААҚ.

Химия өнеркәсібі - «Химфарм» ААҚ (дәрі – дәрмек препараттарын шығару).

Жеңіл өнеркәсіп - АФ «Восход» ААҚ (жүн және жартылай жүн маталардан тігін бұйымдары: костюмдер, пальтолар, курткалар т.б.). «Эластик» ААҚ (жоғары сапалы тіптен шұлық-ұйық бұйымдарын тоқу), «Адал» ЖШС (жіп және мата). Тоқыма және тігін өнеркәсіпінде Түркістан қаласының «Яссы» ААҚ, «Тұран» ШШ, «корпорация АК Алтын» ЖШС, «ШТФ - Түкістан»ЖШС елеулі үлес қосуда.

Қазіргі таңда Мақтаарал ауданының өнеркәсіп өнімдерінің 83%-ы тоқыма және тігін өндіріс кәсіпорындарының үлесіне тиеді.

«Нимэкс» ЖШС, «Мырзакент» ААҚ, «Мақташы»ААҚ, «Мақтаарал»ААҚ, «Ақ Алтын» АА Қ, «Ынтымақ» ААҚ, «Көктал» ЖАҚ облыстағы шитті мақтаның жалпы көлемінің 67%-ын өндіреді. Сарыағаш ауданында ең табысты еңбек етіп келе жатқан кәсіпорын - «Фабрика «Сенім»» ЖШС.

Тамақ өнеркәсібі саласында жетекші кәсіпорындардың қатарына «Шымкентмай» ААҚ мен «Қайнар» АҚ енеді, (мақта, күнбағыс, сафлор, соя дәндерін өңдеу, тамаққа пайдаланылатын тазартылған өсімдік майларын, т.б. өндіру).

Сайрам ауданында «Арай» КШС өсімдік майын (тазартылған) өндірумен, ал Қазығұрт айданында «Амангелді»ЖШС үн және үн өнімдерін шығарумен айналысады.

Түлкібас ауданында (МЭК лтд) ЖШС ұн және крахмалды өнімдерді, «Плодоконсервный Юг»ЖШС жеміс – жидек және көкөніс өнімдерін шығарады.

Салқын сусындар мен арақ – шарап өнімдерін шығарушы кәсіпорындар да табысты дамып келеді.

Ең алдымен бұл шетелдік құрал – жабдықтарды пайдаланып, чех және неміс технологиялары бойынша сыраның танымал жеңіл сортын шығаратын бүкіл республикаға әйгілі «Шымкентсыра» ААҚ.

«Бахус – Деронсек»ЖШС кейбір көнерген жүзім алқаптарын жаңартуды іске асырды, осы мақсатпен кәсіпорын Сарыағаш ауданының ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілеріне 2002 жылы 10?5 млн, теңге, 2003 жылдың бірінші жартысында 4,5 млн. Теңге қаржы бөлді. Сайрам аударының «Нұр»ЖШС және «Лада»ЖШС жүзім алқаптарын жаңарту және жүзімдіктерді баптау жұмыстарына тиісінше 350 мың теңге және 400 мың теңге бөлді. Мақтаарал ауданындағы «Жуалы» ААҚ, Сарыағаш ауданындағы «АВК Капланбек»ЖШС ірі шарап өндіруші кәсіпорындардың қатарына жатады.

Бүкіл республикаға әйгілі минералды су облыстың «бетке ұстарына» айналды. Көбірек танымал маркаларын Сарыағаш айданындағы «Алекс» және «Асем - ай»ЖШС құяды. Жақында олардың қатарына «Сұлтан ММ» және «Тұран»ЖШС қосылды. Темекі өнімдерін шығарумен ЛЪ ЖАҚ айналысады. 2002 жылы кәсіпорын 1211,0 млн. дана сигарет шығарды.

Кентау қаласына қарайтын аймақта фосфорит, қорғасын, барит және мырыш сияқты пайдалы қазбалардың едеуір қоры бар.

Металлургия өнеркәсібіндегі басты кәсіпорын «Южполиметалл» ЖАҚ (қорғасын және т.б. өнімдері); машина жасау саласының жетекші кәсіпорындары: «Карданвал» ААҚ (автомобильдер мен тракторлар үшін кардан біліктері мен айқастырмалар шығару, «Южмаш – К» ЖАҚ (ұстаханалық престеу машиналары, қосалқы бөлшектер мен құрал — жабдықтар шығару), «Электроаппарат» ЖАҚ (қуатты ажыратқыштар және басқа да өнімдер шығару), «Эксскааватор» ААҚ, «Кетау трансформатор зауаты» ААҚ және «Түркістан - насос» АҚҚ (өнеркәсіптік сорғылар шығару).

«Карданвал»ААҚ - Қазақстан мен Орта Азиядағы УАЗ, ВАЗ, РАФ, «Москвич» жеңіл автомошиналары, «Беларусь» тракторлары үшін кардан біліктері мен айқастырғыштар және агроөндіріс кешендерінің машиналары үшін қосалқы бөлшектер шығаратын бірден - бір кәсіпорын. «Южмаш»ААҚ ұстаханалық - престеу машиналарын, қосалқы бөлшектер мен жабдықтар шығарды.

«Электроаппарат» ААҚ - жоғары вольтті аппартура, күштеп ажыратқыштар және халық тұтыну тауарлар шығарады.

Жеңіл өнеркәсіп орындарының ішінде жетекші орын алатындар: «Восход»АФ ААҚ – саланың ең ірі кәсіпорны, жүн және жартылай жүннен тігін бұймдарын шығаруға мамандандырылған, негізгі өнімдері: ерлер мен әйелдердің сыртқы киімдері, күш құрамдары үшін форма киім, мұнай өңдеуші кәсіпорындардың қызметкерлеріне арнаулы киімдер. ААҚ жанында «Восход и К» және «Восход и ЮГ» ЖШС жұмыс істейді, олар кәсіпорындарды сегпенттеу нәтижесінде ұйымдастырылған. «Восход и К» костюмдер, пальтолар, курткалар, т.б. шығарады, ал «Восход и ЮГ» бұрынғы «Эластик» жоғары сапалы жіптен шұлық тоқумен айналысады.

«Адал»ЖШС тоқыма өнімдері, қазіргі кезде кәсіпорын мақта талшығын өндіруден бастап, дайын өнім шығарумен аяқталатын цикл бағдарламасын жасау үстінде.

«Эластик и К» АҚ - фабрика ай сайын 200 мың жұп жылы шұлық шығарады, бұл бұйымдар мақта - мата және жартылай жүн, махрадан жасалады, ерлерге, балаларға, әйелдерге арналған. Құрылыс материалдарын «Шымкентцемент» ААҚ («портлэнд» маркалы цемент), «Құрылыс материалдары» ААҚ (құрылыстық кірпіш) және басқа да кәсіпорындар шығарады.

«Шымкент май» ААҚ өсімдік майын, тропиктік стеарин (пальма майы), кірсабын шығарады, «Шымкент сыра» ЖАҚ - сыраны сыйымдылығы 50 литрлік КЕГ-ке құюға арналған, қуаттылығы 240 КЕГ/сағаттық жоғары технологиялық желі іске қосылды, ол өнімді 1777 мың декалитрге дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Шетел шикізаты негізінде жұмыс істейді. Өнімді өткізу, коммерациялық – делдалдық фирма «КиМ» ЖШС арқылы іске асырылады «Визит»АҚ салқын сусындар шығарады.

«Шымкент макарон фабрикасы» ААҚ әртүрлі ұн және макарон өнімдерін береді. «Теріден аяқ киім тігу зауытық ЖШС - ірі қараның терісін өңдеумен айналысатын, дамып келе жатқан кәсіпорын. Аталған кәсіпорындардан басқа қала шаруашылығының әртүрлі саласында көптеген ұсақ және орта бизнес кәсіпорындары жұмыс істейді.

Коммуналдық қызмет, қалалық және қалааралық жолаушы таситын көлік шаруашылығы дамыған.

ҚР үкіметі қабылдаған іс - шараларға сәйкес келешекте эспортқа бағытталған және импорттың орнын басатын өнімдерді шығарушы кәсіпорындар мен жаңа жұмыс орындарын ашуға қолдау көрсетуге басты назар аударылмақшы.

Экономика саласындағы жағдайды барлығынан бұрын облыстың қалалары мен селоларының сыртқы пішіндеріндегі өзгерістерден байқауға болады. Соңғы бір - екі жылдың ішінде Шымкенттің, басқа да қалалары мен аудан орталықтарының көшелері мен алаңдары күрт өзгерді.

Соңғы жылдары еліміздің өмірінде болып жатқан күрделі өзгерістер қоғамның әлеуметтік бейнесінің өзігеруіне де әсер етті. Бірақ біздің адамдарымызды танымал еткен негізгі қасиет – ерекшелік өзгеріссіз қалды.

Ия, біздің берекелі өлкеміздің тұрғындарына тән ерекше «түстік» ділі соңғы жылдардағы қол жеткен елеулі жетістіктеріміздің негізі болып табылады. Ол ерекшелік ғасырлар бойында Ұлтаралық қатынастардың қара қазанында қайнап пісті. Нәтижесінде оңтүстік қазақстандықтардың мінез -құлқында бірден көзге түсетін сипаттар қалыптасты, ол ақкөңілділік пен қонақжайлылық, еңбекқорлық пен ерекше «түстіктік» белсенділік. Мұның барлығы қосылып, өлкенің табиғат сыйлаған бірегейлігін сақтауға және аға ұрпақтың мұраға қалдырып кеткен байлығын көбейте түсуге қабілеттілігінің дәлелі бола алады.

Құрылыс. 2004 жылы тұрғын үй құрылысына жалпы алғанда 2043750 теңге бөлінді. Оның ішінде әлеуметтік аз қамтылған тұрғындар үшін коммуналдық тұрғын үй құрылысына қайтарымсыз негізде 393750 теңге, ал несие негізівде 1650000 теңге ипотекалық несиелеу жолымен іске асырыла-тын тұрғын үй құрылысына бөлінген.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаментінің басшылығымен коммуналдық тұрғын үй құрылысына бөлінген қаржы есебінен Шымкент қаласында Желтоқсан көшесіндегі жалпы алаңы 8100 м2 тоғыз қабатты тұрғын үй құрылысы аяқталды. Пәтерлер тұрғындардың әлеуметтік қорғалған бөлігіне бөлінді.

Облыстың аудан, қала, ауылдық әкімгершіліктерімен бірлесіп, ипотекалық

Қорытынды

Су – табиғаттың құнды сыйы. Су – өмір бұлағы, өндірістің дамуы үшін қажетті жағдайлаодың бірі. Ол қамқорлықпен қарауды,ысырапсыз жұмсауды қажет етеді. Халық жиі орналасқан аудандарда судың тапшылығы шаруашылықты өркендетуге және адам өміріне қиындық келтіреді.

«Су – тіршілік көзі» деп халқымыз тегін айтпаған. Сусыз тірі организмнің өмір сүруі мүмкін емес. Қазақстандағы өзендердің ластануы ең алдымен айналадағы ортаға әсер етіп, флора мен фаунаның бірітіндеп жойылуына алып келеді. Сонымен қатар сүзек, сары ауру, тырысқақ және басқа да жұқпалы ауру түрлерінің таралуына, өршуіне себеп болады. Су ресурстарына суқоймаларына, өзендерге, көлдерге және ағын суларға тазартылмаған немесе шала тазартылған өндірістік-тұрмыстық және ауылшаруашылық қалдық судың ағызылуынан ластанады. Су айдындарының тазалығын сақтаудың ең басты жолы – өндірісте пайдаланылған суды тазартып, қайта айналысқа қосатын тұйық өндірістік цикл тәсілін қолдану. Әзірше мұндай әдісті Жезқазған кен байыту комбинаты, Павлодар алюминий заводы, Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты қолдануда. Еліміздің климаты құрғақ, жазы ыстық болуына байланысты оңтүстік өңірлерде ауыл шаруашылығы дақылдарын қосымша суландыруды қажет етеді, сондықтан суармалы егіске суды үнемдеп жұмсаудың маңызы зор.

Қазақстанның батыс аудандарында жаңа мұнай газ кен орындарын игеру тәжірибесінен мұнай тек суды ғана емес, бүкіл айналадағы ортаны да ластайтыны да байқалады. Суға төгілген мұнай су бетіне жайылып, оған оттегінің өтуіне кедергі жасайды. Ал суда оттегі болмағандықтан, ондағы тірі организмдер қырыла бастайды. Су сияқты аса бағалы табиғи байлықты тиімді пайдалану мен қорғау қазір бүкіл дүние жүзілік проблемаға айналып отыр. Ластанған суды механикалық, химиялық және биологиялық жолдармен тазартады.

Бөгендер Қазақстан аумағында жер беті ағындарын реттеу мақсатында өзен арналарын бөгеу арқылы жасалады. Егер көлемі кіші ойыстарды бөгейтін болса, оларды тоған деп атайды. Бөгендер, негізінен, халықтың қажетін өтеу үшін жасалады. Бөгендер су айдынының алып жатқан ауданына қарай төртке бөлінеді:

  1. 50 км2-ге дейін - кіші,

  2. 250 км2-ге дейін-орта,

  3. 1000 км2-ге дейін - ірі,

  4. одан үлкендері - аса ірі бөгендер.

Қазақстанда қазір 4 мындай бөген мен тоған бар. Алып жатқан ауданы 10 мың км2. Оларда 90 км3 түщы су жиналған. Республикада 2 өте ірі, 1 ірі және 6 орта бөген бар, қалғандары - кіші бөгендер. Бөгендердің көбі Орталық, Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда шоғырланған: Бұқтырма, Қапшағай, Шардара, Самарқан, Бөген, Акдел, Молодежное, Шерубай-Нүра, Кенгір, Өскемен т.б. Осы аймақтың 20 бөгенінін. су айдыны (акваториясы) 8,7 мың км2-ді (барлық бөгендердің 87%-ы) құрайды, ал | су көлемі 86 км2-ден (барлық бәгендердің 95%-ы) артық. Бөгендердің шаруашылық маңызы зор. Оларды энер-гетикалық, траспорттық, ирригацияльщ, рекреациялық мәселелерді шешуде, спорт, балық аулау бағдарлама-ларында пайдаланады.

Шардарада су тастайтын үш құрылым бар. Біріншісі су электр стансасы. Одан секундына 1600 текше метр су өтеді, қазір жөндеуден өткеннен кейін 1800 текше метрге дейін өсті. Екіншісі секундына 200 текше метр су алатын Қызылқұм каналының бас гимараты. Үшіншісі Арнасай апаттық су тастамасы. Жоба бойынша секундына 2160 текше метр су өткізе алады. Қазіргі кезде, Өзбекстанның байлап тастауына байланысты, су өткізу қабілеті секундына 600 текше метр.

Шардара ирригациялық режимде жұмыс істейді, яғни жазды күні пайдалы көлемі түгелдей дерлік егін суаруға пайдаланылады да, қыс бойы су жиналады. Жыл сайын наурыздың аяғында жобалық көлемдегі су жиналады. Шардара толып тұрған кезде, Қызылқұм каналын қосып алғанда секундына 1800 текше метр, Арнасайға секундына 600 текше метр, барлығы 2400 текше метр ғана жібере алады. Шардара су қоймасы баяу толтырылып Сырдарияға құйылып жатқан су көлемі 100 текше метрге дейін азайтылды. Биылғы жылы бізде су тапшылығы байқалады. Шардара су қоймасына құйылып жатқан су баяу жылдымдықпен ағуда. "Достық " арнасына да су көлемі жеткіліксіз". Бүгінде су қоймасындағы көлем 5 млрд 189 млн текше метр суды құрайды. Ал жоспар бойынша 5 млрд 400 млн текше метр суға толтыру керек. Бүгінгі күні су қоймасына секундына 209 текше метр су қосылып жатса, Сырдария арнасына тасталып жатқан су көлемі секундына 100 текше метрді құрайды. Ал Қызылқұм арнасына секундына 60 текше метр су қосылуда.

Сонымен қатар өлкемізде Қаратау жоталарынан бастау алатын Кентау маңында орналасқан «Қарашық», «Тассарай», «Байылдыр», «Итсиген», «Біресек» деген өзендер бар.

«Қарашық» өзені Қарнақ ауылын кесіп өтіп «Ермек-өзен» су қоймасына құяды. Бұл су қоймасының сыйымдылығы 10 млн. куб метр.

«Ермек - өзен» су қоймасы Қарнақ ауыл шаруашылығын суландырады. Хантағы елді-мекенін кесіп өтетін «Тастақ», «Біресек» өзендері «Қосқорған» су қоймасына барып құяды. Одан басқа «Қосқорған» су қоймасы жылына 100 млн. куб метрден астам су қорын, яғни 78 пайыз суды «Кентаукеніштарату» кенішінің кен асты суларынан жинайды. Су жүргізу желілері 286 шақырым, қаланы сумен жабдықтау және канализациялық қызметтерді «Су арналары» мемлекеттік комуналды кәсіпорыны жүзеге асырады. Байылдыр елді мекенін кесіп өтетін «Байылдыр» өзені бастауын тау арасындағы «Аша» деген жердегі «Дөңгелексай» су қоймасынан алады.

Жалпы су шаруашылығына дұрыстап көңіл бөлетін уақыт жетті. Біз барлық өзендердің төменгі ағысында отырмыз. Суымыздың жартысына жуығы көршілерден келеді. Жыл өткен сайын су саласындағы қарым-катынасымыз күрделеніп барады. Суды басқару, оны тиімді пайдалану мен қорғау саласында толыққанды кешенді саясат болуы керек.

Қолданылған әдебиеттер тізімі


1. Т.Байболат, Р.Н.Кенжебаева «География» Алматы 2009, 24-28 б.

2. Ә.С.Бейсенова «Қазақстанның географиялық атласы» Алматы 2010.

3. М.К.Нұрмағанбетов «Жер судың аты,тарихтің хаты» Алматы 2009.

«География және табиғат» 20012,№6

4. Н.М. Жақанбаева «География» Алматы 2011,114-116 б.

5. Ә.С. Бейсенова «Экология» Алматы 2000, 154-166 б.

6. Ғ.С. Гарапова, Н.М. Жақанбаева «География» Алматы 2007,114-116 б.

7. «Қазақстан Ұлттық энциклодедиясы» Алматы 2010, 3 том

8.«Қазақ Совет энциклодедиясцы» Алматы 1975, 2 том

9. Атамекен газеті, Алматы 2014, №88

10. Егеменді Қазақстан 2014-2015,№1235 11.05.24.№4377 12.06.28

11. Жетісу газеті .Талдықорған 2015, №82

12. Интернет. Ak orda.kz. сайты

13. А. Басшов «Экология және таза су проблемасы» Алматы 2003,12-25

14. Экологическое состояние окрущающей среды в Республике

Казахстан. Алматы, 1992.

15.ГельдыеваГ.В.,НадыровШ.М.Проблемысовместного использования водных ресурсов Или-Балхашского региона //Материалы международной юбелейной научно-практической конференции. КАЗНИИМОСК. Алматы. – 2010. С.17-25.

16. Водные ресурсы Казахстана в новом тысячелетии. Алматы, Рауан, 2009. С.74-86.

17. Надыров Ш.М., Темирбеков А.Т., Дуйсенбаева К.Д., Опабеков М.А.

Орталық Азиядағы трансшекаралық өзен сулары ресурстарын пайдаланудың экономикалық географиялық мәселелері. //ҚазҰУ хабаршысы, экология сериясы, 2010. №1, 58-59 б.

18. Бейсенова Ә., Самақова. А., Есболов. Т., Шілдебаев Ж. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Алматы, - Рауан. 2011. 301-303 б.




Автор
Дата добавления 23.01.2016
Раздел География
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров891
Номер материала ДВ-370805
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх