Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Ғылыми жоба:Бастауыш сыныпта пән олимпиадасын өткізудің мазмұны

Ғылыми жоба:Бастауыш сыныпта пән олимпиадасын өткізудің мазмұны

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ПӘН ОЛИМПИАДАСЫН ӨТКІЗУДІҢ МАЗМҰНЫ


Елиясова Гүлбану Исаевна

Социал негізгі мектебі бастауыш сынып мұғалімі

Шал ақын ауданы Солтүстік Қазақстан облысы


Зерттеу жұмысының өзектілігі:

Бүгінгі таңда Елбасымыздың негізгі мәселелердің бірі етіп қойып отырған тапсырмасы-сапалы білім беру.Еліміздің болашағы – жасөспірім балалары-

мыздың толқынды білім алып жетілуіне қолдан келген жағдайдың бәрін жасап көзделіп,жүзеге асырылып келеді.

Ұстаздақ еткен жалықпас ,үйретуден балаға демекші,біз де өз білім ордамызда,Жас ұрпақтың жан-жақты білім алуына өз үлесімізді қосудамыз .

Білім нәрінің алғашқы құнары –бастауышта ,бастауышта алған білімін біртіндеп қызықтырып,дамыта отырып,жоғары дәрежелі ,ойлау қабілеті өсімпаз ұрпақ өсіру біздің міндетіміз.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

Мен де өзімнің педагогикалық еңбегімнің әр күнін,әр сағатын сапалы білім беруге жауапкершілік аламын, өйткені әр бала ол –жеке тұлға .Әр тұлғаның өзіндік ерекшілігі бар.Сондықтан сол ерекшелікті,талпынысты, қызығушылық-

ты ашу ол-мұғалімнің міндеті.

Зерттеу жұмысының теориялық негіздері:

Жалпы білім беретін орта және негізгі мектептеріндегі бастауыш сынып оқушыларының қабілетін, білім деңгейін, ой-өрісін, дүниетаным түсініктерін

анықтау мақсатында бастауыш сынып оқушыларының пәндік олимпиадасы тиімді деп саналады.


Зерттеу жұмысының мақсаты:

Бастауыш сыныпта өтілетін олимпиаданың мақсаты: бағдарлама барысында өтілген тақырыптарға сараптама жасай отыра ,логикалық ойлау дағдысын дамытып, шығармашылық , деңгейлік қабілеттерін арттырады.

Бастауыш сыныптың қазақ тілі, математика, дүниетану, ана тілі пәндерінен

оқу бағдарламасына сүйене отырып тапсырмалар алынды.

Зерттеу жұмысының болжамы.

3,4 сыныптарының математика пәнінен құрастырылған тапсырмалары 2 турдан: 1 тур оқу бағдарламасы көлемінде болса, 2 тур логикалық ойлауға, шығармашылық және деңгейлік тапсырмаларға негізделді.

Қазақ тілі пәні бойынша құрастырылған тапсырмалар оқу бағдарламасында

өтілген тақырыпқа сай тест жұмыстары , белгілі тақырыпқа шығарма жазуға, берілген кейіпкерлерді қатыстырып ертегі құрауды, шағын әңгіме жазуды талап етті. Мұнда оқушылардың ой-өрісі, қиялы, сауаттылығы ескеріледі.

Дүниетану пәні бойынша құрастырылған тапсырмалар 1 турда оқу бағдарламасын қамтыса, 2 турда өзекті мәселе «Суды қорғау», « Табиғатты қорғайық » атты оқушының шығармашылық жұмысын қамтиды.

Олимпиада тапсырмалары балалардың және сыныптың білім деңгейіне қарай

жеңілдетіліп және күрделендіріп алынуына болады.

Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысын жазу барысында дәстүрлі ғылыми сипаттама, салыстырмалы, кешенді талдау, жүйелеу, жинақтау әдістері пайдаланылды.

Зерттеудің теориялық және практикалық мәні. Зерттеу жұмысында жасалынған тұжырымдар мен нәтижелерді бастауыш сынып мұғалімдері семинар сабақтар барысында, өзара тәжірибе алмасуда бастауыш сыныптарға қатысты оқылатын арнайы курстарда пайдалануға болады.



Олимпиада тапсырмаларының түрлері:

1.Тест тапсырмалары

1) тест сұрақтары мен жауаптың нұсқаулары нақты қойылып мейлінше түсінікті
2)сұрақ оқушының өз бетінше ойлауына жауаптарды салыстыра отырып ,
3)тест әзірлеуде сұрақтардың әр түрлі дәрежеде құрастырылуы және
4)тест сұрақтарының ғылыми түрде жасалуы және тақырыпты толық қамтуы;
 
5)сұрақтардың оқушылардың теориялық мәселелерді білуімен қатар алған білімін іс-тәжірибесімен ұштастыра білуі де көзделеді.

2.Жазбаша бақылау жұмысы

I және II нұсқада оқу бағдарламасына сүйене отырып өтілген тақырыптарға сай тапсырмалар алынады.

3Логикалық тапсырмалар

Қызығушылығын арттыру , ойлау және қабылдау қабілеттерін дамыту,

шығармашылық ізденісін дамыту мақсатындағы тапсырмалар.

4.Деңгейлік тапсырмалар

Оқушы жеңілден ауырға қарай тапсырмаларды орындайды, тапсырмалар жас ерекшеліктеріне сай алынады, оқушы тапсырмаларды орындауда өздеріне сенімділік білдіреді, пәнге қызығушылығы арта түседі.

5.Билет түріндегі тапсырмалар

Оқу бағдарламасына сүйене отырып ,өтілген материалдар бойынша билет түрінде

тапсырмалар алуға болады.Ол тапсырманы екі немесе үш сұрақтан құруға болады.





Олимпиада тапсырмаларының үлгілері

Тест түріндегі тапсырмалар

Дүниетану

1.Табиғатқа жататындарды белгіле.

А)ай,күн,өзен,құс,ағаш Ә)трамвай,есік,мектеп

Б) ауыз,мұрын,тіл


2.Табиғат құбылыстарын белгіле.

А).тау,бұғаз,аспан Ә).қар,жаңбыр,боран

Б) глобус, көбелек, тақта


3. Табиғат заттарын белгіле

А) тау, тас, бұта Ә) қар, жауын, бұршақ

Б) трамвай. Есік, мектеп


4. Құстың ұшуына қарап адам нені ойлап тапқан:

А) ұшақ жасау Ә) егістікті қолдан суару

Б) сүңгуір қайық жасау


5. Балыққа қарап нені ойлап тапқан?

А) ұшақ жасау Ә) егістікті қолдан суару

Б) сүңгуір қайық жасау

6. Адам қолымен жасалатын заттарды тап

А) күн, су,ауа Ә) адам, өсімдік жануар

Б) үй, есік, терезе


7. Адам қолымен жасалатын құбылыстар

А) өсімдік, жануар, дам Ә) бұта, шөп, тау

Б) шамның жануы,машинаның жүруі, ұшақтың ұшуы


8. Дәм сезу мүшесін белгіле:

А) көз Ә) құлақ Б) тіл


9.Сипап сезу мүшесін белгіле:

А) көз Ә) тері Б) құлақ


10.Адам жанының арашашысы деп қандай мамандық иесін айтамыз?

А) ғарышкер Ә) дәрігер

Б) жүргізуші




Жазбаша бақылау жұмысы

I нұсқа

1. Есепте: 135*2= 245: 5

143*4= 396: 3

2.Амалдарда орында: 802-(414-82)+(395-109)

3* (421-325) :2


3. Теңдеуді шеш : 183-х=3*12

70*у=250+150+230

4.Есепті шығар: Сөз есептің мәтіні

II нұсқа

1. Есепте: 265*2= 246: 6=

413*4= 486: 2=


2.Амалдарда орында: (119+78)-(540-509)+405

980-(745-199) : 2


3. Теңдеуді шеш : 60*х=20*27

у+125=250*4

4.Есепті шығар: Сөз есептің мәтіні


3Логикалық тапсырмалар


1.Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды? ( балықтар ағашта отырмайды және ұшпайды.) 
2.Алма ағашында 10 алма, ал үйеңкі ағашында одан 2 алма аз өсіп тұр. Үйеңкі ағашында неше алма өсіп тұр? (Үйеңкіде алма өспейді) 
3.Тақта алдында 3 бала тұр.Олар:Самат,Марат,Қанат. Марат ортасында тұр. Маратты қозғамай қалай шетке тұрғызуға болады? 
4.Үй тышқанның неше құлағы бар? 
5.Жанұяда 7 ер баланың бір-бірден қарындасы бар. Жанұяда қанша бала бар? (8 бала:7 ұл,1 қыз) 
6.Самат,Марат,Қанатты орындыққа әртүрлі ретпен қалай отырғызуға болады? ( а)Самат, Марат, Қанат. ә)Самат,Қанат,Марат. б)Марат,Самат,Қанат. в) Марат,Қанат, Самат. г)Қанат,Самат,Марат. ғ)Қанат,Марат,Самат.) 
7.Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны –он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін? (2 тауық, 2 бұзау) 
8.Үш ағайындының ішінде Асқар, Айдардан ұзын, ал Айдар Жарастан ұзын. Кім ұзын бойлы Жарас па әлде Асқар ма? (Жарас Асқардан аласа) 
9. Екі адам қалаға келе жатып жолда тағы 5 ауылдасын кездестірді. Қалаға ауылдан неше адам келе жатыр еді? (2 адам) 
10. жанар меАнар-апалы-сіңілі. Жанар 2 інісі бар екенін айтты. «Менің де екі інім бар,» -деді Анар. Бұл үйдің неше баласы бар? (төрт баласы бар.) 


«Біз жүз қаз емеспіз, егер біз қанша болсақ, сонша қаз оның жарытсы,  ж/е сені қоссақ, сонда ғана 100 боламыз»
Сонда топ
қаздың саны нешеу болған?
Шығарылуы: х + х + х + х + 1 = 100
2х + х = 99           17х = 396.  х = 36. Ж/бы: 36
қаз
Логикалы
қ ойлауға сандық жаңылтпаштарды алуға болады. Мысалы:
        1          1
        11         11 = 121
    111           111 = 12321
1111             1111 = 1234321
Логикалы
қ есептеулерге цифрограммалар, әр түрлі басқатырғылар т.б жатады.

1.Қоян 4 сәбіз жегеннен кейін ода тағы 5 сәбіз қалды.Қоянда қанша сәбіз болды? 
2.Ара бақбақтан тосап қайнатты.Ол досына 3 банка бергеннен кейін, 7 банка қалды.Арада қанша банка тосап болды? 
3.Бөбектер ұшу шарында 2 километр ұшқаннан кейін, оларға тағы 3 километр ұшу қалды. Бастапқы кезде Бөбектерге қанша километр ұшу қажет болды? 
4.Суретші қорабынан 6 бояу алғаннан кейін, 4 бояу қалды. Суретшіде қанша бояу болды? 
5.Қоян көжектеріне 4 сәбіз бергеннен кейін, тағы 3 сәбіз қалды. Қоянда қанша сәбіз болды? 
6. Себеттен 5 алма алғаннан кейін, онда тағы 5 алма қалды.Себетте қанша алма болды? 
7.Карлсон 6 тәтті нан жегеннен кейін, 4 тәтті нан қалды. Қарлсонда неше тәтті нан болды? 
8. Айдана 5 гүлге су құйғаннан кейін 2 гүлге су құйюқа үлгерген жоқ. Айдананың гүлзарында қанша гүл өсіп тұрды? 
9.Винни- Пух 4 бөшке бал жегеннен кейін, тағы 2 бөшке бал қалды.Винни- Пухта қанша бөшке бал болды? 

10. Пошташы 8 журнал таратқаннан кейін сөмкесінде 2журнал қалды.

Пошташыда неше журнал болды

«Есеп білсең, есең түгел»

Бос торкөздерге 5- тен бастап 8-ге дейінгі сандарды жазып шық. Бірақ ол сандар көлденең және тік көздерге бірін-бірі қайталамасын. Сондай-ақ қалың сызықпен бөлінген төрт кішкене тор көздерде бұл сандар бір- бірін қайталамайтын болсын.

 




7

8

5

6

6

7

8

5

5

6

7

8

8

5

6

7

 

Деңгейлік тапсырмалар . Қазақ тілі.

1-деңгей. (5- ұпай). 
Берілген мәтіннен зат есімдерді теріп жаз.
1.Зат есімнің тәуелденуі не? 
2. Кітап сөзін тәуелдеу. 
3. Өлеңді мәнерлеп оқып , тәуелді сөздерді табу 
2- деңгей. (10 ұпай). 
1- деңгейдегі алған білімдеріне негізделіп құралады. Дұрыс орындай алмаған
-ым , - ім , 
- ың, - ің, 
- ы, - і, 
2 . Жекеше және көпше түрде тәуелденеді 3. Зат есімнің жеке қасиеттері. 

3-деңгей. (15 ұпай). 
Бұл эвристикалық болғандықтан , оқушы тақырып бойынша негізгі
 
1.Сөз таптарының қай түрі тәуелденеді?
 
2.Бір сөзді қосымшалар арқылы тәуелдеп зат есімге айналдыру.
 
4- деңгей. 
1.Зат есімнің тәуелденуін басқаша тұрғыда өзгерте алуы. 
2. «Болашақ заманға саяхат» тақырыбына ой қозғау.
 


Билет түріндегі тапсырмалар


1

1.Абай Құнанбаевтың «Қыс»өлеңін жатқа айт

2.Зат есім дегеніміз не?(Ережесін айт,мысал келтір)

3.Кітап сөзіне дыбыстық талдау жаса



2

1.Ы.Алтынсариннің «Асыл шөп» әңгімесінің мазмұнын айт

2.Қандай ?Қай ? сұрағына жауап беретңн сөз табын ата (Ережесін айт,мысал келтір)

3. Далада қалың қар жауды .- сөйлемін сөйлем мүшесіне талда.



3

1.Оқу бағдарламасы бойынша өзің жаттаған өлең шумақтарынан үзінді оқы

2.Дыбыс дегеніміз не ? Ережесін айт, мысал келтір.

3.Құрылысшылар сөзін сөз құрамына талда







Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 07.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров942
Номер материала ДВ-039681
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх