Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Презентации / Ғылыми жоба.Мысық бойындағы физикалық құбылыстар
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Физика

Ғылыми жоба.Мысық бойындағы физикалық құбылыстар

библиотека
материалов



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

«Теміртау қаласының Ғабиден Мұстафин атындағы №5 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі







БАҒЫТЫ:Жер және Ғарыш туралы ғылым

СЕКЦИЯСЫ:Физика



Жоба тақырыбы:


«Мысық бойындағы физикалық құбылыстар»




Орындаған: 7«А» сынып оқушылары Бекқуанышева Жанар, Қуандыкова Диана.

Жетекшісі: физика пәні мұғалімі Муртазаев Марат Нуралиевич












Теміртау- 2013 ж




Мазмұны.

Аннотация........................................................................................................…..2

Кіріспе....................................................................................................................3

Қолданылған әдебиетке шолу............................................................................5

Мысық бойындағы механика.................................................................................5

Мысық бойындағы жылулық құбылыстар............................................................6

Мысық бойындағы электрлену...............................................................................7

Мысық бойындағы оптика......................................................................................7

Мысық бойындағы акустика...................................................................................8

Сезімталдығы ерекше жануар.................................................................................8

Мәліметтер..............................................................................................................9

Зерттеу әдістері..............………………………………………………………….. .. 13

Зерттеу бөлімі.

Физикалық шамаларды өлшеу..........................................................................14

Механикалық шамаларды өлшеу...........................................................................14

Электрлік дәрежесін анықтау..................................................................................15

Жылулық шамаларды өлшеу...................................................................................16

Қорытындылау. .................................................................................................….17

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...............................................................……18

Пікір ................................................................................................. .................……19

Зертеу журналы






















1


Аннотация

Жоба мақсаты:

Үй жануары мысықтың жүріс-тұрысынан физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды тауып, бізге белгілі физикалық шамаларды өлшеу.


Міндеттер:

1.Мысық бойындағы механикалық, жылулық, электрлік, оптикалық, толқындық құбылыстарға физикалық сипаттамалар беру.

2.Мысықтың бізге белгілі физикалық шамаларын өлшеу арқылы жануарлар әлемімен физика арасындағы байланысты анықтау.

3.Теориялық мәліметтер мен тәжірибе нәтижелерін салыстырып қорытынды шығару.


Болжам:

Физика табиғат туралы ғылым болғандықтан,осы ғылымның заңдары мысық өмірінде де байқалуы тиіс және мысық бойындағы құпиялы құбылыстарды физика ашуға қабілетті.

Зерттеу әдістері:

  1. Жалпы теориялық

  2. әлеуметтік

  3. математикалық


Жобаның өзектілігі:

Физика–табиғат туралы ғылым. Адамдар, жануарлар осы тылсым табиғаттың бір бөлшегі, демек физиканың барлық заңдары бізде де, жануарлардара да өзінің көрінісін табады. Осы шамаларды өлшеу арқылы көптеген жаңа физикалық масса, қысым, жылдамдық, температура сияқты шамалармен таныстық.

Күтілетін нәтиже:

Егер мысық бойындағы құбылыстарга зерттеулер, талдаулар толық жүргізілсе, онда физика ғылымының жануарлар әлемімен тығыз байланыста екеніне көз жеткіземіз.


Міндеттер бойынша қорытынды:

  1. Мысық бойындағы механикалық, жылулық, электрлік, оптикалық, толқындық құбылыстарға анықталып,оларға сипаттамалар берілді.

  2. Мысықтың бойындағы құбылыстар құбылыстарды сипаттайтын физикалық шамаларын өлшенді

  3. Барлық теориялық мәліметтер мен тәжірибе нәтижелері салыстырып қорытынды шығарылды.




2


«Менің мысығым радиоқабылдағыш секілді

Жасыл көзімен әлемді ұстайды...»

А.Вознесенский

Кіріспе

Жануарлар әлемі-бұл ғажайып ертегі елі.Бұл әлем ұлы ашылулар мен таңдану,сүйіспеншілік пен адалдық ,шындықпен әділеттілік елі.Мысықтар-ең қызықты,өте тәкаппар және еркіндікті сүйгіш жануарлар.Алғашқы мысық тұқымдастары шамамен 500 жылдай бұрын пайда болған деген болжам бар.Бұл жануарлардың денесі оңай созылады,аяғы қысқа,иіс түйсігі өткір,есту қабілеті нәзік және көру қабілетті ерекше.Мысық адам даусының ырғағын немесе интонациясын ажыраталады.Олар сезімді жағымды және жағымсызға бөле алады,өзінің қанағаттанғанын не қанағаттанбағанын, қуанышын және қайғысын,қорқынышын,сенімін,жек көруді және ашуды да білдіре алады.

Бұл жобаны зерттеудегі біздің мақсатымыз біріншіден: бізді қызықтырған мысықтың жүріс-тұрысынан физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды тауып, бізге белгілі физикалық шамаларды өлшеу.Алға қойған мақсатымызға жету үшін өз алдымызға мынадай міндеттер қойып отырмыз:

1. Мысық денесіндегі механикалық, жылулық, электрлік, оптикалық, толқындық құбылыстарға физикалық сипаттамалар беру.

Мысық бойынан,жүріс-тұрысынан көптеген физикалық құбылыстарды көруге болады.Олар механикалық құбылыстар: мысықтың жүрісі,жоғарыдан құлауы,мысық анатомиясындағы жай механизмдер,мысық формасының ерекшіліктері.
жылулық құбылыстар:мысық денесінің температурасы,мысықтың домаланып жатуы,
электрлік құбылыстар: мысық жүнінен үйкелу нәтижесінде дененің зарядталуы

оптикалық құбылыстар:мысық көзінің құрылысы,көзінің ерекше қабілеттері

толқындық құбылыстар немесе акустика:мысықтың пырылдауы, «көз арқылы естуі».

2.Мысықтың бізге белгілі физикалық шамаларын өлшеу арқылы жануарлар әлемімен физика арасындағы байланысты анықтау.

Мысық бойынан,жүріс-тұрысынан көптеген құбылыстарды анықталғаннан кейін,сол құбылыстарды сипаттайтын физикалық шамаларды,әртүрлі құралдар қолданып, физикалық формулаларды арқылы есептеп шығаруға болады.Біз бұл ғылыми жобамызда мысықтың орташа қозғалыс жылдамдығын,денесінің массасын, температурасын, тығыздығын,жүнінің электрлену дәрежесін,тіреуге түсетін қысымын өлшедік. Тәжірибе жүргізу барысында мынадай физикалық приборлар қолданылды: рулетка, секундомер,мензурка,эбонит таяқшасы, электроскоп, термометр,транспортир және таразы.

3. Теориялық мәліметтер мен тәжірибе нәтижелерін салыстыру қорытынды шығару.

Мысық бойындағы құбылыстарды тауып , сол құбылыстарды сипаттайтын физикалық шамаларды тәжірибе жүзінде өлшегеннен кейін, алынған барлық өлшеу нәтижелерін кестеге түсіріліп, өзара салыстыру жұмыстары жүргізілді.

Мысықтың орташа қозғалыс жылдамдығын өлшенгенде,алынған нәтижесін басқа да жануарлардың орташа жылдамдықтарымен салыстырылды.

Мысық денесінің массасын екі рет өлшеніп, арасындағы айырмашылық анықталып және соның себебтері түсіндірілді.

Мысықтың тығыздығы өлшеніп,өлшеу нәтижесі бойынша,ол су тығыздығына жақын екені белгілі болды.

Мысықтың тіреуге түсіретін қысымы әр түрлі қалыпта өлшеніп,олардың арасындағы айырмашылық нәтижелері салыстырылды.

Мысықтың бөлме ішіндегі жүннен электрлену дәрежесі екі жағдайда өлшеніп,өлшеу нәтижелері өзара салыстырылды.

Бір күннің әр түрлі уақыттында мысық денесінің температурасы өлшеніп,оның денесінің температурасы оның белсенділігіне байланысты екеніне анықтадық.


3

Болжам:Егер біз мысық бойындағы құбылыстарды анықтап,сол құбылыстарды сипаттайтын физикалық шамаларды өлшейтін болсақ,мысықтың өмірінің физика ғылымымен тығыз байланысты екеніне көз жеткіземіз.









































4


Қолданылған әдебиетке шолу

Біз бұл ғылыми жобада мысықтың бойынан физика тұрғысынан қарастыруға болатын мынадай мәліметтерді, құбылыстарды анықтадық: ол мысықтың жүрісі,жүгіруі, секіруі,жоғарыдан құлағандағы қалпы,мысық анатомиясындағы жай механизмдер,денесінің ерекше қасиеті,көзінің көруі және есту туралы.

Мысықты зерттеу саласындағы мамандардың айтуы бойынша,оның денесі табиғаттың өзі жаратқан ең керемет анатомиялық жетістік,оның денесінің құрылысы және қозғалыс мәнері оның өмір сүруіне ыңғайлы етіп жаратылған.

1.Мысық бойындағы механика
1.1.
Мысықтың жүрісі.

Гершун В.И. «Домашние животные» кітабы
Мысық аяғының ұшымен жүреді. Оның аяғының табаны дөңгелектеу және оның қалдыратын ізі де дөңгелектеу болады.Ол жүгіргенде тырнақтарын ішке тартып,қалың және жұмсақ бармақтарының жастықшаларымен басады. Мысықтың жүгіруін немесе жүруін тербелмелі қозғалыс деп қарастыруға болады : ол біресе сол аяғымен,біресе оң аяғымен ауыспалы қадам жасап отырады. Бұл ерекше жүру мәнері,осы кезде дененің тепе-теңдігі бірде бұзылып,бірде орнына қайта келеді. Мысықтың қозғалысы өте жылдам және жеңіл. Мысық тіреуден кері итеріліп қозғалады.Осы кезде сыртқы күштер– ауырлық күші, үйкеліс күші, ортаның кедергісі, ағзаның ішкі күштерімен әсерлеседі. Қозғалыс бұлшық еттердің тыныштық үйкеліс күшімен бірлесіп жұмыс жасауының арқасында пайда болады.Жануардың жүгіруінде ерекше серпіліс пайда болады: аяғының әрбір кезекті серпілуі артып не кеміп ауысып тұрады. Мысық қолының 40 бұлшық етінің тек қана 1/5 бөлігін ғана қозғалуға жұмсайды екен,ал қалғанын олар кейбір күтпеген жағдайларға сақтайды екен, мысалы денеге салмақ шамадан тыс түскен кезде қолданылады. Мысық жүгіргенде өз жылдамдығын 50км/сағ-дейін жеткізуі мүмкін екен.Үлкен қашықтықты өтуге тырысып, мысық орнынан секіргенде,оның белі созылып ,ол оның қалықтауына мүмкіндік береді. Осындай кезде мысық кішкентай парашютке ұқсайды.Мысық секіргенде оның түгел бұлшық еттері күрделі амортизатор жүйесін құрайды,ол секіргендендегі алған энергиясын толық бітірмейінше,оның бұлшық еттері бір мезгілде қосылмай,кезектесіп бірінен кейін бірі қосылып отырады екен.


1.2. Мысықтың жоғарыдан құлауы

Медведев В. «Физика кошки» 2009 г кітабы
Ғарышқа көтерілуден алдын ғалымдар, ауырлық күші әсер етпейтін ортада ,ғарышкерлер кеңістікте қалай өзін басқара алатынын және кеме сыртында қалай қозғалатыны ойландырды.Осы сұрақтың жауабын іздеу барысында олар жоғарыдан құлап бара жатқан мысықтың керемет қасиетіне назарын аударды.Мысық жоғарыдан қандай қалыппен құламасын,ол бәрі бір төрт аяқпен жерге түсіп отырғанын байқаған.Осы туралы кино түсірілімдегі кадрлер қайта-қайта қаралды.Мысықтың барлық қозғалыс фазасы бірнеше рет таспаға түсірілді,ауадағы мысықтың өз өсінен айналуы ғалымдарды таңқалдырды,олар мұны оңай бүгілетін және созылатын белінің арқасында жасайтынын және бұл деформацияны мысық өте жақсы басқарып отыратынын анықтады.Құлап келе жатқан мысықтың құйрығы өз өсінен айнала қозғалып , бүкіл денесін кері бағытта айналуға мәжбүр етеді,бұл процесс ті мысық бірінші басын ,кейін бүкіл денесінің дұрыс тегіс қалыпқа келтіргенше жалғастырып отырады.Айналудың соңғы сатысында мысық белін майыстыра созып,қолдарын бір жерге жинайды,ал құйрығы амортизатор ролін атқарады.Мысықтың жерге түсу техникасы толық зертелгенннен кейін,осы техниканы ғарышкерлерде қолдана бастады. Мысықтың құйырығының атқаратын қызметін,ғарышкерлерде аяғының айналмалы қозғалысы атқарып отырды. Нью-Йорк қаласында үйдің 32 қабатынан құлаған мысық өлмей тірі қалған. Осындай биіктіктен құлаған мысықтардың 132-сінің ІІ-і ғана өлетін болып шықты. Яғни, үйлер неғұрлым биік болса, мысықтардың да сақтану мүмкіндігі солғұрлым мол болады екен. Өйткені, құлап

5


келе жатқан мысық өзінің қорғану, аман қалу «тетіктерін» көзді ашып-жұмғанша тез іске

қосады. Ол бейне бір көзге көрінбейтін айналдырғыш аппарат тәрізді. Соның көмегімен ол арқасымен құлағанда да өз осімен айналып, аяқтарының табанын жерге төсей қоятын көрінеді. Жерге жақындағанда құлау жылдамдығы арта түскенімен, мысық табанын жайып жіберіп, аяғына түсетін күшті азайта алады. «Мысықтардың жоғарғы биіктіктен құлағанды «жақсы көретінінің» себебі де - осы арадағы қашықтықты «басып өткенше» біраз уақыт өтіп, денесіне жайлы болатындай етіп «қонудың» әрекетін жасап үлгіреді».


1.3. Мысық анатомиясындағы жай механизмдер

М.Сүлеймен:Кәдімгі мысықтардың қасиеті 2008.Алматы
Бұл жануарлардың сұлбасынан рычагқа ұқсайтын сүйектерді көруге болады : бұл бас сүйегі, аузы, аяқтары. Одан басқа оларда жай механизмнің бір түрі бар –сына : ол оның өткір тістері, тырнақтары. Міне осылардың арқасында мысық жоғары қысым тудыра алады,бір жағынан олар қорғаныс қызметін атқаратын болса ,ал екінші жағынан шабуыл жасауына мүмкіндік береді, тіпті ол өзінің тырнағы және тістерімен қарсыластың терісін жыртып жіберуі де мүмкін екен.Одан басқа тағы бір бір сына– тілдегі бұдырмақ . Бұдырмағы бар мысықтың тілі щетка қызметін атқарады екен: сондықтан ол өзінің жүніндегі шаңды,қалдықтарды сол арқылы тазалап отырады.


1.4.
Мысық денесінің формасының ерекшілігі
Мысық шапшаң қозғалғандықтан,жүгірген және секірген кезде ауаның кедергісін сезіну үшін табиғат оны осындай күйде жаратқан.Мысықтың жүнін құрайтын түкшелер бір бағытта,тәртіпті рет орналасқан.Жүннің түкшелері артқа бір-біріне қарай жатқызылып тегіс бетті құрайды,одан басқа бұл оның жүнінің су болмауына және кез келген қуыстан,қалың бұталардан оңай өтіп кетуіне және шапшаң қозғалуына мүмкіндік береді.

1.5. Мысықтың пырылдауы.

Котигоренко Н.В. Все о кошках. – Киев, 1992
Барлық ұсақ мысық тұқымдастарының пырылдау қасиеті бар. Бұл өте қызық,еш қайталанбас,көңілді елжірететін,стресті түсіретін және тыныштық пен үйлесімділік символы болып саналатын дыбыс үні.
Мысықтың ми қабығында электр импульстері бар, олар дыбыс желбезегінің бұлшық еттеріне жетіп барып оларды жиырылуға мәжбүр етеді. Мысықтың « пырылдау аппараты », бас сүйекпен тілдің аралығында орналасқан және байланысып тұрған жұқа тіласты сүйекшелерден тұрады.
Ал дыбыс желбезегінің маңындағы созылу вибрацияны туғызады. Пырылдаған дыбысты мысық ауызбен,мұрынмен шығарады,ал вибрация мысықтың бүкіл денесіне таралады. Мысық өмірге қанағатанғанда,көңілі жайланғанда,тамағы тоқ болғанда және т.б көптеген жағымды эмоциялар олардың пырылдауына себепші болады екен.

2. Мысық бойындағы жылулық құбылыстар
2.1
Мысық денесінің температурасы.

Григорьев В.И., Мякишев Г.Я. Занимательная физика. – М.: Дрофа, 1996.
Қалыпты жағдайда мысық денесінің температурасы 38,0 – 39, 5 С аралығында болады, ал күшіктерінікі одан да жоғары болады. Дененің температурасы мысықтың физикалық және психикалық күйіне байланысты болады. Дем алу жиілігі минутына орташа 20-30 тыныс алу қозғалысына тең . Қоршаған ортаның температурасы жоғарылағанда немесе қатты мазаланғанда мысықтар ауызын ашып тыныс ала бастайды,ол оның жылу алмасуын арттыруға мүмкіндік береді. Жылуды бақылаудың функциясын мысықтың денесі қоршаған ортамен арасындағы жылу алмасу қызметі атқарады.Жылу алмасуды бақылау қызметін мысықтың аяқ ұшында орналасқан тер бездері де атқара алады.
Мысық күн суытқанда домаланып,бүктеліп жатады, ол мұны жылуды өзінде ұзақ уақыт сақтап қалу үшін жасайды, домаланып жатқан мысықтың ашық беткі қабаты кішірейіп осылай жылуды өзінде сақтап қалуына мүмкіндік береді.Бөлме жылыған сайын,

6


мысықтың бойының жазылуы да арта түседі, бұл процесс оның денесінің толық жазылып

біткеніне дейін жалғаса береді.Мысықтың аяқ табанының жастықшалары болмасада суық күндеріде аяғын үсітіп алмай қар бетімен еркін жүре алады ,себебі олардың аяқ жастықшаларында мысықтың температурасын күрт түсіп кетуден сақтайтын. жылу өткізгіштігі нашар жұқа қабат бар.

3.Мысық бойындағы электрлену

«Магия и кошки» - кітабы 2004ж. Москва
Құрғақ ауа райында немесе құрғақ бөлмеде мысық жүнін сипағанда ,жүн үйкелістің әсерінен тез электрленеді.
Егер ұзақ уақыт немесе екпінмен жүнді сипалайтын болсаң өте күшті электрлену пайда болады: дененің беткі қабатында үлкен заряд жинақталады және соның нәтижесінде разрядты – ұшқын пайда болады.Мысық өз жүнін үнемі сипағанын қаламайды,құрғақ ауа райында оның жүнінің қатты электрленуі нәтижесінде күшті электр өрісі пайда болады және шапшаң ұшқындар мысықта жағымсыз түйсігін туғызады.

4. Мысық бойындағы оптика.

Андреев В.Н. Кошки. Справочное пособие для любителей домашних кошек. – М.: Пламя, 1989.

Көз – мысықтың ең маңызды құралы,ол өз өмірінде негізінен сол көру мүшесіне көбірек иек артады.Көз осындай жауапты қызмет атқарғандықтан, бас сүйектің өлшеміне қарағада мысықтың көзі үлкен.Әр көзінің көру бұрышы шамамен 205 ,бұл оларға заттың қашықтығын ,пішінін және кеңістіктегі орнын дәл анықтауға мүмкіндік береді. Мысықтар,адам сияқты екі көзбен бірдей көруге қабілетті. Мысық көзінің құрылысы адам көзіне ұқсас. Бірақ мысық көзінің қарасы домалақ емес,ол вертикаль-сопақтау және ол жоғарыдан төмен қарай созылған,Табиғат оны өткір көзді етіп,бұлынғырлықтада көруге қабілетті етіп және жарық сәулесі көзін шағылыстырмайтындай етіп жаратқан .Адамдыкі сияқты мысық көзінің қарасының өлшемі жарық түсуіне байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Мысықтың көзі адамның көзі сияқты аккомодацияға да қабілетті,яғни әртүрлі қашықтықта тұрған затты анық көруге бейімделген.
Мысық қөзінің ғажайып қасиеті: ол түнде жанып тұрғандай болып көрінеді. Бұл сәуле шығарудың түрі-фотолюминесценция деп аталады. Фотолюминесценция – жарық әсерінен қоздырылған оптикалық сәуле шығару ,ол затта жарық әсерінен белгілі бір процесс аяқталғаннан кейін пайда болады. Мысық көзі сыртқы жарықты жұтып, толқын ұзындығы фотолюминесценция жарығын шығарады,ол спектрдің жасыл бөлігіне сәйкес келеді,сондықтан оның көзі жасыл түсті болып,жасыл жарықпен сәулеленеді. Осыған ұқсас оптикалық құрылғылар,ол транспорттық жол белгілері, түнде оларға жарық түсіргенде олар өзінен өзі жарық шығарады.
Мысық көзінің түсі жие өзгеріп тұрады.Оның көзі жасылдау.сары,көгілдір және т.б түсті болып көрінуі де мүмкін. Ол түс жарықтың түсуіне және мысықтың ішкі күйіне байланысты болады екен.

5. Мысық бойындағы акустика
«Көз арқылы есту».

Детская энциклопедия. Кошки. Познавательный журнал для девочек и мальчиков.

3,2001.
Көп уақытқа дейін адамдар,мысықтың сезім мүшесінің өте күрделі екенін біле қойған жоқ.Үйден қаншама алыс кеткенмен,олар жолды өзі тауып үйге қайта оралып адамдарды таңқалдырғаны көбіне белгілі. Жүргізілген тәжірибелер күтілмеген нәтижелерді берген,мысық үйден шыққан жолмен емес, одан да қысқарақ жолмен үйге оралып отырған.Ол бағыттынан қалай жаңылмайды? Бұл сұрақтың жауабы американ ғалымы Франк Морельдің мысықтың жүйке жүйесін электронды әдіс арқылы зерттеуінен кейін анықтала бастады.Мысықтың көзі тым қараңғылықтың өзінде де,яғни ешқандай жарық

7



сигналын қабылдамасада,оның миының жүйке жасушасының жартысы 20-50 кГц

аралығындағы ультрадыбыс сигналдарын сезіп отырады екен. Доктор Морельдің тәжірибелерінен мынадай қызықты қорытынды жасалды,мысық екінші есту мүшесіне ие, бірақ бұл орган көздің жүйке жасушалары арқасында пайда болады,яғни бұл жасуша көзге тікелей жауапты,сондықтан бұл мүшені «көз арқылы есту » деп атауға болады. Демек мысықтың жоғары акустикалық сезімталдығы бар,ол үйге апаратын жолды іздегенде акустикалық суретті пайдаланады,ол тек сол жерге тиісті дыбыстарды миына жазып отырады. Жалпы мысық 10 Гц- тен 80 000 Гц аралығындағы сигналдарды қабылдай алады,ол дыбыстың бағытын,күшін және биіктігін емін-еркін анықтай алады.


6.Сезімталдылығы ерекше жануар
6.1 Бағдарлаудың резервтік жүйесі.

«Забайкальский рабочий».газеті «Для чего кошке усы». – Сентябрь, 2008.

Мысық көзбен көруге ,құлақпен есітуге болмайтын абсолют қараңғылықта және тыныштықта өзін әлсіз жануардай танытпайды,ол өзінің қосымша резервтік бағдарлау жүйесін іске қосады,бұл жүйе оның ұзын мұрты,қасы және алдыңғы аяқтың артқы жағында өсетін кішкентай талшықтары. Мысықтың осы мұртын қырқып тастағанша ол өзіне қажет бағытты өзі тауып отырады екен. Мысық қозғала алатын мұрты арқылы айналадағы заттарды зерттейді,олардың өлшемін анықтайды және өзінің олжасының қозғалысын бақылайды. Секіруден бұрын,мысық өзі түсетін белгісіз жердің бетін мұртымен сипап көріп шығады екен.Кейбір ғалымдар,мысық үйінен алыс кеткенде, өз иесін осы мұрттың арқасында тауып алады деп есептейді . Мысықтың мұрты,әртүрлі жиіліктегі дыбыстарды қабылдайтын өзіндік бір антенна деген бөлжам бар.Кейбір ғалымдар мысықтар жер бетінде өтетін магнит өрісіне өте сезімтал және айналадағы магнит өрісінің өзгеруін тіркеуге қабілетті деп есептейді.

7. Биоөріс.
Мысықтың өзіндік биоөрісі бар,ол адамның биоөрісімен әрекеттесуі мүмкін. Осы қасиеттінің арқасында мысық өз иесін қателеспей тауып,оған көмекке келуі мүмкін екен. Мысықтың адамды құтқарғаны,қауптің алдын алғаны туралы көптеген деректер тіркелген. Мысық адам денсаулығына да пайдалы әсерін тигізеді,оны сипағанда немесе адам денесінің ауырған жеріне қойғанда ауруды басады,стрестті түсіреді,арттерия қысымын қалпына келтіреді және адамды тыныштандырып көңілін жайландырады.
















8

Мәліметтер

Үй мысығы — арғы тегі жабайы мысық тұқымдас жануар болып табылатын үй жануары. Үй мысығының арғы тегі мысық тәрізділер отрядына жататын ливиялық жабайы мысық екен. Оны солтүстік африкалық дала мысығы деп немесе жай дала мысығы деп те атайды. Дала мысығы Таяу Шығыс жерінде осыдан 130 мың жылдай бұрын пайда болған.

Дала мысығын, яғни, жабайы мысықтарды қолға үйретіп, үй жануарларына айналдыру осыдан 9 500 жылдай бұрын (кейбір деректерде 10-12 мың жыл) сол кездің адамзат өркениетінің дамыған ошағы болған Таяу Шығыс аймағынан бастау алады. Бұл отырықшылыққа үйреніп, жер өңдеу (егіншілік) шаруашылығының басталған кезеңімен тұспа-тұс келген болатын деп

Дене ұзындығы 46-191 см құйрығы, 15-91 см.. Тырнақтары тартылған, (суматр мысығынан басқаларында). 30 түрі белгілі: оцелат, ягуарунди, қамыс мысығы, жабайы мысық, манул, тау арыстан, ірбіс т.б. Олар Еуразияда, Америкада және Африкада таралған. ТМД кеңістігінде 7 түрі бар. Еркектері мауығу кезінде қатты таласып, ұрысып, шулайды. Кейбір түрлері жылына 2 рет тұқым береді. Күшіктері, (3-4 ұялас балалары болады), дәрменсіз, соқыр туады. http://Мassaget. kz – интернет газеті


Археологиялық зерттеулер нақты әрі көп нәтижеге жете қоймаған. 2001 жылы ғана Кипр аралынан табылған, 9500 жылдай бұрынғы уақытта иесімен бірге жерленген мысықтың қаңқасы нақтырақ дерек болады. Ал үй мысықтарының отаны Кипр аралы аймағы екендігін Калифорния Университетінің зерттеушілері анықтаған. Мысықтың орташа жасы 10-12 жас, , көбінесе 20-25 жыл. Соңғы деректер бойынша, мысықты қолға үйрету мұнан кемінде 5 мың жыл бұрын басталған. Үй мы-сықтарының арғы тегі Либия мысығы болып саналады. Ертедегі Египетте мысық қасиетті хайуан деп есептелген, өлгенде бальзамдалып, саркафагтарда жерленген.

Қазір кең тараған мысықтың 80 түрі бар. Олар: басы үлкендеу біткен, кержік танау, барақ жүнді парсы мысығы, дене тұрқы сыптығыр, түгі тарғыл жолақтанып келген король мысығы, Мая аралының шолақ құйрық мысығы, Сібір мысығы, тықыр жүнді еуропа мысығы, тү-рік және сиам тобына жататын – сиам, бирман, абиссин мысықтары және т.б. Мұның сыртында мысықтарды түртүсіне, мінезқылығына, көз жанарының түсіне, басқа да белгілеріне қарап ажыратып, атайды. Әлемнің бірқатар елдерінде мысыққұмарлар клубтары жұмыс істеп әртүрлі көрмелер ұйымдастырылады.
Мысықты бағып, күту 7-8 айында жыныстық жағынан жетілетін мысық балаларда оны бөлменің оңаша, таза, жұмсақ төсеніші бар жерінде: себетте, жәшікте ұстаған жөн.
Бір мысық 1-ден 7-ге дейін балалап, балалары көзін 7-10 күн толғанда барып ашады, есейгенше ене-сінің сүтімен қоректенеді. Үй мысықтары жылына
2 рет, жекелеген түрлері 4 рет балалайды. Үй мысығы таза хайуан болған-дықтан, оның табиғи қа-жеттілігі үшін пәтерде ішіне құм, топырақ салын-ған жәшік қою қажет, оны уақытылы ауыстырып, мысықтың балаларын серуенге енесімен бірге алып шығып, оның мойнына жіп тағып, ұстап жүреді.
Мысықты тамақтандыру Ересек мысықтарды тәулігіне 1-2 рет тамақтандырса, осы тамақтың мөлшері 150-200 грамм болуға тиіс. Үй мысығының негізгі тамағы: ет (мүмкіндігінше шикілей), балық (буға пісіріп, не жеңіл қуырып), сүт. Ет тағамдарының ішінде мысыққа пайдалысы: ішек-қарын, бауыр, жүрек. Мысықты нанға, сорпаға, ботқаға, шикі көкөніске, жеміске жастай үйретсе, оңай бо- лады. Мысықтың балалары енесінің сүтімен қоректеніп жүргенінде 20 күннен кейін оған сиырдың сүтін жылытып беруге рұхсат етіледі. Мысыққа етті тамақты ірімшікпен де ауыстырып береді. Көкөністерді берерде еттурағыштан өткізеді. Қазір дүкендерде мысықтарға арнап жасалған тағам түрлері бар. Мысықты тамақтандырарда мамандардың ақыл-кеңесін тыңдаған орынды.
Мысық балалары жұқпалы ау рулармен жиі ауырады. Мысықтар ауырғанда,

9



көздері жасаурайды, ыстығы көтеріледі, лоқсып құсады, тышқақтайды. Оның ауыр

түрлері мысықтың өліп қалуына әкеліп соқтыра-ды. Мысықтан адамға жұғатын қауіпті аурулар: құтыру, қотыр жара, қышыма. Сол себепті жыл сайын құтыруға қарсы мысыққа вакцина еккізіп тұрады. Мысықты дұрыс асырамай, далаға өз бетінше қоя беру оның түрлі ауруларды жұқтыруына, оның адам ағзасына берілуіне жол ашады.
Мысықтарды қалай атаған дұрыс?

Мәулен – ұрғашы мысық Соқыр – мысықтың әлі көзін ашпаған баласы
Марғау – мысықтың есейген баласы

Р.Қ. Дүйсембiнова Қазақ этнопедагогикасын мектеп --- практикасына ендiру, А:2000, 355 бетінде жазылған. Мысықтарды қолға үйрету тарихынан

Зерттеушілердің болжамы бойынша, жабайы мысықтарды қолға үйрету осыдан кемінде 5 мың жыл бұрын басталған. Негізінен, үй мысықтарының арғы тегі Либия мысығы болып саналады. Ең қызығы, ертедегі Египетте мысық қасиетті хайуан деп есептеліп, бальзамдалып, саркофагтарда жерленген. Мысықтарға ұқсас жыртқыш аңдарды мысықтәрізділер деп атайды. Олар жыртқыштар отрядының бір тұқымдасына жатады. Қазба қалдықтары жоғары олигоценнен белгілі бұл мысықтәрізділер жер бетінде кеңінен таралған. Тек Австралияда, Антарктидада, Жаңа Гвинеяда, Мадагаскарда, Сулавесиде, Гренландияда, тағы да басқа бірнеше аралдарда кездеспейді.

Жер бетінде тек қана мысықтардың сексенге жуық түрлері тіршілік етеді. Олар: басы үлкендеу біткен, кержік танау, барақ жүнді парсы мысығы, дене тұрқы сыптығыр, түгі тарғыл жолақтанып келген король мысығы, Ман аралының шолақ құйрық мысығы, сібір мысығы, тықыр жүнді еуропа мысығы, түрік және сиам тобына жататын – сиам, бирман, абиссин мысықтары. Мұның сыртында мысықтар түр-түсі, мінез-дағдысы, көз жанарының түсі және басқа да белгілері бойынша ажыратылып, аталады. Көптеген елдерде мысыққұмарлар клубтары жұмыс істейді. Мұнда мысықтар тегі, түр-түсі бойынша арнайы кітаптарға тіркеліп, олардың көрмесі ұйымдастырылып отырады.

Ал енді, жалпы мысықтәрізділердің 4 туысы, 36 түрі бар. Қазақ жерінде 3 туысының (мысық, барыс, қабылан) 8 түрі мекендейді. Мысық туысына 6 түр жататын болса, бұлардың дене бітімі ықшам, алдыңғы аяқтары 5, артқы аяқтары 4 саусақты, тырнақтары жиырлатын болып келеді. Дене тұрқы 40-105 сантиметрдей, салмағы 2,5-24 келідей. Құйрығы көпшілік түрінде ұзын, түгі тықыр, қалың әрі жұмсақ, көпшілігі теңбіл де жолақ. Олар тек қана етпенен қоректеніп, ұсақ түрлері жыл сайын 5-6 (тек үй мысығы мұнан жиі), ірілері 2-4 ұрпақ (жылда емес) әкеледі. Мысық туысының 3 түрі (қарақал, сабаншы, шағыл мысығы) бар. Бір түр тармағы қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Мысықтәрізділер бағалы терісі үшін ауланады. http://Мassaget. kz – интернет газетінде жазылған.

Мысықтар сиқырлы жануар ма?

Адамзат баласы бағзы заманнан-ақ мысықты сиқырлы жануар деп ойлаған. Ежелгі мысырлықтар мысықты фәни мен бақиды жалғастырушы деп есептеді. Сол кездегі сиқыршылар «мысықтың көзі басқа әлемнің көрінісі, өзге дүниеге апаратын жол», - деп сенді. Әлемнің әр еліндегі халықтар мысыққа байланысты сан алуан салт-дәстүрлерді өмірге енгізіп, бұжытпай орындайтын болды: орыс халқы жаңа үйге, пәтерге қоныстанар алдында сол баспанасына әуелі мысықты кіргізеді. Мұндағы наным-сенім: мысық үйді тылсым күштерден тазартады. Көп халық «қара мысық алдыңды кесіп өтсе, жолың болмайды», - дейді. Қазіргі қазақтар да оған иланады.

10

Халықтың мұндай наным-сенімінде құпиясы толық ашылмаған сырлар көп. Өйткені, қандай да таным, түсінік тектен-текке пайда болмайды. Соған кейбір халықтардың ескі аңыздарында мысықтың үйдегі тылсым күштермен, үй иесімен сөйлесетінінің айтылуы, жазылуы нақты дәлел. Иә, қазір де көп адам, олардың ішінде тылсым дүние сырларын зерттеушілер: «мысық адам көзіне көрінбейтін тылсым дүниені көре алады, онымен байланыста болады», - деп ой қорытады. Олардың дәлелдеуінше, мысықтар біздің өмір сүріп отырған әлемімізді жұлдызды әлеммен жалғастырып, адамдарды тылсым күштерден қорғай алатын қасиетке ие. Мысықтың алдыңды кесіп өтуі саған кесірін тигізейін дегенінен емес, керісінше, сені төніп тұрған қауіп-қатерден сақтандырып, сездіргені, осылайша өзіңді қорғауға тырысқаны. Зерттеушілердің дәлелдеуінше, қара түсті мысықтар өзге түсті мысықтарға қарағанда тылсым күштерге қарсы тұруға өн бойында қуаты мол, әрі өте қабілетті. Сондықтан да бірқатар экстрасенстер үйлерінде тек қана қара мысықтарды ұстайды. Олай болса, қара мысықтың теріс энергияны жұтып алатын қасиетін біліп, оны ұнатпауымызды қоялық. Алайда есте болатын бір жағдай, мысық иесіне ит тәрізді сенімді де адал серік бола алмайды. Өйткені мысық әубаста жер бетінде тышқан аулау үшін емес, басқа мақсат үшін жаратылған. Яғни, оның негізгі мақсаты: бойындағы таңғажайып сиқырлы күшімен, ерекше қасиеттерімен өзі тұратын үйді жын-шайтаннан, теріс энергиядан сақтау. Егерде бөтен бір мысық үйіңе келіп, ішке енгісі келсе, оны кері қумау қажет. Себебі, ол өзінің сиқырлы қызметін жүзеге асырып, сол үйді аластау үшін іздеп келіп отыр. Бұл әрине, тылсым күштерді зерттеушілердің пікірі. Оған сену, сенбеу әркімнің өз ықтиярында.

Мысықтың құпия қызметін, қасиетін зерттеп, ой-пікір айтушылардың әңгімесіне назар аударсаңыз, «мысықтар өз иесін өлімнен де арашалап алып қала алады». Бұл орайда олар Леонид Ильич Брежневтің қара мысығының оны екі рет ажалдан сақтап қалғанын мысал етеді. Бұл оқиғалар былай болған көрінеді: Л.И.Брежнев 1969 жылы Үндістанға іс-сапармен барады. Сонда Далай-Ламамен кездеседі. Ол Бас хатшыға ерекше қасиеті бар бір қара мысықты сыйға тартады. Бір күні әлгі мысық иесін жұмысқа жібергісі келмей, оны айналшықтай береді. Мысығының бір жаманшылықты сезгенін іштей ұққан Брежнев қызметтік автокөлігіндегі өзі отыратын орынға емес, басқа орынға отырады. Бас хатшының автокөлігі апатқа ұшырап, өзінің орнында отырған адам жанындағысымен бірге ауыр жарақаттанады... Келесіде қара мысығы тағы да оның жолын кес-кестеп, шыр айналып, жаманат хабарды сездіреді. Бұл жолы Бас хатшы жұмысқа бармай қойып, сол күні автокөлігі жүк машинасымен соқтығысып, жүргізушісі опат болады. Л.И.Брежневтің қара мысығы 1962жылдың көктемінде өліп, екі айдан соң иесі де көз жұмады.

Бірқатар халық емшілерінің баяндауынша, мысық иесінің қай жері ауырса, сол жерге барып жататын көрінеді. Және де мысықтардың кейбірі иесінің ауырған жерін ақырын тырналап емдесе, екіншілері олай массаж жасамай-ақ, сол жерде жатқан күйі оған бойындағы қуатымен әсер етіп, шипасын силайды екен. Сенеріңді де, сенбесіңді де білмейсің. Тек біздің бір білетініміз, бұрындары халық емшілерінің мысық бойындағы шипагерлік қасиетті жақсы біліп, оны іс-тәжірибеде пайдаланғаны. Қазіргі медицинада «анималтерапияның» бар екені, бұл саланың жылдан-жылға дамып келе жатқаны мысықтың емдік қасиетіне басты дәлелдердің бірі. Бұл жөніндегі ой-пікірлерге назар аударсақ, «мысық иесінің ауырған жерін дәл табатын энергетикалық – ақпараттық құрал іспеттес. Өйткені, адамның ауырған жерінің энергетикасы өзгереді де, осы өзгерісті мысық бірден сезеді». Тағы бір таңғаларлық ой-пікір: «мысықтың биоөрісі жүректің жұмысын қалпына келтіреді, қан қысым реттейді, бас ауруын жазады, ол

үшін мысыққа жақын болып, оны бір мезет сипап қою қажет». Ол адам бойындағы теріс қуаттарды да сүзіп алады. Аниматерапевтердің дәлелдеуінше, мысықтың пыр-пыр еткен үнінің өзі адамдарға шипалы. Мысықтың мияулаған дауысы – 20-25 герцке дейін жететін дыбыс толқындары болғандықтан, бұл мөлшердегі дыбыс диапазоны адам жарақатының тез жазылып кетуіне, сынған сүйектің тез бітуіне өте жақсы әсер етеді. Ол тіпті, ағзаның

11

иммунитеттік жүйесін күшейтіп, адам өмірін ұзартатын болып шықты. Сондай-ақ,

мысықтың мамық терісін бірнеше минут сипасаң, инфаркт, инсульт алу қаупі азаятын көрінеді. Себебі, мысықты сипау - әлсіз ток арқылы электростатистикалық әсер ету деген сөз. Бұл нағыз физиотерапия!

Детская энциклопедия. Занимательная физика. Занимательный журнал для девочек и мальчиков. - № 8, 2004.











































12

Зерттеу әдістері

Жобаны жүргізу барысында мынадай зерттеу әдістері қолданылды

1.Жалпы теориялық

2.әлеуметтік

3.математикалық

Жалпы теориялық әдіс

Жалпы теориялық әдісті біз мысық бойыннан физикалық құбылыстарды табу үшін пайдаландық..

Жоба барысында бұл әдісті біз үш сатыға бөліп қарастырдық

Бірінші сатысы ғылыми-көркем әдебиеттерден, журналдаран,басылым беттерінен,энциклопедиялардан,ғаламтор сайтарынан қажетті мәліметтерді іздедік .

Екіншіден жинақталған теориялық мәліметтерді жұмыс істеп оларды бір жүйеге топтадық.

Үшіншіден жинақталған мәліметтер бойынша мысықтың бойындағы физикалық құбылыстарына салыстыру,саралау жұмыстарын жүргіздік ,яғни құбылыстарды механикалық, жылулық,оптикалық,толқындық деп бөлдік.

Әлеуметтік әдіс

Біз әлеуметтік әдісті оқушылар арасынада сауалнама жүргізу үшін пайдаландық.

Сауалнама ақпан айында жүргізілді,оған 9 Ә сыныптың 25 оқушысы қатысты.Оларға біз «Сіз мысықтың қандай қасиеттерін білесіз?» деген сұрақ қойдық.Сауалнама нәтижесі бойынша 25 оқушыдан 4 оқушы (16%) емдік қасиеті білетінін,7 оқушы (28%) есту қабілеті жоғары екенін,5 оқушы (20%) көзі түнде жанып тұратынын,4 оқушы (16%) жоғарыдан жерге құлағанда аяғымен түсетінін,3 оқушы (12%) бірнеше қасиеті бар екенін және 2 (8%) оқушы ешқандай қасиетінін білмейтінін айтты.

Математикалық әдіс.

Бұл әдісті біз мысық бойындағы физикалық шамаларды (жылдамдық, масса, тығыздық, температура,электрлену дәрежесі) есептеу кезінде пайдаландық.Сонымен бірге физикалық формулалар арқылы есеп шығару үшін де қолданылды.

Жоғарыда айтылған әдістерден басқа жобаны жүргізу барысында сойлесу,бақылау,тәжірибе секілді әдістер де қолданылды.


















13


ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

Біз зерттеу бөлімінде өз алдымызға мынадай мақсат қойдық :мысықтың бойындағы физикалық шамаларды шамаларды өлшеу.Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді жүзеге асырдық.

1. Мысықтың бойындағы физикалық шамаларды өлшеу
2. Теориялық мәліметтер мен тәжірибе нәтижелерін салыстырып қорытынды шығару.


Біздің зерттеу нысанымыз үй мысығы –Мамық,8 айлық, өте қозғалмалы, ерке, кербез, және еркіндікті сүйгіш.

1.Жылдамдықты өлшеу.
Мысықтың орташа жылдамдығы мына жолмен өлшенді:рулетка көмегімен -10м қашықтық

белгіленді,секундомер арқылы уақыт тіркелді,мына формула арқылы жылдамдыққа есептеулер жүргізілді:υср = s/t

Тәжірибе нәтижелері 1 кестеде көрсетілген. 



Нысан

s, м

t, с

υ орт

м/с

км/ сағ

Мамық

10

20

0,5

0,14







Қорытынды
Тәжірибе арқылы алынған біздің мысықтың орташа жылдамдығы (υорт=0,14км/сағ), басқада жануарлармен салыстырсақ,бұл тасбақанының (υорт=0,8км/сағ)жылдамдығынан жоғары ,ал қасқырдың (υорт=55км/сағ), түлкінің (υорт=36км/сағ), қоянның (υорт=0,8км/сағ), тіпті шыбыннің жылдамдықтарынан кіші болып шықты.

2.Массаны өлшеу.
Мысықтың массасы серіппелі таразы арқылы өлшенді.Масса белгілі бір уақытта,яғни сағ14.00 өлшенді, екі апта өткен соң біз өлшеулерді қайта жүргіздік.
Тәжірибе нәтижелері 2 кестеде көрсетілген. 


тәжірибе

Өлшенетін шама

т,кг

1

масса

2,4

2

масса

2,3

Қорытынды: Кестеден көріп тұрғанымыздай екі аптаның ішінде Мамықтың массасы 100 г кеміген. Ол күн жылыған сайын өзін белсенді тұтуына байланысты болса керек.


3.Тығыздықты өлшеу.
Тығыздық деп заттың массасының көлеміне қатынасына тең физикалық шаманы айтады.Тығыздықты есептеу үшін көлемді өлшеу қажет болады. Сұйықтың көлемін есептеу формуласы арқылы біз сұйықтың тығыздығын анықтадық, .Мысықтың жағдайын ойлай келе,біз оның денесін жартылай ғана суға батырдық, аквариумдегі судың деңгейінің




14

қаншаға көтерілгенін бақылап отырдық және V =abx формуласы бойынша есептеулер

жүргіздік, мұндағы a –аквариумның ені, b – оның ұзындығы, ал x – су деңгейінің

көтерілуі. Орташа тығыздықтың есептеулері мына формула бойынша жүргізілді ρ=(m/2)V. Зерттеу нәтижелері 3 кестеде көрсетілген. Көлем шамамен есптелгенмен,мынадай қорытындыға жасауға болады,мысықтың орташа тығыздығы су тығыздығына жақын.


V = 2 л, m = 2,4 кг. ρ = m / V = 2,4 кг / 0,002 м3 = 1200 кг/ м3

2л = ( 2: 1000) м 3 = 0,002 м3

ρ - ?

Тәжірибе нәтижелері 2 кестеде көрсетілген. 

Нысан

Масса, кг

V1,л

V2,л

V=V1-V2

Тығыздық, кг/м³

Мамық

2,4

11

9

2

1200



Қорытынды: Көлем шамамен есптелгенмен, мысықтың орташа тығыздығы су тығыздығына жақын болды.

4.Тіреуге түсетін қысымды өлшеу.
Тіреуге түсетін қысым мына формула бойынша: P=F/S ,F=mg үш күйде өлшенді (тік тұрғанда, жатқанда және отырғанда) мұндағы m=2,4 кг – масса, ол алдынғы тәжірибеден алынған, g=10 Н/кг, S – мысықтың тіреу ауданы, ол миллиметрлік қағазда сәйкестендіріп сызып алынған контур пішінінің ауданы бойынша есептелген. Тәжірибе нәтижелері 4 кестеде көрсетілген. 

Тұру қалпы

Масса, кг

Аудан, м2

Қысым, Па

Тік тұрғанда

Отырғанда

Жатқанда


2,4

2,4

2,4

0,0045

0,0075

0,0575

5333

3200

417








Қорытынды:Кестеден көріп тұрғанымыздай мысық түрлі қалыпта тіреуге әр түрлі қысым түсіреді,ол 417 Па дан - 5333Па дейінгі аралықтағы қысым.

Жануар

тәжірибе

Бөлме ішіндегі өлшенген орны

Ауытқу бұрышы

Жүн

Мамық

1

Жылу батареясы алдында

48 °

Жеңіл, жұмсақ,

ұзындығы орташа

2

Есіктің босағасында

40 °

5. Электрлену дәрежесін өлшеу.
Көптеген денелерді жүнге үйкегенде ,ол дененің электрленуін көруге болады.Біз бастапқыда Мамықтың жүнін кептіру үшін ,оны жылу батареясы алдына жатқыздық,ойткені жүннің ылғалдылығы жоғары болса электрленуді әлсіретеді.Эксперимент шарттары бұзылмау үшін,тәжірибе барысында мысық өз жүнін жаламауын қадағалап отыру қажет болды. Біз эбонит таяқшасын алып мысық жүніне үйкедік, кейін жіпке ілінген фольгадан жасалған гильзаға жақындатып транспортир арқылы ,тік орнынан ауытқу бұрышын өлшедік.
Тәжірибе нәтижелері 5 кестеде көрсетілген. 

15

Қорытынды:Кестеден көріп тұрғанымыздай мысық жүнінің электрлену дәрежесі бөлме ішінеде байланысты болады екен,яғни қай жерде температура жоғары болса сол жерде мысық жүнінің электрлену дәрежесі жоғары болады екен.


6.Температураны өлшеу
Температураны өлшеу үшін, біз электронды сандық термометрді пайдаландық,себебі ол температураны дәл ,тез өлшейді және сынапты термометрге қарағанда қауіпсіз .
1 суретте мысық температурасының уақытқа тәуелді өзгеруі көрсетілген .Өлшеулер бір күнде 4 рет жүргізілді. Ең жоғары температура күннің күндізгі бөлігінде (15 ч.) байқалды,яғни осы уақытта күн жылынып Мамықтың белсенділігінің артқан кезі . Тәжірибе нәтижелері 6 кестеде көрсетілген. 

hello_html_213f6865.gif












Қорытынды: Кестеден көріп тұрғанымыздай мысық денесінің температурасы тікелей белсенділігіне байланысты болады,ал мысықтың белсенділігі күндізгі уақытта жоғары болады .Сонымен бірге мысықтың температурасы оның жасына байланысты болады ,жас ұлғайған сайын,оның температурасы төмендей береді,себебі жасы ұлғайған мысықтың белсенділігі де төмен болады.




















16

Қорытынды:

Жобаны орындау барысында біз көптеген мәліметтер жинап, талдап,зерттеп физика пәнінен өз білімімізді толықтырып, тереңдеттік.

Егерде нақтырақ айтсақ:

- мысықтың жүрісін,жүгіруін,жоғарыдан құлау кезіндегі денесінің қимылын физика тұрғысынан қарастырдық.

- мысықтың тар қуыстардан оңай өтіп кетуге қабілетті екеніне көз жеткіздік

- мысықтың бойындағы жылулық құбылыстарды,оның қоршаған ортадағы температураға бейімделуін анықтадық.

-мысықтың жүнінен денені электрлеуге болатынын білдік.

-мысықтың өмірінде оның көзі маңызды роль атқаратынын түсіндік.

-мысықтың ерекше есту қабілеті бар екенін және қараңғылықта өзін басқара алатынын анықтадық және т.б


Өз алдымызға қойған мақсатқа,яғни мысық бойындағы физикалық құбылыстарды тауып , осы құбылыстардағы физикалық шамаларды өлшеуді үйрендік.

Ең бастысы біз жануарлар әлемімен толығырақ танысып, осы әлемнің физика ғылымымен тығыз байланыста екеніне көз жеткіздік. Жоба кезіндегі тәжірибе нәтижелері ғылым үшін өте маңызды болмасада, осы жобада айтылған көптеген мәліметтер, оқушылардың физика пәніне деген қызығушылық арттырады деп ойлаймыз. Біз алда жинақтаған білімімізді әрі қарай шыңдау үшін, зерттеу жұмыстарын жалғастырып,мысық бойындағы біз байқамаған құбылыстарды, заңдылықтарды, немесе басқада қызықты тақырыптарда зерттеу жобаларын жүргізуді жоспарлап отырмыз. 

Жобаның соңында біз мынадай қорытындығы келдік: физиканың заңдары тек қана бізде ғана емес,ол мысықтың бойында да байқалатыны көз жеткіздік.

Сонымен, мысық – адамның қолға үйрете алған ғажайып , әлі де толық зертеле қоймаған үй жануарларының бірі.






















17

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Гершун В.И. Домашние животные. М.: Педагогика. 1991 г.
2. Медведев В. «Физика кошки» 2009 г
3.Лаврова С.А Занимательная физика 2009г.Москва

4. «Магия и кошки» - кітабы 2004ж. Москва

5. М.Сүлеймен:Кәдімгі мысықтардың қасиеті 2008.Алматы

6.Андреев В.Н. Кошки. Справочное пособие для любителей домашних кошек. – М.: Пламя, 1989.

7. «Забайкальский рабочий» газеті, «Это интересно» рубрикасы, «Для чего кошке усы». – Сентябрь, 2008.

8.Григорьев В.И., Мякишев Г.Я. Занимательная физика. – М.: Дрофа, 1996.

9.Детская энциклопедия. Занимательная физика. Занимательный журнал для девочек и мальчиков. - № 8, 2004.

10.Детская энциклопедия. Кошки. Познавательный журнал для девочек и мальчиков. - № 3, 2001.

11.Котигоренко Н.В. Все о кошках. – Киев, 1992.

12. 7 kun.kz – интернет газеті

13. http://Мassaget. kz – интернет газеті























18

Пікір

«Мысық бойындағы физикалық құбылыстар» - тақырыбында жазылған ғылыми жобасында оқушылар үй жануары- мысықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігі,денесінің құрылысы физика ғылымымен тығыз байланыста екенін толық ашып көрсетілген.

Олар бұл зерттеу жұмысында мысықтың бойындағы физикалық құбылыстарға,яғни механикалық,жылулық,электрлік,оптикалық,толқындық құбылыстарына қажетті материалдарды жинақтап,салыстыру,зерттеу жұмыстарын жүргізген.

Жобаны жүргізу барысында олар жинақтаған теориялық мәліметтерді практика тәжірибе жүзінде тексеріліп отырылған.

Физикалық формулаларды пайдаланып мысық бойындағы құбылыстарды сипаттайтын физикалық шамаларға ,мысықтың қозғалыс жылдамдығына, денесінің массасына,тығыздығына,тіреуге әртүрлі қалыпта әсер ететін қысымына,денесінің температурасына және мысық жүнінің электрлену дәрежесіне толыққанды есептеулер жүргізіп,оларды талдап отырған.

Сонымен бірге зерттеу жұмысы кезінде мынадай физикалық құралдар:секундомер,транспортир,эбонит таяқшасы,рулетка,электроскоп, термометр т.б ұтымды пайдаланылған.

Бұл-оқушының зерттеу жұмысына қажетті біліктіліктері мен дағдыларының қалыптасқандығын көрсетеді.

Жанар және Диананың түрлі әдебиеттерді нағыз зерттеушілерге тән ыждағаттылығымен орынды пайдалана білген.






Мектеп директоры: Н.Зинулаева

Жоба жетекшісі М.Н. Муртазаев














19

«Теміртау қаласының Ғабиден Мұстафин атындағы №5 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі











ЗЕРТТЕУ ЖУРНАЛЫ

«Мысық бойындағы физикалық құбылыстар»










Зерттеу жүргізгендер: Бекқуанышева Жанар, Қуандыкова Диана.

/ 7«А» сынып оқушылары/

жетекшісі: Муртазаев М. Н.

/физика пәні мұғалімі/













Теміртау- 2013 ж

Тапсырма

Жұмыстың мазмұны

Басталу уақыты

Аяқталу уақыты

Жетекшінің қолы

Ұйымдастырушылық

Жобаның тақырыбын таңдау,болжамды анықтау,жобаның мақсатын, міндетін, зерттеу кезеңдерін,жұмыс әдісін белгілеу

Қыркүйек-қазан 2012

Қараша айының басы 2012


Зерттеу жұмысы

Теориялық материалдар жинақтау

1.Ақпараттық газет-журналдарға шолу 2.Энциклопедия, қосымша қызықты кітаптардан іздену 3.Ғаламтор арқылы материалдар жинау

Қараша 2012

Қаңтар айының басы 2013


Әлеуметтік

Мектеп оқушыларынан сауалнама алу


Ақпан 2013

Ақпан айының соңы


Әлеуметтік-психологиялық

1.Сауалнама сұрақтары бойынша көрсеткіш (диаграмма) шығару

Сәуір 2013

Сәуір айының соңы


Талдау бөлімі

Мысық бойындағы физикалық құбылыстар және осы құбылыстар туралы теориялық мағлуматтарды электрондық жүйеге енгіздік.

Сәуір 2013

Сәуір айы 2013


Физикалық шамалар тәжірибе жүзінде өлшеніп,алынған нәтижелері бойынша кестеге енгізілді.

Сәуір 2013


Сәуір айының соңы 2013


Ғылыми жобаның теориялық және практикалық кезеңдерін біріктіріп,жобаны қалалық конференцияға қорғауға дайындық.

Сәуір айының соңы 2013

Мамыр айының басы 2013


Қорытынды

Жоба қорғауға жіберілді

Мамыр 2013









Автор
Дата добавления 04.12.2015
Раздел Физика
Подраздел Презентации
Просмотров809
Номер материала ДВ-227482
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх