Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Научные работы / Ғылыми жоба.Тақырыбы: Заманауй құрылысқа бағдар
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Ғылыми жоба.Тақырыбы: Заманауй құрылысқа бағдар

библиотека
материалов

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Шығыс-Қазақстан облысыбілім басқармасы

ШҚО білім басқармасының

«Глубокое техникалық колледжі» КММ








Тақырыбы: Заманауи құрылысқа бағдар











Орындаған : Қайрат Самал,

Арнайы пәндер оқытушысы,

КММ «Глубокое техникалық колледжі»











2016 жыл


МАЗМҰНЫ


  1. ТҮЙІНДЕМЕ

  2. КІРІСПЕ

  3. ЗАМАНАУИ ҚҰРЛЫСҚА БАҒДАР

3,1. ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ХАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ

3,2. ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ

3,3. ЭНЕРГИЯНЫ АЗ ШЫҒЫНДАЙТЫН ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ

  1. ҚОРЫТЫНДЫ

  2. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ






























  1. ТҮЙІНДЕМЕ


Құрылыс- халық шаруашылығының жетекші салаларының бірі, онсыз ғылыми-техникалық прогресті, жаңа технологияларды дамытуды, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, қөлікке, әлеуметтік салаға арнап негізгі қорларды құруды елестетудің өзі қиын.

Ол үшін ,біріншіден құрылысқа отқа төзімді материалдарды қолдану. Екіншіден, құрылыстардың энергиялық тиімділігін арттыру керек.

Мәселен, Қазақстанда өрттi азайтуға болады. Бұл үшін жаңа инновациялық құрылыс материалдары қолданылуы тиіс. Бүгінде әлемде қызыл жалын жоя алмайтын заманауи материалдар ойлап табылған екен.

Бүгінде әлемде қызыл жалын жоя алмайтын заманауи материалдар ойлап табылған екен.

Қазақстанда енгізіліп жатқан жаңа инновациялық өнім – «отқа төзімді жұқа тақтайша» еліміздегі отқа төзімділік бойынша ең жоғарғы шекке ие. Бұған қоса, шыныталшықтан жасалған «жылуоқшаулаушы жұқа тақтайшаның» да отқа жанбайтындығы анықталып отыр. Бұл материалдардың барлығы озық өнімдер болып саналады. Олардың елімізде енгізілуі Қазақстанның дамығандығын көрсетеді. Және бұларды тек жалғыз КНАУФ қана шығармайды, оның үлгілері барған сайын көбеюде.

Қазақстанда ғимараттардың энергиялық тиімділігін арттыру керек,бұл жағдайда бүгінде республикада тұтылатын барлық қуаттың 44%-ын үнемдеуге болады, қуат тиімділігінің әлеуеті осынша зор!

Әзірге Қазақстан энергиялық тиімділік бойынша әлемдегі көшбасшы емес. Мысалы, 2000 жылдан бері жалпы ішкі өніміміз өндірісіндегі қуат шығындау көлемінің төмендеуі жылына небары 1,5% болып отыр. Дұрысы, 5 пайыздан жоғары болуы қажет.

Өйткені осы динамикадағы технологияның үлесі тым аз және жылына 0,5 пайызға ғана жетеқабыл. Яғни жаңа технологиялар еліміздегі әр салаға дендей енсе, олардың көмегімен Қазақстан экономикасының қуат тиімділігін айтарлықтай арттыруға болар еді.









  1. КІРІСПЕ


Заман талабына сай қазіргі таңда еліміздің құрылысы күнен-күнге дамып гүлдене түсуде. Және құрылыста пайдаланатын материалдарға деген сұраныста жыл санап артуда. Сол себепті заман көшінен қалмай еліміздің сәулетін асыратын, даңқын көтеретін, бүкіл әлем назарын өзіне аударатын сымбатына сапасы сай құрылыстар салу біздің алдымызда тұрған үлкен міндеттердің бірі болмақ.

Бұл тақырыптың өзектілігі: құрылыс нарығындағы бәсекелестік күресте құрылысқа жаңадан шыққан өнімділігі жоғары және жоғары сапалы құрылыс материалдарын, ілгері құрылыс технологияларын, келешегі зор ғылыми әдістемелерді пайдалана отырып, еліміздің ертеңі үшін сапалы да сәулетті ғимараттарды тұрғызу.

Мақсаты: Жаңадан шыққан бәсекеге қабілетті құрылыс материалдарын таныстыра ортырып, құрылыс саласы арқылы да еліміз экономикасындағы шығындарды азайтып, өз үлесімізді қоса алатындығымызды дәлелдеу.

Міндеті: Заманауи құрылыс материалдарын толығымен зерттей отырып, ел экономикасы үшін ең тиімді материалдарды қолдану.





















  1. ЗАМАНАУИ ҚҰРЛЫСҚА БАҒДАР

3,1. ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ХАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ


Құрылыс- халық шаруашылығының жетекші салаларының бірі, онсыз ғылыми-техникалық прогресті, жаңа технологияларды дамытуды, өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, қөлікке, әлеуметтік салаға арнап негізгі қорларды құруды елестетудің өзі қиын.

Еліміз нарықтық қатынастарға көшкеннен бері құрылыс өнімдерінің сапасына, оған арнап материалдың аз мөлшерде жұмсалуына, энергия үнемдеу жағдайларын қамтамасыз етуге, құрылыс өнімдерінің сенімділігі мен ұзақ уақытқа жарамдылығына қатысты қойылатын талаптар едәуір артты. Бұл талаптарды орындау үшін жаңа құрылыс технологияларын, құрылыс машиналарын, жаңа иновациялық құрылыс өнімдерін дамытуымыз керек.

Ол үшін ,біріншіден құрылысқа отқа төзімді материалдарды қолдану. Екіншіден, құрылыстардың энергиялық тиімділігін арттыру керек.

Мәселен, Қазақстанда өрттi азайтуға болады. Бұл үшін жаңа инновациялық құрылыс материалдары қолданылуы тиіс. Бүгінде әлемде қызыл жалын жоя алмайтын заманауи материалдар ойлап табылған екен.


3,2. ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ


Еліміздегі өрттерге, негізінен, құрылыс кезінде отқа төзімділігі өте төмен, ұшқын тисе, лаулап қоя беретін арзан материалдардың пайдаланылатындығы себепкер болып отыр.

Яғни қазірден барлық нысандарды оттан қорғайтын және отқа төзімді материалдардан тұрғызуға кіріссек, мемлекетімізде жылдар өткен сайын өрт саны кеми беруге тиіс.

Қазақстанда енгізіліп жатқан жаңа инновациялық өнім – «отқа төзімді жұқа тақтайша» еліміздегі отқа төзімділік бойынша ең жоғарғы шекке ие. Бұған қоса, шыныталшықтан жасалған «жылуоқшаулаушы жұқа тақтайшаның» да отқа жанбайтындығы анықталып отыр. Бұл материалдардың барлығы озық өнімдер болып саналады. Олардың елімізде енгізілуі Қазақстанның дамығандығын көрсетеді және бұларды тек жалғыз КНАУФ қана шығармайды, оның үлгілері барған сайын көбеюде.


Инновациялық құрылыс материалдары қолданы­луы тиіс



Елімізде олардың біразы елордадағы ЭКСПО – 2017 жаһандық көрмесі құрылысында сыналып көрмек. Осы жерден бүкіл елімізге тәжірибе болып тарайды деген үміт бар.

Бұл ретте өндірушілер ғимаратты, үйді, тіпті қора-қопсыны толығымен жанбайтын инновациялық материалдан салып шығудың қажеті жоқтығын айтады, әрі бұл құрылыс құнын қымбаттатып жіберер еді. Құрылыста бұрынғыдай ағашты да қолдана беруге болады, тек оларды қаптайтын әрлендіруші (отделочный) материал отқа төзімді болса жеткілікті.


Гипсокартонның түрлері:

Ылғалға төзімді гипсокартон (ГКЛВ)

http://www.studfiles.ru/html/2706/393/html_GXX_0nIVAA.MR6r/htmlconvd-joPd1Z_html_m3604ec52.jpg

Отқа төзімді гипсокартон (ГКЛО)

http://www.studfiles.ru/html/2706/393/html_GXX_0nIVAA.MR6r/htmlconvd-joPd1Z_html_2ab01c7.jpg

Отқа және ылғалға төзімді гипсокартон (ГКЛВО)


3,3. ЭНЕРГИЯНЫ АЗ ШЫҒЫНДАЙТЫН ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫ



Республикамыздағы ғимараттардың бұдан былай энергияны аз шығындайтын дәрежеге көтерілуіне қол жеткізуіміз керек. Бұл үшін тіпті арнайы заң қабылдап, қабырғасынан суық саулайтын, ызғар есетін тұрғын үйлер салушыларды жазаға тарту да артық болмас еді.

Қазақстанда ғимараттардың энергиялық тиімділігін арттыру керек,бұл жағдайда бүгінде республикада тұтылатын барлық қуаттың 44%-ын үнемдеуге болады, қуат тиімділігінің әлеуеті осынша зор!

Егер еліміздегі нышандар инновациялық шешімдерге сай бой көтерсе, екі жылдан соң еліміздің және әлемнің әр атырабынан ағылатын қонақтарға тек павильондарды ғана емес, ғимараттардың ішін аралау да қызықты болады.

Қазақстанда тұрғызылатын ғимараттар онда тұратын адамдарға жақсы, жайлы өмір сыйлап қана қоймай, эксплуатациялауда өте қымбатқа түспеуі тиіс. Бұл өте маңызды. Тұрғын үй өте әдемі болғанымен, онда тұру өте қымбатқа түсер болса, тұрғындардың қызмет көрсетуші компанияларға төлейтін эксплуатациялық шығыны өте көп болса, онда бірте-бірте адамдар үшін ол баспана экономикалық тиімсіз болады. Сондықтан әсіресе, Астана мен Алматыда энергиялық тиімділікті көтеру – ғимарат құрылысы саласындағы технологиялық үдерістің шешуші бағыттарының біріне айналуда.

Әзірге Қазақстан энергиялық тиімділік бойынша әлемдегі көшбасшы емес. Мысалы, 2000 жылдан бері жалпы ішкі өніміміз өндірісіндегі қуат шығындау көлемінің төмендеуі жылына небары 1,5% болып отыр. Дұрысы, 5 пайыздан жоғары болуы қажет.

Өйткені осы динамикадағы технологияның үлесі тым аз және жылына 0,5 пайызға ғана жетеқабыл. Яғни жаңа технологиялар еліміздегі әр салаға дендей енсе, олардың көмегімен Қазақстан экономикасының қуат тиімділігін айтарлықтай арттыруға болар еді.

Энергиялық тиімді құрылыс материалдары 
      Энергия тасығыштарға бағаның ұдайы өсуі кезінде, әсіресе тұрғын үйлер мен өндірістік ғимараттар тұрғызу үшін жарамды жылу энергиясын сақтайтын құрылыс материалдарын шығару өткір мәселе болып тұр. 
     
Энергия сақтайтын материалдар мен технологиялар күн сайын үлкен сұранысқа ие. Аталған құбылыстың себебі анық: энергия тасығыштардың құны жоғары, олардың шектеулі болуы, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануынан болып отыр. Энергияны тиімді тұтыну көптеген компанияларға өздерінің өнімділік шығындарын айтарлықтай төмендеуге, ал жеке тұлғаларға пәтер мен үйге жылытуға қосымша ақша қаражатын шығындамауға мүмкіндік береді.

Энергия сақтайтын материалдар мен технологиялар мыналарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді: 

  • энергия ресурстарын үнемдеуге; 

  • бизнестің пайдалылығын арттыруға;

  •  қоршаған ортаға жүктемені азайтуға

Қазақстан өңірлеріндегі ғимараттар мен құрылыстардың термиялық кедергісінің коэффициенті бойынша талаптарды көтеру есебінен кеуек бетондарды минералдық жылу оқшаулағыш материалдарды тұтынуды арттыруға ынталандыру.
Яғни барлық жерде, соның ішінде құрылыс саласында да жаңа технологиялар мен инновациялар қолданылса, еліміз қазіргі жағылатын көмір көлемінің 44 пайызын үнемдейді. Осынша миллиондаған тонна көмірді ел экспортқа сатып, қазынасын толтыра түсер еді.










  1. ҚОРЫТЫНДЫ


Осы технологиялар өмірдің барлық саласына, соның ішінде құрылысқа кеңінен енуі керек. Мысалы, жаңа тұрғын үйлерді салғанда немесе ескі үйлерді жаңғыртқанда, күрделі жөндеу жүргізгенде заманауи құрылыс технологиялары қолданылуын талап ету керек.

Бұл жұмыстың нәтижелері еңбек өнімділігін арттыруға, құрылыс материалдарын үнемдеуге және соларды тасымалдау мен сақтауға жұмсалатын шығынды азайтуға, құрылыс жұмыстарын орындау кезіндегі шығындарды азайтуға, энергия ресурстарын үнемдеуге, құрылыс қарқыны мен құрылыс өнімдерінің сапасын арттыруға ықпалын тигізеді.





























  1. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Старченко О. Ю, Гулин Д. В «Құрғақ құрылыстың жиынтық жүйелері». Киев 2005ж.

  2. Садуақасов М., Батырбаев Ғ. Құрылыс материалдары. Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2007.

  3. Жадрасынов Н.Т., Винокуров Л.П. «Құрылыс механикасы», 2001ж.

  4.  С. Торайгырова. «Құрылыс құрылымдарын сынақтан өткiзу әдiстерi», Павлодар: КерекуКереку.

Автор
Дата добавления 29.03.2016
Раздел Другое
Подраздел Научные работы
Просмотров249
Номер материала ДВ-564967
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх