Инфоурок Начальные классы Научные работыҒылыми жоба:Жылқы малдың патшасы 4 сынып

Ғылыми жоба:Жылқы малдың патшасы 4 сынып

Скачать материал

Шарбақты ауданының  Абай Құнанбаев  атындағы орта жалпы  білім беру мектебі» ММ

 

 

http://vremena-goda.su/uploads/photos/show/%5B1%5D_2_Apr_13_%5B2%5D_28_Jan_15/890_006.jpg

 

          Ғылыми жобаның тақырыбы:Жылқы малдын патшасы

                                                    

                                                                 Орындаған:Естаева Адина

    

                                                                                     4 «Б» сынып оқушысы

                                      Жетекшісі:Алимбаева Айнур Қаруанқызы

 

 

 

 

 

 

Аннотация

 


                                                                       Аты-жөні: Етаева Адина

 

                                                                       Туған жылы:   31.05.2006 жыл

 

                                                                       Мектебі: А.Құнанбаев атындағы

                                                                             орта жалпы білім беру мектебі

 

                                                                       Сыныбы:    4 " Б" сынып

 

 

 

Жеке қасиеттері:

       Ақкөңіл, кішіпейіл, мейірімді, еңбекқор, талапшыл, ұқыпты.

Отбасында:

       Үлкендердің «қолғанаты», туыстарына қамқор.

Жетістіктері:

      Оқу озаты, мектепішілік математикалық сайыстың жеңімпазы. Жақсы домбырашы. «Балалар әлемі» атты жас суретшілер байқауының жүлдегері. «Адам және табиғат» марафонының жеңімпазы. 

                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

            Менің жетістіктерім

 

 

 

 

 

 

                                            Мазмұны

1        . Аннотация

2        . Кіріспе

3        . Негізгі бөлім

                           а) Зерттеудің мақсаты

                           ә) Жылқы малы туралы

                           б) Жылқыдан  алынатын өнім түрлері

                           в) Зерттеудің материалдары мен әдістері

4. Қорытынды

     5. Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Жұмыстың мақсаты:

«Жеті қазынаның бірі жылқының»ерекше қасиеттерімен таныстыру, жылқы туралы түсінігін кеңейту, жылқы асыл мал екенін айта отырып, жылқы жануарына деген сезімдерін ояту, жылқы кәделі, бағалы қазына екенін ұғындыру, халқымыздың жылқы малына қатысты салт - дәстүрлеріміздің орасандылығын көрсету.

Кіріспе
         Қазақ - ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бар олар мал өрісін, тіршілік табиғатын, қадір - қасиетін әбден танып, білген. Тіпті малдың айрықша қасиетін, ерекшелігін танитын сыншылар да шыққан. Сөйтіп халқымыз өзінің тіршілігін, шаруашылығын осы мал өсірумен байланыстыра жасаған. Оның өнімдерін тіршілік құралы етіп, пайдалануды шебер игерген. «Төрт құбылада - төрт түлік»деп бекерге бағаламаған.

Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ. Дегенмен жылқының адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланатын.Мереке-қуанышта,қайғы-қасіретте,басқа түскен не ауыр күндерде бұл түлік адамның жан серігі,айырылмас досы болған.

 Мен  жылқыны жақсы көремін. Жылқы жайлы көп білгім келеді. Осы уақытқа дейін білгендерімді айтар болсам:

Негізгі бөлім

         Жылқы төрт-түліктің бірі. Жылқы иесі Қамбар ата. Қазақ халқында жылқыны құрметтеп, қасиеттеп жоғары бағалаған. Жылқы туралы аңыз әңгімелер, шығармалар, өлең-жырлар, ертегілер өте көп. Жылқы баласы сүйкімді, әрі жүйрік болып келеді. Жылқы жасына қарай: құлын, тай, құнан, дөнен, айғыр деп аталады. Жылқы сымбатты жануар. Мойнынан түскен жалыны жібектей сусылдайды. Сирақтары ұзын, көздері ботадай әдемі. Жылқының дене бітімі көздің жауын алады. Бұрынғы кезде батырлардың жылқыларының аты болған. Қобыланды батырдың Тайбұрылы, Алпамыс батырдың Шұбар деген аты болған. Бұл аттар жәй аттар емес, жүйрік, сұлу, әрі батырдың ең жақын досы бола білген. Жылқы қасиетті жануар. Жылқы қымызы бізге пайдалы. Ол қырық ауруға ем. Жылқы еті өте тәтті. Сондай-ақ жылқылар бізді қауіптерден қорғайды. Бұрындары ата-бабамыз жылан жоламасын деп қастарына жылқы байлап жатқан. Сонымен бірге ат үстінде көп жүрген адам буын ауруына шалдықпайды екен.

Барлық түліктен де жылқы өсіру жеңіл.Оны бағуда шығын шықпайды.Еті де,сүті де қазақ халқы үшін аса қадірлі тағам.Өз бойын таза ұстайтын,өз жерін қашықтан танитын сезімтал қасиетті жануар.

Жылқының тас қараңғы түнде жарты тарыны көретін жанарының өткірлігі сынды жаратылыс ерекшеліктерінің өзі бір төбе.

Қазақтар жылқын ұрып соғу былай тұрсын, киесі атады деп, желіден, жылқышы ұстайтан құрықтан, бақанның үстінен аттап өтпейді. Бақан аттаған жарымайды деген сенім бар. Сүрінген атты да ұрмайды. Сайтан аттың көзін басып тұрса, қашып кетсін деп,көзін оң қолымен сүртіп тазалайды. Жолаушы келе жатып, атының сауырынан ұрмайды. Жапанда жалғыз келе жатқан жолаушыны қолдап, жебейтін Қызыр пайғамбар аттың сауырында отырады деп жорылады. Көшпенді халықтың маңызы зор болғандықтан, жылқыға байланысты салт-дәстүрлер мен ырым-тыйымдар өте көп.

Қазақ халқы жылқыны жеті қазынаның бірі санап, оны киелі деп есептеп жыл қайыруда жетінші орын берген. Дүние жүзінде қазірдің өзінде 250-ден астам жылқы тұқымы бар екен.Мен алдағы уақытта жылқы жайлы әлі де зерттеймі

Төрт түлік малдың пайдасы. Еті - жесең тамақ Сүті – ішсең сусын. Жүні - кисең киім. Терісі - байлық. Сүйегі, мүйізі - тұтынсаң бұйым. Мінсең - көлік. Мал өсіруге аса қолайлы Қазақстан жерін малсыз елестету мүмкін емес. Міне, осы жайларды оқып үйрене мен әсіресе жылқы малына қатысты көптеген қызықты деректерді жинақтадым. Соның ішінде қымыздың пайдасы туралы айтсақ,

http://katonkaragay.kz/uploads/1340015789_kumiss3.jpg

қымыз - пайдалы сусын. Қымыз - қазақтың көнеден келе жатқан шипалы сусыны. Бие сүтінен жасалатын бұл сусын көшпелі халықтардың ежелден келе жатқан дәстүрлі тағамы, қадірлі асы. Кең сахара, жапан түзді жайлаған көшпелі елдің басты күнкөрісі жылқы малы - халықтың ішсе қымызы, жесе еті, кисе киімі болып келді. Орыс ғылымдары Г. Захарин мен С. Боткин тәптіштеп зерттей келе «Қымыз - адам денсаулығын күшейтіп ауруды бәсендететін тағам»деген қорытынды жасаған болатын. Қымыздың құрамында аурудың тәбетін ашатын В2, В12, Р, С витаминдері көп. Науқастанған адамға қымыз ішкізсе, оның организмінде гемоглобин, эритроцит көбейіп, холестерин құрамы қалпына келеді.
       Атам заманда қолға үйретіліп, адамзат баласының қажетіне жаратқан жылқы түлігі көшпенділердің ең қасиетті, ең қадірлі малы. Көшпенділерді жылқы малынсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да көшпенділер мен жылқы түлігі егіз ұғымдай қосарланып айтылған. Тіпті көшпенділер қауымын «аттылар әулеті» деп те бекерден бекер айта салмаса керек. Өйткені, ұланғайыр даланың, ұлан байтақ өлкенің ұлы тұрғындарының тыныс-тіршілігі, өмір-салты, өнер-білімі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, салтанаты, бір сөзбен айтқанда бүкіл мәдениеті жылқы түлігімен тығыз байланысып жатады.

Осы бір қасиетті түліктің қазақ халқы үшін орны өте-мөте ерекше. Жылқы қазақтың ұлттық сана-сезім, рухани болмыс, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, мәдениет пен өнерінің тұтас бір айырылмас бөлігіне айналып кеткен. Жарынан кейінгі жақсы көретін жан серігі, қасиеті қанына сіңген – жануар. Қазақ баласы жылқы түлігін төресіндей көретіні сондай қазақ жылқы мінезді деп, өзінің мінез-құлық, бітім-болмыс, жан дүниесінің айқындаушысына айналдырып алған. Демек, қазақ үшін жылқы тектіліктің бірден бір нышаны болып саналады. Бұлай өзінің жаратылысына жылқыдан ұқсастық іздеу – тек қазаққа ғана тән қасиет әрі бұл – қазақтың осы түлікке деген аса жоғарғы құрметінің белгісі. Қазақ ат десе ішкен асын жерге қояды. Жылқынының дүбіріне, күліктің күмбіріне құлақ қойып, елең етпес қазақ баласы сірә жоқ. Жер бетінде жаратылысынан табаны жер иіскемеген бекзат бір халық болса, сол қазақ болу керек. Қазақтың ең кедейінің астында кем дегенде бір «көк шолағы» болған. Қойшысы қой торысын мінді. Осы ат – көліктің арқасында Алаш баласы Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасын жалғады. Алып аумаққа иелік етті.

Қазақ жылқы малының болмысындағы басқа түліктерде болмайтын барша қасиетін жақсы танып, терең зердерлеп білген. Соның нәтижесінде өзінің өмір сүру қалпы мен болмысына қатысты көптеген тұрақты сөз тіркестерін жылқы түлігіне қатысты қалыптастырған. Енді, соның бір нешеуін еске түсірсем, дегдар жұртым өзгесін өзі жетелеп әкетеді. Мәселен, жұмылған жұдырықтай жиын жүретін, саяғы аз, айрандай ұйып, бірлік-берекесі артқан әулетті торы айғырдың үйіріндей деп әспеттеді. «Күш-қайратың қайнап, әл-қуатың тасып тұрған жастық шағыңда ел-жер аралап, қыр-сырына қанық, көпті көріп көзінді аш» деген ұғымды атың барда жер таны желіп жүріп, әкең барда ел таны еріп жүріп деп мақалдады. Ал адамның көңілінің кеңдігін, пейілінің дарқандығын, қасыретке қайыспас, қайғыға берілмес, қайсар қажырын ер жігіттің ішіне ер тоқымды ат сияр деп қайырса, сабырлы да салмақты, бір ауылдың ұйтқысы болып отырған, жаны жайлау, біртоға бәйбішені бес биенің сабасындай деп береке, құтқа балады.

Көшпенділер мен жылқы баласынының бірге өсіп, біте қайнасқаны сондай олардың тұрмыс-салтына, мәдениеті мен өнерінде өз ара қатысты айтылатын афоризмдер толып жатыр. Мысалы, жаңа туған нәресте ұл бала болса ат ұстар, егер ол қыз бала болса ат байлар деп бейнелеп айтады. Ал баласы ер жетіп, есейіп, өссе ат жалын тартып мінді деп қуанады. Немесе түтеген қалың қою тұман, көзге түртсе көргісіз тас қараңғыны ат құлағы көрінбейді деп бейнелеп жеткізген. Сонымен қатар бірін-бірі қайта көрместей болып ренжіскен екі жақты ат құйрығын кесті деп білдірсе, араздасып барып татуласқан жандарды ат тізесін қосты деп табысқанын айтады. Ал кедей-кепшік, тумысында бір жарымаған адамды ауы атқа, аузы аққа жарымаған деп қағытып өтеді.

Туған баласын түліктің төліне теңеу де көшпенділердін, әсіресе, қазаққа тән қасиет. Ата-ана баласын құлыным, құлыншағым деп құлпырта мекіреніп, оның томпаң қағып, зыр жүгірген жүрісін құлындай құлдыраңдады деп бейнеледі. Ал қазақ баласы болса құлын болып кісінеп, тай-құнан боп тулап, асау болып алысып, ат болып жарысып ойнап, тарпаң болып ер жетеді.

Қазақ баласының қолына түскен қу шыбықтан бастап, атасының таяғы, тіпті апасының сабауына дейін ат болып кетеді. Қу ағашқа жан бітеді.
Қазақ философиясында жылқы айырықша орын алады. Жаратылыстың сан қырлы құпиясын танып білуде, өмір, өлім арасын байланыстырарда үнемі жылқы кірісіп отырады. Дария тіршіліктің ұлы ағысы тоқтаусыз. «Ұрпақ алмасады, өмір жалғасады», «бірі мініп келместің кемесіне, бірі күтіп жағада тұрған» дүние жалғанды жалғап, артқы толқын келеді. Мұны қазақ ат тұяғын тай басар деген айшықты тіркеспен жеткізеді.
ат 3

         Баласының кісі қатарына қосылып азамат болуы ат жалын тартып мінуі мен сәйкессе, ауыл-аймағын аузына қаратып, артынан ел-жұртын ертіп елге бас болған азамат атқамінер атанады.
Қазақ үшін лауазым-шеннің, мансап-биліктің де биік шыңы – аттың үсті. Өмір бойы өнегелі ісімен үлгі болып, шау тартса да шалдықпаған, халқының қамын жеген ел ағасын ат үстінен түспеген жан дейді.
Қазақ әлде кімнің басына түскен қайғы-мұңына ортақтасып, көңіл жұбатып тоқтау айтқанда да бейнелеп қанаты бүтін сұңқар жоқ, тұяғы бүтін тұлпар жоқ деп, ал бүгінгі қайғының ертең орны толатынын арғымақтың тұяғы тасты басса кетілер, сазды басса жетілер деп жеткізеді.
Атақ сөзінің түп төркінінің өзін ат, жылқы сөзінен жасаған басқа жұртты білмейміз. Жауға шапса Аттан! деп, бір іске, бір бағытқа жаппай, жұмыла қозғалса атқа қонды дейтін де бізбіз.
Ежелден қалған ескі сөз – ер қанаты – ат. Тақымы атқа тиген алаш баласы әр уақытта арқаланып, аруақтанып, қиялына қанат бітіп шабыттанып, қуат қосып қайраттанады.

         Қазақ халқының тарлан тарихының тереңіне үздіге үңілгенде де тәнті болатынымыз – бабаларымыздың елін, жерін қорғап, ата жауымен алысқандығы қанды көйлек жолдасы, арқа-жарқа болып, алқа-қотан көшіп, ақ түйенің қарны жарылып саят-салтанат құрғандағы қызығы, сәнінің көркі күмбірлеген күліктер екенін көреміз. Даңқын аспандатқан кемеңгер қолбасшы Күлтегіннің Боз аты, Қара қыпшақ Қобыландының Тайбурылы, Алпамыс батырдың Байшұбары, Ер Тарғынның Тарланы жадымызда жатталып қалды. Көк Түріктердің көне мекені Хан Тауының (Хэнтий) қойнауынан көтеріліп жер жаһанның жартысын иеленіп, тенізге келіп тіреліп, «бұдан әрі барар жер жоқ» деп ат басын кері бұрған Шыңғыс ханға және оның ұрпақтарының ұлы жорықтарының туының жығылмауы да аттың күші еді.

         Көшпенділердің бес қаруы сайма-сай салт атты шеріктері садақ ату, шоқпар сілтеу, найза салу, қылыштасу, ат үстінен аударып түсіру сынды әскери сайысқа ат үстінде машықтанып, ат құлағында ойнады.
Ат бәйге, көкпар, аударспақ, теңге ілу, жамбы ату, шеген, қыз қуу сынды ұлттық ойындарымызды талай аламан додаға түсіп әбден машықтанған сәйгүліктерсіз елестету мүмкін де емес. Дамыта алмай отырғанымыз болмаса ат спорты ойындарының ең көп таралған ортасы қазақтар іші.
Көшпенділердің аңыз-ертегі, ақиық жыр, айтулы дастан, батырлық эпостарының басты кейіпкерінің бірі болып жылқы жырланып отырады. Ол елін, жерін жасанған жаудан қорғаған батырлардың астындағы аты ғана емес, сенімді серігі ретінде суреттеледі.
Жылқының тас қараңғы түнде жарты тарыны көретін жанарының өткірлігі сынды жаратылыс ерекшеліктерінің өзі бір төбе.

         Қазақтың сән-салтанатының көркі де – жылқы. Әбзелінің әшекейі аппақ сүттей ай нұрына жарқырап, күмбір-күмбір күмбірлеген күліктер жегілген күймелі қазақы арбаларда аққу мойын, алма төс қазақ арулары кетіп бара жатты. Алайда, ат десе ішкен асын жерге қойған қазақтан бұл күнде ат десе селт етпейтін қазақты да табуға болады. Оның еш әбестігі де жоқ. Заман солай болған, қоғам ыңғайына қарай солай тәрбиеленеміз. Сондықтан да бүгінгі жас ұрпақтың келешегі кемел, туған елін жан-тәнімен сүйетін, жады мықты, жанары отты, рухы биік азамат болып ер жетуі үшін ұлттық тәлім-тәрбие беруде жеткіншектеріміздің жылқы түлігі туралы таным-түсінігін байыту бүгінгі күннің талабына сәйкеседі деп білеміз.

Өткен ғасырдың басында «Қара қыпшақ Қобыланды» жыры жеке кітап болып басылып шығады. Осы кітапқа Алаштың асқар азаматы Әлихан Бөкейханұлы сын жазады. Ә.Бөкейханұлы шүу дегенде кітаптағы аттың суретін сынға алады. Ол былай дейді: «кітаптағы ат орыстың тяжеловоз дейтін жүк атты; шабандығы өгіздің сәл-ақ алдында; жал-құйрығы құшақ айғыр. Жырдағы шын Тайбурыл – азбан. Кітапта суреті салынған боз айғырдың бірде-бір мүшесі, жылқылығынан басқа, Тайбурылға ұқсамайды.Суретке қараңыз, осы боз айғыр қалайша сымдай созылмақ?» дейді.

Осы жолдарды оқығаннан кейін еріксіз ойланып қаламыз. Егер, Әлихан Бөкейханұлы біздің тәуелсіздік жылдарымызда тұрғызған тұғырдағы «Тайбурылдарымызды» көрсе не дер еді? Бәлкім, «қой мінезді құлындарым-ау, ұятқа қалмай мыналарыңды құлатыңдар» дер ме еді үзілді-кесілді.
Олай бола қалған күнде, біз де ұялмай-қызармай дау айтатынымыз кәдік. Өйткені біздің өреміздің жеткен жері осы, өнердің шыңына шырқап шығып алған, ат құлағында ойнамаған біз, сонау жүз жыл бұрынғы кәрі шалдың сөзіне құлақ ассақ, өркениетті ғасырға шегеріп тастамаймыз ба? Заманына сай адамы. Сондықтан, ұялмаймыз. Ұялмайтындығымыз, ұлттық рухани, мәдени танымнан мүлдемге қара үзіп қалғанымыз, миымызға мың айтсаңыз да кіріп шықпайды. Ондай сынсымақты қабылдай алатын бейсауат қабілет жоқ. Бізді намыссыз, жігерсіз, жырынсыз деп буынсыз жерге пышақ салатын шығар.
Салса сала берсін, бізде де намыс, бізде де рух бар. Енді-енді бойымызға, тәнімізге жан бітіп келе жатқаны және рас. Жоғалтқанымызды іздеп шарқ ұрып, жұмыр жерді шыр айналып шапқылап, жарғақ құлағымыз жастыққа тимей жүр, бағзы замандағы бабаларымыздың терлігі елі-жері үшін қан майдан, сұрапыл шайқаста ерісе, біздің пішпегіміз солардын рухын іздеумен еруде. Ат сабылтып Санкт-Петербург бардық, ежелгі Өтүкен қойнауынан Күлтегеннің көктасын көтеріп келдік. Міне, атышулы аталарымызға бір-бір ескерткіш қойдық тағысын тағылар.

Оқыдық, тоқыдық. Бірақ, тоқығанмен түсінбесе ол да пайдаға аспай жататын жағы тағы бар. Біз осылай ойлаған сайын, көкейімізге Елбасының мына бір сөзі орала береді.
«Еуропацентристердің және олардың сойылын соққан кеңестік насихат пен ғылымның көшпелілер тарихын саналы түрде кемсітуі, көшпелілерді бейғам, жалқау, ынта-жігерсіз, жартылай жабайы тірлік құрушы халық етіп көрсетуі қазақтың ұлттық сана-сезімін күйретіп-құлату роль атқарады».
Жылқының адам бойына күш, рух сыйлайтын ала-бөтен қасиеті бар. Ол – намыс, ол – ұлттық сана-сезім, ол – тектілік рухы еді. Қазақ үшін бұл тіпті де қажет. Осыны жақсы зерттеген ақ, қызыл түсті отаршылдар қазақты жылқыдан ажыратпай, оның бойындағы «жылқы мінезге» әлі жетпесін білді. Сөйтіп, олар бірден қазақтың жылқысына ауыз салды. Мұндай жадыңды жоюға бағытталған саясатқа қарсылық Х1Х ғасырдың басқы ширегінен басталғанды. Қызыл империя алдымен алаштың атын алды, артынан елдің басын алды. Қазақтың табанын тас, жанарын жас тілді. Жылқы мінезі жүндей түтілді. Ұланғайыр даланы ұлан асыр күйге бөлеген төрт түліктің төресі, ардақты жануарлардың сарқыны қаша-қораға қамалды. Қайдағы бір жабылармен жамалды. «Үстінен су төгілмес майда қоңырлардың» орнына дүңкілдек, мінсең іші-бауырыңды түсірер «дончоктар» дайда болды. Ал осындай құйтырқы, жымысқы сайтани әрекеттерге елдің азат ойлы азаматтары қарсылық көрсетпей қалған жоқ. Мәселен, қазан төңкерісінен кейін малға, соның ішінде жылқыға қыр кеткенін Мәшүр-Жүсіп Көпейұлының 1925 жылы жазған «Малсыз дала» өлеңінен анық байқауға болады.

Жылқы жоқ бұрынғыдай қостан шығар,
Күн қайда жонға барып қыстап шығар.
Бұл түрімен төмендеп кете берсе,
Әркім-ақ өзінікін ұстап шығар,– дейді.

Осы зар ары қарай қазақ ақындарының өлең-жыр, толғауларымен жалғасып, С.Сейфуллиннің «Қызыл ат» поэмасына ұласады. Жылқы түлігінің тоз-тозын шығарып, атқанын атып, сатқанын сатып, жұртты жаппай жаяу қалдырғанын, ақын ашына астарлап жазды. Ат пен ақын мұңдасады. Ат адамға шағынады, өкпе-назын айтады:

Білемісің, жүйрік сұлу қара айғырды?
Білемісің, әлгі жалбыр сары айғырды?
Сұр жорға ат, сүтті мама боз биені,
Соларды зиян кестер қалай қылды?..
Солардың бірі жауыр, бірі қатпа,
Сұржорға ат қазір тулақ, ол енді ат па?– дейді.

         Омырауына жасы моншақтап, кешегі сұлуының бүгінгі қалін көріп, көкірегі қарыс айырылады. Арына теңеп, аймалап құшып өбеді. Сәкен үшін, яғни қазақ үшін жылқы – әйел. Бұл – Сәкен Сейфуллиннің жылқы түлігіне қырғидай тиген ақыры «асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген нәубат, қансыратқан аштыққа әкелген тұстағы саясатқа білдірген жан айқайы, наразылығы еді. Ал Бейімбет Майлин болса қабырғасы қарыс айырыла отырып,

Кереге басы құр ноқта,
Құлынсыз қаңырап тұр ноқта.
Сән- салтанат баяғы,
Қалды әдіре бір жақта,– деп шырылдады.

Қызыл империяның қырғыны үдеген үстіне үдей түсті. Енді қаламды қолына Іляс Жансүгіров алады. Қапияда мерт болған Құлагердей сәйгүліктің қан жоса басын құшып отырып, адамзат баласында бұрын соңды болмаған құбылыс – Ақан Серінінің азалы зарын арқау ете отырып, дүлдүл ақын Іляс «Құлагердей» зарлы поэмасын өмірге әкелді.

Құлагер қош-қош атым, жолдасым-ай,
Мен білдім, түнесемде тұрмасыңдай.
Тигізбей топыраққа жоғары іліп,
Сақтармын өле-өлгенше қу басыңдй-ай!

         Ақан Сері – Іляс. Ал Құлагер сол дәуірдегі қазақтың атқа мінер қасқаларының образы деп көруге әпден болады. Бұл заман трагедиясы еді. Осыдан елу жыл өткеннен кейін Қабдеш Жұмаділов «Сәйгүліктер» повестісін жазды. Қазақы жылқының қалай «асылданып» бара жатқанына араша іздеген жазушының жан айқайы еді бұл да.

Біз енді Бөкейханұлынша ойлай алмаймыз. Өйткені, біз үшін, бүгінгі заман ұрпақтары үшін «ер қанаты – ат» емес тәйірі, ұшақ не болмаса машина. Сондықтан да біз атқа, жылқыға, қала берді қаныңа техника көзімен қараймыз. Сонда бізде қайдан ұлтық рухани түйсік болады. Біздің түйсік те модернизацияланған. Сол Әлихан Бөкейханұлы айтқандай «еуропа жолында» болуымыз әпден мүмкін. Мұндай екі ұдай пікірде қалуымыздың бір ұшы мысқалдай болса да бойында дәстүрлік түйсіктің түйірі қанда қалу-қалмауына келіп тіреледі.

Жүйрік аттың сауырын сипап, ұмасын уқалап, жылқының кермек иісін алақанына сіңіріп, ащы терін татпаған, оқыранып келіп шапқан айғырдың тегеуіріне тамыр-тамырынан исініп, тылсым қуаты тұтанабаған кісінің ат пен айғырды ажыратуы айтып-айтпай қиын болар. Одан «ер мұрынды, ат еренді» келетін қазақи түйсікті талап ету артық та шығар.

         Алайда ақыл ойдың түбін түсіретін кемеңгерлеріміздің ұлтық түйсіктен анағұрлым оқшауланып, қол үзді деуге қалай батылың барады. Сонау Петрборда төртбұрыш үйдің терезесінен сығырайып отырып, Алтай тауын мекен еткен қазақтардың етіне түскен жарақаттың тез жазылып, түлейтіндігін «өмір сүргіш (выживание) қабылеттілігінен» іздеп қаңғыратын Л.Н.Гумилевтің «көрегендігімен» сыбайлас нәрсе. Сана қанша жүйрік болғанымен кейде тұрмыстың илеуіне түсіп кететінінің бұл айқын көрінісі. Біздің алғырлығымыздың да шатқаяқтайтын тұсы осы. Туа біткен күш-қайрат текті жауын көргенде терісіне сыймай тасып, таласқанын талқанғып, беттескенін бұзып-жармай толас таппайтын, қас жауын қанжағасына байламай қаһары қайтпайтын, ата қонысын апай төсімен қорғаған, нар тұлғасы мен айбары айдаһарды жасытқан, ажарынан сарабдал ақыл-ой аңқыған нұрсипатын, атын естігенде аруақтанып, намысымыз нұрланатын батыр, ерлер қайда?

         Біздің жас ұрпақтарымыздың рух алар дүниесі Алматыдағы Тәуелсіздік монументінің қасындағы салпаң құлақ, мәңгірген есек-құлындар сыңайлы болғаны ма? Олардың «жуасыған» жылқы тінін түртпе. Мөңкітіп аласың дейміз бе? «Ұяда нені көрсең, ұшқанда соны ілесің» демей ме, жас ұрпақ жұлынып тұрған құлынды көргенше, жығылғалы тұрған жабыны көріп өссін дейміз бе? Алайда, көптің , қалың бұқараның талабы бұл емес!

         Заманымыздың ілгергі У1-У111 ғасырларына, түркі текті халықтардың түпкі төркіні болып келетін Көк түріктер дәуіріне мойын бұратын болсақ, ең әуелі әлемге әйгілі Орхон ешкеркіштеріндегі Тоныкөк, Күлтегін құлпы тастарынан көшірілген ойма жазуларға тоқтаймыз. Бар жоғы 42 жыл өмір сүрген Күлтегін бабамыз 16 жасынан бастап, қару-жарақ асынып, қолбастап, қағанатын қорғап бүкіл өмірін аттың жалында, жорық сапарда өткізеді. Сол бір кезеңдердегі қан майдан, сұрапыл соғыстарда теңдесі жоқ Күлтегін қолбасшының астына мінген сайгүліктері талай қырғынға Күлтегінмен бірге кіріп, жеңіске ортақ болған атақты Алып Шалшы мен Азман ақтардан «алты айлық жерді алты аттаған, бір төбенің шаңын бір төбеге қосқан, суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтын, жүрісте – көлік, жауда – серік өзіміздің әйгілі Тайбурыл, Байшұбарларды көргендей боламыз»(Күлтегін. Көне түркі жазба ескерткіші.-Алматы: Жалын, 1986,-14-бет).

         Анау Алтайдан ауған қырғыз халқының Ұлы Манас жырында Көкетай ханның астынан арқыраған шағырдай боз атты көреміз.(Манас.Киргизский героический эпос.М, Наука,1990г). Иә, жұмыр жердің жартысын жаулаған Шыңғыс қағанның қос қызылы эпостық жырдың арқауына айналған. Сол ұлы қаған өмірінің соңында 1226 ит жылы Таңғытқа жорыққа аттанады. Сонда қаған теңбіл шұбарын мініп жүрді деп жазлған шежіреде.(Монғолдың құпия шежіресі. Өлгий,1978,- 196 бет).

         Мұның бәрі неге мехнаты көп тасқа ойып жазылды. Ол жылқы болмысындағы адамға күш-қуат беретін аса құпия тылсым қасиетіне деген ерекше ілтипаттың көрнісі деп білеміз. Егер жылқыда рух шақырар, арқа қоздырар құдырет болмаса, онда ол жайбір басқа түліктермен бірдей белгіленбей, елеусіз қала берер еді.

         Қазақ тумысынан жылқымен жағаласып, жылқымен жарысып өскен. Жер жүзінде жылқының жасын, мінез-құлқын, түр-түсін, қадыр-қаиетін, түп тұқиянын өзгеден артық білетін бір жұрт болса, ол – қазақ. Соның үшін де қазақ тілінде жылқыға байланысты, соның ішінде тек атқа байланысты «ер қанаты- ат; атың барда ел таны желіп жүріп; жылқының үсті – жел, сүті – ем; атты тағаласаң есек аяғын көтереді; тигізбейді қазанат қамшы, азамат жоғын білгізбейді; ат айналып қазығын табар; ат тұяғын тай басар; ат аунаған жерде түк қалар… т.б. толып жатқан мақал-мәтелдер туса, «ат төбеліндей; ат бауырына түсіп; ат құлағында ойнау; атқа мінер; аттың жалында…қатарлы фазеологиялық тіркестер қалыптасты. Ат ән мен күйге арқау болды. «Маңмаңкер», «Ақ бақай», «Сал торы», «Қара жорға» сынды әндер, «Құлжагер», «Тел қоңыр», «Қос күрең», «Көк дөнен» сияқты күйлер өмірге келді.

         Халқымыздың жылқы малына деген сүйіспеншілігі еш төмендеген емес, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, дамып, жетіліп, кемелденіп отырды. Сол заман, дәуіріне сай тіршілік-тұрмысын жылқымен байланыстырған жаңа қанатты сөздер туындап отырды. Аса талапты, таланты тас жарып тұрған адамға теңеу іздегенде де жылқыға келіп тірелеміз. «Талаптың мініп тұлпарын, тас қияға өрледің» Абай сөзі осыған дәлел. Және дарынды мен дарынсызды, жақсы мен жаманды шенестіргенде айтылатын «тұлпардан тұғыр озбас шабылса да,оған да үкі тұмар тағылса да» деген де Абайдан қалған қанатты сөз. Албаты кетіп, арам тер болған дарақылықты «Бәйге алмаған жүйріктен, белі жуан бесті артық» (Шалкиіз жырау) деп түйреді. Қалжырағанды қатайтып, шаршағанды шыңап, босағанды беркінтіп ерлікке шақыратын жігерлі сөздер Маханбет аузынан түйдек – түйдегімен түсіп жатады. «Ереуіл атқа ер салмай, ерлердің ісі бітер ме?»… Халқымыздың жылқыға деген ерен құрметінің белгісі оны мәңгіліктеу – еркерткіш мүсіндерін орнату болады. Талдықорған қаласында жығылып жатқан арғымақтың – Құлакердің аянышты халін бейнелейтін ескерткіш бар. Ақан Серінің Алашқа әйгілі болған Құлагерінің күңіренген тағдырын көз алдыңызға елестетіп, бас имей өтпейсіз бұл арадан. Жылқыға деген мұндай құрмет көшпенді басқа жұрттарда да кездеседі. Моңғолияда «Арвай хэр» (Бидай кер) деген атағы шыққан аттың атында қала бой көтеріп, «Арвай хэрге» алып ескерткіш орнатқан. Ал батыс елдері әпсаналарында адам кеуделі, арғымақ кейпінде бейнеленген көшпенділер әулеті Азия төрінен аттанып, бүкіл әлемге атақ даңқы жайылса осы аттың арқасы. Атты әскерлердің алмаған қамалы, жетпеген жері болмады. Аралық қашықтықтар «күндік жер», «айшылық жер» деп аттың жүрісімен есептелді.

         Көшпенділердің басына төнген зұлматтар ат пен адам арасын алшақтанқан дәуірлерді бастан кешірдік. Алайда дүние кезек деген бар емес пе, қаның да бар нәрсе қалайда күндердің бір күнінде айналып бір тіріліп, түлейтіні болады екен. Қоғам күрт өзгеріп еді, болмысымыздағы бордай болып үгіліп тұрған тектілік түйіршіктері түнде гүлдеп, қас қаққанша шиыршық атып, ширығып шыға келді. Арғы тамырынан тамтұмдап болса да тарамыстай тырмысып ажырай қоймаған ауыл адамдарын былай қойғанда астынан жеңіл автокөлігі түспеген, айшылық жерге ұшақпен баратын шенеуніктердің шекпенінде туып, шинелінде өскен, сырмақтан түспеген ығай мен сығайларымыз, жақсы мен жайсаңдарымыз, әсіресе қалтасы қалың байларымыздың да ат-жылқы баласына аңсарының аууы тіпті модаға айналып, ең таңдаулы асыл тұқымды сәгүліктерді үйір-үйірімен ұстап жатса неге қуанбасқа. Өйткені жылқыны білу, жылқыға үйір болу, шамасы келгенінше жылқыны танып өсу – ұлтық сана-сезімімізді сергітер, жасыған жадымызды серпілтер, тектілігімізбен табыстырар тағылым-танымдықтың ең қуатты құралының бірі болса керек. Өмірі футбол ойынын көрмей өскен балаңызды бір рет стадионға ертіп барыңыз, сайыстың соңына әзер шыдап, шаршап қайтады. Өмірі жылқы баласын көрмеген нәсіліңізге бір рет аламан бәгі көрсетсеңіз, мың күнге рухани күш алады. Желдей есіп ана аттың үстіне мініп кеткісі келіп, елегізіп тұрады. Бұл біздің ұлттық менталитетіміздің туатүп негізінің ерекшелігіне байланысты.

 

Зертханалық жұмыстар


Жылқы - қазақтың кәделі, бағалы қазынасы. Қазақ үшін ең құнды, қасиетті мал - жылқы. Оның пірі - Қамбар ата. Қамбар атаға Тағы бір тілек тілейін, Шын бергенін білейін. Өңкей ала шұбардан, Жал - құйрығы шұбалған, Айғырды бер байсалды, Үйірі толған байталды Өңкей мама биемен Сауған сайын иіген, Желіні сүтін тыймасын, Көнекке саусақ сыймасын. Ұзара берсін желісі, Кеңи берсін өрісі
Қоғалы көлді жайлаған,
Қоғаның басын шайнаған.
Шыңғыртып асау құлынды, Қыл арқанмен байлаған. Жылқышы ата баласы Жылқы бассын үйіңді Бұл өлеңде жылқы жасына қарай талданған
Жылқы жасы 1. Құлын - жылқы төлі                                                                         2. Жабағы - 1 жылға дейінгі төл

3. Тай - 2 жастағы жылқы

4. Құнан - 3 жастағы жылқы.

 Байтал - 4жастағы ұрғашысы

5. Дөнен - 4 жастағы еркегі

6. Бесті - 5 жасар еркек жылқы. Ат - кестірілген, мініс ат

7. Айғыр - аталық жылқы. Сәурік - жас айғыр.

 8. Бие - аналық жылқы. а) мама бие - көп құлындаған жуас бие ә) қулық - алғаш құлындаған бие
Бұрын ел қорғаған батырлар жылқы ішіндегі таңдаулыларын ерекше дәріптеп, бағалаған. Айт, ас тойларда аттың бас бәйгесіне мол дүние тігілген. Тіпті, бас бәйгеге елу бие, ақ отау, бір бас тоғыз, тоғыз түйе, жабулы қара нарға қалы кілем иеленіп, аты озған зор олжаға ие болады.
Халық жылқыны жоғары бағалап, жүрісін де жіктеген.

 

 

 

 

 

 

 

 

  Жылқы тұқымдары

Жылқы тұқымдары

22 наурыз келді дегенше, бәйге, көкпардың дүбірлі додасы келді дей беріңіз. Оған себеп бар. Қаймана қазақтың жылқы десе, аузындағы асын тастайтыны бәріне аян. Оның ішінде "таза қанды" жылқыларға деген ықыласын сөзбен жеткізу  тіптен қиын. 22 наурызда өтетін бәйгеге қазақ атын жыл бойы баптаған. Күнделікті тірліктің өзінде жылқы десе, бес жасар баладан бастап, елу жасар қартқа дейін құлағы елең ете қалады. Бұның бәрі бабалардан қалған қасиет. Ендеше, жылқы тұқымының топтамасына назар салыңыз.

Жылқы туризмі - адам үшін таптырмас демалыстың бір түрі. Және осылай болып қала береді де. Ақылды, мықты, төзімді жылқыларды таңдай білу қажет. Жалпы жылқы малы адам бұйрығының бәрін дерлік орындауға бейім. 

Қазірде әлемде екі жүз елуге жуық жылқы тұқымы бар. Соның ішінде тоқталып өтуге тұрарлық тұқымдар.

http://massaget.kz/userdata/uploads/u21/ahalteke_3.jpg

Ахалтеке тұқымы. Әр дәуірдің әр кезеңінде, кез келген ұлттың  өз алдына сүйікті жылқы тұқымдары болған. Бірақ олардың бәрі бірдей уақыт сының көтере алмады. Көбісі жер бетінен мүлде жоғалып кетті. Алайда, Ахалтеке тұқымына өзгеше тағдыр бұйырыпты. Бұл жылқы тұқымы түркмен халқының қазынасына жатады. Тіпті, ең ежелгі жылқы тұқымдастараның санатында. Шамамен алатын болсақ, б.ғ.д. III-IY ғасырларда пайда болған.

Ахалтеке жылқылары шапшаңдық жағынан дес бермейді.  1935 жыдары түрікмен  салт аттылары Ашхабат пен Мәскеу арасындағы 4 мың 300 км-ді еңсеріп өткен. Бар-жоғы 84 күнде желіп отырып, ең қиын өткел болып саналған Қарақұмды 3 күнде басып өткен.

Жәуміт тұқымы. Түркіменстанның оңтүстік бөлігінде пайда болған, ең ежелгі тұқым. Ахалтеке тұқымына қарағанда жәуміт тұқымы қайырымды. Бастары дәу, мойындары төмен, аяқ қолы мығым келеді. Жүрісі аса жайлы. Қиындықты талғамай-ақ,  кез келген ауа райына төтеп береді.  Олар Ашхабад-Мәскеу аралығындағы жарыста 800 шақырым жерді 7 күнде тәмәмдап отырған.

Қарабайыр тұқымы. Орталық Азиядағы  ежелгі тұқым. Отаны - Өзбекстан. Әдебиет зертеушілерінің айтуынша, Өзбекстан бір кездері «даван арғымақтарымен» алыс шалғайларға танымал болған. «Қарабайыр» сөзінің мағынасы «қолда туып өскен» дегенді білдіреді.  Екіншілердің пікірінше - "жүк артылатын көлік", үшіншілер - "қарабайыр" -  "араб жылқыларының буданы" дейді. 

Қарабайыр жылқыларының болмыс бітімі бөлекше. Бас бөлігі төмен, қысқа мойынды, өнегелі жылқылар қатарынан.  Арбаға жегуде таптырмас көлік ретінде саналады.

http://massaget.kz/userdata/uploads/u21/araskii%20kon_1.jpg

Араб тұқымы. Бұл тұқым үлкен атақтарға ие. Жаратылу табиғатының өзі мифтермен араласып жатады. Кезінде еуропалықтар бір араб жылқысының құнының өзін өте жоғары бағалаған. Жер шарының кез келген елі жылқы шаруашылығында араб жылқысын қажет қылған. Ол таза қанды ағылшын, американ, венгер жылқыларының пайда болуында біршама үлес атқарған. 

Араб жылқыларын біздің елде де жоғары бағалайды. Париж көрмелерінде  араб жылқылары ең таңдаулылар қатарында есептелген.

http://massaget.kz/userdata/uploads/u21/agilshin%20tukimi_1.jpg

"Таза қанды" салт атты тұқымы. Бұл тұқымның жылқылары жүйріктік тұрғысында ешкімге дес бермейді. Сол үшін де бұл тұқымның жылқылары алтыннан да қымбат келеді.

Аталған тұқым XYII ғасырда Англияда  пайда болған.  Басқа да тұқымдардың пайда болуына үлкен ықпал жасады: Германияда - тракенен, мекленбург, ганновер, Венгрияда - фуриозо, нордстрад, нониус, АҚШ-та - салт атты, Польшада - поляк, КСРО да - қостанай тұқымдары.

Салт атты тұқымның бойлары ұзын болады.  Қозғауыш күштері аса жоғары. Өте қуатты, сезімтал саналады. Кей кезде еркеліктері шектен шығады екен. КСРО- ның, Қазақстанның, Грузияның, Өзбекстанның ат зауыттарынан табылады.

http://massaget.kz/userdata/uploads/u21/don%20tukimi_1.jpg

Дон тұқымы. Дон өзенінің жанындағы аудан орталығында пайда болған. Бастау тарихы осы маңға XV-XVI ғасырларда казактардың қоныс аударуынан басталады.  Казак шаруалары  Россияның оңтүстік бөлігін қорғайтын болғандықтан, салт атты тұқымға зәру болатын. Соғыс алаңындағы шешуші жеңіске аттың да қатысы барын казактар жақсы білетін. Сол себепті де олар бар жігерлерімен жақсы тұқымдар шығаруға талпынды.

Дон тұқымы өте қатаң ережелерге де құлақ асады. Олар жаздың аптабында да, қыстың суығында да  төзімділік көрсете алады. Тамақтану  жағынан қолайсыздық алып келмейді.

http://massaget.kz/userdata/uploads/u21/budenovkaya%20poroda.jpg

Буденный тұқымы. Кеңестік мамандардың арқасында 1921-1948 жылы Ростов облысындағы дүниеге келді. Сол кездерде жетекшілік еткен КСРО-ның  маршалы С. М. Буденный болатын. Дон жылқысы мен салт жүрісті жылқыларымен будандасуының арқасында, бұл тұқым бірден көзге түсті. Осы еңбегі үшін Буденный бастаған ең бірінші  Атты әскерлерлер құрмет ордендерімен марапатталды.

Аталған тұқым кез келген қашықтықта жақсы көрсеткіштерге жеткен. Олар - ұзын денелі, омыраулы, сүйекті, шапшаң болып келеді. Және төзімділіктерінде шек жоқ. 1946 жылы Сальск-Ростовтан Донға дейінгі қашықтықты 18 сағат 25 минутта басып өткен. 

http://massaget.kz/userdata/uploads/u21/ukraiskaya%20poroda.jpg

Украинаның ұлттық тұқымы. Соғысқа дейінгі жылдар орыстың салт атты тұқымдары жақсы тасымалданған. Біраз бөлігі фашистер құртып жіберген. Сол үшін де салт атты тұқымның жаңа үлгісі жасалуға тиісті еді. Және ол ұзақ күттірмеді. Украина,  Александрвск зауыттары  осы тұқымды ойлап тапты.
Бұл жылқылардың бойлары, мығым денелері, әдемі де еркін жүрістері, түр-түстері адам қызығушылығын тудырары сөзсіз.

http://massaget.kz/userdata/uploads/u21/kazahskaya%20poroda.jpg

Қазақ тұқымы.  Жазиралы даланың бойындағы қазақ жылқылары аласа болып жайлып жүргенмен, шабыс жағынан келгенде ешкімнен кем түспейтін. Олар күніне үзіліссіз 70 шақырымды емін-еркін еңсеріп отырады.  Ашық аспан астында, кез келген температурада көнбістік көрсетеді. Әрі шөп талғау дегенді білмейді де. Бұған қоса, жергілікті тұрғындар  арасында  ұлттық ат жарыстарында табандары қызады. Қазақ жылқылары сүт өнімін көп береді.

Қазақ жылқысы бірнеше түрге бөлінеді. Соның бірі - Адай жылқысы. Адай жылқысы түрікменнің текежәуміт арғымағымен будандасқан делінеді. Ертеде түрікменнің «теке» руы «жәуміт» руына қарсы соғысқанда, өздеріне болысқаны үшін текелер адайларға бір сұлу қыз бен жүйрік ат берсе керек. «Қыз жақсысы мен ат жақсысы теке түрікменде» деген сөз сонан қалса керек-ті.

http://massaget.kz/userdata/uploads/u21/kustanaiskaya%20poroda.jpg

Қостанай тұқымы. Жергілікті қазақ жылқыларының  дон, орлов, т.б. тұқымдарымен будандасу арқылы, Челябин мен Қостанай облыстарында дүниеге келген.

Қостанай жылқылары қандай жағдай болмасын алғыр, еңбекте төзімді болып келеді. Қазақтың ұлттық спорт ойындарында жарысқа жиі түседі: теңге алу, көкпар, бәйге, т.б.с.с. 

http://massaget.kz/userdata/uploads/u21/altai.jpg

Алтай тұқымы. Осы өлкенің ең атақты тумасы болып саналады. Олар аласа болғанмен, ат үсті жүрісінде, таулы өлкелерді саяхаттауда  ерекше көзге түседі.  Тұрқылары мығым, салмақты, ширақ болып келеді. Сол үшін де үйірге жиі қосылып тұрады.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.      Жизнь животных в 6 томах – Москва: «Просвещение»

2.      Оқушы анықтамалығы.

      Алматы. Алматы кітап 2007 ж.

3.      Мал дәрігерінің анықтамалылығы.

      Өскемен – 2005ж.

4.      Қазақстанның ауыл шаруашылығы.

       Алматы. Алматы кітап 1970 ж.

5.      Аякөз жаңалықтары газеті. № 37. 2010 ж.

6.      Денсаулық энциклопедиясы. 2007 ж.

      «Балалар әдебиеті баспасы».

     7. Газет,  журналдар.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ғылыми жоба:Жылқы малдың патшасы 4 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Товаровед-эксперт

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 671 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.09.2016 14409
    • DOCX 1.6 мбайт
    • 134 скачивания
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алимбаева Айнур Каруановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алимбаева Айнур Каруановна
    Алимбаева Айнур Каруановна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 50043
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках математики у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 257 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 273 человека из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 593 человека

Мини-курс

Эффективное управление проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Российское движение школьников (РДШ): воспитательная работа

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Продвижение экспертной деятельности: от личного сайта до личного помощника

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе