Инфоурок Русский язык Другие методич. материалыҒылыми-зерттеу жұмысы« Дүние жүзі халықтарының

Ғылыми-зерттеу жұмысы« Дүние жүзі халықтарының

Скачать материал

                                      «№1 негізгі  мектеп»  КММ

 

 

 

 

 

 

 

                          Ғылыми-зерттеу жұмысы

 

 

 

 

 

« Дүние жүзі халықтарының

Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі»

 

Үйірме: қазақ тілі мен қазақ әдебиеті

 

 

 

                                                    Авторы: 7 сынып оқушысы

                                                                 Елизавета Зверева

                                                             Жетекшісі: қазақ тілі пәнінің мұғалімі

                                                          Александра Оразғалиқызы Есенова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             Жітіқара қ.  2015 жыл

                                                            

                                                  Мазмұны:

 

I .Абстракт.........................................................

II. Кіріспе сөзі...........................................................................

III. «Дүние жүзі халықтырының Наурыз мерекесін тойлау                                         салт-дәстүрі.»  теориялық бөлімі....................................................

IV.Оқушының зерттеу жұмысы........................................

V. Әдебиеттер тізімі................................................................

                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    

 

                                                         Абстракт

 

Тақырыптың өзектілігі:

Баяғы заманнан қазіргі күндерге Наурыздың басталуымен ата-бабамыздың келе жатқан ғасырлық әдіс-тәсілдерін сақтау қажет .Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы, ұзақ қыстан ана-табиғатымыздың көктемгі ояну туралы айтып, өлең жолдарында халқымыздың көңіл- күйін, жаңа күннің басталуын, қуанышын баладан үлкенге дейін тойлайтын ,ұлы мерекесінің басталуын-Наурыз мейрамын суреттеген.

Бұл мектеп сыныптарында сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстары беріліп отыр. Оқушылар ұлттық салт-дәстүрлерді зерттеу, жинақтау жұмыстарымен айналысады. Соның бір дәлелі ретінде Наурыз мерекесі туралы ұмыт бола бастаған салт – дәстүрлерді жинақтап, «Наурыз мерекесі» атты ғылыми жоба қорғау талдамасы  ұсынылады. Бұл әдістемелік нұсқау жылда тойланатын Наурыз мерекесін өткізуге көмекші құрал болып табылады. Мұғалімдерге және зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген оқушыларға арналады.

 

Тақырып: « Дүние жүзі халықтарының

                    Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі»

 

Эпиграф:     «Ата-бабамыздың дәстүрлері-

                     адамның құлықтылығы мен ой-өрісінің негізі.»

                                                                                                     А.Құнанбаев

 

Зерттеу мақсаты:           

-ой-өрісінің түріндей.қоғамдағы келісім мен достықты нығайту үшін салт-дәстүрлер туралы білулерін қазіргі заманға енгізу.

Міндеттері: - дүние жүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлаулары туралы деректерді жинақтау

-                 ұлттық мәдениетін жаңғырту үшін дәстүр  преемственность сақтау.

Зерттеу объектісі: Наурыз мейрамын білетін оқушылар.

Гипотеза:оқушылар халқымыздың салт-дәстүрін білсе, өз ой -өрісін көтеріп, қоғамдағы келісім мен достық қарым-қатынастарын нығайтуға себеп болады.

Зерттеудің әдіс- тәсілдері:

 1.Теориялық материалдарды жинақтау;

 2.Тақырып бойынша материалдарды іріктеу;

 3. Наурыз дәстүрін жақсы білетін әр түрлі ұлт өкілдерінен сұхбат алу:

Өткізу мерзімі: 8 ай

 

Зерттеу кезеңдері:

 

1-          Диагностикалық кезеңі

2-          Болжау кезеңі:

3-          Ұйымдастыру кезеңі

4-          Практикалық кезеңі

5-          Қорытынды кезеңі:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                      Кіріспе сөзі

          Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны – жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай-ақ ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр.

     Елбасының соңғы жолдауындағы алтыншы міндеті де  осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлауды, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыруды, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалануды, инновациялық   экономиканы дамытуды қарастырады.

Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік  алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады.

Жалпы ұлттық деңгейдегі 12 жылдың жалпы орта білім берудің басты мақсаты – еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау. Бәсекеге қабілетті жеке тұлға   деп   өмірдің қай саласында болмасын еркін де нақты, жауапкершілікпен ойлайтын, әр түрлі жағдайларға бейімделе білетін, бойында шығармашылық қасиеттері қалыптасқан тұлғаны айтамыз.

    Ғылымның  жедел түрде дамуы,  техникалық прогресс, қазіргі заман талабы бастауыш сынып оқушыларының жан- жақты терең ойлау қабілеттіктерін арттырып отыр. Сондықтан  бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін зерттеу- ізденушілік жұмыстарды бастауыш сыныптан бастау қажет. 12 жылдың білім берудің басты мақсатының бірі -құзыретті тұлғаны дамыту болса, күтілетін нәтиженің бірі – мәдениет танымдық құзырет . Ол дегеніміз – жалпы адамзаттың мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның ролін түсіну. Өзінің халқының  мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсіну.

Описание: http://turizmik.ru/public/uploads/news/6215/big/IMG_a15277685f58.jpg

 

 

Наурыз мерекесі шығыс елдерінде ерте заманнан пайда болған. Оны Өзбекстанда, Тәжікстанда, Қырғызда, Иранда, Пәкістанда Ауғанда және тағы басқа  мұсылман елдерде тойлаған.Қазақстанда  Наурыз мереке ретінде 1988 жылы қабылданған, ал ресми жағынан

Әр халықтың Наурыз мерекесін атқаратын өз салт-дәстүрлері бар. Көбінесе дәстүрлеріміз жақын бірдей, бірақ шамасы айырмашылығы бар.

Ертеде халықтардың барлығы наурызды наурыз айында тойлаған

    Президентіміздің айтуынша:

 

«Бұл күні тек қана жақсылық пен мейірімділік жайында әңгімелеу сөйлесу қажет міндетті, адамдар бір бірімен көңілді белсенді болу керек. Бұл кешірім сұрау және сенімділік мейрамы, сол себептен бұл біздің көпұлтты Қазақстанға өте қажет »

 

 

 

 

 

 

                                           

    « Дүние жүзі халықтарының

Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі»

                                                теориялық бөлімі

 

      Наурыз мерекесінің түркінің төл мерекесі екенін зерттеуші Бақыт Әбжет те дәлелдеп жазды. Оның жеткізуіне қарағанда көне түркінің мифі бойынша жерді өгіз көтеріп тұр деп есептелінеді. Жерді бір мүйізіне салып көтеріп тұрған көк өгіз мүйізі талғанда екінші мүйізіне қарай ауыстырады. Жерді жылына бір рет қана екінші мүйізіне аударады, осы кезде жер қайта жаңарып, тіршіліктің ояна бастауы жаңа жылдың келгенін білдіреді. Халық өгіз белгі бергеннен халық Наурыз мейрамын тойлауға кірісетін болған.

 

Картинка 10 из 53

 

       Мысалы, әзірбайжандар Көк Тәңірінің құрметіне жұмыртқаны көкке бояп, оны айнаның үстіне қояды. Жұмыртқа тербеле бастаған кезде өгіз жерді екінші мүйізіне ауыстырды деп, жаңа жылды тойлауға кіріседі екен Олар Новрузды 13 күн тойлайды. Соңғы аптаның сейсенбі түні барлығы оттан секіруге тиісті, бұл жамандықтан тазалау деген белгісі.Дәстүр бойынша әзірбайджандар тауға барып «новруз» деген гүлін тереді. Дастархан басында «с» әрпінен басталатын 7 тағам қою керек: сямәни-арнайы ботқасы, сазби-көк шөп, сумах скэд-сүт т.б.Үйдің есіктері жабылмай қонақтарды қуанышпен қарсы алады, бабалар ше үйлерді аралап сыйлық тәттілерін жинап жүреді.

 

.

Картинка 17 из 22

 

ИРАН тілдес халықтар НАУРЫЗДЫ   бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күні әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды, жаңа өнген жеті дәнге қарап, келешек егін жайлы болжам жасайды. Жеті ақ кесемен  дәстүрлі ұлттық көже -  «СУМАЛАК» ұсынады. Соқамен жер жыртады, ат шаптырып, жамбы атысып жарысады. Ескі киімдерін тастап, ұсталған шыны аяқты сындырады.  Бір-біріне гүл ұсынып, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою –«күн белгісін» салады, үйдің тіреу ағашына гүл іледі.

Мұсылман дініне дейін Күнге табынған ИРАН  елдері НАУРЫЗ КҮНІ сөзінің бас әрпі «шин» -мен басталатын жеті түрлі затты дастарқанға  қоятын: шарап, шир (сүт ), шырын, шекер, шербет, шам, шона (тарақ). Ежелгі ирандықтардың түсінігі бойынша, шарап - өрлеу,сүт - пәктік, тәттілер - шаттық, шекер -ризалық, шербет - демалыс пен қонақжайлылық, шам - отқа табыну, тарақ - әйел сұлулығы.

 

НАУРЫЗ мейрамын бирмалықтар «Су мейрамы»,  тәжіктер «Гүл гардон», «Бәйшешек», «Гүлнаурыз», хорезмдіктер «Наусарджи», татарлар «Нардуган», буряттар «Сагаан сараң», соғдалықтар «Наусарыз», армяндар «Навасарди», чуваштар «Норис ояхе» деп түрліше атаған.

Шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлайтындығы жайындағы көне деректер бізге Әбу Райхан Бируни, Ибн Балхи , Омар Хайям , Махмұт Қашқаридің  еңбектері арқылы жетіп отыр.

 

                                             

 

 

                                                   Қызыр Қыдыр ата

 

 

Мұсылмандық аңыз- әпсаналар мен халық наным- сенімдерде Қызыр образы кең таралып, ол мәңгі өлмейтін бейне ретінде саналады. «Қызыр» сөзі – жасыл, көк өңін білдіреді. Бұл өсімдіктер әлемімен байланысты болғандықтан  оның көктемгі Наурыз мерекесімен орайластыруы тегін емес  екенін байқауға болады.

Халқымыздың  мифологиялық түсінігі бойынша , 21- наурыз түні даланы Қызыр  аралайды екен. Сол себепті осы түні – «Қызыр түні» деп аталады. Қызыр адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көзге көрінетін  қиял – ғажайып персонаж  Қыдыр ата бүкіл халықтың қамқоры, оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші, бақыт, береке, өмір сыйлаушы қасиет иесі, кемеңгер, әулие, көріпкел, жарылқаушы, қарт.

Ол ұлыстың ұлы күнінде әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып бата береді. Міне, сондықтан әр үй Қыдыр атасының жолын күтіп өздерінің жанын да, тәнін де, киер киім, ыдысы мен бұйымдарын да таза ұстауға тырысады. Үйдің іші – сыртын, қора қопсыны тазартып, ағаш егіп, өсімдікке су құяды. Мұсылман қауымы мұндай үйге Қыдыр ата түнеп, немесе бата беріп кетеді деп түсінген:

Үстем болсын мерейін
Ықыласпен қол жайсаң
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жәле жерге енсін
Көйлектерін көк болсын!
Қайғы уайым жоқ болсын
Қуаныштарың көп болсын
Аумин!

«Қыдыр қонған», «Қыдыр дарыған» деген сөздер осындайдан шыққан. Жақсылықтың жаршысы, жаңа түскен Күн нұрының символы- Қызыр ата даланы кезіп жүріп, назары жерге түссе, оның тоң кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе, тасты ерітіп жібереді екен. Күн сәулесі жер шарының шығыс бөлігінен таңғы сағат 6- да себелеп атқан кезде, біздің өңірімізде бұл сәт түнгі сағат 3- ке тұспа-тұс келеді.Сондықтан да қазақ халқы Жаңа жылды 22 наурыз күнгі таңғы 3-те қарсы алады, дәл осы сәтте даланы Қызыр баба аралап, Самарқанның көк тасын жібітсе керек.  Бұл да наурызға байланысты айтылған сөз. Оның бірнеше мәні бар. Бірінші, аңызға әйгілі астроном Ұлықбек (1394-1449) обсерваториясындағы көк тасқа дәл 22 наурыз күні күн сәулесі түсетін болған. Сол сәуледен түскен жылу тасты жібітеді-міс. Екінші, бұл күні әр адам қателігі болса кешірім сұрауға және ол кешірім беруге тиіс, Кешірмесе «бұл күні Самарқанның да көк тасы жібиді, сен тастан қаттысың ба?» деп тоқтатады екен. Сол сияқты бұл күннің әлемге жылулық әкелетін сәтін де бейнелеп айтқан.

Описание: http://i.ytimg.com/vi/FVPJKsJUtfM/0.jpg

 

          Алтыбақан басында жастар түнімен түрлі халықтық ойындар ойнайды, айтысады.Бұл кеште айтылмаған ән, тартылмаған күй, танылмаған шешен қалмайды.

Таң ата көпшілік  биіктеу төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады.

 

 

Жаңа жылдың бірінші күнінде күннің қалай атқаны , оның түр- түсі есепшілердің үнемі назарында болады. Жұлдызшылардың тәжірибесіне сүйенсек, күн бұл таңда  төрт түрлі болып атуы мүмкін екен:

1)Күн егер жанған оттай қызарып , қан қызыл болып шықса,ол жылы өлім-жітім, өрт көп болады, соғыс, қантөгістер болуы мүмкін;

2)Егер күн түсі сары қызыл тартып, ыстық леп бірден бет ұрып, шақырайып шықса, ол жылы құрғақшылық боладыТаулы аймақтарда жиі-жиі тасқын болып, шалғынды далада өрт шығады;

3)Күннің түсі күңгірт тартып, қораланып, солғын көрінсе, ол жылы жауын- шашын ерекше көп болады;

4) Күн сәулесі жан-жаққа шашырап, шапағын төге рауандап атса,ол жылы жанға жайлы молшылық болады.

 

                     Ұлыс күні неге міндетті түрде қазан пайдаланады?

       Түске таман ауыл адамдары нарқазан көтеріп от жағады. Қазан басқа ыдыстарға қарағанда қазақ өмірі мен мәдениетінде алатын орны жоғары. Қазақ дастарқанына түсетін тағамдардың барлығы да (қымыздан басқасы) осы қазаннан өтеді. Халық жай ғана қазан демей оны «қара қазан» деп қастерлеп айтады. «Қара» сөзі қасиетті, киелі, берекелі деген ұғымды білдіреді.

     Қазанын сындыру – отбасын ойрандау, қазанын төңкеру – аштықтың, масқаралаудың белгісі. «Жеті жарғыда» өлім жазасына бұйырылған адам 7 айып төлеп құтыла алады. Оның біріншісі – қара қазан төлеу.

                            Наурыздағы салт- дәстүрлер.

         Наурызнама – шат - шадыманды ойын-сауық , той.

Бұл күні үлкен болсын,кіші болсын осы мейрамға келіп,көңілді  ойын-сауықтар жасалады. Мұнда  шарап  ішу, ренжісу сияқты   жағымсыз әдеттерге  қатты тыйым  салынған.Тойға ат жарыс,палуан күрес,басқа да спорт бәсекесі,айтыс,түрлі  ойындар мен көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Әркім үлкендерден бата тілейді.

Наурыздағы салт-дәстүрлері :Наурыз-тілек. Наурыз төл Наурызкөк- Наурызшешек. Наурызша. Наурыз есімі.  « Наурызкөже»                          Наурыз мерекесінің танымдық мәні мол, жұмбақ сырлы өзіндік рәсімдері мен шартты талаптары баршылық .Соның бірі –Ұлыстың Ұлы күні Наурызнамада дайындалатын  - Наурыз көже «Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар» деп,көже мейілінше мол жасалады . Халқымызда ежелден 7 санын қасиетті дейтіні белгілі. Тіпті санағанның өзінде біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу деп айтамыз. Ешқашан сегізеу, тоғызеу демеген. Ұлттық таным бойынша 7 қазына, 7 ата, 7күн, 7қат көк, 7 музыкалық дыбыс т.б. ұғымдарды білеміз:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Осылардың қатарынан орын алатын 7 түрлі дәмнен жасалатын Наурыз көженің ерекшелігі қандай?  Әр жаңа жылда дайындалатын осынау дәмнің құдіреті неде?

                                              

                                           

 

                                      « Ет етке , сорпа бетке»

Наурыз көжеге соғымбасының арнайы сойылған қойдың басын, етін салады. Сүр ет дегеніміз –ыстап кептірілген ет. Етті ұзақ сақтау үшін ыс салып сүрлеу дағдыға айналған  тәсіл, ол әсіресе соғым етін сақтау үшін кең қолданылады. Дұрыс сүрленген соғым еті мейіздей сары болады. Мұндай сүр етті қанша уақыт сақтаса да, бұзылмайды. Ыс сіңген еттің хош иісі, жағымды кермек дәмі болады. Бірақ оның сорпасы жайсыздау келеді. Сондықтан оған жас ет қосып, асады.Сүр ет пен жас етті араластырғанда, сорпа дәмді болады. Еттің құрамындағы дәрумендерге тоқталайық.

Сұрақ.   -  Еттен жасалатын тағам түрлерін ата ?

Жауап   -  Еттен  тұшпара, манты, қуырдақ, бес бармақ, палау, кәуәп т.б. тағамдар жасалады.

3                                                                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

                                  

                                            

                                  Зерттеудің ұйымдастыруы.

А/ Диагностикалық кезеңі.

 

Описание: http://36mektep.ucoz.kz/_ph/4/484177686.jpg

 

 

Қазіргі уақытта Наурыз мерекесінің салт-дәстүрлері, ұлттық тағамдары, шығу тарихы туралы білетіндері оңша көп емес. Сол себептен біз әлеуметтік сауалнаманы өткіздік:

 

Сұрақтары

          Білемін %

            Білмеймін %

1. Наурыз мерекесінің шығу тарихы туралы білесің бе?

                37 %

                 63%

2.Тойлау салт-дәстүрлерін айтып беріндер.

                 79%

                21%

3.Наурыз мерекесінің ұлттық тағамы наурызкөже туралы не білесің?

                11%

                89%

 

 

 

 

 

 

 

 


Халықтың салт- дәстүрлерімен танысу және бекіту жұмыстарын жиі өткізу қажет және  керек  дәлелдеуге болады.

1.Салт-дәстүрлер туралы білімдерін қоғамдағы келісім мен достық қарым-қатынастарын нығайтуға әсер ете ме? деген

2.Ұлттық салт-дәстүрлері туралы білімдері оқушының ой-өрісін дамуына әсер тигізе ме? деген сұрақтарға  жауап бергендері осылай:

 

сұрақтары

               Иә

            жоқ

1.Салт-дәстүрлер туралы білімдері қоғамдағы келісім мен достық қарым-қатынастарын нығайтуға әсер ете ме?

 

            45%

 

            55%

2. Салт-дәстүрлер туралы білімдері оқушының ой-өрісін дамуына әсер тигізе ме?

 

            32%

 

            68%

 

 

Ә/ Болжау кезеңі:

Егер оқушылар арасында халықтардың салт-дәстүрлері туралы жұмыс өзкізсек,өз ұлтымыздың және басқа ұлт өкілдерінің мәдениетіне қызығушылықтарын туғызып, ой-өрісін артып, адамдардың қарым-қатынастары бір-біріне жақсартады.

Б/ Ұйымдастыру кезеңі:

Халқымыздың салт-дәстүрлері туралы білімдері жасөспірімдерге қандай әсер ететіндерін зерттеу –ізденушілік жұмысын ұйымдастырып ,оқушылар сыныптарын екі топқа бөлдік:

1 топ : Тәжірибелік тобы

2 топ: Бақылау тобы:

а/ Тәжірибелік тобындағы сынып ұлттық мейрамдарын,салт-дәстүрлерін жақсы меңгерген. Ал, бақылау тобының оқушылары салт-дәстүрлерін аздап білетіндер және тіпті білмегендері бар.

б/   Тәжірибелі тобына 8 айға сыныптан тыс бағдарламасын құрастырдық:

Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларға дұрыс бағыт-бағдар беру, жетелеу арқылы   жұмысы мынадай бағыттар  бойынша ұйымдастырылды:

Тәжірибелі тобына арналған бағдарламасы

шаралар

өтетін мерзімі

1

Ұлттық мерекелер « Наурыз –жыл басы»

қыркүйек

2

Ұлттық тағамдар «Ас- адамның арқауы»

қазан

3

Ұлттық киімдер «Ағаш көркі-жапырақ, адам көркі-шүберек»

қараша

4

Ұлттық ойындар «Дені саудың- жаны сау»

тәжірибе өткізетін кезінде

5

Салт- дәстүрлер « Халқын сүйген салтын да сүйеді»

желтоқсан

6

Тарихи ескерткіштер  «Асыл мұра»

қаңтар

7

Бата түрлері «Баталы ел озар»

ақпан

8

Ұлттық ою- өрнектер « Әдемілік әлемінде»

ақпан

9

Халық аспаптары « Нағыз қазақ – домбыра»

наурыз

10

Ырым- тыйымдар « Әдептілік- әдемілік»

наурыз

 

Ал, бақылау тобы жалпы тәрбиелі жоспар бойынша жұмыс атқарды.

 

в/ Практикалық кезең:

Наурыз мейрамына қатысты осы екі топпен мектепте наурыз айында мерекелік бағдарлама өткізілгенне кейін, көрермендермен сауалнама өтті: Қай топтың бағдарламасы ең қызықты, сапалы болған?

 

 

 

Бекіту кезеңі:

Зерттеу-ізденушілік жұмыстың нәтижесінде осындай қорытындыға келдік:

1.Ұлттық салт-дәстүрлерін білуі адамның жылы сезімдерін оятуға, қарым-қатынастарын жақсартуға үлкен рөл атқарады.

2. Адамның ой-өрісі  жоғары дамиды.

 

Өз бетімен жұмыс істеудің дәрежесі:

Жұмыстың мәселеге қатысты автордың өз бетімен жұмыс істеуге қарастырылады: талдау жасауға білу, зерттеу әдіс-тәсілдерін дұрыс қолдану, қорытынды жасай алу.

 

Қорытынды мен ұсыныстар:. жалпы адамзаттың мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өзінің халқының  мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсіну.

Практикалық қолдануы:      

 «Наурыз мерекесі туралы» шағын энциклопедиясын факультативтік

 курсын дайындау кезінде пайдалануға болады..

Бұл әдістемелік нұсқау жылда тойланатын Наурыз мерекесін өткізуге көмекші құрал болып табылады. Мұғалімдерге және зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген оқушыларға арналады.

 

                                         Әдебиеттер тізімі:

1.             ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың халқына Жолдауы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан » 2007,  ақпан

2.             ҚР 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. Астана, 2005 жыл

3.             Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы. 2007, наурыз

4.             «Ақиқат» журналы 1993, № 42

5.             С.Кенжеахметұлы «Қазақ халқының салт – дәстүрлері» Алматы, 2004

6.             «12 жылдық білім» Республикалық ғылыми - әдістемелік және ақпараттық – сараптамалық журнал 2006, № 4

7.             «Наурыз» Аруна баспасы, 2001

8.             К.Хикмет «Даналық сүрлеуі» «Қасиет» баспасы , Алматы, 2006

9.             А.Жүнісов «Фәниден бақиға дейін» «Қайнар» баспасы, Алматы 1994

                                                                                                           

 

 

 

 

                                          Құрастырушы: Есенова Александра Оразғалиқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Дүниежүзі халықтарының Наурыз меекесін тойлау дәстүрі»                         атты ғылыми жұмысы бойынша жетекшінің берілген                                 ПІКІРІ

 

         Оқушы: Каримова Александра ғылыми  жобасын атқарып жүргізгенде осындай қасиеттерін көрсетті:

Шығармашылық дәрежесі: жоғары                                                                             Өз бетінше жұмыс істеудің дәрежесі: жоғары.                                                  Практикалық нәтижелерін қолдану мүмкіндігі: жинақталған деректерді сабақттарда,факультативтік курстарын дайындау кензіңде пайдалануға болады.

        Қорытындысы:

 жұмыс жиналған деректер, мәліметтер бойынша жазылған.Оқушылар ұлттық салт-дәстүрлерімен қызығып айналысады.Теориялық білімдер алудың негізгі көмекшісі: кітаптар, практикалық жұмысты мектепте өткізді.

Атқарған жұмысында зерттеу,бақылау,жиналған деректердің талдауы қолданылған.Оқушылар өз бетінше жұмыс жасап, қорытынды шығаруға үйренген. Жұмыс сауатты , дұрыс жазылған.

Берілген деректерді сабақтарда және факультатив курстарында қолдануға болады.

 

 

 

 

 

                                           Жетекші:        А.О. Есенова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жітіқара ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің                      «№1 негізгі мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің                                         7 сынып оқушысы Зверева Елизаветаның                                                           ғылыми жұмысына                                                                                                     ПІКІРІ

 

Баяғы заманнан қазіргі күндерге Наурыздың басталуымен ата-бабамыздың келе жатқан ғасырлық әдіс-тәсілдерін сақтау қажет.

Оқушы ұлттық салт-дәстүрлерді зерттеу, жинақтау жұмыстарымен айналысады. Соның бірі дәлелі ретінде Наурыз мерекесі туралы  ұмыт бола бастаған салт – дәстүрлерді  жинақтап, «Наурыз мерекесі» атты ғылыми жоба қорғау талдамасын  беріп отыр.

 Зерттеуші оқушы  жұмыстың мақсатына сай алға қойылған міндеттердің бәрін мүлтіксіз орындауға тырысты. Атап айтқанда дүние жүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлау дәстүрлеріне  нақты мысалдармен анықтама мәліметтер беріп отыр.

Бұл жұмысты жылда тойланатын Наурыз мерекесін өткізуге көмекші құрал ретінде қолдануға болады. Мұғалімдерге және зерттеу жұмыстарымен айналысып жүрген оқушыларға арналады.

Менің ойымша ғылыми жұмысы сауатты орындалған, автор өзінің  жазу шеберлігіне айтқан әрбір көзқарасын дәлелдеп, мысалдар келтірді.

Оқушының тақырыпты таңдаудағы негізгі міндеттерін орындай білгендігін ескере отырып, бұл жұмысты қанағаттандырылған  деп бағалаймын.

 

 

«№12 орта мектебі» КММ                                                                                             оқу-тәрбие ісі жөніндегі                                                                                            директор орынбасары                                                                А.М.Дюкова.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ғылыми-зерттеу жұмысы« Дүние жүзі халықтарының"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по гимнастике

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 866 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.11.2015 1676
    • DOCX 752.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Есенова Александра Оразгалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12092
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Преподавание русского языка как неродного в образовательном учреждении

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 230 человек

Курс повышения квалификации

Проектирование и проведение современного урока русского языка с учетом реализации ФГОС основного и среднего общего образования нового поколения

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 313 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 367 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания русского языка в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 478 человек

Мини-курс

Управление проектами: от планирования до реализации

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов

Мини-курс

Коррекция нарушений у детей: сна, питания и приучения к туалету

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Здоровые взаимоотношения: адаптация и развитие ребенка через привязанность и игрушки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 89 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 60 человек