Инфоурок Биология Научные работыҒылыми-зерттеу жобасы "Газдалған сусындардың құрамы және олардың адам ағзасына әсері"

Ғылыми-зерттеу жобасы "Газдалған сусындардың құрамы және олардың адам ағзасына әсері"

Скачать материал

Секциясы:  Жаратылыстану пәні бойынша, химия

 

 

 

 

Зерттеу жұмысы

 

 

 

 

 

Газдалған сусындардың құрамы және олардың адам ағзасына әсері

 

 

 

Кенжегалиев Мержан

 

1 курс(мамандығы 1309000 «Оптикалық және электрондық жабдықтар»)

 

 

 

 

 

МЕББҰ «Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі»

 

 

 

 

 

 

Ғылыми жетекшісі: Г.Е.Наурызбаева,

                                                                                                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                            Орал,2014ж.

                                   

 

Мазмұны:

 

Кіріспе---------------------------------------------------------------------------------------3

І. Негізгі бөлім

 1. Газдалған сусындардың құрамы----------------------------------------------------4

 2. Газдалған сусындардың әр түрлі өнімдеріне деген  көзқарастарын білу мақсатында колледж студенттері арасында анкеталық сараптама жүргізу---6

ІІ.Зерттеу бөлімі

1. Газдалған сусындардың сутектік көрсеткішін анықтау------------------------7

2. Газдалған сусындағы ортофосфор қышқылын анықтау------------------------8

3. Газдалған сусындағы сахарозаны анықтау----------------------------------------8

4. Газдалған сусындағы көміртегі диоксидін анықтау-----------------------------8

5.Газдалған сусындардың кейбір қасиеттерін талдау------------------------------9

6. Газдалған сусындардын құрамындағы құрғақ заттын массасын анықтау--9

7.Талданатын сусындардың табиғилығын анықтау-------------------------------10

8. Кока-коланың әр түрлі заттарға әсерін  бақылау--------------------------------11

ІІІ. Зерттеу  жұмыстарының  нәтижесіне сараптама--------------------------11

ІҮ. Қорытынды---------------------------------------------------------------------------12

Y. Пайдалы кеңестер--------------------------------------------------------------------12

Ү. Қолданылған әдебиеттер-----------------------------------------------------------13

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   Кіріспе

 

Адам ағзасының жартысынан көп бөлігі судан  тұрады. Ағзадағы  су балансын сақтау  үшін әрбір  адам су ішуі қажет.Судың азадағы мөлшері 1-1,5 л-ден кеміген  кезде   адам  шөлдей  бастайды. Әрине, шөлдеу  жағымсыз әсер, бұдан құтылу  үшін адамдар әдеттегі қарапайым, таза ауыз  суынан көрі салқындатылған газдалған сусындарға  әуес.

Кейбір адамдар шайды, кейбіреулер минералды сусындарды, ал кейбіреулер шырындар мен газдалған сусындарды ұнатады. Кез-келген сусынның негізін су құрайды. Әрбір  сусынның  құрамына судан  өзге адам ағзасының жұмысына  айтарлықтай  әсер ететін түрлі қосылыстар кіретіні белгілі. Бұл сусындарды пайдалану жиілігі мен мөлшеріне қарай ағзаға пайдалы немесе керісінше  зиянды әсер  етуі мүмкін.

Газдалған сусындарды аздаған мөлшерде пайдалану ересек адамдар үшін  оншалықты зиянды  емес, алайда оларды  көп мөлшерде пайдалану ағза жұмысына кері әсер ететіні сөзсіз.

Бұл тақырыпты  таңдаған  себебім,  біздің  колледждің студенттері «Кока-кола», «Фанта», «Спрайт», «Дюшес» тәрізді газдалған  сусындарды жиі пайдаланатынын  байқап, осы газдалған  сусындардың құрамын және  оның адам ағзасына тигізетін  әсерін және газдалған сусындарды  жиі  пайдаланудан  шектелу  үшін  не істеу керектігін анықтағым  келді.

Менің жұмысымның  мақсаты газдалған сусындардың химиялық құрамын және олардың адам ағзасының  жұмысына және денсаулығына әсерін  анықтау.

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

1.     Газдалған сусындардың құрамы.

Газдалған  сусындардың көпшілігінің негізгі бөлігін су,  оған қоса тәтті және қышқыл компоненттер құрайды. Газдалған сусындардың құрамына  кіретін заттар біздің дәм сезу  рецепторларымызды қоздырып, ішкен үстіне іше  бергіміз  келеді, алайда бұл сусындардың шөлді басуы өте қысқа  мерзімде  болып, адам сәлден соң қайта шөлдей  бастайды. Не істеу керек? Бұл жерде минералды суды пайдаланған жөн,  өйткені ол шөлді басумен қатар термен бірге жоғалған тұздың мөлшерін толтыратын қасиеті бар.

 

                Қант  зиянды ма?

Қант газдалған сусындардың міндетті бөлігі болып табылады.  Газдалған сусындардың 100 мл –де әдетте 40-50 ккал көмірсу болады. Бұл аз ба, әлде  көп пе? Дәл осындай мөлшер 1 стақан шайдағы 5 қасық қантпен тең. Бұдан байқайтынымыз, ыстық кезінде бұл сусынды өте көп қабылдайтын адамдар  қанттың орасан көп мөлшерін алады. Ал бұл  өз  кезегінде тісжегі, семіздік, жүрек-қан-тамырлар жүйесі тіпті қант диабеті ауруына шалдықтыруы мүмкін.

Қазіргі  кезде көптеген газдалған  сусын дайындаушылар табиғи көмірсудың орнына жасанды қант алмастырғыштарды пайдаланады. Бұл сусынның  энергетикалық құндылығын  төмендетеді. Мұндай  сусындарды көп мөлшерде пайдаланбас бұрын  адам мықтап ойлануы керек. Жасанды қанталмастырғыштардың төмендегі түрлеріне тоқталатын болсақ,

Ксилит және сорбитол несеп жолдарында тас жиналуына әкеледі,

Сахарин және цикломат –канцерогендер, яғни саркома, қатерлі ісік ауруларына әкелуі ықтимал,

Аспартам –аллергиялық ауруларға және көру қызметінің бұзылуына әкеп соғады.

 

 

 Қышқылдың зияны.

  Газдалған сусындардың құрамында лимон және ортофосфор қышқылдары болады. Қышқылдар дәмтүзуші және консервант қызметін атқарады.

Лимон  қышқылы (Е330) тіс кіреукесіне әсер етеді. Әрине ол тікелей тісжегі ауруын  тудырмағанымен, тісжегімен ауратын адамдарда тісжегі приступын тудыруы мүмкін.

Фосфор қышқылы (Е338) сілекейдегі және сүйектердегі калльцийді өзіне қосып алады. Осының салдарынан сүйектің сынғыштығы пайда  болады. Егер де жоғалған  Са  жеткілікті мөлшерде табиғи тағаммен бірге қайтадан толтырылып отырса оншалықты зиян болмас еді, алайда газдалған сусындарды ішудің салдарынан кальцийдің нағыз табиғи көзі сүтке деген қызығушылықтары  жоғалуда.

                               Уытты бензол.

Бензол, химиялық қосылыс ретінде ертеден белгілі. Жағымды иісіне байланысты оны алғаш синтезделген күннен бастап парфюмерия өндірісінде қолданып келеді. Қазіргі кезде оның күшті канцероген, яғни қатерлі ісік тудырушы екендігі  белгілі.

Газдалған сусындардың құрамында сондай-ақ  натрий бензоаты болады. (Е-221) Бұл әлсіз концарогендік қасиет көрсететін консервант. Қазіргі сусындардың  көпшілігіне аскорбин қышқылын қосады, алайда оның пайдасынан зияны көп, өйткені зерттеулердің  нәтижесі аскорбин қышқылы мен натрий бензоаты қосылған кезде улы  бензол түзілетінін көрсетіп отыр.

 

                                      Кофеин.

Әсіресе коланың құрамында болатын кофейн әуелі адамда күш, жұмысқа қабілеттілікті арттырғандай  болуы мүмкін, алайда бұл ұзаққа созылмайды, біраздан соң шаршау, тітіркенгіштік ұйқысыздық пайда  болады. Құрамында кофеин болғандықтан кола қайталап ішуге қызығушылық оятатын қабілеті бар, сондықтан кола өндірушілер көп клиентке ие болып, үлкен пайдаға кенеледі.

                                     Көмірқышқыл  газы.

Газдалған сусындардың негізгі компоненттерінің  бірі көмірқышқыл газы.  «Газдалған сусын» аталу себебі де осыған байланысты. Көмірқышқыл газы әсіресе асқорыту жолдарының ауруларымен ауратын адамдар үшін қауіпті. Өйткені бұл газ организмдегі сумен қосылып, қарын мен ішектің шырышты қабығын тітіркендіретін көмір қышқылын түзеді.

 

                                               Өзге қосындылар.

Аспартам (Е-951) –бұл қанттың жасанды  алмастырғышы. Аспартам қанттан 200 есе тәтті, бірақ оның құрамында көмірсу болмайды. Аспартам химиялық тұрақсыз қосылыс, ол бірнеше аптадан соң формальдегид, метанол, фенилаланин  тәрізді пайдасыз заттарға ыдырайды.

Консервант Е-211 –натрий бензоаты. Натрий және калий  бензоаттарын, бензой қышқылын (Е-210) сусынның  ұзақ сақталуы үшің қосады, бұл қосылыстардың басқа  консерванттарға  қарағанда зияндылығы шамалы,

Бояғыштар сусындардың құрамына негізінен  психологиялық мақсатта қолданылады. Мысалы сатып алушы  апельсин дәмі  бар сусынның түссіз емес, сарғыш түсті болғанын қалайды.  Бояғыштар табиғи және жасанды болып бөлінеді.  Ең көп таралған  табиғи бояғышқа қант колері Е-150  жатады.  Жасанды бояғыштар  саны өте көп,  әрі пайдасыз қасиеттерге ие. Әсіресе құрамында азот бар бояғыштарға аса сақтықпен  қараған  жөн.(Е-102, Е-110, Е-124, Е-133, Е-151)

Ароматизаторлар. Бұлар, бізге апельсин, алма, шие т.б дәмін  сезіндіретін  жалған химиялық  қосындылар.

 

              2.  Газдалған сусындардың әр түрлі өнімдеріне деген  көзқарастарын білу мақсатында колледж студенттері арасында сауалнама жүргізу 

       Мен  өз колледжімнің  1-4 курс студенттері арасында  сауалнама жүргіздім. Анкеталық сұраққа барлығы 138 студент қатысты.

          Сауалнама жүргізу қорытындысы бойынша мынадай  мәлімет жинақтадым:

Газдалған сусынды  ұнатасыз ба?-деген  сұраққа  118 студент иә десе, 20 студент жоқ деп жауап берді.

Газдалған сусындарды қаншалықты жиі пайдаланасыз деген сұраққа 11 студент күнделікті, 20 студент аптасына бір рет,  51 студент сирек, 23 студент тек  мереке кезінде, 13 студент мүлдем ішпейтінін айтты.

Газдалған  сусынның қайсысы көбірек  ұнайды деген сұраққа  Кока-коланы 72 студент, 36 студент Фантаны, 20-студент Дюшесті, ал10- лимонадты ұнатады.

Не үшін ішесіз деген сұраққа 69 студент шөлді басу үшін,

5 оқушы жай жақсы  көремін десе, 41 студент жағымды дәмі үшін ал 6-уы шаршағанды басу үшін, 7-і өзіне сенімділік деп  есептейді екен.

 Қандай  қасиетімен сізге ұнайды (Дәмі, сапасы, бағасы) деген сұраққа 93  оқушы дәміне қарай,  31-бағасына, ал қалған 14-і сапасына қарай таңдайды,

Сусынның сапасы сізді қанағаттандыра ма деген сұраққа бір қызығы студенттердің 90 % -ы білмеймін деп жауап берді.

 

ІІ. Зерттеу бөлімі

Практикалық жұмыс №1

Құрал-жабдықтар:  Газдалған сусындар, әмбебап индикатор қағазы

1.     Газдалған сусындардың сутектік көрсеткішін РН анықтау.

Газдалған сусындардың сутектік көрсеткішін РН анықтау үшін әмбебап индикатор қағазының көмегімен анықтаймыз.

Газдалған сусын аты

Кола

Фанта

Дюшес

Спраит

Сутектік көрсеткіш рН

2,5

3

4

4

 

 

Қорытынды: Газдалған сусындардың барлығында қышқылдық орта, әсіресе коланың қышқылдығы  басым.

2.     Газдалған  сусындағы ортофосфор қышқылын  анықтау.

Құрал-жабдықтар: газдалған  сусындар, пробиркалар, күміс  нитратының ерітіндісі, азот қышқылы.

Жұмыс барысы:

1.1             мл газдалған сусындарға 1-2 тамшы азот қышқылын және бірнеше тамшы күміс  нитратын тамызамыз.

1.2             Күміс фосфатының сары түсті тұнбасының  пайда болуын анықтау

Қорытынды:

Фанта сусынында ешқандай өзгеріс байқалмады. ал дюшесте аздаған лайлану  байқалды, ал колада айқын сары тұнба  анықталды.

 

3.     Сусындар құрамындағы сахарозаны  анықтау.

Құрал-жабдықтар:  газдалған  сусындар, пробиркалар, конц. күкірт қышқылы, дифениламин  ерітіндісі.

Жұмыс барысы:

1.Пробиркаға 1-2 мл газдалған  сусынды және оған 2-3 тамшы дифениламинді  қосамыз.

2.Шыны таяқшаның  көмегімен абайлап 1-1,5 мл конц. күкірт қышқылын құямыз.

3. Қышқылмен араласқан кезде көк түс пайда  болады.

Қорытынды:

Барлық пробиркаларда көк түс пайда  болады.

4.     Кола,Фанта,Дюшес атты газдалған сусындардағы көміртегі диоксидін анықтау.

Көміртегі диоксидін анықтау үшін бірінші бос тұрған құтының салмағын және газдалған сусын құйылған құтынын салмағын өлшейміз.Құтыны электр плитага қойып газ шыққанша ұстаймыз,сосын салмағын өлшейміз.Көміртегі диоксидің массалық үлесін есептеп кестеге жаздық.

 

Сусын аттары

Кола

Фанта

Дюшес

Массалық үлес

W(СО2)

2,0

2,0

1,5

 

Қорытынды:

газдалған сусындардан Кола мен Фанта құрамында Дюшес сусынымен салыстырғанда көміртегі диоксиді (2 %) көп.

5. Газдалған сусындардың кейбір қасиеттерін талдау.

1.Газдалған сусындардың кейбір қасиетін анықтау.(сезім мүшелерінің көмегімен)  сезім мүшелері арқылы 7 жасөспірім оқушы алып 5 балдық бағамен белгілеп берілген газдалған сусындардың түсін, иісін, мөлдірлігін, дәмін анықтау,орташа баллын есептеп кестеге еңгіздік.

Сусын аттары

                  Орташа балл

Түсі  Дәмі       Иісі       Мөлдірлігі

Орта есеп көрсеткіші

Кола

4,6    4,8            4,8         4,0

  18,2

Фанта

4,2     4,2            2,8         4,0   

  15,2

Дюшес

3,0      3,6           4,0         2,0 

  12,6

Қорытынды:  Сезім мүшелері көмегімен органлептикалық қасиеті газдалған сусындардан Кола мен Фанта да көп

 

6.Газдалған сусындардын құрамындағы құрғақ заттын массасын анықтау.

Газдалған сусын құрамындағы құрғақ заттың массасын анықтау үшін бос құтының салмағын және сусын құйылған құтының салмағын өлшейміз.Сусын құйылған құтыны электр плитасына қойып буландырып сусыздандырамыз.Құты түбінде қалған заттын массасын өлшеп құрғақ заттын массалық үлесін есептеп кестеге толтырдық.

 

Сусын аттары

кола

Фанта

Дюшес

Еріген заттың массалық үлесі

m(еріген зат)

 

13 г

20 г

0,25 г

Еріген заттың массалық үлесі

W(Құрғақ зат)%

5,2 г

3,94 г

0,09 г

 

Қорытынды:Газдалған сусынның құрамындағы құрғақ заттын массасы Фанта мен Кола сусынында көп.

 

7. Талданатын газдалған сусындардың табиғилығын анықтау

Газдалған сусындардың табиғилығын анықтау үшін сусындарға натрий карбонаты содасын қосып 10 минут қайнатып түсі өзгеруін бақылаймыз.Егер сусын өз түсін өзгертпесе ол толығымен химиялық ертінді. Бастапқы түсі өзгерсе табиғи сусын болғаны.Сонымен қатар кестеде сақтау мерзімін көрсетеміз.

Сусын аттары

Табиғи қасиет көрсеткіші

Сақталу мерзімі

(Тәулік)

Кола

-

180

Фанта

+

180

Дюшес

-

180

Қорытынды.

Газдалған сусынның табиғилығы Фанта да қалыпты (3 % апельсин шырыны бар)

 

 

 

 

Кока-коланың әр түрлі заттарға әсерін анықтау.

Мен осы білген-түйгендерімнен, жүргізілген тәжірибелерімнен осы сусындардың ішінен ең тартымдысы да, әрі ең зияндысы да кола екендігін түсіндім. Сондықтан да әрі қарай кола туралы көп ізденіп, оның оның ағзаға қаншалықты әсер ететіңдігіне бірнеше әуесқой тәжірибелер жүргізіп көрдім.

Әрине түрлі ақпарат көздеріндегі кола жөніндегі айтылатын жағымсыз нәрселердің кейбірі шындыққа жанаспағанымен көпшілігі расталды.

Мысалы кола етті. фаршты, колбасаның түсін өзгерткенімен, ерітпейді екен.

Ал оның тат басқан  шегені,  сыр жұққан лезвиені,  ескіріп қарайған тиынды,  қасықтағы шайдың қағын кетіріп, су жаңа ғып шығаратынын көріп таң қалдым.  Сондай-ақ кола тістің кіреукесін бұзады, денедегі Са –ді сорады, тырнақты ерітеді деген жорамалдардың да растығына көзім жетті, өйткені тауық жұмыртқасының да құрамында Са өте көп,  яғни  құрамы  жөнінен  тіске, сүйекке өте ұқсас, міне осы тауық жұмыртқасының қабығы колада 2-3 аптадан соң бүлінетіне көзім айқын жетті, яғни бірден болмағанымен егер

коланы ұзақ уақыт және көп мөлшерде пайдаланса, осындай нәрселерге ұшырататыны сөзсіз. Мұның бәрі коланың құрамында ортафосфор қышқылының болуына байланысты.

 

 

Зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сараптама.

1.Колледж студенттері арасында жүргізілген анкеталық сұрақтың нәтижесі көңіл алаңдатарлықтай, өйткені студенттердің газдалған сусынды 86% ұнатса, бұл сусынды мүлдем пайдаланбайтындар тек 9%-ы ғана, жартысынан көбі сусындардың ең зияндысы коланы таңдайды, студенттердің 67%ы

дәміне қарай, тек10%ы ғана сапасына қарай таңдайды, ең алаңдатарлық жағдай бұл сусындардың сапасы қанағаттандыра ма деген сұраққа 90%-ы білмеймін деп, өз денсаулықтарына жауапсыз қарайтындықтарын көрсетті.

2.Газдалған сусындардың барлығында да қышқылдық деңгейі бар, ал бұл тіске, қызылиекке, асқорыту жолдарына кері әсер тигізеді.

3.Мен ортофосфор қышқылын коладан және дюшестен байқадым, бұл сүйектегі кальций жетімсіздігіне әкеп  соғады.

4.Барлық газдалған сусындардың құрамында қанттың өте көп мөлшері бар, бұл өз кезегінде қант диабетіне, семіздікке, қан қысымының көтерілуіне т.б қауіпті ауруларға алып келеді.

5. Барлық зерттеу нәтижелері әсіресе Кола сусынының адам денсаулығы үшін өте  зиянды  екенін көрсетті.

   

 

 

 

 

 

Қорытынды:

Сонымен, тәтті газдалған сусындардың адам денсаулығына еш пайдасы жоқ екен, пайдасы жоғы өз  алдына олар адам денсаулығына айтарлықтай  кері әсер етіп, жоғарыда айтып  өткен түрлі  қатерлі  ауруларға  әкеп  соғады. Сондықтан көптеген  елдерде мемлекеттік  мекемелерде,  оқу орындарында газдалған  сусындарды сатуға заң жүзінде тиым  салынған. Менің  ойымша, осындай заң біздің  елге де өте  қажет деп  есептеймін, соның ішінде біздің өзіміздің қанымыз бен жанымызға жақын, әрі денсаулыққа өте пайдалы, құнды айран-көжеміз, қымыз-шұбатымыз, қаймақ қатқан қызыл-күрең шайы тұрғанда  біздің ұрпақтың  «улы шөл басқышты» пайдалануы жөн емес.

 

             

 

 

  Газдалған сусындардан бас тартуға арналған

                     бірнеше  кеңестерімді  ұсынамын:

1.Ең бірішіден, егер мүмкіндік болса, шөл басуға ұлттық сусындарды (айран-көже, қымыз-шұбат т.б) пайдаланған жөн.

2.Газдалған  сусынның орнына әдеттегі суды сатып алыңыз.

3.Егер қарапайым ауыз  суына бірден үйрену қиындау болса,  оған бірнеше уақыт табиғи жеміс жидектердің шырынын араластырып ішіңіз.

4. Шөлдемеу үшін өзіңізді тұзды. ащщы  тағамдардан  шектеңіз.

 

Осы жүргізген жұмысымды газдалған сусындардың зияндылығын насихаттау мақсатында студенттер топтарына сыныптан тыс хабарлама –зерттеу іс-шарасы  ретінде өткізіп жатырмын, мұным өз замандастарыма ой салар, пайдасы тиер деген үміттемін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             

 

 

 

 

                               Қолданылған  әдебиеттер:

 

1.Булдаков А.С. Пищевые добавки, Москва 1999 г

 

2.Матюхин З.П. Тамақтану.гигиена және физиология  негіздері  Просвещение 1999 ж

3. «Айқын» газеті №233.   2010 ж.  15 желтоқсан

                                №237.   2010 ж.  29 желтоқсан

                                №179.    2010 ж.  23 желтоқсан

                                №227.    2010 ж.  7 желтоқсан

4.Қазақстан  ұлттық энциклопедиясы  8 том Алматы, 2006 ж

5.Череватова Н.К. «Экотоксикология»

 

6.Болотов В.М. «Пишевые красители: классификация,свойства, анализ, применение» Гиорд, 2003 г

7.В.П. Исупов «Пищевые добавки пряности», Гиорд, 2000 г

8.Рогов И.А. «Химия пищи», Колос. 2002 г

9.Сарафанова Л.А.»Применение пищевых добавок в кондитерской промышленности», Профессия, 2003

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ғылыми-зерттеу жобасы "Газдалған сусындардың құрамы және олардың адам ағзасына әсері""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор десткого сада

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 551 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.04.2016 5157
    • DOCX 95 кбайт
    • 45 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Науризбаева Гулмира Елеусиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9852
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 58 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по биологии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 490 человек

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии обучения биологии как основа реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 517 человек

Мини-курс

Литература и культура

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Самоповреждающее поведение у подростков: профилактика и методы работы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов

Мини-курс

Инновационные технологии в краеведческой и географической работе со школьниками: применение туристических приемов для эффективного обучения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе