Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Ілияс Ағынды менің Ақсуым

Ілияс Ағынды менің Ақсуым



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Тексерілді

_____________Е.Дайнашов


11 «а,ә,б»

27.10.2015ж

Қазақ әдебиеті

А.А.Танирбергенова


Сабақтың тақырыбы:

Ілияс Жансүгіров «Ағынды менің Ақсуым» «Жетісу суреттері» өлеңдері

Сілтеме

Қазақ әдебиеті 11 сынып З.Қабдолов,С.Қирабеав,Х.Әдібаев,Б.Ыбырайым,Ж.Дәдебаев,Қ.Мәдібай

Қазақ әдебиеті оқыту әдістемесі 11 сынып






Сабақтың мақсаты

І.Жансүгіров өмірі жайлы мәлімет беру.

«Ағынды менің Ақсуым», «Жетісу суреттері» өлеңдерін оқыта отырып, мазмұнына талдап мағынаны ажырата отырып, өлеңнің идеясын ашқызу.

Өлеңге сатылай кешенді талдау жасата отырып, ақынның шұрайлы тілі мен шебер кестеленген тіл оралымдарына көз жеткізу.




Оқыту нәтижесі

1.Жаңа сабақ материалын толық меңгереді;

2.Тақырып мазмұнын біледі;

3..Бір-біріне сұрақ қояды;

4.Ой қорытады;

5.Пікірлерін айтады

6.Ұжымдасып еңбек

етуді үйренеді.










Қамтылатын модульдер

АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.


Тапсырмалар

еркін жазу, ББҮ әдісі, бағыттап оқыту, «үштік» әдісі, сөздік жұмысы, сатылай кешенді талдау, «Болмасаң да, ұқсап бақ» әдісі т.б.


Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының әрекеті

І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аударамын. Керекті құрал жабдықтарын әзірлетемін. Оқушыларды топқа бөлемін.Топ ережесін еске түсіремін

«Зерттеушілер»,«Білімділер», «Алғырлар», «Дарындылар»
ІІ Үй тапсырмасы:

  1. Бейімбет Майлин кім?

  2. Қандай шығармалары бар?

  3. «Шұғаның белгісі»повесіндегі кейіпкерлерін атаңдар


Сабаққа керекті құралдарын әзірлеп, дайындайды. 5 оқушыдан 4 топқа бөлінеді. Бір – бірлеріне жақсы тілектерін айтады.


ІІІ.Жаңа сабақ

І топ «Зерттеушілер» тобына

Ілияс Жансүгіров өмірі мен шығармашылығы

ІІ топ «Білімділер» тобына

«Ағынды менің Ақсуым» өлеңіне поэтикалық сатылай кешенді талдау.

ІІІ топ «Алғырлар» тобына Сауал-тапсырма

  1. Өлеңде қандай мезгілдер суреттелген?

  2. Су екпіні, молдығын көрсететін сөз тіркестері

  3. Тыныштық белгісін сипаттайтын сөздер

  4. Жансызға жан бітіретін бейнелі сөздер

  5. Мәтінде кездесетін өсімдік атаулары

  6. Жан-жануарлар атаулары бар ма?

ІVтоп«Дарындылар»тобына «Болмасаң да ұқсап бақ» деп Абай атамыз айтқандай туған жер, Жетісу тақырыбында топпен ұжым болып 1 тармақтан өлең құрастырып көрейік.



 



Түсініксіз сөздермен сөздік жұмысы.

1) Ақиланған ашумен - едірею, долдану

2) Торғын түн – қымбат бағалы жібе матаның бір түрі

3) Таймаңдаған тайпақ ай –тайсалмас, именбес, өр кеуде

4) Шүйке шарбы бұлтты – иіруге түтіліп дайындалған жүнге қатысты

5) Қалақай – емдік қасиеті бар шақпашөп (крапива)

6) Таста суыр тантырап – сенделген бос жүріс

7) Сам жамырап – бейуақ, ымырт, алагеуім уақыты

8) Өзен төлі – өзенді мекен етушілер

Өзіндік жұмыс: (Өлеңнен эпитет,теңеу, метофораларды табу)

Эпитеттер: меңіреу құз, ну тоғай, қоғалы көл, қоңыр құм, әсем жер, ақ бура, қоңыр самал, меруерт астау, ерке су, сары бала , қалың құм, қара қазан.

Теңеулер:   көшкен керуендей, бурадай, айдағардай, шалдуар шалдай

Метафора:          кеудең –асқар,  аяғың-көл, Ыстықкөл-жер айнасы.

І.Жансүгіровтың «Жетісу суреттері» өлеңі пейзаждық  лирика жанрына жатады. Өлең 1925 жылы жазылған. «Жетісу суреттері» 5 тараудан тұрады.

  1. Жалпы сын 2. Тау суреті 3. Жетісуда су суреті

  2. Жетісу жәндігі 5. Жер.

ІҮ. Үйге тапсырма




«Ағынды менің Ақсуым» «Жетісу суреттері» өлеңдерін жаттау











Зерттеушілер Зерттеушілер Алғырлар



Дарындылар


Білімділер Зерттеушілер

Білімділер Зерттеушілер


Білімділер Дарындылар


Білімділер Дарындылар



Алғырлар Дарындылар Алғырлар Дарындылар





Алғырлар





Алғырлар



Дарындылар


Білімділер


Алғырлар



Дарындылар


Зерттеушілер


Білімділер


Алғырлар



Дарындылар



Зерттеушілер


Білімділер


Алғырлар



Дарындылар

«Жылдар сөйлейді» көрнекілігі  арқылы  І.Жансүгіровтың өмір жолын,
шығармашылығын  айтып өтемін.

1894ж                                                           1938ж

1905-1911жж     1916ж       1920ж     1925ж     1928ж     1934ж    1936ж
1)1834ж Талдықорған облысы, Ақсу аулында дүниеге келген.
2)1905-1911жылдары алғашқыда әкесінен хат танып,содан соң молдадан оқып,
Қарағаштағы татар үлгісіндегі мектепте дәріс алады.
3)1916ж «Әншіге» өлеңін жазады.
4)1920ж Алматыға келіп,үш айлық мұғалімдік  курсын  бітіреді.
5)1925ж Мәскеудегі журналистика институтына түседі.
6)1928ж Елге келіп « Еңбекші қазақ» (қазіргі, «Егемен Қазақстан») газетінде
қызмет атқарды. «Сағанақ» деген тұңғыш кітабы жарық көрді.
7)1934-1936 жылдары Қазақстанда көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін
басқарады.
8)1938 ж Зұлмат қолына ілігіп,ату жазасына кесіледі.

өлеңдері           прозасы             пьесалары              сатирасы           поэмасы
«Бұлбұлға»     «Жолдастар»             «Кек»                  «Ала бие »            «Күйші»
«Әншіге»         «Жол аузында»         «Түрксіб»         «Некешілдер»        «Күй»
«Арман»           «Жарыс» т.б

И.А.Крылов             М.Ю.Лермонтов             Н.А. Некрасов               А.С.Пушкин.
«Жапырақтар            «Тұтқын»                       «Шойын жол»                 «Дауылпаз »
мен тамырлар»          «Қанжар»

7 қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі Ауезова Зәмзәгүл Тұрғанқызы

Күні: 05.04.2014.

Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіровтың

«Күйші» поэмасы.

Сабақтың мақсаты: Ілияс Жансүгіровтың өнер тақырыбындағы қаламының шеберлігін таныту.

Сабақтың міндеттері: білімділік – шығарманың идеясы мен тақырыбын ашу; дамытушылық –шығармадағы өнер құдіреті арқылы адамдар арасындағы психологиялық тартысты, оқиға шиеленістерін зерделеуге үйрету; тәрбиелік — өнер құдіретін сезінуге, халықтық өнерді сүюге тәрбиелеу.

Типі: білік пен дағдыны қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс: саз өнері.

Қолданылатын технология: СТО (жеке, жұппен, топпен, ортаға салу)

Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру бөлімі.2 мин.

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Балалар, бүгінгі сабағымызда қазақ өнерінің асыл қасиеттері туралы толғап жырлаған, қазақ өлеңінің Құлагері атанған Ілияс Жансүгіровтың «Күйші»поэмасын талдап, түсініп, саралаймыз.Сабақта үш топ жұмыс жасайды.

1-топ "Құрманғазы", 2-топ «Дәулеткерей», 3-топ «Дина»

ІІ. Үй жұмысын сұрау(сұрақ-жауап) 5 мин.

-Әдебиетте Ілияс Жансүгіровті кім деп танимыз?

Ілиястың табиғат жырлары бойынша лирик ақын екенін дәлелдеңдер.

-Ілиястың ән, музика өнерін аса жырлаған туындыларын атаңдар?

ІІІ.Жаңа сабақ. 25 мин

«Жасынан ән-күйді терең сезініп, жанымен түсінетін Ілияс әдебиетке ән-күйдің, құдіретті күйшінің туын көтере келді.

1. „Миға шабуыл“ кезеңі

Құрманғазының күйін тыңдап, күйден алған әсерлерін ортаға салып, ойларын бөлісу. (әр топқа ойға түркі сұрақтар беріледі.)

1-топ.Күйден алған әсерлерің қандай? Күй әуенінің түрлерін атаңдар?

2-топ. Күй құдіретін қалай түсінесіңдер? Күй туралы қандай аңыздарды

білесіздер?

3-топ.Қазақ халқының қандай атақты күйшілері бар? Күйді қандай аспаптармен ойнайды?

ІІ.Мағынаны тану кезеңі „Түртіп алу“ стратегиясы

Ілиястың»Күйші" поэмасының тақырыбы қазақтың асыл бір өнері- күй құдіретін танытуға арналған.Қорқыт бабамыздан мұра боп келе жатқан күй-халқымыздың рухани биік өнері.Қазақтың Молқы,Құрманғазы, Тәттімбет,

Сүгір сияқтыаттары алты алашқа мәлім, он саусағынан өнері тамған күйшілері болған. Күйші" поэмасында Ілияс сондай бір күйшіні бар өнер тәңірісімен күй арқауына енгізген.

1-тапсырма.

1-топқа берілетін тапсырма.Поэманы жоспар бойынша мазмұндау.

Бөлім аты

Жоспар

Мазмұны (үлгі)

1.

«Күй құдіреті»

1.Ақ орда – хан үйі

2. Күй үні

3.Ордадағы күйші

Кене ордасында күйші күймен көпшілікті ұйытады.

Ханның өзі де намазға ұйығандай тыңдайды

2.

«Қыз қалауы»

www.jospar.kz

Барлық пәннен күнделікті сабақ жоспарлар

орта және қысқа мерзімді сабақ жоспарлар

1.Абылай ұрпағы – Хан Кене

2.Қарашаштың бұйымы

3.Қыз тұтқыны

Хан тағында көркі жайнап, есіл дерті күй болып ұйып отырғанда сол кезде ханның немере қарындасы Қарашаш ханша күйшіні басы бүтін беруін сұрайды.Хан күйшіні қарындасына сыйға береді

3.

«Көңіл толқыны»

1.Қарашаштың сәулетті отауы

2.Ғашықтық оты

3.Көңіл толқыны

Қарашашқа тұтқын құл болдым деп есеңгіреген күйші,қыз отауының сән-салтанатын көргенде есін жиып, көңілін сергітеді.

4.

«Қыз сезімі»

1.Сезімге алынған тежеу

2.Көңілдегі арпалыс

Күйші мен қыздың ішкі ойлары тартысады.Тартысты

Сезімге қанша бой алдырса да өздерінің шыққан тектерін ұмытпайды.

5.

«Ерулік»

1.Қонақта

2.Сауықты кеш

Дулаттың аулы хан Кенені ерулікке шақырады.

6.

«Күйші»

1.Сезім тұтқынында

2.Оқыс жайт

3.Есінен танған күйші

4.Қыз ашуы

5.Күйшінің жалалы болуы

6.Қыздың ара түсуі

7.Кінәлінің табылуы

8.Ашулы бұйрық

Күй әсеріне жігіт пен қыз қатар арбалады.біреу келіп ханшаны оятпақ болады.біреулер күйшіден көрмек болады.Күйші де осы істі жасаған өзім шығар деп ойланады.Қыз Әлімқұлдың Сапағы екенін айтады.

7.

«Оқыс жиын»

1.Төбе басына жиылған халық

2.Әлімқұл ауылына хабаршыны аттандыру

Әлімқұл аулына келген хабаршы

8.

«Хабаршы»

1.Қарашаш сәлемі

2.Әлімқұлдың қорқынышы

Әлімқұл бұл істің байыбына бара алмай қатты қиналады.

9.

«Сапақтың жазаға тартылуы»

1.Билер шешімі

2.Әлімқұлдың қорқынышы

Сапаққа құлдың киімін кигізіп, күйе жағып, ауылды үш айналдырады.

10.

«Қызға ұмтылған сезім жоқ»

Күйші сезімінің өзгеруі

Кешегі сұлу қыз алдында тұрған қорқауға айналады.

11.

«Азат күйі»

1.Күйдегі өзгеріс

2.Қыз шешімі

3.Бостандық

Күйдегі әуеннің өзгеруі арқылы Қарашаш күйші сезімінің өзгергенін сезеді.Ат мінгізіп бостандық береді.

2-топқа берілетін тапсырма.

«СКТ» жүргізу.
«Күйші» поэмасы
1. Авторы – Ілияс Жансүгіров
2. Тақырыбы – Халқымыздың күй өнері жайлы, сол күйді орындаушы тарланбоз күйші жайлы сыр шертеді.
3. Жанр түрі – поэма
4. Негізгі идеясы – Әділетсіздікті, зорлықты тізе бүктіретін ұлы күш, бостандыққа, азаттыққа жеткізетін құдірет-өнер екенін түсіндіру. 
5. Шумақ саны – 
6. Тармақ саны – 
7. Буын саны – 
8. Ұйқас түрі – 
9. Шығарманың композициялық құрылысы:
9. 1. Сюжеттің басталуы: Қарашаштың хан Кенеден күйшіні сұрап алуы
9. 2. Сюжеттік байланыс: Күй құдіретінен өрбіген сезім
9. 3. Шиеленісуі: Бозбалашылықтың соңы дауға ұласады
9. 4. Шарықтау шегі: Сапақты жазаға тарту
9. 5. Шешімі: Күйші сезімімен бірге күй әуенінің өзгеруі

Қыз түйсігі.Дүниеге «Азат» күйінің келуі
10. Шығарма кейіпкерлері: Кенесары хан,Қарашаш, Күйші Сапақ,Әлімқұл.
11. Әдеби теориялық ұғымдар:
Теңеу – 
Эпитет –

Градация-Ақтарып, лекілдетіп, лепілдетіп, талдырып, тамшылатып,

сығып, сарқып т.б.
12. Күй аттары: «Асанқайғы», «Терісқақпай», «Қорамсақ», «Сары өзен», Боз інген», «Ақ көбек», «Ақсақ құлан», «Қос келіншек»,

«Жау жорығы», «Қалмақ қыз», «Арша мерген», «Қара көбек», «Бала көбек», «Желмая», «Тәттімбет», «Кенже қара»,

«Тойтан салған», «Атылған аққу», «Күйген», «Суға кеткен», «Нар идірген», «Ой, бауырым!», «Азат».

13. Шығарманың негізгі түйіні, тәрбиелік мәні- Қазақ халқының тоқсан тарау, мың сан күйінің терең өмірлік сырын, көп қырлы эстетикалық қасиетін ашып көрсету.Өнерді сүю, бағалау.

3-топқа берілетін тапсырма.

Ақынның Қарашаш портретін түрліше жасауына баға бер.

Қара қас,қылаң қабақ, керқұба қыз,

Қара шаш, алма сағақ,құралай қыз.

Сырықтай ордадағы сымдай бойы.

Тал шыбық,қыпша белдің өзі нағыз.

Қарсылап қарсы алдында тұр мегежін.

Бетінде Қарашаштың қызыл да жоқ.

Шөп желке, шолақ бұрым қотыр-қотыр,

Қыз емес,қарсы алдында албасты отыр.

Жыландай жиырылған кесерткі қыз…

Күйшінің Қарашаш портретін деген сезімнің суреттелуі

Күйші сезімінің оянған сәті

Сезімнің өшкен сәті

Қызыл алтай

Жалмауыз

Кер марал

Айдаһар

Ақ қоян

Қанішер

Боз байтал

Жауыз торай

Ақша нар

Әзірейіл

2-тапсырма. Берілген сұрақтар бойынша поэма кейіпкелерінің психологиялық жан күйзелістерін ролге еніп сомдау.

1-топ.Күйші жігіттің асқан өнеріне, келісті келбетіне елтіген ханшаның ішкі сезімін қалай суреттеген.

2-топ.Дастанда он саусағынан өнер тамған күйші жігіттің өнерін қалай суреттеген.

3-Күйшінің мүшкіл халін поэманың қай тұсынан аңғардыңдар?

ІІІ кезең Ой қорыту 10 мин.

30. Суреттегі кім?

30. Кімнің суреті?

30.Кімнің суреті және бұл кісі туралы не білесіз?

40.Күй аты, кімнің күйі?

40.Күй аты, кімнің күйі?

40. Күй аты, кімнің күйі?

50. Күйлердің қазіргі және бұрынғы кезеңдегі орындалу ерекшеліктері қандай?

50.Қазіргі жастар күй өнерін қалай тыңдайды және бағалайды.

50.Қазіргі кезде қазақ күйлері қандай жерлерде тартылады? Сабақтың соңынМ.Мақатаевтың әдемі бір өлең шумағымен аяқтағым келеді. Бабаларым, рақмет сендерге,
Балаларым болмасын деп көр кеуде.
Домбыраңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып келгенде – деп Мұқағали ақынымыз айтқандай ән мен күй көңілдің ажары демекші, Жансая, Мадина, Алтынның орындауында жақсы күй тыңдайық.

Білім бағалау. (әр топтағы оқушылардың білімін топта сайланған бағалаушы оқушы бағалап отырады )3 мин.

Кері байланыс парағы

Менің бүгінгі сабаққа дейінгі білетінім

Менің бүгінгі сабақта білгенім

Менің білгім келетіні




Үйге: «Күй құдіреті» эссе жазу.

«Күйші» өлімді, зұлымдықты жеңген өнер құдіреті туралы симфониялық сарын, романдық қуаты бар, кең тынысты.асқақ әуенді күрделі шығарма» Рымғали Нұрғали.

Венера#7 сәуір 2015 в 19:160

http://ped.kz/images/users/avatars/small/nopic.jpg

Бул сабак жоспары маган катты унады отиниш устаздар осындай кереметтей сабақ жоспарын осы сайытка салуларыңызды отинем оте керемет осыны жазып жиберген апки-ге коптен-коп рахмет

Жауап беру





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 11.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров573
Номер материала ДВ-327570
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх