Инфоурок / Другое / Конспекты / "Ілияс Жансүгіров «Анам тілі», «Домбыра», «Күйге» өлеңдері"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

"Ілияс Жансүгіров «Анам тілі», «Домбыра», «Күйге» өлеңдері"




Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Батыс Қазақстан облысы

Тасқала ауданы

Жалпы білім беретін Оян орта мектебі

hello_html_m288136e3.jpg

Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров «Анам тілі», «Домбыра», «Күйге» өлеңдері.

Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларды поэзияны сүюге, ақынның ішкі дүниесінің есігін өз

кілтімен ашуға, өлеңнің құпия сырларын ұғуға үйрету.

2. Танымдық қызығушылығын ояту, өнерді сүюге баулу, қабілетін

дамыту, қазақтың тілін, салт- дәстүрін құрметтеу.

3. Өз ұлтының ана тілін, мәдениеті мен өнерін сүюге , қадірлеуге

баулу, музыканы тыңдауға, жүрегімен түсініп, оған құштарлығын

арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа оқу материалын беру сабағы.

Білім, білік, дағдыны қалыптастыру сабағы

Білім, білік, дағдыны қолдану, аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, пікіралмасу. Шолу лекция, түсіндіру,әңгімелеу.

Жаңа технология элементтері: Деңгейлік тапсырмалар орындау. СТО технологиясы.

Сабақтың көрнекілігі: Кестелер, портреттер, слайд, күй, домбыра.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, тарих, музыка.

Сыныппен жұмыс түрі: даралап, жұппен, топпен.

Сабақта оқушыларға қолданылатын әдіс-тәсілдер:

1.Оқушылардың танымдық деңгейін тану мақсатында сұрақтар қою;

2. Проблемалық сұрақтар қою арқылы, ой дамыту стратегиясы.

І.Сабақтың барысы:Ұйымдастыру бөлімі.

А)Амандасу ә) Сабаққа қатысын қадағалау б)Психологиялық тренинг

«Сенімді тірек» Оқушылар шеңберге бір-біріне иық тірестіріп тұрады. Мұғалімнің командасы бойынша оңға, сосын жәйімен солға бұрылады. Оқушылар өз жолдастарының иықтарына сүйенгендіктен құламағандарын, сенімді тірек тапқандарын сезінулері керек.

Мақал-мәтелдердің мәнін ашу. «Бірлік бар жерде , тірлік бар»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

А)Түйебайға мінездеме.

Ә) Алгоритмдік саты. Кейіпкерлерді топтастыру.

ІІІ.Қызығушылықты ояту .«Ой қозғау» стратегиясы.

А) Балалар: Көзімізді жұмамыз, көңілімізбен ұғамыз. /Күй ойналып тұрады/

Ана тілімізді қастерлеу арқылы өлең көркем шығарма ол да жанды жаратылыс , оның даусын, үнін естіп, сезініп дәмін татып бүкіл сезім бірлігімен қабылдап тану керек. Ендеше балалар бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы: «Анам тілі», «Домбыра», «Күйге» міне бүгінгі өтетін өлеңді біз осылай ұғуымыз керек.

Ә) Балалар, үш бәйтеректі кім айтады?

Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров. 120 жыл.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1. Ілияс Жансүгіров өмірбаянын , шығармаларын түсіндіріп өту.

«Анам тілі» өлеңін үнтаспадан тыңдау.

Өлеңді тыңдап отырып , нені елестеттіңдер, не көрдіңдер? Үш өлеңді байланыстыру.

Ү. Іздену, зерттеу.

Бүгінгі сабағымызға тірек болсын, көркейтсін деген мақсатпен және танымдық көзқарасымыз кеңейсін деген мақсатпен ізденуге тапсырма бергенмін. Ана тілі, киелі домбыра жайлы ән,жыр, аңыз жинап келу. Кәне кім ізденді? Қызықты?

а)Ана тілі, Қазақ тілі тақырыбында өлең сұрау.

ә)Құрманғазының «Балқаймақ күйінің шығу тарихы»

б) Домбыраның шығу тарихы туралы аңыз.

3. Күйшілерден кімдерді білесіңдер? /Слайд/

4.Балалар домбыраның тамырында тұнған пәндік сапалар ендеше соған тоқталайық.

  • Домбыра үйрену – еңбек.

  • Домбыраның пернесін басып, ішек қағуматематика. т.б.

  • Есту арқылы құлақ күйін келтіру - физика

  • Күй мазмұнын елестетіп суреттеу - бейнелеу

  • Күй аңызы, мен әңгімесін айту - әдебиет

  • Тең айтысқа түзу, ойдың ашықтығы- айтыс өнері

  • Әуеннің пайда болуы - музыка

  • Аспап жасау – Қолөнер

ҮІ. Оқулықпен жұмыс.

Оқушылар өлеңді кітаптан мәнерлеп оқып мағынасын ашу керек.

1.Осы өлеңде домбыраның құдіретін қандай сөздерді қолдану арқылы көрсеткен?

/Көмейінде күй барда, үн шыққандай жолбарыстан, қамыстағы барыстай/

Интерактивті тақтадан домбыраның бейнесі көрсетіліп тұрады.

Әдебиет теориясынан сұрақ: Градация дегеніміз не?

2.Ақын ана тілін қалай бағалайды?/Қадірлі, бағасы алтын анам тілі./3. Күй тыңдағаннан өзің қандай әсер аласың?

ҮІІ. Тасымалдау эссесі. Көңілмен ұғып, қағазға түсіру.

1-қатар «Ана тілі» 2-қатар «Домбыра» (Осы екі тақырып бойынша эссе жазып, әр топтың оқушысы бірін – бірі толықтырады)

ҮІІІ. Салыстыру.

М. Жұмабаев І. Жансүгіров

Қазақ тілі Анам тілі. Қобыз домбыра


Топтастыру: Оқушыларды еркін ойлауға жұмылдыру.

Асан қайғының сөзі бар

Су түбінде жатқан тас

Жел толқытса шығады,

Ой түбінде жатқан сөз

Шер толқытса шығады. – демекші

Ал күй не толқытса шығады? (проблемалық сұрақ)

Өз жауабым (жүрекке қозғау салатын қуаныш, қайғы, ыза, ашу, қиял, арман сезімдері күйді алып келеді).

ІХ. Өлең құрлысына талдау. «Анам тілі», «Күйге»

Сатылай кешенді талдау.

Тақырыбы: Күйге Анам тілі

Авторы: Ілияс Жансүгіров +

Жанр түрі: Поэзия,өлең +

Идеясы: Күй құдіретін көрсету. Тілді қастерлеу

Шумақ саны: 2 4

Тармақ: 8 16

Бунақ: 3 3

Буын саны: 11 11-12

Ұйқас түрі. Қара өлең ұйқасы (а,а,б,а)

ХІ. Бекіту. «Біліміңді тексер».

  • Ілияс Жансүгіров қай жылдары өмір сүрді?

  • Ілияс әкесінен не үйренеді?

  • Ілиясқа әкесі кімдердің шығармаларын оқытады?

  • Ілиястың өлеңдерін ата: “Ана тілі”, “Күй” т.б.

  • Ақын өз ана тілін қалай бағалайды?

  • Қазіргі кезде домбыраны жастар тартама?

  • Қазіргі күйшілерден кімдерді білесіңдер?

  • Дәстүрлі әншілерге көзқарастарың қандай?

ХІІІ.Үйге тапсырма.

1.Жансүгіров шығармашылығын оқып, түсіндіру.

а)І қатар “Ана тілі” өлеңін жаттау

ә)ІІ қатар “Домбыра” өлеңін жаттау.

ХІІ.Бағалау.

-Сабақ аяқталды. – Сау болыңыздар.








Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 13 декабря. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-363816
Курсы профессиональной переподготовки
133 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 13 декабря
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>