Инфоурок Обществознание Другие методич. материалыІлияс Жансүгіров шығармаларындағы өнер және өнерпаз тақырыбы.docx

Ілияс Жансүгіров шығармаларындағы өнер және өнерпаз тақырыбы.docx

Скачать материал

Ілияс Жансүгіров шығармаларындағы өнер және өнерпаз тақырыбы

Орнаттым алтын сөзден сұлу сарай...

Ілияс Жансүгіров.

         Халқымыздың құт-береке дарыған, ежелден ақындық, батырлық, даналық мекені Жетісу өлкесінің перзенті Ілияс Жансүгіров атамыз -  жас күнінен бастап ән мен жырдың, өлең мен күйдің небір асыл нұсқаларын кейінгі ұрпақ жүрегіне ұялатқан ақын. Ілияс атамыздың артына қалдырған мұрасының, қазақ әдебиетінің алтын қорына қосқан үлесінің өлшеусіз екенін  білеміз. Ілияс Жансүгіров -  киелі Ақсу өңірінің перзенті. Ақсу тұнып тұрған өнердің мекені. Ілияс шығармаларының дені өнер және өнерпаз  тақырыбына, өнердің адам өміріндегі құдіреті жайлы жырлағаны да сондықтан.  Ілияс  - қазақтың ән, музыка өнерін аса асқақтата жырлаған  ақын.

Ілиястың «Құлагер» поэмасы сырт қарағанда ақынның сәйгүлік- тұлпарының мерт болуына арналып жазылған сияқты. Ақын осыны бар жан -тәнімен түсініп, мейірі қанғанша сусындап оқырманына жеткізе білген. Ақынның жан әлемінен  «Әнші», «Күй», «Күйші», «Құлагер» сынды бірегей өнер тақырыбына арналған туындылар  дүниеге  келген.  Ақан сері - жастық дәуренінде   сауық-сайран, ойын тамашаның бел ортасында өткізген. Ақындық пен серілік, сазгершілік пен әншілік бір бойында тоғысқан  Ақан – өнердің кені еді. Ақанның әні ел арасына тез  тарады. Ақан сері жеке дара, салт жүріп, серілік, саяткершілік құрмаған. Оның қасында қашанда талантын құрмет тұтып, қолдап отыратын  небір өнерлі, балуан, ақын жора-жолдастары болған. Ол суырып салма ақындығымен қоса қызыл тілдің шешені, әрі әнші-сазгерлігімен де ел құрметіне бөленген. Ол әділдіктің ақ жолын аттап, елге тізесін батырған талайларды тәубесіне келтіреді. Тіпті турасын айтамын деп туғанына жақпаған кездері көп. Ақан серінің өзге ақындардан өзгешелігі- табиғатпен тұтастығында.  Ақандай талант иесі тым сирек. Оның ел аузынан түспейтін тамаша туындылары «Құлагер», «Маңмаңгер», «Көкжендет», «Қараторғай», «Екі жирен» атты ән-өлеңдері қазақ халқының қастерлі мұрасына айналды. Ақан сері өз заманындағы атақты ақын, әнші серілердің бәрімен жолдас, сыйлас болған. Атақты Біржан салды өзіне ұстаз санайды, бірге жүріп ән үйренеді.

Ілиястың өнер тақырыбына арналған   «Күйші» поэмасында он саусағынан өнер тамған саңлақ күйші мен қазақтың күй өнерінің құдіретін жыр өрнегімен асқан ақындық шеберлікпен суреттеген. Поэмада ақын халқымыздың күй өнері жайлы, сол күйді орындаушы тарланбоз күйші жайлы сыр шертеді. Күйші Кене ханның ақ ордасында дүйім жұрт алдында «домбыраны дірілдетіп», жиылған қауымды тамсандыра өнер көрсетеді,күйге де , өзіне де таңдай қақтыра сүйсіндіреді. Сол күйлердің құдіретіне «қырдағы қоян, құлан  құлақ тігіп, қамыстан жолбарыс та ыңыранды», «табиғатта тып-тыныш бола қалды» деп өрнектейді. Алуан үнде сөйлеген күйге айналадағы бар жан құлақ түре сүйсінді. Күйші жігіттің күйі қолында ақ найзасы жарқылдаған, қол бастаған қас батыр Кене ханды да күй бей-жай қалдырмайды. Күйге, күйшіге де елти құлаған Кене ханның қарындасы-Қарашаш. Ол- ағасының оң қолы, ақылшысы әрі ерке, өңіне ақылы сай, паң да өжет боп өскен ханзада. Жыршы Қарашаштың бойындағы қасиеттерді былайша суреттейді:

 Қарашаш- ақылы дария, алтын басы,

 Әйелдің ақсұңқары, ханзадасы.

Өз басын мың қараға теңгермейтін,

Кененің кеңесінің ақылдысы.

Поэманың соңында күйші тоқсан күйді қайта тамылжытып, сорғалатып, қыз көңілін аулап, енді еліне, үйіне қайтқысы келген арманын күй арқылы ханшаға білдіреді. Ханша күйшінің тілегін орындамақ болады, сонда өнерлі де келісті, келбетті жігітті әлі де болса кідірте тұрмақты ойлайды. Күйші күй арқылы ханша көңіліне ізгілік нұрын сеуіп, рақымын түсіріп, еліне қайтсам ба деген тілегін жеткізеді. «Күйші» поэмасы – өлімді, зұлымдықты жеңген өнер құдіреті туралы күрделі шығарма.

 Ілиястың  «Күйші» поэмасында ақындық биігінен көрінген. Дастанда кейіпкердің сыртқы келбет-пішінін, мінез-қылықтарын бейнелеудегі ақынның зергерлігі, мүсіншілдігі сүйсіндіреді. Он саусағынан өнер тамған жігіттің өнер өрісінің асқар шыңына биіктегенін ақын былайша суреттейді:

Мұз еріп, қатты аяздың кәрі қайтып,

 Қас батыр көңілі жұмсап, зәрі қайтып,

Майырылып ақ семсері қалайы боп,

 Қажытты мұз балақты күй мұңайтып.

Құлпырып бәйшешектей кетті шалқып,

 Аққудай көкте күйлеп, көлде толқып.

 Күйші жігіт күй тартқанда, бәйге атындай көсіле тартады, күй суреттері өрлеп, қияға шырқай береді, бір сөз бір сөзден, бір ой бір ойдан, бір шумақ бір шумақтан асып түсіп отырады ол күймен бірге жарысқандай. Поэмада өнер, күй құдіреті осылайша өрнек табады.

 І.Жансүгіровтың шығармалары  - өнерді дәріптеген туындылар. Ол осы шығармаларымен келешек ұрпаққа «Өнер- адамның асыл мұрасы»,- деген ойын жеткізеді. Өзінің өнерге деген құрметін, сый-сияпатын, үлкен махаббатын, өнердің әсерінен бойын жайлаған керемет сезімдерін өзінің өшпес ақындық өнерімен жеткізе білді. Адамдарды ерекшелендіретін, , сақтап, қастерлеп , ұрпақтан ұрпаққа берілетін, ешбір бағасы жоқ, уақытқа, жауға бағынбас асыл мұра- өнер екенін тағы да дәлелдеді. Ілияс – халық жүрегіне мәңгі ұялаған, өнерді дәріптеген ақын.


 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ілияс Жансүгіров шығармаларындағы өнер және өнерпаз тақырыбы.docx"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Микробиолог

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 993 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.01.2016 8283
    • DOCX 15.9 кбайт
    • 21 скачивание
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кабдыгалиева Айман Толепбергеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18104
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Обществознание")

Учитель обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель обществознания

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 72 человека

Курс повышения квалификации

Методика преподавания истории и обществознания в общеобразовательной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 328 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 325 человек

Мини-курс

Управление стрессом и эмоциями

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 128 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 74 человека

Мини-курс

Культурное наследие России: язык и фольклор

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Работа с детьми с особыми образовательными потребностями

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 358 человек из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 174 человека