Инфоурок Другое КонспектыИллюстрация

Иллюстрация

Скачать материал

1.        « Асыл сөз» деп әдебиетті кім айтқан?

a.        М. Дулатов

b.        А. Байтұрсынов

c.        С. Сейфуллин

d.        М. Жұмабаев

2.        Фольклор дегеніміз...

a.        Халық ауыз әдебиеті

b.        Жазба әдебиет

c.        Көркем әдебиет

d.        Термин сөздігі

3.        Ауыз әдебиетінде эпос нешеге бөлінеді?

a.        6

b.        3

c.        4

d.        5

4.        Батырлар жырының өзіндік ерекшелігі нешеу?

a.        7

b.        3

c.        5

d.        4

5.        Ауыз әдебиетіне жатпайтын қатарды белгіле

a.        Тұрмыс-салт жырлары

b.        Шешендік сөздер

c.        Әдеби ертегілер

d.        Мақал-мәтелдер

6.        Лиро-эпос жырларының бір ерекшелігі...

a.        Кейіпкерлердің ерен күш иегері болуында

b.        Ел, халық мүддесі үшін тер төгуі

c.        Қиял-ғажайыпқа толу болуы

d.        Салт-дәстүрлерді ң көптеп кездесуі

7.        «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының неше нұсқасы бар?

a.        3

b.        6

c.        9

d.        5

8.        Төлеген өлген жердің аты...

a.        Қособа

b.        Жетісу

c.        Жиделібай

d.        Баянауыл

9.        «Сырты алтын, іші күміс оның үйі,

Күнде  дәурен неғылса келер күйі.

Жеті күн жиын тарқар жиын бар деп,

Сауын айтты сол елдің Сасан биі.» қай жырдан алынған үзінді?

a.        Қозы Көрпеш – Баян сұлу

b.        Қыз Жібек

c.        Алпамыс батыр

d.        Манас жыры

10.     Анафора дегеніміз не?

a.        Жырдың  соңында дыбыстардың, не сөздердің бірнеше рет қайталануы

b.        Жырдың түйдектеліп келуі

c.        Жырдың басында бірдей сөздер мен дыбыстардың қайталануы

d.        Жырдың аяқталмай үзіліп қалуы

11.     « Естірту» дәстүрі қай жырда кездеседі?

a.        Қыз  Жібек

b.        Қозы Көрпеш – Баян сулу

c.        Манас жыры

d.        Қобыланды

12.     Метафора дегеніміз....

a.        Бір заттың қасиетін екінші затпен алмастыру

b.        Бір заттың қасиетін екінші затпен теңестіру

c.         Заттың қасиетін тым әсірелеп жеткізу

d.        Бүтіннің бөлшегі ретінде суреттеу

13.     ««...................» жырының тілі – нағыз халық тілі.» деп кім айтқан және пікір қай жыр туралы?

a.        М. Әуезов. Қозы Көрпеш

b.        М. Әуезов. Қыз Жібек

c.        Ш. Уалиханов. Манас жыры

d.        Ш. Уалиханов. Қозы Көрпеш

14.     Гипербола дегеніміз не?

a.        Бір заттың қасиетін екінші затпен алмастыру

b.        Бір заттың қасиетін екінші затпен теңестіру

c.         Заттың қасиетін тым әсірелеп жеткізу

d.        Бүтіннің бөлшегі ретінде суреттеу

15.     « Өркенім өссін десең, Кекшіл болма –

Кесапаты тиер еліңе.

Елім өссін десең, өршіл болма –

Өскеніңді өшіресің...» қай бидің толғауынан алынған?

a.        Қазыбек би

b.        Әйтеке би

c.        Төле би

d.        Бала би

16.     « Зар заман» ақындарын ата

a.        Махамбет, Шернияз

b.        Дулат, Шортанбай

c.        Абай, Шәкәрім

d.        Мағжан, Міржақып

17.     « Абайға дейінгі қазақ поэзиясында одан асқан ақын жоқ.» деп кім айтқан?

a.        М. Әуезов

b.        З. Қабдолов

c.        Ш. Уалиханов

d.        А. Байтұрсынов

18.     « Шандоз» деген сөз қандай мағына береді?

a.        Домбыра

b.        Шебер

c.        Алып

d.        Батыр

19.     Махамбет қай жылы дүнеге келген?

a.        1805-1845

b.        1810-1850

c.        1804-1846

d.        1833-1838

20.     «Әмеңгерлік» қай жырда кездеседі?

a.        Қозы Көрпеш – Баян сұлу

b.        Қыз Жібек

c.        Алпамыс батыр

d.        Манас жыры

21.     Махамбет шығармаларындағы басты тақырып қандай? Неге қарсы күрескен ақын?  « Ұлт –азаттық күрес» нешінші жылдар аралығында болған?

22.     Ғашықтар жырының көтерген проблемасы қандай? Қандай салтқа қарсылық білдіреді?  Көрсетілген қарсылықтар қазіргі таңда өзектілігін жоғалтты ма? Бұндай салт –дәстүрлер неден сақтайды, қандай іс-әрекеттерге итермелеуі мүмкін деп ойлайсың?

23.     Лиро – эпостық жырдан қандай жыр саған ерекше ұнады? Несімен  көңіліңе қонымды болды? Дәлел келтіре отырып жаз.

24.    Әдебиет өмір шындығы ма, әлде көркемдік шындық па?

25.     Әдебиеттің адам өміріндегі маңызын айт

26.     1. Иллюстрация дегеніміз не?

27.      

28.     (кітап безендіруде қолданылатын көркемсурет)

 

 

Сабақтың тақырыбы: Ертегілер мазмұнына иллюстрация

 

Сабақтың мақсаты:

a) білімділігі: Оқушыларды ертегілер мазмұнымен таныстыру, мазмұны арқылы сурет салуға үйрету. Жеке тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастыру, балалардың бейнелеу қабілетін шыңдау.

ә) дамытушылығы: Ертегілер әлемі туралы танымын кеңейту. іздену, зерттеу қабілеттерін дамыту.Ертегі мазмұнымен қызықтыру нәтижесінде оқушылардың қызығушылығын арттыру, олардың бойында шығармашылық ізденіс қалыптастыру, көркемдік талғамын, шығармашылық қиялын, ойлау кеңістігін дамыту.

б) тәрбиелігі: Ертегілердің негізгі идеясы мен тәрбиелік мәніне арқау болған ұлтымыздың асыл қасиеттерін сіңіру. Оқушылардың ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін молайту, белсенділіктерін шыңдау.

 

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, түсіндіру, сұрақ-жауап, ассоциация, ауызша көрнекті және жартылай іздемпаздық

Сабақтың түрі: топпен және жеке сайыс сабақ.

Сабақтың көрнектілігі, техникалық құрал жабдықтары: интерактивті тақта, компьютер, көрнекі бейнелеу құралдары, дыбыстық слайд фильмдер, шырша ойыншықтары, шыршалар, қиылған ертегі кейіпкерлері

 

Күтілетін нәтиже: Сабақ барысында оқушылар ынталарын мен қызығушылықтырын қалыптастыру, өз бетінше бейнелеу іскерлігін меңгеру, сурет салуына, танымдық-шығармашылық белсенділігіне әсер ету арқылы әр оқушы танып-білуге және шығармашылыққа қажетті затты санасына жеткізу. Өз беттерімен үйлестіруге, еске сақтап сурет салуға, сурет тақырыбына байланысты образдарды тұрғызуға, қимыл қозғалыстарды бейнелеуге, заттардың түр-түсін беруге бейімдеу.

 

Сабақтың барысы:

Сабақ 4 кезеңнен тұрады:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Ертегілер еліне саяхат

3. Бағалау кезеңі

4. Үйге тапсырма беру

 

1. Ұйымдастыру кезеңі бойынша оқушылардың сабаққа қатысымен түгелдеу, құрал-жабдықтарын қадағалау, топқа бөлу, сабақ барысымен, бағалау тәсілдерімен таныстыру.

Бірінші топты «Таусоғар», екінші топты «Мерген» деп атаймыз және топтар фамилия реттілігі бойынша бөлінеді.

Оқушылар «шырша безендіру» тәсілімен бағаланады. Слайдқа топтағы бала сандарына сәйкес бұтақтары бар екі топтың шырша суреті ілінеді және әр бұтақтың ұшына фамилия реттілігімен әр оқушының нөмірлері қойылады. Оқушылар сабақтың бүкіл кезеңдері бойынша тапсырмалар орындау арқылы шырша ойыншықтарын жинайды. 5-6 шырша ойыншығын жинақтаған оқушыға «5» деген балаға қойылады, 3-4 ойыншық жинаған оқушыға «4» деген баға қойылады, 1-2 ойыншық жинаған балаға «»3» деген баға қойылады.

 

Слайдтан «Ертегі әлемінде» әні беріледі:

Ғажайып түс көрдім.

Таң ата мен бүгін,

Ертегі әлемінің, қызығында жүрдім.

Нұрына шомылдым бүгін,

Жұлдыз айы көркем,

Әдемі еді неткен, құстар сөйлейді,

Бұлттары билейді...

 

Мұғалім: Бұл өлеңде ертегі әлеміндегі ғажайып көріністер елес береді. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да «Ертегі әлеміне саяхат» деп аталады.

Демекші бізді әрқашан алыс жолдарға жетелейді. Есімізге түсірейікші ертегі қалай басталады.

Бар екен де, жоқ екен,

Ерте ерте ертеде

Ешкілері бөрте екен,

Қырғауылы қызыл екен,

Құйрықтары ұзын екен...

Иллюстрация, суреттер көрсету, қандай ертегілер екенін еске түсіру.

«Алтын балық», «Қожанасыр», «Мақта қыз бен мысық» ертегілерінен үзінділер оқу.

Интерактивті тақтаның көмегімен ертегілер иллюстрациясын тамашалау.

 

2. Ертегілер еліне саяхат

Адамның қиялдан, ойдан шығарған барлық көне дүниелері мифтер, аңыздар және ертегілер болып үшке бөлінеді. Әрқайсымыз балалық шағымызда таңғажайып сиқырға толы ертегілерді оқыдық. Ертегілер - тұнып тұрған қиял-ғажайыптар, жануарлар адамша сөйлеседі, батырлар жау әскерімен ғана емес, айдаһарлармен, жын-перілермен және басқада халық қиялы тудырған жалмауыз - құбыжықтармен шайқасады.

Ертегі үш топқа бөлінеді олар: тұрмыс-салт, қиял-ғажайып, шыншыл.

Ертегі кейіпкерлеріне арнап сурет салу - ең қызықты тақырып.

Әрбір бала ертегіні қызықтап оқиды, әңгімелеп береді және сол туралы сурет салуға құштар. Сурет салу кезінде ертегі баланың дүниетанымын, ақыл-ойын, шығармашылығын арттырады.

Оқушыларға Қаңбақ шал, Таусоғар, Алтын сақа, Алдар көсе, Алтын балық ертегілерінен үзінділер айтылады.

Қазақ ертегілері сан алуан оларды хайуанаттар туралы ертегілер, қиял – ғажайып ертегілер, тұрмыс - салтқа байланысты ертегілер, батырлық ертегілер, күлдіргі ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге болады.

Ертегілердің ішінде балалардың қиялын шарықтататын, балалық шақтың болашағын елестетіп келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін ең әсерлі ертегілер – қиял–ғажайып ертегілері. Батырлық ертегілерде елін қорғап, халқын қадірлеген ерлердің таңғажайып іс–әрекеттері баяндалады. Мысалы: Ертөстік, Қобыланды. Күлдіргі ертегілер негізінен Алдар көсе мен Жиренше шешенің, Қожанасырдың есімдерімен байланысты.

Ертегілер – қиял ғажайып, оқиғалар жайындағы қызық әңгімелер, оларды көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады.

 

Саяхат жолнұсқасы:

1- аялдама «шебер суретшілер» елі.

Бұл аялдамада үйге берілген тапсырма бағаланады. Ертегілер мазмұны бойынша иллюстрация жасап келу тапсырылған болатын. Жұмыстың мазмұнына, бой нақышына мән берілуі тиіс. Өте жақсы салынған шығармаға 2 ойыншықтан, жақсы салынған суретке 1 ойыншықтан беріледі.

2- аялдама «тапқырлар» елі.

Слайдта тестік жүйеде берілген ертегілер тақырыбын табады. Сурет астына қызыл және көк дөңгелекпен екі жауап беріледі. Слайдтағы сурет астындағы екі дөңгелекшенің қайсысы дұрыс жауап екендігін табу, дұрыс дөңгелекшенің түсін дәптерге бояу арқылы дөңгелектеп түсіру. Мұғалімнің өзіне таныс орналастыру заңдылықтарын ескере отырып, оқушы жұмыстарын бағалап шығады, ең көп және дұрыс тапқан оқушыларға екі ойыншықтан, аз тапқан оқушыларға бір ойыншықтан үлестіреді.

3- аялдама «Шебер құрастырушылар» елі.

Сурет дәптермен жұмыс. (Сармандық жұмыс)

Слайдта берілген жыл мезгілдерінің суреттерін бірнеше минут тамашалаймыз, алған әсерлері бойынша сурет дәптерлеріне қиылған ертегі кейіпкерлерін перспективалық заңдылықпен орналастыру және өздеріне ұнаған фонмен толықтыру. Яғни салынған фон мен суреттің байланысын көрсету. Өте жақсы орындалған жұмысқа екі ойыншықтан, орташа орындалған жұмысқа бір ойыншықтан беріледі.

4- аялдама «Шебер құрастырушылар» елі.

Жазба дәптермен жұмыс. (Теориялық жұмыс)

Оқушылар слайдта берілген ертегі кейіпкерлері арқылы өздері білетін әр түрлі жанрдағы ертегілер тақырыбын жазуы керек. Ең көп тақырып жазған оқушыларға екі, орташа деңгейде жазған оқушыларға бір ойыншықтан беріледі.

 

Сабақты қорытындылау.

Біз бүгінгі сабақта не үйрендік? Сабақ несімен ұнады?

Ертегі дегеніміз не? Олардың жазылу мақсаттары? Қандай түрлері бар?

 

3) Бағалау кезеңі:

Сарамандық жұмыстың қорытындысында көрме ұйымдастырылады. Әр жұмысқа баға беріледі

а)Жеке оқушыны бағалау. Слайдта берілген шырша бұтақтарын оқушы жинаған ойыншықтарды ілу арқылы безендіру, оқушының өз білімнің нақтылығына көз жеткізуіне, өзін басқа оқушылармен салыстыруына мүмкіндік туғызу.

б) Топтық бағалау. Екі шыршадағы ойыншық санына сәйкес жеңімпаз топты анықтау және слайдпен музыкалық марапаттау беру.

«Таусоғар» тобы

«Мерген» тобы

4) Үйге тапсырма беру. «Шебер құрастырушылар» еліндегі тапсырманы бояу арқылы аяқтап келу.

 

Мақалаға белгі:Ертегі, иллюстрация, ертегі мазмұнына иллюстрация жасау, сурет

 

 

 

 

 

 

7-сынып

1-нұсқа

1. Көптік жалғауының дұрыс жалғанбағанын көрсет.

 А) Балалар. В) Құрылысшылар. С) Газеттер. Д) Кітаптар. Е) Ұндар.

 2. Түбір тұлғасы өзгеріске ұшырап біріккен сөзді тап.

 А) Алатау. В) Әкел. С) Мұратәлі. Д) Кейбір. Е) Ешқашан.

 3. Көмектес септігінің көнеленуінен қалыптасқан үстеуді белгіле.

 А) Баяғыда. В) Әрең-әрең. С) Кеңінен. Д) Жоғары. Е) Кезекпен.

 4. Күшейткіш демеулікті тап.

 А) дейін В) сайын С) –ау Д) ше Е) – ды

 5. Қосымшалы қос сөзді көрсет.

 А) Балалы-шағалы. В) Үп-үлкен. С) Қып-қызыл.

 Д) Төбе-төбе. Е) Алыс-жақын.

 6. Негізгі екі буыннан құралған еліктеуіш сөзді көрсет.

 А) Лып. В) Қыңқ. С) Тыртың. Д) Күмп. Е) Арс.

 7. Күрделі сөзді көрсет.

 А) Қабырғаңмен кеңес. В) Тіс жармады. С) Таза киім.

 Д) Сары уайымға салынды. Е) Жүріп келе жатыр еді.

 8. Заттық ұғымның атауы болатын сөзді тап.

 А) Әлдеқалай, солай. В) Көрген, көрер. С) Анау, сонау.

 Д) Демеуші, көмекші. Е) Сіз, сенен.

 9. Сын-бейне үстеулі тіркесті көрсет.

 А) Осыншама ауыр. В) Тіпті ұзақ емес. С) Бермен кел.

 Д) Ілгері кетті. Е) Бірден келді.

 10. «Арманыма» - сөзіндегі соңғы қосымшаны тап.

 А) Жіктік жалғау. В) Барыс септік. С) Тәуелдік жалғау.

 Д) Көптік жалғау. Е) Септік жалғау.

 11. Бірге жазылатын сөзді көрсет.

 А) Сыр дария, Жиренше шешен. В) Қара қыпшақ, қалам ақы.

 С) Тыйым салу, кәсіп одақ. Д) Қол таңба, оқу орны.

 Е) Бес жылдық, жылдан жылға.

 12.Жай шырайды тап.

 А) Арман өте қызықты кітап оқыпты.

 В) Жанат кең үйге кірді.

 С) Мына үй биігірек екен.

 Д) Армансыз адам қанатсыз құспен тең.

 Е) Орасан зор жетістік.

 13. Туынды түбірді тап.

 А) Жеті. В) Жол. С) Дос. Д) Айтыс. Е) Аяқ.

 14. Зат есімнен жасалған біріккен сөзді көрсет.

 А) Ендігәрі. В) Биыл. С) Әлдекім. Д) Шегара Е) Былтыр.

 15. Туынды сөзді көрсет.

 А) Соң. В) Қызғылт. С) Үсті. Д) Алыстан. Е) Қуырдақ.

 16. Өлшем атауына дұрыс жалғанған қосымшаны тап.

 А) см-ден В) смге С) ГАЗ-51 ге Д) ИЛ-86мен Е) см. Ден

 17. Мекен үстеуін тап.

 А) Жорта айтты, қасақана үндемеді. В) Ілгері жүрді, төмен түсті.

 С) Бұрын жүрді, күні-түні оқиды. Д) Үйге кетті, қатты өкінді.

 Е) Бірден сөйледі, шалқасынан құлады.

 18. Қалау райлы етістікті тап.

 А) Әкелді. В) Әкелсің. С) Әкелерсің. Д) Әкелмессің. Е) Әкелгейсің.

 19. Еліктеудің қай түрі, анықта.

 Біреу оқыс жөтеліп қалса-ақ, ала қашатындай елең-елең етіп, ойнақшып келеді.

 А) Дара бейнелеуіш. В) Негізгі еліктеуіш. С) Туынды еліктеуіш.

 Д) Күрделі бейнелеуіш. Е) Дыбыстық.

 20. Мақсат үстеулі тіркесті тап.

 А) Босқа әуре болма. В) Әдейілеп келді. С) Бірден сөйледі.

 Д) Төмен түсті. Е) Ертең барады.

 21. Есімдерден жасалған туынды етістікті белгіле.

 А) Есім. В) Елпілде. С) Қалашыл. Д) Бағала. Е) Тақ.

 22. «Мыс», «міс» - шылауларының мағынасын анықта.

 А) Лептік. В) Шектік. С) Күшейткіш. Д) Болжалдық. Е) Сұраулық.

 23. Зат есімге лайық қатарды көрсет.

 А) Етістік. В) Бейтарап сөздер. С) Еліктеу сөздер.

 Д) Көмекші сөздер. Е) Есім сөздер.

 24. Етістіктің бұрынғы өткен шақ түрін тап.

 А) Сездің. В) Сезіпті. С) Сезбек. Д) Сезермін. Е) Сезесің.

 25. Дара сын есімді тап.

 А) Жақсы-жаман. В) Биіктеу. С) Қара күрең. Д) Сары ала. Е) Тұп-тұнық.

 26. Сөйлемдегі ойға, оның айтылу тәсіліне айтушының көзқарасын білдіретін сөзді тап.

 А) Қыстырма сөз. В) Төлеу сөз. С) Одағай сөз. Д) Қаратпа сөз. Е) Төл сөз.

 27. Сұраулық шылау арқылы жасалған сұраулы сөйлемді тап.

 А) Күн бұлттанып тұр (ма). В) Ғылым таппай мақтан (ба).

 С) Әй, сен көп асқақта (ма). Д) Сен одан қорық (па).

 Е) Жабырқа (ма), сабыр ет.

 28. Барыс септіктегі сөздермен тіркесетін шылауларды тап.

 А) Қатар, бірге, қабат. В) Ма, ме, ба, бе. С) Кейін, соң, гөрі, әрі, бері.

 Д) Жайында, жөнінде, үшін, сайын. Е) Дейін, шейін, таман, қарай.

 29. Екінші жақтың көпше түрінде тұрған етістікті тап.

 А) Жатырмыз. В) Жатырсыңдар. С) Жатырсың.

 Д) Жатырсыз. Е) Жатырмын.

 30. Көңіл-күй одағайын тап.

 А) Арман. В) Айт. С) Моһ-моһ. Д) Сөйтіп. Е) Алақай.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-нұсқа

1.  Етістің қай түрі сабақтыны салтқа айналдыратынын белгіле.

 А) Ырықсыз. В) Ортақ С) Дара, күрделі.

 Д) Салт, сабақтыЕ) Болымды, болымсыз

 2. Есімшенің болымсыз түрін көрсет.

 А) Тоқы. В) Алған жоқ. С) Барар еді. Д) Келетін-ді. Е) Ойлы.

 3. Тәуелдік жалғаудың ІІ жағында жекеше тұрған сөзді тап.

 А) Жолдасым. В) Қағазың. С) Көшесі. Д) Мектептеріңіз. Е) Қалада.

 4. Бірігіп жазылуы дәстүрге айналған сын есімдерді көрсет.

 А) Ертеңгілік, жөн-жосық. В) Ұзынды-қысқалы, ұрда-жық.. С) Ақмола, некен-саяқ.

 Д) Дүниежүзілік, бүкілхалықтық. Е) Жезқазған, Қорамсаұлы.

 5. Айқындайтын мүшесі қосалқы атау болатын сөз атауын тап.

 А) жалпылауыш сөз В) айқындауыш С) қосарлы айқындауыш

 Д) оңашаланған айқындауыш Е) анықтауыш

 6. Күшейткіш үстеумен тіркесіп тұрған сөзді көрсет.

 А) Тіпті ұзақ емес. В) Соншалық ұзақ. С) Ұзақтан келді.

 Д) Әдейі келді. Е) Онша ұзақ емес.

 7. Жұрнақты сөзді көрсет.

 А) Суында. В) Суға. С) Сумен. Д) Суды. Е) Сусын.

 8. Антоним қай сөз табынан жасалған, дұрысын көрсет.

 Өмірде қуаныш пен реніш қатар жүреді.

 А) Етістік. В) Сын есім. С) Үстеу. Д) Есімдік. Е) Зат есім.

 9. Сұраулық мағынаны туғызушы сөз табын тап.

 Сенің ойың орындалатын шығар?

 А) Етіс. В) Көмекші етістік. С) Көсемше. Д) Есімдік. Е) Зат есім, етістік.

 10. Қазақ тілінде үстеу құрамына қарай нешеге бөлінетінін көрсет.

 А) 7 В) 5 С) 3 Д) 6 Е) 2

 11. Септеулік шылау арқылы байланысқан сөздерді көрсет.

 А) Болмаған соң жетті. В) Табиғаттану сабағы. С) Бұл – Назым.

 Д) Қараңғы түн. Е) Допты алды.

 12. Жіктік жалғауының І жағының қосымшасын көрсет.

 А) –пыз, -піз. В) –сың, -сің. С) –ды, -ді. Д) –ып, -іп. Е) –ған, -ген.

 13. «Туынды сөз» тіл білімінің қай саласына жатады.

 А) Пунктуация. В) Лексика. С) Фонетика. Д) Морфология. Е) Синтаксис.

 14. Қатыстық сын есімді тап.

 А) Жақсы. В) Қап-қара. С) Әдемілеу. Д) Жаманырақ. Е) Ашушаң.

 15. Райдың қанша түрі бар екенін тап.

 А) 4 В) 3 С) 2 Д) 6 Е) 5

 16. Бірыңғай көмекші есімді қатарды анықта.

 А) Тұсы, тарағы. В) Төбесі, бұрғы. С) Ортасы, жүрісі.

 Д) Маңы, жеңіл. Е) Жаны, арасы.

 17. Зат есімнен сын есім жасап тұрған жұрнақты тап.

 А) Баспахана үйі. В) Биіктеу адам. С) Малды ауыл.

 Д) Сыпайы бала. Е) Кішкене төбешік.

 18. Дара сөзді көрсет.

 А) Өнеркәсіп. В) Ер-тұрман. С) Қарасу. Д) Өнімділік. Е) Үлкен-кіші.

 19.Сөз түрлендіруші жұрнағы бар сөзді тап.

 А) Қызғылт. В) Көрме. С) Үрле. Д) Күлкілі. Е) Бағала.

 20. Сырттай қарағанда сөз тіркесіне ұқсас сөздер тобының қатарын көрсет.

 А) Сәнді киім. В) Келе жатыр. С) Қызу еңбек. Д) Кеше келді. Е) Ақ ешкі.

 21. Күшейткіш үстеуі бар сөйлемді көрсет.

 А) Аққасқаны Қасен мен Бейсенбай зорға айырып алды.

 В) Аққасқа көлденең келіп, Көксеректі құлақ шекеден ала түсті.

 С) Шарасыздан айтқанға келісті.

 Д) Жаздыгүнгідей емес, ауыл үйлері біріне-бірі әдейі жақын қонған.

 Е) Ауыл реңі мүлдем жүдеу еді.

 22. Сөйлемде кездесетін оқшау сөздің түрлерін көрсет.

 Ей, сен, жаңылмасам, біздің қақпанға талай кездескен кәрі қасқыр көрінесің.

 А) Тек қана қыстырма сөз. В) Қаратпа сөз, жалғау.

 С) Одағай сөз, қаратпа сөз. Д) Қаратпа, қыстырма. Е) Қаратпа, шылау.

 23. Еліктеудің қай түрі, анықта.

 Біреу оқыс жөтеліп қалса-ақ, ала қашатындай елең-елең етіп, ойнақшып келеді.

 А) Дыбыстық. В) Туынды еліктеуіш. С) Дара бейнелеуіш.

 Д) Негізгі еліктеуіш. Е) Күрделі бейнелеуіш.

 24. Қай сөз жіктелмейтінін көрсет.

 А) Көз. В) Келгем. С) Студент. Д) Жазды. Е) Сезімтал.

 25. Есім сөзден жұрнақ арқылы жасалып тұрған туынды сөзді көрсет.

 А) Төзім. В) Үлкен. С) Шашпа. Д) Шолақтау. Е) Денелі.

 26. Бірігу арқылы жасалған жұлдыз аттарын көрсет.

 А) Мырзашөл, қосаяқ. В) Атауыз, Алакөл. С) Қаражорға, Есекқырған.

 Д) Жетіқарақшы, ұлтабар. Е) Ақбозат, Темірқазық.

 27. Мақсат үстеулі тіркесті көрсет.

 А) Бірден сөйледі. В) Әдейілеп келді. С) Төмен түсті.

 Д) Ертең барады. Е) Босқа әуре болма.

 28. Барыс септіктің көнеленуінен қалыптасқан үстеуді көрсет.

 А) Жаздың. В) Зорға. С) Қолма-қол. Д) Біледі. Е) Әрең.

 29. Нақ осы шақтағы етістікті тап.

 А) Бізге жиі келіп тұрады.

 В) Үнемі сөйлесіп тұрамыз.

 С) Кітап оқып отыр.

 Д) Біз мұнда жиі келеміз.

 Е) Кітап оқып отырады.

 30. Қыстырма сөзге байланысты қойылып тұрған тыныс белгісін тап.

 А) Менің бұлай ашық, мойындап – отырғаныма кейбір бала, қайран.

 В) Менің бұлай ашық, мойындап отырғаныма, байқаймынкейбір бала қайран.

 С) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма – байқаймын -кейбір бала қайран.

 Д) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма, байқаймын, кейбір бала қайран.

 Е) Менің бұлай ашық мойындап отырғаныма байқаймын, кейбір бала қайран.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дара бастауыш неше сөзден тұратынын анықтаңыз.

 А) Екі сөзден

 В) Бес сөзден

 С) Бір сөзден

 D) Үш сөзден

 Е) Төрт сөзден

 Дұрыс жауап: С

 

 Күрделі баяндауышты табыңыз.

 Сен бүгін кітапханаға барып кел.

 А) Сен.

 В) Бүгін.

 С) Кітапханаға.

 D) Кел.

 Е) Барып кел.

 Дұрыс жауап: Е

 Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылатын сөйлемді анықтаңыз.

 A) Кітап алды.

 B) Жақсы ісімен жақсы.

 C) Семей полигоны жабылды.

 D) Адамға зор денсаулық керек.

 E) Бұл үлкен жетістікке жеткізеді.

 Дұрыс жауап: В

 

 Сөйлем мүшелерінің саны қанша екенін анықтаңыз.

 A) 6.

 B) 4.

 C) 5.

 D) 2.

 E) 3.

 Дұрыс жауап: С

 

 Заттың меншіктілігін, ретін, түрін, түсін, сапасын білдіретін сөйлем мүшесін көрсетіңіз.

 A) Бастауыш.

 B) Бастауыш.

 C) Толықтауыш.

 D) Пысықтауыш.

 E) Анықтауыш.

 Дұрыс жауап: Е

 

 Не? сұрағына жауап беретін сөзді көрсетіңіз.

 A) Каз.

 B) Баланың.

 C) Әке-шешесіне.

 D) Үйді.

 E) Қаладан.

 Дұрыс жауап: A

 

 Асты сызылған сөздің сұрағын анықтаңыз.

 Ақшалар – өз елінің тарихынан, мәдениетінен хабар береді.

 A) Несі?

 B) Қашан?

 C) Несінен?

 D) Кімге?

 E) Не істеді?

 Дұрыс жауап: C

 

 Жасалған іс-әрекетті, қимылды, білдіретін сөзді көрсетіңіз.

 A) Ашық.

 B) Әдемі.

 C) Жазып отыр.

 D) Көшеде.

 E) Менде.

 Дұрыс жауап: C

 

 Асты сызылған сөздің сұрағын анықтаңыз.

 Біз отаншыл болуымыз керек.

 A) Қашан?

 B) Кім?

 C) Кімде?

 D) Қандай?

 E) Қай?

 Дұрыс жауап: D

 

 Дұрыс құрастырылған сөйлемді анықтаңыз.

 A) Мен келдім кеше таңертең Астанадан.

 B) Келдім кеше таңертең Астанадан мен.

 C) Астанадан келдім таңертең мен кеше.

 D) Кеше Астанадан келдім таңертең кеше.

 E) Мен кеше таңертең Астанадан келдім.

 Дұрыс жауап: E

 

 Сөйлемді аяқтайтын баяндауышты белгілеңіз.

 Адамның бәрі ең жоғары мұратқа ....

 A) Дайында.

 B) Ұмтылады.

 C) Байланысты.

 D) Жету.

 E) Көреміз.

 Дұрыс жауап: B

 

 Күрделі бастауышты көрсетіңіз.

 A) Астана қаласы – Қазақстанның бас қаласы.

 B) Жаңбыр құйып кетті.

 C) Өтеген он төрт жаста.

 D) Оқушылар мектептен қайтты.

 E) Күн жылынды.

 Дұрыс жауап: A

 

 Дара бастауышы бар сөйлемді анықтаңыз.

 A) Үй іші ұзақ жым-жырт болды.

 B) Менің айтып отырғаным – ақыл.

 C) Астанада жаңа елшілік ашылды.

 D) Қазақ халқы табиғатынан шешен халық.

 E) Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығында орналасқан.

 Дұрыс жауап: C

 

 Дара баяндауышы бар сөйлемді белгілеңіз.

 A) Машина баяу жүріп келе жатыр.

 B) Ол барлық сыныпты тазалады.

 C) Ол сурет өнерін жақсы көретін адам еді.

 D) Келе жатқан үшеу екен.

 E) Біздің сыныптағы оқу озаттары он бір.

 Дұрыс жауап: B

 

 

 

 

 

 

 

 


1. Дара бастауыш неше сөзден тұратынын анықтаңыз.

 А) Екі сөзден

 В) Бес сөзден

 С) Бір сөзден

 D) Үш сөзден

 Е) Төрт сөзден

2. Күрделі баяндауышты табыңыз.

 Сен бүгін кітапханаға барып кел.

 А) Сен.

 В) Бүгін.

 С) Кітапханаға.

 D) Кел.

 Е) Барып кел.

3.Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылатын сөйлемді анықтаңыз.

 A) Кітап алды.

 B) Жақсы ісімен жақсы.

 C) Семей полигоны жабылды.

 D) Адамға зор денсаулық керек.

 E) Бұл үлкен жетістікке жеткізеді.

4. Сөйлем мүшелерінің саны қанша екенін анықтаңыз.

 A) 6.

 B) 4.

 C) 5.

 D) 2.

 E) 3.

 5.Заттың меншіктілігін, ретін, түрін, түсін, сапасын білдіретін сөйлем мүшесін көрсетіңіз.

 A) Бастауыш.

 B) Бастауыш.

 C) Толықтауыш.

 D) Пысықтауыш.

 E) Анықтауыш.

  6.Не? сұрағына жауап беретін сөзді көрсетіңіз.

 A) Каз.

 B) Баланың.

 C) Әке-шешесіне.

 D) Үйді.

 E) Қаладан.

7.Асты сызылған сөздің сұрағын анықтаңыз.

 Ақшалар – өз елінің тарихынан, мәдениетінен хабар береді.

 A) Несі?

 B) Қашан?

 C) Несінен?

 D) Кімге?

 E) Не істеді?

  8.Жасалған іс-әрекетті, қимылды, білдіретін сөзді көрсетіңіз.

 A) Ашық.

 B) Әдемі.

 C) Жазып отыр.

 D) Көшеде.

 E) Менде.

9. Асты сызылған сөздің сұрағын анықтаңыз.

 Біз отаншыл болуымыз керек.

 A) Қашан?

 B) Кім?

 C) Кімде?

 D) Қандай?

 E) Қай?

 10.Дұрыс құрастырылған сөйлемді анықтаңыз.

 A) Мен келдім кеше таңертең Астанадан.

 B) Келдім кеше таңертең Астанадан мен.

 C) Астанадан келдім таңертең мен кеше.

 D) Кеше Астанадан келдім таңертең кеше.

 E) Мен кеше таңертең Астанадан келдім.

11.Сөйлемді аяқтайтын баяндауышты белгілеңіз.

 Адамның бәрі ең жоғары мұратқа ....

 A) Дайында.

 B) Ұмтылады.

 C) Байланысты.

 D) Жету.

 E) Көреміз.

12. Күрделі бастауышты көрсетіңіз.

 A) Астана қаласы – Қазақстанның бас қаласы.

 B) Жаңбыр құйып кетті.

 C) Өтеген он төрт жаста.

 D) Оқушылар мектептен қайтты.

 E) Күн жылынды.

 13. Дара бастауышы бар сөйлемді анықтаңыз.

 A) Үй іші ұзақ жым-жырт болды.

 B) Менің айтып отырғаным – ақыл.

 C) Астанада жаңа елшілік ашылды.

 D) Қазақ халқы табиғатынан шешен халық.

 E) Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығында орналасқан.

 14.Дара баяндауышы бар сөйлемді белгілеңіз.

 A) Машина баяу жүріп келе жатыр.

 B) Ол барлық сыныпты тазалады.

 C) Ол сурет өнерін жақсы көретін адам еді.

 D) Келе жатқан үшеу екен.

 E) Біздің сыныптағы оқу озаттары он бір.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Иллюстрация"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Ертегілер мазмұнына иллюстрация

Сабақтың мақсаты:

a) білімділігі: Оқушыларды ертегілер мазмұнымен таныстыру, мазмұны арқылы сурет салуға үйрету. Жеке тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастыру, балалардың бейнелеу қабілетін шыңдау.

ә) дамытушылығы: Ертегілер әлемі туралы танымын кеңейту. іздену, зерттеу қабілеттерін дамыту.Ертегі мазмұнымен қызықтыру нәтижесінде оқушылардың қызығушылығын арттыру, олардың бойында шығармашылық ізденіс қалыптастыру, көркемдік талғамын, шығармашылық қиялын, ойлау кеңістігін дамыту.

б) тәрбиелігі: Ертегілердің негізгі идеясы мен тәрбиелік мәніне арқау болған ұлтымыздың асыл қасиеттерін сіңіру. Оқушылардың ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін молайту, белсенділіктерін шыңдау.

Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, түсіндіру, сұрақ-жауап, ассоциация, ауызша көрнекті және жартылай іздемпаздық

Сабақтың түрі: топпен және жеке сайыс сабақ.

Сабақтың көрнектілігі, техникалық құрал жабдықтары: интерактивті тақта, компьютер, көрнекі бейнелеу құралдары, дыбыстық слайд фильмдер, шырша ойыншықтары, шыршалар, қиылған ертегі кейіпкерлері

Күтілетін нәтиже: Сабақ барысында оқушылар ынталарын мен қызығушылықтырын қалыптастыру, өз бетінше бейнелеу іскерлігін меңгеру, сурет салуына, танымдық-шығармашылық белсенділігіне әсер ету арқылы әр оқушы танып-білуге және шығармашылыққа қажетті затты санасына жеткізу. Өз беттерімен үйлестіруге, еске сақтап сурет салуға, сурет тақырыбына байланысты образдарды тұрғызуға, қимыл қозғалыстарды бейнелеуге, заттардың түр-түсін беруге бейімдеу.

Сабақтың барысы:

Сабақ 4 кезеңнен тұрады:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Ертегілер еліне саяхат

3. Бағалау кезеңі

4. Үйге тапсырма беру

1. Ұйымдастыру кезеңі бойынша оқушылардың сабаққа қатысымен түгелдеу, құрал-жабдықтарын қадағалау, топқа бөлу, сабақ барысымен, бағалау тәсілдерімен таныстыру.

Бірінші топты «Таусоғар», екінші топты «Мерген» деп атаймыз және топтар фамилия реттілігі бойынша бөлінеді.

Оқушылар «шырша безендіру» тәсілімен бағаланады. Слайдқа топтағы бала сандарына сәйкес бұтақтары бар екі топтың шырша суреті ілінеді және әр бұтақтың ұшына фамилия реттілігімен әр оқушының нөмірлері қойылады. Оқушылар сабақтың бүкіл кезеңдері бойынша тапсырмалар орындау арқылы шырша ойыншықтарын жинайды. 5-6 шырша ойыншығын жинақтаған оқушыға «5» деген балаға қойылады, 3-4 ойыншық жинаған оқушыға «4» деген баға қойылады, 1-2 ойыншық жинаған балаға «»3» деген баға қойылады.

Слайдтан «Ертегі әлемінде» әні беріледі:

Ғажайып түс көрдім.

Таң ата мен бүгін,

Ертегі әлемінің, қызығында жүрдім.

Нұрына шомылдым бүгін,

Жұлдыз айы көркем,

Әдемі еді неткен, құстар сөйлейді,

Бұлттары билейді...

Мұғалім: Бұл өлеңде ертегі әлеміндегі ғажайып көріністер елес береді. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да «Ертегі әлеміне саяхат» деп аталады.

Демекші бізді әрқашан алыс жолдарға жетелейді. Есімізге түсірейікші ертегі қалай басталады.

Бар екен де, жоқ екен,

Ерте ерте ертеде

Ешкілері бөрте екен,

Қырғауылы қызыл екен,

Құйрықтары ұзын екен...

Иллюстрация, суреттер көрсету, қандай ертегілер екенін еске түсіру.

«Алтын балық», «Қожанасыр», «Мақта қыз бен мысық» ертегілерінен үзінділер оқу.

Интерактивті тақтаның көмегімен ертегілер иллюстрациясын тамашалау.

2. Ертегілер еліне саяхат

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 413 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.05.2015 1945
    • DOCX 38.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Талипова Гульвира Ермантаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Талипова Гульвира Ермантаевна
    Талипова Гульвира Ермантаевна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 40471
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 123 человека из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Практика гештальт-терапии: техники и инструменты

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 311 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 63 человека

Мини-курс

Культурное наследие России: язык и фольклор

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Психология семейных отношений: понимание, следствия и решения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 18 человек