Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Қылмыс және жасөспірім тақырыбында тәрбие сағаты
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Қылмыс және жасөспірім тақырыбында тәрбие сағаты

библиотека
материалов



17 жалпы орта білім беретін мектеп













Тәрбие сағаты

«Қылмыс және жасөспірім»

10-сынып







Өткізген: Омарова А.С.









2014-2015 оқу жылы

Өткізілген уақыты: 6. 09. 2014

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қылмыс және жасөспірім»

Тәрбие сағатының мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қылмыстық істердің адам өміріне тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары туралы түсіндіру.

Дамытушылық: Ой-өрісін, ойлау қабілетін шығармашылыққа дамыту.

Тәрбиелілік: Қоғамға жат мінез-қылықтардан сақтандыру. Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына тәрбиелеу.

Барысы: «Өз бақытың өз қолыңда» «Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі қылмыстың алдын-алу әлдеқайда жақсы» деген пікір бар.

Көрнекілігі: слайд, суреттер.

Тәрбие сағатының жүру барысы:

І. Оқушыларға слайд арқылы жасөспірім қылмыстарының шығуы және алдын алуы туралы мағұлмат беру

ІІ . Ситуациялық сұрақтар

І. «Қылмыс және жасөспірім» тақырыбы бүгінгі күні маңызды болып саналады, өкінішке орай кейбір жасөспірімдер құқықбұзушылықтың арты неге әкеліп соғатынына аса мән бере қоймайды. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болатын болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімді жаңа рухта, жаңа көзқараста тәрбиелеуден айқын көрінеді.

Сондықтан алдымен қылмыс дегеніміз не мағынасын ашып алсақ. Қылмыс –Қазақстан Республикасының қылмыстық заңына сәйкес,  жазалау қатерімен тыйым салынған, қоғамға қауіпті әрекет .

Жасөспірімдердің қылмыстық әрекетке  баруына байланысты себеп не? Кім кінәлі? Қоршаған  орта ма? Әлде мектеп пе? Әлде жүре  түзеліп кетер деп  қылмыстық әрекеттер істеген баласының  әрекетіне  немқұрайлы  қарайтын  ата-ана ма? Осы сұрақтарға жауап ретінде жасөспірімдердің қылмыс жасауының себептеріне тоқталатын болсақ:

Қазіргі таңда зерттеушілер жасөспірімдердің қылмысқа баруының мынадай үш себебін ашып көрсетеді: Отбасылық жағдай, жасөспірімдердің уақытын тиімді пайдалана алмауы, тұрмыстық жағдай.

1. Жанұядағы тәрбие жұмыстарынан кеткен қателіктер, кемшіліктер, жинақталып келіп қоғамдық тәрбиедегі қателіктерімен байланысып, жасөспірімдердің тәртібін одан әрі шиленістіре береді. Жасөспірімнің қылмыс жасауын болдырмау үшiн қазақ отбасына тән өзiндiк ерекшелiктерiнiң маңызы зор: отбасы мүшелерi арасындағы iзгiлiк қатынастар; үлкенге деген құрмет; кiшiге деген iлтипат; жасөспірімнің тұлғалық дамуына олардың жас ерекшелiктерiне байланысты қатынас; әулеттегi жақсы дәстүрдi үлгi ету арқылы бала қасиетiн аша бiлу; күнделiктi тұрмыс-тiршiлiкке бейiмдеу және т.б. Балаға ең жақын адам ең бірінші ата-анасы екендігін естен шығармаған жөн.  Егер ата-анасы ұл-қызының бос уақытында немен шұғылданатынын, сабақ үлгерімін, мектепке барған, сабағынан қайтқан уақытын тексеріп, сабақ кестесін үнемі қадағалап, сынып жетекшісімен тығыз байланыста болса, баланың күн режимінен құлағдар болып отырар еді.

2. Бос уақытын тиімді пайдалана алмауынан ата-ана назарынан тыс қалған балалар. Балалардың соңғы кездері шекара дегенді білмейтін, жан-жақтан ағылып келіп жатқан, бала жүрегіне қатыгездік дәнін себу жағынан бірінен-бірі асып түсетін компьютерлік ойындарға, одан қалса, атыс-шабысқа толы, адамды қинау мен азаптап өлтірудің эпизодтарын қамтитын сорақы жанрдағы фильмдерге деген ықыласымен байланыстыруға болады. Адамның қоғамдық белсенділігі оқуға, спортқа, көркем өнерге деген қызығушылықтарын күннен-күнге арттырады. Ал осындай қоғамдық жұмыспен айналыспайтын жасөспірімдер қылмыстық істерге жақын жүреді. Қоғамнан, ондағы қайнаған қызу өмірден шеттеп қалу, қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмысқа баруының бірден-бір себебі болып табылады.
Қазіргі жастардың 90 % компьютер қолданады. Педагогикалық зерттеу бойынша ата-ана баланың интернетте немен айналысатынын білмейді. Компьютер ойындарының шырмауына түскен бала одан шығуы қиын.

3.Тұрмыстық жағдай. Яғни тұрмыстың ауыр зардабын көре отырып қылмыстық жолмен жеңіл ақша табуға әдеттенген балалар.

Соңғы уақытта республиканың барлық аймақтарында жасөспірімдер қылмысы қатты белең алып келеді. Еліміздегі орын алған әрбір бесінші қылмыс сол балалардың үлесіне тиеді екен. Өзіміздің облыс бойынша статистикалық деректерге тоқталсақ: Батыс Қазақстан облысында 2013 жылы жасөспірімдер қылмысы 5,3 пайызға (өткен жылғы 131-ден биыл 138-ге дейін) артып отыр. Орал қаласында (90-нан 97-ге), Бөкей ордасында (0-ден 5-ке), Ақжайық (2-ден 5-ке), Бөрлі (6-дан 7-ге), Жаңақала (1-ден 2-ге) және Тасқала (0-ден 1-ге) ауданында қылмыстың өскені байқалады. Қылмыс жасаған 177 жасөспірімнің 132-сі - мектеп және колледж оқушылары. Ішкі істер органдарында барлығы 708 бала есепте тұр. Облыс бойынша 332 қолайсыз отбасында 402 бала тәрбиеленуде. Биыл осындай 116 отбасы (126 бала) анықталып, есепке алынды. 2013 жылы балаларына дұрыс тәрбие бермеген үшін 156 ата-ана немесе оларды алмастыратын адамдар, түнгі уақытта жасөспірімдерді ойын-сауық орындарына жіберген 25, 21 жасқа толмағандарға спирттік ішімдік сатқаны үшін 32, темекі сатқан 8 тұлға әкімшілік жауапқа тартылды. Сонымен қатар 2205 «жасөспірім» әкімшілік жаза алды.

Қорытындылай келе кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар белең алып келеді, онымен күресу үшін мемлекеттік органдармен байланыс орнату керек. Жастар арасында патриоттық сезімін, мәдени құндылықтарды дамытып, тәрбиелеу керек. Сонымен қатар жастардың құқықтық сауаттылығын ашу керек.


ІІ. Ситуациялық сұрақтар:

1. Бір елдің емес, барлық әлемнің президенті болдыңыз делік, алдымен адамдардың қандай қылмысы үшін ең ауыр жаза белгілер едіңіз?

2. Сенің досың Мұрат өтірікті көп айтады. Ол ата-анасын да, ұстазын да, достарын да көп алдайды. Сен оған қандай ақыл-кеңес берер едің?

3. Сен бір сыныптасыңның ұрлық жасағанын көріп қалдың. Ол саған енді ұрлық жасамайтындығын айтып, ешкімді айтпауымды өтінді. Сен не істер едің?

4. Көшедегі көрініс:

Армат: Айболат бүгін Мараттың туған күні ғой, білесің бе?

Айболат: Ия, ия, жүр, ендеше солай қарай барайық.

Айболат: Кеттік, жолшыбай Бекжолға соға кетейік, ол да барар мүмкін.

Армат: Бекжол, біз туған күнге бара жатырмыз. Бізбен бірге жүрсеңші.

Бекжол: Жоқ, мен әуелі ата – анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.

Айболат: Ту, ата – анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң жібермей қалады.

Бекжол: Жоқ, балалар, мені жібермейді бара алмаймын. Бірнәрсеге душар болып қалармыз.

Армат: Онда өзің біл, ертең «көп қызықтан қалдым» -  деп өкініп жүр ме.?

Сұрақ: Балалар қандай қателік жіберді? Кімдікі дұрыс деп ойлайсыз?


5. Мақал-мәтелдің жалғасын тауып, түсінік беріңіз

Біреуге ор қазба …

Ұрлық түбі …

Қолыңмен істегенді …

Жақсыдан үйрен, жаманнан...

Автор
Дата добавления 22.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров3200
Номер материала ДВ-368845
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх