Инфоурок / ИЗО, МХК / Другие методич. материалы / Қималар туралы түсінік. Қиманың түрлері, орналасуы

Қималар туралы түсінік. Қиманың түрлері, орналасуы

библиотека
материалов

hello_html_mf80304c.gifhello_html_4f0a6c3d.gif

А.Құнанбаев атындағы № 6 жалпы орта білім беретін мектебі













АШЫҚ САБАҚ



Тақырыбы: Қималар туралы түсінік. Қиманың түрлері, орналасуы













Өткізген: сызу, технология пәндерінің мұғалімі: Уалиев М. С.










Арқалық қаласы 2013 оқу жылы


Тақырыбы: Қималар туралы түсінік.


Мақсаты: Қималар туралы түсінік беру. Заттың қималарын орындап, сызбаға орналастыруын үйрету.

Дамытушылық: Шығармашылық жұмысты іздену барысында білімдерін тереңдетіп, өз бетінше шешім қабылдауға, танымдық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Өзіндік және логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, эстетикалық әсемдікті тани білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Плакаттар, дидактикалық материалдар, макеттер


Сабақтың түрі: Жаңа сабақ


Құрал – жабдықтар: А4 пішініндегі сызу қағазы, қарындаш, сызғыш, шеңберсызар


Пәнаралық байланыс: Физика, геометрия, технология


Сабақтың құрылымы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Өткен сабақты тексеру

  3. Жаңа сабақ барысы

  4. Жаңа сабақты бекіту

  5. Сабақты қорытындылау

  6. Сабақты бағалау

  7. Үйге тапсырма

А. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру

2. Сызбаға қажетті құралдарды тексеру

3. Үй тапсырмасын жинап алу

В. Өткен сабақты тексеру

1. Заттың габариттік өлшемдерін ата?

2. Сызбадағы 2х450 өлшемі нені білдіреді?

3. Өлшем сызығы заттың контурынан қандай қашықтықта орналасады?

С. Жаңа сабақ барысы

Модельдерде көптеген әр қилы пішінді ойықтар, тесіктер болуы мүмкін. Олардың сызбада үзік сызықпен орындалған сұлбалары сызбаны күрделендіреді, оны оқуға, өлшемдер түсіруге, қиыншылық тудырады. Сондықтан тетікбөлшектің көрінбейтін бөліктерін кескіндеудің өзгеше мейлінше ыңғайлы әдісі қолданылады. Бұл әдіс қималармен тіліктер.

Қима – бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиылған нәрсенің кескіні.Қимда қиюшы жазықтық бетіне түскен нәрсенің тікелей бейнесі көрсетіледі.

Қиманы алу үшін:

- ойша қиюшы жазықтық жүргізу;

- жазықтықта алынған фигураны проекциялар жазықтығына параллель орналастыру;

- сызба өрісінің бос орнына алынған қиманы кескіндеп, әріппен белгілеу.

















Қиманы тұрғызу. Біліктің көлденең пішінін анықтау үшін, оны А,Б,В жазықтықтарымен ойша қиып өтеді. Нәтижесінде жазық фигуралар шығады.

- бірінші жазықтықта тетікбөлшектің өтпелі тесігі бар;

- екінші жазықтықта жұмыр жаны қиылған бөлшек пішіні анықталады;

- үшіншіде шпонкалық ойықтың көлденең пішіні көрсетілген.

Осы фигураларды сызбада тұрғызып, А-А,Б-Б,В-В қималарын аламыз. Олардың астын сызып, қиманың үстіңгі жағына А - А дегендей орналастырады. Қима мен тілікті орындау және белгілеу ережелері екеуіне бірдей. Қима сызығын бірдей альфавит әріптерімен белгілейді. Әріптерді нұсқағыштың сыртына


А деп жазады.Сызбада бірнеше қима болған жағдайда әріптер альфавиттік ретпен белгіленеді.

Қиманың екі түрі болады: Оңашаланған және қабаттасқан

Егер қима негізгі кескіннен бөлек орындалса, оңашаланған қима деп атайды. Егер қима фигурасын тікелей көріністегі нәрсенің үстіне орындалса, қабаттасқан қима деп аталады.

Оңашаланған қиманы орындау қолайлырақ, оларды бір көріністі үзіп, арасында көрсетуге де болады. Оңашаланған қиманың контурын тұтас негізгі сызықпен кескіндейді.
















D. Жаңа сабақты бекіту


  1. Қандай кескінді қима деп атайды?

  2. Сызбада қиманы не үшін қолданады?

  3. Сызбада орналасуына байланысты қималар қалай бөлінеді?


Е. Сабақты қорытындылау

F. Сабақты бағалау

G. Үйге тапсырма




Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-518027

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG