Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Имандылық инабаттылық айнасы (10-сынып)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Имандылық инабаттылық айнасы (10-сынып)




Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Шахта орта мектебі










Имандылық – инабаттылық айнасы

(тәрбие сағаты)

















10 «а» сынып жетекшісі: Самаргалиева Гүлбагида

2015 жыл





Тәрбие сағатының тақырыбы: Имандылық – инабаттылық


Тәрбие сағатының мақсаты:

1. Білімдік мақсаты:

Оқушылардың ораза туралы ойларын, түсініктерін кеңейту, тәрбиенің қоғамдағы маңыздылығы мен пайдасы туралы жаңалықтармен таныстыру


2. Дамытушылық мақсаты:

Оқушылардың мұсылман діні туралы білімдерін кеңейте отырып, ой-өрісін, қиялын, қызығушылығын, белсенділігін, құштарлығын, яғни адами қасиеттерін қалыптастыру, ана тілін сүюге, ата салтын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі-өнеге алуға тәрбиелеу.


3.Тәрбиелік мақсаты:

Оқушыларды имандылыққа, инабаттылыққа, адамгершілікке, адалдыққа, ептілікке, еңбекқорлыққа, достыққа, ерлікке, ізденімпаздыққа, іскерлікке, шеберлікке, ұқыптылыққа, талаптануға, дәлдікке ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу. Сенім мен төзім, тазалық туралы бала зердесіне ғибарат ету. Бес парыз туралы тереңірек мағлұматтар бере отырып, мұсылман дінінің тазалығын, ерешеліктерін түсіндіру. Пайғамбарымыз жайлы айту.


Мұғалім сөзі:

Имандылық – инабаттылық мұраты. Имандылық – араб тіліндегі нану, сену деген мағынадағы иман сөзінен шыққан. Ислам дініндегі бес парыздың бірі. Оның мәнісі – Алланың біреу екеніне, одан басқа Алланың жоқтығына сену. Әдетте, ол дін жолынан қия баспауды, ар-ождан тазалығын, обал-сауап талаптарын сақтауды, қылдай қиянат жасамауды, қайырымдылықты, адалдықты жинақты түрде көрсететін адамгершілік ұғым атауы болып табылады. Иман – дегеніміз сенім. Имансыз сөзі – сенімі жоқ дегенді білдіріп, мұсылмандарда соның ішінде біздің түбі бір, діні бір бауырлас халықтарымызда ар-ұяттан ада, азғын мағынасын береді. Шынында да, еш нәрсеге сенбейтін, яғни сыйынбайтын, ешбір шарапаттылықты, ізгілікті мойындамайтын адамнан асқан азғын, қауіпті нәрсе бола ма? Адамға керегі ішіп, жеу ғана емес. Бір нәрсеге сеніп, сыйынып өмір сүру оныңтабиғатына тән. Ол солай жаратылған. Адам қарулы, қайратты да құдіретті, сонымен қатар әлсіз, уайымшыл. Өйткені оны өзінің құдіретті санасы қинайды, алда не болатынын ойлауға мәжбүр етеді. Сол кезде ол өз әлсіздігін, шарасыздығын сыйынумен, сенім-иланыммен толықтырады. Сеніммен күн кешу адамға жеңіл болады. Сондықтан адамдардың сеніміне нұқсан келтіру – үлкен әдепсіздік. Адам мен адамның арасында пікірталас, айтыс-тартыстың болуы мүмкін, алайда оның сеніміне тиісу жарамайды. Діни иланым адамдардың ғұмырын жеңілдететіні, мінез-құлтын жұмсартып, мейірбандылығын арттыратыны, бірлігін бекемдеп, әдептілікті орнықтыратыны даусыз. Демек, адамға мұндай сенім керек. Діннің өзекті қағидалары: нысап, нәпсіні тыю, қайырымдылық, ғайбат сөз айтпау, кісіге қиянат жасамау, жоқ-жітік, кемтарларға садақа беру, ұрлық-қарлық жасамау, алдап-арбап, өтірік айтпау, ата-ананы ардақтау, жетім-жесірлерді налытпау, күш көрсетпеу т.б. адамдардың тату, бейбіт қоғамдасып өмір сүруінің мызғымас негізін қалайды, мұны адамзат қоғамының тарихы айқын дәлелдеді. Қоғамның көркеюіне, ғылымның заңдылығына, білім мен нақты өмір шындығына негізделген сенім адамдардың қолғанат көмекшісіне айналып, дем береді.

Ислам діні Арабияда алғаш рет дүниеге келді. Оның негізін салушы Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбар. Өзін мұсылман санайтын адам баласы төмендегідей бес парызды ұстануы қажет.

  1. Алланың бірлігіне және Мұхаммедтің оның елшісі екендігін мойындау.

  2. Дәрет алып, күніне бес уақыт намаз оқу.

  3. Зекет беру.

  4. Рамазан айында ораза ұстау.

  5. Меккеге қажылыққа бару.

Құран кітапты дәрет алып, қолға алғанда «Бисмиллаһир- рахманир- рахим» деп ұстау керек. Құранда 666 аят бар. Құран кітапта жазылған аяттар адамды мұсылмандық жолға бастайды. Пайғамбарымыз мұсылмандық жолға бастайды.

Мұхаммед (с.ғ.с) 570 жылы Меккеде дүниеге келген. Оның әкесі Абдулла, атасы Әбдүлмүтәліп, түптеп келгенде Ибраһим мен Исмайыл пайғамбарлардың тікелей ұрпағы. Әкесі болашақ пайғамбар дүниеге келмей тұрып қайтыс болған. Ал анасы Әмина Мұхаммед 6 жасқа келгенде қайтыс болады. Сондықтан Мұхаммедтің тәрбиесі атасы мен ағасының мойнында болады. Бала жастайынан адал, әрі тәрбиелі болғандықтан, жұрт оны «Әл-әмин» деп атап кетті. Мұхаммед пайғамбар 23 жыл пайғамбарлық діни жолда Құран Кәрімнің аяттары мен сүрелерін адамзатқа жеткізумен болды. 63 жасында көз жұмды. Денесін Мәдинадағы өз үйіне жерлейді. Содан бері Құранның бір сөзі де өзгертілген жоқ.

Халқымыз жан-жақты адамды «сегіз қырлы, бір сырлы» дейді. Адамның сегіз қырының бірі- оның ақыл, имандылығы. Иманды, білімі мол, ата салтын, дінін, тілін білген адамның көкірегі ояу болад, жаман мен жақсыны айыра біледі.


1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті көпшілік қауым!

2-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!

1-жүргізуші: Аса қамқор, мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау – бүкіл әлемді жаратушы Аллаға лайықты! Алла Тағала бүкіл әлемді құрмет пен нұрға бөлеген, бүкіл адамзат баласының бұлжытпай орындайтын ұлы әмірі ретінде қасиетті Құран Кәрімді Рамазан айында түсірген.

2-жүргізуші: Егеменді еліміздің ертеңі болашақ ұрпақ қолында. Болашақ ұрпақты имандылық тәрбиеге баули отырып, халық дәстүрін жүрегіне ұялатып, санасына құю – бүгінгі білім мен тәрбиенің басты міндеті. Қазіргі кезде ата-анасын қарттар үйіне өткізген бала, балаларын тірі жетім етіп жүрген алаяқтар, маскүнем ұрылардың көбеюі, біздің ұлттық тәрбиемізге сын. Сондықтан мектепте имандылық тәрбиесінің берілуі оқушылар бойына ізгі қасиеттерді сіңіру үшін, өзін мұсылман деп тануға ұлтының озық дәстүрін, әдет-ғұрпын ұғынуға, ұлтжанды азамат болып өсіп жетілуіне игі әсер етеді деп сенеміз!

1-жүргізуші: Ән «Анаға сәлем». Орындайтын Жанар.


1-Нұршат:

Я, Алла!

Адамдарға қас қылма!

Сорлы қылма көк аспанның астында!

Я, Алла!

Жауыздықтан сақтай гөр,

Жамандыққа, жауыздыққа бастырма.

М.Мақатаев.


2-Жасұлан:

Дін – ғылымның анасы,

Дін – ғылымның әкесі.

Ғылым – діннің баласы,

Дін – ғылымның көкесі.


3-Ақтілек:

Дін – белгілі заңдылықтардың жүйесі. Оны қоғамның әрбір мүшесі орындауға міндетті. Ол ақыл, білім, мінез-құлық, адамгершілік, имандылық, бейбітшілік діні. Мұсылман дінінң заңдылықтары – шариғат бойынша өмірге келген мұсылман адам оқып –білуге міндетті. Оқымаса, білмесе, ол Алла Тағаланың әмірін орындамағаны.


4-Диас:

Хадис – Мұхаммед Пайғамбардың даналық сөздерінің жиынтығы. Құран Кәрімнен кейінгі ең қастерлі кітап. Онда мұсылмандардың имандылық, инабаттылық, адамгершілік ережелері жинақталған.


5-Әсел:

Хадистер сөйлейді:

  1. Ұят – иманды.

  2. Ұят жанды жақсылық келтіреді.

  3. Кімде –кім жүрегін иман үшін, шындық үшін ұстаса, өзін салиқалы ұстап, көп тыңдап аз сөйлесе, ол иманды адам. Біреуге зиян келтірме, өзіңе біреудің залал жасауына жол берме. Аш адамға тамақ беріңдер. Аурудан хал сұраңдар. Қарызға батқан адамға көмек беріңдер.


6-Нұрзат:

Мұсылманның 5 құқы бар:

  1. Сәлем беру мен алу.

  2. Шақырса бару.

  3. Ақыл –кеңес сұраса бару.

  4. Ауырса көңіл сұрау.

  5. Қайтыс болса, жаназасына қатысу.


7-Эльмира:

Апатқа апаратын 7 күнәдан аулақ болу:

  1. Құдайдың құдіретіне шек келтіру.

  2. Алдап –арбаумен шұғылдану.

  3. Біреуді нақақ өлтіру.

  4. Пайдакүнемдік.

  5. Жетімнің ақысын жеу.

  6. Адал адамға жала жабу.

  7. Отан қорғаудан қашпау керек.


8-Берекет:

Үш түрлі нәрсеге иманың кәміл болсын:

  • Садақа бергеннен ырысың ортаймайды.

  • Ақ адал малдың қамын біле сабыр сақта.

  • Тіршілікпен мал табуға кіріссең,

Тәңірдің сыны – биіктілік көрсетпе.

Имандылық жаршысы – сабырлылық, кеңпейілділік.


2-жүргізуші: Көп жыл бұрын намаз оқыған мұсылмандарды діншіл, ұлтшыл деп қудалауға ұшыратқан Кеңестік саясат халқымызды дінінен біраз алшақтатып жіберген еді. Қудалауға ұшыраған тіліміз де, дініміз де қайта оралып, ұрпақ тәрбиесіне қызмет атқарып отырған да еліміздің тәуелсіздігінің жемісі болмақ.

1-жүргізуші: Сонымен қатар, оқушыларымыз мұсылман діні туралы тағы қандай ұғымдарды біледі екен, соған кезек берейік.


9-Пәкизат:

Мұсылман дінінң негізін салған Мұхаммед пайғамбар. Ұлты араб. Меккеде туған. Мұхаммед ойдан шығарылған емес, тарихи тұлға. Оны тарихта Мұхаммед пайғамбар деп атайды.


10-Абай:

Ислам дінін ұстанатындарды мұсылман деп атайды.


11-Альбина:

Мұсылман дінін ұстанатындардың негізгі қасиетті күні – жұма.


12-Гүлдана:

Ораза ұстаған адам өзін-өзі тәртіпке шақырып, жаман істерден тыйылады. Мұсылмандыққа жат қылықтардан өтірік, өсек айту, дау-жанжалдан, біреу туралы жаман ойлардан, дауыс көтеріп ұрысудан аулақ болуға тырысады. Адамдарға кешірімді болуға, мейірімді болуға, басқа ораза ұстаушыларға қамқорлық көрсетуге ниет етеді.


13-Сәркен:

Мұсылмандардың қасиетті үйі – мешіт. Мешіт – өтірік айтылмайтын, ақиқат пен шындық жолын тұтынған ең таза пәк жер.


14-Нұрсұлтан Б:

Мұсылман дінінің қасиетті кітабы – Құран. Мұнда мұсылман баласының қалай өмір сүруі керектігі жайлы жазылған шарттары бар.


15-Кристина:

Ораза айында әр отбасы жан басына белгіленген мөлшерде пітір садақа береді. Бұл – осы Рамазан айына аман есен жеткеніміз үшін берілетін құдайы садақа. Мұнда мұсылман қауымы дүниеқоңыздықтан аулақ болуға үйренеді. Адамдарды тату өмір сүруге баулиды. Пітір садақаны ауру-сырқаулы жетім, мүсәпір адамдарға беруге болады.


16-Нұрсұлтан Б:

Аллаға шын иланған адам оның ұлықтығын таниды, айбынынан қаймығады. Алла Тағала қалаған адамның несібесін кеңейтеді және тарылтады. Қасиетті Рамазан айында күнәдан тазару және ел-жұртымыз, отбасымыз үшін жақсы тілек, ниетпен ораза ұстаймыз. Ауызы берік мұсылман адам белгілі бір уақытта тамақтануға дағдыланады, асқазанын күшейтіп, денсаулығын жақсартады. Тазалыққа көп мән береді.


17-Жанар:

Аллаға сенудың пендеге берері көп. Тіршілікте дұрыс, түзу жол табу – иман мен жақсы істердің нәтижесі. Иман – адам бойында қанағат, қайсарлылық пен сабырлылық ұстамдылық сияқты қасиеттерді қалыптастырады.


18-Мейірбек:

Шариғат бойынша адам қылмыс жасамауы, жаман сөз, өтірік айтпауы керек. «Менде ғана болсын» деген өзімділікке, біреуге қиянат , зорлық жасау діннен безген, діннен қорықпағандардың ісі, ондай адам күнаһар болып есептеледі.


19-Қарашаш:

Ауыз бекіткендерді «ауызашарға» шақырып, дәм беру үлкен сауап болады. Оларға қамқорлық көрсету керек. Ораза ұстаудың күндіз тамақ ішпеуден басқа шарттары да мол.


1-жүргізуші:

Жүректерді толтырып ап тәтті арманға,

Әнменен бір болыңыз шаттанғанда.

Оқушылардың өнеріне зер салыңыз,

Үшінші мыңжылдыққа аттанғанда.

2-жүргізуші:

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғылымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп,

Айтпа ғылым сүйсеңіз,- деп Абай атамыз айтқандай Шәкәрім Құдайбергенұлының дін туралы пікірлеріне көңіл аударайық:


20-Эльмира:

Көзге сеніп, онға сенбей,

Жаны жоқ деп қаңғырып.

Адасып жүр ақты көрмей,

Көңілі соқыр көп надан.

Ана сансыз кереметті,

Кім жаратса, Тәңірі сол!

Десе нетті, қойса бітті,

Ақиқатқа жайнаған,

Шала дін, қате пәннің,

Сөзіне ерме, маған ер.

Міне жаның, міне Тәңірі,

Міне дінің, міне иман.


21-Нұршат:

Тәңіріні іздеп бір мұңғыл,

Тас суретке шоқынса,

Өлсе де соған құл,

Иманын бұзбай отырса,

Атақ пайда іздемей,

Ойында мақтан жоқ болса,

Қиянатты көздемей,

Қанағатқа жоқ болса,

Құдайың мен дүниеге,

Кезекпе-кезек шоқынса,

Инедей пайда тие ме?

Мешітте мың жыл отырсаң.

Кімде болса шын мінез,

Болмас онда екі сөз.

Өлтірсе де көзбе –көз,

Иманын сатып алмас бөз.

Иман да сол, дін де сол

Адаспайтын айқын жол,

Күнде мейлің ыза бол.

Бейіске анық кіреді ол,

Мысал емес шындығым,

Әлгі мұңғыл – әулие.

Иман сатқан жындының,

Іздегені дүние.


22-Ақтілек:

Қасиетті баламын,

Жаныңды билеп аламыз.

Денеңді отқа саламын,

Жалыны шықсын гу де гу.

Байлаймын да көзіңді,

Патша қылам өзіңді.

Ұғып отыр сөзімді.

Ел билетем жеті ру,

Ешкімге зиян тигізбей.

Кәріптің көңілін күйгізбей,

Сайтанға беттен сүйгізбей,

Жүрегіңді нұрмен жу.

Мақтанды алма ойыңа,

Кек сақтама бойыңа,

Барма дүние тойына.

Ойнаса да у да шу,

Егер мұны қылмасаң,

Айтқаныма тұрмасаң,

Өз нәпсіңді бұлдасаң,

Саған арам сөз ұғу.


23-Альбина:

Өлімнің хақ екенін көрсең де,

Өлместей омыраулап жатасың.

Тозақтың барын біліп жүрсең де,

Күнәға әлің келсе батасың.

Сауап көп ғибадатқа десең де,

Жалығып, жалқауланып жатасың,

Адалдық, адал ырызығың жесең де,

Арамды әдейі іздеп татасың.

Сыртыңды сыланасың өң беріп,

Ішіңмен түзетпейсің қатесін.

Айламен алдағанды жөн көріп,

Адамды аң орнына атасың.

Жалғанның бір пайдасын көргенде,

Арланбай арыңды да сатасың.

Алланың ақ өлімі келгенде,

Амалсыз қара тас боп қатасың.


24-Гүлдана:

Шошыма достым сөзімнен,

Сөз – құдайдан шыққан бу.

Ұқпасаң көр өзіңнен,

Жұтқызайын нұрлы су.

Ішіп алып, мас болып,

Мал мақтанса, қас болып,

Нәрестедей жас болып,

Қайта жарал, қайта ту.


25-Абылай:

Үмітпенен жол қуған,

Талабы алда баламыз.

Басқалар жолын тапқанда,

Біздер қайтып қаламыз.


26-Диас:

Тәуекелге бел бусақ,

Нені болса аламыз.

Жеткізбей кетер жүйрік жоқ,

Алынбасты аламыз.


27-Ғанибек:

Ниетіңді бер, бірігіп,

Жол салайық адаспай.

Мұсылмандық адал жол,

Бірігейік, мәңгі бірге жолдастай.


Слайдтағы исламдық діни терминдерді түсіндіру:

Ислам – бейбітшілік, бас июшілік, бағынушылық
Сопы – көңілі таза адам
Пір – қарт, қария кісі
Халифа – өкіл, орынбасар
Үмбет – мұсылмандар
Сүннет – жол, саят
Таухид – иман келтірудің бір шарты
Әулие – берілгендер, достар, киелі жандар
Инша Алла – алла қаласа
Машалла – алланың қалағаны
Мүбарак – құт, береке
Ғұсыл - жуыну


Оқушыларға сөзжұмбақтарды шешкізу.

1 сөзжұмбақ.

1. 30 күн тамақ ішпейтін күн. (ораза)

2. Балалардың топталып әр үйге айтатын әні? (жарапазан)

3. Бес мезгіл оқитын мұсылманның парызы? (намаз)


2 сөзжұмбақ.

1. Мұсылманның қаржы жетіп, денсаулығы жараса атқаратын парызы? (қажылық)

2. Пайғамбарымыз кім? (Мұхаммед)

3. Ораза тұту қай айда? (Рамазан)

4. Бізді билеуші иеміз кім? (Алла)

5. Рамазан айында мешітке өткізілетін, жарлыларға берілетін төлем? (пітір)

6. Намазға шақыру рәсімі? (Азан)

Схемаға қарайық:

hello_html_m11c821c.jpg


1-жүргізуші: Әдеп, адамдық, имандылық амандасудан басталады. Адам баласының рухани тарихында қол жеткен зор игілігі – сәлемдесу. Оның шарапаты мен кереметі көп. Сондықтан сәлемдесу имандылық нышаны ретінде қабылданған.

2-жүргізуші: «Нысап – діннің жаршысы» деген сөз бар. Өйткені нысаптылық құдайға қарағандық. Нысап – әдептіліктің басты нышаны. Ол әділдікті, турашылдықты өзінің және басқалардың алдындағы шыншылдықты, өзге адамдардың да құқын мойындау мен құрметтеуді қамтиды.

1-жүргізуші: Қанағатшылдық – әдептіліктің басты белгісі және негізі. Қанағатты әдетке айналдырған жан өмір –бақи игілігін көреді. Ол адамшылық жолдан тайдырмайды, аздың өзін қанағат қылдырады. Сондықтан қанағатшыл кісі кішіпейіл де қарапайым, иманды болып көптің құрметіне бөленеді.

2-жүргізуші: Тәубе – кісінің өзін-өзі жетілдіріп кемелдендірідің бір түрі. Тәубеге келу біреулердің жаман істерін көріп, ондайдан безініп, өзінің ондайды істемегеніне шүкіршілік жасап, «О,тоба» деп нысапқа келеді.

1-жүргізуші: Адал жан – ешкімнің ақысын жеп, ала арқанын аттамай, өз еңбегімен дүние жинап, күн көріп жатқан, ғайбат сөйлемейтін, кісіге қиянат жасамайтын жан.

Арамдыққа құл болма,

Адал болсаң,

Нашарларды қинама,

Адам болсаң.

2-жүргізуші: Сабыр – адамның өзін-өзі билеуі, алдына қойған мақсатқа талпына білуі, қиыншылықтарды жеңіп, өзінің сезімдерін қадағалай алуы. Сабыр – әдеп, ианбат, иман тұрғысынан жоғары бағаланатын түсінік.

1-жүргізуші: Жомарттық – адамның ең тамаша қасиеттерінің бірі. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән қасиет. Жомарт болу – өзінде барды зәру адаммен шын жүрекпен бөлісу.


Мұғалім сөзі: Оқушылар иманды болу үшін әрқайсысымыз иман жүзді, ибалы болуымыз керек. Қазіргі кезде ислам мен қазақы салт-дәстүрлеріміздің ара жігін ажырату, олардың арасындағы қарама –қайшылықтар мен түсініспеушіліктерді тану қиындық тудыруда. Олай дейтінім – соңғы кездері түрлі топтар мен жұртты алдап соңынан ертіп, әулиелердің басына барып зиярат жасап, сол жолда пайда тауып, елді адастырып жүрген діндарсымақтардың көбейіп бара жатқаны жасырын емес.

Ұлт жанашыры, халық қалаулысы Бекболат Тілеуханның пікірінен қысқаша үзінді:

«Ұлттың өзін-өзі сақтайтын, анықтайтын бірнеше факторлары бар. Олар: халықтың тілі, діні, тарихы, атамекені, дәстүрі. Соның ішінде айрықшасы – тілі мен діні. Кез келген халықты құрту үшін оның дініне қиқым түссе, дінін құртса, ол халықтың тұтастығы кетеді. Ал тұтастығы кеткен халықты кез келген сыртқы жау қалақпен ұрып алады. Сондықтан дініне мықты болған халықтың санасы сергек болады, іргесі тұтас болады.



Қазіргі кезде Қазақстан аумағында қызметтері арнайы сот шешімдерімен Заңсыз деп танылған діни ұйымдардың тізімі


Діни ұйым дардың атауы

Ұйым жетекшісі

Ұйым мақсаты

Орталық Азияның моджахеттері

Н.Жалолов

Теракт жасау

Шығыс Түркістан Ислам партиясы

Айса Мақсұм

Мемлекеттік төңкеріс

Өзбекстанның Ислам қозғалысы

Мұхаммад Садық

Жиһад жариялау

Күрд халықтық конгресі

Абдулла Оджалан

Теракт жасау

«АУМ Синрике» ұйымы

Секо Асахара

Теракт жасау

«Әлеуметтік реформалар қоғамы»

Әли Салах Зайтер

Теракт жасау

«Әл Каида» ұйымы

Усама Бен Ладен

Теракт жасау

«Асбат әл-Ансар» ұйымы

Хишам Шрейди

Террористер дайындау

«Талибан» қозғалысы

Мұхаммед Омар

Теракт жасау

«Хизб-ут-Тахрир» діни партиясы

Тақиюддин Набахани

Халифат құру

«Мұсылман бауырлар» ұйымы

Хасан әл Банна

Ислам қоғамын құру

«Боз гурд» ұйымы

Алпарслан Тюркеш

Тұранизм құру

«Шығыс Түркістанды азат ету» ұйымы

----------------------------

Теракт жасау

«Алля-аят» ұйымы

Фархат Абдуллаев

Исламға қарсы іс

«Лашкар- и Таиба» ұйымы

Хафиз Мұхаммед Саид

Халифат құру









«Не істер едің?»

1-жағдаят

Қалада сабақтан келе жатқаныңда алдыңнан өзің қатарлы жігіттер немесе қыздар шығып, сенің дінге деген көзқарасыңды білмек болып сұрақтар жаудырды.

Осы жағдайдағы сенің іс-әрекетің қандай? Олармен пікір бөлісесің бе немесе үндемей кете бересің бе? Шешіміңді дәлелде?


2-жағдаят

Бір күні сені жан досың бір жерге ертіп баратындығын айтты. Онда барғаныңда үлкен жиынның үстінен түстің. Сені бейтаныс адамдар сөздерімен өздеріне қосылуға үгіттей бастады. Досың да солар жағында. Тіпті саған сыйлықтар ұсынғандары да болды.

Осы жағдайда сен не істер едің, қандайда бір шұғыл шешім қабылдайсың ба? Өз шешіміңмен бөліс.


3-жағдаят

Сыныпқа жаңадан оқушы келді. Онымен жақын әңгімелесе бастағаннан саған бейтаныс діни ағымдар туралы қызықты оқиғалар айтып, сол ортамен байланыс орнатуға үгіттеді. Тіпті сені мол қаржы табудың көзі ретінде сонда жұмысқа шақырды.

Бұл жағдайдағы сенің іс-әрекетің қандай? Ұсынысқа көзқарасың туралы ойыңды бөліс.


Көрініс. «Әке мен бала».


Дінтану пәнінің мұғалімі Тілепова Гулжан апайға оқушылар сұрақ қояды.


Қорытынды

Мұғалім сөзі: Қазіргі тәуелсіз еліміздегі әркімнің сенім бостандығын қолдап, ғасырлар бойы халқымыздың көкірегіне ұялап, қанына сіңген ислам дінінің имандылық қағидаларын адамдар арасындағы ізгілік, қайырымдылық, адалдық, әділдік қарым-қатынас негізіне алып, жас ұрпақты тәрбиелеуге пайдалана отырып, зайырлы мемлекет құру жолын ұстануды таңдауымыздың себебі де сол екені айқын. Өйткені белгілі діндар ғұлама Халифа Алтай қажы айтқандай: Иманды елде ізгілік пен адамгершілік салтанат құрмай, қылмыс пен бұзақылық тыйылып, оларға жол қойылмайды.

Сабағымыздың соңында өзге діннің алдауына түсіп, жылан арбаған аянышты хал кешкен қандастарымыздың күрделі тағдыры бәрімізді ойландыруы керек.

Жазушы болсын, жұмысшы болсын, қайраткер болсын рухтың кемелденуі – ең негізгі қасиеттердің бірі. Рух кемелдену үшін адам ибалы, қоғам иманды болуы керек.

Кезінде ұлт зиялысы, ел жанашыры Міржақып Дулатов ұлтының бейқамдығына, өз үлесінен құр қалған мақұрымдығына күйініп: «Оян,қазақ!» деп шырылдаған еді. Қалың ұйқыдағы сол қазақ елі ояна қоюға асығар емес, серпілер емес. Қайран Міржақыптың сол зары бүгінгі қоғамға да керек-ақ!

Бүгінгі тәрбие сағатының түйіні келешек қоғамның алтын тірегін сақтап қалу болса, ибалы адам, иманды қоғам сол тіршіліктің тірегіне айналсын демекпін! Осындай тілекпен тәрбие сағатымызды бүгінгі қоғам өмірін дөп басар «Оян,қазақ!» өлеңімен аяқтайық.

Оян, қазақ!

Оян,қазақ! Қайран елім, қазағым!

Бүгін саған арнап өлең жазамын.

Ойыңа алма бөтендердің мазағын,

Ақылдысың, ей, менің дана қазағым!

Жаңылыспа, қателессең, тартасың тозақ азабын!

Оян, қазақ! Басқаларға құл болма,

Құлдықпенен өнеріңді тұл қылма!

Оян, қазақ! Ей, менің дана қазағым!

Ұйқыменен өміріңді бір түн қылма!

Оян, қазақ! Өз тіліңді жоғалтпа!

Сенің қамың, ойлағанға оқ атпа!

Оян, қазақ! Надан болма, қазағым!

Өз досыңа «дұшпаным» деп ақ боратпа!

Оян, қазақ! Ояншы, қазақ бауырым,

Өткізіп жатсың баяғы құлдық дәуірін,

Ел байлығын шет елдерге таратып,

Біле алмай жүрсің туған жердің қадірін.

Оян, қазақ! Ұйқымен күнің өтпесін,

Тағдырың сенің жоқ болуға жетпесін.

Осылай ұйықтап мастықта өмір сүргенде,

Жазалап Құдай, күніңді қараң етпесін!

Оян, қазақ! Өз дініңді ұмытпа!

Дініңді сен ардақтағын, құнтта!

Көз алдыңда тура жолың тұрғанда,

Қателесіп жаман жолмен былықпа!

Оян, қазақ! Бүгінгі күн қаралы,

Сондықтан да жүрегім менің жаралы.

Бұл қайғыны көріп тұрған балаңның,

Бір сілкініп тебіренді қаламы.

Оян, қазақ!

Оянсаң, бәрі жақсы болады!

О, елім, Ерте оянсаң,

Көңілің нұрға толады!

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 13 декабря. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-510071
Курсы профессиональной переподготовки
133 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 13 декабря
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

Комментарии:

3 месяца назад
көп рахмет тамаша екен жұмысыңызға сәттілік тілеймін