Инфоурок Другое Статьи"Имандылық, ізеттілік - асыл қасиет" рухани-ізігілк сабағы

"Имандылық, ізеттілік - асыл қасиет" рухани-ізігілк сабағы

Скачать материал

Имандылық, ізеттілік – асыл қасиет

 

Сыныбы:  11а        Күні: 

 

Мақсаты:

а)Оқушыларды адалдыққа, қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу.  Адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын білуге үйрету;
ә) Оқушының рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге жетелеу.

Көрнекілігі:  Тақырыпқа байланысты нақыл сөздер, слайд. 
Сабақтың түрі: рухани-ізгілік сабағы

1.      Психологиялық дайындық:  Музыка ойнап тұрады.

     Мұғалім.

     Қайырлы күн,оқушылар!

     Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

     Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,

     Шуақ толған жанымыз жүрегіміз,

     Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Оқушылар, «адамгершілік амандасудан басталады»- дегендей ең алдымен күлімдеп бас иіп қонақтармен, бір-бірімізбен амандасып алайық.

2.      Топқа бөліну. Жұлдыздар таңдап, түсіне қарай 3-топқа бөлінеді. «имандылық», «ізеттілік», «адамгершілік»

3.      Топтың алтын ережесімен таныстыру.

1.Мұғалімнің кіріспе сөзі:

        Иман- араб тілінде сенім деген ұғымды білдіреді. Халық адамгершілігі жоғары кісіні  «иманды» деп құрметтейді, адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді.  Адамгершілігі, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі, иман жүзділігі жарқын, биязы, парасатты болады. Ондай адамды халық «иманжүзді кісі» деп бағалайды.

 

Абай атамыздың даналығы –адамдықты жақтайды.

Адам болам десеңіз...

Бес нәрседен қашық бол...,—

Бес нәрсеге асық бол, - деп  Абай атамыз айтқандай, адамның  ішкі рухани қазынасының молығуы өз қолында.

2. «Ақпарат блогы». Өз топтары туралы шағын мағұлмат беру. «Имандылық, ізеттілік, адамгершілік» топтары  топ аты, яғни адам бойындағы асыл қасиеттер туралы шағын ақпарат береді.

 

 

Мұғалім:

     Барлық әлемдік діндерге тән қасиеттердің бірі -имандылық. Оның түбірі иман, яғни ақиқатқа, шындыққа жетелер сенім тірегі, бар бет – бейненің, мінездің айнасы.
Имандылық дегеніміз-нұрын шашып тұрған күн екен.Күнді иман ретінде танысақ, оның сәулелеріне не жатады екен?(Оқушылар анықтайды)

1. Әділеттілік
2. Тазалық 
3. Мейірімділік 
4. Сенім 
5. Қайырымдылық 
6. Ізгілік 

3. Жабық хат стратегиясы: Топтарға жабық хат беріледі. Хатта адамгершілік, имандылық туралы аңыз-әңгімелер жазылған. Аңыз әңгімеден түйін шығару. Өз ой-пікірлерін айту.

1. «Жарық құмыра».

    Үнді елінің бір адамында иығына сап су таситын екі үлкен құмырасы болыпты. Оның біреуінің жарығы болған., ал екіншісі жаңа жарығы жоқ, әрқашан суды толық әкеліп отырған. Ұстаздың үйіне дейін жеткенше жарық құмыра  судың тек жартысын әкелетін. Екі жыл бойы осылайша жалғасып келген. Әрине бүтін құмыра өз жетістігімен мақтанатын. Ал, жарық құмыра өзінің кемістігінен қатты ұялып, бақытсызбен деп есептейтін. Себебі, ол – жарық.  Қасындағы құмыраға қарағанда оның жұмысының жартысын ғана  орындайды. Өзінің шарасыздығын сезінген құмыра, су тасушыға бір күні су жағасына келіп:

-Мен өзімнен қатты ұяламын, сенен кешірім сұраймын, -дейді

-Неге? Неге ұяласың?- дейді су тасушы

-Екі жыл бойы тек жарты құмыра су тасумен ғана болдым. Менің жанымдағы жарықтан су жол бойына төгіліп барады. Сен өз еңбегің үшін кемістік таныттың, еңбегіңнің толық нәтижесін алмадың,-дейді құмыра

Сол кезде су тасушы жарық құмыраны аяушылық танытып, « сен ұстаздың үйіне қайтқанша, жолдағы әдемі гүлдерге қарауыңды өтінемін – дейді .

Шынында да олар төбешікке шыққанда, жарық құмыра жолдың тек бір жағындағы өте әдемі гүлдерді көріп тынышталады. Бірақ, ол ұстаз үйіне келгенде тағы да жарты құмыра су әкелгеніне ұялып кешірім сұрайды. Сол кезде су тасушы:

-Сен байқадыңба? Әдемі гүлдер тек сен жүрген жақта ғана шыққан . Сенің кемістігіңді біліп, мен өз үлесіме пайдаландым. Сен жүретін жаққа гүл дәндерін сеуіп тастаған болатынмын. Сен жолда сол гүлдерді суаратынсың. Екі жыл бойы мен ұстазымның үстелін сол әдемі гүлдермен безендіріп қоятынмын. Сен болмасаң мұндай әдемі гүлдер үйде болмас еді.

 

 

2.   «Тыртық ағаш»

    Өткен заманда бір ұстамсыз, ашуланшақ жас бала болыпты. Бір күні оған әкесі бір қап шеге беріпті. Өз ашуыңды ұстай аламағанда, шегені бір-бірден шарбақ ағашына қақ дейді.

  Бірінші күні ағашқа бірнеше шеге қағады. Келесі апталарда ол өз ашуынтежей бастайды, себебі ол ,ашуланғанда шеге қаққанан гөрі ашуын тежеген оңай екенін түсінеді. Ол бұл туралы әкесіне айтады. Әкесі енді алдағы уақытта ашуын тежеген сайын, қаққан шегелерін бір-бірден суыруын ұсынады.

   Уақыт өтіп, әкесіне ағашта шеге қалмағанын көрсетеді. Сонда әкесі баласына:

-Сен жақсы тырысыпсың, бірақ ағаштағы шегелердің орынын кқріп тұрсың ба?   Енді ол ешқашан бұрынғы кейпіне қайта келмейді. Біреуге жаман сөздер айтсаң, ол сол адамға осындай тыртық қалдырады. Артынан қанша кешірім сұрасаңда ол тыртық қалып қоя береді дейді.

3. «Жақсылық етсең өзіңе, жамандық етсең өзіңе»

Бір диуана ел аралап шахардан шахар кезіп,қоржынын арқалап жүреді екен.Оның айтар сөзі  «жақсылық етсең өзіңе,жамандық етсең өзіңе» деген мақал болса керек.Күндердің күнінде келе жатып есік алдында ерігіп тұрған кербез әйелге келеді.Әйел оны көріп:-О,жаман неме міне, саған жақсылық та, жамандық та,мынаны же де өл,-деп у қосылған нанды береді.

 Бір күні келе жатып бір керуенге кездеседі.Керуенннің азығы таусылып,адамдары ауыра бастаған екен.

«Азық таусылып,біздің күніміз қиын болды.Мына қарақшыларға тоналған әкелі,балалыларға жүрек жалғар бірдеңең бар ма?»-депті керуен басы.

Қайыршы қалтасындағы нанды алып,екеуіне бөліп береді.Неше күн нәр татпаған олар қомағайлана жеп алады.Сәлден соң бірінен соң бірі құлап,тіл қатпастан қалады. Керуен адамдары диуананы сабай бастайды.Бір кезде ол үн қатып:-Уа,қайырымды адамзат, жазықсыз мені таяқтамаңдар.Мен ел берген садақаны алып жүре беремін.Кімнің не бергенін қайдан білейін.Бірақ сол нанды берген адамның үйін білемін,-дейді.-Жүр,баста онда сол үйге-деп керуеншілер манағы үйдің жанына келеді.Керуенді көрген әйел сыртқа жүгіріп шығады.Хәл үстінде жатқан күйеуі мен баласын көріп,өз ісіне өкінеді.Әйелдің жазықсыз жанға жауыздық жасағаны өз алдына келеді.Жасаған жамандығына өкініп,ақыры ішқұса болып өледі.

 

4. Фишбоун әдісі (балық сүйегі):   «Иманды ұл мен қызға не жараспайды?»  Бұл тапсырмада балық басына проблемалық сұрақ жазылады, қаңқасына жараспайтын қылықтарды, құйрығына қорытынды жазады. Тақтада ватманда орындау.

 

 

 

 

 

 

 


5. «Ыстық орындық стратегиясы»  Келген қонақпен сұхбаттасу:

1.  Өткен дәуірдегі ата-ана тәрбиесі мен қазіргі отбасылар тәрбиесі арасында қандай алшақтық бар, болмаса оны қалай тенестіруге болады?
2. Қазақта үш, жеті, қырық сандары киелі, қасиетті сан болып есептеледі. Адам қайтыс болғанда да үші, жетісі, қырқын береді. Осында қандай сыр бар?
3. Исламға дейін қазақтың өз діні болған ба? т.с.с

4. Қазіргі жастардың дін туралы түсініктерін қалай бағалайсыз? Ол туралы өз пікіріңіз?
5. Дін мен мемлекеттің саясаты бір ме?

6. Ойлаудың алты қалпағы. «Менің дінге деген көзқарасым...» Үш топқа екі-екіден қалпақтар беріліп. Топ бойынша ойларын айтады.

7. Тренинг . «Раушангүл». Раушангүл күлтелеріне оқушылар, имандылық, ізеттілік, адамгершілік, асыл қасиеттерін, жақсы тілектерін жазып, күлтешелерін бүктеп вазадағы суға салады. Суда күлтешелер ашылады. Яғни, тілек орындалады.

8. Рефлексия.   Оқушылар бүгінгі сынып сағатынан алған әсерлерін жазып, іледі.

«Ет тартқыш» - әлі де түсініктер қажет етемін

«Чемодан» - бойыма сіңіремін, керегімді алдым.

«Қоқыс жәшігі» - бұл маған керек емес.

 

 

 

 

 

 

 

Ақкөл жалпы орта мектебі

 

 

 

Ата-аналар жиналысы

 

 

Тақырыбы:

 «Отбасы аялы-алақан мекені»

 

 

 

 

 

Өткізген:  Шайхимова С.Б.

 

 

 

 

 

 

 

2016 жыл

     

 

     

 

     

                     

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Имандылық, ізеттілік - асыл қасиет" рухани-ізігілк сабағы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-перинатолог

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 874 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.10.2016 1920
    • DOCX 4.8 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шайхимова Самал Бахытжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шайхимова Самал Бахытжановна
    Шайхимова Самал Бахытжановна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20617
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой