Инфоурок / Информатика / Научные работы / Информационные технология (Методический материал)
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Информационные технология (Методический материал)

библиотека
материалов

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жекелеген сабақтарда, аудиториядан тыс шараларда қолданылуы

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жекелеген сабақтарда, аудиториядан тыс шараларда қолданылуы мүмкін. Кейбір пәндерді ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша үйлестіру пәнаралық байланыстарды дамытуға шынайы мүмкіндік беріп, оларды мазмұнмен, түрлермен байытар еді.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы педагогикалық мамандықтар студенттері әдетте жоғары оқу орнында оқу барысында және болашақ қызметтерінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен жиі қолданбайды. Сондықтан бұл бағыттағы педагогикалық мамандықтар студенттерінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде кәсіби құзырлылықты қалыптастыру әлемдік мәдениеттің бір бөлігі ретіндегі түсініктерін қалыптастыру қажет. Бұл бағыттағы педагогикалық мамандықтар студенттерін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың әдістемелік ерекшеліктерін анықтап, жүзеге асыру олардың соңғы кезде ерекше қарқынмен дамып отырған ақпараттық қоғам дүниесіне бейімделе алуларына себептесуі тиіс.

Гуманитарлық бағыттағы педагогикалық мамандықтар студенттерін шартты түрде екі топқа бөлуге болады: бірінші топқа спорт және денешынықтыру, филология, тарих, информатика және т.б. мамандарын даярлайтын педагогикалық мамандықтар. Екінші топқа экономика, экология және т.б.

Енді қандай да бір бағытты таңдап алған студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне тоқталайық. Өйткені қандай бір пәнді оқытқанда студенттердің психологиялық дамуы мен меңгеретін білім мазмұны байланысының табиғатын ескеруді талап етеді. Кез-келген оқу іс-әрекетінің негізін идеяларды (заңдар, теориялар) түсіну, өзінің ойын ауызша жеткізе алу, болжай алу, проблемаларды шеше алу, іс-әрекетін жоспарлай алу, өзінің тәжірибесін пайдалана білу, жадында сақтау, кеңістікті түсіне алу сияқты қабілеттіліктер құрайды және олар жеке қабілеттіліктерде көрініс табады.

Студенттердің қандай да бір ақпаратты зерделеуге қатысты арнайы қабілеттіліктерінің құрылымын зерделеу бойынша психологтардың зерттеулерін талдай келе, оның кейбір компоненттерін бөліп көрсетелік.

Математикалық қабілеттіліктің ойлау үдерісінің жылдамдығы, терең әрі жоғары деңгейде талдай алу, аналитикалық-синтетикалық қабылдау, математикалық іс-әрекетке қажеттілік, математикалық логика, кеңістік түсіну сияқты құрылымы бар.

Техникалық қабілеттілік кеңістік ойлай алумен (оған кеңістік түсіну мен кеңістік елестету де кіреді), практикалық мәселелерді шешуге бағытталған техникалық ойлай алумен, техникалық байқағыштықпен, іскерлікпен сипатталады. Физика, химия, биология ғылымдары табиғат құбылыстарын зерделейтін, яғни олардың қарастыратын пәндері ортақ екенін ескерсек, бұл оқу пәндерін зерделеуге студенттер қабілеттілігінің өте жақын құрылымы бар екенін байқаймыз, онда бұл ретте жаратылыстану қабілеттілігі туралы айта аламыз.

Жаратылыстану ғылымдарын, оның ішінде информатиканы зерделеуге байланысты қабілеттілік арнайы зерттелмеген. Алайда кейбір зерттеулер нәтижесі бойынша жаратылыстану бағытындағы ойлау ерекшелігіне теориялық қорытындылау жүргізу қабілеттілігін атап өтуге болады және де бұл бағыттағы қабілеттілік абстракциялауға, анализ бен синтездеуге, кеңістік елестете алуға, объектілерді модельдеуге, білімді жағдаяттарға қолдана алуға, диалектикалық ойлай алуға бейім болады.

Әдеби тілдік қабілеттілікті шығармашылық белсенділік және байқағыштық, әсерлілік сияқты жеке қабілеттіліктерді біріктіретін эстетикалық көзқарас, жадында көрнекі бейнелердің сақталуы, шығармашылық елестету, сезімталдық және тілдің мәнерлілігі анықтайды.

Тарихты зерделеуге қабілеттілік “тарихи ойлай алу” ерекшеліктерін талдау негізінде қарастырылады. Оған материалды логикалық қабылдау, құбылысты жан-жақты сипаттай алу, оны дамуында қарастыра алу, білімнің ақиқаттығының критерийі ретінде өз бетінше ізденуге, шығармашылыққа талпыныс, жадында кеңінен жан-жақты сақтай алу сияқты қабілеттілік құрылымын жатқызуға болады.

Гуманитарлық бағыттағы педагогикалық мамандықтардың оқу үдерісі туралы сөз еткенде ең алдымен ондағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану мақсаты туралы мәселені шешіп алу қажет.

Бұл мамандықтардағы студенттердің кәсіби құзырлылықтарын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде қалыптастыру үшін мына мақсаттарға қол жеткізілуі тиіс:

- кәсіби қызмет етуде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды

жеткілікті пайдаланудың өмірдің қажеттілік шегінен аспайтын білімді игеру;

- ғылыми-жаратылыстану және гуманитарлық циклдегі пәндерді

ақпараттық қоғам деңгейіне сай ұйымдастыру;

- білімді адамның осы күнгі қоғамда қатардан қалмауына қажетті ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану қабілетін қалыптастыру және дамыту;

- өз қызметі барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану дағдыларын, біліктіліктері мен білімдерін қалыптастыру және дамыту;

- студенттердің ғылыми ақпараттық көзқарасын және әлемнің біртұтас ғылыми бейнесін қалыптастыру; ол үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дүниетанымдық мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану;

- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана білуге үйрету мақсатында үздіксіз және мақсатты түрде өз білімін тереңдету әрі кеңейту үшін студенттің ынталылығын қалыптастыру және дамыту;

- білімгерлерге пәнді оқытуда ақпаратитық-коммуникациялық технологиялардың мол мүмкіншілігін пайдалану үшін компьютерлік сауаттылықты көтерудің негізі ретінде информатиканың алатын ерекше орны мен рөлін көрсету;

- адамзат өркениетінің дамуындағы ғылыми-техникалық жетістіктерді, осы кездегі ғылым мен өндіріс жетістіктеріндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың шешуші рөлімен таныстыру;

- ғылыми білімнің табиғаты, ғылыми теориялар құрудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың және жаратылыстану ғылымдарының бірлігі мен қарама-қайшылық ұстанымдарымен таныстыру.

Осыған сәйкес жоғары оқу орындарындағы гуманитарлық бағыттағы педагогикалық мамандықтар үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім мазмұнын құру мәселесі туады.

Гуманитарлық бағыттағы педагогикалық мамандықтар үшін білім мазмұнын сұрыптау өте жауапты және теория тұрғыда күрделі үдеріс.

Осы орайда, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде информатика мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылықтарын қалыптастыру үшін ендірілетін арнайы курстың мазмұны аталған мамандық студенттері үшін өте күрделі, түсінуге қиын келетін теориялық мәселелерден аулақ болуы керек және де мәдениетті адамның күнделікті өмір қажетін толық қанағаттандырып, керек болған жағдайда, әр азамат өздігімен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану бағытындағы білімін толықтыра алатындай деңгейде болуы жеткілікті деп санаймыз.

Біздің көзқарасымызша, ақпараттық-коммуниациялық технологиялар негізінде информатика мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылықтарын қалыптастыруға бағытталған арнайы курстың мазмұнын сұрыптағанда мынадай ерекшеліктер ескерілуі керек:

- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға арналған материалдардың мазмұны мен көлемі аталған мамандықтың мүмкіндігі мен ерекшеліктерін қамту қажет;

-ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға негізделген курстың білімі студентке қажет болғанда немесе мамандық таңдауда қателескен жағдайда, басқа салаға ауыса алатындай мүмкіндік беруі қажет;

-ақпараттық-коммуникациялық технологияларға арналған курстың білім мазмұнына осы кездегі информатика ғылымына тән және ол жөнінде өте айқын түсінік беретін дедуктивтік әдістің кіргені жөн.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде информатика мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылықтарын қалыптастыруда берілетін білім мазмұны оқу үдерісін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігін талап етеді, ол мына бағыттарда болуы керек:

- теориялық материалды баяндау индуктивті тәжірибелік негізде өтіп, өмірде, практикада кездесетін жағдайлардан теориялық қорытындылауға, одан қолдануға көшірілуі керек;

- көрнекілік ұстанымы мен көркемдік баяндауды, сипаттауды ұйымдастыруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді түрде пайдалану;

- оқу материалдарын баяндауда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бейнелік (образды, кейіптік) мүмкіндіктерін қолдану;

- есептер мен тапсырмаларды шешудің дәстүрлі жүйелерін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен орындауды ұйымдастыру арқылы алмастыру.

Қазіргі кезеңде көптеген психологиялық, педагогикалық, дидактикалық және әдіснамалық зерттеулерде оқытудың “тұлғаға бағдарланған” моделі кәсіби саралап оқытудың ең маңызды факторы ретінде қарастырылады.

Оның негізгі ұстанымдарының бірі – ақпараттық бағдарлану. “Студент компьютер үшін емес, компьютер студент үшін” деген тезиспен шартты түрде берілген бағдарлану, тұлғаға, адамға мән берілетіндігімен анықталынады. Бұл күллі компьютер жалпыға деген ұстанымнан әр саладағы педагог маманға компьютер қай мөлшерде, қаншалықты қажет, оны студент қандай деңгейде игере алады деген тұлғаның даралық параметрлерін ескеретін, мұқият зерттейтін ұстанымға көшуді білдіреді.

Бақылау, эксперимент, мәселені пайымдау, интуитивті түрде болжам жасау, теориялық салдарлардың ғылыми қорытындысын беру, оны тәжірибелік тексеру – ғылыми таным әдістері. Ғылыми таным әдісі – ғылыми дүниетаным мен интеллектуалдық дамудың негізі екендігі және ол оқу барысында қалыптасатыны көпшілікке белгілі, әрі теориялар мен заңдарды зерделегенде студенттер ғылыми ойлау стилін, әр мамандық иесіне қажетті

бақылау жасауды меңгеретін болады.

Информатика мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылықтарын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде қалыптастыру қажеттілігіне білім мазмұнының негізіне әр адамның ойлау біліктілігі, қоғамда болып жатқан өзгерістерді жете түсіну арқылы дұрыс бағалау, өз ойы мен идеяларын тиянақты жеткізе алу және оларды қорғай алу талап етілетін жағдайларға болашақ педагогтарды дайындау жатады.

Сонымен, қазіргі таңда ақпараттық-комуникациялық технологиялар негізінде информатика мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылықтарын қалыптастырудың тиімді тәсілдерін іске асыруды арнайы курс көмегімен ұйымдастыру керектігі айқындала түсті. Осыған орай, информатика мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылықтарын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде қалыптастыру қажеттігін ескере отырып, студенттердің интеллектуалдық дамуын қамтамасыз ету, ақпараттық мәдениетін тәрбиелеу көзделіп, информатика мамандығы студенттерін оқытуда қолданылатын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білімді ақпараттандыру тұрғысында сипаттап, жалпы зерттеу жұмысында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде информатика мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылықтарын қалыптастырудың жолдарын айқындай түстік.






Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-374496

Похожие материалы