Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Конспекты / Информатика, ақпарат, ақпараттардың алуан түрлілігі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Информатика, ақпарат, ақпараттардың алуан түрлілігі

библиотека
материалов

Күні:------------ Сыныбы: 5


Сабақтың тақырыбы: Информатика, ақпарат, ақпараттардың алуан түрлілігі

Сабақтың мақсаты:

білімділік:оқушыларды ақпарат ұғымымен, оның түрлерімен, үлгілерімен және өңдеу тәсілдерімен таныстыру, ақпарат ұғымын, формаларын, көздерін, типтері мен қасиеттерін, өңдеу тәсілдерін үйрету;

тәрбиелік:Оқушылар информатика кабинетінде техникалық ереже бойынша тәртіп сақтау және еңбекке баулу, оқушыларды ұқыптылыққа, адалдыққа еңбексүйгішке тәрбиелеу;

дамытушылық:оқушылардың ой-әдістерін, қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың байланысы: биология, физика

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дәптермен жұмыс

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;

ә) оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару;

б) сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау кезеңі

  1. Техника қауіпсіздігінің ережелері не үшін керек?

  2. Техника қауіпсіздігінің ережелері қанша пунктан тұрады?

  3. Кабинеттегі техника қауіпсіздігінің ережелеріне қандай талаптар қойылады?

  4. Монитор мен көздің ара қашықтығы қанша см болуы керек?

ІІІ. Білімдерін жан-жақты жетілдіру.

Оқушылар өтілген тақырып бойынша бір-біріне сұрақтар қою.

ІV. Жаңа сабаққа даярлық.

Ал, балалар бүгін біз жаңа тақырыппен танысамыз. Өткен сабақта біз информатика сабағындағы қауіпсіздік ережелерімен таныстық. Енді бүгінгі сабағымызда «Информатика. Ақпарат. Ақпараттардың алуан түрлілігі» жайлы өтеміз.

V. Жаңа сабақ

Информатика пәні компьютермен тығыз байланысты. Бірақ, компьютер – оның көмегі арқылы ақпаратпен жұмыс істеуге болатын құрал ғана.

Информатика – ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану тәсілдері туралы ғылым.

Адамның барлық қызметі ақпаратпен байланысты. Кез келген тамақты пісіру үшін оған қажетті заттар мен дайындау жолын білу керек. Т.с.с

Ақпарат – сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып таблатын қоршаған әлем туралымәлеметтер.

Сендер күнде қандай да бір ақпарат аласыңдар. Ақпаратты ала отырып, оны қабылдайсыңдар, игересіңдер, қайта өңдейсіңдер.Ақпаратты ата-аналарыңа, достарыңа жеткізулерің мүмкін. Яғни, ақпарат көзі және оны қабылдаушы бар. Адам ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдайды.

Ғалымдардың деректері бойынша біз ақпараттың 81%-ын көру арқылы, 10%-ын –есту, 4%-ын иіскеу,3%-ын- дәм сезу және 2%-ын- сезу арқылы аламыз.

Сонымен қатар әрбір адам жеке-дара мүмкіндіктерге ие. Мысалы, дизаинердің көру қабілеті, музыканттың есту қаблеті жақсы дамыған. Сендердің кейбіреулерің жаңа материалды кітаптан оқып жақсы түсінсендер, әлдекім біреу айтып берсе артық түсінеді, ал тағы біреулеріңе түсіну үшін практикалық тапсырманы өздерің орындап шыққандарың ыңғайлы.

Ақпараттың түрлері

Адамның ақпаратты қандаи ақпараттық арнамен қабылдауына байланысты, ол әртүрлі болады.hello_html_32ca58c9.jpg







Мысалы, таңертен сағаттың шылдырын адам есту мүшесі-құлақпен қабылдайды. Ақпарат көзі қоңыраулы сағат болып табылады. Ал ақпаратты қабылдаушы-адам. Ақпарат ұйқыдан оянатын уақыт келгені туралы мәліметті жеткізіп тұр. Ақпараттың мұндай түрі естілетін ақпарат деп аталады.

Сонымен, адамның қабылдау тәсілдері бойынша ақпарат көрінетін, естілетін, дәм сезу, иіскеу және сезу арқылы болып бөлінеді.hello_html_6d2a865b.jpg

Бұл ақпараттың өзі (мысалы,көрінетін) әртүрлі бейнеленуі мүмкін: сан, мәтін немесе сурет түрінде. Мәселен, автотұрақтығы машиналардың санын 5санымен, «бес» сөзімен жазылған мәтінмен және олардың суретін салу арқылы бейнелеуге болады.

Яғни,ақпаратты тағы бейнелеу тәсілдеріне қарай да түрге бөлуге болады.

Бейнелеу тәсілдеріне қарай ақпарат сандық, мәтіндік, графикалық, дыбыстық және видеоақпарат болуы мүмкін. Ақпараттың бұл түрлері қазілгі кезде компьютерде табысты көрсетіледі.

hello_html_7c3ebe6e.jpg







Ақпараттың қасиеттері

Бір ғана ақпарат әртүрлі жағдайда өзекті немесе өзекті емес болуы мүмкін. Мәселен, 2 мамырға арналған ауа райы болжамы кез келген адам үшін 1 мамырда өзекті болғанымен, 10 мамырда өзектілігін жояды. Сонымен, ақпарат өзектілік қасиетке ие.

Ақпарат толық немесе толық емес болуы мүмкін. Мысалы, мендердің достарың «Ертең» десін. Егер сендер достарыңа: «біз киноға қашан барамыз?» деген сұрақ қойған болсаңдар. Онда бұл ақпарат түсінікті болады. Басқа жағдайда бұл ақпарат түсініксіз болады, себебі –ол толық емес. Ақпараттың бұл қасиеті толықтық деп аталады.


Оқулықпен жұмыс. 1-кесте. (оқушылар жұмыс дәптеріне орындайды)


Зат

Қасиеті

Арна

Мүше

1

Қоңыраулы сағат

шылдыр

есту

Құлақ

2





3





4





5












VІ. Жаңа сабақты бекіту.

«Жалғасын тап!» ойыны (оқушылар қорындылап сөйлемді аяқтайды):

Информатика дегеніміз ………………

Ақпарат дегеніміз……………………….

Ақпарат қабылдау түрлері……………..

Ақпараттың қасиеттері…………………..

VІІ. Үйге тапсырма беру.

  1. §2 Тақырыпты оқып келу.

  2. Өзіңді тексер! /тест жұмысы/ (оқулық 16-17беттер)

  3. Сөзжұмбақ құрастырып келу.


VІІІ. Білімдерін бағалау.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 18.04.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров133
Номер материала ДБ-038571
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх