Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Информатика. Ақпарат (8 класс)

Информатика. Ақпарат (8 класс)



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов



Сабақтың тақырыбы: Информатика, ақпарат. Әлемнің ақпараттық бейнесі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Табиғаттағы ақпарат ұғымын қалыптастыру. Ақпараттың қоғамның дамуына тигізетін ықпалын анықтау.

Дамытушылық: Оқушылардың ақпаратпен жұмыс істеу қабілеттерін, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, алған білімдерін нығайту, өз ойын толық айтуға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Өзін-өзі бағалауға, еңбек мәдениетін дұрыс ұйымдастыруға, уақытты тиімді пайдалануға, кақпараттық сауаттылыққа тәрбиелеу. Оқушылардың құзыреттілігін дамыту.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен сәлемдесіп, түгендеу.

2.Оқу-құралдарын қадағалау.

3.Оқушы назарын сабаққа аудару.

ІІ.Білімін тексеру

  1. Адам өмірінде ақпаратқандай роль атқарады?

  2. Компьютердің ролі қандай?

  3. Ақпаратандыру процесі ұғымын қалай түсінесін?

  4. Қауіпсіздік ережелері.

  5. Көзге арналған жаттығулар.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ақпарат – адамнан да ерте туған құбылыс. Табиғат өзінің даму барысында жұмбақталған ақпараттарын өсімдіктер мен тірі ағзалар арқылы беріп отырған. Ал жануарлар мен құстардың тілі ақпаратқа қандай бай. Адам өзінің алғашқы қадамынан бастап-ақ ақпартты беру мен сақтаудың жаңа құралдарын іздейді және табады.

Философиялық түсінік бойынша ақпарат дегеніміз нақты әлемді мәліметтер және хабарламалардың көмегімен көрсету. Бұл хабарламар тіл, бейнелеу, цифрлық мәліметтер, таблицалар мен графиктер, т.б. түрінде болады. Жалпы мағынада ақпаратты алмастыру - бұл адамдар арасында мәліметтер алмастыру, тірі және өлі табиғат, адамдар мен құрылымдар арасындағы берілетін белгілер алмастыру.

Ақпарат” латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымынан туындаған ағылшынның information сөзінен шыққан. Ақпаратты біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз.

Ақпарат әрқашан материалдық тасушылармен, ал оны жеткізуге жұмсалған энергия шығынымен байланысты. Алайда, бір ақпараттың өзін әртүрлі материалдық түрде (қағазда, фотонегатив түрінде, магниттік таспада) сақтауға және әр түрлі энергиялық шығындармен (почта, телефон, курьер және т.б. арқылы) беруге болады.

Жалпы тұрғыдан алғанда ақпарат - таңбалар мен сигналдар түрінде берілген әлемнің, заттың бейнесі болып саналады. Ақпарат алу дегеніміз – бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағұлматтар мен мәліметтер алу деген сөз. Сонымен, ақпарат – белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағұлматтар.

Ақпараттың типтері және түрлері:

1. ақпаратты қабылдау әдісі бойынша:

а) көру, көзбен көру арқылы адам қоршаған ортаның түсін, түрін қабылдай алады;

б) есту, есту мүшесі арқылы дыбыстық ақпаратты қабылдаймыз;

в) иіс сезу, мұрынның көмегімен айналадағы иістің жағымды не жағымсыз екенін сезуге болад;

г) дәм сезу, ауызға салынған астың тәтті немесе ащы екенін анықтауға болады;

д) дене сезімі, көзімізді жұмып тұрып қолмен қандай бір затты ұстайтын болсақ, оның не екенін көрмей-ақ та айтуға болады.

Сонымен, адам ақпаратты бес сезім мүшесімен қабылдай алады. Соның ішінде, 90%-ін көзбен көру, 9%-ін құлақпен есту, ал қалған 1%-ін басқа сезім мүшелері арқылы қабылдайды екен.

2. елестету түрі бойынша:

а) мәтіндік (кітаптағы, газет-журналдағы мәтін);

б) сандық(көбейту таблицасы);

в) графикалық(сурет, схема, сызу);

г) музыкалық;

д) мультимедиялық (дыбыстық және мәтін енгізілетін түсті графика);

қоғамдық мәні бойынша:

а) жекеленген (білім, тәжірибе, іскерлік);

б) қоғамдық (қоғамдық-политикалық);

в) қарапайымдылық;

г) эстетикалық(өнер);

д) арнайы(ғылыми, басқарушылық, техникалық);



ІV. Бекіту.

Сұрақтар:

  1. Ақпарат” сөзін қалай түсінесің?

  2. Ақпарат дегеніміз не?

  3. Ақпаратты қалай алмасуға болады?

  4. Ақпаратты алу деген не?

  5. Информатика дегеніміз не?

  6. Информатиканың пайда болу себебі.

  7. Информатика қандай ғылыми-техникалық пәндердің комплексінен тұрады?

  8. Информатиканың негізгі мәселелеріне нені жатқызуға болады?



V. Үй жұмысы: Конспект. Реферат «Ақпарат түрлері» Оқулық бойынша тапсырма



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-016289

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>