Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Информатика ашық сабақ"3Д модельдеу және анимация"

Информатика ашық сабақ"3Д модельдеу және анимация"

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:



Сабақтың тақырыбы

3D модельдеу және анимация


Пәні: информатика

Сабақтың негізделген оқу мақсаты



3D модельдеу және анимация , виртуалды өмір ұғымдары , шығу тарихы туралы мағлұмат алады;

3D модельдеу программаларымен жұмыс істейді.


Күтілетін нәтижелері

  • барлық оқушылар

3D модельдеу және анимация туралы толық

мәлімет алады


  • оқушының басым бөлігі

3D модельдеумен, жобалармен жұмыс істейді


  • кейбір оқушылар

3D модельдеуді өмірмен байланыстырады


Алдыңғы тақырып

Мультимедиа

Жоспар уақыт

жоспарланған жаттығу

ресурстар

Басталуы: 10 мин

Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу.Оқушыларды психо логиялық дайын

дау.Өзін-өзі реттеу


І.Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңберін құру

а) «Тілек» айту

б) Топқа бөлу ( қағаз қиындыларынан топтың атын жасыру арқылы)

в) «3D модельдеу»

«Конструктор»

«Жобалау»


ІІ.Үй тапсырмасы.

«Sparkoft» әдісі( Досыңды басқа топтан ізде)

1.Мультимедиа дегеніміз не?

2.Интерфейс дегеніміз не?

3.МCI интерфейсі қай кезде қолданылады?

4.Мультимедиалық форматтарды атаңдар

5.Мультимедиалық қандай тасымалдауыштарды білесіңдер?

6.Мультимедиа құруда батырмаларды қайдан аламыз?



компьютер, оқулық,слайдтар









Ортасы

15 мин


«Ой қозғау»

Жаңа сабаққа кіріспе шолу жасау


1 «Ойлан, бөліс, талқылы» әдісі арқылы топтық жұмыстар

5 минут оқу

2 минут топта талқылау

5 минут қорғау





























































































































































Практикалық жұмыс

15 мин


Жаңа тақырыпқа шолу.

«Бүгінгідей жаһандану жағдайында мемлекет пен адам озық, бәсекеге сай болуы үшін, ең бірінші білім мен ғылым өркендеуі қажет.»

Н.Ә.Назарбаев

Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы:

3D модельдеу және анимация

«Ойлан, бөліс, талқылы» әдісі

«Жобалау» тобы

Модель дегенміз – нақты нысанды, құбылысты немесе үдерісті қарапайым етіп түсіндіру.

Модельдеу дегеніміз – нысандарды, үдерістерді, құбылыстарды зерттеу үшін модель (макетін) жасау.

Модельдеу үдерісіне нысанның түпнұсқасын танып-білу мақсатымен нысан-үлгілер құрылады. Үлгіде зерттелу мақсатына қарай түпнұсқаның қасиеттері болуы керек. Қазіргі уақытта нысанның сипаттамасы немесе құбылстар арнайы программа арқылы компьютер жадында жазылып сақталатындықтан компьютерлік үлгі жасау кеңінен қолданылады. Басқа да модельдеу сияқты компьютерлік модельдеудің де түрлері бар. Мысалы, математикалық модельдеуде қандай да бір құбылыс немесе үдеріс математикалық формулалар арқылы сипатталса, оның нәтижесін есептеу компьютерсіз күрделі болмақ. Сондай-ақ графикалық модельдеуді алатын болсақ, онда құбылыстың немесе үдерістің көрінуі шешімін табады. Мұндай модельдеу құблысты күрделілігіне қарай көрнекі түрде ұсыну үшін керек. Модельденетін жүйенің нақты өмірдегі нысанмен өзара әрекеттесетінін көрсететеін нақты өмірдегі модельдеуді қолданылу аясы біршама кең(телевизия саласы, ядорлық физика және т.б.) және маңызды тәжірибеге, мағынаға ие.



«3D модельдеу» тобы

«Виртуалдық әлем»тарихына шолу

3D анимация және моделдеу соңғы жылдары тез қарқынмен дамып, кең ауқымды қолданысқа түсті. «Виртуалды» термині латынның «virtualis»- сөзінен шыққан, белгілі бір жағдайларда мүмкін болатын, қолданылатын деген мағынаны білдіреді. «Виртуалдық шындық» ұғымын 70 жылдардың аяғында Массачусетс технологиялық институтында ойлап тапты деген дерек бар.Оны кейіннен Жарон Ланье жаңа компьютерлік өнімдерге байланысты пайдаланды.Қазіргі кезде виртуалды шындық шын өмірге зиянын тигізбей, өз алдына балама әлем жасап алу мүмкіндігін береді. Виртуалды шындық – шындықты имитациялайды, оны симуляциялайды, яғны, сол шындыққа ұқсас, бірақ өмірде жоқ өзіндік бір шындықты туғызады.

Осы жерден сұрақ туындайды

Виртуалды өмір деген не? Нақты өмір деген не?

Мысалы: виртуалды ойында адам көпқабатты үйдің төбесіне секіріп шығады, одан келесі үйдің төбесіне шығады, немес әрі қарай жүгіріп кетеді.

Ал , нақты өмірде біз олай істей алмаймыз.

Себебі: гравитация күші әсерінен нысан өзгереді.

Өйткені гравитациялық күш әсер етеді.

Ал компьютерде гравитациялық күш әсер етпейді. Себебі: бұл ойынды жасаған программалаушының шешімі. Оның өзі жасаған ойын әлемінде физикалық заңдарды елемеуге, бұзуға билігі болды. Десек те терезенің сыртында физикалық заңдылықтарды бұзуға билігі жүрмейді. Өйткені нақты нысандар әрқашан физика заңдарына бағынады. Ал программалаушы нысан мен құбылыстың нақты өзін емес, тек қана нысанның математикалық сипаты мен нақты немесе ойдан құрастырылған әлемнің құбылысын ғана құрады., сондықтан да ондай көріністер компьютер жадында ғана болатындықтан оларды виртуалды нысандар деп атайды.

Виртуал ұғымы – белгілі бір жағдайларда мүмкін болатын, қолданылатын деген мағынаны білдіреді.

Виртуалдық деп – тиісті жағдайларда қандай да бір мақсат үшін нысандар, субъектілер, қарым-қатынас,әрекеттер, еліктеу көмегі арқылы міндетті немесе болуы мүмкін құбылыстарды айтамыз.



«Конструктор» тобы

3D анимация дегеніміз қозғалу, қозғау.Анимацияны мультфильмдерде, жарнама роликтерде ,ойын жасау және түрлі презентациялар жасаудан бастап, сәулет өнері мен инжинерияда және көптеген т.б салаларда қолданылады. Декарттың кеңістіктің көрінісі өзара перпендикуляр үш ось: Х, Y, Z сияқты екені белгілі. Бұл біздің қабылдауымызда нысанның ұзындығын, биіктігін және енін көрсетеді. Алайда, осы сипаттамаларға ие болса да нысан тағы да өзгере алады. Нысанның өзгеруі үшін төртінші өлшем – уақытқа байланысты болады. Осылайша біз нақты нысандары бар бірқалыпты кеңістікке ие боламыз. Бірқалыпты кеңістікті компьютерде модельдеу үшін үшөлшемді модельдеу орталары бар. Мұндай орта кеңістктің ауқымын пішіндеп, оны әртүрлі нүктелерден бақылауға, нысанды қозғалтып және өзгертуге мүмкіндік бреді. Үшөлшемді модельдеу әртүрлі деңгейдегі күрделілікті қамтиды:

-Қарапайым 3D модельдеу. Үлгіні ықшамдалған пішінде құруға болады.

-Күрделі 3D модельдеу. Құрылатын үлгінің ұсақ-түйек детальдарының барлығы қамтылады.

Үшөлшемді модельдеу ортасында нысандарды құрып қана қоймай, оларды анимациялауға да(уақыт бойымен орнын, қасиетін өзгерту) болады.

3D анимация дегеніміз не? Бұл өлшемді сахна мен нысандарға негізделген қазіргі уақтыттағы анимация бағыты. 3D анимациясы мультфильмдерде, жарнама роликтерін құруда, көрмелер мен өрнекті суреттерде қолданылады.

Үшөлшемді графика ғылыми есептеулер, инженерлік жобалау және физикалық нысандарды компьютерде үлгілеу облыстарында кең тарлаған, жалпы қазіргі ақпараттанған уақытта үшөлшемді графика адаммен байланысты саланың барлығында қолданылады десек артық болмас.

Үшөлшемді графика құратын компьютерлік программалар өте көп. Олар: 3D max, blender 3D, K-3D, Wings 3 D6 Panda 3 D6 Sweet Home 3D6 Maya және т.б.



Топпен жұмыс.

«3D модельдеу» тобы үйдің 3D моделін салу.

«Конструктор» тобы құрастырғышпен үйдің макетін құру.

«Жобалау» тобы үйдің сызбасын сызу.











Слайд (самолеттің, машина, үйдің суреті)


3D модель видеоролик

Экспо -2017

































«Виртуалдық әлем» видео
























































































































Компьютер SketchUp программасы


Құрастырғыш


А4 форматтағы қағаз,сызғыш, карандаш


Аяқталуы

3 мин




















Бағалау: «Өзара бағалау»

2 мин


Сабақты қорыту.

Балаларға салют.

1. Виртуалдық деген не?

2. Нақты және виртуалды нысандардың айырмашылығы неде?

3.Модельдеудің мақсаты қандай?

4.Үшөлшемді графикада қандай компьютерлік модельдеу түрлері бар?

5.Неліктен компьютерлік ойында адамға гравитация күші әсер етпейді?

6.Үш өлшемді графика құратын программаларды ата?

7.Виртуалдық шындық дегеніміз не?

8.3D анимация дегеніміз не?





Неміс философы Зиммельдің айтуынша, «білімді адам – ол өзі білмейтінді қайдан табуға болатынын білетін адам».



Сұрақтарға жауап бере отырып, білімдерін бекітеді, өз білімдеріне қорытынды жасайды.



















Топ басшылары әр оқушыны бағалау парақшсына бағалап отырады.


үйге тапсырма

Тақырыпты оқу. Қосымша Үш өлшемді графика құратын бағдарламалармен жұмыс жасап үйрену.



рефлексия


Екі жұлдыз, бір тілек

стикер























Алматы облысы

Панфилов ауданы

«Көктал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі





Тақырыбы:



10 сынып





Информатика пәнінің мұғалімі: Тельтаева Н.А



2015-2016 оқужылы

Автор
Дата добавления 02.04.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров88
Номер материала ДБ-004142
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх