Инфоурок Информатика Другие методич. материалыИнформатика дарабозы (6 класс )

Информатика дарабозы (6 класс )

Скачать материал

Сүйінбай  атындағы  орта  мектеп  Үшбұлақ  бастауыш  мектебімен  К.М.М

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Информатика пәнінен сыныптан тыс шара

 

6 сыныптар

 

 

 

                                                                        

 

 

 

                                                                  

 

 

 

                                                                  Орындаған:

                                                                  Информатика пәнінің  мұғалімі 

                                                                  Тлеукулова  Б.А

 

 

 

        

 

 

 

 

 

Қарақыстақ ауылы

Сыпыптар: 6А,Ә,Б                                                                    Бекітемін:

Күні: 25.11.2015                                                                        Узбекова Р.К

                                                                                                         

Сабақтың тақырыбы: «Информатика дарабозы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың  іс - әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру,оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық.
Дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
Тәрбиелік: өз білімдерін дамытуға, бір–бірін құрметтеуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Сыныптан тыс жұмыс
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Жабдықталуы:Компьютерлер, интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар.
Көрнекілігі: Слайд презентация, кеспе қағаздар.
Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, қазақ тілі, математика, орыс тілі

.

Жүргізуші: Армысыздар ,Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Информатика дарабозы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Компьютер – сенің көмекшің
Қаламың, әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де – 

Ақпараттық заманың! – дей келе

«Информатика дарабозы» атты ойынымызға қатысушыларды қошеметтейік.  6 А сыныбының  командасының аты:Болашақ, 6Ә сыныбының  командасының аты: Мұрагер және 6 Б сыныбының аты:Эверест.

Әр команда өзін таныстырып кетеді.

 

Жарыс кезеңдері:

І. “Бәйге” (Сайыскерлерге 10 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі).

 «Дешифратор»
Ойынның шарты: Әр командаға 10 сұрақтан қойылады. Сұраққа “иә” не “жоқ” деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 10 ұпай деп саналады.

ІІ. “Тіл - өнер” (Жұмбақталып 10 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан оқушыға 30 ұпай, ал екі тіл де айтса 20 ұпай, бір тілде айтса 10 ұпай).

 ІІІ. “Көкпар” (Логикалық есептер беріледі, дұрыс жауапқа 10 ұпай).

ІV. “Адасқан әріптер” (Дұрыс жауапқа 5 ұпай).

V. «Кім жылдам?» (Информатикаға қатысты торкөзде сөздер жасырылған дұрыс жауапқа 5 ұпай).

VI. “Жорға” Қалған 2 команда 10 - 10 – нан сұрақтар оқылады, көп ұпай жинаған оқушы “Информатика дарабозы” атанады.

VII. Марапаттау.

VIII.Қорытынды.


Әділқазы алқасын сайлау.

Мектеп психологы: Ысқақов Данияр

Физика пәнінің мұғілімі: Жігітбаева Алия Амірбекқызы

Математика пәнінің мұғалімі: Умиржанова Мадина

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Наурызбай Айдын Ержанұлы

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Қанатқызы Мадина

Технология пәнінің мұғалімі: Бисембаев Мирас Амангелдіұлы

Орыс тілі пәнінің мұғалімі: Айқанова Қарлығаш Өмірзаққызы

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Окусханова Айжан

Жүргізуші:

Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Бәйге» деп

аталатын І кезеңін бастайық. Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Қай оқушы қолындағы жалаушаны бірінші көтереді, сол ойыншы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

 

Ортаға «Болашақ» командасын шақырамыз.
1. Ақпараттың неше түрі бар? (5 түрі бар)
2. Ақпараттық процестерді атаңыз. (сақтау, өңдеу, жеткізу).
3. Компьютердің негізгі құрылғыларына не жатады? (жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан).
4. «Ақпарат» сөзі латынның қандай сөзінен шыққан? (informatio)
5. Пернетақтаның неше пернесі бар? (104 пернесі бар)
6. Алғашқы есептеу құрылғысы? (саусақтар)
7. Компьютердің миы. (процессор)
8. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы (Модем)
9. Адам мен компьютер арасындағы қарым – қатынас (Интерфейс)
10. Вирустың кері  әсерін жоятын  программа (Антивирус)

                                                                                              
Келесі Бәге кезеңіне
«Дешифратор» ойынын кірістіріп  жалғастырайық ортаға Мұрагер, Эверест командаларын шақырайық.

«Дешифратор»
Ойынның шарты: Әр командаға 10 сұрақтан қойылады. Сұраққа “иә” не “жоқ” деп жауап беру керек. Әр дұрыс жауап 10 ұпай деп саналады.



І команда «Мұрагер»  
1. «Ақпарат» сөзі латын тілінен аударғанда түсіндіру, баяндау, мәлімет дегенді білдіреді. (ия)
2. Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. (жоқ)
3. Адам ақпаратты сақтай алмайды. (жоқ)
4. Ең алғашқы ЭЕМ 1946 жылы АҚШ - та пайда болды.(ия)
5. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі килобайт деп аталады. (жоқ)
6. Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрал.(ия)
7. Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. (жоқ)
8. Пернетақта компьютерге ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
9. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 80 перне болады. (жоқ)
10. Delete алдыңғы символды өшіру пернесі (жоқ)


IІІ команда Эверест 


1. «Информатика» пәні ЭЕМ - нің көмегімен ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. (ия)
2. 1 Килобайт 1024 байтқа тең. (ия)
3. Дисплей компьютер экранына ақпаратты шығарушы құрылғы (ия)
4. Сканер ақпаратты енгізу құрылғысы. (ия)
5. Электронды есептеуіш техниканың даму тарихы бірнеше буындарға бөлінеді. (ия)
6. ЭЕМ - нің дамуының ІІІ буынында электрондық шамдар пайдаланылды. (жоқ)
7. Бит, байт ақпараттың өлшем бірліктері. (ия)
8. Пернетақта, сканер ДК - дің сыртқы құрылғыларына жатады. (ия)
9. Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. (ия)
10. 1846 жылы Бэббидж машинасына программа жазған Ада Лавлейс. (ия)

Жүргізуші:3 команда  Болашақ, Мұрагер, Эверест .

Оыс тілі, ағылшын тілі, қазақ тілі пәндерімен байланыстырамыз,оқушыларымызды бағалауға ортаға келулерінізді сұраймыз.

Жас достарым, мұны айтпаймын несіне,
Информатиканы құрметтеу менің есімде.
Қазақ, орыс, ағылшын тілін білсеңіз,
30 ұпай, шәкіртім саған несібе, - дей келе “Тіл - өнер” атты ІІ кезеңімізді бастайық. Бұл бөлімде жұмбақ беріледі. Жауабын тауып, сөзді орысшаға, ағылшынға аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде жауап берсе 20 ұпай, 3 тілде жауап берсе 30 ұпай қосылады. 

1. Төртбұрышты әйнек,
    Тұнып тұрған әлек. (монитор - монитор)

2. Ұзын тұра Жалқаубек,
    Тұрмай ылғи жатады.
    Қозғала қалса артынан,
    Ешбір белгі қалмайды. (бос орынпернесі - пробел - blank)

3. Бұта қорында мың бір инесі,
    Компьютер жаны мекені (кактус - cactus - тікенекгүл)

4. Тетігін бассаң алаңсыз,
    Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта - клавиатура - keyboard)

5. Батырмасын басасың
   Қажетті файлды ашасың (тышқан - мышка - maus)

6. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
    Ұзындығы жазулы тұр бойында. 
    (сызғыш, линейка, a ruler)

                                                                               
7. Қабат-қабат қаттама
    Ақылың болса аттама.
    (кітап, книга, book)

8. Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. тартады. Ал егер екі           аяғымен тұрса, қанша тартады? 
    (он екі, двенадцать, twelve)


9. Батырмасын басасың
    Қажетті файлды ашасың
    (тышқан, мышь, mouse)

 

10. Жақтаулар арқылы шектеледі
      Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді.
     
(терезе, окно, windows)

 

Қойылған сұрақ есепке,
Ойланып жауап іздейік.
Уақытты текке өткізбей,
Қатесін анықтап берейік, -дей келе “Көкпар”атты ІІІ кезеңімізді бастайық. Бұл бөлімде логикалық есептер беріледі дұрыс жауапқа 10 ұпай.


1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама – қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? - 4 
2. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. 
неше стакан қалды? - 3 стакан 
3. Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді?
(15км/сағ)
4. Допты лақтырғанда, доп сол ізі мен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? - жоғары–
5. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? – шырпы–
6. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру керек? – 8.

 

 Келесі,командалардың өздері салған суреттерін  Болашақ, Мұрагер, Эверест командалары  Кім көп біледі?. Әр топқа компьютерге байланысты өз ойларынша «Компьютер - 2030» деген тақырыпқа салынған суретті қорғайды. Шығармашылық жұмыс.


Жарысайық сайыста,
Кімнің ойы мықты екен?!
Кімнің күші аз дау боп,
Кім озып алға шықты екен деп, ойынымыздың IV кезеңі “Адасқан әріптер”бұл кезеңде информатикаға қатысты сөздер берілген.
Осы адасқан әріптер арқылы дұрыс сөз құрастыру. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.
1. Нимотор ----------- Монитор
2. Пьюромтек ------- Компьютер
3. Енрепатқат -------- Пернетақта
4. Лайф ---------------- Файл
5. Рльоукятакл ------ Калькулятор
6. Атқсуа -------------- Сақтау
7. Аэкторикелн ----- Электроника
8. Дңеөу -------------- Өңдеу

Келесі сайыс түрлі - айтыс    
Мұнда сөз тіркесі ілінеді. Оны қызыл алған оқушы мақтайды, келесі көк алған ойыншы даттайды. Тақта: «КӨКПАР» сөзі ілінеді.
Білімдіден шығар алғыр, шешен
Шешендікпен болған ғой барлық көсем
Сайра шәкірт, суырыл, шарықташы
Қалмасын бұл жарыста сенің есең.

Компьютердің зияны мен пайдасы.
1- топ. Компьютерлік ойын баланың ақыл ойын дамытады.
2- топ. Компьютерлік ойын баланы қызбалыққа, жүйелі ойламауға итермелейді.
1- топ. Баланың ойлау қабілетін күшейтеді.
2- топ. Компьютерге ұзақ отыруға әдеттендіреді, ультракүлгін сәулелерді көп тұтады.
1- топ. Компьютермен қорықпай жұмыс істеуге үйретеді.
2- топ. Көз көру қабілеті нашарлайды.
1- топ. Шапшаңдыққа, байқампаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді.
2- топ. Жаттанды жұмысқа, яғни белгілі бір пернелерді басуға үйретеді.
1-топ. Білімді құштарлығын оятады.
2-топ. Робот тәрізді жұмыстарға баулиды
1-топ. Жасына сай әрекет жасауға бейімдейді.
2-топ. Электр энергиясын үнемдеуге ұмтылдырады.

Жүргізуші.
V. «Кім жылдам?» атты бесінші кезеңімізді бастайық. Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және информатикаға қатысты атауларын табар екен? 




М К А К О М П
О Н К С Т Н Ь
В И Т У Ы А Ю
И Т О Р Ш Қ Т
Р П С К А Р Е
У Е Е Т Н Е Р
С Р Н А Қ Т А

Жауап: бұл жерде 7 информатикаға қатысты сөзжасырылған (МОНИТОР, КОМПЬЮТЕР, ВИРУС, КАКТУС, ПЕРНЕТАҚТА, СКАНЕР, ТЫШҚАН)
Енді әділқазылар алқасына сөз беріп, осы кезеңнен аз ұпай жинаған 2 оқушының ойыннан шығарып салайық.

«Логикалық сұрақтар»
Шарты: Әр топқа 3 логикалық сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауап 5 ұпай

• Елеуішпен су әкелуге бола ма?
• Бес адам кездесіп қалып, бір - бірімен қол алысты? Барлық қол алысу саны қанша?
• Термометр аяз болғасын - үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?
• Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше
стакан қалды?
• Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға қанша машина бара жатыр?
• Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін?


Жүргізуші. VI. “Жорға” қалған 2
команда ұпайы бойынша жоғары  10 - 10 – нан сұрақтар оқылады көп ұпай жинаған оқушы “Информатика дарабозы” атанады.
1
команда.
1. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғыны қалай атаймыз? (Принтер)
2. Қағаздағы ақпаратты компьютерге тікелей енгізетін құрал (Сканер)
3. Компьютердің ақыл ойы? (Процессор)
4. Терезенің орысша атауы? (Окно)
5. Сурет салуға арналған графикалық редактор?(Paint)
6. Алғашқы есептеу құрылғысы (Саусақ)
7. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (Бит)
8. Бір байта неше бит бар? (8)
9. Алгоритмнің графиктік түрде бейнеленуі (Блок - схема)
10. Компьютерге зақым келтіретін арнайы шағын программа (Вирус)


2
команда.
1. ЭЕМ - мен жұмыс жасау кезінде экраннан қанша қашықтықта отыру керек? (60 - 70)
2. «Paint» қандай редактор? (графиктік)
3. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (Бит)
4. «Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан? (Латын)
5. Дүниежүзілік желі? (Интернет)
6. Бас әріптер режимін іске қосу пернесі? (CapsLock)
7. Екілік санау жүйесінің сандары? (0 мен 1)
8. Компьютердің миы (Процессор)
9. Вирусты жоятын программа (антивирус)
10. Дыбыс жазу құрылғысы (Микрофон)

 
Қорытынды:Әділқазылар өз ойларын, сайыстан алған ісерлерін айтып жеңімпаз болған командаларды I, II, III орынмен марапаттау. Біздің болашағымыз жастарымыздың қолында, сондықтан біздің оқушылар білімді, өнерлі,тапқыр болуын тілеп сол үшін еңбек етуіміз керек.
Мұғалім:
Көңіл бөліп бұл кешке,
Келгендерге көп рахмет!
Шын сезінген көрермендерге,
Мың рахмет, мың рахмет!



Жүргізуші. Бүгінгі көріп тамашалаған «Информатика дарабозы» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Информатика дарабозы (6 класс )"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по маркетингу (тур. агенства)

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 277 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.12.2015 655
    • DOCX 78.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тлеукулова Ботагөз Ауғанбайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6619
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Использование нейросетей в учебной и научной работе: ChatGPT, DALL-E 2, Midjourney

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 610 человек из 77 регионов
  • Этот курс уже прошли 948 человек

Курс повышения квалификации

Компьютерная грамотность для пенсионеров

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по информатике и ИКТ в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 576 человек

Мини-курс

Готовимся к ЕГЭ по литературе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн и визуальная коммуникация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 14 регионов

Мини-курс

Введение в экономическую теорию и практику

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе