Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Рабочие программы / "Информатика әлемінде" ашық сабақ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Информатика

"Информатика әлемінде" ашық сабақ

библиотека
материалов

Алматы облысы Жамбыл ауданы

«Ынтымақ ауылы орта мектеп» КММ

















«Информатика әлемінде»









































Сабақтың тақырыбы: «Информатика әлемінде»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс - әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастырады.
Дамытушылық: ойлау қабілеттеріндамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттырады.
Тәрбиелік: өз білімдерін дамытуға, бір–бірін құрметтеуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Сыныптан тыс жұмыс
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Жабдықталуы:Компьютерлер, интерактивті тақта, тапсырмалар, жұмбақтар, сұрақтар.
Көрнекілігі: Слайд презентация, кеспе қағаздар.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру.
1. Сынып оқушыларын түгендеу.
2. Сабақ жоспарын таныстыру.
Жарыс кезеңдері:
І. “Таныстыру” (Екі топ өздерін таныстырады, эмблемаларын қорғайды 10 ұпайдан жоғары).
ІІ. “Бәйге” (ромашкадағы сұрақтарға жауап береді 5 ұпай ).
ІІІ. “Адасқан әріптер” (Капитан командалар ортаға шығып шашыраған әріптерден сөздер құрайды, дұрыс жауапқа 10 ұпай).
ІV. “Өнерлі өрге жүзер” ( оқушылар өз өнерлерін көрсетеді).
V. «Кім жылдам?» (Екі топ бір-біріне дайындаған сөзжұмбақтарын ұсынады дұрыс жауапқа 10 ұпай)
VI. “Жорға” (Ағашта өсіп тұрған алмаларда жазылған жұмбақтарға жауап және жанылтпаш айту өнері, дұрыс жауапқа 10 ұпай).
VII. Қорытынды. Марапаттау.
Барысы: Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Информатика әлемінде» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Білімнің маңызын Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Біз өмір бойына жететін білім алу» моделінен «Өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз. Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық», - деп көрсеткен.
«Білімді азамат - ел ертеңі», «Білекті бірді, білімді мыңды жығар», «Білім мен даналық - адам көркі», т. с. с. білім туралы ұлы тұлғалардың сөздері мен халықтың нақыл сөздері бекер айтылмаса керек. Құрметті оқушылар сіздерді «сайыса отырып, саналы болуға», «ойнай отырып, ойлы болуға» шақырамын.
Сайысымызды бастамас бұрын әділқазыларды сайлап алайық.
Армысыздар осында жиналғандар
Сіздерді қызықтырар небір сыр бар
Рұқсат берсе, біздерге көрермендер
Кешімізді басталық қатысушылар - дей келе «информатика әлемінде» сайысына қатысатын командаларды қол соғып, ортаға шақырайық.


Жүргізуші:
Топ алдына шыққан басын иіп,
Сәлемдесу парызы әрбір жастың
Білімдерін паш етер оқушылар
Сәті келіп қалғандай танысатын - деп «таныстыру» атты І - кезеңімізді бастаймыз.
І кезең. Таныстыру (Топтар өздерін таныстырады, эмблемаларын қорғайды)


Жүргізуші:
Мынау ұшқыр заманда,
Жаңалық енді ғаламға.
Компьютер тілін меңгеру,
Қажеті туды адамға.- деп келесі кезеңімізге көшеміз
ІІ кезең. «Бәйге» ” ( ромашкадағы сұрақтарға жауап береді 5 ұпай ).

  1. Компьютер алдында отыру ережесі

  2. Өте кеңінен тараған архиватор программалары

  3. Компьютердің негізгі құрылғыларына не жатады

  4. Компьютерді вирустан қорғайтын программа

  5. Алғашқы есептеу құрылғысы

  6. Ақпарат сөзінің мағынасы


Жүргізуші:
Дүниедегі құбылыстың мәнінде,
Интернеттің, жаңалықтың бәрін де.
Мүмкін емес информатикасыз түсіну,
Компьютер дүние кілті бүгінде - деп келесі кезеңімізге көшеміз
ІІІ кезең. “Адасқан әріптер” (Капитан командалар ортаға шығып шашыраған әріптерден сөздер құрайды, дұрыс жауапқа 10 ұпай).

М К А К О М П
О Н К С Т Н Ь
В И Т У Ы А Ю
И Т О Р Ш Қ Т
Р П С К А Р Е
У Е Е Т Н Е Р
С Р Н А Қ Т А

1. Нимотор ----------- Монитор
2. Пьюромтек ------- Компьютер
3. Енрепатқат -------- Пернетақта
4. Лайф ---------------- Файл
5. Рльоукятакл ------ Калькулятор
6. Атқсуа -------------- Сақтау
7. Аэкторикелн ----- Электроника
8. Дңеөу -------------- Өңдеу




ІV кезең Өнерлі өрге жүзер” ( оқушылар өз өнерлерін көрсетеді).

Жүргізуші:
Информатика пәнінен
Көрсетіп біздер батырлық
Ой толғалық жүйелі,
Ойлануға татырлық – деп
V кезең «Кім жылдам?» (Екі топ бір-біріне дайындаған сөзжұмбақтарын ұсынады дұрыс жауапқа 10 ұпай)

Жүргізуші:
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген, зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен - деп
VI кезең кезеңімізге өтеміз.


VI кезең “Жорға” (Ағашта өсіп тұрған алмаларда жазылған жұмбақтарға жауап, дұрыс жауапқа 10 ұпай).

  1. Төртбұрышты әйнек,
    Тұнып тұрған әлек. (монитор)

  2. Ұзын тұра Жалқаубек,
    Тұрмай ылғи жатады.
    Қозғала қалса артынан,
    Ешбір белгі қалмайды. (бос орынпернесі)

  3. Бұта қорнында мың бір инесі,
    Компьютер жаны мекені (кактус)

  4. Тетігін бассаң алаңсыз,
    Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта
    )

  5. Батырмасын басасың
    Қажетті файлды ашасың (тышқан)

  6. Жақтаулар арқылы шектеледі
    Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді.(терезе,)

  7. Қағаз бетінен алады,
    Бірден компьютерге салады. (сканер)

  8. Компьютермен енеді
    Қағазға басып береді. (принтер)

  9. Мәліметті сұраған,
    Экранға шығарған. (монитор)

  10. Батырмасын басасың,
    Қажетті файлды ашасың. (тінтуір)



VII кезең Қорытынды. Марапаттау.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030 жылы барысқа апаратын - бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауға тырысып, дәл бүгінгідей зияткерлік сайыстарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік дегім келеді.
Әділқазылар алқасы сіздердің ойларыңызды білсек..
Бүгінгі кешіміз осыменен аяқталды! Баршаңызға көп - көп Рахмет!
Компьютерлік ойын баланың ақыл ойын дамытады.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 06.02.2016
Раздел Информатика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров97
Номер материала ДВ-421740
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх