Инфоурок / Информатика / Статьи / "Информатика әлеміне саяхат" атты сайыс сабақ

"Информатика әлеміне саяхат" атты сайыс сабақ



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Интеллектуалдық ойынның тақырыбы: «Информатика әлемінде» 6 - 7 сынып аралығында
Мақсаттары:
1Білімділік. Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру, ынтасын арттыру, алған білімдерін шыңдап, тексеру.
2. Дамытушылық. Ой - өрісін іс - жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік. Бір - бірімен достық, ынтымақтастықта болуға, бір - бірін тыңдауға, сыйлауға тәрбиелеу.

Ойынның барысы:
Информатика болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып 21 - ші ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды.
Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!
«Таланттылар терін төгіп, толғансын,
Тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын», деп бүгінгі «Информатика әлемінде» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер.

Көңілді тапқыштар, білгіштер
Бар өнерін салады,
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады,- деп бүгінгі ойынымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

Ойын бөлімдері:
1. Таныстыру
2. Бәйге
3. Тапқыр болсаң тауып көр
4. Жеті жұрттың тілін біл
5. Кім жылдам
6. Сиқырлы әріптер
Әр бөлімнен кейін әділ - қазылар алқасы топтардың балдарын жазып отырады, толық жауап 10 ұпай, орта жауап 5 ұпай, жауап жоқ болса 0 ұпай беріледі.
Әділ - қазы алқаларымен таныстырып өтейік:
1.
2.
3.

Асып әсте саспайық,
Сайыс қызығын ей достар.
Осылайша шабытпен,
Қане енді бастайық
Жиналған ылғи дарындар,
Жүрегі от боп жалындар.
Топтардың бәрін халайық,
Қол соғып қарсы алайық.
2 топ ортаға шығады.
1 - бөлім. «Таныстыру»Бұл бөлімде әр топтың басшылары өз тобын таныстырады.
2 - бөлім: «Бәйге»бұл бөлімде әр топ басшыларына 6 сұрақ қойылады.

« 7 сынып» сұрақтары:
1. Ақпаратты кодтау дегеніміз не?
2. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі не?
3. Мәтіндік ақпаратты ASCII кодталуында бір символға кодтау үшін қанша байт қажет?
4. Жад дегеніміз не?
5. Жад нешеге бөлінеді?
6. Пиксель дегеніміз не?
«6 сынып» сұрақтары:
1. Монитормен көздің ара қашықтығы қанша болу керек?
2. Ақпараттық үдерістің неше түрі бар?
3. Ақпараттың қасиеттерін ата
4. Вирус дегеніміз не?
5. Бірінші электронды есептеуіш машинаның элементтік базасы не?
6. Вирусқа қарама - қарсы үдеріс?

3 - бөлім «Тапқыр болсаң тауып көр» Бұл бөлімде жұмбақ жасырылады, шешуін тапқан топ белгіні көтереді. Қай топ бірінші көтереді сол топ жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.
1. Қағазға тоймайтын құрылғы
(принтер)
2. Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын, қорқақ, компьютердің кенже баласы
(тышқан)
3. Осынау күнде компьютер менің тұрағым
Үиімді мен «жаудан» қорғап тұрамын.
(антивирус)
4. Өзім шап – шақ денесі бар бір затпын,
Сан жетпейді есебіне мен арқылы алып жүрер құжаттың.
(флешка)
5. 1) Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді.
(Принтер)

4 - бөлім «Жеті жұрттың тілін біл» Әр топқа 2 сұрақтан қойылады жауабын 3 тілде айтады.
7 – сыныптың сұрақтары:
1. 1байтта неше бит бар?
2. Таңбалармен сигналдар жиынын қалай атаймыз?


6 - сыныптың сұрақтары:
1. Мәлімет енгізу құрылғысын қалай атаймыз?
2. Дербес компьютердің кішкентай құрылғысы не?

5 - бөлім «Кім жылдам» Бұл бөлімде компьютер құрылғыларының суреттері беріледі (монитор, принтер, дыбыс колонкасы, пернетақта, жүйелі блок, сканер, модем, ақпарат тасығыш). Қосымша құрылғыларды бір жаққа негізгі құрылғыларды бір жаққа топтастырады. Болған топ белгіні көтереді. Толық жауапқа 10 ұпай беріледі.


6 - бөлім «Сиқырлы әріптер»Әр топқа бір сөздің шатастырылған әріптері беріледі сол сөзді қай топ бірінші құрастырады сол топ белгіні көтереді. Дұрыс жауап болса 10 ұпай беріледі.
Осымен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ!

Жетпесіңе жеткізген,
Қызықты уақыт өткізген.
Бар ғылымды сыйдырып,
Білетіні көп бізден.
Жаңалықтың жаршысы,
Жұртты елең еткізген
Информатикаға мың алғыс! – деп әділқазылар алқасына сөз береміз

Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-504171

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>