1556245
столько раз учителя, ученики и родители
посетили официальный сайт проекта «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Информатика КонспектыИнформатика пән мұғалімінің жылдық рефлексивті есебі.

Информатика пән мұғалімінің жылдық рефлексивті есебі.

IV Международный дистанционный конкурс «Старт» Идёт приём заявок Для дошкольников и учеников 1-11 классов 16 предметов ОРГВЗНОС 25 Р. ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

1402027036_Bezymyannyi.png

Байдарманова Ләззәт Нұрмаханқызы

Информатика пәні мұғалімі

21 орта мектеп

Тараз қаласы


Мұғалімнің әдістемелік жұмысы есебі:

Мұғалімнің әдістемелік жұмыс тақырыбы: Интербелсенді оқыту технологиясын информатика пәнінде қолданудың тиімді жолдары.

Мақсаты: Интербелсенді тәсілдерді қолдану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру жолдарын табу.

міндеті:

күнделікті сабақта жаңа ақпараттық технологиялардың жетістіктерін қолдану;

сабақта қолданылатын әдіс тәсілдерді жетілдіру;

ата аналарды оқыту процесіне қатыстыру;

А,В,С іріктеу, білім сапасын талдап, оның өсуін бақылауға алу.


Жұмыс кезеңдері:

1-кезең

АВС деңгейге оқушыларды іріктеу, олар туралы жеке отбасылық және тұлғалық ерекшеліктері туралы деректерді жинақтау. Қажеттіліктері мен сыныптағы орнын анықтау. Социаметрия арқылы біріккен топтарды анықтау. Сынып жетекшілері мен отбасы және пән мұғалімдері, психологтармен сұхбаттасу. 7 «Ә»,7 «А» сынып оқушыларынан Малс, Двек сауалнамалары, оқушының қабілетін анықтайтын сауалнамалар алынды және қорытынды жасалды. 7 «А» сыныбында ата-аналармен коучинг өткізіп, олардан сауалнамалар жиналды. Ата-аналардың белсенділігін арттыру және оларды оқыту мен оқу сапасын арттыру процесіне қатыстыру мақсатында жүргізілген коучинг нәтижелі әрі тиімді өткізілді. Осындай жиналыстардың жиі өткізіліп тұруын сұрады. Осы коучингтегі көтерілген бір мәселелердің біреуі ол оқушылардың әдеби кітапты оқымауы болғандықтан, оларға кітапханадан арнайы жас ерекшеліктеріне сай іріктелініп алынған әлем әдебиеттерінің үздік шығармалары таратылып, оның оқыту процесіне деген әсері бақылауға алынды. Екі апта ішінде оқушылардың өзара қарым қатынастарында да және сабаққа деген жауапкершілігінде де айтарлықтай жақсы өзгерістер байқалды. Сынып сағаты өткізіліп, олардың өздері оқыған кітаптары туралы пікірлері мен ой толғаныстарын көрнекті жеткізе білуге баули отырып, әр түрлі тақырыпта мультимедиалық технологиялар көмегімен ой қозғап, жақсы әсер туғызды. Жалпы білім мен тәрбие «егіз қозыдай» қатар жүрген жағдайда және ата-ананың қамқоры мен махаббаты аясында, бұдан бөлек сынып жетекшінің зеректігі мен пән мұғалімдерінің ынтымақтаса жұмыс жасауының арқасында және Маслоудың қажеттіліктері орындалғанда ғана бала қарқынды еш кедергісіз дами алады деп сенеміз. Сыныптағы қарым қатынастың ролі оқыту сапасын жақсартуда маңызы зор екеніне көз жеткіздік.

2-кезең Сабақтарда жаңа тәсілдер мен ақпараттық коммуникациялық технология жетістіктерін қолдана отырып, интербелсенді тәсілдерді жетілдіруді бақылау, дамыту және тиімділігін арттыру.

10-11 сыныптар арасында «Компьютер мен интернеттің пайдасы және зияны» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізіліп, постер қорғау мәдениетімен оқушылар жақын танысты. Бұдан бөлек күнделікті сабақтарда «фишбоун» , «постер қорғау», «ыстық орындық», «әңгіменің үш түрін», «Activote», «бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін», «морфологиялық себет», «топтастыру», «алты калпак», «бес бармақ», «бес тірек сөз» тәсілдерін қолдандым. Сабақтағы оқушылардың интербелсенді көшбасшылығын қолдай отырып, психологиялық ахуалды реттеп, сергіті сәттерін қолданып, жұмыстың әртүрлі формаларын жасаттым. Көбіне жұптық жұмыстар топтық жұмыстармен сабақтасып, деңгейлік тапсырмаларды өздері құрған критерийлер бойынша орындады.

3- кезең Ашық сабақтар мен семинарлар арқылы тәжірибе алмасу, зерттеушілік сабақтарды «сыншы дос» шақырта отырып өткізу. Рефлексивті ойтолғаныстармен бөлісу. Жинақтаған және алған тәжірибемен тәлімалушылармен бөлісу. Мектепішілік семинарлар мен қала көлеміндегіі семинарларда тәсілдердің тиімділігі жөнінде пікір алмасу.

«Алгоритм түрлері» тақырыбында ашық сабақ 8 «Б» сыныбына өткізіліп, бірлестік көлемінде «өте жақсы» деп бағаланды.

«Модель» тақырыбында ашық сабақ 6 «Ә» сыныбына өткізіліп, әкімшілік тарапынан «жақсы» деп бағаланды.

8 мектепте өткен қалалық семинарда «Тәлімгерлік үдеріс» тақырыбында есеп беріп, оның жүйелі әрі тиімді жолдарын және іс-шараларын ұсындым.

нәтижелілігі: сабақта қолданылатын стратегиялар мен тәсілдер қоржыны толығуда және мемлекеттік бағдарламаның орындалуы тиімді жолдармен жүзеге асуда. Яғни, оқушылардың пәнге қызығушылықтарының артуы және білім сапалары мен бақылау жұмыстарының нәтижелері айтарлықтай жақсаруы болып табылады.

Оқушылар өздерін өздері бағалауға дағдыланды және өздері үшін оқуға бейімделді. Олар баға үшін емес сапа үшін ынтымақтаса білім алды. Ал тәлімалушыларыммен қысқа мерзімді жоспарды біріге құра отырып, тәсілдердің тиімділігін арттырып, оның білім сапасын арттыруға деген әсерін зерттей бастадық. Әрі тәлімалушыларымды оқыта отырып, өзімде көп жаңалықтардың бетін ашып, тәжірибе алмастым. Оқу мен оқытудағы кездескен проблемаларды бірігіп, шешіп отырдық.

Қаулылардың орындалуы туралы ақпарат

Педагогикалық кеңес

  • Информатика кабинетіне стенд жасалып ілінді. Кабинетте қауіпсіздік шаралар жүргізілді.

  • Кабинет талаптарға сай көрнекіліктермен жабдықталынды.

  • Мұғалімдердің коучинг сессияларға қатысты қажеттіліктері анықталды.

  • Ата-аналармен «Оқушының оқуға деген мотивациясын ояту жолдары» тақырыбында коучинг сессия өткізілді.

  • Сынып жетекшілермен біріге отырып, профилактикалық іс шаралар жүргізілді.

  • (оқушылар мен олардың ата аналарынан жеке сауалнамалар алынды, сыныптар туралы мінездеме жинақталды )

  • Психологтардың оқу мен оқыту процесіне қатысты бір қатар көмегіне жүгіндік. (социаметрия алу, қабілеттіліктерін анықтау, девиантты баламен жұмыс, тренингтер жинақтамасы)

  • Оқушылар арасында шығармашылық топты ұйымдастыру жүзеге асты. Бұл жобалық жұмысқа 3-11 сынып оқушылары қамтылды.

Әдістемелік кеңес

«Жаңа толқын» атты қоғамдастық құрылып, оның мақсат міндеттері және жоспарлары жасалды.

«Жаңа толқын» қоғамдастығы Лессон стади зерттеушілік сабақтарын нәтижелі өткізіп, көпшіліктің назарына ұсынылды.

«Жаңа толқын» қоғамдастығы сабақта қолданылатын топтық жұмыс тәсілдерін жетілдіріп, көптеген тиімді ұсыныстар жасады. (бағалау дәптерін құруды ұсынды және стратегиялар қоржынын жасады сайтта)


Коучингтер:

  1. «АКТ мүмкіндіктерін қолданудың жаңа тәсілдері»,

  2. «Оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау»,

  3. «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы»,

  4. «Топтық жұмысты ұйымдастыру жолдары»,

  5. «Бастауыш сынып оқушыларын зерттеушілікке баулу жолдары»

  6. «Оқушының оқуға деген мотивациясын ояту жолдары»

тақырыптарында мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін көтеру мақсатында коучинг сессиялар өткізіліп, тиімді нәтижелерін көрсетті.

Бұдан бөлек іс-шараларды жоспарлау мен талқылау процесстерінің жиналыстары болып тұрды және әріптестер, әкімшілік, ата-аналар, оқушылар, жас мамандар, тәлімгерлер мен тәлімалушылар арасында кәсіби әңгімелер жүргізілді. Бұл кәсіби әңгімелер Жеті модуль аясындағы «жаңа тұрпаттағы мұғалім қандай болу керек», «неге біз өзгеруіміз керек», «оқу мен оқытудағы проблемалардың дұрыс шешімдерін таба білу», «тәсілдердің тиімділігін арттыру» және «ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың құзыреттілігін арттыру», «әріптестік ынтымақтастықты қалыптастыру» тақырыптарында өрбіді.


Жақсы құрылған жоспар ғана жұмыстың елу пайызының орындалуына кепілдік береді.

Болашақта қысқа, орта, ұзақ мерзімді жоспардың тиімділігін жетілдіруді көздеймін:

  1. Мемлекеттік бағдарламаға сай ұзақ мерзімді жоспар құру.

  2. Әр сабаққа арналған ата-аналар мен оқушыларға түсінікті, әрі қол жетімді етіп бағалау критерийлері мен дискрипторын құру.

  3. Бағалау критерийлерін жүзеге асыратын орта мерзімді жоспарлар құру.

  4. Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың жетістіктері қолданылып түрлендірілген және Чиксентмихайидің «Өзіндік мақсат» теориясы жүзеге асатын деңгейлік тапсырмалары мен жұмыс түрлері бар қысқа мерзімді жоспарларды құру.

Бұндай жоспарлар мен бағалау критерийлері бар сабақтар оқу мен оқытудың сапасын арттырады және оқушылардың өздігінен оқуына ықпал жасайды деп ойлаймын.


Қорыта келгенде: биылғы оқу жылындағы мемелекеттік бағдарламаның орындалуынан бөлек , жасаған барлық жұмыстарымның нәтижесінде әкімшіліктің қолдауымен көптеген оқушыларымның, әріптестерімнің және ата-аналардың басқа қырларынан танып, олармен тәжірибе алмасып, шығармашылық шабыт алдым. Бұдан бөлек тәлімалушымды үйрете жүріп, өзімде көп нәрсе үйрендім. Орыс тілі пәні мұғалімі Жолманова С.Е. жүргізген Лессон стади сабақтары, қазақ тілі пән мұғалімдері жоспарлаған «Топтық жұмыстың тиімділігін арттыру» Лессон стади зерттеушілік сабақтары мен №8 тірек мектебі жүргізген семинарлары, мектеп директоры Сламов Ғ.Т. өткізген Қалалық «Көшбасшылық» тақырыбындағы мұғалімдерге арналған коучинг сессиясы, тренер Хайрушованың «Топтық жұмыс түрлері» тақырыбындағы жүргізген коучинг сессиясы мен үшін маңызды , әрі пайдалы болды және жағымды әсерін қалдырды.



2014-2015 оқу жылы

3


Курс профессиональной переподготовки
Учитель информатики
Курс профессиональной переподготовки
Учитель математики и информатики
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Краткое описание документа:

Коучингтер:

  • 1.«АКТ мүмкіндіктерін қолданудың жаңа тәсілдері»,
  • 2.«Оқуды бағалау және оқыту үшін бағалау»,
  • 3.«Сын тұрғысынан ойлау технологиясы»,
  • 4.«Топтық жұмысты ұйымдастыру жолдары»,
  • 5.«Бастауыш сынып оқушыларын зерттеушілікке баулу жолдары»
  • .«Оқушының оқуға деген мотивациясын ояту жолдары" тақырыптарында мұғалімдер мен ата-аналардың танымдық және кәсіби біліктіліктерін көтеру мақсатында коучинг сессиялар өткізіліп, тиімді нәтижелерін көрсетті. Бұдан бөлек іс-шараларды жоспарлау мен талқылау процесстерінің жиналыстары болып тұрды және әріптестер, әкімшілік, ата-аналар, оқушылар, жас мамандар, тәлімгерлер мен тәлімалушылар арасында кәсіби әңгімелер жүргізілді. Бұл кәсіби әңгімелер Жеті модуль аясындағы «жаңа тұрпаттағы мұғалім қандай болу керек», «неге біз өзгеруіміз керек», «оқу мен оқытудағы проблемалардың дұрыс шешімдерін таба білу», «тәсілдердің тиімділігін арттыру» және «ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың құзыреттілігін арттыру», «әріптестік ынтымақтастықты қалыптастыру» тақырыптарында өрбіді.

    Жақсы құрылған жоспар ғана жұмыстың елу пайызының орындалуына кепілдік береді.

    Болашақта қысқа, орта, ұзақ мерзімді жоспардың тиімділігін жетілдіруді көздеймін:

    1. Мемлекеттік бағдарламаға сай ұзақ мерзімді жоспар құру.

    2. Әр сабаққа арналған ата-аналар мен оқушыларға түсінікті, әрі қол жетімді етіп бағалау критерийлері мен дискрипторын құру.

    3. Бағалау критерийлерін жүзеге асыратын орта мерзімді жоспарлар құру.

    4. Ақпараттық коммуникациялық технологиялардың жетістіктері қолданылып түрлендірілген және Чиксентмихайидің «Өзіндік мақсат» теориясы жүзеге асатын деңгейлік тапсырмалары мен жұмыс түрлері бар қысқа мерзімді жоспарларды құру.

    Бұндай жоспарлар мен бағалау критерийлері бар сабақтар оқу мен оқытудың сапасын арттырады және оқушылардың өздігінен оқуына ықпал жасайды деп ойлаймын.

    Қорыта келгенде: биылғы оқу жылындағы мемелекеттік бағдарламаның орындалуынан бөлек , жасаған барлық жұмыстарымның нәтижесінде әкімшіліктің қолдауымен көптеген оқушыларымның, әріптестерімнің және ата-аналардың басқа қырларынан танып, олармен тәжірибе алмасып, шығармашылық шабыт алдым. Бұдан бөлек тәлімалушымды үйрете жүріп, өзімде көп нәрсе үйрендім. Орыс тілі пәні мұғалімі Жолманова С.Е. жүргізген Лессон стади сабақтары, қазақ тілі пән мұғалімдері жоспарлаған «Топтық жұмыстың тиімділігін арттыру» Лессон стади зерттеушілік сабақтары мен №8 тірек мектебі жүргізген семинарлары, мектеп директоры Сламов Ғ.Т. өткізген Қалалық «Көшбасшылық» тақырыбындағы мұғалімдерге арналған коучинг сессиясы, тренер Хайрушованың «Топтық жұмыс түрлері» тақырыбындағы жүргізген коучинг сессиясы мен үшін маңызды , әрі пайдалы болды және жағымды әсерін қалдырды.

    2014-2015 оқу жылы

ВНИМАНИЮ УЧИТЕЛЕЙ: хотите организовать и вести кружок по ментальной арифметике в своей школе? Спрос на данную методику постоянно растёт, а Вам для её освоения достаточно будет пройти один курс повышения квалификации (72 часа) прямо в Вашем личном кабинете на сайте "Инфоурок".

Пройдя курс Вы получите:
- Удостоверение о повышении квалификации;
- Подробный план уроков (150 стр.);
- Задачник для обучающихся (83 стр.);
- Вводную тетрадь «Знакомство со счетами и правилами»;
- БЕСПЛАТНЫЙ доступ к CRM-системе, Личному кабинету для проведения занятий;
- Возможность дополнительного источника дохода (до 60.000 руб. в месяц)!

Пройдите дистанционный курс «Ментальная арифметика» на проекте "Инфоурок"!

Подать заявку
IV Международный дистанционный конкурс «Старт» Для дошкольников и учеников 1-11 классов Рекордно низкий оргвзнос 25 Р. 16 предметов ПОДАТЬ ЗАЯВКУ

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Внедрение системы компьютерной математики в процесс обучения математике в старших классах в рамках реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Облачные технологии в образовании»
Курс профессиональной переподготовки «Информационные технологии в профессиональной деятельности: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Применение MS Word, Excel в финансовых расчетах»
Курс профессиональной переподготовки «Управление в сфере информационных технологий в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Теория и методика обучения информатике в начальной школе»
Курс профессиональной переподготовки «Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Применение интерактивных образовательных платформ на примере платформы Moodle»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.