Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Информатика пәні бойынша курстық жұмыс "Ақпарат. Ақпараттың мазмұны, түрлері және ақпараттың қасиеттері"

Информатика пәні бойынша курстық жұмыс "Ақпарат. Ақпараттың мазмұны, түрлері және ақпараттың қасиеттері"



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Мазмұны

  1. Кіріспе

  1. Еліміздегі білім жүйесі

  2. Пән мұғалімдерінің күнтізбелік - тақырыптық жоспарын құрастыру туралы ереже

  3. Күнтізбелік жоспардың үлгісі


  1. Негізгі бөлім

  1. «Ақпарат» тарауындағы «Ақпарат. Ақпараттың мазмұны, түрлері және ақпараттың қасиеттері» тақырыбын оқыту әдістемесі

  2. «Ақпаратты өлшеу» «Ақпаратты кодтау» тақырыбын оқыту әдістемесі

  3. Информатика сабағында дидактикалық материалдарды қолдану

  4. «Ақпарат тарауын» оқытуда дидактикалық материалдарды жасау мен оның ерекшеліктері

  5. Дидактикалық материалдардың түрлері


  1. Қорытынды

  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


















Елімізде болып жатқан өзгерістер білім жүйесіне де әсерін беріп отыр. Ел басшысы «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында, бастауыш және орта білім беру, сондай-ақ мамандарды қайта даярлау жүйесін әлемдік стандарттарға жақындату қажеттілігін айтып, «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» - деді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін Елбасы оқытудың әр білім алушының білім мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың бір тұтас жүйесін жасау; он-лайн тәсілінде оқыту тәжірбиесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру; оқу жоспарларына жаратылыстану ғылымдар бойынша, бірінші кезекте, математика мен ақпараттанудан қосымша сағаттар немесе пәндер енгізу керек екендігін атап көрсетеді. Ендеше, елімізде мамандар жаңа заман талабына сай, терең білімді, пайым-парасаты мол, өрелі жастар болуы керек. Ол үшін білім, ғылым және өндіріс үрдістерінің өзара байланысын қамтамасыз ететіндей білім саласын ғылыми - әдістемелік тұрғыдан дамыту керек.

Бүгінде жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми-педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере, оқыту мен тәрбелеуді жаңаша ұйымдастыруымен көкейкесті мәселе болып отыр.

Қазіргі орта мектеп орынында оқытудың белгілі бір әдістемелік дәстүрлері қалыптасуына қарамастан, оқытудың жаңаша әдістерін іздестіру, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту жолдарын, өздігінен іздену, коммуникативтік қабілетін, адамдарды басқара білу қабілетін дамыту жолдарын іздестіру әрекеттері жүріп жатыр. Атап айтқанда, іргелі пәндерді оқыту мәселесіне жаңаша әдістер керек, өйткені, бүгінгі әлемдік өндірістік технология барысында ғылыми жетістіктерді пайдалануда.

Қоғамның қарқынды ақпараттану дәуірінде адамның жан-жақты дамуы үшін ақпаратты жинақтай білудің, болжамдар мен қорытындылар жасай білудің және жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор болғандықтан, көпшілікке түсінікті болып келе жатыр.

Осы орайда, ең алдымен, «Информатика» пәнін оқытудың алатын орны ерекше. Соңғы он шақты жыл ішінде информатика негіздері мен есептеу техникасы, программалау курстарын оқу процесіне енгізудің алғашқы қадамдарынан бастап оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі мәселелеріне дейін шешілуде, оларға байланысты ғылыми-әдістемелік тұжырымдар жасалуда.

Олай болса, тұлғалық-бағдарлық білім берудегі негізгі құрал оқулық десек, оның сапасы мен атқаратын қызметін жете түсінуге көңіл бөлу қажет.

Оқулықтың сапалы жазылуына назар аударған авторлардың басты ұстанған принципі тұлғалық-бағдарлық, нәтижелі шығармашылық қызмет, кіріктіру, пәнаралық байланыста оқыту және т.б. нәтижеге бағдарланған білім жүйесін құру болды. Оқулық - нақты пән бойынша берілетін негізгі оқу кітабы. Оқулықта пәннің бағдарламасы толық ашылады. Оқулық - бұл оқушы мен оқытушының бірлескен әрекеттерінің құралы. Бұдан оқулықтың білім берудің құралы екені жөнінде дәлелді қорытынды шығады.

Жалпы білім беретін мектептің информатика 9-сыныбына арналған оқулықтарды көптеген авторлар қарастырған: Н.Т.Ермеков, В.А. Криворучко, Л.Н. Кафтункина, Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова және т.б.

Оқушылардың ақпараттық мәдениетін кеңейту, алгоритмдеу және

программалау құзырлығын арттыру үшін оқулықтардан басқа қосымша электрондық құралдар қажет. Себебі дұрыс құрылымданған электрондық оқулықтарды пайдалану, мұғалімнің көмегінсіз оқушылар өз беттерімен білім ала алады. Ал оның тиімді жағы: оқушылардың өз шығармашылық қабілеттерін барынша ашып, қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлығын туғызып, ақпаратты тауып және оны меңгере алуы.

Мемлекеттік стандарт бойынша 7-сынып Информатика пәні, негізінен мынадай бөлімдерді қамтиды:

  • Ақпарат ұғымы және ақпараттық процестер;

  • Компьютер;

  • Компьютердің программмалық жабдықтамалары;

  • Ақпараттық технология;

  • Әлеуметтік информатика;

  • Телекоммуникация;

Пән мұғалімдерінің күнтізбелік- тақырыптық жоспарын құрастыру туралы ережелер


1.Жалпы ережелер

1.1. Күнтізбелік- тақырыптық жоспар   -  бұл білімдік мекеменің   мектеп оқушыларын нақты пән бойынша дайындау деңгейі мен  мазмұндық   минимум талаптарын  іске асыруға арналған құжат. Күнтізбелік- тақырыптық жоспар нақты пән бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігімен  бекітілген үлгі оқу бағдарламасы негізінде   педагогтың өздігінен       құрастырылады. Онда   берілген пәнді  үйрену нәтижесі бойынша  оқушылар  даярлығына қойылатын талаптар, білімдік үдерісті ұйымдастыру бойынша ұсыныстар болып,  нақты пәнді оқытудағы педагогтың  тәжірибелік қызметінде    мемлекеттік стандарттар  компоненттерінің қалайша  іске асырылатыны жайында түсінік  берілуі тиіс.   Күнтізбелік- тақырыптық жоспар ең  бастысы  -   өздерін толығымен іске асыруға ықпал етуші жергілікті жердегі  жағдайларды  есепке ала отырып,  мемлекеттік стандарттарға сәйкес оқушылардың  білім берудегі міндетті  минимумдарды иегіруіне  кепілдікті қамтамасыз етеді.  

1.2. Күнтізбелік- тақырыптық жоспар  –  мұғалімнің пән бойынша оқу бағдарламасын орындау қызметін регламенттеуші  құжат. Күнтізбелік- тақырыптық жоспар мұғаліммен әр сыныпқа арнап  Мемлекеттік  білімдік стандарттарға сәйкес әзірленеді.    Мұғаліммен  әзірленген  күнтізбелік- тақырыптық жоспар  әдістемелік бірлестік жетекшісімен келісіліп, 3 қыркүйекке дейін  мектеп директорымен бекітіледі.    



1.3. Күнтізбелік- тақырыптық жоспардың міндеттері:  

Күнделікті сабақ жоспарын құру міндеттері:

- әр тақырыптың  жылдық  курстағы және  әр сабақтың тақырыптағы  орнын  белгілеу; 

- жеке сабақтармен, жылдық курстың тақырыптарымен  өзара байланысын белгілеу;

- оқушы қызметінің  нәтижесін нақтылау мақсатында   оқу курсында  тексерілетін  мазмұн элементтері мен  бітірушілердің  дайындық деңгейіне  қойылатын  талаптарды белгілеу; 

- білім алушыларды  пән бойынша жүйелі білім, білік және  дағдылармен  қаруландыру бойынша  тиімді жұмыс жүйесін  қалыптастыру. 

1.4   Күнтізбелік- тақырыптық  жоспардың әзірлену деңгейі  мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің  өлшемі болып табылады.

1.5. Оқу курсының күнтізбелік- тақырыптық  жоспарын  әзірлеу кезінде  келесі қызметтер ретін іске асырады:  

* жұмыс  барысы мен  нәтижесін болжау;  

* қажетті шаралар мен   әрекеттердің  ретін әзірлеу;  

* оларды жүзеге асыру үшін   барынша тиімді  әдістер мен  тәсілдерді таңдау;

Ø Қызметті дәл есептеу және  оның кезеңдерінің  басталуы мен аяқталу мерзімін белгілеу;  ;

Ø Қызметті есепке алу және оның нәтижесін бақылау  түрлері мен әдістемелерін  анықтау; 

Педагогтардың  қызметі.

Ø Мұғалімнің   өзі сабақ беретін барлық пәндерден   міндетті түрде  күнтізбелік –тақырыптық жоспары болу керек.

Ø күнтізбелік –тақырыптық жоспар бір жылға жасалуы тиіс.

Ø Мұғалім қажеттілігіне қарай  өзінің  күнтізбелік –тақырыптық жоспарына түзетулер енгізеді.  

Ø Мұғалім мектеп әкімшілігінің немесе тексерушілердің талабы бойынша  күнтізбелік –тақырыптық жоспарын ұсынуға  міндетті.  

  Мұғалім ең алдымен жыл басында сыныпқа арналған күнтізбелік жоспар жасап алғаны дұрыс. Өйткені сабақты қандай материалмен қамту керектігін, сабақ барысында қандай тапсырмаларды қолдану керектігі туралы ойланып оны жүзеге асыру керек. 7 сыныпқа арналған күнтізбелік жоспарды төмендегідей жасауға болады.






Бекітемін: Келісемін: Қаралды:

Утверждаю: Согласованно: Расмотрено:

Директор зам.директора УР на заседании М/О

Оқу ісінің меңгерушісі: Қаулы №

« » Протокол№

« » от « »





КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАР

КАЛЕНДАРНЫЙ ПЛАН


Сабақ

Уроков

Сынып

Класс


Мұғалім:

Учитель :


Сағат саны :

Количество часов:



Аптасында сағ.;

В неделю час.



Жоспарлық бақылау сабақтары сынақ тест сағ

Плановых контрольных уроков зачетов тестов час.



Оқулық: Н.Ермеков,Н.Стифунина «Информатика 7 сынып»

Учебник :







ТҮСІНІК ХАТ

«Информатика» пәні «Математика және информатика» білім беру аумағына кіреді. «Информатика» қоршаған ортаны талдаудың жүйелік-ақпараттық тәсілін қалыптастыратын; ақпараттық процестерді, ақпаратты алу, өңдеу, тасымалдау, сақтау және қолдану әдістері мен құралдарын үйрететін ақпараттық технологияларды қолдануға байланысты адамның практикалық іс-әрекеті аумағын тұрақты түрде дамытып және оны үнемі жетілдіріп отыратын білімнің іргелі ғылыми салаларының бірі болып табылады.

Оқу пәнінің жалпы мақсаты – оқушылардың ақпаратты алу, өңдеу, тасымалдау, сақтау және қолдану процестері туралы іргелі білімді жан-жақты, әрі саналы түрде меңгеруін қамтамасыз ету және соның негізінде оқушыларға қазіргі кездегі әлемнің ғылыми бейнесін қалыптастырудағы ақпараттық процестердің мәнін және ақпараттық қоғам дамуындағы АКТ-ның ролін ашу.

«Информатика» оқу пәнінің міндеттері:

  • информатика саласы бойынша негізгі ұғымдар мен білімдерді қалыптастыру;

  • информатика саласы бойынша біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру;

  • ақпараттық қоғамда өмір сүретін өскелең ұрпақтың адамгершілік және құқықтық негіздерінің қалыптасуын анықтау.

Информатиканы оқыту мазмұны оқушылардың осы пән бойынша білімдерінің қажетті деңгейіне жетуіне бағытталуы тиіс, сонымен қатар ақпараттық технологиялардың нақты құралдарына сәйкес инвариантты болуы керек.

Курс мазмұнының жүйеқұраушы ұғымы «ақпараттық процесс», ал іргеліұғымы – «ақпарат» болып табылады. Құрылымдауға бірегей әдісті қолдану курстың мазмұнын нормативтік құжаттардағыдай жеке-жеке дидактикалық бірліктер жиыны емес, жалпы мәдени сипатта дамушы, әрі біртұтас іргелі пән ретінде көрсетуге мүмкіндік береді.

Курстың мазмұнына адамның жалпы мәдениеті, сонымен қатар білімін әрі қарай жалғастыруы үшін неғұрлым іргелі, әрі маңызды болып табылатын қоршаған шынайы өмір жайлы қазіргі заманғы ғылыми түсініктерге сәйкес келетін фактілер, теориялар, қағидалар мен тәсілдер енгізілуі қажет. Сонымен қатар, бағдарламада қоғамды ғаламдық ақпараттандыру жағдайында өмір сүретін әрбір сауатты адамға қажетті информатиканы оқытудың инвариантты бөлігінің құраушылары болып табылатын ұғымдар мен дидактикалық элементтер сипатталуы тиіс.

Информатика курсының ұғымдарын іріктеу негізіне жүйелілік, тұтастық, пәндік аумақтың толықтығы, логикалық қайшылықтың болмауы, минималды жеткіліктілік, сабақтастық, әдістемелік мақсатқа сәйкестілік, иерархиялық, аксиоматикалық, көзжетерлік, ашықтық талаптары қойылған.

Информатика курсы ұғымдарының қалыптасуының бірізділігі оқыту материалының тұтас ұғымдық құрылымын теориялық жағынан кеңейтіп, реттей отырып, ұғымдарды біртіндеп дамыту, курстың себеп-салдар байланысын ескере отырып, түрлі табиғат жүйелеріндегі ақпараттық процестердің бірлігін және оқу материалын теориялық жағынан жалпылауға мүмкіндік беруі керек.

Оқыту барысында жүйеқұраушы «ақпараттық процестер» ұғымы қалыптасуы, дамуы және жалпылануы қажет. Сонымен, ақпараттық процесс түрлерін оқыту ақпаратты сақтау, тасымалдау және өңдеу сияқты табиғи ақпараттық процестер ретінде қарастырылады. Ол компьютердің функционалдық құрылғыларын оқытуда өте қажет. Ақпараттық процестерді автоматтандыру мүмкіндіктері үшін (табиғи ақпарттық процестерден жасанды процестерге өту) ақпаратты бірегей түрге (санау жүйелері) келтіру, ақпаратты компьютермен өңдеудің бірізділігі (логика негіздері), ақпаратпен жұмыс жасаудың күрделі іс-әрекеттері: алгоритмдеу және модельдеу процестері қарастырылады. «Ақпараттық процесс» ұғымының дамуы ақпараттың графикалық, мәтіндік, сандық, дыбыстық түрлерін сақтау, тасымалдау және өңдеу ерекшеліктерін, сонымен қатар ақпараттық, телекоммуникациялық және мультимедиялық технологиялардың жабдықтарын үйрету барысында іске асырылады. Нәтижесінде ақпараттық процестердің әлеуметтік аспектілері қарастырылады.

Анықталған жетекші ұғымдар материалды ғылыми, біртұтас және белгілі фактілерді жалпы көзқарас тұрғысынан қайта түсінуге, бүкіл білім жүйесінің негізін салуға, іргелі ұғымдардың ішкі байланыстары мен қатынастарын ашуға, оларды нақты фактілерде және шынайы құбылыстарда көрсетуге мүмкіндік береді.

Бағдарлама мазмұны келесі аспектілерде қарастырылады:

1) мектеп курсында информатиканың іргелі ғылым ретінде қазіргі жағдайға сәйкес бейнеленуі;

2) «ақпараттық процесс» ұғымы аясында оқыту мазмұнын сабақтастыру негізінде информатика курсының тұтастығын көрсету;

3) оқу материалын гуманитарлық құраушыларымен, эмоциональдық-бағалық және адамгершілік қарым-қатынастармен толықтыру;

4) оқушылардың ойлауын қалыптастыру және дамыту, шектен тыс ақпараттар бермеу;

5) ақпараттармен тиімді жұмыс істеу әдістеріне үйрету;

6) информатика курсының пәнішілік және пәнаралық байланыстарын белсенді түрде қолдану;

7) практикада қалыптастырылған білім мен біліктіліктерді жалпылай қолдану тәсілдеріне үйрету.


Пән бойынша оқу жүктемесі


Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес 7-9 сыныптарындағы «Информатика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

7 сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.




ІІ. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ


7-сынып (34 сағат)


Ақпаратты бейнелеу және ақпараттық процестер (4 сағат)

Ақпарат, оның мазмұны, түрі және қасиеттері. Ақпарат көлемі және оның өлшем бірліктері. Әр түрлі табиғат жүйесіндегі ақпараттық процестер.


Компьютер (12 сағат)

Қауіпсіздік техникасы және жұмыс орнын ұйымдастыру. Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі санитарлық және гигиеналық нормалар. Сандық, символдық, графикалық және дыбыстық ақпараттарды кодтау. Компьютер – әмбебап есептеуіш машина. Компьютердің негізгі құрылғыларының қызметі мен мүмкіндіктері. Компьютер жадысының түрлері. Ақпараттық тасымалдауыштар. Программалық жабдықтаудың топтамасы мен жалпы сипаттамасы. Операциялық жүйе: мәні және оның негізгі қызметтері. Терезе және оның элементтері мен құрылымы. Файлдар, бумалар мен жарлықтар. Бумаларды, жарлықтарды құру және оның атын өзгерту. Бумалар иерархиясы. Нысандарды көшіру. Қоржын. Нысандарды өшіру. Өшірілген файлдар мен бумаларды қалпына келтіру. Нысандарды іздеу. Сілтеуіш. Анықтама. Ақпараттарды жазу және оқу. Стандартты программалар.


Ақпараттық технология (14 сағат)

Ақпараттық технология құралдары және олардың даму эволюциясы. Мәтіндік ақпараттарды өңдеу. Мәтіндік редактор. Компьютерде графикалық ақпаратты өңдеу. Графикалық редактор. Сандық ақпараттарды өңдеу. Калькулятор. Дыбыстық ақпараттарды өңдеу. Фонограф.


Әлеуметтік информатика (2 сағат)

Ақпараттық технологияның қоғамдағы ролі.


Телекоммуникация (2 сағат)

Электрондық пошта. Электрондық хабарламаларды қабылдау және жөнелту. Интернет мүмкіндіктері. Интернет желісінде ақпаратты іздеу.


III. СЫНЫП БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМІ, БІЛІГІ ЖӘНЕ ДАҒДЫСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

7-сынып оқушылары:

Нені білу керек:

  • адамның іс-әрекетінде, табиғатта, қоғамда, техникада ақпаратты тасымалдау, сақтау және өңдеуге өмірдегі қарапайым мысалдар келтіру;

  • ақпаратты өлшеу бірліктерін;

  • ақпаратты кодтау әдістерін;

  • компьютер негізгі құрығыларының мәнін;

  • программалық жабдықтың топтамасы мен сипаттамасын;

  • операциялық жүйенің мәнін және қызметін;

  • программаларды іске қосуды;

  • файл мен файлдық жүйенің мәнін;

  • файлдарды ашу және сақтау тәсілдерін;

  • стандарттық программалардың мәнін;

  • мәтіндік және графикалық редакторлардың тағайындалуы және қызметтерін;

  • мәтіндік редакторлардың мүмкіндіктерін;

  • электрондық пошта ұғымын;

  • Интернет мүмкіндіктерін.


Нені меңгеру керек:

  • ақпаратты өлшеуді;

  • ақпаратты әр түрлі тәсілдермен кодтауды;

  • компьютердің негізгі құралдарын қолдануды;

  • файлдармен жұмыс істеуді;

  • файлдарды құру, сақтау, көшіру, атын ауыстыру, іздеу, жоюды;

  • компьютердің стандартты графикалық интерфейсін қолдануды;

  • терезелердің өлшемдерін өзгерту, орындарын ауыстыру, сұхбат терезелеріне көңіл аударуды;

  • графикалық редакторларды сурет салу мен өңдеу үшін қолдануды;

  • мәтіндік ақпаратты өңдеу мен пішімдеуді;

  • мәтінге әр түрлі нысандарды енгізуді;

  • дыбысты, бейнені, анимацияны орындай алатын программаларды қолдануды;

  • Интернет желісінен ақпаратты іздеуді;

  • электронды пошта арқылы ақпараттарды жіберу және қабылдауды.





















Күнтізбелік сабақ жоспары (Кесте1. Күнтізбелік сабақ жоспары)


Сабақ реті


Сабақ тақырыбы


С/с



Мерзімі



Сабақтың

мақсаты


Сабақ түрі.

4

Ақпарат. Ақпарат мазмұны, түрлері, және қасиеттері

1


Комп-ң ақпаратпен жұмыс жасау кезеңдерін таныстыру

Әңгіме сабақ

5

Қауіпсіз. техник. ережесі.Көзге жаттығы нұсқаулары.


1



ЕТ-пен жұмыс істеу кезіндегі ҚТЕ ережесімен таныстыру

Практикум элементі бар түсіндірмелікөрнекілікті

6

Компьютердегі негізгі құрылғылардың қолда-нылуымен мүмкіндіктері

1


ДК – мен, оның негізгі блоктарымен, және олардың міндеттерімен таныстыру. ЭЕМ мүмкіндіктерін көрсету.

Аралас сабақ

7

Компьютер жадының түрлері

1


Ішкі және сыртқы жадқа жататын құрылқылар-дың мысалдарын келтіру

Аралас сабақ

8

Дербес компьютердің құрылымы

1


Жүйелік блоктың ішіндегі құрылғыларымен және олардың міндетімен таныстыру.

Аралас зерттеу сабағы

9

Дербес компьютердің негізгі сипаттамалары

1


Компьютердің негізгі құрылғысы процессормен, ЖЖҚ – мен ТЖҚ – мен таныстыру.

Зерттеу сабағы

10

Бағдарламалық қамтамасыздандырудың жалпы сипаттамасы ж/е классификациясы

1


Бағдарлама және бағдар-ламалық түсініктерімен таныстыру.Бағдарлама-лық жабдықтама мысалдарын келтіру

Аралас сабақ

11

Жүйелік БҚ ж/е бағдарламау жүйелері туралы

1


БҚ компьютердің өзіне қызмет көрсетуге, оның құрылғыларының жұмысын басқаруүшін қажет екенін түсіндіру

Практикум элементі бар түсіндірмелі көрнекілікті

12

Файлдар мен файылдық құрылымдар

1


«Файл», «файл атауы», «файл түрі», «файл құрылымы ағашы», «каталог», «файлға жол» түсініктермен танысу

Практикум элементі бар түсіндірмелі көрнекілікті

13

Қолданушы интерфейсі

1


Пайдаланушы мен бағдарламаның өзара байланыс амалдарын көрсету


14

Информатика тарихының бастауы

1


Пән тарихымен таныстыру

Әңгімесабақ

15

Электронды - есептеуіш техникасының даму тарихы.

1


ЭЕМ-нің даму тарихымен таныстыру. ЭЕМ буында-рының айырмашылықта-рын түсіндіру

Әңгімесабақ

16

Тестілеу

1


Оқушылардың білімдерін тексеру

Бақылау сабағы

17

Ақпараттық технологиялардың құралдары және даму тарихы.

1


Оқушыларды компьютердің символдық әліпбиімен таныстыру.


18

Мәтіндік ақпаратты өңдеу және басып шығару

1


Мәтіндік ақпаратты өңдеуге арналған бағдарламамен, кодтау кестелерімен танысу

Практикум элементі бар түсіндірмелі көрнекілікті

19-20

Мәтіндік редакторлары

2


Файлдарды сақтау, мәтінді енгізу және редакторлаудың негізгі тәсілдерін қарастыру

Практикум

21-22

Мәтіндік редактормен жұмыс істеу

2


Мәтінді аудару, түзету, орфографиялық тексеру, шрифтермен жұмыс жүргізу.

Практикум

23-24

Графикалық ақпаратты компьютерге өңдеу

2


Компьютерлік графиканың қолдану аймағымен, суретті бейнелеудің екі принциптарымен танысу.

Практикум элементі бар түсіндірмелі көрнекілікті

25

Компьютерлік графиканың техникалық құралдары

1


Растрлық дисплейдің, сұйықкристалды монитордың жұмыс істеу принциптері түсіндіру.

Практикум элементі бар түсіндірмелі көрнекілікті

26-27

Суреттерді кодтау

2


Пиксель түсінің экранда қалыптасу принципіпімен танысу.

Практикум элементі бар түсіндірмелі көрнекілікті

28

Нуктелік (растрлы) және векторлық графика

1


Растрлы және граикалық редактормен жұмыс істеуді түсіндіру.

Практикум элементі бар түсіндірмелі көрнекілікті

29

Растрлы түрдегі графикалық редакторлар

1


Сурет салуда шеңбер, тіктөртбұрыш, сызықтарды пайдалануды үйрету.

Практикум элементі бар түсіндірмелі көрнекілікті

30

Тестілеу

1


Оқушылардың білімдерін тексеру

Бақылау сабағы

31

Қазіргі қоғамның ақпараттық ресурстары

1


Ұлттық ақпараттық ресурстар, ақпараттандыру міндеттері туралы түсіндіру

Аралас сабақ, сұрақ- жауап

32

Ақпараттық қоғам ж/е ақпараттық қауіпсіздік

1


33

Компьютерлік желілер. Электрондық пошта.

Тестілеу

1





Оқушылардың Интернет

желісінен ақпарат алу, электрондық поштамен жұмыс істеу мүмкіндіктерін қалыптастыру




Практикум элементі бар түсіндірмелі көрнекілікті

34

Интернет ж/е ғаламтор. Интернет желісінде ақпарат іздеу.

1



Біздің қарастырып отырған тақырыбымыз «Ақпарат» тарауын оқыту әдістемесі. Бұл тарауды біз қалай оқытуға болатындығын, сабақ барысында қандай тапсырмаларды қолдану керектігін, сабақтың түрін, оқушыларға қандай тапсырмаларды беру керектігі жайлы ашып талдау қажет.

1-ші параграф бойынша «ақпарат, ақпарат мазмұны, түрлері және қасиеттері» қарастырайық. Сабақта ең алдымен мұғалімнің сабақ жоспары болуы тиіс.


Күні____________ Сыныбы_________________


Сабақтың тақырыбы: Ақпарат. Ақпарат мазмұны, түрлері, және қасиеттері


Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілік дамыту.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, интерак.тақта, электронды оқулық

Сабақтың өту барысы:

1.Оқушыларды ұйымдастыру.

2.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

3.Тапсырмаларды орындау.

4.Сабақты бекіту.

5.Үйге тапсырма беру

Жаңа сабақты түсіндіру


Ақпарат” сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio cөзінен шыққан.Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі философия, экономика физика, математика, информатика т.б салаларында кеңінен енді. Ақпаратты біз жазбаша немесе ауызша, тіпті қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз. “Ақпарат ” деген сөз белгілі бір хабардың ,жаңалықтардың өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді. Тірі организмнің құрылысын зерттеу де бізге көп ақпарат береді.

Мысалы: баласы атасына неге ұқсайды? Иттен неге тумайды? Бұл сұрақтарға гинетика ғылымы жауап береді. Ол тұқым қуалаушылық болатының, әрбір организмнің негізгі белгілері ұрпақтан ұрпаққа ДНҚ молекулалары арқылы ақпарат беріледі. Сонымен ақпарат тірі табиғатта да, өлі табиғатта болады. Ол әрқашан сөзбен ғана жеткізілмейді, яғни ақпарат алмасудың сан алуан түрлері бар, қарым-қатынас жасау, өз бетімен ойлану, зертеу нәтижесінде пайда болады.

Ақпаратқа үзілді кесілді анықтама бере алмаймыз.Оны қаршаған дүние туралы және онда жүріп жатқан процестер туралы хабарлар мен мағлұматтар деп түсіyнуге болады.

Ақпарат материялымен және энергиямен қатар бізді қоршаған ортаның құрамды бөліктерінің бірі болып саналады.

Ақпарат түрлері

Барлық ақпараттарды төмендегідей бөлуге болады: қоғамдық саясаттық-әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, химия-биологиялық, физиологиялық т.б. Мұнымен қатар ақпарат өзінің сипаты бойынша:

  1. статикалық (тұрақты) немесе динамикалық (айнымалы);

  2. алғашқы (кірістік), туынды (аралық) немесе шығыстық;

  3. басқарушы және мәлімет беруші;

  4. объективті және субъективті болуы мүмкін.

Ақпарат қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: толықтық, сенімділік (анықтық), бағалылық, маңыздылық (актуалдық), айқындылық, қысқалық, нанымдылық.

Тірі табиғатта ақпарат беру мен өңдеу мысалдары:

Жануарлар өздерінің жерлерін қорғап, иісті белгілер қалдырып кетеді.

Адам ақпаратты сезу, көру арқылы қабылдайды. Адам радиодан, теледидардан, газет-журналдан ақпараттарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Адам қабылдайтын ақпарат таңбалы, бейнелі болып бөлінеді.

Бейнелік ақпарат деп-табиғат көріністерін, кескіндерді,дәм, иіс,сезу мүшелері арқылы қабылданған ақпараттарды айтады.

Таңбалы ақпаратқа сөйлеу, жазу түрінде алынған ақпараттар жатады. Ауызекі тіл де таңбалы ақпаратқа жатады. Себебі, әр түрлі таңбалардан тұрады, брақ олар дыбыстық таңбалар-феномендер деп аталады. Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі деп атайды. Табиғи қатынас тіліне: қазақ, орыс, ағылшын тілдері жатады. Жасанды тілдерге математика, физика, компьютермен қатынасу тілдері жатады. Әр тілдің өз алфабиті бар. Сандарды көрсететін алфабиттер: екілік, сегіздік, ондық, оналтылық болады.


Сабақты бекіту сұрақтары:

1. Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?

2. Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?

3. Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?

4. Адам ақпаратты өңдеуіне мысал келтір?

5. Адам ақпаратты қалай сақтайды?

Үйге тапсырма: 1.1 тақырып. Ақпарат тақырыбын мазмұндау және өмірден мысал келтіру.

Осы сабақта қолданылатын дидактикалық материалдарды көрсетейік:




Cурет1.Оқушыларға көрсететін слайдтың алғашқы беті. Оқушылар кез келген ақпаратты көру мүшесі арқылы қабылдайды, сол себепті олардың визуальды түрде есте қалу үшін көп суреттерді қолданған жөн. Бұл бетте ақпарат ұғымына анықтама берілген және ақпаратты қабылдау туралы жазылған.


hello_html_m549fba7a.png

Сурет1.Алғашқы бет



hello_html_14734b6a.jpg















Сурет2. Екінші бет




hello_html_m65cc5f91.jpg

Сурет3. Үшінші бет



hello_html_m5af8ccb8.pnghello_html_m73e11958.jpg










Сурет4. Төртінші бет Сурет5. Бесінші сурет

hello_html_m1f0a0db7.jpg

hello_html_m493ebfd5.jpg











Сурет6. Алтыншы бет Сурет7.Жетінші бет

hello_html_7bf26816.png


Жалпы 1- ші тақырыпқа жасалған слайд оқушылардың ақпарат туралы түсінігін қалыптастыруға, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыруға мүмкіндік бере отырып білімін тереңдетуге жол ашады.




Сурет8. Сегізінші бет










2 сабақ

Сыныбы: Күні: Мүғалімі:_____________ Тексерген____________

Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты өлшеу

Сабақтың мақсаты: Ақпараттың өлшем бірліктерімен таныстыру, ақпаратты жеткізудің, өңдеудің техникалық құрылғыларымен таныстыру.

Білімділік: Оқушыларды ақпарат түсінігіне адамның және техникалық көзқарасы бойынша қандай мән берілетінімен таныстыру. Хабардың ақпаратық көлемін есептеуге үйрету;

Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту. Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабакта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, слайд.

Сабактың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру .

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау

  1. Сабақты бекіту.

  2. Үйге тапсырма беру.

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

  1. Ақпарат деген не?

  2. Ақпаратты қандай аңпарат көздерінен аласыңдар?

  3. Ақпараттың қандай қасиеттерін білесіңдер?

  4. Ақпаратты үсынудың қандай формаларын білесіңдер?

  5. Ауа райы туралы ақпаратты әр түрде қалай үсынуға болады?

  6. Табиғи және жасанды тілдердің бір-бірінен айырмашылығы неде?

3. жаңа сабақты түсіндіру

Күнделікті түрмыста адам үшін ақпарат дегеніміз - бүл бір нөрселер жөнінде хабарлау және мағлүматтар беру. Ал кез келген хабар, деректер адам үшін ақпарат бола ма?

Мысалдар келтірейік.

1-мысал. Сенің досың: “Күндіз - жарық, ал түнде - қараңғы” десе, бүл хабар сені тек таңғалдырар еді, себебі ол белгілі нәрсе. Демек адам хабардан ақпарат алу үшін ол жаңа, яғни белгісіз болуы керек.

2-мысал. “Каузалды схема - өлеуметтік қабылдауда талдау, себептілік принциптерін белгілеу үшін қолданылатын үғым”. Бүл “Каузалды схема” үғымының анықтамасы өлеуметтік психологиядан алынған. Біз бүл анықтаманы бірінші рет кездестірсек те, ол біз үшін ақпарат емес, өйткені біз өлеуметтік психология ғылымымен таныс емеспіз әрі оның терминдерін түсінбейміз.

Демек хабар бізге ақпарат беру үшін, ол түсінікті болуы, яғни біз оны толық қабылдау үшін, алдымен сол салада сәйкес біліміміз болуы керек. Әрбір адам үшін берілген хабардың мәні әр түрлі бо- луы мүмкін (жаңалығы, пайдалылығы, т.с.с.) жөне сонымен байла- нысты ақпарат болуы да, болмауы да мүмкін. Кейбір адамдар үшін берілген хабар мүлдем ақпарат болмауы да мүмкін. Ал техникалық көзқарас бойынша өрбір хабар ақпарат болып табылады.

Сонымен ақпарат алу дегеніміз бізге түсінікті жаңа мөлімет беруді, яғни білімді толықтыруды білдіреді. Оқытушы сабақ үстінде жаңа тақырыпты сендердің алдыңғы білімдеріңе сүйене отырып тү- сіндіреді. Нөтижесінде сендер жаңа білім, яғни ақпарат аласыңдар. Сонымен қатар ақпарат түсінігінің адам үшін қырлары өте көп. Мысалы, ақпарат тек нүсқаулар мен фактілер ғана емес, ол біздің көңіл күйімізге өсер ете алады: қуанышқа бөлейді, толғандырады, мүңайтады. Сөйлесу барысында алынған мағлүматтардың жал- пы көлемінің жартысынан көбі әңгімелесушінің дауыс ырғағына, оның бет-өлпетінің қүбылуына, қолының қимыл-қозғалысына, яғни сөйлесудің жалпы жағдайына байланысты бағаланады.

Ең күрделі мөселе - ақпаратты саны жағынан бағалау, яғни өлшеу мәселесі. Мысалы, ғылыми жаңалықтардағы, жаңа музы- калық стильдегі, қоғамдық даму теориясындағы ақпараттар көле- мін бағалау өте қиын.

Сондықтан техникада жіберілетін хабардың мағынасына қарамай, адамның ақпаратты бағалауын ескермей, өздерінің ақпаратты сандық бағалауын енгізеді. Техникада сақталатын, өңделетін неме- се жіберілетін таңбалар, символдар тізбегі ақпарат деп саналады. Бүл ретте берілетін ақпараттың көлемі нақты хабардағы символдар санын санау арқылы анықталады.

Демек, хабардың ақпараттық көлемі деп — хабардың үзынды- ғын, яғни хабарды жазу үшін пайдаланылған символдар санын айтады.

Есептеуіш техникада кез келген хабардың жазылуы екілік ал- фавитте жасалатыны бізге мәлім. Ендеше сақталатын, берілетін ақ- парат көлемі ондағы екілік белгілер санына тең. Осылай қарастыр- ғанда хабардың ең кіші өлшемі бір екілік разрядқа немесе 1 битке тең болады. Ақпаратты өлшеу бірлігі 1 битке тең. Одан қолайлырақ өлшем бірлігі - сегіз екілік разрядтың жиынтығы - 1 байт, ол сим- волдарды кодтауда жиі қолданылады. Бір байт 8 битке тең.

Ыңғайлы болу үшін биттер және байттармен қатар ақпарат көлемін өлшеудің аса үлкен бірліктері енгізілген:

1 Кбайт (килобайт) = 1024 байт ~ 1000 байт;

1 Мбайт (мегабайт) = 1024 Кбайт ~ 1 миллион байт;

1 Гбайт (гигабайт) = 1024 Мбайт ~ 1 миллиард байт.

Мысалы, кітапта 190-ға жуық бет бар, бір бетте шамамен 38 жол, ал бір жолда 68 символ бар делік. Кітапта суреттер жоқ жөне ол тек мәтінмен толтырылған деп есептесек, онда кітапта 190х38х(18 490 960 символ болғаны, басқаша айтқанда, оқулықтың ақпараттмқ көлемі 490 960 байтқа немесе -500 Кбайтқа тең.

Ақпаратты өлшеу бірлігі белгілі болғаннан кейін, ол қандай жылдамдықпен берілетіндігін, ягни уақыт бірлігінде ақпараттың қандай көлемі берілетіндігін анықтауға болады. Ақпаратты жіберу жылдамдығы бит/с, байт/с, килобайт/с жөне т.б. бірліктермен өлшенеді. Мысалы, телефон сымы арқылы жіберілетін ақпарат жылдамдығы шамамен 4 Кбайт/с, адамның мәтінді оқу жылдам- дығы шамамен 38 байт/с, ал сөйлеу жылдамдығы 16 байт/секундқа жуық болады.

Хабарламаның ақпараттық көлемі хабарламадағы символдар санына тең. Символдарды сегіз разрядтық екілік сандармен, яғни байттармен үсыну қабылданған.

Көлемі жүз мегабайт болатын жадқа:

  • 50 000 беттік мәтінді;

  • 150 түрлі түсті слайдтарды,

  • 1,5 сағаттық сөздік аудиожазбаны;

  • 10 минуттық стереомузыкалық үзіндіні;

  • 15 секундтық фильмді орналастыруға болады.

Тапсырмалар: Жұмыс дәптеріндегі 1.2.8, 9, 10, 11 тапсырмаларды орындау

1.2.9: Жауабы: 22 символ, 22 байт, 176 бит.

1.2.10. Шешуі:

Бір беттің ақпараттық көлемі 39*67=2613 символ~2613 байт

Кітаптың ақпараттық көлемі 2613*290=757770 байт = 757770 : 1024 =740Кбайт

740:1024 = 0,722 Мбайт

0,722 < 1,44 Жауабы: кітапты бір дискетке сыйғызуға болады.


1.2.11.Оқу жылдамдыгы мен сөйлеу жылдамдыгын анықтау үшін оқушыларга екі-екіден жұмыс істеу ұсынылады.

Шешу үлгісі: Минутына 1140 символ Секундына 1140:6019символ 19 бит

19x8 =152 бит 19:1024 =0,0185 Кбайт

Жауабы: секундына 19 байт, 152 бит, 0,185 Кбайт

Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Алынған хабарды қай кезде ақпарат деп есептеуге, қай кезде есептемеуге болады?

  1. Ақпараттың қандай қасиеттері бар?

  2. Ақпараттың көлемін екілік түрде өлшеу бірліктерінің туындыларын атаңдар.

  1. Кітапта 290 бет бар, бір бетте 39 жол, ал әр жолда 67 символ бар. Бұл кітапты сыйымдылығы 1,44 Мбайт дискіге сыйғызуға болама?

Үйге тапсырма: 15-16-17 беттерді оқу, жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау, сөзжұмбақ құрастырып келу.


3 сабақ

Сыныбы Күні______ Мүғалім_______ Тексерген________

Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты компьютерде кодтау. АSСІІ коды. Бейне мен дыбысты кодттау.

Сабақтың мақсаты: Ақпаратты қабылдауды, жеткізуді өңдеуді, және

сақтаудың тәсілдерін үйрету. Кодтауды түсіндіру.

Білімділік: Оқушылардың ақпаратты техникалық құралдар мен дербес компьютердің көмегімен беру, сақтау және ұсыну тәсілдерімен, қабылданған екілік санау жүйесімен, АSСІІ кодтарымен таныстыру;


Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамыту шылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, интерактивті тақта.

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Тапсырмаларды орындау

  5. Сабақты бекіту

  6. Үйге тапсырма

Өткен материалды қайталау.


hello_html_m4089014a.png

Сурет 9. Қайталауға арналған сөзжұмбақ


Excel офистік бағдарламада жасалған сөзжұмбақ.Бұл жерде оң жақ шетінде сандар берілген сол сандардың жанына тінтурді апарғанда 1 сұрақ шығады (примечание). Сол сұрақты оқып, оқушылар жауап бере бастайды. Егер сөзжұмбақ дұрыс шешілген жағдайда сөзжұмбақ дұрыс шешілді деген ақпарат шығады.




Жаңа түсініктер:

Ақпаратгы компьютерде кодтау (таңбалау). Ақпаратты белгілі-бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды. Ақпаратты сақтау, қабылдау, ұсыну, және өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың ұсынылу (кодталу) түріне байланысты болады. Ақпараттың кодталуы кейде шифрлау деп те айтылады, оның кері кодталуы декодирование процесімен тікелей байланысты. Екілік алфабиті 0 және 1 таңбаларымен ұсынылады. Ақпаратты екілік код пен көрсету үшін, құрылғы екі күйді айыра білуі керек, мысалы: 1-құрылғыда ток бар, ал 0-жоғын, немесе 1-жоғары кернеу, 0 төмен кернеу. Кез келген оқушы қасындағы оқушымен ақпарат алмасу үшін табиғи тілді қолданады. Кейбір көсіптік қызмет саласында табиғи тілмен қатар жасанды тіл де қолданылады, яғни жасанды тілді ойлап табады. Мысалы, ымдап түсіндіру, жолда жүру ережелерінің белгілері (3-сурет). Қандай да бір тілдің көмегімен ақпаратты үсы- нуды кодтау деп атайды.

Бір ғана ақпаратты өр түрлі өдістермен (жолдармен) үсынуға болады. Бір таңбалар жиынын екінші таңбалар жиынына көшіру ережесін код деп атайды. Бір байттың, яғни 8 нөлдер мен бірлердің көмегімен 256 символды кодтауға болады: 00000000, 00000001, 00000010, 00000011,....11111111.

Міне енді, тек орыс тілінің алфавитін ғана емес, ағылшын, қазақ тілінің алфавитін, ңифрларды, математикалық таңбаларды, арнайы графикалық таңбаларды (псевдографикалық) және т.б. кодтауға болады. Символдарды кодтау комбинациясының жиынын кодтау кестесі деп атайды.

А8СІІ КОДЫ

Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланылатын код - А8СІІ, американдық ақпарат алмасудың стандартты коды болып табыла- ды, оның кодтау кестесі 6-суретте көрсетілген. Кодтау кестесінің 16 жолы және 16 бағаны бар. Кестедегі символдың орны оның оналтылық коды арқылы анықталады. Кесте екі бөліктен түрады: стандартты және баламалы. Стандартты бөліктегі - бірінші 128 символ, 0-ден 127-ге дейінгі кодтар: цифрлар, латын алфавитінің әріптері мен компьютер жүмысын басқаратын арнайы символдар.

ПАРТА” сөзін кодтап көрейік. Ол үшін А8СІІ кестесінен әр өріпке сөйкес кодтарды табамыз: П-8Ғ, А-80, Р-90, Т-92, А-80. Сонымен ПАРТА сөзі бүл кодта былай болады: 8Ғ80909280. Енді бүл сөздің А8СІІ кодын екілік кодта үсыну үшін сәйкестендіру кестесін қолданайық.

Мүнда:

8Ғ - 10001111, 80 - 10000000, 90 - 10010000, 92 - 10010010.

Бүларды тізбектеп жазсақ:

10001111 10000000 10010000 10010010 10000000 шығады.

Оналтылық жүйеге назар аударыңдар. Оналтылық жүйе ақпаратты жинақы түрде жазу үшін пайдаланылады, ал шын мөнінде ол екілік жүйе болып табылады, онда тек екілік жүйедегі өрбір төрт цифр тобы бір символмен алмастырылып жазылған.


0

1

2

3

4

5

6

7


8

9

А

В

с

Б

Е

ғ

0



0

т

Р


Р


А

Р

а



1-1

Р

1

0

4

I

1

А

<2

а

Ч


Б

С

б

%

1

т

с

2


г

а

2

В

к

Ь

г


В

Т

в

8

Т

п

т

>

3


»і

*■*

#

3

С

3

с

3


Г

У

г

1


-

11

У

<

4


п

$

4

Б

т

6

і


Д

ф

д



1

Ф

г

5


%

5

Е

и

е

и


Е

X

е



+

г

X

)

6


-

&

6

Ғ

V

£

V


Ж

Ц

ж

1

1

1=

гг

Ц

-5-

7

.

!

<

7

О


8



3

ч

3

ті


ч


8

т

(

8

Н

X

һ

X


И

ш

и


11=

+

ш

о

9


4

)

9

I

Ү

і

У


И

Щ

й

-

Іг

л

щ

А


*


2

)

2


К

ъ

к

У

ік

г

ъ

В



+

?

К

[

к

{


Л

ы

л

ТІ

тг


ы


С



9

<

Ь

\

1

1


м

ь

м

л

Іһ

ь

©

В



-

=

м

]

т

}


н

э

н

51

=

1

э

2

Е

п

>

N

А

п

/V


о

ю

0

=1

ІІ

1

ю

Ғ

*

і

?

О


0

й


п

я

п

1

X

я


Кесте2. А8СІІ КОДЫ

Ондық

Оналтылық

Екілік

0

0

0000

1

1

0001

2

2

0010

3

3

0011

4

4

0100

5

5

0101

6

6

0110

7

7

0111

8

8

1000

9

9

1001

10

А

1010

11

В

1011

12

С

1100

13

Б

1101

14

Е

1110

15

Ғ

1111

Кесте3. Сәйкестендіру кестесі.

Мәтіндік ақпаратты А8СІІ алфавитінде жазу үшін немесе бар символдық ақпаратты А8СІІ кодына қайта кодтау үшін, әрбір символлды оның А8СІІ кестесіндегі кодына ауыстырып, содан кейін оналтылық кодты екілік кодқа ауыстыру керек.

Қайталайық, мәтіндік ақпаратты сегіз разрядты екілік кодта жазу үшін:

  1. Мәтіннің әр символының кодын А8СІІ кестесінен табу керек. Оның коды - екі оналтылық сан, оның біріншісі - осы сим- іюл орналасқан көлденең жолдың нөмірін, ал екіншісі тік баған нөмірін көрсетеді.

  2. Алынған оналтылық кодта сәйкестендіру кестесі бойынша санның оналтылық жүйеде көрсетілуін оның екілік жүйеде үсынылуына ауыстыру керек.

Бүл процесті керісінше жүргізуге, ягни екілік код бойынша алғашқы мәтінді табуға болады. Мысалы, мына код бойынша:

01000011010011110100110101010000010101010100010001010 1010010 алғашқы мәтінді табу қажет.

Ол үшін солдан оңға қарай кодты төрт-төрттен тетрадаларга бөліп шығамыз:

0100 0011 0100 1111 0100 1101 0101 0000 0101 0101 0100 0100 0101 0101 0010. Сәйкестендіру кестесі бойынша әрбір тетраданы оның оналтылық үсынылуымен ауыстырайық. Әр санды екіге бөліп жөне әр жүпты Л8СІІ кестесіндегі символдар координаты ретінде қарастыра оты- рып, СОМРІІТЕК мәтінін табамыз.


Тапсырмалар: Жұмыс дәптеріндегі 1.2.1, 2, 3,4, 5 тапсырмаларды және оқулықтағы 14 беттегі тапсырмаларды орындау

Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Кодтау мен кері кодтау деген не?

  2. Бит, байт деген не?

  3. Техникалық жүйелерде неге екілік алфавитті пайдалануды таңдайды?

  4. Оқулықтағы 14 беттегі тапсырмаларды орындау

Үйге тапсырма : 1.2 тақырыпты оқу, жұмыс дәптеріндегі 1.2.6, 1.2.7 тапсырмаларды орындау

Тапсырмалар: Жұмыс дәптеріндегі 1.2.1, 2, 3,4, 5 тапсырмаларды және оқулықтағы 14 беттегі тапсырмаларды орындау

Сабақты бекіту сұрақтары:

  1. Кодтау мен кері кодтау деген не?

  2. Бит, байт деген не?

  3. Техникалық жүйелерде неге екілік алфавитті пайдалануды таңдайды?

  4. Оқулықтағы 14 беттегі тапсырмаларды орындау

Үйге тапсырма : 1.2 тақырыпты оқу, жұмыс дәптеріндегі 1.2.6, 1.2.7 тапсырмаларды орындау


Дидактикалық ойындар баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі,сабаққа эмоциялық бояу береді. Сабақта викториналық сұрақтар, жұмбақтар,сөзжұмбақтар,ребустар пайдалану өте тиімді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында және сабақта сергіту үшін өткен сабақты қайталау үшін сөзжұмбақты беруге болады.

hello_html_m63e6c9ed.png

Сурет10. Дидактикалық материалдардың бір түрі.

Мысалы мына берілген красворд «Ақпарат және ақпараттық процестер» тақырыбына берілген. Крассвордта төртбұрыштың жанында белгіленген қызыл үшбұрышқа апарса(примечание), сұрақ шығады. Бұл крассворд қарапайым exce бағдарламасында жасалған. Егер крассворд дұрыс шешілсе, сұрақтар қосу белгісіне ауысып отырумен қатар крассворд дұрыс шешілді деген хабарламалар шығады.

Оқытудың ойын теориясын қолдануда екі жақты дидактика байқалады:

1.Ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі.

2. Ойнай отырып, өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтау қажеттігі.

Ойнау теориясы мен практикасын отандық және шет елдік педагог-психологтар, социологтар зерттеуде.

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне–өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айырықша.

Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс – тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру – мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рөл атқарады. Олар ұстазының бүкіл іс – қимылына, жүріс – тұрысына, сөйлеу мәнеріне, адаммен қарым-қатынасына еліктейді. Сондықтан да, жауапкершілігі мол, адал да мейірімді, әділ де парасатты, рухани дүниесі бай педагогтар ғана балаға білім мен тәрбие беріп, оның жан дүниесіне әсер ете алады.

Мұғалімнің әрбір сабаққа дайындығы күрделі де жауапты жұмыс. Оқу

материалының мазмұнын ойластыру дайындықтың алғашқы бөлігі болып табылады. Мұғалім бағдарламаның өткен, алдағы және одан кейінгі сабақтарға қатысты бөлігін, олардың арасындағы байланыс пен дәйектілікті орнату үшін талдау керек. Осы сабақта алдына қойып отырған нақты педагогикалық міндеттер мен мақсаттарды жақсылап ойластыру – сабаққа дайындықтың өте маңызды бөлігі болып табылады. Содан кейін оқулықтағы (немесе бірнеше) оқу материалының жазылуын – қандай тезистер мен негіздемелер берілгенін, материалдың оқушыларға түсінікті болуын, мысалдардың тақырыпқа сай болуын, тақырыптардың жүйелілігін мұқият оқып – үйрену қажет.

Сұрақтар мен тапсырмалардың оқушыларға түсініктілігін, олардың орындалу

жүйелілігін, маңызын талдау қажет. Еске түсерлік сұрақтарды танымдық сұрақтармен, үйреншікті тапсырмаларды ізденісті қажет ететін, келелі тапсырмаларға алмастыру қажет. Жеке және ұжымдық ойлану қызметін ұйымдастыруға ықпал ететін іскер ойынның элементтерін (немесе толығымен сценарийін), өндірістік жағдайлардан мысал келтіре отырып, білімнің белсенділігін арттыратын сұрақтарды ерекше ойланып, дайындауы қажет. Мұғалім сабақ үстінде оқушылардың дүниетанымының, білімге құштарлығының, қисынды ойлауларының азаматтық тұрғыдан қалыптасуы –

тәрбиелеуге өте көп көңіл бөлуі қажет. Осыған орай, сабақтың бірден бір белсенді өтуіне себепші, оқушылардың өз деңгейін көрсетуге ықпал ететін құралдың бірі-тақырыптың мазмұнына сәйкес жасалған дидактикалық материал болып табылады.

Дидактикалық материал – сыныпта немесе үйде өздігінен жұмыс істеу үшін оқушыларға таратылатын немесе бүкіл сынып алдында мұғалімнің көрсететін көрнекі оқу құралының ерекше үлгісі (көп жағдайда карталар, кестелер, мәтіндері, цифрлары және суреттері бар карточкалар, реактивтер және т.б.). таратпа материалдың бір түрі:

1 карточка

  1. Ақпарат деген сөзді қалай түсінесіз?

  2. Ақпарат көздеріне мыналау жатады:

1

2

3

4










Сурет11. Дидактикалық материалдардың бір түрі.

Дидактикалық материалдар-таратпа материалдар, әр баланың қабілетіне қарай, өткен тақырыпты үлгере алмайтын оқушыларға қосымша таратпа материалдар, аралас сабақ материалы, үй тапсырмалары, ұзартылған күн тобының тапсырмалары, бақылау жұмыстары, сыныптар бойынша тест тапсырмалары (тақырыптық, тоқсандық,жарты жылдық, жылдық), дидактикалық ойындар болып бөлінеді.


Информатика пәнін мектепте оқытудың басты үш мақсатының бірі- практикалық (қолданбалы) мақсаты. Бұл оқушыларды практикалық қызметке, басқа пәндерді оқыту үрдісінде практикалық есептерді шешуге және келешекте ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау болып табылады. Осы орайда информатика пәнінен практикалық тұрғыда дидактикалық материалдарды қолдану ерекшелігі жоғары. Дидактикалық материалдар информатика оқулығының негізінде алынған өзіндік бақылау және қосымша тапсырмалардың, пысықтау сұрақтарының және қызықты есептердің жиынтығы болып табылады. Мұндағы жұмыстар әр сыныптағы информатиканы оқытудың жалпы тақырыптық жоспарына сәйкес жазылуы тиіс. Оқу құралы мұғалімдерге жазба жұмыстарын жүргізуде әдістемелік көмек көрсету және оқушылардың біліміне, біліктігіне, дағдыларына қойылатын талаптардың бағдарын анықтауға мүмкіндік жасай алады. Өзіндік бақылау және қосымша жұмыстардың мазмұны оқулықтағы теориялық материалдар мен жаттығулардың мазмұнымен тығыз байланысты болуы шарт. Оқу құралының мазмұнына енген материалдар оқушылардың дайындық деңгейін ескере отырып, түрлендіріп беруге ыңғайланып жасалынады.

Дидактикалық материалдарға өзіндік жұмыс тек оқыту сипатында жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және бекітуге арналып беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруға көмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталады.

Дидактикалық материалдарға көбіне дидактикалық ойындар қолданылады. Өйткені ойын оқу әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны мектеп оқушыларының білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы айқын көрсетеді. Сонымен қатар ойын оқушыларға қозғау салуға, оларға түрткі болуға да бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар қайталанбас қасиеттерге ие: балалар мен жасөспірім жеткіншектер үшін оның оңайлығы мен игерімділігі, демократиялылығы («ойын барлығын да қабылдайды»), игерілуі тиіс шынайы ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік беретін ойындық құралдардың бейімділігі, ең бастысы–балалар үшін ойынның тартымдылығы. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский «ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы. Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады»-деген. Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады. Ойынның мақсаты: Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту. Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру. Дидактикалық материалдар ретінде дидактикалық ойындарды қолдану оқушылар үшін өздерін еркін сезінуге, ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттерін көрсетуге ұмтылдырады. Сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психологикалық түсінікпен сезім әрекетіне сүйенеді. Ойын үстінде бала қуаныш пен реніш сезімдерін сезінеді.

Дидактикалық ойындардың сапалылығы: Олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажеті материалдарды алдын – ала дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына байланысты болады.

Қорыта айтқанда дидактиклық материалдар оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, сабақта дидактикалық материалдарды пайдалану мектеп оқушыларын сол пәнге белсенділігін арттырады, бағдарламалық материалдарды қажет деңгейде меңгеруге ықпал етеді.

Оқыту үдерісінің екі жақты үдеріс екенін ескере отырып, А.П.Усова педагог пен баланың әрекетін бөле көрсетіп, оқыту құралдарын жіктемелеудің өзіндік нұсқасын ұсынады. Осыған орай, ол дидактикалық құралдарды екі топқа бөледі. Құралдардың бірінші тобы педагогтың іс-әрекетін қамтамасыз етеді және ересек адамның оқытуды негізінен сөздің көмегімен жүзеге асыратынын сипаттайды. Оқытудың екінші тобында оқытуға әсере ететін құралдар етіліп, дидактикалық материалдар мен дидактикалық ойында ерекшеленеді, олар өз кезегінде білім беру міндеттерін, яғни көрнекілік пен баланың ондағы практикалық әрекетін ескере отырып құрылады.

Шағын жинақты бастауыш мектептерді көрнекі құралдармен жабдықтау ісінде үлкен табыстарға қол жеткізген, өз тәжірибелерін жинақтап, тарата білген үздік мұғалімдер – Ы.Құсайынов пен Б.Құсайыновалар болды. Олардың мектепті көрнекі құралдармен және оқушыларға таратып беретін дидактикалық материалдармен жабдықтау жөніндегі іс-тәжірибелері аудандық, облыстық, республикалық және сол кездегі Кеңес Одағы көлеміндегі газет-журналдарда жарияланып тұрды. Құсайыновтардың іс-тәжрибелерін таныстыратын кең ауқымды экспозиция Мәскеудегі ХШЖ-нің (ВДНХ) «Халық ағарту» павильонына көрмеге жіберілді. Осындай табыстары үшін кезінде Ы.Құсайынов алтын медальмен, Б.Құсайынова қола медальмен марапатталған болатын. Кейін олардың озық іс-тәжірибесі жеке кітапша болып 1970 жылы «Аз комплектілі қазақ мектебі» деген атпен басылып шықты. Бұл еңбек – мұғалімдер үшін өте қажетті және таптырмас көмекші құрал. Шағын жинақты бастауыш мектеп мұғалімдері Құсайыновтар ойлап тапқан жиналмалы тақтаны (универсальная доска), сондай-ақ сызба-кестелерді, дидактикалық карточкаларды, лотолар мен грамматикалық ойындарды өз жұмыстарына еркін пайдалана алады.

А.П.Усова ұсынған дидактикалық құралдардың жіктемесі М.А.Данилов, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткиннің құралдарына сәйкес келеді. Бұл ғалымдар оқыту құралдары ақпаратты беру ненің – сөздің, көрнекіліктің, практикалық әрекеттің көмегімен қамтамасыз ету деп түсінеді.



Оқыту құралдары

Оқу-әдістемелік құралдар

Көрнекі құралдар

Техникалық оқыту құралдары


Бағдарлама оқулық

Дидактикалық материалдар

Оқыту әдістемесі

Дидактикалық ойындар

Суреттер

Карточкалар

Кестелер

Перфокарталар

Сызбалар

Санау материалдары

Графопроектор

Үнтаспа

Кинопроектор

Лингофондық құрылыс

Бейнефильмдер

Компьютер

Микрокалькулятор

ор


Кесте4. Оқу құралдарының сызбасы


Өзіндік жұмыс, оның түрлері және пәндерді оқытуда өзіндік жұмысты ұйымдастырудың әдістемесі


Өзіндік жұмыс – оқушының күрделі іс-әрекеттерінің бір түрі немесе оқу жұмыстарының арнайы бір формасы болып табылады. Шағын жинақты бастауыш мектепте оқу-тәрбие жұмыстарының ерекше көңіл аударатын бір саласы – оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары. Бірнеше сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің негізгі педагогикалық міндеті – жеке сыныппен жұмыс істейтін мұғалімнің алдына қойған міндетпен бірдей. Ол да оқу жоспарын, бағдарлама талаптарын орындауға тиіс.

Өзіндік жұмыстардың нәтижелі болуы үшін алдымен «өзіндік жұмыс» деген ұғым нені білдіріп тұрғанын анықтап алу қажеттігі туады: біріншіден, өз бетінше жұмыс балалардың түрлі тапсырмаларды, жаттығуларды ешкімнің көмегінсіз орындаулары, екіншіден, мұндай жұмыстар балаларды ұқыптылыққа, тәртіптілікке, жинақылыққа, бақылай білуге тәрбиелейді.

Өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыруда мынандай талаптарды орындау керек:

1.Өздігінен орындайтын жұмыстың мазмұны бағдарлама талаптарына сай болуы керек;

  1. Өзіндік жұмыс оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиіс;

  2. Өзіндік жұмыстың түрі, мазмұны әртүрлі болуы керек;

  3. Әрбір орындалған өзіндік жұмыс тексеріліп, бағалануы керек.

Өздік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:

  • мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;

  • жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;

  • мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің мөлшері, олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеуі;

  • оған әсер ететін мотивтер.

Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру - күрделі мәселе. Оның жиі кездесетін бір тобы – сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыс түрлері:

а) Жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жспарын, конспектісін жасау т.б. тәсілдерге үйрену).

ә) Жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар, есеп шығару, түрлі жазбаша, графикалық, практикалық т.б. жұмыстар).

Өздік жұмысқа мынадай талаптар қойылады:

1) Тапсырма әрбір оқушының білім деңгейіне байланысты таңдалуы керек.

2) Өздік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт берілуі керек (8-15 мин. ұзақ болмайды).

3) Міндетті түрде тексерілуі керек.

4) Жұмыс сабақтың мақсатына байланысты (жаңа материалды қабылдауға, өткен материалды бекітуге, қайталауға, білімді тиянақтауға) таңдалады.

5) Өздік жұмыстың мақсаты, орыдау әдісі оқушыларға түсінікті болуы тиіс.

6) Өз бетімен жұмысқа оқушылар білім деңгейіне байланысты әр түрлі уақыт жұмсайтынын ескеріп, тақтаға не карточкаға қосымша материалдар дайындап әкелу керек.

7) Ескертпе, түсініктеме-карточкалар, перфокарталар дайындау қажет. Оқушыларға өзіндік жұмыс ретінде пәндер бойынша мынадай тапсырмалар беруге болады.

Өзіндік жұмысқа мысал.

Кестеге өзің алған ақпаратқамысал келтір, сол алынған ақпарат көздерін жаз.

Ақпарат

Ақпарат көздері


1

Принтер-бұл баспаға шығару құрылғысы

Информатика сабағы

2

Көбейткіштердің орнын ауыстырғанмен көбейтінді өзгермейді


Математика сабағы

3

Бүгін Алматыда ауа райы 320С жылы болады

Радиодан хабарлау

4



5



6



7



8



9



10




Сурет12. Дидактикалық материалдардың бір түрі. Өзіндік жұмыстың түрі



ИНФОРМАТИКА» ПӘНІ БОЙЫНША 7-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА

АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ДӘПТЕРІН ҚҰРАСТЫРУ

Информатика пәнін мектепте оқытудың басты үш мақсатының бірі - практикалық мақсаты. Бұл оқушыларды практикалық қызметке, басқа пәндерді оқыту үрдісінде практикалық есептерді шешуге және келешекте ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау болып табылады. Осы орайда информатика пәнінен практикалық тұрғыда дидактикалық материалдарды қолдану ерекшелігі жоғары.

Өзіндік бақылау және қосымша жұмыстардың мазмұны оқулықтағы теориялық материалдар мен жаттығулардың мазмұнымен тығыз байланысты болуы шарт. Оқу құралының мазмұнына енген материалдар оқушылардың дайындық деңгейін ескере отырып, түрлендіріп беруге ыңғайланып жасалынады. Дидактикалық материалдарға өзіндік жұмыс тек оқыту сипатында жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және бекітуге арналып беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруға көмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталады.

Жұмыс дәптері деп оқушылардың білімділік және біліктілік дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік ұстанымдарының талаптарына сәйкес өткізілетін әртүрлі сабаққа арналған жаңа тұрпаттағы оқу құралын айтамыз.

Сонымен, жұмыс дәптерінің келесі негізгі қасиеттерін бөлуге болады:

  • тапсырмаларды қиындық деңгейлерінің жоғарлауы бойынша жүйелі іріктеу;

  • оқушылардың тапсырмаларды тікелей дәптердің бетінде орындау есебінен уақытты үнемдеуі;

  • тапсырмалардың көп көлемін шешу мүмкіндігі.

Жұмыс дәптерінің құрылымы мен мазмұны төмендегідей сабақта қолданылатын мысал түрінде көрсетілген:

Әрбір сабақ тақырыбы бойынша ақпараттық кешен: қысқаша теориялық мағлұмат қолдану қажет, мысалы:

Қоғамның қазіргі кездегі дамуының ең басты - белгісі бұл өндірістің, тұтынудың және адам әрекеттерінің барлық салаларында ақпарат жинаудың артуы болып табылады. Адамның бар өмірі - қалай да болсын - ақпарат алу, жинау және өңдеумен байланысты.

Біз өмір сүріп отырған ғасырға автомобиль, электр, авиация, атом энергиясы, космонавтика, электрондық техника ғылымының жылдам даму, кітап басып шығару мен радиоқабылдағыштың арасы 440 жуық жыл болса, радио мен теледидар арнасында 30, ал алғашқы транзистор мен интегралдық схеманың арасы 5 жыл болған.


Оқушылардың өздік жұмысына арналған тапсырмалар мен жаттығулар: типтік, дамыту және шығармашылық тапсырмалар мен жаттығулар енгізіледі, Мысалы:

Тапсырма №1. Төмендегі сөздің анықтамасын жаз.


Ақпарат - ________________________________________________



Тапсырма №2. Берілген тесттік тапсырманы орында.


1. Ақпарат ұсыну қандай негізгі тәсілдермен туындайды?

А) техникалық, математикалық, бейнелік;

Ә) аналық тақша, жүйелі блок;

Б) символдық, мәтіндік, графикалық.

В) мақсат, міндет.

2. «Ақпарат» латынның ... деген ұғымдарды білдіреді.

А) информатика, информатика;

Ә) аналық тақша, жүйелік блок;

Б) түсіндіру, баяндау, мәлімет

В) мақсат, міндет

Әрбір тақырып бойынша қорытынды: ескертулер, тұжырымдар, бақылау сұрақтар беріледі, мысалы:

Бақылау сұрақтар:

1. Ақпарат деген не?___________________________________________

______________________________________________________________

2. Қандай ақпараттық процестерді білесіндер?_____________________

______________________________________________________________

3. Ақпарат қандай қасиеттерге ие болуы тиіс?_____________________

______________________________________________________________

4. Ақпарат мөлшерін қалай бағалауға болады?_____________________

______________________________________________________________

5. Ақпаратты өлшеудің қандай бірліктерін білесіңдер?______________

______________________________________________________________

Қорытындылайтын болсақ, өзіндік бақылау және қосымша жұмыстардың мазмұны оқулықтағы теориялық материалдар мен жаттығулардың мазмұнымен тығыз байланысты болады. Оқу құралының мазмұнына енген материалдар оқушылардың дайындық деңгейін ескере отырып, түрлендіріп беруге ыңғайланып жасалынады. Дидактикалық материалдарға өзіндік жұмыс тек оқыту сипатында жаңа өтілген материалдарды пысықтауға және бекітуге арналып беріледі. Ол тапсырмалар оқушылардың біліктіліктерін, дағдыларын қалыптастыруға көмектесуге және олардың білімдерін тексеруге бағытталады.


Деңгейлік дифференциялауды информатика сабақтарында тек өткен тақырыптарды жүйелеп бекітуде қолданған тиімдірек.. Балаларға үш деңгейдегі жеке тапсырмалар беріледі. Бұларды орындау кезінде оқушылар жұмыс дәптерлерін пайдалана алады.

Бірінші деңгейдегі тапсырмалар-базалық стандарт болып табылады. Оларды орындауда оқушы бұл пәннен өткен нақты материалдарды қайталап айтып беру деңгейінде болады. Бұларды әрбір оқушы орындай алуы тиіс.

Екінші деңгей тапсырмалары оқушылардың оқу және ойлау қабілетін жетілдіретін жалпы жәгн арнайы тәсілдерді игеруді қамтамасыз етеді.

Үшінші деңгей тапсырмалары оқушылардан алған білімдерін ойлап,талдап пайдалануды талап етеді. Бір деңгейден екіншісіне өту жүйесінің шекарасы сезілмейтіндей өте икемді болуы тиіс.

Деңгейлік дифференциялау технологиясы кәдімгі қатардағы мектептің әрбір оқушының артықшылықтарын есепке алатын «жеке тұлғаны жетілдіру» мектебіне айналуына себебін тигізеді,мұндай мектепте балалар оқуға талпынатын,пән негіздерін жақсы бере алатын алдыңғы қатарлы оқу орнына айналады.

Міне осындай тәсілдермен өзгермелі ортада тиімді шешімді жылдам қабылдай алатын,өзіндік ойлау қабілеті бар,өзін өзі жетілдіре алатын,жаңа типтегі адамды қалыптастыруға,тәрбиелеп шығаруға болады.Осындай қасиеттері бар адам әлеуметтік жағынан да өзін өзі жақсы қорғай алады.

Оқушылармен жеке жұмыс істеумен қатар кейде оларды екі-екіден топтастырып,бір тапсырма беремін.Мұндайда бір оқушы (жақсы оқитыны) жетекші болып тағайындалады да,олар есепті талқылап,шығару жолын қарастырып,компьютерде шығарып,шығарған есептерін бірлесіп қорғайды.Егер әлсіз оқушы шығарылу жолдарын айтып бере алмаса,яғни дұрыс жауап бермесе, екіншісінің де бағасы төмендетіледі.Мұндай тапсырмалар оқушылардың жеке қасиеттерін есепке алуды талап етеді,оларды ұжымдық түрде жұмыс істеуге үйретеді.

Осы жерде деңгейлік жеке тапсырмалардың,деңгейлік үлестірме қағаздарының,ұжымдық перфокарталардың,текстік сынақ жұмыстарының тиімділігін айта кетейік.

Деңгейлік жеке тапсырмалар тиімділігі:

  1. Әрбір тапсырманың моделін жасау,алгоритмін құру,программасын жазу,оны компьютерде шығару,нәтижесін талдау әрбір оқушыға ақпаратты өңдеі,беру және қолдану процестері туралы білімдерді меңгеруге қолайлылық туғызады;

  2. Әрбір оқушы тапсырмамен қамтамасыз етіледі;

  3. Оқушылар бір-бірінен көшіру әдеті жоғалады,оларды адамгершілік қасиетке,жоғары саналылыққа баулиды;

  4. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады,ақыл-ойын,ойлау қабілетін дамытады;

  5. Оқушының шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға және ынтасын дамытудағы рөлі үлкен;

  6. Жеке тапсырмалардың әр түрлі болуы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға,оны әдебиеттерден ізденіп оқуға және өз бетімен білім алуға дағдыландырады;

  7. Компьютерлік технологияны оқыту құралы ретінде кәсіптік қызметтерге,еңбекке,басқа пәндердегі практикалық есептерді шешуге пайдалану дағдыларын қалыптастырады,

  8. Тапсырмалардың деңгейлік болып берілуі оқушылардағы қызығушылықты жоғалтпай,жеңіл тапсырмалардан гөрі күрделі тапсырмаларды өз бетімен орындауға дағдыландырады;

  9. Деңгейлік тапсырмалардың орындалуына қарап бағалау жеңіл болады;

  10. Деңгейлік жеке тапсырмалар жеке тұлғаның өздігін қалыптастырып,дамытып,оны ақпараттық қоғамдық өмірге дайындауда үлкен рөл атқарады.

Деңгейлік тапсырмаларды мына түрде беруге болады:

«Ақпарат тарауы бойынша» 1-ші деңгейдің тапсырмасы:

  1. Бейнелік ақпарат, таңбалы ақпаратқа дегеніміз не және оларға мысал келтіріңіз.

  2. Сәйкестендірініз:

1 Кбайт (килобайт)


1 Мбайт (мегабайт)


1 Гбайт (гигабайт)


1024 байт ≈ 1000 байт;


1024 Мбайт≈ 1 (миллиард байт);


1024 Кбайт ≈ 1(миллион байт);




2-ші деңгей тапсырмалары:

  1. Хабар құрыңыз және оны кодттаңыз.

Хабар



Морзе



оналтылық



Екілік





2. Бос қалғант төртбұрыштарды сәйкесінше толтырыңыз.

hello_html_57e5d84b.png

3.ASCII кодын пайдаланыңыз.

hello_html_m255d2144.png


3-ші деңгей тапсырмалары:

  1. Берілген мысалдарға ақпарат көзін, оның қабылдаушы мен ортасын белгілеңіз.

hello_html_m268df32.png

  1. Мына суретке қарап ақпарат тарауына «адам және ақпарат» атты шағын шығарма жаз. hello_html_7f648994.png












  1. «Ақпарат » терминіне анықтама құраңыз.


АҚПАРАТ





















Деңгейлік үлестірмен қағаздардың тиімділігі:


  1. Оқушылар деңгейлік тапсырмаларды өздері таңдайды.Егер қиын деңгейлік тапсырманы орындай алмаса,онда тапсырмадан жеңілірегін алады;

  2. Үлгерімі нашар және үлгерімі жақсы оқушыларға да тапсырмалар алдын ала дайындалады;

  3. Деңгейлік үлестірме қағаздарды үлгерімі нашар және жақсы оқушыларға да беруге болады;

  4. Оқушылар білім деңгейіне қарап қздері бөлінеді;

  5. Оқытушы үлестірме қағаздарын таратып беріп,орындалу уақытын ескертіп,қалған оқушылармен жұмыс істеуге мүмкіндік алады;

  6. Деңгейлік үлестірме қағаздары оқушылар білімін бағалауда оқытушыға жеңілдік туғызады;

  7. Оқушылардың өз білімдерін өздері бағалауға мүмкіндік береді;

  8. Бағалауда бұрмалаушылық болмайды,әшкерелік анық көрінеді.

Ұжымдық перфокарталар тиімділігі:


  1. Барлық оқушылар оқу процесіне тартылады;

  2. Аз уақыт ішінде барлық оқушының білімін анықтауға мүмкіндік береді;

  3. Оқушы білімін пысықтауға көмектеседі,жаңа сабақты әрбір оқушыға өте ұқыпты тыңдауға дағдыландырады;

  4. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын,ынтасын арттырады;

  5. Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілетін дамытып,жылдамдыққа дағдыландырады;

  6. Оқушылардың операторларды бір-бірімен салыстыра отырып,түйінді (қызметші) сөздердің мағынасына қарай,параметрлеріне қарай ажырата білуге,өз бетінше қорытынды жасайбілуге дағдыландырады;

  7. Аз уақыттың ішінде барлық оқушылардың білімін бағалауға болады.

Тестік сынақ жұмыстарының тиімділігі


  1. Оқу процесіне барлық оқушылар түгел тартылады;

  2. Тексеруге оқу материалын толық қамтуды қамтамасыз етеді;

  3. Аз уақыттың ішінде барлық оқушылардың білімін анықтауға мүмкіндік береді;

  4. Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілетін дамытады,жылдамдыққа,тапқырлыққа дағдыландырады;

  5. Оқушылардың күнделікті сабаққа ұқыпты дайындалуын талап етеді;

  6. Оқушылардың пәнге қызығушылығын,ынтасын арттырады;

  7. Оқушылардың жауаптарды салыстырып,дұрыс жауабын таңдай білуге,өз бетінше қорытынды жасай білуге дағдыландырады;

  8. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады;

  9. Барлық оқушылардың білімін бағалауға болады.













«Ақпарат» тарауына тест.

  1. Ақпарат” сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін қандай cөзінен шыққан.

А) informationion

В) informatika

С) informational

Д) informasyi

Е) informatio +

2. Адам баласы осы ақпараттың барлығын өзінің .............................................. және сияқты сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Көп нүктенің орнына сәйкес келетін жауапты белгілеңіз.


А) дұрыс жауап жоқ

В) көру, есту, иіс сезу, дөм сезу, түйсік (сезіну) +

С)көру, есту

Д) жүру, иіс сезу

Е) дәм сезу түйсік

3.Толық жауапты белгілеңіз. Ақпараттың қасиеттері мыналар:

А) Ақпараттың сенімділігі, ақпараттың толықтылығы, ақпараттың құндылығы (бағалылығы).

В) Ақпараттың дер кезінде берілуі, ақпараттың түсініктілігі, ақпараттың қолжетімділігі, ақпараттың қысқалығы.

С) Ақпараттың нақтылығы

Д) Ақпараттың сенімділігі

Е) Ақпараттың сенімділігі, ақпараттыц толықтылыгы, ақпараттың құндылыгы (бағалылығы), ақпараттыңдер кезінде берілуі, ақпараттың түсініктілігі, ақпараттың қолжетімділігі, ақпараттың қысқалылығы, ақпараттың нақтылығы+

4. Ақпараттың нақтылығы дегеніміз-

А) Ақпараттың нақтылығы тек уақытында алынған ақпарат қана күтілетін нәтижеге жеткізуі мүмкін. Ақпаратты уақытынан бүрын да (өлі меңгере алмайтын кезде), кешіктіріп те бермеген дүрыс.

В) Ақпараттың нақтылығы оның қарастырып отырған объектінің, процестің, қүбылыстың және т.б. шынайы күйіне жақындық дәрежесімен анықталады.

С) Егер ақпарат түсінікті және шешім қабылдау үшін жеткілікті болса, онда ол ақпараттың нақтылығы болып табылады.

Д) Бір мәселе бойынша ақпаратты қысқаша (маңызды емес бөліктерін алып тастап, қысқарған түрде) немесе кеңінен (толығымен, көп сөзден) баяндауға болады.

Е) Берілген жауаптардың барлығы дұрыс

5. Хабардың үзындығын, яғни хабарды жазу үшін пайдаланылған символдар санын .................................... деп атайды.


А) ақпараттың көлемі

В) ақпараттың ұзындығы

С) ақпараттың қолжетімділігі

Д) ақпараттың нақтылылғы

Е) ақпараттың туралылығы

6. Қандай да бір тілдің көмегімен ақпаратты ұсынуды ..............деп атайды.

А) бағалау

В) қадағалау

С) туралау

Д) шрифтке ауыстыру

Е) кодтау

7. Ақпаратты алу, сақтау, өңдеу және берумен байланысты процестер

А) ақпараттық процестер деп аталады

В) ақпараттық арналар деп аталады.

С) ақпаратты кодтау деп аталады

Д) ақпаратты шифрге ауыстыру деп аталады

Е) ақпаратты бағалау деп аталады



.

8. Бір байт неше битке тең?

А) 7

В) 8

С) 9

Д) 10

Е) 11

9. Ақпарат деген сөз неше битке тең?

А) 56

В) 25

С) 58

Д) 34

Е) 19

10. сынып неше байтқа тең?

А) 5

В) 8

С) 9

Д) 17

Е) 3











Сабақтың соңғы кезін-нәтижелерін қорытындылайтын кезеңін қамтитын оның валеологиялық компонентіне тоқталып өткім келеді. Баға-оқушыларды үйренуге талпындыратын негізгі құралдардың бірі.Жоғары баға баланы қанағаттандырып алға тартады,төмен баға оларды ренжітіп,оқығысы келмейтін сәттер туғызады.Сондықтан оқушының неге ондай баға алғанын түсіндіріп кеткен дұрыс.Мұғалімнің осылай ауызша берген түсініктемесі оқушының көңілінің пәстігін жойып,оған үміт отын жағып,алға ұмтылуға талпындыруы тиіс. Сол себепті сабақ соңында оқушының барлық істеген жұмысын қорытындылап баға қойған дұрыс болады.

Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты.Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру үшін сабақты түрлендіріп өту керек.Осындай жұмыс барысында жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесіне сүйене отырып сабақты түрлі іскерлік ойындар,жарыстар түрінде, пәнаралық байланыс түрінде, көрнекіліктермен, дидактикалық материалдар пайдалана отырып өтсек балалар қызығып оқиды.

Қорыта айтқанда, информатика сабағында дидактикалық материалдарды қолдану ісіне зор мән берілсе, мұның өзі оқушылардың білім сапасының жақсаруына зор ықпалы бар деп ойлаймын. Сондықтан да осы дипломдық жұмыста жасалған электронды құрал орта мектеп оқушылары мен мұғаліміне көмекші құрал ретінде нәтижелі пайдалануына болады.



















Қолданылған әдебиеттер


1 Бидайбеков Е.Ы. Подготовка специалистов совмещенного с информатикой профиля в Республике Казахстан. –Алматы:АГУ им Абая, 1998.-123с.


  1. А.И. Бочкин. Методика преподавания информатики. 1998 ж.


  1. Халыкова К.З. Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы, «Білім»


  1. Дидактикалық ойындар А.В.Фарков


  1. Волкова Т.О. Информатика в играх и задачах, 1996 Из-во «Учебная книга» (г.Екатеринбург)


  1. «Математика және физика» журналы


7. Н.Ермеков,Н.Стифунина «Информатика 7 сынып» «Мектеп» баспасы

















Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-154897

Похожие материалы