Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Информатика пәні бойынша лабораториялық жұмыстар

Информатика пәні бойынша лабораториялық жұмыстар

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС № 1

WINDOWS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖҰМЫС


Жұмыстың мақсаты: Windows ОЖ-нің негізгі түсініктері - тышқан, тышқанмен жұмыс істеу машықтары, Рабочий стол, Пуск батырмасы, есептер панелі, меню (негізгі және контекстік) түсініктерімен танысу; Windows ОЖ-нің командаларын жаттау.

1-жаттығу. Тышқанмен басқару әдістерін өңдеу.

Тышқан графикалық операциялық жүйедегі объектілерді басқарудың негізгі құралы болып табылады.Тышқанмен жұмыс істеу тәсілдері көп емес:

  • Көрсеткішті қою.

Егер тышқан көрсеткішін объектіге апарып бірнеше секунд бойы ұстап тұрса, онда көрсеткіш жанында осы объект туралы қысқаша мәлімет шығады.

Тышқан көрсеткішін Пуск батырмасына апарып көрінген мәлімет мазмұнын көруге болады.

Жаңа программаны оқытуды бастағанда басқару элементтеріне апарып көрсеткішті орнату арқылы объект туралы мәліметті шақырып, соны оқып алу арқылы жүргізіледі.

  • Шерту

Шерту деп тышқанның сол жақ батырмасын бір рет басып, босатуды айтады. Егер шерту объектіде орындалса, онда объект ерекшеленеді (қолдануға дайындалады).

Пуск батырмасында тышқанның сол жақ батырмасын шертсе, онда Негізгі мәзір ашылады.

  • Екі рет шерту

Екі рет шерту – тышқанның сол жақ батырмасын жылдам екі рет басып, босатуды айтады.

Бұл әдіс көмегімен объектілермен әрекеттер орындалады. Программалар іске қосылады, мәліметтер файлдары ашылады. Менің компьютерім белгісінде екі рет шертіңдер, сонда Жұмыс столында Менің компьютерім (Мой компьютер) терезесі ашылады, бұл терезеде негізгі объектілердің белгілері көрсетілген.

  • Жылжыту әдісі

Жылжыту көмегімен объектілер жылжытылады. Объектіні алып бару үшін (мысалы, Менің компьютерім белгісін) тышқан көрсеткішін қажет объектіге орналастырып, тышқанның сол жақ батырмасын жібермей басып тұрып, объектіні қажетті жерге жылжытады. Жылжыту көмегімен тек объектілерді ғана емес, терезелерді де жылжытуға болады.

Менің компьютерім терезесін екі рет шерту көмегімен оның белгісіне шертіңдер. Тышқан көрсеткішін тақырып жолына апарып, сол жақ батырмасын басулы күйінде ұстап, терезені жаңа орынға жылжытыңыздар.

  • Созу

Созу (Протягивание) жылжытуға ұқсайды, бірақ мұнда ештеңе жылжытылмайды, тек қана өзгереді. Егер көрсеткішті терезенің жақтауына немесе бұрышына қойса, онда ол қос тіл сызық түріне ауысады, одан соң тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып тышқанды жылжытса, терезе өлшемі өзгереді. Осы кезде созу әрекеттерін орындау керек.

  • Оң шерту

Бір объектімен бірнеше әр түрлі әрекеттер орындауға болады, оның біреуі негізгі болып саналады. Негізгі әрекет екі рет шерту арқылы орындалады. Ал, басқа қалған әрекеттер оң шерту көмегімен орындалады. Оң шерту тышқанның оң жақ батырмасы арқылы орындалады. Тышқанның оң жақ батырмасын шерту деп тышқан көрсеткішін қандай да бір объектіге орналастырып, тышқанның оң жақ батырмасын басуды айтады. Оң шерту кез-келген объектіде меню ашады, ол менюді контекстік деп атайды.

Контекстік меню – объектілермен жұмыс жасау кезінде қолданылатын командаларды қамтитын басқару элементтері. Бұл командар тізбегі объектіге байланысты. Контекстік менюдің негізгі ерекшелігі онда Қасиеттер (Свойства) пунктінің бар болуы. Осы пунктке шертсе, объектінің қасиеттері туралы мәлімет алуға және оларды өзгертуге болады. Windows-тағы көптеген күйге келтірулер дәл осылай орындалады.

  • Әдейі жылжыту

Бұл әдіс жылжыту әдісіне ұқсайды, бірақ оң жақ батырманы шерту арқылы орындалады. Жылжыту әдісі көмегімен объект бір орыннан екінші орынға жылжиды, ал әдейі жылжыту көмегімен оң жақ батырманы шерткенде кішкене меню ашылады. Осы менюден объектіні жылжыту, көшіру немесе объект үшін жарлық құру әрекеттерін орындауға болады.

2-жаттығу. «Мой компьютер» белгісінің көмегімен навигациялау.

  1. «Мой компьютер» белгісіне екі рет шерткенде, «Мой компьютер» терезесі ашылады. Осы терезе компьютерде орнатылған дисковод және қатты дискілер белгілері орналасқан.

  2. С: қатты дискісінде не бар екенін көру үшін осы белгіде екі рет шерту керек, сонда терезе ашылады. С: дискісіндегі түпкі буманың мазмұны көрінеді. Қалған іштестірілген бумаларды ашу да осылай жүргізіледі. Дискілер мазмұны және компьютер бумалары бойынша жүру файлдың құрылымы бойынша жұмыс жасау болып табылады.

  3. Терезелердің оң жақ бұрышында орналасқан батырмасына шертсе, тапсырманы орындау нәтижесінде ашылған барлық терезелер жабылады.

3-жаттығу. Проводник программасының көмегімен навигациялау.

  1. Пуск батырмасын шертіңіз, Негізгі меню ашылады. Программы Проводник командасын орындаңыз, Проводник программасының терезесі ашылады. Бұл программаның терезесі екі панельден тұрады. Осы панельде бумалар таңдалады және ашылады.

Оң жақ панель – буманың ішкі мазмұны. Бұл панельде таңдалынған буманың ішкі мазмұны көрінеді.

4-жаттығу. Жаңа бума құру.

  1. Проводник терезесінің сол жақ панелінде СТУДЕНТ бумасын оның белгісіне екі рет шерту арқылы ашыңыз.

  2. Студент тересінің ашық жерінде тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз. Пайда болған контекстік менюде Создать пунктін таңдап, пайда болған ішкі менюден Папка командасын орындаңыз. Студент бумасында жаңа бума ашылуға тиісті Новая папка аты бар жаңа бума ашылады.

  3. Новая папка атын өзгерту үшін ат беріп, Enter пернесін басу керек.

5-жаттығу. Notepad [Блокнот] редакторының көмегімен шағын текстік құжат құру.

  1. Проводник терезесінің оң жақ панелінде буманың белгісіне екі рет шерту арқылы өзіңіз құрған буманы ашыңыз.

  2. Бума терезесінің бос жерінде тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, ашылған контекстік менюде тышқан көмегімен NEW (Создать) пунктінде Text Document (Текстовый документ) командасын орындаңыз. Бума терезесінде осы файлдың пиктограммасы пайда болады, пиктограммадан төмен NEW Text Document.txt (Текстовый документ.txt) файлдың стандарттық атын көресіз. Осы файл атын басқа атқа өзгертіп, мысалы, My first text Document.txt деп, содан кейін Enter пернесін басыңыз.

  3. Файл пиктограммасы бойынша тышқанды екі рет шертіп, құжатты ашыңыз, Windows-тағы Notepad (Блокнот) редакторы мәтіндік құжаттармен байланысты, сол себепті редактор ортасына кіресіз.

  4. Клавиатура көлемімен кішкене көлемді текст теріңіз. Кішкене болса да, текстік құжат дайындаңыз. Бірақ, ол файлға сақталған жоқ.

  5. File (Файл) жазуына тышқанмен шертіп, Save (Сохранить) командасын орындаңыз. Нәтижесінде сіз құрған құжат My first text Document.txt файлында сақталады.

  6. Notepad терезесінің оң жақ жоғары бұрышында орналасқан батырмасында шертіп, ортадан шығыңыз. Блокнот (Notepad) терезесі жабылады.

  7. Файл пиктограммасына тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, контекстік менюде Open (Открыть) командасын таңдаңыз. Файл мазмұнын қарап шығу мүмкіндігі туады. Өз құжатыңызды көріп оның файл түрінде сақталғанына көзіңіз жетеді.

  8. батырмасында шертіп, Блокнот терезесін жабыңыз.


6-жаттығу. Бума ішінде объектілерді басқару, объектілерді сұрыптау.

  1. Проводник терезесінің сол жақ панелінде TP (немесе BP, немесе TP 7) бумасын тауып, оның белгісіне шертіп, буманы ашыңыз. Нәтижесінде оң жақ бөлігінде осы буманың мазмұны көрінеді. (Егер TP бумасының терезесінде обьектілер ішінде BIN бумасын екі рет шерту арқылы ашыңыз). Терезеде обьектілер 4 түрде көрінуі мүмкін: үлкен шартбелгілер, кіші шартбелгілер, тізім және кесте түрінде. Толық мәліметті кесте түрі көрсетеді.

  2. Вид менюінде кесте командасын таңдаңыз. Кесте 4 бағаннан тұрады: Аты, Типі, Өлшемі, Өзгерісі. Терезе мазмұнын осы бағандардың кез-келгені бойынша сұрыптауға болады. Ол үшін баған атында шертсе жеткілікті. Егер мәлімет бағанға толық сыймайтын болса, онда жазу соңында көп нүкте қойылады. Өрістер тақырыптарының бөлік сызықтарына екі рет шерту бойынша сол жақ бөліктің ең аз ендігін орнатуға болады. Сонда әр объектінің қасиеті онда толық көрсетіледі.

  3. Берілген каталогта тип бойынша барлық файлдарды сұрыптаңдар (Бағанның Тип тақырыбында шертіңдер).

7-жаттығу. Объектілерді ерекшелеу.

Объект тышқанды бір рет шерту арқылы ерекшеленеді. Қатар орналасқан объектілер тобын ерекшелеу үшін топтың бірінші объектісіне шертіп, SHIFT пернесін басулы күйінде ұстап объектілер тобының соңғысында шерту керек, сонда топ толық ерекшеленеді.

  1. Жоғарыдағы айтылған әдісті қолданып, ағымдағы терезеде кеңеймесі PAS болып келген барлық файлдарды ерекшелеңдер (алдыңғы тапсырмада объектілер Тип бойынша сұралған еді).

Әр жерде орналасқан объектілерді ерекшелеу CTRL пернесін басулы күйінде ұстап тышқанның сол жақ батырмасын басу арқылы орындалады.

  1. 1 пунктте ерекшеленген файлдардан ерекшелеуді алып тастаңдар.

8-жаттығу. Обьектілерді көшіру.

  1. 4-тапсырмада құрған өз бумаңызға кеңеймесі PAS болып келген бірнеше файлдарды көшіріңдер.

  2. 7-тапсырмада көрсеткен әдіс бойынша CTRL пернесі көмегімен қатар орналаспаған, кеңеймесі .PAS болып келген бірнеше (2-3) файлдарды ерекшелеңдер.

  3. Правка менюінде Копировать командасын орындаңыз.

  4. Көшірме орналастыратын өз бумаңызды ашыңыз.

  5. Правка менюінде Вставить командасын орындаңыз

9-жаттығу. Дискетті форматтау.

  1. Проводник терезесінің сол жағында А белгісін табыңдар. Диск 3,5 (A) жазуы түрінде болады.

  2. А пиктограммасына тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз. Жүйе контекстік менюді көрсетеді, командалар ішінен Format (Форматировать) командасын таңдаңыз. Осы команда көмегімен дискетаны форматтайды – жаңа дискетаны файлдарды орнатуға дайындайды.

  3. Format (Форматировать) командасына шертіп, ашылған диалогты терезеде форматтау параметрін енгізу керек.

  4. Дискетаны дисководқа орнатып, алдымен Full (Полное) пунктін, содан соң форматтау процесін іске қосу үшін Start (Начать) батырмасына шертіңіз. Format (Форматировать) сұхбат терезесінің төменгі бөлігінде орналасқан индикатор бойынша форматтау жүрісіне ілесуге болады. Форматтау жұмысы аяқталғанда жүйе оның нәтижелері туралы есеп береді, сол есеппен танысыңыз.

  5. Сlose (Закрыть) батырмасына тышқанмен шертіп форматтау нәтижелерін алып тастаңыз, содан кейін Format (Форматирование) сұхбат терезесіндегі осы батырмаға шертіп, форматтау режимінен шығыңыз. Нәтижесінде экранда Проводник терезесі көрінеді.

10-жаттығу. Файлды немесе буманы дискіге жіберу.

  1. Егер файл немесе бума дискетаға көшірілетін болса, дисководқа дискета орнатыңыз.

  2. Windows-тың Проводник терезесінен өз бумаңызды таңдап, сол бумаңызға көшіріңіздір.

  3. Файл менюінде Отправить командасын таңдап ашылған ішкі менюде бумаңыз көшірілетін [Диск 3,5 A] дисководты таңдаңыз.

  4. Проводник терезесіндегі [А:] жинақтауышқа пиктограммасы бойынша тышқанды екі рет шертіңіз.

  5. 3,5 Floppy (A:) [Диск 3,5 (А:)] тақырыбы бар терезе ашылғанын көресіз.

  6. Ашылған барлық терезелерді жабыңыз.

11-жаттығу. Экранды өзгерту.

  1. Рабочий стол бетінде тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз.

  2. Объект менюінен Свойства командасын таңдаңыздар.

  3. Заставка белгісіне шертіңіз.

  4. Заставка тізімінен өзіңізге ұнаған заставканы таңдап, Параметры батырмасында шертіңіз.

  5. Қажетті параметрлерді (ОК) батырмасында шертіп, диалогты терезеде орнатыңыз.

  6. Интервал өрісінде уақытты орнатыңыз.

  7. ОК батырмасында шертіңіз.

12-жаттығу. Экран фонын өзгерту.

  1. Рабочий стол бетінде тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз.

  2. Объект менюінде Свойства командасын таңдаңыз.

  3. Фон жалаушасында шертіңіз.

  4. Образец тізімінде ұнайтын бейне бойынша файл таңдаңыз.

13-жаттығу. Жылжыту әдісі көмегімен жарлық құру.

  1. Өз бумаңызды ашыңыз.

  2. (№5- тапсырмадағы өзіңіз құрған) текстік файл белгісіне тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз.

  3. Пайда болған менюден Создать ярлык командасын таңдаңыз – Windows объект орналасқан бумада жарлық құрады.

  4. Құрылған жарлықты Рабочий стол-да керекті орынға жылжытыңыз.

14-жаттығу. Жарлық белгісін өзгерту.

  1. Жарлық белгісінде тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз.

  2. Свойства командасын таңдаңыз.

  3. Диалогты терезеде Сменить значок жалаушасында шертіңіз.

  4. Қажетті белгіні таңдаңыз.

  5. ОК батырмасында шертіңіз.

15-жаттығу. Жарлық белгісін өзгерту үшін төменде көрсетілгендей орындаңыз:

Жарлық бойынша тышқанның оң жақ батырмасында шертіңіз.

Объект менюінің Переименование командасын таңдаңыз.

Жаңа ат енгізіңіз.

16-жаттығу. Мезгіл мен уақытты орнату.

  1. Панель управления пунктінің Дата/Время белгісіне 2 рет шертіңіз.

  2. Диалогты терезеде Дата/Время жалаушасы бойынша шертіңіз.

  3. Мезгілді өзгерту үшін Календарь тізімінен жыл, айды таңдаңыз.

  4. Уақытты өзгерту үшін сол текстік өрісте уақытты таңдаңыз.

  5. ОК батырмасында шертіңіз.

17-жаттығу. Бумалар мен файлдарды өшіру.

Ескерту!!! Студент бумасынан ғана өшіруді орындауға болады.

Өз бумаңызда объектіні ерекшелеп, төмендегі әрекетті орындаңыз:

  • Дискетадан жол бойынша өшірілетін файлдар Корзинаға орналаспайды.

18-жаттығу. Өшірілген объектілерді қалпына келтіру.

Рабочий стол-да Корзина белгісіне 2 рет шерту керек.

Өз бумаңызда қалпына келтіретін объектіні ерекшелеңіз.

Файл менюінде Вставить командасын таңдаңыз.

19-жаттығу. Анықтамалық жүйемен жұмыс

20-жаттығу. Windows ОЖ-сін күйге келтіру.



2 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС.

WINDOWS ОРТАСЫНДАҒЫ СТАНДАТТЫ ПРОГРАММАЛАР


Жұмыстың мақсаты: Windows ОЖ-де стандартты программалармен жұмыс жасауды үйрену: WordPad текстік редакторы, Paint графикалық редакторы, Калькулятор.

1-жаттығу. Стандартты WordPad текстік редакторында жұмыс жасау.

  1. WordPad текстік редакторын іске қосу үшін: Пуск→Программмы→ Стандартные→WordPad.

  2. Файл→Сохранить командасын пайдалана отырып, Практическая работа1.doc аты бойынша құрылған құжатты (А:) дискісінде сақтаңыз.

  3. Текст енгізу ережелерімен танысыңыз:

    1. Курсор жыпылықтап тұрған орында символ енгізу;

    2. Тышқан курсоры текстік курсорды қажетті позицияға орнату үшін қажет, ол текстті теру жұмысына араласпайды;

    3. Enter пернесін тек абзац соңында бөлу;

    4. Бос орынды енгізу көмегімен орталықтандыруды, абзац шегіністерін орнатуды, тексті жылжыту жұмыстарын орындауға болмайды;

    5. Тексті енгізу процесінде оны сақтауды жиі орындау керек;

    6. Бетті номерлеуді қолмен орнатуға болмайды;

    7. Нүкте мен үтірден кейін бос орын орнату керек;

  4. Шрифтік бейнелеуді ескере отырып төмендегі тексті теріңіз: (кегль – 14 пункт)

XVIII ғасырдағы адам білімінің жалпы саны әр 50 жыл сайын, 1959ж. қарай - әр 10 жыл сайын, 1970ж - әр 50 жыл сайын, 1989ж - әр 2-3 жыл сайын екі еселеніп отырды.

    1. Текст соңына курсорды орналастырыңыз;

    2. «2-3»-ті «екі - үш» текстімен ауыстырыңыз;

    3. Курсорды екінші жолдың алдына орналастырыңыз;

    4. «Екі еселеніп отырды» сөз тіркесін «Екіге артып отырды» сөз тіркесіне ауыстырыңыз;

    5. «50»-ді «елу» сөзімен ауыстырыңыз;

    6. Курсорды үшінші жолдың алдына орналастырыңыз;

    7. «1970ж»-ті «мың тоғыз жүз жетпісінші жылға қарай» сөзіне ауыстырыңыз;

    8. Курсорды екінші жолдың алдына орналастырыңыз;

    9. «1959ж»-ды «мың тоғыз жүз елу тоғызыншы жылға қарай» сөзіне ауыстырыңыз;

    10. Үшінші жолдың соңына курсорды орналастырыңыз;

    11. «1989ж» сөздің алдына курсорды орналастырыңыз;

    12. «1989ж» сөзін «1989жылы» сөзіне ауыстырып жазыңыз;

    13. Құжат соңына ағымдағы мерзімді Вставка/Дата и время командасы көмегімен қойыңыз. Ашылған диалогты терезеде кез-келген форматты таңдай отырып, ОК батырмасын шертіңіз;

  1. Файлдағы енгізілген өзгертулерді сақтай отырып, текстік редактор терезесін жабыңыз.

  2. Проводник программасын қолдана отырып, ДК-нің қатты дискісінде «название группы Стандартные» деген атпен өз бумаңызды сақтаңыз (мысалы, ПИМНО стандартные);

  3. А: дискісіндегі Практическая работа №1.doc текстік құжат файлын құрылған «Название группы Стандартные» бумасына көшіріңіз.

  4. Проводник ортасында С:\Название группы Стандартные\Практическая работа 1.doc құжатын ашып, мазмұнын қарап шығыңдар.

  5. Барлық ашылған терезелерді жабыңдар.

2-жаттығу. Paint стандартты графикалық редакторында жұмыс жасау.

  1. WordPad секілді Paint графиктік редакторын жүктеңіз.

  2. Файлды С:\ Название группы Стандартные бумасына Практическая работа 2 атымен сақтаңыз.

  3. Сурет (Антресоль) салыңдыр.


hello_html_m3fedb3c8.gif

Сурет объектісінің аты

Объектінің қасиеттері

Андресольдіњ сол жаќ бµлігі:

Есік

Декоративтік планка

Тұтқасы

Андресольдіњ оњ жаќ бµлігі


С±р т‰сті тµртб±рыш

Ќара т‰сті тµртб±рышты рамка


Ќар т‰сті кесінді

Андресольдіњ сол жаќ бµлігіне симметриялы


Графикалық редакторда құру

Құру нәтижесі

  1. Оhello_html_m64ef0fa8.gifбъект аты– андресольдіњ сол жаќ бµлігі

Ќ±рал-сайман: – боялѓан тµртб±рыш

Аѓымдаѓы т‰с – ќара.

Аѓымдаѓы фон – с±ры.

Сызыќ ќалыњдыѓы – №1


  1. Оhello_html_6a5bfcf9.gifбъект аты – есіктегі декоративтік планка.

Ќ±рал-сайман – контурлыќ тµртб±рыш

Аѓымдаѓы т‰с – ќара.

Сызыќ ќалыњдыѓы – №2


  1. Оhello_html_m39eb95dc.gifбъект аты – андресольдіњ оњ жаќ есігі.

Ќ±рал-сайман – кµшіру.


  1. Оhello_html_1abb0a7f.gifбъект аты – ручкалар.

Ќ±рал-сайман – кесінді.

Аѓымдаѓы түс – ќара.


  1. Барлық енгізілген өзгертулерді сақтай отырып, графикалық редактор терезесін жабыңдар.

  2. С:\ Название группы Стандартные бумасында Практическая работа 2 текстік құжат файлын А: дискісіне көшіріңдер.

  3. Проводник ортасында А:\Практическая работа 2 құжатын ашып, мазмұнын қарап шығыңдар.

  4. Ашылған барлық терезелерді жабыңдар.

Жаттығу 3. Windows екі қосымшасында жұмыс жасау.

  1. WordPad–ты іске қосқан тәсілмен Блокнот текстік редакторын іске қосыңдар.

  2. С:\Название группы Стандартные бумасында Практическая работа 3 атпен файлды сақтаңдар.

  3. Блокнот текстік редакторының терезесін жаппай, Калькулятор стандартты программасын іске қосыңдар.

  4. Текстік редакторда мысалдар жазамыз да, оларды Калкуляторда есептейміз. Ол үшін:

    1. Текстік редактор терезесінде

53+2127-69+133=

енгізіңіз.

    1. Мысалды белгілеңіз.

    2. Оны алмасу буферіне Правка\Копировать командасы арқылы көшіріңіз (немесе CTRL+C басыңыз).

    3. Калькулятор терезесіне көшіңіз.

    4. Алмасу буферінен мысалды Правка\Вставить командасының көмегімен қойыңыз (немесе CTRL+V басыңыз).

    5. Калькулятор терезесінде жауабын аласыз.

    6. Калькулятордағы жауапты алмасу буферіне Правка\Копировать командасының көмегімен көшіріңіз.

    7. Блокнот программасына өтіңіз.

    8. Мысалдың соңына “=” белгісінен кейін курсорды орналастырыңыз.

    9. Жауапты алмасу буферінен Правка\Вставить командасының көмегімен қойыңыз. Блокнот текстік редакторында “2244” жауабын көресіз.

  1. Дәл осылай

122-620+100-212=

(-69)*2127=

(-6)*(-23)=

45*6-123=

123/5-6=

123/(5-85)=

(145-67)*2-43=

есептеңіз.

  1. Практическая работа3 файлындағы өзгерістерді сақтаңыз.

  2. Блокнота терезесін жабыңыз.

  1. Название группы Стандартные бумасындағы Практическая работа3 текстік құжат файлын А: дискісіне сақтаңыз.

  2. Проводник ортасында А:\ Практическая работа3 құжатын ашып қараңыз.

Барлық ашық терезелерді жабыңыз.





3 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

WINDOWS COMMANDER-мен жұмыс істеу

1-жаттығу. Windows Commander-мен жұмыс істеудің негізгі принциптері

1.1. Windows Commander-дегі навигация.

Windows Commander-дің жұмыс терезесі панель деп аталатын екі бөлекке бөлінген. Олардың бірі әрқашан екпінді күйде болады. Екпінді панель деп осы сәтте курсор тұрған панелді айтамыз. Екпінді панелдің тақырыбы көк түспен ерекшеленген. Панелдер арасында бір-біріне өту үшін басқа панелге тышқанның пернесін шерту немесе клавиатурадағы ТАВ пернесін басу арқылы жүзеге асады.

1.2. Екпінді панелді екпінді емес, ал екпінді емес панелді екпінді жасаңыз.

Орындау реті: Tab пернесін басыңыз, нәтижеде курсор екінші панелге өтеді. Панелде ағымдағы дискінің мазмұнын береді. Сол панелде басқа дискіге өту үшін сіз Alt+F1 пернелер комбинациясын басуыңыз және ашылған тізімнен керекті дискіні таңдауыңыз керек. Оң панелде дискіні өзгерту үшін Alt+F2 комбинациясын басуымыз керек. Екінші әдіс hello_html_m618e5cfd.png белгісіне тышқан батырмасын басамыз.

1.3. Панелдегі дисководты ауыстыру.

Орындалу реті: Сол жақ панелдегі дисководты ауыстыру:

а) Alt + F1 пернелерін қатар басу,

б) ашылған тізімнен бағыттауыш пернелерінің көмегімен қажет дискіні таңдау:

hello_html_742564eb.png

в) курсордың көмегімен А: дисководын таңдап, Enter пернесін басу.

Оң жақ панелдегі дисководты ауыстыру:

а) Alt + F2 пернелерін қатар басу,

б) ашылған тізімнен бағыттауыш пернелерінің көмегімен қажет дискіні таңдау:

в) курсордың көмегімен А: дисководты таңдап, Enter пернесін басу.

Ескерту: Егер дисководта дискет жоқ болса немесе дұрыс істемейтін дисковод таңдалса, мынадай хабарлама шығады:

hello_html_m5d5f0a84.png

Бұл жағдайда келесі әрекеттердің бірін орындау керек:

  • А: дисководына дискет салып, Enter пернесін басу керек, я болмаса,

  • А: дисководының атының орнына басқа, мысалы С: дисководын алуға

болады, я болмаса

  • Esc (Отмена) пернесін басу керек.

2-Тапсырма. Екпінді панелдің бойында жұмыс жасау

2.1. Панелдің соңғы жолына көшу.

Орындалу реті.

End пернесін басу керек, я болмаса, курсорды ауыстыру (стрелка) пернесін пайдалану.

2.2. Панелдің жоғарғы жолына көшу.

Орындалу реті.

Home пернесін басу керек, я болмаса, курсорды ауыстыру (стрелка) пернесін пайдалану.

2.3. Файлды ерекшелеу.

Орындалу реті.

а) Ерекшелеуге қажет файлға курсорды қою,

б) Insert (Вставка) пернесін басу. Сол кезде файл сары түске боялады.

2.4. Файлдағы ерекшелеуді алып тастау.

Орындалу реті.

а) Ерекшелеуді алып тастау қажет файлға курсорды апару,

б) Insert (Вставка) пернесін басу.

2.5. Файлды топтап ерекшелеу.

Орындалу реті.

а) Ерекшеленетін бірінші файлға курсорды апару

б) Insert (Вставка) пернесін басу. Сол кезде файл сары түске боялады.

в) курсорды келесі файлға қойып, тағы да Insert (Вставка) пернесін басу керек және т.б.

2.6. Топтап белгіленген файлдардағы ерекшелеуді алып тастау.

Орындалу реті.

а) Ерекшелеуді алып тастау қажет файлға курсорды қою,

б) Insert (Вставка) пернесін басу.

в) курсорды келесі файлға қойып, тағы да Insert (Вставка) пернесін басу керек және т.б.

2.7. Барлық файлды ерекшелеу.

Орындалу реті.

а) Клавиатураның оң жағында орналасқан "серый" плюс (+) пернесін басу керек,

б) Выделить все диалогты терезесі пайда болады:

hello_html_46ce137f.png

в) Еnter пернесін басу.

2.8. Барлық файлдағы ерекшелеуді алып тастау.

Орындау реті.

а) "серый" плюс (-) пернесін басу керек, (клавиатураның оң жағында орналасқан)

б) Ерекшелеуді алу (Снять выделение) диалогты терезесін пайдалануға болады:

hello_html_mbd9f529.png

в) Еnter пернесін басу.

3-тапсырма. USER атпен директорияны А: дисководында құру керек

Орындалу реті

А: дисководы үшін

1. А: дисководына дискета салу

2. 1.3-тапсырмадағы әдістерді пайдаланып панелде (оң жақ немесе сол жақ) А: дисководының мазмұнын шығару.

3. 1.2-тапсырмасында жазылған әдісті пайдаланып А: дисководының мазмұны бар панелді екпіндендіру.

4. F7 (Mkdir) функционалдық пернесін басу.

5. Пайда болған диалогты терезеде клавиатурадан директория аты USER –ді теру керек.

6. Enter пернесін бассақ, А: панелде жаңа директория пайда болады.

4-тапсырма. сl.txt текстік файлын ашу және оны А: дискісінде сақтау

Орындалу реті

1.2-тапсырмада жазылған әдістерді пайдаланып А: дискісінің мазмұны бар панелді екпіндендіру.

  1. Клавиатурадан Shift және F4 пернелерін бір мезгілде басу керек.

  2. Диалогты терезеде файлдың аты сl.txt-ті теріп, Enter пернесін басу керек.

  3. Блокнот текстік редактордың терезесінде тексті теру керек.

  4. Блокнотта тексті сақтау үшін Ctrl+S пернесін басамыз, немесе Файл→Сохранить меню командасын орындау. А: дискісінде сакталған файлдың атын көреміз.

5-тапсырма: Файлдың мазмұнын қарау.

Орындалу реті.

1. Бағыттауыш пернелерін пайдаланып мазмұны қарау қажет файлға барамыз.

2. F3 (View) функционалдық пернесін басамыз. Экранда файлдың мазмұны пайда болады

  1. Қарау программасында келесі пернелер комбинациялары мүмкін:

1 - текстік форматта қарау;

2 - белгіленген жол ұзыындығымен қарау;

3 -16-лық форматта қарау;

4 - сурет түрінде қарау (егер осы сәттегі файл сурет болса);

5 - HTML форматында қарау (барлық өрнектелмейді);

А – ANSI-де қарау, яғни Windows кодировкасында;

SASCII-де қарау, яғни DOS кодировкасында.

OptionConfigure меню командасын орындағаннан кейін бөлек терезеде шрифтті келтіруге және терезе өлшемін өзгертуге, содан соң OpitonSave Posiiton меню командасымен сақтауға мүмкіндік береді.

Ғ10 немесе Esc пернесі арқылы қарау режимінен шығу

6-тапсырма: Файлдың атын өзгерту (мысалы, А: дискісіндегі cl.txt файлын, cly.doc атына өзерту)

Орындалу реті

  1. cl.txt файлына курсорды апарамыз.

  2. F6 (RenMov) функциональдық пернесін басамыз.

  3. Пайда болған диалогты терезеде файлдың жаңа атын cly.doc-ты тереміз

  4. Enter(Ввод) пернесін басамыз

Бұл режимнен шығу үшін Esc пернесін басамыз.

7-тапсырма: А: дисководындағы cly.doc файлын С: дисководына көшіру

Орындалу реті

  1. Панелде қайдан көшірілетін А: (мысалы, сол жақта А: дисководы) және қайда көшірілетін С: (оң жақ панелде) 1.3-тапсырмасында жазылған әдіспен дайындалады.

  2. cly.doc файлына курсорды апару.

  3. F5(Copy) функционалдық пернесін басу.

  4. Пайда болған диалогты терезеде қайда көшірілетіні көрсетіледі:


hello_html_m1e8ef449.png


5. Enter(Ввод) пернесін басамыз

8-тапсырма: Бірнеше файлдарды көшіру

Мысалы: С: дискісінен 2 файлды А: ға көшірейік.

7-тапсырмада жазылған әдістер сияқты орындалады, тек қана көшірмес бұрын қажет файлдарды 2.5- және 2.7-тапсырмада жазылған әдіспен ерекшелеу керек.

9-тапсырма: Негізгі менюмен жұмыс істеу тәсілдері.

9.1. Сол жақ панельде файлдардың атын және кеңеймелерін шығару.

Орындалу реті.

а) сол жақ панельді екпінді ету;

б) Ғ9 (PullDn) немесе Alt функционалдық пернесін басу;

Нәтижесінде Windows Commander меню панелі екпінді болады.

в) Менюді ашу үшін ↓ пернесін басыңыз. Оң жаққа бағыттаушы пернені басу арқылы Show (Вид) пунктіне және төмен бағыттаушы пернені басу арқылы Brief (Краткий) пунктіне көшіңіз;

г) Enter пернесін басыңыз.

Осындай нәтижеге Ctrl+F1 пернелерін басып та жетуге болады.

9.2. Оң жақ панелінде файлдардың аттары мен кеңеймелерін шығару.

9.1 тапсырмасында жазылған әдіспен бірдей орындалады, бұл жағдайда тек қана б) пунктінде оң жақ (Right) панельді таңдау керек.

9.3. Сол жақ панельде файлдың аттарын, кеңеймелерін, өлшемдерін, құрылған күнін, уақытын шығару керек.

Орындалу реті :

а) F9(PullDn) функциональдық пернесін басыңыз. Нәтижесінде экранның жоғарғы бөлігінде меню пайда болады.

Нәтижесінде Windows Commander меню панелі екпінді болады.

б) Менюді ашу үшін төмен бағыттаушы пернені басыңыз. Оң жаққа бағыттаушы пернені басу арқылы Show (Вид) пунктіне және төмен бағыттаушы пернені басу арқылы Full (Подробный) пунктіне көшіңіз;

в) Enter пернесін басыңыз.

Осындай нәтижеге Ctrl+F2 пернелерін басып та жетуге болады.

9.4. Оң жақ панельде файлдың аттарын, кеңеймелерін, құрылған, күнін, уақытын шығару керек.

9.3-тапсырмасындағы әдістегі жолмен орындаймыз.

Айырмашылығы б) пунктінде Правая панель (Right) таңдалуы керек.

9.5. Файлды тез іздеу.

Мысалы format.com файлын екі әдіспен іздеуге болады.

1 әдіс

Орындалу реті:

а) F9 (PullDn) функционалдық пернесін басу. Нәтижесінде экранның жоғарғы бөлігінде меню пайда болады.

б) Оң жаққа бағыттаушы пернені пайдаланып Commands (Команды) командасын таңдап, Enter пернесін басу керек.

Нәтижесінде экранда осы бөлімнің ішкі командалары пайда болады.

Төмен бағыттаушы перненің көмегімен Search (Поиск файла) командасын таңдап, Enter пернесін басу керек. Нәтижесінде экранда диалогты терезе пайда болады. Бұнда файлдың атын (мысалы format) немесе оның алғашқы символдарын теріп, Start Search командасын таңдау немесе Enter пернесін басу керек.



hello_html_e4b27d9.png

г) Нортон ізделінді файлды табады және оны ерекшелейді.

2 әдіс

Орындалу реті :

Alt және F7 (Alt+F7) екі пернені қатар басу керек. Экранда пайда болған диалогты терезеде, жоғарыда көрсетілгендей в) және г) пунктерін қайталау керек.


1hello_html_19096c8a.png0-тапсырма: Файлды өшіру.

Егер сақталған информация қажет болмаса, онда ол файлды өшіру керек. Ол жұмыс дискіде орын босатады және оның орнына басқа файл жасауға болады.

Ескерту! Бұл амалды орындағанда өте сақ болу керек.

Мысалы, 5-тапсырмада құрылған жіне 7-ші тапсырмада аты өзгертілген А: дискаводындағы cly.doc файлын өшіру керек.

Орындалу реті:

1. cly.doc файлына курсорды апарамыз.

2. Ғ8 (del) функционалдық пернесін басамыз.

Экрандағы диалогты тарезеде өшірілуге тиіс файлдың аты көрсетіледі.

Бұл файлдың өшірілуін құптау үшін Enter пернесін басу керек.

Бұны өшігіміз келмесе Esc немесе диалогты терезедегі Cancel (отмена) пернесін таңдау керек.

hello_html_m771cdd3.png

Бірнеше файлды өшіру қажет болса оларды алдымен ерекшелеп алу керек. (2.5-тапсырманы қара)

3. Жоюды реттеу үшін Enter басу керек. Режимді тоқтату үшін Esc пернесін басу немесе бағыттаушы пернелерімен жұмыс істей отырып, диалогты терезеде Саncel батырмасын таңдау керек. Бірнеше файлдарды жою алдында, оларды ерекшелеп алу (2.5.-тапсырманы қара), содан соң F8 пернесін басу керек.




4 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

WORD РЕДАКТОРЫН ТАҒАЙЫНДАУ, ІСКЕ ҚОСУ ЖӘНЕ ОНЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІ АЯҚТАУ.

ТҮЗЕТУ ЖӘНЕ СҰРЫПТАУ. ФОРМАТТАУ РЕЖИМДЕРІ.

БЕТТЕРДІ БЕЛГІЛЕУ.


Жұмыстың мақсаты: MS Word редакторында құжатты құру, сақтау, ашу және құжат текстін редакциялау және форматтауды үйрену.

1-тапсырма.

  1. Word текстік редакторын іске қосыңыз да, меню қатарының көмегімен жаңа құжат құрыңыз.

  2. Файлды (құжатты) өз бумаңызда “Қауіпсіздік ережесі” деген атпен сақтаңыз.

  3. Парақ бетінің параметрін көрсетіңіз: верхнее – 1,5, нижнее – 2, левое – 2,5, правое – 1,5.

  4. Текст тақырыбын ортаға, қарайтылған, қатар ортасына қарай туралаңыз, шрифтің аты – KZ Decor, көлемі – 24, асты сызылған.

  5. Текст екі жақ шетке қарай туралау, шрифтің аты – KZ Times New Roman, көлемі –14.

  6. Әрбір 3 минут сайын сақтау опциясын қосыңдар.

  7. Терілетін текст:

Есептеуіш техникасы кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі.

Есептеуіш техникасы кабинетінде жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігін сақтау оқушылар мен мұғалімдердің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Аталған міндетті орындауда оқушы төмендегілерді білуі тиіс:

  1. Жалпы ережелерді;

  2. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы ережелерді;

  3. Жұмыс жасау кезіндегі ережелерді;

  4. Апаттық жағдайдағы ережелерді;

  5. Жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерді білуге тиіс.

1. Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей:

  • Компьютерді тоққа қосатын сымдарға, қос тілді розеткілерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;

  • Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды;

  • Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;

  • Дербес компьютердің жанына портфельдер, сумкалар, кітаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс;

  • Клавиатура үстіне артық заттар қоюға болмайды;

  • Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жаныңдағы құрбыларыңды алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.

Оқушы компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындау ережесімен танысқандығы туралы журналды толтырады.

2. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:

  • Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесіз жалғанғанына көз жеткізу керек;

  • Жұмыс жасау кезінде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше көңіл бөлінуі керек.

Жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлұматтарды енгізіп, белгі жасау қажет.

3. Оқушының дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:

  • ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60-70см қашықтықта ұстау керек;

  • Сыныпқа кірушілермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етіледі;

  • Көзі шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ көз жаттығуын орындауға болады;

  • Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін, от сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді және өрт сөндіру тәсілдерін білу қажет.

Көз жаттығуларын білу міндетті.

4.Апаттық жағдайдағы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар:

  • Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйік иісі шықса немесе өзгеше дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалімге хабарлау керек;

  • От сөндіруде көмек көрсету қажет;

  • Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсету керек;

  • Компьютерлік сыныпта өртті сумен сөндіруге болмайтындығын білу қажет. Оған құм және т.б. өрт сөндіргіш құрал-жабдықтарын пайдалануға болады;

  • Электр тоғының әсерімен зақымдалған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын білу қажет. Оны әр түрлі материалдарды (электр тоғы сымынан басқа) пайдалану арқылы босатып алуға болады.

5.Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегі техника қауіпсіздігі ережесінің талаптары.

  • Мұғалімнің нұсқауы бойынша аппаратты өшіру;

  • Жұмыс орнын ретке келтіру;

  • Жұмыс орнындағы тіркеу жолына белгі қою.

  1. Текстте арнайы маркерлерді қолданыңыз.

  2. Қатар аралықтарын өзгертіңдер (Формат→Абзац).

  3. Файлды пернелердің көмегімен сақтаңдар және жабыңдар.


2-тапсырма.

  1. Проводник программасының көмегімен “Қауіпсіздік ережесі” файлын ашыңыз.

  2. Текст теруді жалғастырыңыз

6. Шаршаған жағдайда қолданылатын жаттығулар

Оқушыны компьютермен жұмыс жасай отырып, шаршаған жағдайда келтірілген жаттығуларды пайдалануы қажет:

  1. Шаршаған кездегі көздің қарау бағытын өзгерту (ауыстыру):

  • Алысқа-жақынға, оңға-солға, жоғары-төмен қарау;

  • Сағат тілінің бағытымен және керісінше көзді айналдыра, қозғалыс жасау;

  • Көзді қолмен жауып 1-1,5 минут отыру.

  1. Басты бұру жаттығуларын жасау:

  • Басты сағат тілі бағытымен және керісінше бұрып айналдыру;

  • Басты жан-жаққа бұру.

  1. Саусақтардыжұмып-ашу және қолдың білезігін босаңсыту. Денені босаңсыту және оны керіліп шынырықтыру.

  1. Біріккен текстің шрифт көлемін – 12, шрифт атын – KZ Arial өзгертіңіз.

  2. Текст маркерлерін өзгертіңіз.

  3. Текстке стиль кітапханасын қолданыңыз.

  4. Текстке колонканы қолданыңыз, типі –3.

3-тапсырма.

  1. Құжат құрыңыз.

  2. Өз бумаңызда құжатты «Интернет» атымен сақтаңыз.

  3. Әрбір 5 минут сайын автосохранение опциясын қосыңдар.

  4. Төмендегі текстті теріңіз (шрифт өлшемі–14, шрифт аты - Тimes New Roman):

Что такое Интернет?

Интернет представляет собой глобальную сеть компьютеров: обменивающихся данными с помощью общего языка. Работа Интернета похожа на работу международной телефонной системы - отсутствует единый владелец или управляющий, но все объединены и работают как в одной большой сети. Служба World Wide Web имеет графический, удобный для поиска документов интерфейс. Эти документы а также связи между ними, образуют пространство Web. Файлы или страницы Web связаны между собой. Страницы Web могут содержать текст, рисунки, видео и звукозаписи – все, что угодно. При подключении к Web вы получаете доступ к всемирной информационной службе.

  1. Бірінші жолға Заголовок 1 стилін қолданыңыз.

  2. Негізгі тексті (ұзындығы) ені бойынша тегістеңдер (Формат→ Абзац→Отступы и интервалы→Выравнивание→По ширине).

  3. Негізгі текст үшін 1 см-ге тең абзац орнатыңдар. (Формат→Абзац→ Отступы и интервалы→Первая строка→Отступ – на 1см).

  4. Негізгі текст үшін сол және оң шегіністер орнатыңдар (Формат→ Абзац→Отступы и интервалы→Отступ→слева: 0,5см; справа: 1,5см).

  5. Жоларалық интервалды 17 пунктке тең орнатыңдар (Формат→Абзац→ Отступы и интервалы→межстрочный→точно - значение 17 ).

  6. Абзац арасында қосымша интервалдар орнатыңдар (Формат→Абзац→ Отступы и интервалы→Интервал→перед: 12пт)

  7. Негізгі тексте Интернет сөзін курсивпен жазыңдар.

  8. владелец” сөзін оның синонимы “хозяин” сөзімен ауыстырыңдар, ол үшін оны ерекшелеп Сервис→Язык→Тезарус командасын орындаңыз немесе Shift+F7 пернелерін басыңыз.

  9. Қателерін түзетіңдер F7.

  10. Өзгертулерді ескеріп, құжатты сақтаңдар.



5 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖУМЫС.

КЕСТЕЛЕР ЖӘНЕ ШЕКАРАЛАР. ДИАГРАММАЛАР.

Жұмыстың мақсаты:

  • Текст iшiнe кесте салу, оның элементтерімен танысу;

  • Кесте бөліктерін және оның ішіндегі текстті форматтау.

Word редакторы жұмыс кезінде көптеген практикалық есептердің орындалуын жеңілдетіп, әр түрлі амалдар жиынын орындай алатын, сақталынған мәліметтерді реттеу мен форматтауға мүмкіндік беретін кестелерді ыңғайлы пайдалану жолдарын ұсынады.

1-тапсырма

Кесте кұру үшін мыналарды орындау кажет:

  1. Жаңа құжат құрып, оған «Қатысым ведомості» деп ат қойыңыз.

  2. Құжаттағы кесте қоятын орынға курсорды орналастырыңыз.

  3. Тақырып атын ортаға, қарайтылған, қатар ортасына қарай туралаңыз, шрифтің аты – KZ Аrial, көлемі – 18, асты сызылған.

  4. Текстті екі жақ шетке туралау, шрифтің аты – KZ Times New Roman, көлемі – 14.

  5. Әрбір 5 минут сайын автосохранение опциясын қосыңдар.

  6. Кесте менюінен Кестені қосу командасын таңдап алыңыз немесе саймандар панелінен Кестені қосу батырмасын басыңыз.

  7. Бағаналар саны өрісіне керекті бағаналар санын және Қатар саны өрісіне қатар санын енгізіңіз.

  8. Мысалы, студенттер журналының кестесін құрыңыз:

Сабаққа қатысым туралы жалпы ведомость




Студенттің аты-жөні

Аптада қатыспаған сабақтар саны

Ескертпе

Екінші жарты жылдықтағы апталар




























1





























2

























































15






























  1. Бағана ені өрісінде бағананың енінің шамасын көрсетіңіз.

  2. Егер кестенің форматталған басқа үлгілерін немесе рамкаларын пайдаланғыңыз келсе, Автоформат батырмасын басыңыз.

  3. Студенттің аты-жөні батырмасына 15 студенттің аты-жөнін енгізіңіз.

  4. Кестеге туралауды қолданыңыз.

2-тапсырма

  1. Жаңа құжат құрыңыз. Оған «Сабақ кестесі» деп ат қойып, құжатты өз бумаңызда сақтаңыз.

  2. Құжаттағы кесте қоятын орынға курсорды орналастырыңыз.

  3. Тақырып атын ортаға, қарайтылған, қатар ортасына қарай туралаңыз, шрифтің аты – KZ Decor, көлемі – 22, асты сызылған.

  4. Текстті екі жақ шетке туралау, шрифтің аты – KZ Times New Roman, көлемі –12.

  5. Әрбір 7 минут сайын автосохранение опциясын қосыңдар.

  6. Таблица менюінен Добавить таблицу командасын таңдап алыңыз немесе саймандар панелінен Добавить таблицу батырмасын басыңыз.

  7. Число столбцов өрісіне керекті бағаналар санын және Число строк өрісіне қажет қатарлар санын енгізіңіз.

  8. Мысалы, студенттер сабағының кестесін құрыңыз.

  9. Дүйсенбіден сенбіге дейін толтырыңыз.

  10. Сабақ аттарын тік бағытта жазыңыз.

  11. Кестенің ішін төмендегідей етіп сандармен толтырыңыз.

  12. Әр пән бойынша аптасына қанша сағат болатынын анықтаңыз.


2


Апта күндері

Сабақ түрлері

химия

Матем.

Биолог.

Қаз.тіл.

Ағыл.т

тарих

эконом

Инфор.

құқық

Д/ш

1.

Дүйсенбі

2


2



2


2


2

2.

Сейсенбі

2

2





2


2


3.

Сәрсенбі



2

2

2





2

4.

Бейсенбі


2




2

2

2



5.

Жұма

2


2


2


2


2


6.

Сенбі


2


2


2


2


2

7.

Апта сағ.












3-тапсырма.

  1. Жаңа құжат құрыңыз. Оған «Амал» деп ат қойыңыз да, оны өз бумаңызда сақтаңыз.

  2. Құжаттағы кесте қоятын орынға курсорды орналастырыңыз.

  3. Сандарды ортаға, қарайтылған, көлемі – 16.

  4. Әрбір 9 минут сайын автосохранение опциясын қосыңдар.

  5. Таблица менюінен Добавить таблицу командасын таңдап алыңыз немесе саймандар панелінен Добавить таблицу батырмасын басыңыз.

  6. Число столбцов өрісіне керекті бағаналар санын және Число строк өрісіне қатар санын енгізіңіз.( Кесте 4х4 өлшемді болсын.)

56

486

-256

654

42

512

-35

258

65

545

58

951

25

-256

548

-852

  1. Кестенің ішін жоғарыда көрсетілген сандармен толтырыңыз.

  2. Кестеге тағы бір жол қосыңыз.

  3. 1- ші қатардың қосындысын, 2-ші қатардың көбейтіндісін, 3-ші қатардың максимум (ең үлкен) мәнін, 4-ші қатардың минимум (ең кіші) мәнін тауып жазыңыз.


6 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС.

ТЕКСТКЕ ЕНГІЗІЛГЕН ГРАФИКАЛЫҚ ОБЪЕКТІЛЕРДІ ӨҢДЕУ.

ФОРМУЛА РЕДАКТОРЫ.

Мақсаты: Текстке Clip Gallery және басқа программалардан, файлдан, сканерден және WordArt объектілерін енгізу, өңдеу (түзету, толықтыру, топқа 6ipiкmipy, топтан шығару) әрекеттерін орындауды үйрену. Формулар редакторын қолдану.

Көптеген құжаттарда әр түрлі иллюстрация түріндегі объектілер бар. Word редакторында текстік құжат ішіне алдын ала басқа программаларда дайындалған фирмалық таңбалар, диаграммалар, графиктер, суреттер және дыбыстық объектілерді енгізуге болады.

Программалардың бір-бірімен мәлімет алмасуы үшін байланысқан және ендірілген объектілер қолданылады. Яғни, Office программаларының бірінде жасалған объектілерді басқа программаларға байланысқан және ендірілген объект түрінде енгізуге болады. Байланысқан және ендірілген объектілердің бір-бірінен айырмашылығы олардың сақталатын орны мен файлға орналастыру кезіндегі өңдеу тәсілдерінде болып табылады.

Байланысқан объект — сол объект тұрған файлда сақталады. Байланысқан объектіні өңдеу үшін міндетті түрде осы файлға оралуға тура келеді. Файлда сақтаулы тұрған объектіні өңдеген кезде құжатқа орналастырылған объект автоматты түрде осы өзгерістерді қабылдайды.


1-тапсырма

  1. Өз бумаңызда жаңа құжат құрыңыз.

  2. Құжаттың аты «Университет».

  3. Clip Gallery программасының Люди бөліміндегі «Leadership» объектіні текст ішіне енгізіңіз.

  4. Осы объектіні топтан шығарыңыз (Действия→Разгрупировать).

  5. Әйел адамның бейнесін оңға жылжытыңыз.

  6. Тақтаны үлкейтіңіз.

  7. Тақтаның ішіне мына сөзді енгізіңіз: «Қ.ЖҰБАНОВ атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті»

  8. Шрифт KZ Decor

  9. Бейнені топтастырыңыз.

  10. Формулалар редакторын іске косыңыз.

  11. Текст ішіне hello_html_m1c873984.gif, hello_html_m610cfda5.gif, hello_html_338f739b.gif формуласын енгізіңіз.

  12. Текст ішіне hello_html_40e2739b.gif формуласын енгізіңіз.

  13. Осылай толтырылған текстте Объект деген атпен файл ретіне сақтап жазып қойыңыз.






7 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

КІТАПТАР ЖӘНЕ БЕТТЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ.

МӘЛІМЕТТЕРДІ ЕНГІЗУ. ҰЯШЫҚТАРДЫ ЕРЕКШЕЛЕУ.

ЕСЕПТЕУ ФОРМУЛАЛАРЫ АРҚЫЛЫ КЕСТЕ ҚҰРУ.


Жұмыстың мақсаты: MS Excel құралдарының көмегімен кесте құруды, кесте ішінде есептеу формулаларын құруды және кестені форматтауды үйрену.

Excel электрондық кестесі жазылған әрбір файл, бірнеше беттерден тұратын байланысқан кестелерді бір орынға сақтап қойып, қажетті ақпаратты жылдам іздеп табу мүмкіндігін беретін кітап болып саналады. Беттердің немесе парақтардың жарлықтары экранның төменгі сол жақ шетінде көрініп тұрады. Әдетте электрондық кесте іске қосылған мезетте 1-бет (лист 1) екпінді болады, келесі немесе басқа бетке өту қажет болса, сәйкес парақтың жарлығында тышқанды шертеміз. Ал қажетті беттің жарлығы экранда көрінбей тұрса, жарлықтардың сол жағындағы бағыттауышта (3,4) тышқанды шерте отырып, жылжытамыз.

Бір мезгілде бір ұяшықпен немесе қатар орналасқан бірнеше ұяшықтар тізбегімен жұмыс жасауға болады. Белгіленген ұяшықтар тізбегін блок немесе торлар аралығы деп аталады. Мұндай блоктардың адресі бірінші ұяшықпен соңғы ұяшықтардың адресі қос нүктемен бөліп жазу арқылы көрсетіледі. Мысалы, D2 ден D8 аралығындағы блоктың адресі D2:D8 түрінде көрсетіледі.

Excel электрондық кестесінде сан ретінде қабылданған мәлімет ұяшықтың оң жағына ығысып орналасады.

Электрондық кестеге уақыт және күн-ай мерзімі енгізілгенде Excel 97 программасы оларды арнай сандар ретінде қабылдайды, яғни олар ұяшықтың оң жағына қарай ығыстырылады. Уақыт мерзімдері сан ретінде қабылданатындықтан оларға сандық мәндерге қолданылатын барлық амалдарды орындау мүмкіндігі бар. Күн мен ай және жыл мезгілдері шамалары бір-бірінен нүкте арқылы ажыратылып жазылады. Мысалы, 4.11.94 немесе 11. Апр. 94.

Форматтарды Формат→Ячейки командасын орындағанда ашылған диалогты терезенің Число ішкі бетіндегі тізімнен Дата жолын таңдау арқылы көріп, өзгерте аламыз. Ұяшыққа енгізілетін уақыт шамасының форматтарын осы ішкі беттегі Время жолын таңдау арқылы көріп, өзгертуге болады.

Excel электрондық кестексі арифметикалық амалдарды, функциялар мен біріктірілген сандар тізбегін немесе ұяшықтар адрестерінен тұратын арифметикалық өрнектерді формулалар ретінде қабылдайды.

Формулаларды міндетті түрде “=” теңдік немесе “+” қосу белгісінен бастап жазу керек. Мысалы, =2*3 немесе +2*3 формуласын жазу керек. Ал, С1 және Ғ5 ұяшықтарындағы сандардың қосындысын есептеу үшін, нәтиже орналасатын ұяшыққа кестелік курсорды орналастырып, =C1+F5 немесе +С1+Ғ5 формуласын теріп жазамыз. Есептеу нәтижесін формула енгізілгеннен кейін, кестелік курсор тұрған ұяшыққа жазылады.

Формулалардағы амалдардың орындалу реті операторлардың көмегімен жазылады. Операторлар дегеніміз – іс-әрекеттің орындалу ретін анықтайтын шартты белгілеулер. Көбейту, бөлу, азайту, қосу операторлары, яғни әр түрлі амалдарды орындау, шартты белгілеулер түрінде өте қысқа болып жазылады.



1-тапсырма.

  1. Мои документы” бумасында жаңа бума “Информатика” деген атпен құр.

  2. Информатика” бумасының ішінен жаңа “1_лаб_excel.xls” файлын құрыңыз.

  3. Ұяшыққа (А1) жыл мезгілін және айды енгізіңіз (январь-98).

  4. Шрифтің көлемі 16, жартылай қарайтылған.

  5. А1 ұяшығына январь сөзін теріп жазыңыз. Тышқан курсорын осы ұяшықтың оң жақ төменгі шетіне орналастырыңыз да, пайда болған қосу таңбасын тышқан көмегімен барлық ай аттары жазылғанға дейін оңға қарай жылжытыңыз. Болған өзгерісті түсіндіріңіз.

  6. Осы файлдың 2-ші бетін ашыңыз.

  7. С1 ұяшығына ағымдағы күн, ай, жыл мерзімін енгізіңіз.

  8. С2 ұяшығына 1 қаңтар 1999ж. шамасын 1-Янв-1999 форматында жазылатындай етіп енгізіңіз.

  9. С3 ұяшығына =С1-С2 формуласын жазыңыз. Болған өзгерісті түсіндіріңіз.



2-тапсырма.

2.1 Төмендегі кестені құрыңыз.

hello_html_m7416328b.png













2.2 «Итого в тенге», «Подоходный налог» және «К выдаче» бағандарын сәйкесінше формула құру арқылы толтырыңыз.

2.3 Кестені алфавит бойынша сұрыптаңыз.

2.4 Кесте тақырыбы: жартылай қарайтылған, асты сызылған және шрифт көлемі 16.

2.5 Кестені форматтаңыз (Автоформат→Классический 2).

2.6 Кестені VEDOM1.xls деген атпен дискіде сақтаңыз.


8 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

EXCEL ПРОГРАММАСЫНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ.

АБСОЛЮТТІ ЖӘНЕ САЛЫСТЫРМАЛЫ СІЛТЕМЕ.


Жұмыстың мақсаты: Excel-де қолданылатын функциялармен танысу; есептеу формуласын салыстырмалы және абсолюттік сілтемелерді қолдану.

Excel 97 программасына математикалық, финанстық, статистикалық және логикалық функциялардың ауқымды жиыны ендірілген. Егер кестеге бірнеше сандар енгізілген болса, Excel 97 программасы оларды қарапайым арифметикалық ортасын табудан бастап, күрделі тригонометриялық есептеулерді жасауға дейін 300-ден аса тәсілмен өңдей алады. Excel 97 функциялары – программа жадында сақталып тұрған арнайы формулалар болып табылады. Әрбір функция аты (мысалы, СУММ т.с.с.) мен оның аргументі арқылы өрнектеледі. Аргументтер дегеніміз – нәтиже алу үшін қолданылатын мәліметтер. Функцияның аргументі сілтемелер немесе атау, текст немесе сан, уақыт немесе мерзім бола алады. Аргументтер функция атының оң жағында жай жақшаның ішінде жазылады.

Функциялар есептеулерді ықшамды күйде жазу үшін қолданылады және мынадай түрде жазылады: hello_html_m37f21aaa.gif,

мұндағы у – функцияны есептеудегі нәтиже, х – аргумент, f – функция.


1-жаттығу. Шебер функцияны қолдану арқылы.

Төмендегі кестені Excel-де құр.



A

B

C

D

E

F

1

Физикалық

Даму





2

Фамилиясы

Туған күні

Бойы

Бойының нормасы

Салмағы

Салмағының нормасы

3







4

Жынысы: Қыз бала






5

Замятина Анна

21.09.83

153


45


6

Захарова Светлана

24.11.84

151


45


7

Арканова Ольга

15.10.83

154


49


8

Волошина Наталья

15.07.83

162


51


9

Иванова Екатерина

07.01.83

160


51


10

Копылова Светлана

22.01.83

154


57


11

Левченко Ольга

24.03.83

162


68


12

Свиридова Елена

23.02.84

171


73


13

Удалова Мария

10.05.84

167


50


14

Орта мән:






15







16

Жынысы: Ұл бала






17

Новосельцев Андрей

12.12.83

154


45


18

Иванов Иван

12.09.84

153


47


19

Титов Владислав

29.06.83

165


52


20

Рогожин Павел

07.03.84

164


53


21

Шейнин Алексей

06.06.84

161


56


22

Воронин Александр

26.03.84

170


60


23

Петров Денис

26.01.84

171


63


24

Булавин Михаил

13.08.83

175


65


25

Савельев Михаил

06.04.84

158


54


26

Суворов Сергей

10.01.84

149


61


27

Егоров Николай

07.10.83

173


71


28

Орта мән:






  1. Тізім бойынша қыздарды жеке, ұлдарды жеке алфавит бойынша сұрыптаңдар.

  2. Шебер функциясын қолдана отырып «Бойының» және «Салмағының» орта мәнін табыңдар.

  3. «Бойының нормасы» және «Салмағының нормасы» бағандарының ұяшықтарын формуланы қолданып толтырыңыз.

Норма: қыздар үшін - бойы 150-165, салмағы 51-56

ұлдар үшін – бойы 150-170, салмағы 51-60.

  1. Кесте тақырыбын жартылай қарайтылған, асты сызылған және шрифт көлемі 16.

  2. Автоформа→Список 1 командасы арқылы кестені форматтаңыз.

  3. Жынысы: Қыз бала”, “Жынысы: Ұл бала” аттарын қарайтылған және асты сызған шрифт түрінде көрсетіңіз.

  4. Кестені FIZRA1.xls деген атпен сақтаңдар.


2-жаттығу. Абсолютті және салыстырмалы сілтемені қолдану арқылы.

Дүкенде, прайс-листе көрсетілгендей компьютер бөлшектері сатылады. Олардың бағасы долларда көрсетілген. Егер сатып алушы 250 тенгеден жоғары товар сатып алса, онда 5% жеңілдік алады.

  1. Келесі кестені құр.


    A

    B

    C

    D

    E

    1

    Доллардың курсы

    6,012




    2

    Жеңілдік

    0,05




    3

    Жеңілдікті есептеудегі теңгенің суммасы

    250




    4






    5

    Прайс-лист





    6

    Товардың аты

    бағасы ($)

    саны

    бағасы (теңге)

    құны (теңге)

    7

    3,5" дискеталар

    0,3

    21



    8

    5,25" дискеталар

    0,25

    56



    9

    3,5" дискет үшін қорапша

    2

    3



    10

    5,25" дискет үшін қорапша

    2,5

    6



    11

    Тышқан

    8

    1



    12

    Тышқан

    13

    0



    13

    Тышқанға арналған кілемше

    2,5

    1



    14

    Парақты ұстаушы (холдер)

    1

    0



    15






    16

    Жалпы құны (теңге):





    17

    Жеңілдікті есептегендегі сумма:





  2. «Баға (тенге)», «Құны (тенге)» бағандарына формула енгізе отырып толтырыңыз.

  3. Шебер функциясын қолдана отырып «Жалпы құнын» табыңыз.

  4. Логикалық формуланы қолдана отырып 5, 6, 16,17 қатарларын форматтаңыз.

  5. Кетені PRICE1.xls деп сақтаңдар.



9 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

EXCEL-ДЕГІ ЖАҒДАЙЛАРДЫ МОДЕЛЬДЕУ


Жұмыстың мақсаты: әр түрлі жағдайлардағы есептерді модельдеуді, MS Excel құралдары көмегімен кестелер құруды, салыстырмалы және абсолютті сілтемелерді қолдану арқылы есептеу формулаларын құруды және кестені форматтауды үйрену.

Әдістемелік нұсқаулар. Компьютерлік модельдеу - ақпараттық және математикалық модельдер негізінде компьютерлік модель құру. Модельдеу жүргізілетін қолданбалы программамен тікелей байланысты.

Компьютерлік модельді құру кезінде кестелер формасында мәліметтердің үш негізгі облысын көрсету керек:

  1. Алғашқы мәліметтер "қолмен" енгізілетін айнымалы параметрлер.

  2. Математикалық модельдер негізінде құрылған және электронды кестелер ережелері бойынша жазылған формулалар бойынша жүргізілетін аралық есептеулер.

  3. Нәтижелер.

Формулаларды құру кезінде алғашқы және аралық мәліметтерге сілтемелерді қолданады.

Тапсырма. Дүкенде тұсқағаздар сатылады. Рулонның аты. Ұзындығы және ені белгілі. Кез-келген бөлмеге тұсқағаз жапсыруға қажет рулондар санын автоматты түрде есептеуге мүмкіндік беретін зерттеу жүргізу керек. Бөлме өлшемдері оның биіктігімен (h), ұзындығымен (a) және енімен (b) беріледі. Сонымен қатар бөлменің 15%-ін терезелер мен есіктер құрайтынын, ал рулонның 10%-і қиындылармен кететінін ескерген жөн.


  1. Берілген жағдайдың ақпараттық және математикалық моделін құрыңыз.

  2. Үлгі бойынша есептеу кестесін толтырыңыз.


    A

    B

    C

    D

    E

    1

    Рулондар санын есептеу



    2






    3

    Алғашқы мәліметтер


    Аралық есептеулер

    Нәтижелер

    4






    5

    Тұс қағаздар





    6

    Аты

    Ұзындығы

    Ені

    Рулонның ауданы

    Рулондар саны

    7

    1 үлгі

    10,5

    0,5



    8

    2 үлгі

    10,5

    0,6



    9

    3 үлгі

    10,5

    0,7



    10

    4 үлгі

    13

    0,5



    11

    5 үлгі

    13

    0,6



    12

    6 үлгі

    13

    0,7



    13






    14

    Бөлме



    Жардың ауданы


    15

    Биіктігі

    2,6




    16

    Ені

    3




    17

    Ұзындығы

    5




  3. Салыстырмалы және абсолютті сілтемелерді қолдана отырып есептеу ұяшықтарына формулалар енгізіңіз.

  4. Кесте тақырыбын астынан сызылған қарайтылған шрифтпен және 16 мөлшермен жазыңыз.

  5. Кестені OBOI.xls атымен сақтаңыз.

10 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС

EXCEL ПРОГРАММАСЫНДА ДИАГРАММА ҚҰРУ


Жұмыстың мақсаты:

  • әр түрлі типті диаграммалар және графиктер құрып-үйрену;

  • диаграммаларды өңдеу және безендірудің негізгі әдістерін меңгеру;

  • диаграммаларды баспаға шығаруды үйрену.

Диаграмма – мәліметтерді көрнекті түрде бейнелеудің бір тәсілі болып табылады. Ол кесте ішінде орналасқан сандық мәндерді диаграмма немесе график түрінде көрсетеді. Кітап беттеріндегі кестелерге мәліметтерді енгізу және есептеу жұмыстары өте жеңіл іске асқанымен, оларды салыстыру, талдау қиынға түседі. Диаграммадағы мәліметтер оның типіне қарай нүкте, сызық, сектор және басқа да элементтер арқылы көрсетіледі.

Excel 97 программасында диаграмма құру өте жеңіл жүзеге асады. Диаграмманы құру үшін оған қажетті мәліметтерді белгілеп алып, диаграммалар шеңберін іске қосу жеткілікті. Бұл диаграммалар шебері біраз дайындық жұмыстарын жасайды, ал біз оның жұмысын бақылап отырып, қажетті жерде өзгерістер енгіземіз. Диаграммалар шебері қажетті параметрлер тағайындалғаннан кейін сол ақпараттарға сәйкес диаграмма құру қызметін атқарады.

1-тапсырма. Тоқсандық үлгерім бойынша сызықтық және жыл бойынша қорытынды үлгерімнің дөңгелек диаграммасын құрыңыз. Диаграммаларды үлгі бойынша өзгертіңіз.

  1. Excel-дегі кестені құрыңыз.

  2. «Итог за год» қатарында Функция Шеберін қолданып нәтижелерді алыңыз.

  3. Автоформат→Классический 2 командасы арқылы кестені форматтаңыз.

  4. Үлгі бойынша диаграмма құрыңыз.


2003/2004 оқу жылына арналған үлгерім ведомості



2003/2004 оқу жылы

"5"

"4"

"3"

"2"

Н/а

I тоқсан

96

220

316

50

18

II тоқсан

52

160

465

17

6

III тоқсан

34

316

311

15

24

IV тоқсан

80

313

187

40

80

Жылдық қорытынды:






hello_html_61fd814f.gifhello_html_1eaabbe7.gif










5. Жұмысты ДИАГРАММА.xls деген атпен сақтаңдар.


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Лабораторные работы по информатике для 11 классов, на казахском языке.

Лабораторная работа № 1 WINDOWS ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕ ЖҰМЫС

Лабораторная работа № 2 WINDOWS ОРТАСЫНДАҒЫ СТАНДАТТЫ ПРОГРАММАЛАР

Лабораторная работа №3 WINDOWS COMMANDER-мен жұмыс істеу

Лабораторная работа №4 WORD РЕДАКТОРЫН ТАҒАЙЫНДАУ, ІСКЕ ҚОСУ ЖӘНЕ ОНЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІ АЯҚТАУ. ТҮЗЕТУ ЖӘНЕ СҰРЫПТАУ. ФОРМАТТАУ РЕЖИМДЕРІ. БЕТТЕРДІ БЕЛГІЛЕУ

Лабораторная работа №5 КЕСТЕЛЕР ЖӘНЕ ШЕКАРАЛАР. ДИАГРАММАЛАР и т.д

Автор
Дата добавления 30.04.2015
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1038
Номер материала 260037
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх