Инфоурок Информатика Другие методич. материалыИнформатика пәні бойынша сатылай кешенді талдау технологиясын қолдану ерекшеліктері

Информатика пәні бойынша сатылай кешенді талдау технологиясын қолдану ерекшеліктері

Скачать материал

Информатика сабағында сатылай кешенді талдау технологиясын қолдану ерекшеліктері.



Ихсанова Фарида Меңдігерейқызы

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, «№1 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі, информатика пәнінің мұғалімі,

мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары


«Жаңа ақпарат, жаңа ғасыр, жаңару-

жасампаз жастың жетістігі бүгінгі»

Н.Ә.Назарбаев


Білім мазмұнын жаңарту бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі.

Елбасының жолдауында әлемдік стандарт деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізу керектігін атап көрсеткен. Осы орайда, ұстаздар қауымының атқаратын қызметі ерекше.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру- жаңа ақпараттық

технологияларды пайдалана отырып, дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі- қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.

Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық прогрестің өте шапшаң

қарқынмен дамуы және ақпарат көлемінің әр 3-5 жылда екі еседей өсіп отыруы бүгінгі жалпы орта білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісіне әлеуметтік сұраныс- ой еңбегі дамытуды сапалық түрде жетілдіруді талап етіп отыр.

Бұл талапқа өз деңгейінде жауап беру, мақсатын орындау- бәсекелес

елдің бәсекеге қабілетті болашағын дайындау барысында оқытудың жаңа технологиясын енгізу қажеттігін туғызды.

Қай кезеңде де білім беру ісіне қойылар талап зор. Осы талаптардың

орындалуы білімді, жаңа технологиялармен қаруланған жаңашыл ұстаздардың міндетінде.

Ұстаз білім беруші ғана емес, сонымен бірге оқушы мен ұстаз арасындағы іс-әрекеттің ұйымдастырушысы.Тек тиімді ұйымдастырылған оқу процесі ғана оқушының ой-өрісін дамытып, білімін арттырып, тұлға қалыптастыра бастайды.Яғни, негізгі мәселе - сабақтың нәтижелілігі.

Сабақ ұстаздың көп ізденуі мен еңбектенуінен туатын шығармашылық.Қазіргі таңда жаңа сабақтардың түрлерін қолдану білім жүйесін жан-жақты жетілдіруге әсер етеді. Сабақ құрылымының жүйелі болуы негізгі шарт.

Оқу сабақтарын ұйымдастырудың әр түрлі формаларын үйлестіру,

оқушылардың жеке басын жан-жақты дамыту міндетіне, олардың ынта-ықыластарын анықтауға шығармашылық қабілет деңгейін анықтай отырып, одан әрі дамытуға бағытталуы тиіс.Сабақтардың тиімділігі жөнінде :

  • біріншіден:оқушылардың алған білімдерінің дағдыларының тереңдігіне қарап;

  • екіншіден: материалды меңгеруіне;

  • үшіншіден: тәрбиелік міндетті шешуге; оқушыларды жеке тұлға ретінде дамытуға сабақтың қаншалықты көмектескеніне қарап бағалайды.

Сабақтың тиімділігі сабақта қолданатын оқу материалын баяндау

әдісін, оқушының іс-әрекетін, оның білім дағдысын қалыптастыру мен тексеруді дұрыс ұйымдастырғанда ғана жоғарылайды.

Орта мектепте информатиканың жеке пән болып оқытылуы,

Көптеген педагогикалық ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің туындауының жандана түсуіне алып келді. Информатиканың қазіргі қоғамда алатын орнын, ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуге арналған көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Баланың жеке тұлға ретінде дамуы, өзіндік көзқарасының

қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында басталады. Сондықтан да қазіргі мектептегі оқу процесі баланың жеке ерекшелігіне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму мүмкіндігін айқындауды қарастырады. Мұғалім оқушылардың субъект ретінде өмірлік тәжірибесін үнемі назарда ұстап, сол тәжірибеге сүйенуі керек. Әр баланың жеке даму процесіне, оның тұлғалық қалыптасуына кешенді педагогикалық бақылау жүргізетін ол бір мезгілде пән мұғалімі де, психолог та болуы тиіс.
«Оқушылардың білімдерін күнделікті тексеріп, есепке алып отырған жағдайда ғана мұғалімнің жұмысын сапалы деп санауға болады.» деп В.Чистяков атап көрсеткен болатын.Оқытудың негізгі формасы – сабақ.

Қазіргі кезде педагогикалық ой-тұжырымдағы негізгі идеялар –

оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту, ой-өрісін өсіру, өзіндік дүниетанымын қалыптастыру және шығармашылықпен жұмыс істей алатындай жағдай туғызу.

Білім беру үрдісін жүзеге асыру жолы, оқытудың негізгі формасы-

сабақ.Мәселен, әдіске ғалым В.Онищук оқу үрдісін кесте бойынша белгілейді. [2]

Оқытудың жаңа технологияларын оқу үрдісіне қолдану

Білім-адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін

құралдардың бірі, прогрестің, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, жетпеген олқылықтарын толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлемнен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуда, өзін шығармашылықпен өзгертуде белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Сондықтан әрбір ұстаз өз кәсібінің шеберлігін ашу бағытында әр түрлі оқыту технологияларын іскерлігіне сай меңгеріп, жұмыс жасауы қажет.

Білім беру саласындағы жаңа технологияларға негізделген өзгерістер,

жаңалықтар оқыту мен тәрбиелеу ісін ізгілендіру, даралап саралап оқыту- педагогтың басты міндетіне айналуда.

В.М.Шепельдің айтуынша: «Технология –бұл өнер, шеберлік, біліктілік, жағдайды өзгерту, өңдеу әдістерінің жиынтығы» десе, Волков айтқандай : педагогикалық технология дегеніміз-оқытудың жоспарланған қорытындыларына жету процестерін жазу болса, олардың бірнеше формаларын сабақтың тиімділігін арттыруға қолдануға болады.

Олар :

1.Жеке тұлғамен гуманды қатынас жасауда Амонашвилидің педагогикалық қатынастарды гуманитарландыру және демократияландыру;

2.Оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету мақсатында Қараевтың деңгейлік саралап оқытуын қолдану;

3.Оқушының қойылған мақсатты меңгеруін анықтау мақсатында Монаховтың болжамдық оқытуын қолдану;

4.Сабақтағы негізгі түсінікті жадыға сақтау мақсатында Шаталовтың тірек-сигналдарына сүйену арқылы оқыту;

5.Оқушының өзін-өзі тексеруін жүзеге асыру мақсатында тестік оқыту технологияны қолданып оқыту сабақтың тиімділігін арттырады.

Педагогикалық технология төмендегідей негізгі параметрлерден құралады :

а) оқыту іс-әрекетінің теориясы – технологияның психологиялық негізі ретінде қарастырылады.Мұнда оқыту танымдық іс-әрекеттің үрдісін іске асыруға (қабылдау, ойлау, еске сақтау, қолдану, жүйелеу т.б) бағытталады.

ә) диагностикалық мақсат қою-нәтиженің болжамына негізделеді.

б) жеке тұлғаны дамытудағы әр түрлі деңгейдегі оқыту.

6.Оқушының шығармашылық қабілетін шыңдау мақсатындағы өзіндік іс-әрекет жасауына бағытталған оқытуды ұйымдастыру.Мұнда оқу материалының мазмұнын және одан тысқары материалды пайдалана отырып, блоктық, модульдық, дидактикалық технологиялық карталар даярланады.

7.Оқушыларды бағыттау. Мұның мақсаты-оқу әрекетін бағалау, бақылау және түзету.

8.Оқыту мақсаттарына сәйкес оқыту сабақтарының барысын ұйымдастыру. Мұнда оқытудың барлық түрлері қолданылады: топпен ұжыммен, жеке, деңгейлік тапсырмалар.

9.Білімді қабылдау деңгейі-үш түрлі бақылаумен жүзеге асырылады.

а) оқушының жұмысқа дайындық деңгейі;

ә) әрбір оқу элементінен кейінгі материалды қабылдау;

б) қорытынды қабылдау.

10.Білімді қабылдау деңгейі мен әрекет – дағдыны бағалау.Мұнда дәстүрлі бақылау, тестілік жұмыстар, информатикалық диктант т.б бірнеше жұмыстарды қорытындылай отырып, рейтингілік бағалау әдісі қолданылады.

Оқытудың педагогикалық технологиясын қолданудағы тәжірибеме

келетін болсақ, негізінен отандық Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті қазақ тілі теориясы және әдістемесі кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Оразахынова Нұрша Алжанбайқызының «Сатылай кешенді талдау технологиясын» оқытуды басқа технологиялармен ұштастырып жүрмін. Бұл технология, әсіресе тарауды қорытындылағанда өте тиімді.

Информатика пәнін оқытуда сатылай кешенді талдау

технологиясын қолдану, яғни отандық технологияның тиімділігі бүгінгі күннің талабына сай, бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыруда оқушылардың есте сақтау, көру, түйсіну т.б. қабілеттерін дамыту үшін өз бетімен ізденуге, уақытты тиімді пайдалануға жол ашады, шығармашылықпен жұмыс жасауға жетелейді. Бұл технологияның басты мақсаты тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай, уақытты тиімді пайдалана отырып, талдау жасайды.

Сатылай кешенді талдау технологиясы оқулықтағы тақырыптарға

байланысты сабақ типтері мен оқыту әдістерімен қоса, өзінің біліктілігіне қарай түрлі сабақтар өткізуіне, кері байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.




А

АҚПАРАТ

hello_html_m6fb38740.gifнықтамасы.
        1. Ақпарат - бізді қоршаған әлемді таңбалар мен сигналдар көмегімен бейнелеу.

  1. Тану

Ақпарат - қабылданады, өңделеді, сақталады, таратылады

  1. Қасиеттері

Толықтылығы, анықтылығы, ақиқаттылығы, нәтижелілігі, жаңашылдылығы, бағалылығы, өзектілік, құндылылығы.

  1. Түрі: мәтіндік, графикалық, дыбыстық, сандық,

  2. Сипаты бойынша-статистикалық (тұрақты), динамикалық ( айнымалы), ағашқы (кірістік), туынды (аралық), шығыстық.

  3. Берілу жолдары

Ауызша, жазбаша, қимыл не қозғалыс түрінде, сигнал

  1. Ақпаратты қабылдау тәсілі

Көру, есту, дәм, иіс сезу, физиологиялық

  1. Сигнал

  2. Қоғамдық мәні

Көпшілік, анайы, жеке

  1. Ақпараттың өлшем бірліктері

8 бит =1байт

1Кбайт =1024 байт

1Мбайт =1024 Кбайт

1Гбайт =1024 Мбайт

  1. Ақпаратты тарату құрылғылары

Радио, компьютер, газет-журнал, телефон, интернет

  1. Қорытынды

Ақпарат – қоғамды дамытудың қозғаушы



АҚПАРАТТЫҚ ҮДЕРІС

hello_html_m7114a19.gif



  1. Анықтамасы

Ақпараттық үдеріс –қойылған мақсатқа жетудегі ақпаратпен атқарылатын іс- әрекет.

  1. Әлемнің ақпараттық бейнесі:

МЕГАӘЛЕМ- галактика, жұлдыздар, ғаламшарлар үлкен көлемді нысандар.

МАКРОӘЛЕМ- адам өлшемдерімен салыстыруға болатындай тірі және өлі табиғаттан тұрады.

МИКРОӘЛЕМ- өлшемдері өте кішкентай нысандардан- молекула, атом сияқты нысандардан тұрады.

  1. АҚПАРАТТЫҚ ОРТА компьютерлік желілер адамдар қарым-қатынасын қамтамасыз ету үшін құрылған орта.

  2. АҚПАРАТТЫ ҚАБЫЛДАУ – әрқашан екіжақты-бір нысан оны береді, екіншісі қабылдайды.

  3. Ақпараттық үдеріс түрлері: Сақтау, өңдеу, қабылдау (беру)



hello_html_49a87502.gifhello_html_m78972a1a.gif

АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ

hello_html_27564e4.gif
  1. ВИРУС- өздігінен көбеюге қабілетті зақымдаушы программа.

  2. Аhello_html_m6d63b475.gifhello_html_da54aa5.gifhello_html_m39445357.gifhello_html_m154dcd86.gifhello_html_m4f0d3012.gifhello_html_m78f5d152.gifНТИВИРУС (Вирусқа қарсы программа) –зақым әкелетін нысандарды анықтауға және вирус жұққан файлдарды емдеуге, сондай-ақ файлдардың немесе операциялық жүйенің тұтастай зақымдануының алдын алуға арналған программа.

  3. ВИРУС ТҮРЛЕРІ:

  • Тарихтағы ең бірінші интернет- вирус – «ЧИХ» немесе «Чернобыль» MORRIS 1988 жылы пайда болды.

  • Ең кең жарнамаланған вирус- Тайваньнан 1998 жылғы маусым айында келген.

  • Ү үлгісіндегі Sober вирусы ең қызықтырғыш және ең алдамшы вирус 206 жылғы Германияда өткен дүниежүзілік футбол додасына тегін билет алуға дәмелендіріп, зақымдаудың едәуір деңгейіне қол жеткізді.

  • Ең дөрекі вирус-Сіsum.A. Бұл вирус- зақымданған компьютерлердегі вирустан қорғану жүйелерін істен шығарып, тұтынушыға: «Сен ақымақсың» деген хабарлама жібереді.

  • Ең сезімсіз вирус Zar.A-ол тұтынушыларды зақым әкелетін коды бар файлды ашуға мәжбүр ету үшін Азиядағы цунами нәтижесінде жәбір шеккендерге қайырымдылық көрсету тақырыбын пайдаланды.

  • Ең тез тарайтын вирус- Melissa. Бір күн ішінде 1999 жылы 26 наурызда, бүкіл дүниежүзі бойынша 100000 компьютер зақымданды.

  • I love you-2000 жылы 3 мамырда Гонконгте көзге түскен. Ол .txt.vbs. кеңейтулері бар тіркемеленген файлмен тарады.

  • Ең қауіпті вирус Writer.F-қатты дискінің барлық мазмұнын жоятын «мейірімді» код.

  1. Мhello_html_mbe1b908.gifұрағаттау программалары - сыртқы тасығыштарда көп ақпарат сақтау үшін оның мазмұнын жоғалтпастан көлемін кішірейту.

5hello_html_75e9e092.gif.Программа – мұрағаттағыштар: WIN Rar, WINZip, IZARC, 7-Zip

hello_html_749a6cc.gif6.Кеңейтулері: Rar, zip, 7z, өздігінен ажыратылып алынатын SFX






ЕСЕПТЕУІШ ТЕХНИКАСЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

hello_html_279cb08.gif

Б.д.д 3000 жыл бұрын Римдік Абак-ойып алынған жолақтары бар мәрмәр тақтасы б.т

ХХ ғасырдың ортасында Шоттар

1642 жылы механикалық есептеу құрылғысы Паскалина (ондық сандарды қосу, айыру)

1673 жылы Лейбниц арифметикалық машина (4 амалды орындады)

1820 жылы арифмометр

1833 жылы Чарльз Беббидж аналетикалық машина, 4000 құрыш детальдан құралды, салмағы 3 тонна.

1843 жылы Бэббидж машинасы үшін алғашқы программа жазылған, Ада Лавлейс

1890 халық санағының нәтижелерін өңдеуді жылдамдату үшін американдық Герман Холерит табулятор құрды.

1924 жылы Холериттің электромеханикалық машинасын жасайтын кәсіпорынның негізінде IBM фирмасы құрылды.

1937 жылы неміс студенті Конрад Цузенің дипломдық жобасы –Z1 машинасы жұмыс істеді.Ол 22 мәнді 2-лік сандарды өңдеді.


ЭЕМ кезеңдері

  • І буын (1946-1958) – электрондық лампалар, жадында 20 сөз сақтауға арналған.

  • 1946 жылы 15 ақпанда Электрондық есептеуіш машина ЭНИАК АҚШ-та жасалынды.

  • ІІ буын (1958-1964) –жартылай өткізгіш транзисторлар

  • Ақпарат тасығыш ретінде-магниттік таспалар пайдаланылды. БЭСМ-6, Минск-2, Урал-14, ЭЕМ

  • ІІІ буыны (1964-1972)-алғашқы интегралдық сызбалар (микросызба) жұмыс өнімділігі секундына 10 млн. амалдан асты.,

  • ІҮ буын (1972 жылдан бүгінге дейін)-үлкен интегралдық сызбалар

  • Болашақ Ү буын-жасанды интелектісі бар жақын болашақтың машинасы («дауыстық байланысу», «машиналық көру», «машиналық сезу»)

ДК саулетінің заманауи даму бағыттары

  • Компьютердің конфигурациясы-ақпаратпен қамтылуы, программамен қамтылуы

  • Компьютердің сәулеті – компьютердің құрылымы мен жұмыс істеу принциптерінің сипаттамасы.

  • Джон фон Нейманның принципі 1946 жылы Артур Беркс, Герман Голдстайн, Джон фон Нейман – «Электрондық есептеу құрылғысын, логикалық құруды алдын ала қарастыру» атты мақала жариялады.

  • Екілік принципі- деректер мен бұйрықтарды бейнелеу үшін қолданылады.

  • Программалық басқару принципі- программа бұйрықтар жиынтықтарынан тұрады, процессор оларды бірінен соң бірін белгілі ретпен орындайды.

  • Жадтың біртектілік принципі – бір жадта программалар да, деректер де сақталады.

  • Жадтың мекенжай принципі-жады номерленген ұяшықтардан тұрады, процессор кез келген сәтте әр ұяшыққа қатыса алады.

  • Тізбектеп программалық басқару принципі-барлық бұйрықтар жадта орналасады және тізбектеліп, біреуі аяқталған соң екіншісі орындалады.

  • Шартты көшу принципі-программаның бұйрықтары әрқашан да бірінен соң бірі орындалмайды.






hello_html_m53895bce.gifhello_html_m3ebc13ca.gif

ДК сәулеті-процессор, есте сақтау құрылғылары, ішкі видеожүйе, шеткері орналасқан құрылғылар мен енгізу-шығару құрылғылары сияқты бөліктерінің құрастырылуы.

  • Шиналар –дк электрондық компонентері біріктірілген сымдар тобы.

  • Шинаның сипаттамасы-разрядтылығы.

  • Аналық тақша- заманауи дк –дің есептеу жүйесінің негізі-екітнегізгі үлкен микросызбадан тұрады.

  • Солтүстік көпір- орталық процесордың, жедел жадтың және видеокартаның жұмысын қамтамасыз ететін жады бақылаушысы.

  • Оңтү тік көпір- ол аналық тақшада шоғырланған құрылғылар бақылаушысының жұмысын, сонымен қатар сыртқы құрылғылармен өзара байланысты қамтамасыз ететін енгізу-шығару бақылаушы-концентраторы.





АЛГОРИТМ


hello_html_m2e8244a.gif


Анықтамасы.

Алгоритм- берілген есептерді шешуде жасалатын әрекеттердің дәл және қарапайым етіп жазылуы

Орындаушы- алгоритмді жүзеге асырушы

Алгоритмнің ұсынылу формасы

  • Сөздік- алгоритмнің ауызша берілу тәсілі.

  • Графикалық- іс-әрекет фигуралардың көмегімен сипатталады.

  • Алгоритмдік тілде

  • Программалау тілінде

Алгоритм түрлері:

  • Сызықтық алгоритм- барлық бұйрықтар алгоритмде көрсетілгендей тізбектей көрсетіледі.

  • Тармақталған алгоритм- егер алгоритм қадамдарының тізбектеле орындалуы қандай да бір шартқа тәуелді өзгереді.

  • Циклдік алгоритм- алгоритмнің бірнеше рет қайталануы.



















КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІ

hello_html_2839977a.gif


Компьютерлік желі- бұл компьютерлердің және арнайы құрылғылардың ақпарат алмасуды қамтамасыз ету үшін біріктірілуі


Аймақтық не корпоративтік желі- бір аудан, қала не мекемелер компьютерлерін бір желіге біріктіреді.

Дүниежүзілік желі- компьютерлерді, жергілікті желілерді өзара байланыстыру.

Браузер- қолданушыға желімен араласудың кез келген түрін қамтамасыз етеді.

Қазіргі кездегі танымал броузерлер: Internet Explorer, Mozilla Firefox, Opera, Google Chrome, Safari


ARPANET -1969 жылы 29 қазанда желісі серверлері арасында алғашқы байланыс сеансы болды.


Қызметтер (Сервистер)- Интернет желісі серверлері көрсететін қызмет түрлері

World Wide Web-әлемдік тор, графика, дыбыс, видеоны қамтитын гипермәтіндік құжаттарды іздеу және қарастыру қызметі.


Үй парағы- броузер жүктейтін парақ.


E-mail-электрондық пошта- электрондық мәліметтер беру қызметі


Блог(немесе ғаламтор-күнделік) – құрушы қосатын жазбалардан тұратын вев сайт.

Блогерлер- блогты жүргізетін адамдар.


Іздеу жүйелері- ғаламторда арнайы ақпарат іздеу үшін құрамына ғаламтор ресурстар туралы тұрақты жаңарып тұратын ақпарат кіретін арнайы жүйелер.




























hello_html_2d2985a9.gifhello_html_m46033819.gifhello_html_m262ea49d.gifhello_html_581ec38d.gifhello_html_e798674.gifhello_html_655f4aa6.gif Паскаль программалау тілі

hello_html_5d2127ca.gifПайда болуы:

1968-1971 жж. швейцариялық ғалым Никлаус Вирт ұсынды.

Паскаль тілінің альфавиті:

  • Әріптер

  • Сандар

  • Арифметикалық және салыстыру амалдары

  • Арнайы символдар

Санның арифметикалық функциялар:

  • Бүтін бөлігі -div

  • Қалдық бөлігі-mod

Терминдер

Программа- алгоритмнің компьютерде орындалуын жүзеге асыру үшін қолданылатын бірыңғай және дәл жазуға арналған ережелер жүйесі


Деректер-сан мәндері, мәтін түріндегі, сөз тіркестерін мән ретінде қабылдай алатын айнымалылар, тұрақтылар т.б осы тәріздес құрылымдар


Деректерді енгізу- бастапқы деректерді пернетақтадан, таспадан не енгізу-шығару порттарынан енгізу арқылы жүзеге асырылады.


Нәтиже шығару- аралық, немесе қорытынды мәліметтерді экранға, таспаға, енгізу-шығару порттарына жазу.


Паскаль тілінің программасы:

Program тақырып жолы;

VaR сипаттау бөлімі;

Begin

оператор бөлімі;

end.

Паскаль тілінің операторлары

  • Жай команда (Сызықтық, меншіктеу)

  • Құрама команда (Тармақталу, қайталану)

Массив

  • Бірөлшемді

  • Екіөлшемді

Графикалық режим


hello_html_mb60b119.gifСимволдық және жолдық шамалар











hello_html_m33ad6290.png

hello_html_440037d1.png

hello_html_5f80b39a.png





Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы

«№1 жалпы орта білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі



Информатика пәнінің І санатты мұғалімі Ихсанова Фарида Меңдігерейқызы




Сабақтың тақырыбы:

§1.5 Деректерді енгізу және шығару. Құрылымдық мәліметтер


Сілтеме

Авторы: Б.Қ.Сапарғалиева, Н.Е.Масалимова


Жалпы мақсаттар

Білімділік:

Оқушыларға құрылымдық мәліметтер, деректерді енгізу және шығару туралы түсінік беру

Дамытушылық:

Оқушылардың компьютерде бағдарламамен жұмыс жасауда, әр-түрлі амал-тәсілдер арқылы алған білімдерін практикада қолдана білуге, ой – өрісін танымдылық қабілетін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік:

Өз білімдерінің нәтижесінде өздерін бағалай білуге тәрбиелеу, алған білімдерін бағдарлама құруда еркін қолдана білуге үйрету. Жаңа заман ағымына сай компьютерлік біліктілік қорларын өз беттерімен жетілдіре отырып, берілген жұмыстарды орындату арқылы ұйымшылдыққа тәрбиелеу, оқушылардың  өткен тараулар бойынша алған білімдерін жинақтау, өз ойларын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру;


Сабақтың типі

Іскерлік пен дағдыны қолдану


Сабақтың әдісі

Эвристикалық-зерттеушілік, практикалық


Сабақтың түрі

Аралас сабақ


Пәнаралық байланыс

Математика, әдебиет, тарих


Сабақтың техникалық құралы

Интерактивті тақта, компьютер


Сабақтың көрнекілігі

СКТТ, презентация, электрондық оқулық


Программалық жабдықтама

АВС Паскаль программасы


Оқушылар

нені білуі керек






нені үйренуі керек

  • Оқушылар техника қауіпсіздігі ережелерін;

  • Ақпаратты қорғау саласындағы ҚР Заңнамасы

  • АВС программасының терезе құрылымын;

  • Интернет;

  • Есептер шығару кезеңдерін;

  • Деректерді енгізу және шығару

  • Паскаль тілінде сызықтық программалармен есептер шығара білу.


Күтілетін нәтиже

  • Алгоритм, программа туралы кең түсінік қалыптастыру;

  • Бір-бірін оқытуы, бірін-бірі тындауы арқылы бір ұжым қалыптастыру;

  • Берілген сұрақтар арқылы ойлау қабілеттерін, жауап беру шапшаңдығын анықтау;

  • Алған білімдерімен бұрынғы білімдерін ұштастырып, қолдана білуі;

  • СКТ технологиясы бойынша Паскаль программалау тілі тарауын талдай білу.



«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»

  Н.Ә.Назарбаев

Сабақтың жүру барысы

(Сабақтың әрбір бөлімі, арнайы ұрандармен, оқушыларды ынталандыра отырып, жүзеге асады)

Бағалау


Балдық жүйе


«Жаңа ақпарат, жаңа ғасыр жаңару-жасампаз жастың жетістігі бүгінгі»

Н.Назарбаев

І. Зерделілік тапсырмалар блогы

(Үй тапсырмасы)

20 балл


«Денсаулық-байлықтан да қымбат»

Д.Рей

1.ТҚ ережесі – оқушылардың презентациясын тыңдау

2 балл


«Нағыз білім атаулыға өздігінен білім алу арқылы ғана қол жетеді»

Н.Рубакин


Қызығушылығын ояту.

2.«Сен -маған, мен-саған». «Интернет» тарауын сатылай кешенді талдау

№3 есеп. Шаршы ішіне шеңбер салу алгоритмін құру

3 балл


«Тәжірибе мен бақылау-әрбір адамға ашылған ақылдың көзі»

Ченнинг

№4 тапсырма. Шығармашылық тапсырмаларын қорғау

а) «Компьютерлік вирустар»

5 балл


«Тәжірибе кішкене болса да үлкен теорияға пара –пар»

Букер заңы

ә) «Компьютердің қолдану салалары» зерттеу жұмысы

5 балл


«Әрекетіміз дұрыс болу үшін оған баратын жолымыз қандай болуы
керек екенін анықтап алуға тиіспіз
»
Әл-Фараби

№5 тапсырма. Есеп шығару кезеңдерін ретімен орналастыру

5 балл


«Ақыл-шырақ, қара түнді ашатын,

Білім-жарық, нұрын саған шашатын»

Баласағұни

ІІ. Ақпарат блогы

(Жаңа сабақ)

5 балл



«... тәжірибе әрбір ғылымның негізі.

Сондықтан үйретеміз және үйренеміз»

Ы. Алтынсарин

.

§1.5 Деректерді енгізу және шығару. Құрылымдық мәліметтер

(Электронды оқулық, сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша сабақты көрнекі түсіндіру)


  1. Паскаль программалау тілі

  2. Паскаль тілінің алфавиті. Әріптер, сандар, арифметикалық және салыстыру амалдары, арнайы символдар. Санның бүтін және қалдық бөлігі.

  3. Паскаль тілінің программасы: тақырып жолы, сипаттау бөлімі, оператор бөлімі

  4. Паскаль тіліндегі мәлімет типтері







5 балл


«Цивилизацияның басты міндеті-адамды ойлай білуге үйрету»

Эдисон

ІІІ. Жаттығу блогы

20 балл


«Білім-біздің шамшырағымыз. Кітап-біздің ұстазымыз»

Маяковский

№2 Фронтальды тапсырма. (ФТ)

49-бет (ауызша, оқулықтан)

2 балл


«Ең бастысы-адамдарды ойлануға үйрету»

Б.Берхт

№3. Жеке тапсырма (ЖТ) (ЭО)

№1. Топтық тапсырма (ТТ) ЭО


№4. Деңгейлік тапсырма (ДТ)

Паскаль программалау тілінде есепті шығарып, нәтижесін алу

3 балл

5 балл


5,10,15 балл


«Дарындылар-еліміздің қуатты әлеуеті»

Н.Назарбаев

ІҮ. Білімді есепке алу блогы

15 балл



1) №5 тапсырма. Сауалнама (10 сұрақ)

10 балл


«Үйрене білуді үйренген кісіге игілік ұланғайыр»

Менандр

2) Сатылай кешенді талдау бойынша оқушылар жауаптары тыңдалады, тақырып қорытындыланады.

2 балл


«Пікір күшті болса, іс те күшті болмақ»

У.Шекспир

3) «Компьютердің зияны мен пайдасы» пікірталас

3 балл


«Істемек ісіңді алдын-ала білу батылдық беріп, жеңілдік келтіреді»

Д.Дидро

Ү. Қорытындылау




Табысты – адамның өмірде қолы жеткен жағдайымен емес,

табысқа жетудегі жеңген кедергілерімен өлшеу ләзім.

Б. Вашингтон


1) Бағалау

55-60 балл- «5»

35-54 балл- «4»

8-34 балл – «3»

MS Excel бағдарламасында арнайы құрылған бағалау бетшесі бойынша, сыныптағы бүкіл оқу қызметін ескере отырып, автоматты түрде өздерін-өзі бағалайды.



«Нағыз білім атаулыға өздігінен білім алу арқылы ғана қол жетеді»

Н.Рубакин

2) Үйге тапсырма

1. «Деректерді енгізу, шығару. Құрылымдық мәліметтер» тақырыбын оқып келу, кестелерді дәптерге түсіру;

2. №2 есеп. (49-бет, оқулықтан)

3. Шығармашылық тапсырма: «Менің болашақ компьютерім», «Виртуальды тәуелділік» тақырыптарына жоба дайындау

15 балл


3 балл


2 балл



10 балл









Сабақтың жүру барысы

«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»

  Н.Ә.Назарбаев


I. Зерделілік тапсырмалар блогы

«Жаңа ақпарат, жаңа ғасыр, жаңару- жасампаз жастың жетістігі бүгінгі»

Н.Ә.Назарбаев

Денсаулық- байлықтан қымбат. Д.Рей.

  1. Техника қауіпсіздігі ережесі- оқушылардың презентация қорғауы -2 балл

Қызығушылығын ояту.

Нағыз білім атаулыға өздігінен білім алу арқылы ғана қол жетеді.

Н.Рубакин


2. «Сен -маған, мен-саған»-3балл. «Интернет» тарауын сатылай кешенді талдау.

Оқушылар тоқыма жіпті бір-біріне бере отырып, бір-бірінің сұрағына жауап береді.

  1. Өздігінен көбеюге қабілетті зақымдаушы программа? Вирус

  2. Вирусқа қарсы программа (Антивирус)

  3. Көп ақпарат сақтау үшін оның мазмұнын жоғалтпастан көлемін кішірейту? Мұрағаттау

  4. Программа мұрағаттағыштар : Winrar, WinZip, IZArc, 7-Zip

  5. Мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, ақпарат саласында жеке адам мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі ? Ақпараттық қауіпсіздік

  6. ҚР ақпараттық қауіпсіздігінің 2016 жылға дейінгі тұжырымдамасы ? ҚР Призидентінің 2011 жыл 14 қыркүйек №151 жарлығы

  7. Компьютер жұмысын басқаратын программа ? Операциялық жүйе

  8. Ең алғашқы компьютер ? Эниак

  9. Ең алғашқы программист ? Ада Лавлейс

  10. Операциялық жүйе түрлері ?

  11. Есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түрінде көрсету? Алгоритм

  12. Алгоритм атауы қалай пайда болды?

  13. Түйінді сөздерді ата ? алг, арг, нәт, басы, соңы , енгізу, шығару

  14. Іс-әрекеттің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритмдер ? Сызықтық алг

  • Оқушылар бізде не пайда болды ?

  • ИНТЕРНЕТ желісі

  • Олай болса, «Интернет» тарауын сатылай кешенді талдау













Интернет» тарауын сатылай кешенді талдау


hello_html_2d2985a9.gifhello_html_md5a6724.gifИнтенет. Компьютерлік желі

Түрлері:

  • Аймақтық

  • Бүкіләлемдік

Пайдаланушыға беретін мүмкіндіктері:

      • бірдей программаларды

      • жалпы ақпараттық

      • ақпараттық ресурстарды қолдануда өзара ақпарат алмасуға

Терминдер

Сервер- ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстарды қамтитын және

компьютер клиентке қызмет ұсынатын компьютер.

Желілік хаттама- компьютердің бір-бірімен байланыс жасау ережесі

Интернет-желілердің желісі

Интернет провайдері- интернетте қызмет көрсету провайдері.

Шлюз- бір желідегі деректерді басқа желідегі пайдаланушылар

түсінетіндей форматқа аударатын компьютер не программа.

Интернет адрестері-сервер қай компьютердің жақын, алыстығын адрестің

4 байты бойынша анықтайды, мысалы

198.137.240.100. – IP адресс. Компьютерге ыңғайлы,

адамға есте сақтауға қиын. Адресс пішінінің басқа

түрі: WWW.microsoft.com

2 1 3

2-доменге тиісілі компьютердің аты

1-тіркеу кезіндегі алынған сервердің домендік аты

3-доменннің тиісілігін анықтайтын жұрнақ

Желілердің типтері

  • жергілікті есептеу желісі –шағын ауқым (LocalArea-LAN)

  • аймақтық есептеу желісі- үлкен ауқым-(Metropoitan Area Network-MAN)

  • ғаламдық есептеу желісі- үлкен ауқым-(Wide Area Network-WAN)

Интернет қызметтері

  • WWW қызметі

  • Электрондық пошта


  1. Шаршы ішіне шеңбер сызу алгоритмін құрыңыз,22-бет

  1. Шаршы саламыз

  2. Диагональдарын жүргіземіз

  3. Диагональдардың қиылысу нүктесі О шеңбер центрі деп аламыз

  4. «Шаршы қабырғаларының жартысын шеңбер радиусы етіп, шеңбер сызамыз»

4. Шығармашылық тапсырмаларын қорғау-5 балл

Тәжірибе мен бақылау-әрбір адамға ашылған ақылдың көзі.

Ченнинг.

а) «Компьютерлік вирустар» (Тұрғаналиев Ержан, Теңізбаев Нұрасыл)

Тәжірибе кішкене болса да үлкен теорияға пара-пар. Букер Заңы

ә) «Компьютердің қолдану салалары» зерттеу жұмысы, жоба қорғау (Ержанова Анель)







5 тапсырма. Есеп шығару кезеңдерін ретімен орналастыр-5 балл

Әрекетіміз дұрыс болу үшін оған баратын жолымыз қандай болуы
керек екенін анықтап алуға тиіспіз.

Әл-Фараби

  1. Есептің математикалық жобасын белгілеу

  2. Есептің шешу әдісін таңдап алу

  3. Алгоритм құру

  4. Программа құру

  5. Программа жұмысын ЭЕМ-де тексеру

  6. Есепті ЭЕМ-де автоматты түрде орындау

II . Ақпарат блогы.

Ақыл- шырақ, қара түнді ашатын,

Білім- жарық, нұрын саған шашатын... Баласағұни

§1.5 Деректерді енгізу және шығару. Құрылымдық мәліметтер-5 балл

  1. Паскаль программалау тілі

  2. Паскаль тілінің алфавиті. Әріптер, сандар, арифметикалық және салыстыру амалдары, арнайы символдар. Санның бүтін және қалдық бөлігі.

  3. Паскаль тілінің программасы: тақырып жолы, сипаттау бөлімі, оператор бөлімі

  4. Паскаль тіліндегі мәлімет типтері



hello_html_4cfac4fc.gif Паскаль программалау тілі

Пайда болуы:

1968-1971 жж. швейцариялық ғалым Никлаус Вирт ұсынды.

Паскаль тілінің альфавиті:

  • Әріптер

  • Сандар

  • Арифметикалық және салыстыру амалдары

  • Арнайы символдар

Санның арифметикалық функциялар:

  • Бүтін бөлігі -div

  • Қалдық бөлігі-mod

Терминдер

Программа- алгоритмнің компьютерде орындалуын жүзеге асыру үшін қолданылатын бірыңғай және дәл жазуға арналған ережелер жүйесі

Деректер-сан мәндері, мәтін түріндегі, сөз тіркестерін мән ретінде қабылдай алатын айнымалылар, тұрақтылар т.б осы тәріздес құрылымдар

Деректерді енгізу- бастапқы деректерді пернетақтадан, таспадан не енгізу-шығару порттарынан енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Нәтиже шығару- аралық, немесе қорытынды мәліметтерді экранға, таспаға, енгізу-шығару порттарына жазу.

Паскаль тілінің программасы:

Program тақырып жолы;

VaR сипаттау бөлімі;

Begin

оператор бөлімі;

end.

Паскаль тілінің операторлары

  • Жай команда (Сызықтық, меншіктеу)

  • Құрама команда (Тармақталу, қайталану)

Массив

  • Бірөлшемді

  • Екіөлшемді

Графикалық режим

Символдық және жолдық шамалар

Паскаль тіліндегі мәлімет типтері

hello_html_357a7966.gif


















ІІІ.Жаттығу блогы

Цивилизацияның басты міндеті-адамды ойлай білуге үйрету. Эдисон


Білім-біздің шамшырағымыз. Кітап-біздің ұстазымыз. В.Маяковский

2-тапсырма. Фронтальды тапсырма (ФТ). 49-бет( ауызша)-2 балл


Ең бастысы- адамдарды ойлануға үйрету. Б.Брехт

3. Жеке тапсырма (ЖТ)-3 балл. (ЭО) Мына программа орындалғанда а,в, с мәндері неге тең болады?

P

а=8

в=11

с=6


rogram esep;

var a,b,c: integer;

begin

a:= 2+20 div 3;

b:= 2+29 div 3;

c:= 2+ 13 div 3;

Writeln ('a=',a);

Writeln ('b=',b);

Writeln ('c=',c);

end.

1. ЭО Топтық тапсырма (ТТ)-5 балл.


4. Деңгейлік тапсырма (ДТ)-5,10,15 балл.

С деңгейі. Есептің математикалық есептелуін шығару-5 балл

В деңгейі. Есептің математикалық есептелуі+алгоритмін құру-10 балл

А деңгейі. Есептің математикалық есептелуі+алгоритмін құру+АВС Паскальда программасын құрып, нәтижесін алу-15 балл


Төртбұрыштың периметрі 20 см. Ені 4 см. Төртбұрыштың ауданын есептеу программасын құрыңыз.




Алг аудан;

Арг а, Р;

Нәт b, S;

Басы

Енгізу а, Р;

b:= (P-2*a)/2;

S:= a*b;

Шығару b, S;

Соңы.








Program audan;

var P,a,b,S: real;

begin

Writeln ('периметрі Р енгіз:');

readln (P);

Writeln ('ені а-ны енгіз:');

readln (a);

b:= (P-2*a)/2;

S:= a*b;

Writeln ('b=',b);

Writeln ('S=',S);

end.

20

4

b=6

S=24

ІҮ.Білімді есепке алу блогы

Дарындылар - еліміздің қуатты әлеуеті. Н. Назарбаев


1) №5 тапсырма. Сауалнама (10 балл )

1. Паскаль тіліндегі типтер нешеге бөлінеді?

а) 2. ә)3 б)4 в)5

2. Паскаль тілінде енгізу операторы:

  1. write(x,y);

  2. writeln(x,y);

  3. readline(s,t);

  4. readln(s,t)*

3. Паскаль тілінде шығару операторы:

  1. writeln ('y=',y:5:2); *

  2. read (s,t);

  3. readln (`x=`,x:5:0);

  4. writeline (`x=`, x:8:3);

4. Енгізу операторы

  1. PRINT;

  2. BINPUT;

  3. READ.*

  4. LET;

5. Шығару операторы

  1. WRITE;*

  2. INPUT;

  3. LET;

  4. REM.

6. A=14, B=12,3 айнымалылары берілген. Дұрыс сипаттау ретін көрсет.

  1. BVAR A=14; B=12,3;

  2. VAR A: integer; B: real;*

  3. BEGIN A=14, B=12,3

  4. VAR A,B: integer;



7. Программа соңын анықтайтын оператор

  1. INPUT; B. LET;

C. END. D. PRINT;

8. RUN командасы орындалғаннан кейін қандай процесс жүргізіледі?

  1. Программаның орындалуы*

  2. Программаның орындалуын уақытша тоқтату;

  3. Программа тізімі шығарылады.

  4. Экранды тазарту;

9. У:=’ шешімі жоқ’ сандарының типін көрсетіңіз:

    1. нақты –REAL

    2. бүтін- INTEGER

    3. логикалық –LOGICAL

    4. символдық- CHAR

10. 2.65; 0.865; -10,01 cандарының типін көрсетіңіз:

  1. нақты –REAL

  2. бүтін- INTEGER

  3. логикалық –LOGICAL

  4. символдық- CHAR


2) Сатылай кешенді талдау бойынша оқушылар жауаптары тыңдалып, тақырып қорытындыланады-2 балл.

Үйрене білуді үйреткен кісіге игілік ұлаңғайыр.

Менандр

3) «Компьютердің зияны мен пайдасы» пікірталас -3 балл

Пікір күшті болса, іс те күшті болмақ. У. Шекспир

Нағыз білім атаулыға өздігінен білім алу арқылы ғана қол жетеді.

Н.Рубакин


Ү. Қорытындылау

Істемек ісіңді алдын ала білу батылдық беріп, жеңілдік келтіреді.

Д.Дидро

1) Бағалау (55-60 балл – «5», 35-54 балл-«4», 8-34 балл- «3»)

Табысты –адамның өмірде қолы жеткен жағдайымен емес, табысқа жетудегі кедергілермен өлшеу ләзім.

Б.Вашингтон


2) Үйге тапсырма:

Нағыз білім атаулыға өздігінен білім алу арқылы ғана қол жетеді.

Н.Рубакин

1. «Деректерді енгізу, шығару. Құрылымдық мәліметтер» тақырыбын оқып келу, кестелерді дәптерге түсіру-3 балл;

2. №2 есеп. (49-бет, оқулықтан)-2 балл

3. Шығармашылық тапсырма: «Менің болашақ компьютерім», «Виртуальды тәуелділік» тақырыптарына жоба дайындау-10 балл.

hello_html_m4d466bb7.png

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Информатика пәні бойынша сатылай кешенді талдау технологиясын қолдану ерекшеліктері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Ректор

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 852 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.02.2016 2235
    • DOCX 799.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ихсанова Фарида Мендигереевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ихсанова Фарида Мендигереевна
    Ихсанова Фарида Мендигереевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17476
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация преподавания информационных систем и технологий в профессиональном образовании

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по информатике и ИКТ в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 100 человек из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 806 человек

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Управление проектами: от планирования до реализации

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов

Мини-курс

Психологические вызовы современного подростка: риски и профилактика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 124 человека из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Организация и контроль занятий со студентами специальных медицинских групп

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе