Инфоурок / Информатика / Рабочие программы / Информатика пәні мұғалімдеріне арналған факультативтік курс бағдарламасы
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Информатика пәні мұғалімдеріне арналған факультативтік курс бағдарламасы

библиотека
материалов


Құрастырушы: Қ. С. Ермекова – Шөптікөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасының жоғары санатты информатика пәні мұғалімі.


Пікір жазғандар: Г. С. Құспанова – аудандық әдістемелік кабинеттің

әдіскері.

Н. М. Жұбаниязова – Қалдығайты жалпы орта білім

беретін мектебінің I санатты информатика пәні мұғалімі.



Қаралды және мақұлданды:

Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің сараптамалық комиссия шешімімен аудан көлемінде таратуға ұсылды.

Хаттама №1, 17 тамыз, 2015 жыл


Шөптікөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасының информатика пәні мұғалімі Қалампыр Сансызбайқызы Ермекованың «Орта мектептің информатика пәні бойынша факультативтік курсына арнап құрастырған оқу бағдарламасына»

Пікір.

XXI ғасыр - ақпарат ғасыры. Бүгінгі таңның оқушысы заман талабына сай біліммен қарулануы тиіс. Сол себепті Қ. С. Ермекованың ұсынып отырған бағдарламасында оқушылардың жас ерекшеліктері, техникалық және ақпараттық жабдықтаулар ескерілген. Мұғалім теориялық материалды практикамен ұштастыра отырып жүргізуге және пәнаралық байланысты басшылыққа алған. Қоғамның қажеттілігіне байланысты есептеу техникасы мен ақпараттық технологиялардың дамуы информатика ғылымын шұғыл түрде дамытуға мүдделілік артып отыр. Оның негізгі ұғымдарын жүйелеп, тез игеру және оқыту әдістемелерін, теориялық негіздерін құру өзекті мәселе болып табылады. Бағдарлама қазіргі заман оқушысының оқу процінде компьютерлік технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде, сонымен бірге кәсіптік қызметтерге пайдалану дағдыларын қалаптастыруда ауданымыздағы мектептер үшін тиімді құрал, аудан көлемінде таратуға болады деп ойлаймын.



Пікір жазған: Кұспанова Г. С.,

Аудандық әдістемелік кабинетінің

меңгерушісі, информатика пәні мұғалімі



Орта мектептерде стандартқа сай информатика негіздерін оқыту 5-сыныптан басталады. Алайда, төменгі сынып оқушылары компьютерлік техникамен жұмыс жасаудың қыр-сырын білуге құштар келеді. Сондықтан Қ.С.Ермекованың бұл бағдарламасы бастауыш сыныптардан бастап информатиканы мемлекеттік стандарттан тыс оқытуды қамтиды. Мұғалімнің ұсынып отырған 3-4 сыныптар үшін «Қызықты информатика», 5-сыныпқа «Компьютер әлемі», 8-сыныпқа «Логика әлемі», 9-сыныпқа «Жас программист» бағдарламалары орта мектеп мұғалімдері үшін тиімді әдістемелік құрал деп есептеймін. Себебі бағдарлама оқушының шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыруға және ақыл-ойын, ойлау қабілетін, ынтасын дамытуға негізделген.Бағдарлама арқылы оқушы өзінің алған білімін сыныптан тыс жерде тиімді қолдануға септігін тигізеді деген ойдамын.



Пікір жазған: Жұбаниязова Н.М., – Қалдығайты

жалпы орта білім беретін мектебінің I

санатты информатика пәні мұғалімі.



















Бұл авторлық бағдарлама информатиканы оқу үрдісінде қосымша оқыту курсына және факультативке арнап жазылған. Жалпы орта білім беретін мектептердің мұғалімдері мен оқушыларына көмекші құрал ретінде ұсынылады.


Түсінік хат


Білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасына сәйкес елімізде көптеген жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Соның бірі информатиканы стандарттық программадан тыс қосымша оқыту мәселесі болып табылады. Сол себепті мектепте информатиканы қосымша оқыту программасын ұсынамын.

  • «Қызықты информатика» - 3-4 сынып;

  • "Компьютер әлемі" – 5- сынып;

  • «Интерактивті оқыту»- 6-сынып;

  • «Логика әлемі»- логикалық есептеуге бейімдеу (8-сынып);

  • «Жас программист»- Pascal бағдарламалау тілі (9-сынып)

Бұл бағдарлама информатика пәні бойынша факультатив курсына арналып жасалды. Әр сыныпта аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағатқа әзірленді.

Елімізде білім беру саласын ақпараттандыру қарқынды жүріп жатқан кезде, мемлекттік стандартқа сай мектепте информатика негіздерін оқыту 5-сыныптан басталады. Бұл жаңа типті мектептер мен сыныптарда оқитын балалардың компьютерлік техникамен жұмыс жасап үйренуге деген құштарлықтарын тежейді. Сондықтан информатика пәнін төменгі сыныптардан бастап оқыту керек.

XXI ғасыр –ақпарат ғасыры. Бүгінгі таңның оқушысы заманға сай біліммен қарулануы тиіс.

Бастауыш мектепте информатика элементтерін оқыту мен ақпараттық технологияны кеңінен пайдалану қажеттігі – білім беру саласын дамытудағы өзекті мәселенің бірі болып табылады. Психологиялық даму деңгейлерін арттыру мақсатымен енгізілетін бұл курста төменгі сынып оқушыларының логикалық және алгоритмдік ойлау, есте сақтау, байқампаздық қабілеттері қалыптасады, ал мұндай қабілетке ие балалар мектеп бағдарламасын жеңіл қабылдайды.

Негізгі мақсаттары мен міндеттері:

  • Алған білімдерін қолдана білуге және өздігінен қабылдай алуға дағдыландыру;

  • Шығармашылық жұмыстарды топпен істей білуге ынталандыру;

  • Компьютерлік техникамен жұмыс жасауға бейімдеу;

  • Компьютерлік сауаттылықтың элементарлық негіздерін оқып үйрену;

  • Компьютерлік ойын және оқыту программалары негізінде информатиканың негізгі түсініктері мен ұғымдарын оқып-үйрену;

  • Ақпарат туралы , қасиеттері, берілу тәсілдері, тасымалдау жолдары, кодтау, сақтау, көлемін анықтау түсініктерін қалыптастыру;

  • Интерактивті құрылғылармен сауатты жұмыс істеуге ықпал ету;

  • Пәнге деген ынтасын, құштарлығын арттыру;

  • Өз бетімен компьютерді қолдануға машықтандыру;

  • Компьютерді толық меңгерген шығармашыл тұлға қалыптастыру

  • Формальдік логика , математикалық логика арқылы логикалық есептердi шешуге қалыптастыру.

  • Оқушыларға күрделірек жұмыстар, логикалық есептер шығарту, сөзжұмбақтар шешуге және құрастыруға үйрету;

  • оқушыларды ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу;

  • бағдарламалық сауаттылықтарын арттыру.

  • Turbo Pascal тілінде есептерге бағдарлама құра білуге машықтандыру;

  • Сыныптан тыс жерде алған білімін қолдана білуге үйрету;

  • Сыни көзқарастарын қалыптастыру;

Күтілетін нәтиже:

  • Жеке оқушының шығармашылық қабілетінің дамуына кең жол ашылады;

  • Ақыл-ойын, шығармашылығын дамыту мәселесі шешіледі;

  • Ақпараттық мәдениеттілік қалыптасады;

  • Компьютерлік сауаттылықтары артады;

  • Білім сапасының көтерілуіне ықпал етеді.

  • Электрондық оқулықтармен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.

  • Логикалық сұлбаларды кәсіби түрде сыза алады;

  • Ақиқат кестелерді құрастыра алады;

  • Логикалық заңдарды логикалық есептерге қолдана алады;

  • Логикалық байланысты кесте түрінде бейнелей алады;

  • Pascal бағдарламалау тілі арқылы бағдарламалық сауаттылықтары артады;

  • Бағдарламалық сауаттылықтары және ақпараттық мәдениеттіліктері артады;

  • Математикалық күрделі функция есептеріне бағдарлама құра алады



Бағдарламаның мазмұны.

Бағдарламаның мазмұны. 3-4- сынып «Қызықты информатика»

3-сынып «Қызықты информатика»

Кіріспе(2 сағат)

Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері; курсқа жалпы түсініктеме

Компьютер (8 сағат)

Информатика деген не?; есептеуіш техникасының пайда болуының алғашқы кезеңдері; кім немен санаған?

компьютер құрылғысы; дербес компьютердің дамуы; киноны да компьютерден көреміз; пернетақта; пернетақтамен практикалық жұмыс.

Компьютердің мүмкіндіктері (24 сағат)

Компьютер бейнелеу өнері сабағында; Paint графикалық редакторы; редактордың жұмыс үстелі; сурет салу; суреттерді көшіру және көбейту; суретті өңдеу; суретті сақтау; суретті қағазға басып шығару; практикалық жұмыс; компьютер ана тілі, орыс тілі, ағылшын тілі сабағында; мәтіндік редактор, жұмыс үстелі; мәтіндерді теру ережелері; қатені өшіру пернелері; қатемен жұмыс; практикалық жұмыс; ана тілі электрондық оқулығымен жұмыс; орыс тілі электрондық оқулығымен жұмыс; ағылшын тілі электрондық оқулығымен жұмыс; компьютер математика сабағында; калькулятор программасы; қарапайым математикалық амалдарға есептер шығару; математика электрондық оқулығымен жұмыс; ойын программасы; «Компьютер - сенің көмекшің» қорытынды сабақ

4-сынып «Қызықты информатика»

Кіріспе(2 сағат)

Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері; курсқа жалпы түсініктеме

Информатиканың негізгі шикізаты - ақпарат (14 сағат)

Информатика және ақпарат; ақпарат және оның берілуі; ақпараттың түрлері; ақпаратты алу, жинау; ақпаратты өңдеу және қорғау; ақпартты тасымалдау; ақпаратты флэш-жадылардан оқу және көшіру; ақпаратты иілгіш және компакт дискілерге жазу,оқу; ақпараттың өлшем бірлігі; ақпарат көлемін анықтау; ақпарат көлемін анықтауға практикалық жұмыс; ақпаратты түрлендіру(кодтау); ақпаратты кодтауға практикалық жұмыс; ақпараттық үдерістер

Бумалар мен файлдар(8 сағат)

Файл; файлдың кеңейтімі; жаңа бума құру; буманың атын өзгерту; файлды іздеу; буманы жою; қоржын; бумалармен практикалық жұмыс.

Қызметтік программалар(10 сағат)

Компьютерлік вирустар; вирусқа қарсы (антивирустық)программалар; ақпаратты мұрағаттау; мұрағаттау программаларының қызметі, түрлері; антивирустық программалармен практикалық жұмыс; мұрағаттау (архивтеу) программаларымен практикалық жұмыс; логикалық ойындар; электрондық оқулықтармен жұмыс; тестілеу бағдарламаларымен жұмыс; «Компьютерді білу –екінші сауаттылық» қорытынды сабағы.

5- сынып «Компьютер әлемі»

Кіріспе (2 сағат)

Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері; курсқа жалпы түсініктеме

Компьютер құрылғылары (32 сағат)

Информатиканың негізгі құралы; Дербес компьютермен танысу; компьютердің негізгі құрылғылары; ақпаратты енгізу құрылғылары; компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыатын құрал; ақпаратты шығару құрылғылары; жүйелік қорап; монитор, монитор түрлері ; пернетақта, пернетақта бөліктері; пернетақтамен практикалық жұмыс; тышқан, жіктелуі; компьютердің қосымша құрылғылары; принтер, принтер түрлері; принтермен практикалық жұмыс; сканер құрылғысы; сканермен практикалық жұмыс; модем; микрофон, жарық қаламы; микрофон құрылғысына практикалық жұмыс; дыбыстық құрылғылар; дыбыстық құрылғылармен практикалық жұмыс; ақпаратты тасымалдаушы құрылғылар;CD-ROM –мен жұмыс; мультфильмдерді қарауды ұйымдастыру; флэш-жадылар және оның түрлері; флэш-жадылармен практикалық жұмыс; иілгіш магниттік дискілермен практикалық жұмыс; диск мәзірі; иілгіш дискіні форматтау; дискілерді дефрагментациялау; дискілерді дефрагментациялауға практикалық жұмыс; «Компьютер - сенің көмекшің» қорытынды сабақ

6-сынып «Интерактивті оқыту»

Кіріспе(2 сағат)

Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері; курсқа жалпы түсініктеме

Интерактивті тақта(10 сағат)

ActivStudio программасы туралы түсінік, жұмыс үстелі; интерактивті құралдар; флипчарт ұғымы; жаңа флипчарт құру, сақтау; аctivStudio құралдар тақтасы; арнайы құралдар тақтасы (панелі); негізгі құралдар тақтасына түсініктеме; флипчарттың құралдар тақтасы; бетті өңдеу құралдар тақтасы; нысанды өңдеу құралдар тақтасы

Кітапхана қорын қолдану(8 сағат)

Кітапхана қорының қызметі және оны іске қосу; кітапхана қорынан жалпы кескіндерді таңдау және оны флипчарт бетіне кірістіру; кітапхана қоры терезесін жинау; қалам құрылғысы; түс және қаламның енін таңдау; болдырмау, қалпына келтіру және тазарту құралдарын пайдалану; өшіргіш құралын пайдалану және флипчарт қоржынын пайдаланып нысандарды жою; мәтін енгізу, түс таңдау; сақталған флипчарттарды ашу, жаңа бет құру.

Интерактивті тақта мүмкіндіктері(14 сағат)

«Өшірде көрсет!» техниксасы және прожектор құрылғысын пайдалану; кескіндермен жұмыс; масштаб батырмасын қолдану; сызғыш құралын пайдалану; сызғыш құралымен практикалық жұмыс; транспортир құрылығысын пайдалану; транспортир құрылғысына практикалық жұмыс; координат жазықтығын құру; фотоаппарат құралы және оны пайдалану; сағат құралын іске қосу және қолдану; «Сүйек ойыны» құралы; флипчарт беттеріне лентаны кірістіру; флипчартқа ескертулер енгізу;«Интерактивті оқыту-өмір талабы» қорытынды сабақ.


8-сынып «Логика әлемі»

I бөлім. Кіріспе. 1 сағат

Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

II бөлім. Санау жүйелері 10 сағат

Санау жүйелері екілік, сегіздік, ондық, он алтылық санау жүйелеріне есептер шығару

III бөлім. Логикаға кіріспе 23 сағат

Кіріспе. Алгебра логикасы; Математикалық және формальды логика. Пікір алгебрасы

Логикалық амалдар. Логикалық айнымалылар. Логикалық өрнектерді жазу.

Ақиқат кестесі.Логикалық заңдармен таныстыру. Логикалық өрнектерді ықшамдау. Логикалық тұжырымдардың ықшамдау нұсқаулары.Мәтіндік есептерді логика заңдары бойынша есептеу. Логикалық есептерді кесте арқылы есептеу.Алгебра логикасының заңдары арқылы логикалық есептерді шешу. Логикалық элементтермен таныстыру

Логикалық сұлбалар.Ауыстыру қосқышты сұлба. Триггер және қосындылағыш (сумматор). Логикалық есептерді шешу. Қорытынды сабақ

9-сынып «Жас программист»

Кіріспе(1 сағат)

Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері; курсқа жалпы түсініктеме

Turbo Pascal бағдарламалау тілі (33 сағат)

Қауіпсіздік техниакасының ережелері; алгоритм типтері ;есептерді ЭЕМ-де шешу кезеңдері;Turbo Pascal программалау тілі; тілдің алфавиті , жазылу тәртібі; программа және оның құрылымы; айнымалылар, тұрақтылар; стандартты функциялар, қызметші сөздер; Read және Write операторлары; өрнектер, меншіктеу сандық функциялар; сызықты программалар құру; тармақталу : IF…THEN…ELSE , GOTO операторлары . AND .OR қызметші сөздері; қайталану командалары; циклдік операторлар. FOR ..TO; WILE…DO; REPEAT UNTIL; бір өлшемді массивтер; массив элементтеріне амалдар орындау; модель түсінігі; модель типтері ;

модельдеу тәсілдері; статистикалық есептеулер жүргізу; электрондық оқулықпен жұмыс.


3- сынып

«Қызықты информатика» факультатив курсының

тақырыптық-күнтізбелік жоспары

(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)


Сабақ номері

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Болатын уақыты


Кіріспе - 2 саат

1

Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері

1


2

Курсқа жалпы түсініктеме

1



Компьютер - 8 сағат

3

Информатика деген не?

1


4

Есептеуіш техникасының пайда болуының алғашқы кезеңдері

1


5

Кім немен санаған?

1


6

Компьютер құрылғысы

1


7

Дербес компьютердің дамуы

1


8

Киноны да компьютерден көреміз.

1


9

Пернетақта

1


10

Пернетақтамен практикалық жұмыс

1



Компьютердің мүмкіндіктері 24 сағат

11

Компьютер бейнелеу өнері сабағында

1


12

Paint графикалық редакторы

1


13

Редактордың жұмыс үстелі

1


14

Сурет салу

1


15

Суреттерді көшіру және көбейту.

1


16

Суретті өңдеу.

1


17

Суретті сақтау

1


18

Суретті қағазға басып шығару.

1


19

Практикалық жұмыс

1


20

Компьютер ана тілі, орыс тілі, ағылшын тілі сабағында

1


21

Мәтіндік редактор, жұмыс үстелі

1


22

Мәтіндерді теру ережелері

1


23

Қатені өшіру пернелері

1


24

Қатемен жұмыс

1


25

Практикалық жұмыс

1


26

Ана тілі электрондық оқулығымен жұмыс

1


27

Орыс тілі электрондық оқулығымен жұмыс

1


28

Ағылшын тілі электрондық оқулығымен жұмыс

1



29


Компьютер математика сабағында


1



30


Калькулятор программасы


1


31

Қарапайым математикалық амалдарға есептер шығару

1


32

Математика электрондық оқулығымен жұмыс.

1


33

Ойын программасы.

1


34

«Компьютер – біздің досымыз» қорытынды сабақ

1




Барлығы

34 сағат


4- сынып

«Қызықты информатика» факультатив курсының

тақырыптық-күнтізбелік жоспары

(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат )


Сабақ номері

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Болатын уақыты


Кіріспе 2 сағ

1

Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері

1


2

Курсқа жалпы түсініктеме

1



Информатиканың негізгі шикізаты - ақпарат 14 сағ

3

Информатика және ақпарат

1


4

Ақпарат және оның берілуі

1


5

Ақпараттың түрлері

1


6

Ақпаратты алу, жинау.

1


7

Ақпаратты өңдеу және қорғау

1


8

Ақпартты тасымалдау

1


9

Ақпаратты флэш-жадылардан оқу және көшіру.

1


10

Ақпаратты иілгіш және компакт дискілерге жазу,оқу.

1


11

Ақпараттың өлшем бірлігі

1


12

Ақпарат көлемін анықтау

1


13

Ақпарат көлемін анықтауға практикалық жұмыс

1


14

Ақпаратты түрлендіру(кодтау)

1


15

Ақпаратты кодтауға практикалық жұмыс

1


16

Ақпараттық үдерістер

1



Бумалар мен файлдар 8 сағат

17

Файл

1


18

Файлдың кеңейтімі

1


19

Жаңа бума құру

1


20

Буманың атын өзгерту

1


21

Файлды іздеу

1


22

Буманы жою

1


23

Қоржын

1


24

Бумалармен практикалық жұмыс

1



Қызметтік программалар 10 сағат

25

Компьютерлік вирустар

1


26

Вирусқа қарсы (антивирустық)

программалар

1


27

Ақпаратты мұрағаттау.

1


28

Мұрағаттау программаларының қызметі, түрлері

1


29

Антивирустық программалармен практикалық жұмыс

1


30

Мұрағаттау (архивтеу) программаларымен практикалық жұмыс

1


31

Логикалық ойындар

1


32

Электрондық оқулықтармен жұмыс

1


33

Тестілеу бағдарламаларымен жұмыс

1


34

«Компьютерді білу –екінші сауаттылық» қорытынды сабағы

1



Барлығы

34 сағат



5- сынып

«Компьютер әлемі» факультатив курсының

тақырыптық-күнтізбелік жоспары

(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат )

Сабақ номері


Сабақтың тақырыбы


Сағат саны


Болатын уақыты


Кіріспе 2 сағат

1

Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері

1


2

Курсқа жалпы түсініктеме

1



Компьютер құрылғылары 32 сағат

3

Информатиканың негізгі құралы

1


4

Дербес компьютермен танысу

1


5

Компьютердің негізгі құрылғылары

1


6

Ақпаратты енгізу құрылғылары

1


7

Компьютер ақпараттық процестерді жүзеге асыатын құрал

1


8

Ақпаратты шығару құрылғылары

1


9

Жүйелік қорап.

1


10

Монитор, монитор түрлері

1


11

Пернетақта, пернетақта бөліктері

1


12

Пернетақтамен практикалық жұмыс

1


13

Тышқан, тышқанның жіктелуі

1


14

Компьютердің қосымша құрылғылары

1


15

Принтер, принтер түрлері

1


16

Принтермен практикалық жұмыс

1


17

Сканер құрылғысы.

1


18

Сканермен практикалық жұмыс.

1


19

Модем

1


20

Микрофон, жарық қаламы

1


21

Микрофон құрылғысына практикалық жұмыс

1


22

Дыбыстық құрылғылар

1


23

Дыбыстық құрылғылармен практикалық жұмыс

1


24

Ақпаратты тасымалдаушы құрылғылар

1


25

CD-ROM –мен жұмыс

1


26

Мультфильмдерді қарауды ұйымдастыру

1


27

Флэш-жадылар және оның түрлері.

1


28

Флэш-жадылармен практикалық жұмыс

1


29

Иілгіш магниттік дискілер

1


30

Иілгіш магниттік дискілермен практикалық жұмыс

1


31

Диск мәзірі. Иілгіш дискіні форматтау

1


32

Дискілерді дефрагментациялау.

1


33

Дискілерді дефрагментациялауға практикалық жұмыс

1


34

«Компьютер - сенің көмекшің» қорытынды сабақ

1



Барлығы

34 сағат




6 - сынып

«Интерактивті тақтаны оқыту» факультатив курсының

тақырыптық-күнтізбелік жоспары

(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат )

Сабақ номері


Сабақтың тақырыбы


Сағат саны


Болатын уақыты


Кіріспе 2 сағат

1

Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері

1


2

Курсқа жалпы түсініктеме

1



Интерактивті тақта 10 сағат

3

ActivStudio программасы туралы түсінік, жұмыс үстелі.

1


4

Интерактивті құралдар.

1


5

Флипчарт ұғымы

1


6

Жаңа флипчарт құру, сақтау.

1


7

ActivStudio құралдар тақтасы

1


8

Негізгі құралдар тақтасына түсініктеме

1


9

Арнайы құралдар тақтасы (панелі)

1


10

Флипчарттың құралдар тақтасы

1


11

Бетті өңдеу құралдар тақтасы

1


12

Нысанды өңдеу құралдар тақтасы

1



Ресурстық кітапхананы қолдану 8 сағат


13

Ресурстық кітапхана қызметі және оны іске қосу.

1


14

Кітапхана ресурсынан жалпы кескіндерді таңдау және оны флипчарт бетіне кірістіру.

1


15

Кітапхана ресурсы терезесін жинау.

1


16

Қалам құрылғысы. Түс және қаламның енін таңдау.

1


17

Болдырмау, қалпына келтіру және тазарту құралдарын пайдалану.

1


18

Өшіргіш құралын пайдалану және флипчарт қоржынын пайдаланып нысандарды жою.

1


19

Мәтін енгізу, түс таңдау.

1


20

Сақталған флипчарттарды ашу, жаңа бет құру

1


Интеракивті тақта мүмкіндіктері 14 сағат


21

«Өшірде көрсет!» техникасы және прожектор құрылғысын пайдалану.

1


22

Кескіндермен жұмыс.

1


23

Масштаб батырмасын қолдану.

1


24

Сызғыш құралын пайдалану.

1


25

Сызғыш құралымен практикалық жұмыс.

1


26

Транспортир құрылығысын пайдалану

1


27

Транспортир құрылғысына практикалық жұмыс

1


28

Координат жазықтығын құру.

1


29

Фотоаппарат құралы және оны пайдалану.

1


30

Сағат құралын іске қосу және қолдану.

1


31

«Сүйек ойыны» құралы

1


32

Флипчарт беттеріне лентаны кірістіру.

1


33

Флипчартқа ескертулер енгізу.

1


34

«Интерактивті оқыту-өмір талабы» қорытынды сабақ

1



Барлығы

34 сағат



8- сынып

«Логика әлемі» факультатив курсының

тақырыптық-күнтізбелік жоспары

(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат )

Сабақ

Тақырыбы

Сағат саны

Барлығы

Дәріс

Практика

I тарау

Кіріспе

1

1

0

1

Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк ережелерi.

1

1

0

II тарау

Санау жүйелері

10

1

9

2

Санау жүйелері және оның түрлері

2

1

1

3-4

Екілік арифметка. Екілік санау жүйесіне есеп шығару

2

0

2

5-6

Сезіздік санау жүйесіне есеп шығару

2

0

2

7-8

Ондық санау жүйесіне есеп шығару

2

0

2

9-10

Он алтылық санау жүйесіне есеп шығару

2

0

2

III тарау

Логикаға кіріспе.

23

9

14

11

Кіріспе. Алгебра логикасы. Математикалық және формальды логика.

1

1

0

12

Пікір алгебрасы

1

1

0

13-14

Логикалық амалдар. Логикалық айнымалылар. Логикалық өрнектерді жазу.

2

1

1

15-16

Ақиқат кестесі.

2

1

1

17-18

Логикалық заңдармен таныстыру. Логикалық өрнектерді ықшамдау. Логикалық тұжырымдардың ықшамдау нұсқаулары.

2

0

2

19-20

Мәтіндік есептерді логика заңдары бойынша есептеу.

2

1

1

21-22

Логикалық есептерді кесте арқылы есептеу.

2

0

2

23-24

Алгебра логикасының заңдары арқылы логикалық есептерді шешу.

2

1

1

25

Логикалық элементтермен таныстыру

1

1

0

26-27

Логикалық сұлбалар(схемалар)

2

1

1

28-30

Ауыстыру қосқышты сұлба. Триггер және қосындылағыш(сумматор)

3

1

2

31-33

Логикалық есептерді шешу.

2

0

2

34

Қорытынды сабақ


1

0

1


Барлығы

34

11

23


9- сынып

«Жас программист» факультатив курсының

тақырыптық-күнтізбелік жоспары

(аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат )


Сабақ

Тақырыбы

Сағат саны

Барлығы

Дәріс

Практика


Кіріспе

1

1

0

1

Қауіпсіздік техниакасының ережелері

1

1

0


Turbo Pascal бағдарламалау тілі

33

17

16

2

Алгоритмнің берілуі және типтері

1

1

0

3

Есептерді ЭЕМ-де шешу кезеңдері

1

1

0

4

Turbo Pascal программалау тілі

1

1

0

5-6

Тілдің алфавиті, жазылу тәртібі

2

1

1

7-8

Программа және оның құрылымы

2

1

1

9-10

Айнымалылар, тұрақтылар

2

1

1

11-12

Стандартты функциялар, қызметші сөздер

2

1

1

13-14

Өрнектер, меншіктеу, сандық функциялар

2

1

1

15-16

Read және Write операторлары

2

1

1

17-18

Сызықты программалар құру

2

1

1

19-20

Паскальдағы тармақталу операторы.

2

1

1

21-22

Паскальдағы цикл түрлері.

2

1

1

23-24

Бір өлшемді массивтер

2

1

1

25-26

Массив элементтеріне амалдар орындау

2

1

1

27-28

Модель түсінігі. Модель типтері.

2

1

1

29-30

Модельдеу тәсілдері

2

1

1

31-32

Статистикалық есептеулер жүргізу

2

1

1

33-34

Электрондық оқулықпен жұмыс.

2

0

2


Барлығы

34 сағат

18

16




Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. А.В.Горячев «Информатика в играх и задачах, методические рекомендации для учителя,

1-4 класс, Москва , Баллас-Эксперт, 2010 г

  1. О.Камардинов «Есептеуіш техника және программалау» Алматы, 2009ж

  2. В.В.Фаронов «Turbo Pascal 7.0» Москва, «ДМК»,1998 г

  3. Б.Қ.Нақысбеков.,Е.К.Балапанов «Паскаль тілінің негіздері», Алматы «Рауан»,1997ж

  4. Н.Д. Васюкова «Практикум по языку Паскаль» Москва, «Высшая школа»,2010г

  5. Г.Демирчоглян «Компьютер и здоровья» , Москва, Лукоморье, 2012г

  6. С.Т. Мұхамбетжанова «Оқушы анықтамасы» Астана, Арман-ПВ, 2007ж

  7. А.Х.Абуова «Компьютер үйренудің нәтижелі әдісі» (тәжірибелік сабақтар) Орал, 2003ж

  8. Н.Ермеков «Информатика элементтері», Астана «Фолиант» баспасы, 2011ж,

  9. А. Шарипбаев «Англо-русско-казахский словарь» Алматы, «Сөздік-18Ш словарь», 2002ж;





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 18 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-529508

Похожие материалы