Инфоурок Информатика ПрезентацииИнформатика пәніен ашық сабақ презентациясы "Интернетке қосылу"

Информатика пәніен ашық сабақ презентациясы "Интернетке қосылу"

Скачать материал
Скачать материал

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Интернеткеқосылу

    1 слайд

    Интернетке
    қосылу

  • 2 слайд

  • Үй тапсырмасын сұрау.

    3 слайд

    Үй тапсырмасын сұрау.

  • Жергілікті желіЖергілікті желі

    4 слайд

    Жергілікті желі
    Жергілікті желі

  • Компьютерлік желі  деп ресурстарды бірге қолдану және ақпараттарды алмасу үш...

    5 слайд

    Компьютерлік желі  деп ресурстарды бірге қолдану және ақпараттарды алмасу үшін біріктірілген бірнеше компьютерлерді атайды.
    Компьютерлерді тікелей қосу — бұл  компьютерлердің бір-біріне параллель немесе тізбекті  порттары арқылы қосылуы. Мұнда ешқандай косымша аппараттык немесе бағдарламалық жабдықтаманың керегі жоқ.

  • Жергілікті желі бұл географиялық бір жерде орналасқан желі. Егер компьютерле...

    6 слайд

    Жергілікті желі бұл географиялық бір жерде орналасқан желі. Егер компьютерлер бір -бірінен өте алшақ орналаспаса олар үшін ортақ желілік жабдық пайдаланылады да, олар бір  бағдарламалық қамтамасызету дестесімен басқарыла алады. Осындай желіні жергілікті желі деп атайды.

  • Жергілікті желінің арналуы — ресурстарға бірігіп қатынау, ақпараттар мен құр...

    7 слайд

    Жергілікті желінің арналуы — ресурстарға бірігіп қатынау, ақпараттар мен құрал-жабдықтарды бірге колдану, сондай-ақ желідегі жұмыстың барысын бақылау.
    Жергілікті желінің екі түрі бар:
    Бір рангты желі , «Клиент- сервер» типті желі

  • Бір рангты желі — бұл құқығы бірдей барлық компьютерлері бірдей функциялар о...

    8 слайд

    Бір рангты желі — бұл құқығы бірдей барлық компьютерлері бірдей функциялар орындайтын жергілікті желі. Мұндай желілер арнайы бағдарламалық жабдықтаманы қажет етпейді.

  • «Клиент- сервер» типті желі — бұл екіден артық ДК-ден тұратын желі, оның бір...

    9 слайд

    «Клиент- сервер» типті желі — бұл екіден артық ДК-ден тұратын желі, оның бірі — файл сервер, ал қалғандары жұмыс стансасы болып табылады. Мұндай желіге қосылу әр компьютерге желілік тақша орнатуды, компьютердің кабельді жалғануын, олардың біріккен жұмысын басқаратын арнайы бағдарламалық жабдықтаманы талап етеді. Бұл желі табысты жұмыс істеуі үшін жүйелік әкім қажет.

  • Сервер– ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстарды қамтитын компьютер.
	О...

    10 слайд

    Сервер– ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстарды қамтитын компьютер.
    Ортақ ресурстарды пайдалану үшін сервер қосулы болуы қажет.Серверге принтерлер, модем ортақ қолданбалы программалар, факстер және т.б  қосылады.
    Жергілікті желі – саны шектеулі қомпьютерлерді  біріктіру үшін қолданылады
    Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру түрлі типті кабельдер көмегімен, желілік карта немесе желілік адаптер деп аталатын арнайы құрылғы арқылы жүзеге асады. Адаптер компьютердің аналық тақшасындағы кеңейту слотына қондырылады.

  • Жергілікті желіде жұмыс істеудің артықшылықтары:
Ортақ ресурстарды көп қолда...

    11 слайд

    Жергілікті желіде жұмыс істеудің артықшылықтары:
    Ортақ ресурстарды көп қолданушылық режимде қолданылуы;
    Барлық пайдаланушылардыңортақ принтерде бір уақытта баспаға шығара алуы;
    Пайдаланушынардыңөзара ақпарат алмасуы, электрондық пошта ұйымдастыру мүмкіндігі;
    Сыртқы жадты тиімді қолдануы;
    Пайдаланушыныңкез келген компьютерденжалпы желініңресурстарына қатынауды қамтамасыз етуі;
    Оқу процесін әдістемелік жетілдіру үшін желілік ортаны пайдалану мүмкіндігі

  • Ауқымды желі

    12 слайд

    Ауқымды желі

  • Ауқымды компьютерлік желі
	Бір немесе бірнеше желілерді бір – бірімен өзара б...

    13 слайд

    Ауқымды компьютерлік желі
    Бір немесе бірнеше желілерді бір – бірімен өзара байланыстыру желіларалық байланыс немесе ауқымды желі деп аталады. Ауқымды желі қала, аймақ, ел, бүкіл Жершарын қамтуы мүмкін.
    Көп жағдайда бағалы ақпараттар сақталатын мекемелердің компьютерлері ауқымды желіге қосылғанымен сыртқы тұтынушылардың өз желілеріне қосылуына рұқсат бере алмайды. Бұл жағдайда шлюздік компьютерлер қорғану қызметін атқарады. Бұндай компьютерлер брандмауэрлер деп аталады. Осы компьютер арқылы әкімшілік рұқсат еткен ақпарат ғана өтетін болады.

  • Миллиондаған компьютерлер байланысынан құралған ақпараттық кеңістікті Интерн...

    14 слайд

    Миллиондаған компьютерлер байланысынан құралған ақпараттық кеңістікті Интернет деп атайды. Интернеттің ең қарапайым анықтамасы желілердің желісі деп аталады. Желідегі компьютерлердің Интернетке тұрақты қосылғандары мен желінің басқа бөліктерімен өзара ақпарат алмасуға қатысушыларын серверлер деп атайды. Серверлердің барлығы ТСР/ІР стандартты хаттамасын қолданады.

  • ТСР – ақпаратты пакеттерге бөледі және қабылдаушыға қайтадан жинауға жауап бе...

    15 слайд

    ТСР – ақпаратты пакеттерге бөледі және қабылдаушыға қайтадан жинауға жауап береді.
    ІР— осы ақпараттардың желі арқылы берілуі мен адресатқа жетуін басқарады. ІР адрес келесі түрде жазылады. Мысалы, 198.137.240.100.
    Компьютерді Интернетке қосу үшін оны тұрақты ІР адресі бар басқа компьютермен байланыстыру қажет. Осындай байланыстыруға мүмкіндік беретін арнайы мекемелер Интернет қызметін жеткізушілер немесе сервис – проавайдерлер деп аталады.

  • Интернетке қосылу

    16 слайд

    Интернетке қосылу

  • 17 слайд

  • Интернетте жұмыс істеу үшін мыналар қажет: 
Компьютерді бүкіл әлемдік желіні...

    18 слайд

    Интернетте жұмыс істеу үшін мыналар қажет:
    Компьютерді бүкіл әлемдік желінің бір торабына жалғау;
    IP адресті алу (Интернетке қосылған адамның тораптық адресі );
    Таңдап алынған интернет қызмет түрінің программа – клиентін орнату және баптау.

  • Өз торабына қосып және жеке адрес тағайындап берумен айналысатын мекемелер ин...

    19 слайд

    Өз торабына қосып және жеке адрес тағайындап берумен айналысатын мекемелер интернет қызметін қоюшылар сервис провайдерлер деп аталады. Жоғарыда айтылған қызметті келісім шарт бойынша провайдерлер атқарады.

  • Интернетке қосылу екі түрге бөлінеді: ерекшеленген және коммутаторлық. 
Ерекш...

    20 слайд

    Интернетке қосылу екі түрге бөлінеді: ерекшеленген және коммутаторлық.
    Ерекшеленіп қосылу үшін жаңа байланыс тізбегі (кабельдік,радиоарналық,спутниктік) жүргізіледі. Үлкен көлемдегі мәліметерді жіберу қажеттілігі туып отыратын мекемелермен өндіріс орындары ерекшеленіп қосылуды пайдаланады.
    Ал коммутаторлық байланыс –– уақытша байланыс түрі. Аз көлемді ақпарат алу үшін коммутаторлық байланыс орнатса жеткілікті.Ол арнайы торапты қажет етпейді, байланыс кәдімгі телефон сымдары арқылы жүргізіледі.

  • Интернет-провайдерИнтернет-провайдер - әртүрлі байланыс жүйесіндегі клиенттік...

    21 слайд

    Интернет-провайдер
    Интернет-провайдер - әртүрлі байланыс жүйесіндегі клиенттік компьютерлердің Интернетпен қосылуын қамтамасыз ететін компьютерлік түйін.
    Демек, клиенттік компьютерде Интернетпен жұмыс жасау үшін сәйкес байланыс жүйесімен қосатын құралдың болуы жеткілікті.
    Провайдермен байланысудың келесі түрлері бар:
    Модемдік байланыс. Ең қарапайым және арзан, сол себепті Интернетпен қосылудың ең кең тараған (тым болмаса өз елімізде) әдісі болып табылады.
       Мәліметтерді телефон желісі арқылы жеткізу құрылғысы модем деп аталады.

  • Модемнің негізгі атқаратын міндеттері:
-  телефон номірін автоматты түрде тер...

    22 слайд

    Модемнің негізгі атқаратын міндеттері:
    -  телефон номірін автоматты түрде теру;
    -  желінің келесі шетінде модеммен байланысты автоматты түрде орнату;
    -  сандық мәліметтерді аналогтық сигналдарға ауыстырып, оларды байланыс желілеріне жеткізу;
    -  байланыс желілерінен аналогтық сигналдарды қабылдап, оларды сандық мәліметтерге ауыстыру;
    -  факстік хаттарды қабылдау және жіберу;
    -  автожауапкер (автоответчик) қызметін атқару.
    Модемдік байланыстың ерекшелігі, Интернетпен байланысу сеансы кезінде телефон уақытша қызмет етпейді. Мұндай байланыстың теориялық байланыс жылдамдығы 56 Кбит/с-қа жетеді.

  • Желі топологиясы. 
Желідегі компьютерлердің бір-бірімен геометриялық байланыс...

    23 слайд

    Желі топологиясы.
    Желідегі компьютерлердің бір-бірімен геометриялық байланысу тәсілі топология деп аталады.

  • Ең қарапайым топология түрі – шина.

    24 слайд

    Ең қарапайым топология түрі – шина.

  • Сақина топологиясы деп аталатын желі байланысында барлық компьютерлер тұйық с...

    25 слайд

    Сақина топологиясы деп аталатын желі байланысында барлық компьютерлер тұйық сақина түріндегі кабельге жалғанады.

  • Файлдық серверлерге негізделген желіде компьютерлер бір-бірімен жұлдыз схемас...

    26 слайд

    Файлдық серверлерге негізделген желіде компьютерлер бір-бірімен жұлдыз схемасы түрінде жалғанады.

  • Егер мекеме көп қабатты үйде орналасса, онда оның әр қабатындағы жеке сервері...

    27 слайд

    Егер мекеме көп қабатты үйде орналасса, онда оның әр қабатындағы жеке серверін байланыстыратын бүкіл мекемеге ортақ бір сервер беріліп оны бұтақ тәрізді деп атайды.

  • Жаңа сабақты бекіту.

    28 слайд

    Жаңа сабақты бекіту.

  • Үй тапсырмасы

    29 слайд

    Үй тапсырмасы

Краткое описание документа:

"Интернетке қосылу" тақырыбы бойынша ашық сабақ презентациясы. Презентацияда компьютерлік желі жайында жазылған. компьютерлік желілердің арасындағы айырмашылықтар көрсетілген, сонымен қатар жергілікті желі, ауқымды желі және бір рангті желілер жайлы мағлұматтар берілген. Жергілікті желі, ауқымды желі және бір рангті желілердегі компьютерлердің қалай байланысып тұратыны сурет арқылы көрсетілген.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 271 853 материала в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.06.2018 2332
    • PPTX 3.4 мбайт
    • 21 скачивание
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Толеукасимова Айнур Бейбитовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9489
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой