Инфоурок Информатика Другие методич. материалыИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

Скачать материал

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

 

 

 

 

 

 

 

 

БАЯНДАМА

 

ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған: Сыдыков Б.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әйтеке би ауылы

ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ

 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз. Қазіргі таңда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар біздің елімізде де жоғары қарқынмен дамып келеді. Білім беруде жаңа технологиялық әдістермен қатар жаңа ақпараттық технологияларды да қолданудың мүмкіндігі жасалып отыр» деген болатын. Жас буынды жаңашылдыққа жетелеу деген сөз. Жаңашылдық – білім жүйесіне инновациялық технологияларды енгізе отырып, оқушыны заман талабына сай етіп дайындап шығару.

Технологиялық оқыту білім алушыларды белсенді жағдайда қойып, оның субьектілігін қалыптастырады және шығармашылықты тудырады. Әсіресе, ақпараттық дәуірде технологияның қолданылуы ерекше. Білім сапасын жоғарылату, оны жеткілікті түрде арттыруда жаңа ақпараттық технологияларды қолданусыз, заманауи телекоммуникациялық құралдарды пайдаланусыз мүмкін емес. Озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни ақпараттық-коммуникациялық технологияларды толық меңгерген педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды.

Оқушының өз бетінше білім алуына, ізденуіне көп мән берілуі тиіс. Олардың кәсіптік білім алуымен қатар іздемпаз, тапқыр, ой- өрісі жоғары, өз пікірін ашық білдіретін, жаңашыл ұрпақ етіп тәрбиелеу керек. Бүгінгі заман талабы- қоғамның дамуымен бірге болашақ жастарды жаңашылдыққа, іздемпаздыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Осы аталғандарды іске асыру үшін сабақта ақпараттық–коммуникация- лық технологияларды пайдалану маңызды болмақ.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияға тоқталатын болсақ, комму-никация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым, ал оқытудың ақпараттық технологиясы- қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ету, білімді бүгінгі заман талабына сай жаңаша, ұтымды және тиімді түрде оқырманның санасына жеткізе білу, педагогикалық іс- әрекетке өзгеріс енгізу, білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу- тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлға ретінде жан- жақты қалыптасуы үшін жаңашылдық енгізу деп түсінуге болады. 

АКТ арқылы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады. Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқытушы оқушының интелектуалдық, рухани азаматтық және басқада адами қасиетін қалыптастыруына игі әсерін тигізеді.

Ақпараттық технология еңбексүйгіштікке үйретеді. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген заманда ақпараттық - коммуникациялық
технологияларды пайдалану арқылы ғылымның кез - келген саласын қарқынды дамытып, одан тиімді нәтиже алуымызға болады.
Бүгінгі заман талабына сай жаңа технологиялармен сабақ жүргізуде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану өте тиімді. Сабақтарымызда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайданудың негізгі мақсаты:

Ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқу- тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру, оқу-тәрбие жұмысына жаңашылдық енгізу:
- сабақты қызықты етіп өтікізу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
- білім сапасының көтерілуіне жағдай жасау;
- оқыту процесінің сапасын арттыру;
- пәнаралық байланысты тереңдету;
- қажетті ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін ұлғайту.
2. Оқушыны заман талабына сай жан- жақты дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге икемдеу, даярлау:
- коммуникативтік қабілеттерін дамыту;
- өздігінен ізденуге, шешім қабылдай білуге бағыттау;
- компьютерлік графика, мультимедиа технологиясын пайдалану, киноларды, видеороликтерді көрсету, сабаққа байланысты музыкаларды тыңдату арқылы эстетикалық тәрбие беру;
- пәнаралық байланыс орнату;
- ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, ақпаратты өңдей білуге үйрету.
Ақпараттық – коммуникациялық технологиямен жұмыс істеу — компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. «Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің оқытушы үшін тиімділігі неде?» деген сұраққа тоқталатын болсақ:
- жалпы компьютерлік желілерді пайдалана отырып сабақты тартымды түрде қызықты етіп өткізуге мүмкіндік туады;
- Оқушы өз бетімен жұмыс жасайды;
- аз уақытта көп білім береді, уақытты үнемдейді;
- білім - білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексереді;
- шығармашылық жұмыстар жасайды;
- қашықтықтан білім беру мүмкіндігі туады;
- қажетті ақпаратты жедел түрде беру мүмкіндігі жасалады;
- интернетте жұмыс жасау арқылы оқытушы өз білімін жан-жақты жетілдіреді;
- оқыту үрдісінде студенттердің танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастырады;
- Оқушылардың танымдық қабілеттерін қалыптастырады;
- Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды, өз бетінше жұмыс жасауға үйретеді;
- оқулықтантардан тыс, қосымша мәліметтер береді т.б.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану – педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Сондықтан компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.

Өз сабағымда күнделікті жаңа тақырыптарды АКТ- ның желілік түрін пайдалана отырып түсіндіремін. Мысалы, электрондық оқулық, интерактивті тақта, интернет желісін күнделікті сабақта қолданамын. 
Жоғарыда аталғандарды қорытындылай келе, мынадай тұжырымдама жасауға болады:
- Білім беру мекемелерінде қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал-жабдықтармен, интерактивті тақталар және мультимедиялық кабинеттерді пайдалана отырып, кез-келген пән бойынша электрондық оқулықтармен жұмыс жүргізу ;
- АКТ-ны пайдалана отырып, оқушыларды өз бетінше ізденуге машықтандыру;
- Сабақты қазіргі заман талабына сай өткізу;
- Әр оқушының ақпараттық техника құралдарымен жұмыс жасауларына мүмкіндік тудыру.
Олай болса, қоғамның әрбір мүшесі ақпаратты сауатты, ақпараттық мәдениеті мен ақпараттық құзыреттілігі дамыған тұлға болуы қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1.Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің оқу үрдісіне ақпараттық-коммуникациялық технологияны енгізу / Құрманалина Ш.Х. // Орал.- 2003. - ақпан.

2. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру //Информатика негіздері. -2006. -№3 (27).-Б. 2-4
3. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. — Алматы. «Білім баспасы», 1998.
4. “Информатика негіздері” журналы №1, 2010 жыл.
5. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі.
Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж.

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

АКТ арқылы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады. Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқытушы оқушының интелектуалдық, рухани азаматтық және басқада адами қасиетін қалыптастыруына игі әсерін тигізеді.

ОҚО, Сайрам ауданы, Әйтеке би ауылы, №68 Сырым Датұлы атындағы негізгі орта мектебі, Информатика пәні мұғалімі: Сыдыков Бек Арыстамбекович

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 745 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.06.2015 764
    • DOCX 21.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кулумбетова Салима Бейсекуловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6567
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 681 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 808 человек

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Концепции управления продуктом и проектом: стратегии и практика.

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы дизайна в Figma

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Родительство

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 10 человек