Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Информатика / Рабочие программы / Информатика пәнінен "Алгоритм ұғымы, алгоритм қасиеттері" сабақ жоспары (9 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Информатика пәнінен "Алгоритм ұғымы, алгоритм қасиеттері" сабақ жоспары (9 сынып)

библиотека
материалов

2 сабақ Мұғалімі:Кажитаева М.Ж. Тексерген: __________


Сілтеме

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық.

  2. «Информатика және ақпараттық технология»

9- сынып, Рахманбердиева Д.С.

  1. 9-сыныпқа арналған информатика оқулығы

// авторлары Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков//

  1. Электронды оқулық, Информатика 9-сынып

Оқыту нәтижесі




  • «Алгоритм», «программа» ұғымдарын толық білу;

  • Алгоритмге өмірде кездесетін мысалдар келтіру;

  • Қарапайым алгоритмдерді құру

Түйінді идеялар


Алгоритмдеу негіздері және алгоритм құру технологиясын үйрету

Сабақта қолданатын материалдар

ЕТ кешені, оқулық, жұмыс дәптері, практикум, деңгейлік тапсырмалар, электрондық оқулық

Оқыту әдістері

Түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

  1. Жеке жұмыс

  2. Топтық жұмыс

  3. Сыныппен жұмыс

Дерек көздері

Электрондық оқулық 9-сынып

Тапсырмалар

Сөзжұмбақ, деңгейлік тапсырма, семантикалық карта, графикалық диктант, 9 сынып электрондық оқулығынан тест


Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:


Сабақ: 08.00-09.35


Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

Сабақ алдында бір-бірімізге сәттілік тілейік.


Топтастыру (Заттары бойынша үш топқа бөлу)


Жаңа тақырып.

Электрондық оқулықтан «Алгоритм» тарихын тыңдау.


Ой шақыру («Алгоритм» ұғымын қалай түсінесің? моделін жасап қорғау)


«Алгоритм» сөзі атақты араб математигі Әбу Жафар Мухаммед ибн Мұса әл-Хорезми (763—850 жж.) есімінің латындық транскрипциясы болып табылады

Алгоритм деп берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіруді айтамыз. Кез келген есептің шешу кезеңін қарапайым амалдар тізбегіне бөлектеуге болады. Алгоритмді компьютерде орындау үшін оны программа түрінде жазып шығу керек.

Программа деп машина тілі түсінетіндей, инструкциялар тізбегі түрінде жазылған алгоритмді айтамыз. Программа командалар тізбегінен тұрады. Командалар тізбегі орындалған кезде есептің нәтижесі шығады. Әрбір компьютер алдын-ала құрылған программа бойынша жұмыс жасайды.



1. Алгоритмнің айқын, дәл өрнектелу қасиеті. Алгоритмде көрсетілген барлық әрекеттер анық, нақты және белгілі болу керек. Онда көрсетілген қадамдар ғана орындалуы керек.

2. Алгоритмнің дискреттік (үзіктілік) қасиеті. Үлкен алгоритмді кіші модульдерге бөлу мүмкіндігі болу керек. Бұл қасиет бойынша алгоритмді кіші бөліктерге бөліп, аралық нәтижені бақылауға мүмкіндік алуға болады. Алгоритмді 2-3 бөлікке бөліп, оның әрқайсына бөлек алгоритм құруға болады.

3. Алгоритмнің нәтижелілік қасиеті. Кез келген алгоритм белгілі бір нәтижеге әкелуі қажет. Белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір қадам орындалған соң біз бір нәтиже алуымыз керек.

4. Алгоритмнің жалпылық немесе ортақтық қасиеті. Алгоритм тек бір ғана есепке емес, бір типті есептерге жалпы болуы керек. Мұндай қасиет жалпылық қасиет деп аталады. Мысалы, квадрат теңдеудің түбірлерін табатын алгоритм тек қана бір есепке емес, барлық квадрат теңдеу есептеріне арналған болуы керек.

5. Алгоритмнің формальды орындалуы. Орындаушы алгоритм командаларында көрсетілген әрекеттерді дұрыс орындауы үшін командалар орындаушының білім деңгейіне сәйкес болуы қажет.


Жұптық жұмыс.Тапсырмалар:


  1. y=a2+d2 формуласы бойынша есептеу алгоритмін қүрыңдар.

  2. y=сх2-d формуласы бойынша есептеу алгоритмін қүрыңдар.

  3. y=aв2-3 формуласы бойынша есептеу алгоритмін қүрыңдар.

  4. y=2х+с формуласы бойынша есептеу алгоритмін қүрыңдар.

Сергіту жаттығулары (5 мин)


Жеке жұмыс. Электрондық оқулықтан шағын тест тапсыру



Қорытындылау:


Кері байланыс сұрақ – жауап (5 мин.)

  1. Алгоритм дегеніміз не? Алгоритм сөзі қайдан шыққан?

  2. Программа дегеніміз не?

  3. Алгоритмнің негізгі қасиеттері қандай?

  4. Алг. үзіктілігі дегенді қалай түсінесің? Мысал келтір.

  5. Алг.бірмәнділігі дегенді қалай түсінесің? Мысал келтір.

  6. Алг.ортақтығы дегенді қалай түсінесің? Мысал келтір.

  7. Алг. нәтижелігі дегенді қалай түсінесің? Мысал келтір.

Үйге тапсырма:

1.1.-тақырып, 13 беттегі 1,2,3-тапсырмалар

Келесі оқылым:

Атқарушы ұғымы, атқарушы командалар жүйесі

Бағалау:

Бағалау парақтары бойынша жауаптарын бағалау

Кері байланыс:

Оқушылардың сабақтан алған әсері туралы ойларын анықтау.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 20.10.2016
Раздел Информатика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров147
Номер материала ДБ-276322
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх