Инфоурок Информатика КонспектыИнформатика пәнінен ашық сабақ "Мәтінді пішімдеу.Әріптер.Абзац" (5 сынып)

Информатика пәнінен ашық сабақ "Мәтінді пішімдеу.Әріптер.Абзац" (5 сынып)

Скачать материал

Пәні: Информатика

Сыныбы: 5 сынып

Күні: 17.02.2017ж

Сабақтың тақырыбы: Мәтінді пішімдеу .Әріптер.Абзац .

                                        Практикалық жұмыс. Мәтінмен жұмыс істеу.

Жалпы мақсаттары

·         Мәтіндерді теруді, мәтінді өзгерту, реттеу, рәсімдеуді білу.

·         WordPad – та мәтінмен түрлі жұмыс жүргізуді түсіну.

·         Пернетақтамен мәтінді енгізуді, тышқанды пайдалануды үйрену.

Сабақтың түрі: Практикалық

Сабақтың типі: Білім мен білікті қалыптастыру

Сабақтың әдісі : Жеке, жұппен, топпен жұмыс жасау

Оқыту нәтижесі

 

·         Мәтіндерді теруді, мәтінді өзгерту, реттеу, рәсімдеуді білетін болады.

·         WordPad – та мәтінмен түрлі жұмыс жүргізуді түсінеді.

·         Пернетақтамен мәтінді енгізуді, тышқанды пайдалануды үйренеді.

Сілтеме: «Информатикадан оқыту әдістемесі», 5 сынып оқулығы, тест,

Ресурстар: Оқулық,проектор, слайд, маркер, тест,

 

І.Ұйымдастыру кезеңі.(оқушылармен амандасып,сабаққа дайындау).

Бүгінгі ашық сабағымызды Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2030 жылғы барысқа апаратын- бүгінгі мектеп партасында отырған оқушылар» деген сөзін әрқашан жадымызда ұстап, Елбасының сенімін ақтауда дәл бүгінгідей ашық сабақтарда өз білімімізбен биіктерден көріне берейік еген сөзімен бастағалы отырмын.

2016  жыл  Тәуелсіздігімізге-25 жыл, 2017 жыл  Универсиада- 2017,ЭКСПО-2017 іс-шарасымен тығыз байланысты.Осы атаулы күндерді әрқашан жадыларыңда ұстауларыңа бүгінгі сабақтың да қосар үлесі мол болмақ.

·         Ынтымақтастық атмосферасы. Оқушылар алдағы Қазақстанның болашақ ұрпағы ретінде өз еліне,жеріне, Елбасына және сыныптастарына жақсы тілек тілейді.

ІІ. «Ой сергіту» аялдамасы. «Кім жылдам» ойыны
Оқушылардан үй тапсырмасын сұрау.Сұрақ-жауап тәсілі арқылы берілген сұрақтарға тез жауап береді.Үш тілде жауабы.

1. Қағаздағы көріністі компьютерге енгізетін құрылғы.

2. Ақпаратты өңдейтін есептеу құралы

3. Тышқанның ағылшынша атауы

4. Ақпаратты қағаз бетіне шығаратын құрылғы

7. Рычагты монипулятор

8. Компьютердің миы

9. Адам денсаулығына зиянды құрылғы

10. Компьютердің есте сақтау құрылғысы

11. Интернет желісіне шығу үшін қажет құралдың бірі

12.Принтердің түрі

13. Шрифтінің қазақша атауы сұрақтарға қысқаша жауап беру

14. Microsoft Word мәтіндік редакторының қызметі?
15. Microsoft Word мәтіндік редакторын іске қосу жолы?
16.Мәтіндік құжатты пішімдеу дегеніміз не?
17.Microsoft Word мәтіндік редакторының жасалған жұмысты қалай сақтаймыз?
18.Microsoft Word мәтіндік редакторында жаңа құжат құру командасы?
19.Baskspace, Delete пернелері не үшін керек?

20.Сақталған құжатты қалай ашамыз?

Жаңа сабақ.Проектор арқылы түсіндіріледі.

Біріншіден, пішімдеу бұйрықтарын бірнеше тәсілмен шақыруға  болады : Контекстік мәзір лентасындағы бұйрықтар батырмаларын шерту.

       Екіншіден, пішімдеу мәтіні енгізілгенге дейін тағайындалу немесе енгізілгеннен кейін орындалуы мүмкін.

        Әріптің кескінін мына батырмамен өзгертуге болады:

        Экранда әріптердің көлемін өзгертуге де болады. Оларды үлкейтуге де, кішірейтуге де болады. Ол үшін   батырмасын қолданады. Келесі үш батырманың қызметі:

 - Әріптерді жуандатады;

 - Әріптерді қисайтады;

 - мәтіннің астын сызады.

        Символ үшін мынадай баптауларды тағайындауға болады:

·         әріптің  түрін  ;

·         мөлшерін;

·         түсін.

 Іскерлік хаттар, рефераттар үшін әріптің 14 пт мөлшері, TimesNewRoman гарнитуралары ұсынылады. Мәтінді түстермен және ерекше кескінмен көзге түсердей етіп артық белгілеудің қажеті шамалы.

Сондай – ақ ерекшеленген мәтінді пішімдегенде пернелер тіркесімін бірге пайдаланған да ыңғайлы. Мысалы, әріптің кескінін жуан ету үшін Ctrl+B , курсив ету үшін - Ctrl+І пернелер тіркесімін қолдануға болады.

 

«Мен білімдімін». Microsoft Word терезе элементтерін жазу. Оқушылар бір бетке жазып шығып. нәтижесін тақтадағы дұрыс жауаппен салыстыру.

«Артық сөзді тап» Мәтіндік редакторға байланысты емес сөзді табу керек
Сөздер; операциялық жүйе, мәтіндік процессор, абзац, пішімдеу, қиып алу, графикалық редактор, кегль, бүріккіш, алгоритм.

ІІІ. Практикалық бөлім:

Мақалдың жартысын беріп, ал оқушылар жартысын тауып Word - та тездетіп жазу керек. Жасырылған сөзді шү тілде айту.
1. Туған елдей ел болмас,
Туған жердей жер болмас
  /Жер,земля,Earth/
2. Өнер алды - қызыл тіл   /
қызыл,красный, red/
3. Ырыс алды – ынтымақ  /
ынтымақ, солидарность,salidarity
4. Көз қорқақ - қол батыр. /қол, рука,hand/
5. Ұрлық түбі – қорлық    /
қорлық, унижение,violence/
6. Денсаулық - зор байлық.
/денсаулық,здоровье,
7. Еңбектің наны тәтті,
   / нан, хлеб,bred/
Қорқақтың жаны - тәтті

8. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей / еңбек,труд,work/

9 Ерді намыс өлтіреді,                                      / намыс, совесть,pride/

Қоянды қамыс өлтіреді

10. Оқу инемен инемен құдық қазғандай          /ине,игла,needle/
Деңгейлік тапсырмалар орындау
1 - деңгей
1. «Менің Отаным - Қазақстан» деген мәтінді теріңдер
.

2.Қаріптерге назар аударыңыздар.
3.Терілген мәтінді «Отан» деген атпен сақтаңдар.

«Менің Отаным - Қазақстан» Қазақстан - ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда ғана, яғни 1991 жылы орын алды. Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Осынау қасиетті мекенде жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұрады. Асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады!
2 - деңгей
А. Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жазу

Ғылым таппай мақтанба
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге,
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ -
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой -
Бес асыл іс көрсеңіз.

Жамандық көрсең нәфритлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.

3 – деңгей
.1.«Болашақтың мектебі».2. ЭКСПО 3. Универсиада 2017 тақырыптарының бірінде шағын әңгіме жазу.

Сергіту сәті :1 минуттық дене, көз жаттығуларын жасау
Қосымша тапсырмалар
«Информатика»
 және «Ақпарат»сөзінің әрібір әріптерінен басталатын информатика пәнімен байланысты сөздер немесе терминдерді теріп жазу.

«И»- информатика, информация, иілгіш диск, интернет, интерфейс.
«Н»- ноутбук, номер, надпись.
«Ф»- формат, файл, флешка, фигура, формула.
«О»- орналастыру, орау.
«Р»- реттеу, редактор, рисунок.
«М»- меню, монитор, маус, маркер, модем.
«А»- ақпарат, архивтеу, антивирус, абзац.
«Т»- тақырыптық жол, тізім, термин, түс.
«И»- информатика сабағының мұғалімі.
«К»- компьютер, көшіру, клавиша, клавиатура.
«А»- ақпараттандыру, айналдыру жолағы, адаптер, ашу, алмастыру.

ҮІ.Қорытынды бөлім.Венн диаграммасы арқылы Paint  пен  WordPad редакторының ұқсастығы мен айырмашылығын тауып, қорғау.

Рефлексия.Оқушылар стекерге бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазады. «Екі жұлдыз, бір тілек»

ҮІІ.Білім шыңы.( бағалау парағы арқылы бағалайды)

ҮІІІ.Үйге тапсырма.Мәтіндік редактор  тақырыбын оқу, ребустар құрастырып келу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырма №1

Жеке жұмыс «Өлең керек»

Сая боп жаныңа емен, терек,

Жетер енді жатқаның көлеңкелеп.

Өгейсінбей өзі боп қалу үшін,

Өнер керек ұрпаққа, өлең керек!

1. Өлең жолдарын теріңіз, әріптің өлшемін 14 – пен жазыңыз

2.Өлең жолдарын түрлі түске бояңыз

3. Өлеңнің тақырыбын қалыңдатып, орта жолға қойып, қызыл түске боя.

Тапсырма №2

Жұптық жұмыс «Сәйкестендіру»

Атау септік компьютер

Ілік септік компьютердің

Барыс септік компьютерге

Табыс септік компьютерді

Жатыс септік компьютерде

Шығыс септік компьютерден

Көмектес септік компьютермен

Тапсырма №3 «Константинополь әдісі»

Топтық жұмыс.Ойлан, жұптас, топтас.

1.«Пернетақта» сөзіне барынша қысқа көп сөздер құрастыру керек.

2. «Информатика»  сөзіне барынша қысқа көп сөздер құрастыру керек.

Оқушылар бірінші тапсырманы өзі орындайды, екінші жұпта талқылайды, топта бірігіп жұмыс жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тест тапсырмасы Уақыт - 5 мин

1.      Аспаптар панеліндегі hello_html_57b4c1d6.pngбатырмасын мына әмірге сай келеді:

А) жаңа құжатты құру Б) құжатты ашу С) алдын-ала көру

2. Аспаптар панеліндегі hello_html_m91ae9a5.pngбатырмасы мына әмірге сай келеді:

А) жаңа құжатты ашу Б) құжатты ашу С) алдын-ала көру

3. Аспаптар панеліндегі hello_html_3ff617c3.pngбатырмасын мына әмірге сай келеді:

А) көшіру Б) қою С) жаңа құжатты ашу

4.      Аспаптар панеліндегі hello_html_mbc9ac69.pngбатырмасын мына әмірге сай келеді:

А) алдын-ала көру Б) қайталау С) болдырмау

5. Аспаптар панеліндегі hello_html_m29805f92.pngбатырмасы мына әмірге сай келеді:

А) мәтіннің курсивтік кескіні

Б) мәтіннің жартылай жуан кескіні С) асты сызылған қаріп

6. Мәтіндік процессормен жұмыс кезінде мәтінді теру мынаның көмегімен жүзеге асады:

А) пернетақтаның Б) тінтуірдің С) принтердің (жазғының)

 

7. Қандай аспаптар панелі құжат файлын сақтау, көшіру және т.б. әмірлерден тұрады:

А) стандарттық Б) форматтау С) сурет салу

8. Аспаптар панеліндегі hello_html_45ed8ae6.pngбатырмасын мына әмірге сай келеді:

А) жаңа құжат құру Б) құжатты сақтау С) алдын-ала көру

9. Аспаптар панеліндегі hello_html_7d678365.pngбатырмасын мына әмірге сай келеді:

А) қию Б) көшіру С) қою

10. Аспаптар панеліндегі hello_html_m3468785.pngбатырмасын мына әмірге сай келеді:

А) қою Б) көшіру С) құжатты ашу

11. Аспаптар панеліндегі hello_html_20cbca25.pngбатырмасын мына әмірге сай келеді:

А) қайталау Б) болдырмау С) алдын-ала көру

12. Аспаптар панеліндегі hello_html_7c9aba2c.pngбатырмасын мына әмірге сай келеді:

А) мәтіннің курсивтік кескіні Б) асты сызылған мәтін

С) мәтіннің жартылай жуан кескіні

 

 

 

11-12 жауапқа - «5»

8-10 жауапқа - «4»

5-7 жауапқа «3»

3-4 жауапқа «2»

2-1 жауапқа «0»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

hello_html_13ad694b.gif

 

 

 

 

Қызметіне сәйкес пернелерді жаз

1.      Енгізу пернесі -

2.      Бос орын пернесі -

3.      Курсордың алдындағы символды өшіру пернесі -

4.      Жазба әріптерді баспа әріптерге және керісінше өзгертуге пайдаланылатын перне -

5.      Егер оны бір рет басса, баспа (үлкен) әріптер теріледі, ал оны екінші рет басса, кіші әріптер теріледі. Бұл қандай перне?-

6.      Меңзердің оң жағында тұрған символды өшіру пернесі-

7.      Меңзерді жолдың басына ауыстыру пернесі -

8.      Меңзерді жолдың соңына ауыстыру пернесі -

9.      Бір бетке жоғары жылжыту пернесі -

10.  Бір бетке төмен жылжыту пернесі -

hello_html_m577b393b.gif

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

hello_html_m21120898.gif

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

hello_html_5d3b4155.gif

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЭКСПО дегеніміз не? Оның бізге берер пайдасы қандай? Ол не туралы болмақ? ЭКСПО — индустрилиазацияның символы. Техникалық жетістіктер мен техниканың өзін назарға салатын халықаралық көрме.«ЭКСПО» көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады. Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік. Жаһандық мәселелер талқыға түскен кешегі ЕҚЫҰ-ның саммиті, Астана экономикалық форумы, Инвестициялық форум, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы жас мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, абыройын асқақтатты. Ең бастысы, даму бағытын айқындап берді. Осындай көшелі істердің жалғасы ретінде Қазақстан былтырдан бері 166 жылдық тарихы бар EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығы үшін күресіп келеді.

EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге ниетті Қазақстан әлемдік қауымдастыққа «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынғаны белгілі. Қалай дегенде де, EXPO сияқты халықаралық көрмелерге қатысу қай елдің болса да әлеуетін дүниежүзіне паш етуге берілген тамаша мүмкіндік деуге болады. Оның үстіне, әлем алдында өзіңнің даму деңгейіңді іс жүзінде дәлелдей отырып, шараны жоғары жауапкершілікпен өткізу – өте зор құрмет. Өйткені елдерді достастыру, ауызбірлікке шақыру, инфрақұрылымдарды лайықты деңгейде дамыту – жоғары дәрежеде өтетін кез келген іс-шараның мақтанышы. Әрине, бұл оңай шаруа емес.

Мұндай іс-шараға барлық құрлықтың ондаған елінен миллиондаған адам қатысады. Бәсі биік бәсекеде Астананың жеңіп шығуы бекерден бекер емес. Оған бірнеше факторлар ықпал еткендігі аян:
Біріншіден, елордамыздың әлемдік-деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқаны баршаға белгілі болды.
Екіншіден, таңдаудың Қазақстан пайдасына шешілуі мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын білдіреді және Еуразия өңірінде-де оның даму келешегі кемел екенін айғақтай түседі.
Үшіншіден, біздің «Болашақтың энергиясы» атты өзекті тақырыпты ұсынуымыз жеңіске жетуімізге көмектесті.Сенсеңіздер, дәл сол көрмеден кейін халықаралық аренада дизайн мектептері, туризм саласы және өндіріс өнері пайда болды. Осы көрме халықаралық сауданың жандануына септігін тигізді. Одан кейін 1855, 1878 жылдары Парижде, 1939 жылы Нью-Йоркте, 1985 жылы Цукуба — Жапонияда, 1992 жылы Севилья — Италияда, 1998 жылы Лиссабон — Португалияда, 2000 жылы Шанхай — Қытайда ЭКСПО халықаралық көрмелері болып өткен.Астанадағы өтетін ЭКСПО-ның тақырыбы: «Болашақ энергиясы» болмақ. Көрмеге қатысушы мемлекеттер өздерінің энергия саласындағы техникалық жетістіктерімен барша жұртты тәнті етеді. Әсіресе, қазіргі таңда сұранысқа ие балама энергия көздерін алу мақсатындағы құрылғылармен таныстырады. Сарқылмайтын энергия көздеріне жататын: күн сәулесі, жел, жер асты сулары арқылы энергия алу болашақта адамзатқа қажетті ресурс түрі. Осыдан, көрменің тақырыбы көпшіліктің қызығушылықтарын тудырары анық екені білінеді.EXPO-2017 жылы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Халықаралық көрмеде әрбір мемлекет өздерінің павильондарын 25 га жер көлеміне салатын болады. Бұл көрмеге 5 млн.-нан астам адам келеді деп жоспарлануда. Әрбір келген адам 130 $ ақша әкелетінін ескерсек, бізге түсетін пайда 520–910 млн.-ға дейін жоспарлануда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Универсиада — дүниежүзілік студенттік спорт ойындары. Универсиада – Халықаралық Университеттік Спорт Федерациясының (ағылш. International University Sports Federation (FISU)) ұйымдастыруымен студенттер арасында өтетін халықаралық жарыс. Бұл дүбірлі доданы «Бүкіләлемдік студенттік ойындар» немесе «Бүкіләлемдік университеттік ойындар» деп те атайды. Мыңдаған талантты жастардың басын қосатын бұл ойындар екі жылда бір болып тұрады. Яғни бір жылы қысқы спорт түрлерінен өтсе, келесі жылы жазғы ойындар ойналады.Студенттік спорт тарихы 1905 жылдан басталады. Осы жылы АҚШ-та студент жастардың алғашқы халықаралық жарысы өтті. Бірінші Дүниежүзілік студенттік ойындар 1923 жылы Парижде ұйымдастырылды. Алайда, Универсиада деген атау алған алғашқы спорт жарысы 1959 жылы Италияның Турин қаласында өтті. Содан бергі кезеңде Универсиада әлемдегі ең айшықты халықаралық бұқаралық спорт және мәдени оқиғалардың біріне айналды. Универсиаданың бір мақсаты – спортты білім беру жүйесінің маңызды элементтерінің бірі ретінде ілгерілету.

Универсиаданы Алматыда өткізу туралы ресми шешім 2011 жылғы 29 қарашада Брюссельде Халықаралық университеттік спорт федерациясында (FISU) өткен дауыс беру нәтижесінде қабылданды. Осылайша, Алматы бұрынғы кеңестік кеңістік елдерінің ішінде бірінші болып, 2017 жылы өтетін XXVIII қысқы Универсиаданың астанасына айналды. Бұған дейін 1973 жылы Мәскеу және 2013 жылы Қазан қаласы жастардың тек жазғы спорт ойындарын қабылдаған болатын. Универсиада туын Алматы қаласына беру салтанатты рәсімі 2015 жылғы 15 ақпанда Испанияның Гранада қаласында өтті.

Алматыда өтетін 2017 жылғы Дүниежүзілік қысқы универсиаданың тұмары ретінде сұңқар таңдалды. Тұмарды ұсынушылардың пікірінше, сұңқар жылдамдықты, жеңілдікті, күш-қуат пен жеңіске деген құлшынысты бейнелейді. Логотип айқын көрінетін динамикалық пішіні бар сұңқар қанаты түрінде жасалған. Осы символға орай, Алматыдағы Универсиаданың ұранына «Қанатыңды кең серпі!» тіркесі таңдалды.

XXVIII қысқы Дүниежүзілік универсиада 2017 жылы 28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Алдын ала мәлімет бойынша, оған FISU альянсына кіретін 50 елден бес мыңнан астам студент қатысады. Шамамен үш мыңға жуық еріктілер қатарын жұмылдыру жоспарлануда.

Мегаполисті ірі спорттық шараға дайындаудағы инфрақұрылымдық база қызметін 2011 жылы өткен 7-қысқы Азия ойындарына арнап салынған нысандар атқарып отыр. Атап айтқанда, «Сұңқар» халықаралық шаңғыдан секіру кешені, Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайы және Алматы облысындағы Шаңғы-биатлон стадионы универсиада жарыстарын қабылдайды. Спорт жарыстары сондай-ақ «Медеу» мұз айдынында және «Шымбұлақ» тау-шаңғылы курортында өтеді. Универсиада үшін қосымша тағы Мұз сарайы, Мұз аренасы және Атлеттер қалашығы салынады.

Универсиада аясында Қазақстанда спорттың 13 түрінен (8 міндетті және 5 қосымша) жарыстар жоспарланған. Мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, тау шаңғысы спорты, сноубординг, биатлон, шаңғы жарысы, шайбалы хоккей, керлинг міндетті спорт түрлеріне кіреді. Ал қабылдаушы тараптың ұсынысы бойынша енгізілетін қосымша спорт түрлеріне шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, фристайл, конькимен жүгіру спорты және бенди кіреді.

Қазақстанның студенттік құрамасының сегіз қысқы Универсиадаға қатысқан тәжірибесі бар. Осы уақыт аралығында Қазақстан құрамасы қоржынына 43 награда салды.

 

 

 

 

 

 

 

«Болашақтың мектебі»

Мектеп — жас ұрпаққа білім, тәрбие беретін мекеме; білім беру жүйесінің негізгі буыны. Басты нысаны – сабақ оқыту. Оны мұғалім атқарады. Мектептердің түрлері:

1) білім беру сипатына қарай: жалпы білім беретін және кәсіптік;

2) берілетін білім көлеміне қарай: бастауыш, орта, жоғары;

3) балаларды жынысына қарай бөліп оқытатын мектептер;

4) оқытудың тілдік нысанына қарай:

а) ұлт мектебі;

ә) орыс тілді мектеп, аралас тілді мектеп;

б) дінге қатысына қарай: діни зайырлы;

в) меншік түріне қарай: мемлекеттік, қоғамдық және жеке меншік (ақылы) мектептер болып сараланады; қара Қазақстан (оқу-ағарту жүйесі)

Мектеп. «Мектеп»  деген сөзбен өмір жолы қиылыспаған адам кемде кем. Адамның ең ыстық шағы, балалық шағы мектеп өмірімен байланысты.   Қазақстан Республикасының әр азаматының жеке тұлға ретінде  қалыптасуы осы мектептің сусындатқан білім менінің арқасы.

Білім адамзаттың сарқылмас қазынасы. Адамзат тарихында  ұлт болсын, ұлыс болсын, жеке адам  болсын тек білім арқылы ғана өзінің көздеген мақсатына жетеді. Біліммен ғана басқалардан озады.  Ұлы суреткер  жазушымыз  М.Әуезов «Ұлт пен ұлтты, адам мен адамды  теңестіретін нәрсе  — білім»  деп тегін айтпаған. Біз үнемі айтып жүретін, ойшылдық, көрегендік, адамгершілік, парасаттылық деген ұғымдардың  — бәрі де  біліммен тікелей байланысты. Адам бойында  болатын тапқырлық, шығармашылық қасиеттері  біліммен ғана кемелденеді.  Білімсіз адамның  бойынан бұл қасиеттердің  бірін де табуға болмайды, болған күйде  де жартыкеш, жансар күйде кездеседі. Бір ұлттың, мемлекеттің  бәсекеге  қабілеттілігінің кепілі  — білім ғана. Осындайда  Елбасымыз   Н.Ә.Назарбаевтың  2006 жылғы  18 ақпандағы  Қазақстан Республикасы  халықтарына  арнаған жолдауында  «ХХІ  ғасырда  білімі дамымаған  елдің тығырыққа тірелері сөзсіз» деген, үлкен парасаттылықпен  айтылған көреген пікірі еске түседі. Ұлттың білім қорының, біліктілік сапасының  қандай екенін мектебінен көруге болады. Мектеп даналардың  түлеп ұшар тұғыры, талантын шыңдар  білім ордасы. Ұлттың рухани байлығы білімінде, ұстанар бағыты тәрбиесінде, осы білім мен тәрбиенің  сарқылмас  кәусар бұлағының  көзі мектепте.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ИНФОРМАТИКА

 

 

АҚПАРАТ

 

 

 

 Paint 

 

 

 

 

 

 

  WordPad

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Информатика пәнінен ашық сабақ "Мәтінді пішімдеу.Әріптер.Абзац" (5 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий отделом архива

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 334 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.02.2017 1559
    • DOCX 77.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдулла Улпан Муратхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абдулла Улпан Муратхановна
    Абдулла Улпан Муратхановна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9634
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по информатике и ИКТ в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 38 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по информатике и ИКТ в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 40 регионов

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Подростковые проблемы: индивидуальный подход

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 278 человек из 65 регионов

Мини-курс

Инклюзивное образование: нормативное регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Творчество и технологии в медиакоммуникациях

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе