Инфоурок Информатика КонспектыИнформатика пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы: "WordPad мәтіндік редакторының интерфейісі"

Информатика пәнінен ашық сабақ. Тақырыбы: "WordPad мәтіндік редакторының интерфейісі"

Скачать материал

 

Алға  орта  мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық  сабақ

 

 

 

 

 

Тақырыбы:

 

Word Pad  
мәтіндік  редакторы

 

 

 

 

 

                                          Информатика  пәнінің  мұғалімі     Изтелеуова С.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2016  жыл

 

 

Сыныбы:___________                                                            Күні:________

Тексерген:___________                                                         Пән мұғалімі:Курманбаева Ж                                                           

Сабақтың   тақырыбы: Word Pad  мәтіндік  редакторымен жұмыс.

Сабақтың  мақсатыОқушыларды  Word Pad  мәтіндік  редакторымен

                                         таныстыру.

Білімділік:   Құжаттың  құрылымы, стильі,  баспа бетінің  геометриясы 

                     туралы  және  Word Pad мәтіндік редакторының  терезесі туралы

                     түсінік беру, мәтінмен жұмысқа  дағдыландыру, құжаттарды

                     құруға, ашуға, сақтауға  үйрету;

Тәрбиелік:   Оқушыларды  тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа 

                     үйрету;

Дамытушылық:  Оқушылардың  ойлау  қабілетін, логикалық-абстракциясын

                     дамыту.

Сабақтың типі: Дәстүрлі  сабақ

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту         

Қолданылатын көрнекі құралдар: ДК, тест, электронды оқулық

Оқыту  әдісі:  Баяндау, сұрақ-жауап, тест, электрондық оқулықпен жұмыс,

                      компьютермен жұмыс жасау.

Сабақ барысы:

                   1. Ұйымдастыру

                   2. Үйге  берілген  тапсырманы  тексеру

                   3. Жаңа материалды баяндау

                   4. Тапсырмаларды  орындау

                   5.  Сергіту  кезеңі

                   6. Жаңа сабақты бекіту, қорытындылау

                   7. Үйге тапсырма беру

                   8. Бағалау 

Өткен тақырыпты еске түсір.

Сонымен  балалар  өткен  соңғы тарауымыз Paint графикалық редакторы болды. Paint графикалық редакторы  жөнінде  кім  не  біледі  екен?

1.     Графикалық  редактор -  графикалық  бейнелерді  құруға  және  өзгертуге  арналған  программа.

2.     Paint  (ағылшынша  сурет,сурет  салу) – бұл  растрлық  бейнелермен  жұмыс  істеуге  арналған  графикалық  редактор.

3.     Paint  программасын  қалай  іске  қосамыз? Іске қосу      Барлық  программалар      Стандарттық       Paint 

4.     Барлық  растрлық  кескіндер  неден  тұрады? (Нүктелерден)

Жаңа  түсініктер:

                 Мәтіндік процессор-бұл тек қана мәтінді енгізу мен түзету ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары бар бағдарламалар класы.  Сонымен қатар пішмдеу қағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу жолымен іске асады. WordPad мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіндігі бар қарапайым мәтіндік процессор болып табылады. Жай құжаттарды дайындау үшін және мәтіндік файлдарды бір пішімнен басқа пішімге өзгерту үшін пайдаланылады. Тек осы редактор ғана  DOS-ОЖ-да жасалған орыс мәтінін оқуға мүмкіндік береді.

 

 

WORDPAD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫ.

           Казіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтінді дайындауда кеңінен пайдаланылады.

Пуск => Программы => Стандартные => WordPad ( Жіберу => Бағдарламалар =>Стандартты => WordPad). Редакторды іске қосқаннан кейін экранға Word Pad мәтіндік редакторынын терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, құрал-саймандар тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы.

            Терезенің көп бөлігін бос кеңістік жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.

            Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad бағдарламасының аты көрінеді.

            Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдаланатын командаларды шығару батырмалары бар. Әрбір батырманын, міндетін алу үшін, маустың нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төрт бұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.

№ 1  тапсырма.   Кестені  толтыру

 

№ 2  тапсырма.  Компьютермен  жұмыс. 

Карточкамен  тапсырмалар  тарату

№ 3  тапсырма.   Ребусты  шешу

 

ГРАФИКАЛЫҚ  ОБЬЕКТ  КІРІСТІРУ

 

Тапқыр  достар.  

Бір бетшені аштым да,

Мәтін жаза бастадым

Бірақ тілін шет елдің

Аудара алмай тастадым

Тілді қалай өзгертем

Көмектесші,достарым!

                                             ( Shift + Alt )

Міне,тағы қиналып-ақ тұрмын мен,

Тақырыпты жаза алмай пернемен

Барлығы да кіші әріп қайтемін?

Көмек берші,енді нені басам мен?

                                              (Caps Lock )

Бірігіп кетті екі сөз,

Не істерімді білмедім

Қане, қайсысың маған тез,

Ажыратып бересің?

                                           (Пробел)     

Іздеп-іздеп пернеден таба алмадым

Ақыры есімімді жаза алмадым

Достарым,айтыңдаршы бас әріпті

Перненің қай жерінен таба аламын?

                                           (Shift + Т  )  

Жаңа жолға түсіп алып енді мен,

Жаңа бір сөз жазғым келіп тұр енді

Бірақ  бәрін ұмытыппын, достарым,

Көмек берші, әрі қарай не істеймін?

                                            (Enter )  

Сергіту  кезеңі.   Көзге арналған жаттығулар

1.     Кезекпен: алысқа-мұрынға, солға-оңға, жоғары-төмен көз тігу;

2.     Көзбен сағаттың тілінің бағыты бойынша және оған қарсы бағытта айналма қозғалыстар жасау;

3.     Көзді жұмып және оны қолмен жауып 1-1,5 минут отыру

Сабақты бекіту.   Тест тапсырмаларын шешу.

 

1. WORDPAD  программасы  қандай мақсатқа арналған ?

А) есептеулер   жүргізуге

Ә) мәтіндік    құжаттармен    жұмыс     жасауға

Б) сурет салуға

 

2. WORDPAD  мәтіндік редакторының  қосымша мүмкіндіктерінің бірі

А) кесте құру

Ә) графикалық   объектні  кірістіруге

Б) сурет салу

 

3. WORDPAD-қа графикалық объект кірістіру үшін  …  командасы орындалады?

 

А) файл - объект

Ә) Сурет  кірістіру

Б) кірістіру – объект

 

4.    Мына батырманың   міндеті қандай?

А) Жаңа құжат құру

Ә) Баспаға шығару

Б) Құжат ашу

 

5. Мәтінді пішімдеу кезінде қолданылатын «көлбеу» түрге өзгерту батырмасы ?

А)    К

Ә)    Ч

Б)    Ж

 

6. Меңзердің оң жағындағы символды өшіру пернесі ?

А) DELETE

Ә) SHIFT

Б) ENTER

 

7. WORDPAD редакторының терезе элементтерінен  қатесін көрсет

А) меню жолы

Ә) тақырып   жолы

Б) түстер   палитрасы

 

8.        Мына батырманың     міндеті қандай?

А) Жаңа құжат құру

Ә) Баспаға шығару

Б) Құжат ашу

 

Үйге тапсырма.

1.     Бүгінгі өткен тақырыпты оқулықтан оқып келу және өткен тақырыптарға байланысты тест сұрақтарын  құрастырып  келу.

2.     WORD PAD  мәтіндік редакторында  еркін тақырыпта шағын шығарма  жазу

VІІ.   Сабаққа  қорытында жасау. Оқушылардың  білімін бағалау

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал
Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 177 462 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.01.2016 949
    • DOCX 475.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нургожаев Олжас Бекжанович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нургожаев Олжас Бекжанович
    Нургожаев Олжас Бекжанович
    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 4
    • Всего просмотров: 8309
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой