Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Информатика пәнінен сабақ жоспары тақырыбы "Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік ережелері."
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Информатика

Информатика пәнінен сабақ жоспары тақырыбы "Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік ережелері."

библиотека
материалов

1 сабақ жоспары Күні

План урока № 1 Дата______

Сабақ тақырыбы

Тема урока : Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік ережелері.

Сабақ типі: жаңа білімді игеру

Мақсаты: студенттерге қауіпсіздік ережені жазғызу арқылы компьютерде жұмыс істеуді түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

  1. Білімділік: Студенттерге техникалық қауіпсіздік ережесін түсіндіру және компьютерді дұрыс қолдануды көрсету.

  2. Дамытушылық: студенттерге есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі бойынша компьютерге дұрыс отыру, шаршаған кездегі жаттығуларды жасауды көрсету.

  3. Тәрбиелік:Студенттер информатика кабинетінде техникалық ереже бойынша тәртіп сақтау және еңбекке баулу.

Сабақтың әдісі:

Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар:

Суреттер, көрмелер

Сабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.

2. Жаңа тақырыпты баяндау

Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі

Есептеуіш техника кабинетінде жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігін сақтау оқушылар мен мұғалімдердің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Аталған міндетті орындауға оқушы төмендегідей:

1.Жалпы ережелерді;

2.Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы;

3.Жұмыс жасау кезіндегі;

4.Аппаттық жағдайдағы;

5.Жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерді білуге тиіс.


1. Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей:

  • Компьютерді тоққа қосатын сымдарға ,қос тілді розеткілерге, штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;

  • Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды;

  • Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;

  • Дербес компьютердің жанына портфельдер, сумкалар, кітаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс;

  • Пернелік тақта үстінде артық заттар қоюға болмайды;

  • Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.

  • Студент компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындау ережесімен танысқандығы туралы журналды толтырады.

2. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:

  • Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесіз жалғанғанына көз жеткізу керек;

  • Жұмыс жасау кезінде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше көңіл бөлуі керек.

  • Жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлұматтарды енгізіп, белгі жасау қажет.

3. Студенттің дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:

  • ЭЕМ - мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60 - 70 см қашықтықта ұстау керек;

  • Сыныпқа кірушілермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етіледі;

  • Көзі шаршаған жағдайда орнынан тұрмай - ақ, көз жаттығуын орындауға болады.

  • Электр тоғымен зақымданған алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін, от сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді және өрт сөндіру тәсілдерін білуі қажет. Көз жаттығуларын білу міндетті


4. Аппаттық жағдайдағы техника қауіпсіздінің ережелеріне қойылатын талаптар:

  • Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьтерден ақау табылса, онда машинамен тоқтатып,мұғалімге хабарлау керек:

    • От сөндіруде көмек көрсету қажет;

  • Электр тогымен зақымданған аданға алғашқы көмек көрсетуді білу керек;

    • Компьтерлік сыныпта өртті сумен сөндіруге болмайтындығын білуі қажет. Оған құм және т. б.өрт сөндіргіш құрал – жабдықтарын пайдалануға болады;

  • Электр тоғының әсерімен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын білу қажет. Оны әр түрлі материалдарды (электр тогы сымынан басқа) пайдалану арқылы босатып алуға болады.

5. Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегі техника қауіпсіздігі ережесінің талаптары:

  • Мұғалімнің нұсқауы бойынша копьютерді өшіру;

  • Жұмыс орнын ретке келтіру; Жұмыс орнындағы тіркеу журналына белгі қою.

Бекіту: Студенттерге техникалық қауыпсіздік ережесін жазғызып сұрақтар мен тапсырма беру

Сабақтың қорытындысын шығару

Сұрақтар мен жауаптар беру арқылы жаңа сабақты қортындылау Студенттердің жаңа материалды түсіну дәрежесін анықтау

Үй тапсырмасын беру: Ережелерді жаттау


Оқытушы

Препадаватель........................










Автор
Дата добавления 24.11.2015
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров852
Номер материала ДВ-184033
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх