Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Информатика пәнінен сабақтан тыс шара.

Информатика пәнінен сабақтан тыс шара.



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

«Көңілді тапқыр информатиктер» білім сайысы

Ойынның мақсаты: Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді жылдам еске түсіру дағдыларын қалыптастыру.
Жүргізуші:

Информатика болашаққа бастайды,

Келешекке білім қуған жастарды.

Қадам басып 21-ші ғасырға,

Барлық әлем жаңалығын тастайды.

Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!

«Таланттылар терін төгіп, толғансын,

Тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын», деп бүгінгі  «Көңілді тапқыр информатиктер» атты сайысымызға қош келдіңіздер. Сайысқа екі 9 класс 2 топ болып қатысады. Сайскерлерімізді ортаға шақырайық.

1 «Паскаль» тобы 9а кл оқушылары: Асанов Ж А, Какимжанова Ш Т, Мамбеталина Ә А, Алқамбай А Қ, Байбатша Д

2 «Бейсик» тобы 9ә кл оқушылары: Ахметжан С Т, Байтуркие М, Қобландиева С Қ, Оразалина А Д, Хамит Б А

Көңілді тапқыштар, білгіштер

Бар өнерін салады,

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады,-  деп бүгінгі ойынымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

Бұл ойын мына кезеңдер бойынша болады:

«Бәйге»
«Блок-схемалар»

«Ауыстырмақ»
«Сиқырлы тізбек»
«Өлеңім-өнерім» 
«Тіл өнер»
«
Мақал –сөз мәйегі»

Әділдікпен баға берер сіздерге,

Әділдікпен қара қылды жаруға.

Әділқазы алқаларын сайлайық,

Жүлдегерді таңдап бүгін алуға дей отырып, бүгінгі сайысымыздың жеңімпазын анықтайтын әділ қазылар алқасымен таныс болайық: Базарбаева А және Ержанова Ф 11а класс оқушылары.

Әр кезеңнен кейін әділ-қазылар алқасы топтардың жинаған ұпайларының  қорытындысын айтып отырады.

Ендеше сайысымызды бастайық.
Жүргізуші:

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен!

Уақыт деген зымыран, зулап жатыр,

Шапшантық бұл сайыста қажет екен.-деп

1-ші кезең: «Бәйге» кезеңі. Бұл сайысымыздың шарты бойынша сайыскерлерге 10 сұрақ қойылады. Бір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Қай бұрын қолын көтерген топ оқушылары жауап береді. Дұрыс жауап бере алмаса сұрақ келесі топқа көшеді. Ол топ дұрыс жауап бере алмаса ешқайсына ұпай берілмейді.
1.Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал (компьютер)
2.Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас (интерфейс)
3.
Берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру бұл -...? (алгоритм)
4.Аты бар бірқатар байттар тізбегі (файл)
5.
Паскаль ортасында программа құрған кезде жазылатын алғашқы қызметші сөз (program)
6.
Microsoft компаниясының электрондық кестесі (Exsel)
7.
Шартты операторы (IF)
8.
Сандық мәліметтерді енгізу операторы (Read, Readln)
9.Дүниежүзілік компьютер желісі (интернет)
10.Компьютер ауруы (вирус)

Осымен 1-кезең аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.-деп

2-ші кезең: «Блок-схемалар» кезеңі. Бұл сайыста сандар блогы беріледі, қалаған санды таңдаған кезде блок-схемалар суреті шығады әр топ кезекпен олардың атын атап, негізгі әрекетін баяндап берулері керек. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
1. Процесс – математикалық өрнектерді есептеу.
hello_html_m35c0964.png

hello_html_m7701fb9e.png

2. Таңдау – есеп шығару жолын таңдау.

hello_html_m665b4fc.png

3. Модификация – цикл басы.

hello_html_3ad1c35.png

4. Құжат – нәтижені шығару, қағазға басу.


5. Енгізу, шығару – мәлімет енгізу. hello_html_2410f15a.png


6. Бастау, аяқтау – алгоритмдердің басы, соңы.


7. Қосалқы программа – қосалқы программаға кіру және шығару.

hello_html_m5234965c.png

8. Түсініктеме – схеманың, формуланың түсініктемесі.

2-кезең аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.

Сайыс – толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда аптығыста.- деп

3-ші кезең: «Ауыстырмақ». Сайысымыздың шарты бойынша әріптерінің орны ауысқан сөздерден дұрыс информатикалық сөз құрастыру қажет. Қай бұрын қол көтерген топ бастап жауап береді. Егер жауап дұрыс болса бір ұпай, егер қате болса сұрақ келесі топқа көшеді.

иакматорфни – информатика
аламрдағба – бағдарлама
ратапқа – ақпарат
айымлыан – айнымалы
ортаперо – оператор
рсутивнаи – антивирус

3-кезең аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.


Келесі 4-ші кезең: «Сиқырлы тізбек». Ақпарат өлшемдері жазылыған 5 дөңгелекше беріледі. Ақпараттың өлшем бірліктерін өсу ретімен орналастыру керек. Бірінші болып орналастырған топқа 5 ұпай беріледі. Ал екінші топ жартылай орындаса дұрыс орналастырылған дөңгелекке сай ұпай беріледі.
Байт; килобайт; мегабайт; гигабайт ; терабайт

4-кезең аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ тапсырма болса-деп

5-кезең:  «Өлеңім-өнерім»  бұл бөлімде әр топ берілген сөзден  бір шумақ өлең құрастырады. Өлеңнің әр жолы ұйқас болып,  дұрыс құралған болса,  сол топқа 5 ұпай беріледі.

(Word мәтіндік бағдарламасы туралы)

 (Ехсеl кестелік бағдарламасы туралы)

 (Paint графикалык бағдарламасы туралы)

5-кезең аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
Жүргізуші: “Ана тілім-арым бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте” – деп Қадыр Мырзәлі ағамыз айтқандай, оқушыларымыздың тіл білімін де тамашалайық.
Ендеше келесі 6-шы кезең: «Тіл өнер» сайысы. Екі топқа сұрақтар беріледі. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтқан топқа 15 ұпай беріледі. Ал егер екі тілде айтса 10 ұпай беріледі. Дұрыс таппаса сұрақ келесі топқа беріледі. Ол топ та таба алмаса ұпай берілмейді.
Қоршаған орта және онда жүріп жатқан процестер туралы мәліметтер
(ақпарат, информация, information)
Сәлем ненің патшасы? (сөз, слово, word)
Кітап ненің бұлағы? (білім, знание, knowledge)
Бағдарламадағы немесе мәтіндегі терістік (қате, ошибка, error)
Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы (пернетақта, клавиатура, The keyboard)
Ас адамның арқауы, ал компьютердің асы не? (тоқ, ток, current )
Өнер алды қызыл не? (тіл, язык, Language)
Компьютерде файлдар, құжаттар, бағдарламаларды сақтайтын орын
(қапшық, папка, Folder )
Компьютерде файлдар, құжаттар, бағдарламаларды жойған кезде оларды уақытша сақтайтын орын (қоржын, корзина, Basket)
6-кезең аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
Айналайын алға ұмтылған Дарындар!

Айналайын жеңіс құшқан қырандар!

Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,

Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.-деп

7-кезең бастайық  « Мақал –сөз мәйегі» бұл бөлімде топтарға информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек, дұрыс аударылған мақалға 10 ұпай беріледі.

1.     Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)

2.     Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)

3.     Вирустан  қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

4.     Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)

5.     Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)

6.     Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)

7.     Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан, екі ақыл артық)

8.     Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)

9.     Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)

10. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады)


Жүргізуші:
Осымен осы ойынды тәмамдасақ,
Бұл жарысты өткізер ме ек жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ!

Жетпесіңе жеткізген,

Қызықты уақыт өткізген.

Бар ғылымды сыйдырып,

Білетіні көп бізден.

Жаңалықтың жаршысы,

Жұртты елең еткізген

Информатикаға мың алғыс! – деп әділқазылар алқасына сөз береміз.

( топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайды, марапаттау рәсімі).


Сайыстың соңында ең көп ұпай алған топ анықталып, оларға « Тапқыр информатиктер» атағы беріліп марапатталады.





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 03.02.2016
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров91
Номер материала ДВ-408880
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх