Инфоурок Информатика Рабочие программыИнформатика пәнінен тереңдетілген 7 сыныпқа арналған оқу бағдарламасы

Информатика пәнінен тереңдетілген 7 сыныпқа арналған оқу бағдарламасы

Скачать материал

 

 

 



«Информатика» пәнінен  тереңдетілген 7-сыныпқа арналған

оқу бағдарламасы

 

ТҮСІНІК ХАТ

 

«Информатика» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі болып табылады.
           Мектеп информатикасының мазмұнын дамыту келешегі оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру бағытында информатиканың ғылыми зерттеу объектісінің кеңеюімен байланысты.
           Информатика пәні оқушыларда әлемдік ақпараттық бейнені қалыптастыру мен компьютерлік техниканы және ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамытудың теориялық негізі болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық құралдарының жеделдетіп дамуына байланысты сәйкес қолданбалы программалық құралдар, офистік программалар және т.б. өзгерістерін ескере отырып, құрылады. Олардың көпшілігі информатиканы жоғарғы сыныптарда оқытудың мазмұнында ерекше мәнге ие. Сонымен бірге бұл мәселелерді ерте жастан бастап үйрету де қарастырылуда.
           5-6 сыныптарда информатика пәнін тереңдетіп оқытып, 7-сыныпта жалғастырып тереңдетіп оқытуға арналған бұл бағдарлама жалпы білім беретін мектептің негізгі сатысында  9-10 сыныптарда оқытылатын, дамыта тәрбиелей отырып оқыту, жүйелік, сабақтастық  ұстанымдарына негізделген.

           Базалық білім беру бағдарламасындағы 34  сағаттың  орнына 102 сағат, яғни аптасына  3 сағаттан оқытуға жоспарланған.

           Бағдарламаның басты мақсаты: ақпараттық қоғам жағдайында оқушыларды жан-жақты даярлау, ақпараттық қоғам мен технологиялардың мүмкіндігіне бейімделген оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу, информатиканың ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану сияқты іргелі ұғымдарын оқушыларға меңгерту, әлемдік ғылыми бейнені қалыптастырудағы ақпараттық процестердің мәнін ашу және қазіргі қоғамның дамуындағы ақпараттық технология мен компьютерлік техниканың ролі, оқушыларды компьютерді оқу үрдісіне, бағдарлы бағытқа тиімді және ұқыпты пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
          Негізгі міндеттері: оқушылардың ойлау, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды, ақпараттық қоғам өміріндегі информатиканың ролі туралы түсінігін қалыптастыру және жалпыадамзаттық құндылықты дамытуды, табиғатқа ғылыми көзқарасын, адамның дүниетанымдық көзқарасына алғышарт болып табылатын әлеуметтік маңызды бағдарларын, түрлі мәселелерді шешуде алған білімін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыруды, оқушыларды практикалық және бағдарлы бағыттарға даярлауды (компьютермен жұмыс жасау принциптері, ақпаратты беру тәсілдері және түрлі мәселелерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияның негізгі кезеңдері туралы білімдермен қамтамасыз ету; түрлі пәндік салаларда ақпараттық технологияны қолдану мен модельдеу және компьютерді түрлі практикалық міндеттерді шешуде сапалы, әрі тиімді құрал түрінде қолдану дағдыларын қалыптастыру) көздейді.
          Информатиканы оқытудың басты мiндеттерi негiзiнде оқу бағдарламасында нақты дидактикалық мiндеттер айқындалады, оның iшiнде оқушыларды бiлiммен қаруландыру тәсiлдерiн үйрету аса маңызды болып табылады.
          Осы негізгі міндеттерімен қатар информатиканы тереңдетіп оқыту, оқушылардың пәнге деген қызығушылығының тұрақты болуын, информатикалық қабілетті анықтауды және оны дамытуды, информатикамен байланысты кәсіби бағдар беруді қамтамасыз етеді.

         

Пәнаралық байланыс:

-  математика

- физика

- қазақ тілі, орыс тілі, шетел тілі

- тарих

- химия

- биология

- бейнелеу

- сызу

- технология

 

 

Оқу пәнінің базалық білім мазмұны

Кіріспе – 1 сағат + 1 сағат:

 

          Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру.

Бақылау жұмысы - «0» үзік.

 

Ақпарат және ақпараттық үдерістер – 3 сағат + 10  сағат:

 

         Компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілдері; сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау, кодтан шығару. Мәліметтер қоры, негізгі түсініктері. Мәліметтер қорын басқару жүйелері. Кестелерді құру. Мәліметтерді сұрыптау, сүзгілеу. Көпкестелі мәліметтер қорында кестелерді байланыстыру. Сұраныстарды ұйымдастыру. Форма. Қорытынды есептерді құру және басып шығару. Мәліметтер қорын ұйымдастыру. Бақылау жұмысы.

 

Компьютер  – 3  сағат:

 

         Компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі, жады, операциялық жүйелердің жіктелуі және функциялары.

 

 

 

Компьютердің арифметикалық негіздері – 4 сағат:    

 

        Сандардың тарихы және санау жүйелері. Сандарды позициялық санау жүйелеріне көшіру. Позициялық санау жүйесіндегі арифметикалық амалдар. Бақылау жұмысы.

 

Алгоритмдеу және программалау – 9  сағат + 15  сағат:  

 

        Программалау – алгоритмді формальды жазу тәсілі, алфавит, программалау тілінің синтаксисі;

айнымалылар типтері, арифметикалық өрнектерді жазу ережесі, сызықтық алгоритмдерді программалау, енгізу және шығару операторлары, меншіктеу операторы.  Бос оператор. Шартты оператор. Құрамдық операторлар. Шартсыз көшу операторы. Таңдау операторы. Шығару операторы. Циклдік операторлар. Тармақталу операторы. Қайталану операторы. Процедуралар. Функциялар. Бір өлшемді массивтер. Массивтерді сұрыптау. Екі өлшемді массивтер. Бақылау жұмысы.

 

Ақпараттық модельдеу - 2 сағат + 4 сағат:

 

         Модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, әртүрлі білім салаларының мысалдарында модельдерді зерттеу. Модельдеу тәсілдері. Компьютерлік және компьютерлік емес модельдер. Модельдердің жобаларын құру. Практикалық жұмыс.

 

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 14 сағат + 30 сағат:

 

        Компьютерлік графика түрлері; векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программалары, графикалық файлдардың пішімі; векторлық графика, векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі; фигураларды салу, векторлық объектілермен қарапайым амалдар, қисықтарды редакциялау, мәтін, мәтіндік блоктар құру; растрлық графика, растрлық графиканы өңдеу бойынша программа интерфейсі, растрлық бейнелердің параметрлері, растрлық бейнелермен жалпы жұмыс жасау тәсілдері, түстер, салу құралдары, аймақтарды ерекшелеу, ерекшеленген аймақтармен жұмыс, қабаттар, мәтінмен жұмыс. Бақылау жұмысы.  Кестелік процессор Excel. Бағдарламаның интерфейсі. Жұмыс кітабы және парақтар. Ұяшық және ұяшықтардың пішімдері.  Ұяшықтардың ауқымы. Ұяшықтарды автотолтыру. Ұяшықтарға абсолюттік, салыстырмалы және аралас сілтемелер.  Формулалармен және функциялармен жұмыс істеу.  Кестелермен жұмыс істеу. Деректерді сұрыптау және сүзу. Практикалық жұмыс. Құрама кестелер. Деректерді шоғырландыру. Диаграммалар. Кестелердің деректері негізінде диаграммалар жасау. Графикамен жұмыс. Макрос түсінігі. Практикалық жұмыс. Бақылау жұмысы. Интернет қызметін қоюшының компьютріне қосылу. World wide web-тің негізгі түсініктері. Web-браузерлер. Гиперсілтемелермен жұмыс істеу. World wide web-те ақпарат іздестіру. Электрондық поштамен жұмыс істеу реті. WWW-ге негізделген электрондық пошта. Электрондық поштаның құрылымы. Пошталық клиенттердің қызметі мен қасиеттері. Бақылау жұмысы. 

 

Жобалық іс-әрекет – 2  сағат + 4 сағат:

 

        Жобамен жұмыс. Жоба үлгілері. Тақырыптар бойынша жоба жасау. Жобаны қорғау.

 

 

       Информатиканы тереңдетіп оқыту ең алдымен берілген материалды жоғары деңгейде меңгеруді қарастырады және ол төменде келтірілген талаптарда айқындалған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

 

 

7-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:

 

қауіпсіздік техника ережелерін;

мәліметтер қорын жіктеу тәсілін;

позициялық санау жүйесін;

операторлар түрлерін;

массив ұғымын;

процедуралар жүйесін;

функция түрлерін;

программалау тілі туралы түсінігін;

программалау тілінде программа құрылымын;

программалау тілінің синтаксисін;

айнымалылар типтерін;

программалау тілінде арифметикалық өрнектерді жазу ережелерін;

енгізі, шығару және меншіктеу операторларын;

модельдің әдісін және қасиеттерін;

компьютерлік графика түрлерін;

графикалық файлдардың пішімін;

ұяшықтар пішімдерін;

World wide web - түсінігін;

пошта қызметін.

 

7-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:

 

қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауды;

мәліметтер қорының жіктелуін;

оператор түрлерін ажырата білуді;

айнымалылар типтерін анықтауды;

сызықты құрылымның программаларын құруды;

модельдерді зерттеуді;

векторлық графикада қарапайым фигураларды құруды;

программалау тілінде программа құруды;

ұяшықтар пішімдерін ажыратуды;

пошта қызметімен жұмыс істеуді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1. Е.В.Шевчук, Н.С.Кольева. Информатика 8 сынып, Алматы «Мектеп» 2012 ж.

2. Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов. Информатика 11 сынып,

    «Арман-ПВ» баспасы, 2015 ж.

 

3. «Интернет ресурстарын құру» оқу-әдістемелік құрал, Астана, 2014 ж.

 

4. «Microsoft Excel» оқу-әдістемелік құрал, Астана, 2014 ж.

 

5. «Ақпараттық технологиялар негіздері» оқу-әдістемелік құрал, Астана, 2014 ж.

 

 6. «Информатика негіздері» журналы, 2014 ж, 2015 ж.

7. «Infourok.ru» cайты.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал
Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 098 258 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.01.2017 1186
    • DOCX 32.5 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жакупбекова Инкар Муратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жакупбекова Инкар Муратовна
    Жакупбекова Инкар Муратовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 38673
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой