Инфоурок Информатика Другие методич. материалыИнформатика пәнінен тереңдетілген 6-сыныпқа арналған оқу бағдарламасы

Информатика пәнінен тереңдетілген 6-сыныпқа арналған оқу бағдарламасы

Скачать материал

 

 


 


«Информатика» пәнінен  тереңдетілген 6-сыныпқа арналған

оқу бағдарламасы

 

ТҮСІНІК ХАТ

 

«Информатика» оқу пәні ретінде Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі болып табылады.
           Мектеп информатикасының мазмұнын дамыту келешегі оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру бағытында информатиканың ғылыми зерттеу объектісінің кеңеюімен байланысты.
           Информатика пәні оқушыларда әлемдік ақпараттық бейнені қалыптастыру мен компьютерлік техниканы және ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамытудың теориялық негізі болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық құралдарының жеделдетіп дамуына байланысты сәйкес қолданбалы программалық құралдар, офистік программалар және т.б. өзгерістерін ескере отырып, құрылады. Олардың көпшілігі информатиканы жоғарғы сыныптарда оқытудың мазмұнында ерекше мәнге ие. Сонымен бірге бұл мәселелерді ерте жастан бастап үйрету де қарастырылуда.
           5 с
ыныпта информатика пәнін тереңдетіп оқытып, 6-сыныпта жалғастырып тереңдетіп оқытуға арналған бұл бағдарлама жалпы білім беретін мектептің негізгі сатысында  8-9 сыныптарда оқытылатын, дамыта тәрбиелей отырып оқыту, жүйелік, сабақтастық  ұстанымдарына негізделген.

           Базалық білім беру бағдарламасындағы 34  сағаттың  орнына 102 сағат, яғни аптасына  3 сағаттан оқытуға жоспарланған.

           Бағдарламаның басты мақсаты: ақпараттық қоғам жағдайында оқушыларды жан-жақты даярлау, ақпараттық қоғам мен технологиялардың мүмкіндігіне бейімделген оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу, информатиканың ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану сияқты іргелі ұғымдарын оқушыларға меңгерту, әлемдік ғылыми бейнені қалыптастырудағы ақпараттық процестердің мәнін ашу және қазіргі қоғамның дамуындағы ақпараттық технология мен компьютерлік техниканың ролі, оқушыларды компьютерді оқу үрдісіне, бағдарлы бағытқа тиімді және ұқыпты пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
          Негізгі міндеттері: оқушылардың ойлау, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды, ақпараттық қоғам өміріндегі информатиканың ролі туралы түсінігін қалыптастыру және жалпыадамзаттық құндылықты дамытуды, табиғатқа ғылыми көзқарасын, адамның дүниетанымдық көзқарасына алғышарт болып табылатын әлеуметтік маңызды бағдарларын, түрлі мәселелерді шешуде алған білімін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыруды, оқушыларды практикалық және бағдарлы бағыттарға даярлауды (компьютермен жұмыс жасау принциптері, ақпаратты беру тәсілдері және түрлі мәселелерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияның негізгі кезеңдері туралы білімдермен қамтамасыз ету; түрлі пәндік салаларда ақпараттық технологияны қолдану мен модельдеу және компьютерді түрлі практикалық міндеттерді шешуде сапалы, әрі тиімді құрал түрінде қолдану дағдыларын қалыптастыру) көздейді.
          Информатиканы оқытудың басты мiндеттерi негiзiнде оқу бағдарламасында нақты дидактикалық мiндеттер айқындалады, оның iшiнде оқушыларды бiлiммен қаруландыру тәсiлдерiн үйрету аса маңызды болып табылады.
          Осы негізгі міндеттерімен қатар информатиканы тереңдетіп оқыту, оқушылардың пәнге деген қызығушылығының тұрақты болуын, информатикалық қабілетті анықтауды және оны дамытуды, информатикамен байланысты кәсіби бағдар беруді қамтамасыз етеді.

          

Пәнаралық байланыс:

-  математика

- физика

- қазақ тілі, орыс тілі, шетел тілі

- тарих

- химия

- биология

- бейнелеу

- сызу

- технология

 

 

Оқу пәнінің базалық білім мазмұны

 Кіріспе – 1 сағат + 1 сағат:

 

       Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру. Бақылау жұмысы - «0» үзік.

 

 Ақпарат және ақпараттық үдерістер – 4 сағат + 8  сағат:

 

       Әлемнің ақпараттық көрінісі; ақпараттың қасиеттері; ақпаратты қорғау, вирусқа қарсы программалар; ақпаратты сығу, мұрағаттау программалары. Ақпаратты өлшеу. Ақпараттық процестер.  Ақпаратты кодтау. Ақпараттарды компьютерде сақтау. Практикалық жұмыс.  Мұағатты әзірлеу, мұрағаттан бөліп алу.  WinZIP, WinRAR мұрағаттаушыларымен тәжірибелік жұмыс. Бақылау  жұмысы.

 

Компьютер  – 2  сағат + 7  сағат:

     Есептеу техникасының даму тарихы. Компьютердің буыны; ДК сәулетінің заманауи даму бағыттары. Компьютер құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері. Компьютер жадының түрлері.  WINDOWS-тің басқару элементтері. Бағыттаушы (проводник) қолданбасы. Бағыттаушы қолданбасы арқылы программаны іске қосу және құжатты ашу. Компьютердің негізгі компоненттерінің өзара әрекеттесуі. Магистраль. Бақылау жұмысы.

 

Алгоритмдеу және модельдеу  – 8  сағат + 15  сағат:   

      Алгоритмдер және оны орындаушылар; алгоритмнің жазылу формалары; алгоритмнің түрлері; циклдік алгоритмдер; алгоритм құрудың тәжірибелік жұмысы; модель және модельдеу; модельдің түрлері; модельдеуге тәжірибелік жұмыс. Алгогритм қасиеттері. Алгоритмнің график түрінде кескінделуі. Алгоритмдердің орындалуы. Алгоритмдік тілдің жалпы ережесі. Алгоритм командалары. Модельдеу тәсілдері. Компьютерлік және компьютерлік емес модельдер. Модельдердің жобаларын құру. Практикалық жұмыс. Бақылау жұмысы.

 

 

 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – 15 сағат + 22  сағат:

 

       Мәтіндік процессор туралы жалпы мағлұмат. Программаның интерфейсі. Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері. Абзацтар, шегіністер және интервалдар. Нөмірленген және таңбаланған тізімдер. Бағандар. Бетінің өлшемдері, ернеулері. Құжатты басып шығару. Кестелер. Кестелерді құру. Кестелерді түзету. Кестелерді пішімдеу. Графикалық нысандар мен көркем жазуды  кірістіру. Атау жазулар мен суреттерді пішімдеу. Тұсаукесер туралы жалпы мәліметтер. Тұсаукесерді безендіру. Нысандарды компьютерлік тұсаукесерге кірістіру. Анимация және тұсаукесердің көрсетілуі. Бақылау жұмысы.  Кестелік процессор Excel. Excel-дегі деректермен жұмыс атқару. Жұмыс кітабы және парақтар. Деректерді өңдеудің формулалары. Жұмыс кестесінің автоматты түрде пішімделуі. Excel-дің графикалық мүмкіндіктері. Графикалық объектілерді кірістіру. Диаграммаларды құру, редакциялау және пішімдеу. Құжат беттерін рәсімдеу және басу. Практикалық жұмыс. Деректер базасын басқару жүйесі. Деректер базасында орындалатын әрекеттер. Excel-де деректер базасымен жұмыс істеу. Деректер базасын өңдеу. Практикалық жұмыс. Бақылау жұмысы.

 

Телекоммуникациялар – 2 сағат + 11 сағат:

 

      Компьютерлік желілердің негізгі түрлері. Ғаламтор. Ғаламтор желісінде ақпарат іздеу. Электрондық пошта. Сыныптың компьютерлік желісі. Провайдер. Провайдер таңдау кезінде қойылатын талаптар. Поштаға тіркелу. Пошта жүйесін баптау. Хаттармен атқарылатын іс-әрекеттер. Сайт ұғымы. Гиперсілтемелермен жұмыс істеу. Арнайы сайттармен танысу. «Білімділер» сайты, оған тіркелу, жұмыстарды сайтқа орналастыру. Жылдық бақылау жұмысы.    

 

 

 Жобалық іс-әрекет – 2  сағат + 4 сағат:

 

Жобамен жұмыс. Жоба үлгілері. Тақырыптар бойынша жоба жасау. Жобаны қорғау.  

 

       Информатиканы тереңдетіп оқыту ең алдымен берілген материалды жоғары деңгейде меңгеруді қарастырады және ол төменде келтірілген талаптарда айқындалған.

 

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

 

5-сыныптың соңында оқушылар білуі тиіс:

 

қауіпсіздік техникасының ережесін;

информатика пәні нені оқытатының;

ақпарат түсінігін;

ақпарат түрлерін;

ақпаратты өңдеу тәсілдерін;

ақпараттың өлшеу бірлігін;

компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктерін;

компьютердің бағдарламалық қамтамасыз етудің міндеттері мен түрлерін;

операциялық жүйе ұғымын;

операциялық жүйеде жұмыс істеу тәсілдерін;

операциялық жүйені басқару тәсілдері мен негізгі объектілерін;

ақпараттарды тасымалдаушылар міндетін;

графиктік редакторда жұмыс істеу тәсілдерін;

мәтіндік редакторда жұмыс істеу тәсілдерін;

мәтінде теру ережесін;

мәтінді редакциялау және пішімдеу тәсілдерін;

таныстырылымның жұмыс істеу тәсілдерін;

сандық, дыбыстық ақпараттарды өңдеу бойынша бағдарламаларда жұмыс істеу тәсілдерін;

мәтіндік құжатты рәсімдеу тәсілдерін;

файлдармен жұмыс істеуін;

интернет түсінігін;

интернетпен жұмыс істеу тәсілдерін;

электронды пошта түсінігін.

 

5-сыныптың соңында оқушылардың меңгеруі тиіс:

 

қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтауды;

ақпараттың түрін анықтауды;

ақпараттық объектілері мен процесстердің сандық параметрлерін бағалау, олар: ақпаратты сақтау үшін қажетті жады көлемін;

компьютердің стандартты графиктік интерфейсін қолдануды;

файлдармен, бумалармен, белгішелермен операциялар орындауды;

қарапайым графиктік редактор құралдарымен графиктік объектілерді салуды;

мәтіндік редактор құралдарымен мәтінді теруді, редакциялауды, пішімдеуді;

аралас құжаттарды құруды;

таныстырылым арқылы ертегілер көрсетуді;

дыбыстық ақпаратты жазуды;

интернетпен жұмыс істеуді;

интернеттен ақпарат іздеуді;

электронды поштамен жұмыс істеуді;

электронды поша арқылы құжаттар жіберуді.

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1. Н.Ермеков, Ж.Кдраев, Н.Стифитина. Информатика 8-сынып, Алматы: Жазушы, 2001.

2. Н.Т.Ермеков, В.А.Криворучко, Л.Н.Кафтункина. Информатика 9-сыньш, Алматы «Мектеп», 2005.

 

3. «Интернет ресурстарын құру» оқу-әдістемелік құрал, Астана, 2014 ж.

 

4. «Microsoft Excel» оқу-әдістемелік құрал, Астана, 2014 ж.

 

5. «Ақпараттық технологиялар негіздері» оқу-әдістемелік құрал, Астана, 2014 ж.

 

 6. «Информатика негіздері» журналы, 2014 ж, 2015 ж.

7. «Infourok.ru» cайты.

 

8. «Uztaz.kz» cайты.  

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал
Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 112 775 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.10.2015 1519
    • DOCX 36 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жакупбекова Инкар Муратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жакупбекова Инкар Муратовна
    Жакупбекова Инкар Муратовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 38733
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой