Инфоурок Информатика Научные работыИнформатика пәнінен"Microsоft Еxcel 2013- электрондық кестесі туралы жалпы түсінік" ашық сабағы

Информатика пәнінен"Microsоft Еxcel 2013- электрондық кестесі туралы жалпы түсінік" ашық сабағы

Скачать материал

Тобы: МтБ-81

Пәні: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Microsоft Еxcel 2013- электрондық кестесі туралы жалпы түсінік.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: студенттерге Microsoft Excel электрондық кестесі туралы жалпы түсінік беру, негізгі ұғымдарымен таныстыру, бағдарлама мүмкіндіктерін көрсету.
Дамытушылық: студенттердің танымдық және шығармашылық қабілеттерін жан - жақты дамыту, ойларын дұрыс тұжырымдап сұрақтарға қорытынды жасай білуге үйрету, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру, ой - өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, компьютер, интерактивті тақта, проектор, LED панель, жетон, таратпа материалдар.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі: Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы
Пәнаралық байланыс: математика, сызу.

Сабақтың құрылымы: Сабақ 4 кезеңнен тұрады:
1) «Ой қозғау»
2) «Білім бүкіл өміріңе»

3) «Ой қорғау»

4) Қорытындылау. «ЕХРО тау шыңына шығу» жолдама алу.
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, студенттерді түгендеу – 2 минут.

Қазіргі таңда өзіне және өз біліміне сенімді, болашақта егеменді еліміздің технологиялық және индустриялық дамуына ат салысатын жан - жақты тұлғаны қалыптастырудың маңызы зор. Бүгінгі сабағымыз «EXPO -2017» атты көрмемізге жолдама алу мақсатында өтеді. Осы жолда біз бірнеше кедергілерді өтеміз.

I кедергі – «Ой қозғау»

II. Үй тапсырмасын тексеру – 5 минут.

«Microsoft Word мәтіндік редакторы» тарауы бойынша қысқаша қорытындылап үй тапсырмасын семантикалық карта арқылы сұралады.

Семантикалық карта сұрақтары:

  1. MS WORD қандай программа түрі?

  2. MS WORD программасын қалай іске қосамыз?

  3. MS WORD бағдарламасының терезе элементтерін нешеу?

  4. Стандартты құрал-саймандар тақтасына қандай батырмалар жатады?

  5. Форматты құрал-саймандар тақтасына қандай батырмалар тобы жатады?

  6. Мәтінді форматтау амалдарына нені жатқызамыз?

  7. Қаріптің сызылымына нелер жатады?

  8. MS WORD –та мәтінді туралаудың қандай түрлері бар?

  9.   MS WORD –та мәтінді маркерлеу қай құрал-саймандар тақтасында орналасқан?

  10. Мәтіннің өлшем бірлігі қандай?

  11. MS WORD – та кестені қою қай меню арқылы іске асады?

  12. MS WORD - та жаңа құжатты құру үшін қандай командаларды орындаймыз?

  13. MS WORD –тың қалып-күй қатарында нені көре аламыз?

  14. MS WORD –тың графикалық мүмкіндіктеріне нелер жатады?

Семантикалық картаны шешу барысында бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Microsoft Excel» сөзі шығады.

Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Microsоft Еxcel 2013- электрондық кестесі туралы жалпы түсінік.

II кедергі - «Білім бүкіл өміріңе». Жаңа сабақты түсіндіру -10 минут.

«Біле бер, қанша білсең – тағы тіле,
Жетерсің мұратыңа біле, біле.»

(Жүсіп Баласағұн)

Жоспар:
1. Microsoft Excel электрондық кестесіне жалпы түсінік
2. Microsoft Excel бағдарламасының мүмкіндіктері
3. Microsoft Excel бағдарламасының терезе құрылымы. Ал ендеше тақтаға назар аударыңыздар.
Бұл сабақта Microsоft Еxcel электрондық кестесімен танысамыз. Электрондық кесте деген термин кесте түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеу деген ұғымды білдіреді. Кестелерді өңдеу мыналардан тұрады:

1. Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізу;

2. Түрлі түрлі факторлардың мәліметтерге тигізетін әсерін зерттеу ;

3. Оптимизация есептерін шығыру ;

4. Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын алу, табу;

5. Графиктер мен диаграмаларды тұрғызу;

6hello_html_2b2475f6.png. Мәліметтерді статистикалық талдау.













Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана емес оқып үйренуде ғылыми зерттеу істерінде әкімшілік және жәй шаруашылық жұмыстарында да кеңінен қолдануға мұрсат береді.

Бұл программамен жұмыс істеуді үйрену алдында бірнеше жаңа түсініктер бере кетейік.

Электрондық кестенің жұмыс аймағы қатарлар мен бағаналардан тұрады Қатарлардың максималдық саны - 16384, ал бағаналар саны - 256.

Кез келген бағана мен қатардың қиылысу нүктесінде тұрған тор ұяшық деп аталады, ол ұяға мәліметтер енгізуге болады.

Excel програмасын іске қосу: Excel программасын іске қосу үшін Іске қосу( Пуск) – Программалар (Все программы) – MS Office – MS Excel немесе жұмыс терезесінде тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы контексттік менюді шақырамыз, пайда болған контексттік менюден Создать – Лист MS Excel командасын орындаймыз.Excel ді іске қосу үшін онымен байланысқан шартбелгіні тауып тышқанды сырт еткізу қажет. Ол іске кіріскенде терезе шығады Енді осы стандартты терезе элементтерін қарастырайық

MS Excel электрондық кестесі терезесі келесідей терезе элементтерінен тұрады:

Жоғарғы қатар – басқару батырмалары орналасқан терезе тақырыбы

Екінші қатар- Excel меню қатары

Үшінщі және төртінші қатарлар - стандартты және форматты саймандар панелдері.

Бесінші қатар- енгізу,түзету қатары немесе формулалар қатары.

Бесінші қатардан соңына дейін электрондық кестенің жұмысы парағы орналасқан. Жұмыс парағындағы қатарлар мен бпғаналар белгілі бір тәртіппен белгіленеді.

Терезенің ең төменгі қатары қалып- күй қатары. Төменгі қатардан сол жақ шетінде Еxcel жұмыс режимдерінің индикаторы орналасқан.

Excel менюмен жұмыс істеу: Меню жүйесін екпінді етіп іске қосуда әдеттегідей стандартты тәсіл қолданылады ол үшін Word-дағы сияқты Alt не F10 пернесін басу жеткілікті. Сол сәтте меню қатарындағы бір сөз теңбілденіп басқа түске боялады. Керекті меню пункті басқару пернелері көмегімен таңдалынады Enter пернесін басқару керек. Меню командасын орындамай іс әрекеттер жұмысын доғару үшін Еsc пернесі басылады

Word редакторындағыдай мұнда да орындалып жатқан әрекетке сәйкес берілетін контекстік тәуелді анықтамалық жүйе бар. Әрбір істеп жатқан жұмысымызға байланысты әрқашанда көмек ала аламыз

Енді электрондық кестенің негізгі ұғымдарымен танысайық:

Қатар нөмері – электрондық кестенің көлденең орналасқан қатарларының сол жақ шетінде жазылған нөмері

Бағана әріпі – электрондық кестенің бағаналарын белгілейді Әріптер жұмыс аймағының жоғарғы жағында жазылып түрады

Бағаналар А-Z содан соң AA-AZ одан кейін BA-BZжане т.с.с болып белгіленеді.

Ұяшық– электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі . Әрбір ұя немесе тор бағана әрпі мен қатар нөмірінен түратын адреспен анықталады. Мысалы: В3-В бағанасы мен 3 қатардың қиылысындағы ұящық дегенді білдіреді.

Ұя сілтемесі көрсеткіші - жұмыс істеуге тиіс екпінді күйдегі үстіміздегі немесе ағымдағы ұяны көрсетіп тұрған тіктөртбұрышты теңбілтор таңба. Теңбілтор пернелер көмегімен немесе тышқан арқылы кесте бетімен ұядан ұяға көшіріліп отырады. Ағымдағы ұя - теңбілтормен белгіленіп тұрған ұя . Ол кестенің бір торын ғана белгілеп келісім бойынша мәлімет енгізу операциясы немесе басқа бір іс- әрекет осы торда ғана орындалатынын көрсетеді .

Блок- ұялар жиыны ,аумағы,тіктөртбұрышты түрдегі қатарласа орналасқан ұялар жиыны .Ол бірнеше ұядан толық қатардан бағанадан немесе тіктөртбүрыш түріндегі бір топ торлардан тұра алады. Мысалы: В13: D19 блогы -бұл В13-D13-D19-B19 торларымен шектелген ұялар жиыны. Әртүрлі формулалар енгізу кезінде немесе командаларды орындау сәттерінде блокты диоганаль бойынша қарсы орналасқан торлар адрестерімен немесе экран бетінде тышқанның (пернелермен) белгілей отырып енгізуге болады.

Жұмыс парағымен жане кітаппен жұмыс істеу. Excel электрондық кестесі үш өлшемді құрылымнан тұрады, яғни ол бөлек парақтардан(16 парақ) тұратын кітап тәрізді.Экранда тек бір парақ- кітаптың ең үстіңгі ашық тұрған беті көрініп тұрады. Парақтың төменгі шетінде қалған кітап беттерінің нөмерлері жарлық ретінде белгіленеді. Тышқан курсорының сол көрініп тұрған жарлықтардың нөмерлерін таңдау арқылы кез келген бетті ашу, көру мүмкіндігі бар.

MS Excel-де құжаттарды сақтау WORD бағдарламасындай жүреді. Яғни Файл – Сохранить немесе Сохранить как командасын орындау арқылы.

MS Excel электрондық кестесімен жұмыс аяқтау үшін меню қатарынан Файл – Выход командасын орындау арқылы немесе тақырып жолағында орналасқан жабу батырмасын басу арқылы. Пернелер комбинациясын басу арқылы – Alt + F4.

ІІІ кедергі – «Ой қорғау». Сабақты бекіту тапсырмалары – 25 минут.

Бүгінгі жаңа сабағымыздың бекіту және ІІІ кедергені мақсатында III деңгейлік және шығармашылық деңгей тапсырмаларын беремін.

І деңгей тапсырмасы:

  1. Microsoft Excel программасын іске қосыңыз.

  2. 5 бағана, 10 қатардан тұратын кесте тұрғызыңыз.

  3. Тұрғызылған кестеге келесі мәліметтерді енгізіңіз.

Атауы

Саны

Құны

Бағасы

Кіріс

Дәптерлер

500

11

20

 

Қаламдар

100

8

20

 

Сызғыштар

100

40

75

 

Қарындаштар

250

10

15

 

Желім

365

50

75

 

Өшіргіштер

100

18

25

 

Альбомдар

189

64

85

 

Қайшылар

378

85

130

 

Кітаптар

470

320

450

 


ІІ деңгей тапсырмасы:

Информатикалық диктант:

Excel программасын іске қосу үшін Іске қосу( Пуск) – ....................–.....................– MS Excel немесе жұмыс терезесінде тышқанның ..... жақ батырмасын басу арқылы контексттік менюді шақырамыз, пайда болған контексттік менюден ............ –.............командасын орындаймыз. Excel- ді іске қосу үшін онымен байланысқан .............. тауып тышқанды сырт еткізу қажет. Ол іске кіріскенде терезе шығады Енді осы стандартты терезе элементтерін қарастырайық Экрандағы Excel терезесінде мынадай обектілер шығады.

Жоғарғы қатар – басқару батырмалары орналасқан ........ жолы.

Екінші қатар - Excel ........ қатары

Үшінщі және төртінші қатарлар- .............және ...........саймандар панелдері.

Бесінші қатар- енгізу,түзету қатары немесе .............. қатары

Бесінші қатардан соңына дейін электрондық кестенің жұмысы парағы орналасқан.

.................... - электрондық кестенің көлденең орналасқан қатарларының сол жақ шетінде жазылған нөмері.

.................. - электрондық кестенің бағаналарын белгілейді Әріптер жұмыс аймағының жоғарғы жағында жазылып тұрады.

Қажетті сөздер: Все программы, MS Office, оң, Создать, Лист MS Excel,шартбелгіні, тақырып, меню, стандартты, форматты, Қатар нөмері, бағана әрпі.

Cергіту сәті: көзге арналған жаттығулар

ІІІ деңгей тапсырмасы:

Тест жұмысы

1.MS Office бағдарламалық жасақтамасы құрамына кіретін электронды кесте

программасы:

А) MS Access В)MS Excel С)MS Word Д) MS Publisher Е) MS Power Point

2.MS Excel программасын қалай іске қосамыз?

А) Пуск – Программы – Стандартные – MS Excel

В) Пуск – Стандартные – MS Word

С) Пуск – Программы – Word

Д) Пуск – Все программы - MS Office - MS Excel

Е) Пуск – Все программы – Стандартные - MS Excel

3. MS Excel программасының терезе элементтерін көрсетіңіз.

А) тақырып жолы, меню жолы, құрал-саймандар тақтасы, енгізу-түзету немесе формулалар қатары,жұмыс беті, қалып- күй қатары.

В) тақырып жолы, меню жолы, форматты құрал-саймандар тақтасы

С) тақырып жолы, меню жолы, стандартты құрал –саймандар тақтасы

Д) стандартты құрал-саймандар тақтасы, қалып-күй жолы.

Е) қалып –күй жолы, тақырып жолы, меню жолы.

4. MS Excel программасының жұмыс беті ......... мен .... тұрады:

А) жолдардан В) бағаналардан С) қатарлар мен бағаналардан Д) қатарлардан

Е) дұрыс жауабы жоқ.

5. MS Excel-де бағана саны:

А) 450 В) 850 С)740 Д) 256 Е) 265

6. MS Excel –де құжаттарды қалай сақтаймыз?

А) Файл – Сақтау В) Вставка – Сақтау С) Ссылки – Сақтау Д) Вид- Сақтау Е) Вставка - Қою

7. MS Excel электрондық программасының екінші қатарында қай жол орналасқан:

А) меню жолы В) инструменттер тақтасы С) форматты құрал-саймандар тақтасы Д) қалып-күй жолы Е) жұмыс беті.

8. MS Excel-де ақпарат қандай түрде ене алады?

А) сан, графика В) мәтін, сан, формула С) сан, формула Д) мәтін, тыныс белгілер, графика Е) дұрыс жауап жоқ

9. Электрондық кесте программасының қалып-күй қатарында не орналасады?

А) бет саны, терезе масштабы, бет режимі В) форматтау құрал-саймандар

С) стандартты құрал-саймандар Д) бет режимі Е) бет көрінісі

10. MS Excel электрондық кестесімен жұмысты қалай аяқтаймыз.

А) Файл – Выход немесе тақырып жолындағы Жабу батырмасы арқылы

В) Вставка – Выход как С) Вид – Выход Д) Данные выход Е) Ссылки – Выход

11. .......... - электрондық кестенің көлденең орналасқан қатарларының сол жақ шетінде жазылған нөмері.

А) мәтін В) ұящық С) бағана әрпі Д) қатар нөмері Е) форму

12. Электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі .

А) мәтін В) ұящық С) бағана әрпі Д) қатар нөмері Е) формула

13. Блок дегеніміз не?

А) электрондық кестенің көлденең орналасқан қатарларының сол жақ шетінде жазылған нөмері

В) электрондық кестенің мәлімет енгізілетін ең кіші элементі .

С) электрондық кестенің бағаналарын белгілейді

Д) ұялар жиыны ,аумағы,тіктөртбұрышты түрдегі қатарласа орналасқан ұялар жиыны .

Е) жауаптың барлығы дұрыс.

14. Электрондық кестедегі қатарлардың максималдық саны:

А) 450 В) 13486 С)740 Д) 256 Е) 265

15. Электрондық кесте программасының « Қою», « Кесіп алу», « Көшіру» батырмалары орналасқан қатары:

А) стандартты құрал-саймандар тақтасы В) форматтау құрал-саймандар тақтасы

С) қалып-күй жолы Д) тақырып жолы Е) жауаптың барлығы дұрыс.

Шығармашылық деңгей тапсырмасы:

  1. MS Excel бағдарламасын іске қосыңыз.

  2. Төменде берілген мәтінді MS Excel теріп жазыңыз.

  3. Мәтін қаріп типіTimes New Roman, қаріп өлшемі12 пт, қаріп сызылымы- жартылай қалыңдатылған, қаріп түсіқызыл.

  4. Енгізілген мәтінді ерекшлеп алып стандартты құрал-саймандар тақтасында орналасқан Копировать батырмасын басу арқылы Лист 2-ге көшіріңіз.

  5. Лист 2 парағын « Көшірме» деген атпен сақтаңыз.

  6. Дайын болған құжатты « EXPO -2017» деген атпен сақтаңыздар.

Экспо 2017 — 2017 жылдың 10 шілдесінен бастап 10 қыркүйегіне дейін Қазақстанның Елордасы Астана қаласында Халықаралық көрмелер бюросымен (ХКБ) ұйымдастырылатын Халықаралық көрме.

ЕХРО –ға әлемнің 100-ге жуық елі және 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 2 миллионнан астам адам қатысады деп күтіліп отыр.

ЕХРО-2017 көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді.

Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді. Мұндай ауқымды іс-шараны өткізу ісіне, соның ішінде көрмелер объектілері құрылысы мен инфрақұрылымына шағын және орта бизнес атсалысатын болады.

ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттердің үндесетін орнына айналмақ. Көрменің аумағында күн сайын концерттер, шоу, ұлттық күндер және өзге де ойын-сауық іс-шаралары өтетін болады.

2012 жылғы 26 қарашада Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы»  №436  Жарлыққа қол қойды.

2014 жылғы сәуірде Президенті Назарбаев Университетіне  таяу орын тепкен ЕХРО-2017 көрме кешені құрылысын бастап берді.

Кешен құрамында 4 мың пәтер, жаңа мейманхана, Конгресс-холл және университеттен орталыққа дейін ұласатын жабық қала салынады. Көрме аймағында ұлттық павильон, тақырыптық және корпоративтік павильондар, ойын-сауық және қызмет көрсету нысандары орналасады. Көрме кешенінің жалпы ауданы – 174 гектар. Қазақстан 1997 жылдан бастап Халықаралық көрмелер бюросына мүше ел болып саналады және ЕХРО көрмелеріне 2005 жылдан бастап қатысып келеді.

ІV. Қорытындылау. Бағалау – 2 минут. Барлық кедергілерді игеріп ең жоғары ұпай жинаған студентімізді алған білімдерін шындай түсуіне тілектестік білдіре отырып Астана қаласында өтетін «Экспо- 2017» көрмесіне жолдама береміз.

V. Үй тапсырмасы – 1 минут. Тақырып бойынша реферат жазып келу. 10 тақырып. 191-196 беттер. Интернет көздері.



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Информатика пәнінен"Microsоft Еxcel 2013- электрондық кестесі туралы жалпы түсінік" ашық сабағы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист по планированию

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 659 991 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.03.2016 1565
    • DOCX 280 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жаулиева Гульмира Халмуратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15503
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация преподавания информационных систем и технологий в профессиональном образовании

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 74 человека

Курс повышения квалификации

Теоретические и методологические основы преподавания информатики с учётом требований ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 151 человек из 49 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 717 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Мини-курс

Профессиональное развитие бизнеса: стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Проектный анализ: стратегии и инструменты управления успешными проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детское развитие: ключевые моменты взаимодействия с детьми и подростками

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 303 человека из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 166 человек