Инфоурок / Информатика / Рабочие программы / Информатика сабағаындағы техника қауіпсіздік ережелері

Информатика сабағаындағы техника қауіпсіздік ережелері

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Сынып:6 а Мерзімі:12.10.2015


Сабақтың тақырыбы: Есептеуіш техникасының даму тарихы 

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды ЕТ-ң даму тарихымен оның құрылуының негізгі принциптерімен таныстыру, ЭЕМ-нің қоғам өміріндегі рөлін түсіндіру;

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту. Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыкқа, тиянақтылыққа үйрету. Сабақтпың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті қүралдар: оқулық, компьютер, жұмыс дәптері Сабақтың өту барысы:

1. Оқушыларды ұйымдастыру .

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4. Сабақты бекіту.

5. Үйге тапсырма беру.


Өткен материалды қайталау сұрақтары:

1. Компьютер дегеніміз не? .  

2. Ақпараттық құралдар неден түрады?

3. Компьютердің бағдарламалық жасақтамасына нелер кіреді?

4. ОЖ-нің негізгі функцияларын (міндеттерін) атаңдар.

5. Интерфейс деген не? Қандай интерфейстерді білесіңдер?

6. Қолданбалы бағдарламалардың міндеттері қандай?

Олардың классификациясын түсіндіріңдер

7. Бағдарламалау жүйелері не үшін қолданылады?

8. Драйвердің рөлі қандай?

Жаңа сабақ

Есептеуіш техниканың даму тарихы

Есептеуіш техника дамымай тұрып адамдар қол саусақтарын, тастарды, ағаш таяқшаларды пайдаланды.

Есепшоттың пайда болуы деректерге қарағанда Қытай немесе Египетте 2000-5000 жылдар шамасында болған.

♦   Есепшот Ресей де 16-17 ғасырларда пайда болған.

17 ғасырдың аяғында шотландиялық Джон Непер логарифм түсінігін енгізді, логарифм кестесін қүрды.

♦  1761 ж. Ағылшын Д.Робертсон логарифм сызғышын жасады. Мұндай идеяны

Исаак Ньютон ұсынған.

1642 жылы француз математигі Блез Паскаль 19 жасында дүние жүзінде бірінші рет қосу машинасын жасады.

1694 ж неміс математигі Лейбиниц Паскаль механикалық есептеу машинасын арифмометрі құрды. Есептеуіш техниканың даму XIX ғасырдан қарқындап дами бастады.

1833   жылы   алғашқы   есептеуіш   автоматттың   авторы   Чарлз   Бәббидж

аналитикалық машинаның жобасын жасады. Оны қазіргі кезде компьютердің атасы деп атайды.

Дүние жүзі бойынша алғашқы 1846 жылы Бэйббидж машинасына бағдарлама жасаушы Ада Лавлейс бірінші бағдарламалаушы деп аталынған.

XIX ғасырдың соңында американдық Герман Холлериат есепші- перфарациялық машинасын құрды. Холлериат 7 жыл бойы пайдаланылды. 

Холлериат есепші-перфорациялык маишнаны жасайтын фирманың негізін қалады. ІВМ фирмасына айналды.

1944 американ математигі Говард Айкен Горвард Марк-1 автоматты есептеуіш машинасын құрды.

Электронды есептеуіш машиналар.

♦  Бірінші электрондық машина 1946 жылы Пенсильван университетінде ЕNIАС деп аталды, 1949 жылы EDSАС машинасы құрастырылды. 

ЭЕМ буындары:

Бірінші буында - бірінші электрондық машина ЕNIАС, EDSАС   машиналары болды. 1940-1955 жылдар.

Екінші буынға - 1955 жылдан бастап, жартылай өткізгіштер транзисторлар пайда бола бастады. Онда бағдарламалық тілдер: Фортран, Алгол, Кобол қолдана бастады. 

Үшінші буынға - интегралдық негізде құрылған ЭЕМ-дер. 

Қазіргі кезегі компьютерлер төртінші буынға жатады. 

Бесінші буындағы компьютерлер әлі шыққан жоқ.

Казіргі кезде көптеген елдерде бесінші буындағы ЭЕМ-ді жасау ісі қолға алынуда. Бұл машиналар кәдімгі адам сөйлейтін тілге жуық тілді түсінетін, яғни "жасанды ин-теллект" ЭЕМ-дері болуы керек. Бұл идея толығымен іске асқанда, ЭЕМ-ге кәдімгі сөзбен мәселені түсіндіріп айтасыңдар, ал компьютер өзі бағдарламаны құрып, мәселені (есепті) шешетін болады.

Сабақты бекіту сұрақтары:

Бірінші электронды-есептеуіш машина қалай аталған? Ол қай жылы жасалды?.

"Марк-1" машинасы қандай элементтерден жасалды?

Бұрынғы Кеңестер Одағында бірінші ЭЕМ қай жылдары жасалды? Оны кім жасады?

ЭЕМ буындарын атаңдар. Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде?

Қазіргі дербес компьютерлер қай буынға жатады?

Үйге тапсырма: 2.1 тақырыпты оқу, жұмыс дәптеріндегі 2.1.1, 2, 3 тапсырмаларды орындау, сөзжұмбақ, ребус құрастыру





























Сынып: 5 Мерзімі:12.10.2015
Сабақтың тақырыбы: Пернетақта. Пернелер тобы.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға пернетақта жайлы мәліметтер бере отырып, пернетақтаны мәліметтер енгізу үшін пайдалануды үйрету.
2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және компьютермен жұмыс жасау мүмкіндіктерін дамыту.
3. Оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, компьютермен сауаты жұмыс жасай білуге үйрету.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: Көрсете - баяндау, пікірлесе - түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайдтар, үлестірмелі тапсырмалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV. Практикум
V. Үйге тапсырма
VI. Қорытындылау

І. Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын пысықтау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Пысықтау сұрақтары:
1. Қандай құрылғылар қосымша құрылғылар деп аталады?
2. Компьютер деген не?
3. Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңдар?
4. Монитордың қызметі қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез - келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Қазіргі компьютерлердің 102 - 104 перне болады.
Пернетақтаның негізгі блоктары:
1. Функционалдық пернелер (F1 - F12) – күрделі операцияларды орындауға арналған, символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F(F1, F2….. F12) әрпімен белгіленген. Функционалдық пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындау үшін қолданылады. Әр түрлі жағдайларда (әр түрлі бағдарламалармен жұмыс істегенде) олар әр түрлі міндеттер атқарады. Мысалы: Бейсик тілінде F1.... F10 пернелерін басып, белгілі командаларды орындауға болады.
2. Цифрлық пернелер – цифрлық ақпаратты енгізуге және меңзерді басқаруға арналған. Цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта, олар 10 пернеден тұрады. Пернетақтада оң жақта орналасқан. Бұлардың көмегімен цифрлық ақпараттарды компьютерге енгізуге, сондай - ақ меңзердің экранда қозғалуын басқаруға болады. «NumLock» пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режімін ауыстырып қосады.
3. Символдық пернелер - алфавиттi цифрлық ақпаратты енгізуге арналған. Символ пернелер, олар пернетақтаның ортасына орналасқан. Ол пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл пернетақтаның көмегімен кез - келген алфавитті, цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Пернетақтаның бұл бөлігі латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері және басқа да символдары бар пернелерден тұрады.
4. Орнату пернелері меңзерді экран бойы жылжытуға арналған. Меңзер дегеніміз – экранда (сызықша түрінде) жыпылықтап тұратын символ. Ол символдық перне басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді. Бұл пернелер символдық пернелердің төменгі оң жағында орналасқан, олардың үстінде бағдаршалар (стрелка) салынған. Олар меңзерді экранда жылжытуға арналған.
Осы бөліктерден басқа пернетақтада тағы бірнеше арнайы пернелер бар. Олардың негізгілеріне тоқталсақ:
1. F1, F2 - F12 дейін басқаруға арналған функцияналды пернелер.
2. ←↑→↓ – курсорды көрсетілген бағытта бір орынға жылжыту.
3. Enter /ентер/- бір жолдан екінші жолға түсу үшін енгізу пернесі.
4. Backspace /баспайс/- пернесі курсурдың алдындағы қатені өшіреді.
5. Delete /делете/- пернесі курсордың артындағы қатені өшіреді.
6. Tab (Тап)- пернесі курсорды көрші терезеге немесе кестенің кеоесі бағанасына жылжытады.
7. Caps Lock (Капс лок)- пернесінің негізгі режимі кіші әріпті енгізу, қосымша режимі бас әріпті енгізу.
8. Num Lock (Нам лок)- пернелік тақтаның қосымша бөлігін іске қосу үшін қажет.
9. Ctrl, Shift, Alt (ктрел, шифт, алт)- регистрлік пернелер, тек басқа пернелермен ғана бірігіп қызмет атқарады. Мысалы: Shift пернесімен кез келген әріпті бір мезгілде бассаңыз онда ол әріп бас әріп болып түседі.
10. Shift - a - А бас әріпін енгізу
11. Пробел - босорын пернесі.
Кейбір амалдарды орындау үшін, пернелердің комбинацияларын пайдалануға болады. Ол үшін екі: Ctrl, Alt арнайы пернелері бар. Мысалы, пернетақтаның регистрін ағылшын алфавитінен орын алфавитіне ауыстыру үшін, Alt+Shift пернелерін қатар басады, яғни алдымен Alt пернесін басып тұрып, содан кейін Shift пернесін басады да, олардың екеуін де босатады.
Практикум:
Пернетақтаның негізі бөліктері, пернелердің атқаратын қызметіне байланысты оқушыларға сұрақтар беріледі:
1. Пернетақта қандай құрылғыға жатады?
А) шығару құрылғысы
Ә) жазу құрылғысы
Б) енгізу құрылғысы
Г) оқу құрылғысы
2. Пернетақтаның негізгі бөліктерін жаз:_______________________________________________________

3. Мына пернелердің атқаратын қызметі қандай?
Enter -
Esc -
Delete -
Alt –
Ctrl –
CapsLock –
Shift –
NumLock –
ІV. Үйге тапсырма:
«Пернетақта. Пернелер тобы.» тақырыптарын оқып келу.
V. Қорытындылау:
1. Сонымен оқушылар пернетақта не үшін қажет?

2. Пернетақта пернелері орналасу ретіне қарай неше бөлікке бөлінеді?
Оқушыларды бағалау

Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-114623
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>