Инфоурок Информатика СтатьиИнформатика сабағында оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру

Информатика сабағында оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру

Скачать материал

ТАҚЫРЫБЫ: ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ

ОРЫНДАҒАН: Т.ІЗТІЛЕУОВ АТЫНДАҒЫ №29 ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ, С.К.МЫҢЖАСАРОВА

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі технологиялар дамыған заманда оқушылардың компьютерді қолдануы және бағдарламалармен жұмыс жасау мүмкіншілігі жоғары. Сонымен қатар телекоммуникациялар жүйесі қарқынды дамып, интернет жүйесі әр тұтынушыға ұсынылып, әр оқушы интернет жүйесіне қосылуға мүмкіндігі бар. Осындай мүмкіндікті пайдаланып, жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланып, оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру.

 Мақсаты: Оқушылардың өздігінен, топпен, жұппен жұмыс жасау арқылы шығармашылық қабілеттерін арттыру.

 Міндеті: Білім деңгейлері әртүрлі оқушылардың бірігіп, бірге жұмыс жасауға үйрету, дағдыландыру.

Жоспары:

 І. Кіріспе. «Ел болам десең, бесігіңді түзе»

 ІІ. Негізгі бөлім:

а) Шығармашылық – жаңалық ашатын әрекет.

ә) Оқушылардың пәнге қызығушылығын ояту.

б) Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру жолдары.

ІІІ. Қорытынды.

ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер.

Аннотация

 Мектепте берілетін білім мазмұны тәрбиелеу мен сезімді дамытудың барлық өрісін ескере отырып, оқытудағы негізгі салмақты оқушылардың шығармашылық ойлауы мен еңбектенуі мақсатына аудармақ. «Шығармашылық» сөзінің төркіні – «шығару», «іздену», «ойлап табу» дегенге саяды. Демек, бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап табу, жетістікке қол жеткізу деген сөз. Үлкен энциклопедиялық сөздікте «Шығармашылық деген – қайталанбайтын тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары саладағы жаңалық ашатын іс — әрекет» деп тұжырымдалады.

«Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі бала – ертеңгі азамат. Сондықтан, әр мұғалімнің алдындағы ізгі мұраты — өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың «менін» ашу, «менді» шығармашылық тұлғаға жетелеу. Бұл жұмыста осы әрекеттердің нәтижесін көру үшін жүргізілетін жұмыстар жайлы баяндалады.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе», деп М.Әуезов айтқандай, еліміздің бесігі – мектеп. Ал  мектеп – білім ордасы. Ал білім – жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз. « Надан жұрттың күні қараң, келешегі – тұман» деп М.Дулатов айтқандай, еліміздің ертеңгі тірегі – бүгінгі білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты жас ұрпақты тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет – оқушылардың шығармашылық білім – дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбекқор, абзал азаматы болып өсуі үшін шығармашылықпен оқу – тәрбие үрдісін тиімді қалыптастыра білуі керек.

Мектепте берілетін білім мазмұны тәрбиелеу мен сезімді дамытудың барлық өрісін ескере отырып, оқытудағы негізгі салмақты оқушылардың шығармашылық ойлауы мен еңбектенуі мақсатына аудармақ. «Шығармашылық» сөзінің төркіні – «шығару», «іздену», «ойлап табу» дегенге саяды. Демек, бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап табу, жетістікке қол жеткізу деген сөз. Үлкен энциклопедиялық сөздікте «Шығармашылық деген – қайталанбайтын тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары саладағы жаңалық ашатын іс — әрекет» деп тұжырымдалады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру». Ш.Қ.Мухамедиева.http://www.45minut.kz сайты./

«Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі бала – ертеңгі азамат. Сондықтан, әр мұғалімнің алдындағы ізгі мұраты — өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың «менін» ашу, «менді» шығармашылық тұлғаға жетелеу. /«Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру бағытындағы жұмыстар. Б.Т.Молдағалиева. http://www.45minut.kz сайты» /

—   Ұстаздық тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым – рухани бай, жан – жақты, түсінігі мол, өзін — өзі басқаруға, бір – бірінің пікірін тыңдап, бағалай білуге қалыптастыру.

Оқыту барысында ұстазға шеберлік, шыдамдылық, мейірбандық секілді қасиеттер қажет. Осыны ескере отырып, әр сабағымды «жеңілден ауырға» мақсатымен өткізуге тырысамын. Ол үшін сабақ беретін сыныптарымда әр оқушыны жан – жақты біліп, жас ерекшеліктерін, білім дәрежесін, тәрбиесін, оқуға қызығуын ескере отырып, сабақ жоспарымды жазамын. Тақырып бойынша берілген тапсырмалады, олардың көлемін, күрделілігін ескере отырып, оқушылардың өтілген тақырыпты толық меңгеруіне мүмкіндік туғызатын жолдарды іздеймін. Мұндай жағдайда оқушының жұмысы жеңілдейді.

Мұғалімге оқулық бойынша мәтіндерді оқып, сұрақтарға жауап алып, әртүрлі жаттығулар орындап, сабағын өткізу – жеткіліксіз дүние.Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай деген екен: «Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып, құртып тынады». Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру». Ш.Қ.Мухамедиева. http://www.45minut.kz сайты./ Әр мұғалім ізденімпаз, шығармашыл болуы қажет. Ол үшін мұғалім қазіргі уақыттағы білім беру үрдісін жетілдірудің бағыттарын, технологияларын жетік білуі, меңгеруі керек. Мұғалім өзінің іс тәжірибесінде:

—         мұғалімнің білімділігі, ұстамдылығы;

—         алдында отырған шәкірттерін өзімен тең ұстауы;

—         шәкірттің дамуына жан – жақты дамуына жан – тәнімен қызмет етуі;

—         технология әлеміндегі жаңалықтарға үңілуі;

—         психология мен педагогиканы терең білуі маңызды роль атқарады.

Қазіргі біз оқушыларға көбінесе тек тақырыпты қосымша материалдармен толықтыру арқылы мақсатты жүзеге асыруды қолданамыз, өйткені мұны кез келген мұғалім қолдана алады. Тақырыптың мақсатын қоя білуге тоқталсақ, онда біз ол мақсаттың тек қана жекелеген бөлек, бір – бірімен бірікпеген оқу үрдісінің талаптарын көздегенін байқаймыз. Оқыту үрдісінің мұндай түрі оқушылардың өз қызметін бақылап, оған баға беріп, нәтиженің тиімділігін қалыптастырмайды. Мұндай жағдайда оқушының танымдыққа емес, оқуға деген қызығушылығының артуы екіталай.

Информатика пәнінде әртүрлі информатика терминдерін түсіну арқылы оқушының қызығушылығының өсуі мен белсенділену барысында логикалық ойлауы дами түседі, пәнге қызығушылығы артады. Мұғалім оқу үрдісінің негізінде тақырыпты оқытуда қызығушылықты арттыруға көп көңіл аударғанда ғана оқушының қызығушылығын, танымдық, логикалық ойлау қабілетін қажетті деңгейде дамытып, соның нәтижесінде білімнің қаншалықты маңызды да, нәтижелі болғанын көреді.

Мектеп оқушыларының информатика пәнін оқып – үйренуге деген ішкі қызығушылықтары мол. Информатика пәнін оқытудағы ең бірінші қызығушылық компьютерде болып табылады. Ол балалардың ішкі құпия туындысын және жаңа мүмкіндіктерге деген қадам тудырады. Компьютер баланың досына, әрі көмекшісіне айналады. Компьютер арқылы оқушы дамиды, әрі дүние жүзімен байланысуға мүмкіндік алады, бірақ күн өткен сайын компьютер балалардың тұрмыстық құралына айналып қызығушылық күшімен ойлары жоғала бастайды. Оқушы компьютерге көп отырғаннан компьютерге деген қызығушылығы төмендейді. Ал мұндай әрекеттерді болдырмау үшін көп тер төгуге тура келеді. Сондықтан мен бұл тақырыпты факт ретінде алып, оқушылардың қайтсе компьютерге деген қызығушылығын бір қалыпты  ұстауға болатынын іздедім.

І. Оқушылардың көзқарасын өмірмен байланыстыру.

Бұл әдісте оқушылардың бәріне таныс мысалды алып, оның маңыздылығын жаңа материалды меңгертуде ұсыну. Осы мысалды оның жалған емес, өмірден алынған ақиқат екенін түсіндіру.

Мысалы: Монитор

ҮІІ класта «Дербес компьютердің құрылғылары» тақырыбын өткенде былай түсінгенбіз. Дисплей – компьютердің экранына ақпарат  (информация) шығаруға арналған құрылғы. Сыртқы пішіні жағынан дисплей түрлі – түсті теледидардың экранына ұқсайды, сондықтан оны көп жағдайларды монитор деп те атайды. Дисплейді адамға ақпарат беріп отыратын компьютердің тілі деп қарауға болады. Оқушылардың жауаптары әртүрлі болғанымен, оларға Интернет жүйесін пайдалану арқылы қандай фирма өндіретінін және оны қайдан алуға болатыны айтуға болады. Бұл жолмен оқушыларға монитор туралы нақты деректерді іздету жаңа сабақтың тақырыбының негізі болады. Қызығушылықты тудыру үшін оқушыларды оң көзқарастар әсерлерімен толықтыру қажет. Бұдан басқа да оқушымен байланыс жасау тек қана олардың қызығушылықтарын тудыру әдісі емес, оқушылар тәжірибелік іс — әрекет арқылы білімдернің қолдануының маңыздылығын көреді.

ІІ. Проблемалық жағдай тудыру немесе жұмбақтау әдісі.

Көбімізге бұл кең таралған тәсіл ретінде қолданылатынын білеміз. Ол бағдарламаға сәйкес оқушылардың дағдысын іс — әрекетін, білімін қалыптастыра отырып, кейбір проблемалық жағдайды шешудің  негізі болып саналады. Проблемалық жағдай арқылы жаңа материалды меңгерту проблемалық жағдайға деген қызығушылықты үнемі  қанағаттандырмайды деп ойлаймыз. Бірақ жұмбақтау арқылы сабақтың тақырыбын ашуға бұл әдістің берері мол.

ІІІ. Рөлдік, іскерлік ойындар.

Бұл жағдайда оқушылар тобына негізгі не қосалқы ойыншылар ретінде қатысу ұсынылады. Мысалы: Алгоритмнің жасанды орындаушысы рөлі. Бұл рөлді оқрындау оқушының шарттарды тұжырымдап, игеріп алуларына итермелейд. Сабақты өткізудің бұл формуласын жетекшілік рөлін жетілдірудегі іскерлік ойын ретінде қарау қажет.

Іскерлік ойынында әрбір оқушының толық белгілі рөлі болу қажет. Іскелік ойынды дайындаумен ұйымдастыру жан – жақты және тыңғылықты дайындықыты қажет етеді. Бұл өз кезегінде оқушылардың сбақты толық игеруіне кепілдік береді.

Оқушыларға ойнау әрқашанда оқудан гөрі қызықтырақ. Тіпті үлкендердің өзі беріліп ойнау кезінде әдеттегідей оқу процесін аңғармайды.

Әдетте іскерлік ойындарды жүргізу экономикалық бағыттағы есептерді шешуге қолайлы. Осы арқылы біз интеграциялық сабақ өтуімізге болады. Мысалы: ақпараттық есептеуіш технология+экономика, т.б. (банк, банкомат, факс, таксофон)

ІҮ. Стандартты емес немесе логикалық есептерді шешу әдісі.

«Математикалық логика» тақырыбын оқыту барысында логикалық есептерді қолдану өте тиімді. Ол оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, танымдық белсенділіктерін арттырады.

Мысалы:

1-есеп. Кез келген үш таңбалы сан жаз оған өзіндей үш таңбалы санды тіркеп жаз. Осы шыққан алты таңбалы санды өзіндей алты таңбалы санға қос. Нәтижені 2002-ге бөл. Бөліндіні байққап қара, қандай сан?

Шешуі: 365

365365+365365=730730

730730:2002=365365- бірінші жазылған сан.

2-есеп. Баласы әкесне:-Әке маған жұмбақ үйретші, -дейді. Сонда әкесі:-Сенің жасыңды үш есе көбейтсе менің жасым шығады. Ал менің жасымнан сенің жасыңды алып тастаса 20 қалады.Мен нешедемін, өзің нешедесің?

Шешуі: Баласы-х жаста дейік, әкесі -3х жаста

Теңдеуі: 3х-х=20x=10

3*10=30

Жауабы: баласы – 10жаста, әкесі – 30 жаста.

Ү. Ойындар мен танымдық сайыстар әдісі.

Ойынның сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру. Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы оқушы неге үйренеді?

—         қисынды ой – қабілетін дамытады;

—         өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;

—         сөздік қоры байиды, тіл дамиды;

—         зейіні қалыптасады;

—         байқампаздығы артады;

—         өзара сыйластыққа үйретеді;

—         ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды;

—         сабаққа қызығушылығы артады.  / Садықов Т.С., Әбілқасымова А.Е. Қазіргі заманғы сабақ. Оқу процесін ұйымдастыру. Алматы, 2004ж.-218б /

Шығармашылыққа үйрету үшін мынадай жағдайларды ескеру тиіс. Мұғалім ең алдымен

—   сыныпта шығармашылық көңіл – күй тудыру үшін баланың назарын бір нәрсеге бағытауы;

—   оқушының шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызуы;

—   шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, сапалы түрде қалыптастырып отыруы маңызды.

Мұғалім сабақта әдіс-тәсілдерді пайдаланып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға, өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс–тәсілмен өткізілген әрбір сабақ оқушылардың ойлауын және қиялын дамытып, сөйлеуге үйретеді. Өз бойындағы қабілеттерін байқап, дамытып, өшуіне жол бермеу  оқушының рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі. Ал мұндай нәтижеге жету үшін, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін мұғалімдер уақыт талабына сай оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланаған жөн деп ойлаймын. Ғалымдар қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар екендігін айтып, осылардың кейбіреуі біздің білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда.  Оларға «Дамыта оқыту» технологиясы, «Ақпараттық – коммуникациялық» технология, «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясы, «Үш өлшемді әдістемелік жүйе», «Модульдік» технология, «Сатылай – комплексті талдау» технологиясы және т.б. оқыту технологиялары жатады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Информатика сабағында оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Администратор баз данных

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 249 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.04.2016 2134
    • DOCX 25.9 кбайт
    • 18 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шакенова Айдана Боранбайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шакенова Айдана Боранбайқызы
    Шакенова Айдана Боранбайқызы
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5238
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информатики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 149 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 687 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 799 человек

Мини-курс

Читательская грамотность у школьников

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 65 человек

Мини-курс

Творчество и технологии в медиакоммуникациях

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов и критиков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе