Инфоурок / Информатика / Конспекты / Информатика. салынған цикл. 9-сынып

Информатика. салынған цикл. 9-сынып



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

9 сынып

Сабақтың тақырыбы: Салынған циклдер.


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға циклдің күрделірек түрі, яғни бір-біріне салынған /кірістірілген/ циклдермен жұмыс істеуді үйрету және циклдік алгоритмдерге практикум-сабақтар ұйымдастыру.


Бағдарламалық және дидактикалық қамтылуы: ДК, оқулық, жұмыс дәптері.

Сабақ типі: Практикум элементтері бар түсіндірмелі және көрнекілікті.

Сабақтың жүрісі:

І. Өткен сабақтар бойынша қысқаша қайталау сұрақтары:

  1. Қайталану саны белгілі циклдерде қандай операторлар қолданылады?

/ for, to, downto/

  1. Қайталану саны белгілі циклдегі downto операторының атқаратын қызметі қандай? /кері қарай орындау қызметін атқарады/

ІІ. Жаңа сабақ:

Бір бірінің ішіне салынған циклдар

Цикл тұлғасының ішінде басқа циклды ұйымдастыру мүмкіндігі бар. Ондай цикл кірістірілген (ішіне салынған) цикл деп аталады. Кірістірілген цикл ішкі цикл деп, ал тұлғасының ішіне басқа цикл кірістірілген циклды сыртқы цикл деп атайды. Кірістірілген циклдың ішіне кірістірудің келесі деңгейін құрып және бір циклды кірістіруге болады, және с.с. Кірістіру деңгейлер саны әдетте шектелмеген.

Ішкі цикл орындалуларының толық саны ішкі және барлық сыртқы циклдардың иерациялар сандарының көбейтіндісінен аспайды. Мысалы, әрқайсысы 10 итерациядан болатын бір біріне салынған 3 циклды алсақ, сыртқы цикл үшін тұлғасы 10 рет, екінші деңгейдегі цикл 100 рет және ең ішкі цикл 1000 рет орындалады.

Коллекция бойынша цикл Кейбір тілдер (C#, Java, JavaScript, Perl, Python, PHP, LISP, Tcl және басқалар) объекттердің берілген коллекциясының барлық элементтері бойынша циклдарды орындауға мүмкіндік береді. Мұндай циклды анықтау үшін белгілі бір санауышты көрсету, циклдан шығу шартын беру қажет емес. Коллекцияны және оған коллекциядағы барлық объекттердің мәндері немесе оларға жасалған сілтемелері ретімен меншіктелетін айнымалыны берген жеткілікті. Ондай циклдер foreach, for…in және с.с. операторлар арқылы жүзеге асырылады

Егер бір цикл тұлғасында басқа бір циклдік құрылым бар болса, онда олар қабатталған циклдер деп аталады. Немесе бірінің ішіне бірі кіретін бірнеше қарапайым циклдері бар цикл бір-біріне кірістірілген циклдер деп аталады.

Есептерді шығару кезінде бірінің ішіне бірі қабаттасқан осындай күрделі циклдерді пайдалануымызға тура келеді. Мұндай программаларда ішкі цикл толығымен сыртқы циклдің ішіне орналасуы қажет. Ішкі цикл құрамында басқа да ішкі циклдер болуы мүмкін.

Бір-біріне кірістірілген циклдер қарапайым while, repeat, for циклдері сияқты құрыла береді, бірақ кірістірілген циклдерді құру кезінде мына ережені есте ұстау керек: ішкі циклдің барлық операторлары сыртқы циклдің ішінде орналасуы тиіс.


Осындай циклдерді ұйымдастырғанда келесі ережелерді ескеруіміз керек:

  1. Бір-біріне кірістірілген циклдерге арналған параметрлер аты әр түрлі болуы керек.

  2. Ішкі цикл сыртқысына толық кіруі керек.

1 есеп. Келесі фигураны экранға басып шығару керек.

******

******

******

******

Program _1; {Жұлдызша}

var i,j: byte;

begin

for i:=1 to 4 do

begin

for j:=1 to 6 do

write(‘*’);

writeln;

end;

end.


for i:=…

begin

for j:=…

begin

серия;

end;

end;

Бұл есепте алдымен сыртқы цикл жолдың нөмірінің мәнін i:=1 белгілейді.

J параметрі бар ішкі цикл жолға алты «жұлдызша» басады.

Содан кейін writeln операторы меңзерді келесі жолға ауыстырады. Келесі мән i:=2 қабылданады да, басу процесі і ≤ 4 болғанша қайталана береді.








2 есеп. Символдар тізбегін көрсетілген түрде шығаурымыз керек.

a

ab

abc

…….

abcd…z

Program _2; {Символдар тізбегі}

var i,j: char;

begin

for i:=’a’ to ‘z’ do

begin

for j:=’a’ to i do

write(‘ ’,j);

writeln;

end;

end.

3 есеп. 2-ден 9-ға дейінгі көбейту кестесін бір бағанға шығару керек.

Program _3; {Көбейту кестесі}

var і,j: byte;

begin

for i:=2 to 9 do

begin

for j:=1 to 10 do

write(і,х, j, ‘=’, і* j);

writeln;

end;

end.
















7 есеп./59 бет/ Төмендегі фигураны экранға басып шығаратын программа құру керек.

*

**

***

****

*****

******

Program _1; {Жұлдызша}

var i,j: byte;

begin

for i:=1 to 6 do

begin

for j:=1 to і do

write(‘*’);

writeln;

end;

end.





4 есеп. Қаздар мен қояндардың аяқтарының

саны – 64. Неше қаз және неше қоян болуы мүмкін?


Program _1; {Қаздар мен қояндар}

var g,k: integer;

begin

for g:=1 to trunk(64/2) do

for k:=1 to trunk(64/4) do

if g*2+k*4=64 then writeln(қаздар-’,g, ‘қояндар-’,k);

end.

















Пунктуациялық ережелер.

Бір ескеретін жағдай операторларды жазу кезінде жазу ережесі сақталуы тиіс:

  1. Uses, label, type, const, var түйінді сөздерінен кейін нүктелі үтір қойылмайды, ол сол сөздерден кейінгі сипаттау символдары біткен соң қойылады.

  2. Нүктелі үтір таңбасы begin сөзінен кейін және end сөзінің алдында қойылмайды, өйткені бұл сөздер оператор емес, тек операторлық жақшалар болып саналады.

  3. Нүктелі үтір таңбасы операторларды бір-бірінен ажырату үшін қажет, ол оператордан соң қойылмаса, компилятор қате деп санайды.

  4. Цикл операторларында while, repeat, do түйінді сөздерінен кейін және until сөзінің алдында нүктелі үтір қойылмайды.

  5. Шартты операторларда then сөзі мен else сөзінің алды, артына нүктелі үтір қойылмайды.



ІV. Сабақты қорытындылау:

Сабақты қорытындылау үшін қысқаша сұрақтар қоямыз:

1. Бір-біріне кірістірілген циклдер дегеніміз не?

2. Бір-біріне кірістірілген циклдердің параметрлері қандай түрде болады?

V. Оқушыларды бағалау. Есеп шығаруға қатысқан оқушыларды бағалау


VI. Үйге тапсырма. Өтілген тақырыпты оқу. 59-беттегі № 8,9 есептерді шығарып келу.

Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-044530

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>