Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Информатика 8 сынып " Санау жүйелері"

Информатика 8 сынып " Санау жүйелері"

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ №2Пән аты: Информатика

Сыныбы: 8 «а» "б", "в"

Күні: 13.09.2016ж


Сабақтың тақырыбы:Cанау жүйелері (2,8,10,16).

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың ақпарат және ақпараттық үрдістер мен санау жүйелері туралы білімдерін қалыптастыру;

Тәрбиелігі: Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушының есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық

Сабақтың көрнекілігі: графопроектор, компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.

Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Үйге тапсырма.

VІ. Сабақты қорытындылау.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

* Информатика кабинетіне кірерде нені есте сақтаған жөн?

* Компьютер алдында неге көп отыруға болмайды?

* Компьютермен жұмыс істегенде қандай ережелерді міндетті түрде сақтау керек?

* Көзді шаршатпаудың жолы қандай?

* Мониторға дейінгі арақашықтық қанша болуы кажет?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

«Сан» түсінігі математика үшін де, информатика үшін де маңызды болып табылады. Сан қандай да бір алфавиттің символымен немесе символдар тізбегімен өрнектеледі. Мұндай символдарды цифр деп атайды. Сан түсінігімен санау жүйелері туралы түсінік байланысты.

Санау жүйелері – сандарды өрнектеудің қандай да бір тәсілі және оған сәйкес сандармен әрекет жасау ережелері.

Бұрынғы және қазіргі қолданылып жүрген барлық санау жүйелері позициялық және позициялық емес санау жүйелері болып екі үлкен топқа бөлінеді. Позициялық санау жүйелерінде цифрдың мәні орналасу орнына тәуелді, ал позициялық емес санау жүйелерінде тәуелді емес.

Позициялық емес санау жүйелерінде әр цифрдың мәні оның тұрған орнына тәуелді емес.

Позициялық емес санау жүйелерінің ішінде ең көп тарағаны – римдік санау жүйесі.

Позициялық санау жүйелері

Позициялық санау жүйелерінде әрбір цифрдың мәні, осы санның жазылуында тұрған орнына тәуелді. Қазіргі кезде кең тараған позициялық санау жүйелеріне ондық, екілік, сегіздік және он алтылық жүйелер жатады. Әрбір позициялық жүйенің нақты анықталған цифрлар алфавиті мен негізі бар.

Позициялық санау жүйесінің негізі цифрлар санына тең және көрші позицияда тұрған бірдей цифрлардың мәндері неше есеге ерекшеленетінін анықтайды.

Сандардың бізге үйреншікті жазылу жүйесі ондық жүйе деп аталады, ол он араб цифрларынан тұрады. Кез келген санды жазу үшін 0-ден 10-ға дейінгі 10 цифр қолданылады, оның негізі 10-ға тең; екілік жүйеде тек 0 және 1 цифрларын қолдануға болады, негізі-2; сегіздік жүйе сегіз цифрдан тұрады, негізі – 8; он алтылық жүйеде ондық санау жүйесінің он цифры және қалған 6 цифрдың орнына латын алфавитінің әріптері қолданылатын, барлығы он алты цифр бар, негізі – 16.

2.2.кесте

Позициялық санау жүйелері

Санау жүйесі

Негізі

Цифр алфавиті

Ондық

10

0,1,2,3,4,5,6,7,8,9

Екілік

2

0,1

Сегіздік

8

0,1,2,3,4,5,6,7

Он алтылық

16

0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 А(10), В(11), С(12), Д(13), Е(14), F(15)


Ондық санау жүйесі

Бұл жүйеде сандарды жазу үшін он цифр қолданылады: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9. Ондық жүйе позициялық болып табылады, өйткені ондық санның жазылуында цифрдің мәні оның позициясына немесе сандағы орнына байланысты.Мысалы, 777 саны жеті жүздіктің, жеті ондықтың және жеті бірліктің қосындысын білдіреді.

777= 7*102+7*101+7*100

Санның цифрына бөлінетін позицияны разряд деп атайды.

Екілік санау жүйесі

Екілік жүйеде әдетте ондық емес, позициялық екілік санау жүйесі, яғни негізі «2» санау жүйесі қолданылады.

Екілік жүйеде кез келген сан 0 мен 1 цифрларының көмегімен жазылады да, екілік сан деп аталады.

Екілік санның әрбір разрядын (цифрын) бит деп атайды.


Сегіздік санау жүйесі

Сегіздік санау жүйесінің негізі 8-ге тең, ал 0,1,2,3,4,5,6,7 сандары алфавиттік сандар болып табылады.

Оналтылық санау жүйесі

Екілік сандарды жазуды қысқарту үшін негізі 16 санау жүйесін яғни оналтылық санау жүйесін қолданамыз. 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 A, B, C, D, E,F

ІV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Санау жүйелері дегеніміз не?

2. Санау жүйелері қанша топқа бөлінеді?

3. Екілік санау жүйесі қандай цифрлардан тұрады?

4. Санның цифрына бөлінетін позициясын қалай атаймыз?

V. Үйге тапсырма.Санау жүйелері (2,8,10,16).

VІ. Сабақты қорытындылау.

Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау, бағалау.

Сабақ аяқталды.

Сау болыңыздар.


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 31.10.2016
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров25
Номер материала ДБ-302935
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх