Инфоурок Информатика Другие методич. материалыИнформатика тапқырлары сайыс сабақ жоспары

Информатика тапқырлары сайыс сабақ жоспары

Скачать материал

Сыныбы: 7 «А»

Сабақтың тақырыбы: Информатика тапқырлары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, олардың информатика пәнінен алған білімдерін бақылап, бағалау.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, сабырлылыққа, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, ұшқыр ойлы, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, практикум, көрсете баяндау, топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі:

- Интерактивті тақта (ойын презентациясын көрсетуге арналады).

Cабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі..

  2. Барлықтарыңызды бізбен бірге қызықты «Информатика тапқырлары» сайыс сабағын тамашалауға шақырамыз. Өздеріңізбен бірге ойлау жылдамдығын, тапқырлықты, күлкіні, шапшаңдықты алып жүруді ұмытпаңыздар.

Сәлеметсіздер ме Оқушылар және ұстаздар! Біздің «информатика тапқырлары» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өткізіледі. Оқушылар 2 топқа бөлінеді. Сайыста информатикаға байланысты сұрақтар қойылады.

Бүгін сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:

1.

2.

3.

Олай болса, бүгінгі ойынымызды ашуға рұқсат етіңіздер.

Бұл ойын мына бөлімдер бойынша болады:

1 - бөлім «Таныстыру»

2 - бөлім «Құпия алаң»

3 - бөлім «Шешімін тап»

4 - бөлім «Бәйге»

5 - бөлім «Мен ойлаған»

6 - бөлім «Кім епті, еркін ойлы?»

7 – бөлім «Сөзжұмбақ»

8 - бөлім «Полиглот»

9 - бөлім «Логикалық тапсырмалар»

10 - бөлім «Пікірталас»

Әр бөлімнен кейін әділ-қазылар алқасы топтардың жинаған ұпайларының қорытындысын айтып отырады.

Асып әсте саспайық,

Сайыс қызығын ей достар.

Осылайша шабытпен,

Қане енді бастайық

1- бөлім – «Таныстыру».

  • Топтарына ат қояды.

  • Топ басшыларын сайлайды.

  • Топтарына эмблема жасайды.

  • Топқа таныстыру шығарады

Мінекей2 топтың таныстыруын тыңдадық бұл бөлімге ұпай берілмейді.

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап, жым отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,

Соқ қолыңды білімді жас талантқа. – деп

2- бөлімді бастайық «Құпия алаң» әр топ оқылған сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі..

1-топ «______________»

1. Компьютер миі? (жүйелік блок)

2. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы? (модем)

3. Мәлімет енгізу құрылғысы? (пернетақта)

4. Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер)

5. Графикалық редактор? (Paint)

6. Қарапайым есептеулер жүргізетін бағдарлама (калькулятор)

7. Дауыс жазуға арналған құрылғы? (микрофон)

2-топ «_____________»

8. Графикалық ақпараттардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы(сканер)

9. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама? (Word)

10. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан? (латын)

11. Қатқыл диск қайда орналасқан? (жүйелік блоктың ішінде)

12. Жыпылықтап тұратын тік сызықша? (меңзер)

13. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас тәсілі (интерфеис)

14. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым (информатика)

Осымен 2- бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.

Сайыс – толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда аптығыста.- деп

3 -бөлімді «Шешімін тап!!!» бастайық. Бұл кезеңде қай топтың ұпай саны көп болса, сол топтың капитаны ойынды бастайды. Топ капитандары ортаға шығып, жасырылған жұмбақ пен жұмбақ есептің жауабын шешеді және жұмбақтың шешімі бойынша шыққан сөздің қызметін айтуы тиіс. Бағалануы әр жұмбаққа – 10 ұпай.

1-топтың жұмбағы:

1) Батырманы басасың,

Қажетіңді ашасың.

(«Еnter» батырмасы)

2) Самолет А қаласынан Б қаласына дейінгі қашықтықты 1 сағат 20 минут ұшып өтті, ал қайтар жолда 80-ақ минут ұшты. Бұл қалай?

2-топтың жұмбағы:

1) Компьютермен енеді,

Қағазға басып береді.

(Принтер)

2) Дәрігер ауру адамға 4 дәрі беріп: «әрқайсысынан әрбір жарты сағатта ішіп отырыңыз», – деді. Дәрілерді ішіп бітіруге ауру адамның қанша сағат уақыты кетеді?

Осымен 3-бөлім аяқталды. Әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.

Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып-тасып, асықпа, қалыспа сен!

Уақыт деген зымыран, зулап жатыр,

Шапшандық бұл сайыста қажет екен, – деп

4 – бөлімді бастайық «Бәйге» бұл бөлімде топтар берілген түсті конверттерді таңдап, ішіндегі берілген сұрақтарға жауап береді, әр сұрақтың дұрыс жауабына 10 ұпай беріледі.

Сары конверт сұрақтары:

Қызыл конверт сұрақтары:

1. Адам мен компьютер арасындағы байланыс (опер жүйе немесе интерфейс)

2. Компьютердің негізгі құрылғысы (жүйелік блок)

3. Құжаттарды көшірмелеу құрылғысы (ксерокопия)

4. Дербес компьютердің кішкентай құрылғысы (тышқан)

5. Офистік бағдарламадағы мәтіндік редактор (Word)

6. Дыбыс естілетін қорап (колонка)

7. Мәлімент енгізу құрылғысы (пернетақта)

8. Компьютердің маманы (программист)

9. Бүкіләлемдік желі (интернет)

10. Компьютерді вирустан қорғайтын бағдарлама (антивирус)

11. Баспа құрылғысы (принтер)

12. Компьютер теледидары (монитор)

13. Үлкен темір қорап (жүйелік блок)

14. Функционалдық пернелер (F1- ден F12-дейін)

15. Зиянкес бағдарлама (вирус)


Сары конверт сұрақтары:

1. Көп батырмалы құрылғы (пернетақта)

2. Паскаль қандай тіл (программалау тілі)

3. Компьютер сымдары (кабель)

4. Алгоритм деген не (белгілі бір мақсатқа жету жолы)

5. Презентациялармен жұмыс істейтін бағдарлама (Power Point)

6. Корзинаның қызметі ( жойылған файлдарды жинау)

7. Ең ұзын перне (пробел)

8. Ақпарат енгізу құрылғысы (пернетақта)

9. Информатика пәні қай сыныптан бастап оқытылады? (5- сыныптан)

10. Екілік жүйенің сандары (0,1)

11. Файлдар жиыны (бума)

12. Таңбалар мен сигналдар жиыны (ақпарат)

13. Ақпараттық процесті зерттейтін ғылым (информатика)

14. Меңзердің оң жағында тұрған символдарды өшіретін перне (Delete)

15. Сурет салуға арналған бағдарлама (Paint)


Осымен 4-бөлім аяқталды. Әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ тапсырма болса-деп

5-бөлімді бастайық «Мен ойлаған...». Бұл сайыста әр топ алдарына берілген плактқа болашақта ойлап тапқысы келетін жаңа технологияның суретін салуы қажет. 10-минут беріледі.

6-бөлім. «Кім епті, еркін ойлы?». Шарты: Берілген сөздерді жұмбақтап, ыммен түсіндіру. Әр дұрыс табылған сөзге – 1 ұпайдан.

І топқа: модем, веб-камера, тышқан, процессор, Enter, MS Word, колонка, Paint

ІІ топқа: кактус, сканер, диск, компьютер, электрондық пошта, себет, пуск

Осымен 6-бөлім аяқталды. Әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.

Айналайын алға ұмтылған Дарындар!

Айналайын жеңіс құшқан қырандар!

Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,

Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.-деп

7-бөлімді бастайық «Сөзжұмбақ» бұл бөлімде топ басшылар тақтадағы созжұмбақты шешуі тиіс дұрысына 1 ұпай беріледі.

Осымен 7-бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.-деп

8-бөлімді бастайық «Полиглот» топтар берілген сұрақтарға жауап беріп, жауапты үш тілде айту керек, үш тілде жауап берсе 15 ұпай, екі тілде 10 ұпай, бір тілде 5 ұпай беріледі.

1.Белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобын не дейміз?

/ ақпарат , информация, information/

2.Сақталған құжатты ашу командасы?

/Файл – ашу, файл-открыть, file-open/

3. Windows – дегеніміз не?

/ОЖ, операционная система, Operation system/

4. Қажет емес символды алып тастау пернесі -

(өшіру, удалить, delete)

5.Өшіргенді жинаған, уақытша сақтаған.

(себет-корзина – basket)

6.Экрандағы төрт бұрышты аймақ. Ол не?

(терезе-окно-windows)

7.Оның жұмысы үшін аздаған ғана жад қажет, өте кішкентай мәтіндік редактор.

(кітапша-блокнот-notebook)

8.Биологияда паразит,

Көзге зорға көрінер.

Информатикада өлшем бірлік,

Ақпаратты өлшер.

(бит-бит-bit)

9.Бір байтта қанша бит бар?

(сегіз, восемь, эйт)

10.ЭЕМ-нің дамуы неше буыннан тұрады?

Бес, пять, фаив

Осымен 8-бөлім аяқталды. Әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.

9-бөлімді бастайық «Логикалық тапсырмалар»

1.1 жұмыртқа 3 минут қайнайды, ал 4 жұмыртқа неше минут қайнайды? (3 мин)

2.Үш страус ұшып келе жатты. Аңшы олардың біреуін атып өлтірді.

Олардың қаншасы қалды? (страустар ұшпайды)

3.Астанадан Алматыға қарай бет алған ұшақ екі қаланың арасын 1,5 сағатта ұшып өтті. Ал дәл осы бағытта небары 90 минут қажет етті. Неге? (90мин=1,5сағат)

4.Үстел үстінде 3 стакан шие тұр. Марат 1 стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды? (3 стакан)

5.Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? (4 мысық)

6.Математик кішкентай қалашыққа тоқтады да, шашын қырықтырмақшы болды. Қалада тек екі шаштараз бар. Бірінші шаштараздағы шебердің шашы онша жақсы қырқылмаған. Математик қай шеберге барады?

10-бөлім пікірталас компьютердің пайдасы мен зияны

Осымен бұл қызықты тамамдасақ,

Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз аман болсақ! – деп әділқазылар алқасы ұпай сандарды есептеп қорытынды шығарғанша біз жанкүерлермен ойын өткізейік.

Көрермендермен ойын:

С әрпінен келетін информатикалық сөздер айту

2. «Сөз тапқанға қолқа жоқ».

Шарты: Сұраққа тек қана берілген әріптермен басталатын сөздермен жауап беру.

Сенің атың кім?

Жасың нешеде?

Ең жақсы көретін тамағың?

Сенің мектебің қалай аталады?

Таңертең не жедің?

Сенің фамилияң қалай?

Нешінші сыныпта оқисың?

Мектепке немен келесің?

Түнде аспанда не болады?

Қандай пәнді ұнатасың?

Жетпесіңе жеткізген,

Қызықты уақыт өткізген.

Бар ғылымды сыйдырып,

Білетіні көп бізден.

Жаңалықтың жаршысы,

Жұртты елең еткізген

Информатикаға мың алғыс! – деп әділқазылар алқасына сөз береміз.

( топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайды, марапаттау рәсімі).

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Информатика тапқырлары сайыс сабақ жоспары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заместитель директора

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 258 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.03.2016 1677
    • DOCX 63.5 кбайт
    • 10 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тлеулесов Нурболат Султанович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тлеулесов Нурболат Султанович
    Тлеулесов Нурболат Султанович
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20313
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Применение компьютерных моделей при обучении математике и информатике в рамках ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 177 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика обучения информатике в начальной школе

Учитель информатики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 95 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 52 человека

Мини-курс

Фитнес: теория и практика

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Здоровьесбережение и физическое развитие школьников

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продвижение экспертной деятельности: от личного сайта до личного помощника

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе