Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Информатика және ақпарат. 5-сынып

Информатика және ақпарат. 5-сынып


  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Апта: 2

Күні: 14.09.15

Сабақтың тақырыбы: Информатика және ақпарат

Сілтеме:

  • 5-сынып оқулығы;

  • 5-сынып электронды оқулығы;

  • Стендтер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мәні:

Информатика пәні туралы түсінік беру.

Ақпарат, оның мазмұны, түрлері мен қасиеттерін түсіндіру.

Дамытушылық мәні:

Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығьш арттыру.

Тәрбиелік мәні:

Ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу

Нәтиже:

  • Ақпарат ұғымымен танысады

  • Ақпарат түрлерін анықтайды.

  • Ақпараты қабылдау сезім мүшелерін біледі.

  • Ақпарат қасиеттерін талдайды.

  • Ақпаратты сақтау құралдарын біледі.

Түйінді идеялар:

Адам ақпаратпен не істейді.

Ежелгі және қазіргі уақыттағы ақпарат тасымалдаушылар

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері:

диалогтық оқыту

Пәнаралық байланыс:

Математика

Сабақтың барысы:

Информатика (Computer science, informatics) — Компьютер және одан басқа да техникалық құрылғылар көмегімен ақпараттарды алу, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану зандылықтарын, тәсілдерін, жолдарын зерттейтін ғылым саласыАдамдардың барлық қызметі ақпаратпен байланысты. Кез келген тамақты пісіру үшін оған қажетті заттар мен дайындау жолын білу қажет. Автомобильді басқару үшін немесе үй тұрғызу үшін қажетті ақпаратты білуіміз керек.

Сендер қалай түсінесіңдер, ақпарат деген не?

Ақпарат – сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.

Сендер күнде қандай да бір ақпарат аласыңдар. Ақпаратты ала отырып, оны қабылдайсыңдар, игересіңдер, қайта өңдейсіңдер.Ақпаратты ата – аталарыңа, достарыңа жеткізулерің мүмкін. Яғни, ақпарат көзі және оны қабылдаушы бар. Адам ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдайды.

Ғалымдардың деректері бойынша біз ақпараттың 81%-ын – көру арқылы,10%-ын – есту, 4%-ын – иіскеу, 3%-ын – дәм сезу арқылы аламыз.

Сонымен қатар әрбір адам жеке – дара мүмкіндіктерге ие. Мысалы, дизайнердің көру қабілеті, музыканттың есту қабілеті жақсы дамыған. Сендердің кейбіреулерің жаңа материалды кітаптан оқып жақсы түсінсеңдер, әлдекім біреу айтып берсе артық түсінеді, ал тағы біреулеріңе түсіну үшін практикалық тапсырманы өздерің орындап шыққандарың ыңғайлы.

Ақпараттың түрлері

Адамның ақпаратты қандай ақпараттық арнамен қабылдауына байланысты, ол әртүрлі болады.

Мысалы, таңертең сағаттың шылдырын адам есту мүшесі – құлақпен қабылдайды. Ақпарат көзі қоңыраулы сағат болып табылады. Ал ақпаратты қабылдаушы – адам. Ақпарат ұйқыдан оянатын уақытын келгені туралы мәліметті жеткізіп тұр. Ақпараттың мұндай түрі естілетін ақпарат деп аталады.

Ақпараттың басқа түрлерін атаңдар!

Сонымен, адамның қабылдау тәсілдері бойынша ақпарат көрінетін, естілетін, дәм сезу, иіскеу және сезу арқылы болып бөлдінеді.

Бір ақпараттың өзі әртүрлі бейнеленуі мүмкін: сан, мәтін немесе сурет түрінде. Мәселен, автотұрақты машиналардың санын 5 санымен, «бес» сөзімен жазылған мәтінмен және олардың суретін салу арқылы бейнелеуге болады.

Яғни, ақпаратты тағы бейнелеу тәсілдеріне қарай да түрге бөлуге болады.

Бейнелеу тәсілдеріне қарай ақпарат сандық, мәтіндік, графикалық, дыбыстық және видеоақпарат болуы мүмкін. Ақпараттың бұл түрлері қазіргі кезде компьютерде табысты көрсетіледі.

Ақпараттың қасиеттері

Оқушыларға көз жанарын алдауға бірнеше суреттер ұсынады. Оқушылар осыдан кейін әр ақпарат шынайы (объективті) болмайтындығы туралы қорытынды жасайды. Шынайылық – ақпараттың негізгі қасиеттерінің бірі.

Бір ғана ақпарат әртүрлі жағдайда өзекті немесе өзекті емес болуы мүмкін. Мәселен, 2 мамырға арналған ауа райы болжамы кез келген адам үшін 1 мамырда өзекті болғанымен, 10 мамырда өзектілігін жояды. Сонымен, ақпарат өзектілік қасиетке ие.

Ақпарат толық немесе толық емес болуы мүмкін. Мысалы, сендердің достарың «Ертең» десін. Егер сендер достарыңа: «Біз киноға қашан барамыз?» деген сұрақ қойған болсаңдар, онда бұл ақпарат түсінікті болады. Басқа жағдайда бұл ақпарат түсініксіз болады. Себебі – ол толық емес. Ақпараттың бұл қасиеті толықтылық деп аталады.

Ақпараттың қасиеттері:

* өзектілігі (ақпараттың өз уақытында берілуіне байланысты);

* толықтығы (ақпараттың көлеміне байланысты);

* объективтілігі (адам факторына байланысты);

* жеткіліктігі (қойылған талаптарға байланысты);

* адекваттылығы (шындыққа сәйкестігі);

* қолжетімділігі (қажетті ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі).

Ақпаратты өңдеу тәсілдері:

-          Ақпаратты сақтау;

-          Ақпаратты жөнелту;

-          Ақпаратты өңдеу.

Ақпараттың көлемі және оның өлшем бірліктері:

Ақпаратты кодтау: Ақпарат сөзін байтпен есептейді, ал мұндағы 1 байт 8 битке тең. Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдай алады.

1 Килобайт (Кб) = 1024 байт

1 Мегабайт (Мб) = 1024 Кб

1 Гигабайт (Гб) = 1024 Мб

1 Тера байт (Тб) = 1024 Гб

Хабарламаның ақпараттық көлемі – хабарламадағы битпен, байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және т.с.с. өлшенген ақпараттың көлемі.

100 Мб көлемге «сиятын» ақпарат саны:

Мәтін беттері – 50000

Түрлі түсті слайдтар – 150

Музыкалық фрагмент – 10 минут

Фильм – 15 секунд.

Енді сендер ақпаратты өлшей аласыңдар. Заманауи технологиялар көп кқлемдегі ақпаратты тасымалдауға мүмкіндік  береді, мысалы, Интернет желісі арқылы

Ақпарат жеткізу жылдамдығы дегеніміз – бір уақыт бірлігінде жөнелтілетін ақпарат саны. Мұндай жылдамдық бит/с, байт/с және т.с.с өлшенеді.


4.      Сабақты бекіту (тест)

5.      Сабақты қорытындылау

Ақпаратқа қандай амалдар қолдануға болады?

Адам ақпаратты қалай сақтайды?

Ақпаратты қайда сақтауға болады?

6.      Үй тапсырмасы

Оқулықтан §3,4 оқып келу




Автор
Дата добавления 22.09.2015
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров244
Номер материала ДВ-002685
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх