Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Информатика және ақпарат 5 сынып

Информатика және ақпарат 5 сынып

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:


САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

________________

Оқу ісінің меңгерушісі

Пән аты: Информатика

Сыныбы:

5 «А»_________2015 ж

5 «Ә»_________2015 ж

5 «В»_________2015 ж

5 «Г»_________2015 ж


Сабақтың тақырыбы: Информатика, ақпарат оның мазмұны, түрлері мен қасиеттері

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға информатика және ақпараттың байланысын түсіндіру. Ақпараттың түрлері қандай тәсілдермен және қасиеттері неше түрге бөлінетінін түсіндіріп мысал келтіру.

Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа, жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге, шапшандыққа тәрбиелеу. Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,

пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру сабағы

Оқыту әдістері: сөздік, көрнекі, практикалық, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпа материалдары

Оқыту формалары: жеке және ұжымдық.

Сабақтың барысы:

а) ұйымдастыру кезеңі

ә) үй тапсырмасы

б) жаңа сабақ

в) жаңа сабақ бойынша шығармашылық жұмыс

г) бекіту

ғ) үйге тапсырма

д) қорытынды

а) ұйымдастыру кезеңі

Сыныппен сәлемдесіп, сыныпты түгелдеу. Сабаққа назарларын аудару. Оқу кұралдарының толықтығын қадағалау.

Үй тапсырмасы

Техника қауіпсіздік ережелерін сұрау.

Жаңа сабақ

Информатика пәні компьютермен тығыз байланысты Бірақ, компьютер – оның көмегі арқылы ақпаратпен жұмыс істеуге болатын құрал ғана.

Информатика - ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану тәсілдері туралы ғылым.

Адамдардың барлық қызметі ақпаратпен байланысты. Кез келген тамақты пісіру үшін оған қажетті заттар мен дайындау жолын білу қажет. Автомобильді басқару үшін немесе үй тұрғызу үшін қажетті ақпаратты білуіміз керек.

Информатика сегіз негізгі әрекеттер бағытын қамтитын ғылыми -техникалық пәндердің кешені болып табылады.


hello_html_m5fab16ce.gif







hello_html_39078d33.gif





Ақпарат – сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер. Ақпарат" термині латынның түсіндіру, баяндау мәлімет деген ұғымдарды білдіретін "іпforтаtіо" сөзінен шыққан.

Сендер күнде қандай дабір ақпарат аласыңдар. Ақпаратты ала отырып, оны қабылдайсыңдар,игересіңдер, қайта өңдейсіңдер. Ақпаратты ата-аналарыңа, достарыңа жеткізулерің мүмкін. Яғни, ақпарат көзі және оны қабылдаушы бар. Адам ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдайды.

Ғалымдардың деректері бойынша біз ақпараттың 81% -ын көру арқылы 10% - ын - есту, 4%-ын – иіскеу, 3%-ын – дәм сезу және 2%-ын сипап сезу арқылы аламыз

Сонымен қатар әрбір адам жеке дара мүмкіндіктерге ие. Мысалы, дизайнердің көру қабілеті, музыканттың есту қабілеті, аспазшының иіс сезу, дәм сезу қабілеті, зағип адамның сипап сезу қабілеті жақсы дамыған. Сендердің кейбіреулерің жаңа материалды кітаптан оқып жақсы түсінесіңдер, әлдекім біреу айтып берсе артық түсінеді, ал тағы біреулеріңе түсіну үшін практикалық тапсырманы өздерің орындап шықандарың ыңғайлы.

Ақпараттың түрлері

Адамның ақпаратты қандай ақпараттық арнамен қабылдауына байланысты , ол әртүрлі болады. Мысалы, таңертең сағаттың шылдырын адам есту мүшесі – құлақпен қабылдайды. Ақпарат көзі коңыраулы сағат болып табылады. Ал ақпаратты қабылдаушы – адам. Ақпарат ұйқыдан оянатын уақыт келгені туралы мәліметті жеткізіп, тұр. Ақпараттың мұндай түрі естілетін ақпарат деп аталады.

Сонымен, адамның қабылдау тәсілдері бойынша ақпарат көрінетін,естілетін, дәм сезу, иіскеу және сезу арқылы болып бөлінеді.

Бір ақпараттың өзі (мысалы, көрінетін) әртүрлі бейнеленуі мүмкін: сан, мәтін, немесе сурет түрінде.Мәселен, автотұрақтағы машиналардың санын 5санымен, «бес» сөзімен жазылған мәтінмен және олардың сіретін салу арқылы бейнелеуге болады. Яғни, ақпаратты тағы бейнелеу тәсілдеріне қарай да түрге бөлуге болады.

Бейнелеу тәсілдеріне қарай ақпарат сандық, мәтіндік, графикалық, дыбыстық, және видиоақпарат болуы мүмкін. Ақпараттың бұл түрлері қазіргі кезде компьютерде табысты көрсетіледі.



Жаңа сабақ бойынша шығармашылық жұмыс


Тапсырма 1

Төмендегі кестені толтырыңдар. Көп нүктенің орнына қажетті сөйлемді тауып қойыңдар.

Нысан

Ереже

1

Информатика

... - ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру,жөнелту және пайдалану тәсілдері туралы ғылым

2

Ақпарат

... - сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәлімет.

Тапсырма 2

Ғалымдардың деректері бойынша кестедегі бос ұяшықтарды толтырыңдар.

% - көрсеткіші

Ақпарат түрлері

1

10 %

Есту

2

81 %

көру

3

3 %

Дәм сезу

4

2 %

сипап сезу

5

4 %

иіскеу


Жаңа сабақты бекіту.

  1. Ақпарат түрлері (қабылдау тәсіліне және бейнелеу тәсіліне)

  2. Ақпарат қасиеттері


Үйге тапсырма.

§2 Информатика және ақпарат оқу. Өзіңді тексер тест

Өзіңді тексер тестін орындау


  1. Адам ең көп ақпаратты ненің көмегімен алады?

  1. Сезу және көрудің

  2. Иіскеу және естудің

  3. Есту мен көрудің

  4. Көру және дәмін тату арқылы

  1. Сендер электрондық хатта көрген фильмдерің туралы баяндадыңдар делік. Бұл ақпараттың қай түріне жатады?

  1. есту

  2. сезу

  3. көру

  4. жазбаша

  1. Осы информатика оқулығында келтірілген мәліметтер негізінен ақпараттың қай түріне жатады?

  1. Мәтіндік және графикалық

  2. Графикалық және естілетін

  3. Электромагниттік және көрінетін

  4. Цифрлық және музыкалық

  1. Ақпаратты сақтау үшін адамдар нені қолданбайды?

  1. қағазды

  2. дискіні

  3. тасты

  4. суды

  1. Ақпаратты сақтау үшін ерте замандағы адамдар нені пайдаланған?

  1. биді

  2. суреттерді

  3. қимылды

  4. дыбысты

  1. Дыбыстық ақпаратты не арқылы жеткіземіз?

  1. кітап

  2. радио

  3. журнал

  4. плакат


Қорытынды. Сабақта жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау

Бағалау.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды тестті дұрыс орындаған оқушыларды бағалаймын.


Автор
Дата добавления 19.10.2015
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров155
Номер материала ДВ-077439
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх