Инфоурок Информатика Рабочие программыИнформатика 5-сынып 1-сабақ "Қауіпсіздік техника ережесі"

Информатика 5-сынып 1-сабақ "Қауіпсіздік техника ережесі"

Скачать материал

№1 сабақ                                                                                               Тексеруші:_______________

Сынып

 

Күні

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар.

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен, компьютер сыныбында өзін - өзі алып жүру ережелерімен, көз жаттығуларымен, төтенше жағдайдағы іс - әрекет ережелерімен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды  ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, тақта, жұмыс дәптері

Сабақтың барысы:

1.       Ұйымдастыру

2.       Жаңа тақырыпты түсіндіру

3.       Сабақты бекіту

4.       Үйге тапсырма

 

Жаңа түсініктер:

НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАР

      ҚазССР халыққа білім беру министрлігінің 08.02.90 жылғы бұйрығына сәйкес, барлық оқушылар оқу процесінде есептеу тезникасын қолдану алдында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау алып, апат жағдайдағы әрекеттер ережелерімен, электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерімен және шаршағанда, көз талғанда дем алу үшін орындайтын жаттығулармен танысулары қажет. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау берілгеннен кейін оқушылар сынақ, тапсырулары керек. Бұл жөнінде сәйкес  үлгідегі журналға тіркеу керек.

            ЕТ кабинетінде сабақ өткізу кезіндегі оқушылар білуі тиісті еңбек қауіпсіздігін сақтау талаптарына қауіпсіздік техникасының ережелері, компьютер сыныбындағы тәртәп ережелері, электр тогымен зақымданғанда көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек тәсілдері, жалпы шаршағанда және көз талғанда қолданылатын жаттығулар жатады.

Қауіпсіздік техникасының ережелері

Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пункттердеге бөлуге болады:

1. Жалпы

2. ДК – де жұмысты бастау алдында

3. Жұмыс істеу кезінде

4. Авариялық жағдайларда

5. Жұмысты аяқтағанда

Жалпы қауіпсіздік талаптары:

1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал – жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.

2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.

3. ДК –де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.

4. Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК – де жұмыс істеуге тыйым салынады.

5. Үстелге, ДК- дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.

6. Пернетақтаның үстіне ештеңе қоюға болмайды.

7. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.

ДК –де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:

1.     ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК –дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.

2.     Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.

3.     Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.

ДК – мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:

1. ЭЕМ – да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60 – 70 см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық – 50 см.

2. Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.

3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді демалдыратын бірнеше жаттығу орында керек.

4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.

5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.

Апат жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары:

1. ДК – де жұмыс істеу барысында ақауларын байқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.

2. Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.

3. Қажет болса, электр тогымен зақымданғандарға алғашқы көмек көрсете білу керек.

4. Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білу керек. Мұнда құмды немесе көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.

5. Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушыны электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.

ДК – де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары:

1. Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.

2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.

3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.

Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері:

Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:

1. Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумбілерді өшіру)

2. Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату

3. Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету.

4. Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен. 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).

Күйгенде көмек көрсету:

1. Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілір беру (анальгин, валерьянка)

2. Күйген жеріне май жағу (винилин)

3. Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдын – ала целофанмен орап, суық судың астына ұстау.

4. Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен. 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).

Талып қалғанда көмек көрсету:

1. Зақымданған адамды басын бұрып жазық жерге шалқасынан жатқызу

2. Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен. 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).

Демі тоқтағанда көмек көрсету:

1. Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары кетіп қалған болса, қолмен орнына келтіру.

2. Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен. 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).

3. Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру (ауыздан – ауызға) керек.

Көз талғанда жасайтын жаттығулар

1 – жаттығу

§ Көздің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар.

§ Көздеріңді бұлшық етін босаңсыты, ашыңдар.

§ Бұл кезде бірқалыпты дем алыңдар. 4-5 рет қайталаңдар.

 

2 – жаттығу

§ Кеңсірікке қарап тұрып, 3-рет терең дем алыңдар.

§ Көздеріңді талдырмаңдар.

§ Алысқа қадалып қараңдар.

 

3 – жаттығу

§ Бастарыңды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.

§ Алысқа қадалып қараңдар.

 

4 – жаттығу

§ Бастарыңды бұрмай, СОЛҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.

§ Алысқа қадалып қараңдар.

 

5 – жаттығу

§ Бастарыңды бұрмай, ЖОҒАРЫ қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.

§ Алысқа қадалып қараңдар.

 

6 – жаттығу

§ Бастарыңды бұрмай, ТӨМЕН қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.

§ Алысқа қадалып қараңдар.

 

7 – жаттығу

§ Көздеріңді 20-30 секунд бойы жиі-жиі жыпылықтатыңдар.

 Үйге тапсырма: Қауіпсіздік ережелерін, көз жаттығуларын жаттау

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Информатика 5-сынып 1-сабақ "Қауіпсіздік техника ережесі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Землеустроитель

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы:Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар.

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларды қауіпсіздік ережесімен, компьютер сыныбында өзін - өзі алып жүру ережелерімен, көз жаттығуларымен, төтенше жағдайдағы іс - әрекет ережелерімен таныстыру.

Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды  ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, тақта, жұмыс дәптері

Сабақтың барысы:

1.        Ұйымдастыру

2.        Жаңа тақырыпты түсіндіру

3.        Сабақты бекіту

4.        Үйге тапсырма

 

Жаңа түсініктер:

 

НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАР

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 558 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Тестовая работа по информатике для 11 класса на тему "Интернет как глобальная информационная система"
  • Учебник: «Информатика (базовый уровень)», Семакин И.Г., Хеннер Е.К., Шеина Т.Ю.
  • Тема: § 11. Интернет как глобальная информационная система
  • 03.12.2014
  • 4123
  • 143
«Информатика (базовый уровень)», Семакин И.Г., Хеннер Е.К., Шеина Т.Ю.

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.12.2014 5355
    • DOCX 68 кбайт
    • 17 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Mellatuly Munarbek . Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Mellatuly Munarbek
    Mellatuly Munarbek
    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 11
    • Всего просмотров: 69884
    • Всего материалов: 17

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Математика и информатика")

Учитель математики и информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Курс профессиональной переподготовки

Разработка и сопровождение требований и технических заданий на разработку и модернизацию систем и подсистем малого и среднего масштаба и сложности

Системный аналитик

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 83 человека

Курс повышения квалификации

Компьютерная грамотность для пенсионеров

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Мини-курс

Развитие физических качеств в художественной гимнастике: теория и практика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология личностного развития: от понимания себя к творчеству

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Мини-курс

Жизненный цикл продукта и методология управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе