Инфоурок Информатика Рабочие программыИнформатика 5-сыныпта: мәселелері мен болашағы

Информатика 5-сыныпта: мәселелері мен болашағы

Скачать материал

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Қызылжар кенті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ШАҒЫН  ЖОБА

 

 

Информатика 5-сыныпта: мәселелері мен болашағы

 

 

 

 

 

                            Орындаған:  Каденова Гулим Ошакбаевна

                                                        

 

         

 

                                                                             

 

 

 

 

 

Жұмыстың мерзімі03.03.2015ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылжар  – 2015

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.. 1

1.ТАРАУ  Информатика 5-сыныпта: мәселелері мен болашағы ..............................................................................................3

1.2 5 сыныпта пәнаралық негізде электрондық оқу-әдістемелік кешенін дайындаудың тиімділігі …………………………………………….6

2.ТАРАУ 5 СЫНЫПТА  ИНФОРМАТИКАНЫ ПӘНАРАЛЫҚ НЕГІЗДЕ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 8

2.1 5 сыныпта ақпараттандыруда пәнаралық байланыстың бүгінгі жағдайы   13

2.2 Пәнаралық негізде оқушылардың жеке тұлғасын дамыту…..…..15

2.3 Компьютерлік ойындардың түрлері және пәнаралық негізде тиімді қолдану  21

ҚОРЫТЫНДЫ... 25

 

ГЛОССАРИЙ.......................................................................................................26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. 27

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

«Қазақстан Республикасының 2015-жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасының «Білім беру мазмұны мен деңгейлері» -деп  аталатын» 4-тараудың 4.3.1.-тармағында: Білім беру мазмұнында информатика негіздері мен шет тілін ерте жастан бастап оқыту мен тәрбиелеудің негізгі бағыттары көрсетіліп белгіленген.[1] Сондықтан заман талаптарына сай информатиканы  қажеттілігі бүгінгі күнгі педагогика саласындағы іргелі тың мәселелердің бірі болып отыр. [2]

Орта мектепте информатиканың жеке пән ретінде оқытылуы, көптеген педагогикалық ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің туындауының жандана түсуіне алып келеді. Информатиканың бүгінгі қоғамдағы алатын орны ерекше, ғылыми-әдістемелік тұрғыда көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, ғылыми зертеулердің ішінен С.Пейперт, Ж.Пиаже, Ю.Первин, Е.Коган, О.А.Красноперова, А.Витухновская мен А.Семенованың және отандық ғалымдарымыздан Е.Бидайбеков пен Ж.Қараевтың тұжырымдары мен Қ.Әбдиев, Ж.Сардарова және Г.Абдулкаримованың зерттеу жұмыстары төменгі сыныптарда информатика элементтерді пайдаланудың теориялық негізі бола алады.

Сондықтан, 5 сынып оқушыларына информатиканың алғашқы түсініктері мен ұғымдарын беру, сонымен қатар басқа пәндерді оқып үйренуге пәнаралық байланысты жүзеге асыру арқылы қажет болатын біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландыру және жастарды ақпараттық қоғамда қызмет етуге дайындауды бастау қажет.

Мұндай келесі мәселерді шешу информатика элементтерін оқыту негізінде пәнаралық байланысты жүзеге асыруды теориялық психологиялық және педагогикалық жағынан негіздеуді қажет етеді. Жоғарыда аталған мәселелер зерттеу жұмысының көкейкестілігін анықтайды. Бірақ, бүгінгі таңда информатика элементтерін пәнарлық байланыс негізінде төменгі сыныпта  оқытудың қажеттілігі мен оның оқу үрдісінде жүргізуге тиімді оқу-әдістемелік құралдармен, оқыту бағдарламалармен жеткілікті дәрежеде болмауының арасында қарама-қайшылық бар. Осы қарама-қайшылықтан, 5 сыныпта информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытуды еңгізу арқылы оқушыларды алғашқы білім, іскерлік, дағдыларды қалай қалыптастыруға және оның қандай теориялық, психологиялық-педагогикалық  алғы шарттарын анықтауға болады?-деген жобаның мәселесі туындайды.

Жоба мақсаты 5 cыныпта информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқыту әдістемесін қалыптастыру.

Жоба  міндеті – 5 сынып пәндерін оқыту барысында дербес компьютерді пайдаланудың теориялық жағын айқындай түсу және оны сәйкес дидактикалық талдаулар арқылы тиянақтау.

         Бүгінгі күні дидактикада оқыту әдістерін талдап, іріктеудің түрліше байқаулары өтіп жатыр. Оқыту әдістерін талдап ретке келтіру белгілі бір әдістерді жүйеге келтіру заңдылықтарын және ортақ сипаттамалары мен ерекшеліктерін ашуда үлкен маңызды рөл атқарады.

Жоба  жұмысымда 5 сыныпта информатиканы пәнаралық негізде оқыту әдістеріне тоқталатын болсақ, төмендегіше көкейкесті мәселелер туындайды:- әрбір пәндер бойынша жүргізілетін оқу материалын оқушылардың санасына қалай жеткізу керек? - балалар білімді, іскерлікпен дағдыларды игеру үшін, олардың белсенді танымдылығын қалай ояту керек? - оқушылардың оқуға қызығушылығын тудырып, олардың білімді болуына қалай көмектесу керек? - ынтасы бар мен ынтасы жоқ балаларды қалай оқыту керек?

         Жоба жұмысының құрылымы және көлемі. Жоба жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады. Жұмыс көлемі 25 бет,   9 кесте түзілген. Қосымшада үйретуші және сабақ жоспарлары, жұмыс дәптерлері  келтірілген.

 

 

1.ТАРАУ 5 СЫНЫПТА  ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

1.1 5 сыныпта компьютерлік технологияны қолданудың қазіргі жағдайы.

 Оқудың сипаттық ерекшелігі болып, оқушылар ең алғашқы күннен бастап меңгеруге кірісетін ақпарат көлемінің күрт өсуі болып саналады. Бұл олардың көпшілігінде ақпаратты саналау мен есте сақтауда едәуір қиындықтар туғызады. Өйткені, төменгі сынып оқушыларында адаптация-жағдайға бейімделу барысы мүлдем баяу, ал меңгеретін ақпарат өте тез ұлғаюда. Сондықтан да осы кезеңдегі педагогика ғылымының ең бір басты мәселесі оқыту процесінің тиімділігін арттыру есебінен, материалды меңгерудің жалпы уақытын қысқарту, оқыту үрдісіне жаңа көзқарас, «мектеп пәнінің реестрне кіретін әрбір ғылым пәнінің «моделін» балалардың ойлау жүйесінде құрастыру проблемасына алдын алға әзірліктер жасау».(В.В.Давыдов).Оқушылардың ақпарат тасқынының салмағын қалыпты көрсету үшін, оларды ақыл-ой әрекетінің: заңдылықты іздеу, ұқсастық бойынша ойлау, обьект пен түсінік арасындағы иерархиялық тәуелділікті табу, теңеу, жалпыны тауып, жекені ажырату, логикалық тұжырым құру секілді әдіс-тәсілдеріне баулыған жөн. Осы тапсырмаларды шешу үшін төменгі сынып тәжірибесінде компьютерлік технология да табыспен қолданылып келеді. [7]

         Мектеп жасындағы кішкентайлардың дамуы үшін компьютердің қолданудың бұрыннан белгілі мысалының бірі, Массачусет технологиялық институтында (АҚШ) С.Пейперт жұмысы болып саналады. Оның басшылығымен 1968 жылдан Ж.Пиаженің теориялық концепциясы негізінде балалардың интелектуальды қабілетін дамыту бойынша соның ішінде мектеп жасындағы және мектепке дейінгі балаларды да қоса, зерттеу жүргізілді. Жұмыс негізінде екі идея алынды:

- интелектуальдық дамудағы маңызды өзгеріс, тек мәдениеттілікті өзгерту арқылы ғана мүмкін;

- мәдениеттілікті неғұрлым жедел өзгертетін жақын арадағы неғұрлым сенімді жол компьютерді мектеп тәжірибесінде жедел қарқынмен қолданысқа енгізу.

Информациялық технологияның қаулап өсуі мен информациялық қоғамның қалыптасуы, өркениетті елдердегі сияқты біздің республикамызда да информациялық мәдениетті қалыптастыру талабы туындады. Осыған орай, енді тек оқушылардың қазіргі заманғы компьютерлік технологияны меңгеру ғана емес, өмірге жаңа көзқарас, ойлау стилін қалыптастыру, жаңа қоғамның адекватты талаптары туындады.

Біздің қоғамды ақпараттандыру концепциясына сәйкес, информатиканы оқытудың бастапқы базалық кезеңін оныншы сыныптан жетінші сыныпқа түсірді. Бұлай ету себебі, бұл мектеп білімін ақпараттандырудан бөлек, информатикалық білім мен іскерлікті басқа да оқулық пәндерінде, бұрынғыдан ерте кезеңде кең әрі ұтымды пайдалану мақсатын да көздеді. Біріншіден, осы жастағы балаларды информатикаға оқытудың оң тәжірибесі біздің республикамызда да, шет елдерде де дамыды. Екіншіден, информатика-ойлауды дамыту, оқушыларда ғылыми өмірлік көзқарас қалыптастыру үшін оқыту тап осы жастағы топтарда барынша игі жемісін беріп отырғаны белгілі болды.

 Информатиканы оқытудың базалық бастапқы кезеңін оныншыдан бесінші сыныпқа ауыстыру. Информатиканы жапай оқыту, меңгеріп үлгерілген компьютерлік оқыту технологиясын қолдану, отандық мектептің мүмкіндігіне орай жанасын жасау актуальды проблеманың біріне айналып келеді.  [5]

Бірінші  үшін курстың негізгі мазмұны: клавиатура және манипулятор «Тышқанмен» жұмыс істеуді үйрену.

Екінші мазмұны алғаш рет көптеген заңдылықтар мен қағидалар, жиын туралы түсінік.

Үшінші қаралып талқыланатын мәселе, команда және алгоритм ұғымдары. Оқушы үшін арнайы оқу кітабы қарастырылған.

Төртінші  негізгі мазмұн-заңдылықтарды тану мен алгоритмдерді зерттеу, құрамы (комбинаторлық) тапсырманы шешу, орындаушыларды үйрету.

Қарастырылған бесінші  сыныпқа арналған компьютерлік технология талдауынан байқалғандай, қалыптасқан оқу мазмұны көзқарас тұрғысынан екі жетекші компонентті бөліп қарауды қажет етеді.Олардың біріншісі-информатиканы, түп мақсаты оқушылардың ойлау қызметінің құрылымын жасауға жалпы көзқарас қалыптастыру болып саналатын, адам мен қоғам өміріндегі информатикалық процестердің маңызын ұғыну, информациялық технологияны машықтық қабілетті дамытушы құрал ретінде оқып-үйрену қажет. Оқытудың екінші компоненті, оқушылардың олар мектеп пәндерін математиканы, тіл сауаттылығын, жаратылыстануды және т.б. «Оқу қызметінде жаңа технологияны пайдалану» болып саналады. Осы екі компоненттің екеуіде қоғамның қазіргі талабына жауап береді және  білім саласын ақпараттандыруды, ақпарат бойынша білім стандартының талабына жауап беретін ақпараттың мәдениеттің қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Компьютерлік технологияны мектепте қолданудың актуальды бола түсуі, оларды мектептегі пәндерді оқытқанда пайдалануда болып отыр. Осылайша, информатиканы оқыту мақсатын түсінуге жаңа көзқарас қалыптастыру оның жалпы білімді меңгерушілік функциясын, оның оқудың жалпы мәселесін шешудегі әлеуметтік мүмкіндіктерін, оқушыдарды тәрбиелеу мен дамыту қасиеттерін бөле қараумен байланысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 5 cыныпта пәнаралық негізде электрондық оқу-әдістемелік кешенін дайындаудың тиімділігі.

        

         Информатикада сынып оқушыларының денсаулығына зиян келмейтіндей, техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау ескеріліп, әр тақырып мазмұнына 5 сынып үшін 15минут көлемінде уақыт белгіленді. Оқу құралын сабақтан қай кезінде пайдалану мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық мүмкіндігіне байланысты. Сонымен қатар үйде ата-аналардың да баласының ой-өрісін дамытып, өз бетінше білім алуын қадағалауына мүмкіндік туады.

Жасалып жатқан жобалардың мақсаты:

·        12 жылдық мектепке көшу жағдайындағы қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану мүмкіндіктерін жетілдіру;

·        жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы бастауыш білім берудің мазмұны мен технологиясын модернизациялау;

·        12 жылдық мектеп оқушыларын бағдарлап оқытатын «жаңа сатыдағы» мұғалім даярлау проблемасын шешуге үлес қосу.

         Жобадағы басты міндеттер:

·        оқушының жас ерекшелігін ескерту;

·        оқушылардың қаблет деңгейін анықтай отырып, қабілетті оқушылардың даму деңгейін шығармашылыққа ұштастыру;

·        оқушының ой-өрісін қадағалай отырып, қабілетті оқушылардың даму деңгейін шығармашылыққа ұштастыру;

·        оқушының танымдық іс-әрекеттерін күшейтіп, дұрыс шешім қабылдауға үйрету;

·        оқушы, мұғалім, ата-ана байланысын арттыру.

         Оқушы үшін:

·        оқушының компьютермен жұмыс жасау сауаттылығын қалыптастырады, ақпараттық ойлау қабілетін жетілдіреді;

·        оқушының өз бетінше жұмыс жасауына, шешім қабылдауына, сабақтан тыс уақытта өз бетінше дайындалуына мүмкіндік береді;

·        оқушының көрнекі-әрекеттік (әріптерді жылдам теру кезінде), көрнекі-бейнелік (сенсорлық тапсырмаларды орындау барысында) және логикалық ойлауын (дидактикалық-ойын жаттығуларын шешукезінде) дамытуға байланысты жұмыстар кезектестіріліп беріледі;

·        өз жұмысын бағалауға (рефлексиялауға) үйрету.

Мұғалім үшін:

·        уақытты тиімді пайдаланады;

·        оқытудың жаңа технологияларын меңгеруіне жағдай жасайды;

·        әр оқушымен жеке-дара жұмыс жасауына мүмкіндігі бар;

·        мұғалім өз сабағының менеджері;

·        әр оқушының қабілетіне қарай тапсырмалар беріп, жұмыс нәтижесіне қарай мониторинг жүргізіп отыруына жағдай туады.

 Жұмыс дәптерлерінде:

·        информатика алгоритмдік курсы, сәйкестік пен сұрыптау негіздерін анықтау, заңдылықтар іздестіру, аналогия бойынша ой қорыту, нысандарды сипаттауға арналған формальдық тілдермен жұмыс істеу арқылы ақпараттық мәдениетке бейімделуі мен образдық ойлауы қалыптасады;

·        ақпараттық ойлау қабілеттерін, логикасын дамыту мақсатында әр сабақтағы оқу материалы мазмұнына сай жаттығулар жұмысы, тест тапсырмалары, дидактикалық ойындар еңгізілген. [15], [16], [17], [18]

 

 

 

2.ТАРАУ   ТӨМЕНГІ СЫНЫПТА  ИНФОРМАТИКАНЫ ПӘНАРАЛЫҚ НЕГІЗДЕ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Қазіргі өмір талабына сай компьютерлік сауаттылықты жылдам дамыта отырып, педагогикалық-психологиялық әдістемелік бастапқы дайындықты қалыптастырмайынша, балалар өз білім деңгейлерін көтере алмайды. Сол себепті информатика пәнін бесінші  сыныптан бастап жүрілуі қолға алынған. Жоғарыдағы көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшін, бесінші сынып оқушыларына информатика мен жаңа ақпараттық технология элементтерін еңгізудің қажет екендігіне зерттеу жұмысы толық жүргізіліп, оқыту әдістемелері жан-жақты қарастырылады. [5]

Информатика пәнінің пропедевтикалық курсын бесінші сыныптан бастап оқытуға болатындығы және оның тиімділігі дүниежүзілік тәжірибе негізінде дәлелденіп отыр.

1. Ғалымдардың, практик-мұғалімдердің пікірінше, бұл курсты бесінші сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналар:

·        бесінші сынып оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;

·        ерте жастан балалардың ойлау қабілетін дамыту;

·        оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып, әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау;

Ғалымдардың соңғы зерттеулеріне сүйенсек, бесінші сыныптағы информатика курсының негізгі бағыттары төмендегідей.

2. Қолданушылық.

Бұнда оқушылар компьютермен алғаш танысып, оқу, ойындық және бастауыштағы пәндер мазмұнына құралған жатықтырушы бағдарламалар негізінде компьютерлік сауаттылықтарын қалыптастырады.

Бұл бағытты қолданушылардың пікірінше, баланың компьютерлік сауаттылықты меңгеруі- бұл сабақта және сабақтан тыс кезде компьютерді өз қажетіне қарай еркін пайдалана білуі, сондай-ақ техникаға сауатты, ұқыпты қарауы.

Қолданушылық бағыттағы информатиканы меңгеру нәтижесінде оқушыларда төмендегідей білім мен іскерліктер қалыптасуы тиіс:

·        оқу, ойын бағдарламаларымен жұмыс істей білу;

·        программалармен жұмыс істеу кезінде бағдарламалық құжаттарды пайдалану;

·        программамен жұмыс істеуге машықтану: программаны еңгізу, керектісін табу, өз бетімен жұмыс істеу;

·        компьютерді нұсқаусыз жұмыс істейтіндігін түсіну.

3 Ақпаратты-логикалық.

Бұл бағыт бойынша оқыту біріншіден, оқушылардың қоршаған ортаның элементтерін танып, оларды ажырата білу қабілеттерін дамытса, екіншіден, ойлау, есте сақтау қабілеттерімен қатар байқағыштығын, зейінін, берілген тапсырманы орындаудың оңтайлы, тиімді жолын таба білу қабілетінің дамуына әсері мол.

4. Шығармашылық.

Бұл бағыт бойынша оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай көзінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына ашу, үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру. Басты мақсаты-оқушыны зерттеуші есебінде ұжымдық жобаны жасақтауға және оны іске асыруға қатысады.

5. Дәстүрлі курсқа информатика элементтерін қосу.

 Ғылымдардың зерттеулері бойынша, оқу процесінің тиімділігін арттыруда ақпараттық технологиялардың рөлі зор. Бүгінгі күні психологтар мен педагогтар оқу процесінің тиімділігін арттырудың негізгі тәсілі ретінде төмендегі шарттарды ұсынады:

·        проблемалық оқытуды қолдану;

·        алгоритмдік оқыту;

·        оқытуды ақпараттандыру;

·        пәнаралық кірістіру.

6. Информатика курсының мақсатын төмендегідей сипаттауға болады:

·        компьютерлік сауат ашудың бастау негізі.

·        ойды логикалы түрде дамыту.

·        алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік.

·        компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу.

7. Теориялық зерттеулер мен практикалық эксперимент нәтижелері-бүгінгі таңда мектептегі информатика пәнін бірнеше кезеңге бөліп оқытудың жөн екенін дәлелдеп отыр.

Соның 1 кезеңі – пропедевтикалық кезең. Бұл кезеңде оқушыларын компьютермен алғаш таныстыру өтеді, қарапайым компьютерлік ойындар мен жаттығулар бағдарламаларын қолдану нәтижесінде, оларда ақпартық мәдениеттің алғашқы элементтері қалыптасады.

8. Күнтізбелік-тақырыптық жоспардың алғашқы бөлімдерінде оқушылар “Техникалық қауіпсіздік ережелерімен” танысады. Өткізілетін сабақтардың ерекшелігі: оқушылар жылдам оқи және жаза алмайтын болғандықтан, олар суреттеме бейнелер арқылы көрсетіліп, түсіндіріледі.

Оқулықта көрсетілген сурет балаға әсер ете қоймайды, яғни есте қалмауы мүмкін. Сондықтан оны бөлек алып, ойын түрінде әр балаға жекелеп көрсетіліп түсіндірілсе тиімді болады деп есептеймін. Сабақты қызықты жүргізуге және оларды сабақтан жалықтырып алмауға көп-көңіл бөлінеді. Осы мақсатта сабақ ортасында сергіту сабақтарын қоса оқыту әдістері қарастырылады. Мысалы: Көзбен көбелек салу.

Қол саусақтарына жатығулар жасау түрлерін көрсету керек.

Осы бағытта арнайы кешенді бағдарламаны көрсетсе, ойын өткізсе жақсы болар еді. Электрондағы оқулықтағы видеоматериалдарды қарап, ондағы ондағы ойынды топтама арқылы ойнатса, бала ойлауға, ой қорыта білуіне септігін тигізері сөзсіз. Сергіту сәтіндегі жаттығуларда ойын түрінде берілгені жөн деп ойлаймын.

9. Алгоритмдік ойлау стилі өз жасына сай информатиканы үйренуге өте қолайлы. Олардың психологиялық өзгерістері, іске іштей жоспар құра білуі рефлекс сияқты болып келіп, оқытуға жақсы жағдай туғызады.

10. Информатика сабақтарында оқушылар компьютермен танысып, олар өзара қарым-қатынаста болады, компьютер көмегімен әріп, буын, сөздерді шапшаң, қарапайым арифметикалық есептерді шығарады, сурет сала біледі. Сонымен қатар оқушылар өз бетімен өлең, әңгіме, ертегі құрастырады және де осы өздерінің шығармашылық жұмыстарын компьютерде орындайды.

Тиімді қолданылған ойын элементтерін материалды түсіндірудің кезінде берік меңгертуге септеседі өйткені  оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауып тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы әрі сапалы, әрі ықыласпен орындайды. Ойынға мынадай әдістемелік талаптар қойылады:

·        ойынның мақсаты: нақты немесе керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек.

·        ойынға кірісер алдыңда олардың жүргізу тәртібі оқушыларға әбден түсіндірілгені жөн.

·        ойынға сыныптағы баланың түгел қатысуын қамтамасыз ету керек.

·        ойынның жүру барысында мұғалім баланың түгел қатысуын қадағалау мен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне жетелеуі керек.

Оқушылардың компьютермен жұмыс жасауы көңіл-күйлерін көтеріп, қызығушылық қабілеттерін арттырады. Әрі ізденуіне, алуан әдіс-тәсілдерді таңдауына жол ашары сөзсіз.

Информатиканы оқытудың ерекшеліктері:

Бала қандайда бір жаттығуды орындай алмаған жағдайда жаттығу түрін ауыстыру. Бұл мәселені информатика сабағында ауызша жаттығу орындату арқылы шешуге болады.

Ауызша жаттығуларды мынадай білімдерге бөлуге болады: орын ауыстыру, орналастыру, бөлу, бөлшектеу, біріктіру, қайта санау, қозғалту, сөзбен, әріппен жұмыс, жиындар, дамытушылық ойындар, логикалық есептер, жұмбақ, әзіл есептер.

Информатиканы оқытудың тізбектілігі мен сабақтастығын, сол сияқты сабақ пен мұғалімнің алдында тұрған мақсаттарды есепке ала отырып, ауызша жаттығулардың әртүрлілігін ойластыруға тура келеді.

Бұл жұмыс сабақта өте қажет, өйткені:

·        Баланың шынайы қызығушылығын тудырады;

·        Шығармашылық дамуына мүмкіндік береді;

·        Ойлауы мен ынтасын көтереді;

·        Тапсырманы орындауда табандылыққа үйретеді;

·        Ұжыммен жұмыс істейді;

·        Бала өзінің жаңашылдық, жан-жақтылығын ашады.

Бала денсаулығын ойлау.

Информатика сабағында бала компьютермен шектеулі уақытта жұмыс істеуіне қатаң талап қойылады.

5 сыныпта – 20 – 25 минут.

Сонымен қатар, жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі-бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жетістіктерін ләззат алуға мүмкіндік беруі.

Соның ең бастысы, информатика және информациялық технологиялар бойынша білімді, бастауыш білім психологиясымен, әдіснамасымен қаруланған, оқушыларымен жұмыс тәртібін білетін маман даярлау. Шындығында, информатиканы осындай маман жүргізуі керек.

Сонымен қатар, оқулық пен әдістемелік құрал сапалы, яғни баланың жас ерекшелігіне сай, ұлттық патриоттық тәрбие беруге негізделіп, түсінікті де қызықты материалдармен берілсе дегім келеді.

 

2.1 5 сыныпта ақпараттандыруда пәнаралық байланыстың бүгінгі жағдайы

Білім мазмұнын жаңартудың маңызды аспектілерінің бірі бастауыш білімді ақпараттандыру болып табылады.

 Ақпараттандыру дегеніміз-бұл оқу құрылымы есебінде және төменгі сынып оқушыларын тәрбиелеу, дамыту үшін, сондай-ақ оқу процесі мен мұғалімнің кәсіби жұмысын талапқа сәйкес ұйымдастыру мақсатында оқу үрдісіне ақпаратты, коммуникациялық технологияларды енгізу.

        

Дидактикалық тұрғыдан қазіргі ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін оқу-тәрбие процесінде тиімді пайдалану оқушылардың пәндік, коммуникативтік және әлеуметтік компетенттіліктерінің қалыптасуына толық жағдай жасайды. Бұнда ескеретін мәселе –бұл төменгі сынып үшін тиімділігі зор педагогикалық – ұйымдастырушылық шарттарды орындау қажетігі. Олар:

·        сабақ кезінде сынып бөлмесінде жеке және топтық жұмыс ұйымдастыру үшін бір компьютер орналастыру;

·        ұжымдық, топтық түрде электронды оқу материалдарымен жұмыс ұйымдастыру үшін проекциялық аппаратураны қолдану мүмкіндіктерін туғызу;

Төменгі сыныпты ақпараттандыруға қатысты теориялық-әдістемелік материалдарды талдау төмендегі проблемаларды шешу негізінде тиімді жүзеге асу мүмкіндігі бар екендігін көрсетіп отыр:

·        мұғалімінің әдістемелік дайындығын жетілдіру;

·        оқушыларды оқытуға электронды оқулықтарды құрастыру;

·        дәстүрлі сабаққа ақпаратты - коммуникациялық технологияларды пайдалануға педагогикалық - психологиялық және ұйымдастырушылық бағытта жағдай жасау.

Біздің пікірімізше, информатика курсы қоғам талабына сай оқушыға білім, білік, дағды қалыптастырумен қатар, оқытудың қазіргі ақпараттық технологияларының мүмкіндіктерін орынды пайдалану арқылы оқушының жасырын жатқан қабілеттерін дер кезінде көре біліп, оны шығармашылықпен оқушымен бірлесе отырып дамытуға жол ашады.

Бүгінгі педагогикалық жоғары оқу орнының түлегі 5 сынып оқушыларына пәндік және жалпы оқу білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын меңгертумен қатар олардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тұлғасын дамытуға, пәндік, әлеуметтік, коммуникативтік, компьютерлік және ақпараттық мәдениеттіліктерін қалыптастыруға және осы мақсатта қазіргі ақпараттық технологияларды шығармашылықпен пайдалана білуге дайын болуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Пәнаралық негізде оқушылардың жеке тұлғасын дамыту

         «Компьютер»-әрекет ету, әлеммен белсенді қарым-қатынасқа түсу-айналадағы болып жатқан нәрсені тұрақты бағалау құралы.

         Компьютер және оқушы. Соңғы кездері осы тіркес санаға үйреншікті болып сіңіп кетті.Тіптен біз мән беріп, мазмұнына үңілмейміз де. Ал, үңіліп ойланып көрсек ше? «Компьютер және оқушы» тіркесін қандай ассосацияға теңейсіздер?-дедім. Барлық оқушылардың 43% жауаптарын талдап көрсем, қуантарлықтай жағдай емес екен. 1-сызба

         Міне, «Компьютер және оқушы» тіркесіне ұстазда қандай ой тудыратыны анық болды. Бұған не себеп? Неге заман талабына сай қарқынмен дамып келе жатқан компьютерлендіру үрдісі өзінің түпкілікті мақсаты-оқушының жеке тұлғасын дамыту мақсатын шеше алмай келеді. Әрине, менің ойымша, ең алдымен ұстаз «Компьютер» атты білім мен тәрбие берудің, дамытудың алып күшін ой елегінен өткізе, тиімді пайдалана білу қажет. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының мемлекеттік құжаттарында да, айқын көрініс тапқан. «Қазақстан Республикасының-2030» бағдарламасы, Білім беруді ақпаратандыру бағдарламасы компьютерлік технологияларды білім саласында көп қолдану ісінға дамыту көп көңіл бөліп отыр. Ендігі бағыт-сол компьютерде тұрақты жұмыс істейтін кейде ұстап, білім саласында жаңа технологияларды пайдаланып, кез-келген пән мұғалімдері электрондық оқу құралдарын даярлау, қолдану ісін жұмылдыру ісімен жалғасуы тиіс. Президентіміз басты Білім жүйесін ақпаратандыру ісін ары қарай дамыту, барлық пәндер бойынша компьютерлік оқулықтарды кеңінен оқу процесіне еңгізу арқылы оқу жүйесін жаңа сатыға көтеру болып табылады.

          Мен, танысу барысында зерттелінген ғылыми-педагогикалық, техникалық әдебиеттерде «Компьютер» ұғымына төмендегідей анықтама берілген: Б.Бөрібаев «Компьютер» есептеуіш (computer түбірі лат compute-санау, есептеу) компьютер вычислитель есептеу жұмыстарын атқару мен ақпаратты автоматты түрде өңдеуге арналған техникалық құралдар кешені. Компьютер-ЭЕМ-нің ғылыми және ғылыми көпшілік әдебиеттерде қабылданған атауы. Қазіргі уаққытта бұл термин басқа тілдерде мысалы, орыс, неміс тілдерінде кеңінен қолданысқа енді, өйткені әр түрлі жаңа терминдер жасауға, өте қолайлы деп саналады, мәселен компьютерлендіру, компьютерлік лингвистикалық т.б. Ал Е. Балапановтың пікірінше Компьютерлендіру – computeruzation - компьютеризация,    компьютерлік қызмет көрсету өнеркәсібінің даму процесі және оның даму қоғамда кеңінен пайдалану кәсіпорындарда мекемелерді және оқу орындарын компьютерлік техникалармен жабдықтау және оны қолдану саласында тұрғындардың жалпы білім берудің деңгейін арттыру. Ғылымдар пікірін,өзіндік іс-тәжірибені жалпылай келе компьютерлендірудің жеке тұлғаны дамытуға әсерін айқындадым; оқу арқылы ақпараттың 10% тыңдау арқылы 20% арқылы, тыңдау көрнекі құралымен ұштастырылса 40-50% оқыту процесіне де оқушы белсенділігін арттыратын мүмкіндіктер жасалса, білімнің 70% есте сақталады екен. Нағыз өмір шындығымен ұштастырылған ақпараттын бала ойында қалу дәрежесі 90%.

         Олай болса, компьютерді жеке тұлғаны дамытудың тамаша құлына айналдыру шешімін күтіп тұрған өзекті мәселе деуге болады.

         Компьютердің жеке тұлғаны дамытудағы сабақта орындау қолданудың бірқатар артықшылықтары бар, атап айтқанда: жеке тұлғаның пәнге қызығушылығының артуы, оқу процесі қарқынының жоғпрлпуы, шығармашылық белсенділігінің көтерілуі, оқу сапасының артуы. Компьютерді қолдану барысында ұстаздың әр оқушымен жеке жұмыс жасауға, әр қайсысына әр түрлі тапсырмалар беріп, барлық оқушы білімін бағалауға толық мүмкіндігі болады, кімнің қай тақырыпты жақсы меңгергенін немесе қай жерде білімнің осал екенін дөп басып, көмек көрсете алады. Әр оқушы өзі еңбек етеді, кейбір жағдайдағыдай тақтадан немесе жанындағы оқушыдан селсоқ көшіріп отырмай, жаттығуды өзі орындауға тырысады. Сабақты компьютерді пайдалану оқушыны шапшандыққа, тапқырлаққа үйретеді. Оқушы мен ұстаз қызметінде ақпараттық мәдениет қалыптасады. Сонымен қатар, оқушының психикасымен ойлау қабілетіне де игі әсер ететіні сөзсіз.

         Келесі сызбадан компьютердің жеке тұлғаны дамытуға ықпалын көруге болады.2-сызба.

        

Сонымен қатар, компьютерді пайдалана отырып, оқушының жеке тұлғасын, рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі таңдағы мәселенің бірі екіні баршамызға аян. Оның себебі, оқушы өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, өз бетімен алған білімін тәжірибеде, өмірде пайдалануды үйренбеген сол үшін де оқушының сенімін арттыру, шығармашылығын дамыту мақсатында мұғалімнің әр сабағы әр түрлі, жан-жақты болуы керек. Сабақ мазмұнының теориялық-практикалық құндылығы жоғары болған сайын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу өте тиімді жүргізіледі. Ұстаздың әрбір сабағы оқушы сезіміне, ынта-ықыласына әсер ету тиіс. Ол үшін сабақ құрылымы көп түрлі оқыту әдістерімен, ұстаздың дайындығы, ізденісі жоғары деңгейде болуы керек. Өз іс-тәжірибемде сабақ үрдісінде мынадай факторларға сүйінемін:

1.     оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету.

2.     оқушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыру.

3.     оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

4.     компьютер арқылы, оқушының жеке тұлғасын дамыту.

Сонымен қатар сабақты түрлендіріп, қызықты өткізуге көмектесетін, оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын компьютерлік элементтерін пайдалану өте тиімді. Оқушының белсенділігін арттыратын ойындық элементтер: ребустар, суреттермен жұмыс, сөзжұмбақтар: Мысалы: 5-сыныптағы дыбыстардың емлесін оқытқанда оқушының өзін-өзі тексеру мақсатында мына ойын түрін қолдануға болады. Сабақтың ойын түрде болуы, компьютерлік жазылады. Сөздің керекті жерінде и немесе й жазу керек. Әр бір дұрыс жауап бір-1 ұпай, қате жауап-0 ұпай. Бұл жұмысты орындауға экран бетіндегі курсор көмектеседі. Ол жауап жазатын орынға ауысып отырады. Ойын басында экран мына түрде болады. И немесе Й жаз.

бас к...ім

та...лақ

б ж...і ма

не са мін

         Мұндай бағдарламаларды орындау қызығушыдық тудырып, тапсырманы тез орындауға өз себін тигізеді. Диагностикалық бағдарламалар жеке тұлғаның бойындағы қабілеттерді, іскерліктерді ойлау мүмкіндіктерін, қызығушылығын анықтауға мүмкіндік береді. Ал дамытушы бағдарламалар жеке тұлғаның өз бетінше жұмыс істеуін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілетін дамытады.

         Сабақта компьютерді және ішінде шығарма жазуда қолдану. Мәтіндік редактор көмегімен мынаны жүзеге асыруға болады:

1.     клавиатура көмегімен мәтін теруге болады.

2.     енгізілген мәтінмен түрлі операция орындауға болады.

Мәтіндік редакторды пайдалану сабақ дайындауда түрлі материалдарды дайындап, көбейтуге мүмкіндік береді. Мәтінді тапсырма бойынша өзгертіп, қалып қойған әріп, тыныс белгілерін қою, жылжыту, интервалын өзгерту, әрі қарай жұмыс істеу үшін компьютерде сақтауға болады.

Оқушылардың өздеріде компьютерлік компакт дискілердегі мәлеметтер қорынан, энциклопедиялардан немесе басқа тілдер арқылы электрондық іздеу көмегін түрлі ақпараттар ала алады. Осылайша, жаңа техника тек қана кең көлемде білімге ғана қол жеткізіп қана қоймай, сонымен қатар оқушыларға ақпарат алу үшін электрондық құралдарды пайдалану және зерттеу дағдыларын қалыптастыру мүмкіндіктерін тудырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Компьютерлік ойындардың түрлері және пәнаралық негізде тиімді қолдану

Жаңа ақпараттық технологияның жылдан-жылға кең құлаш жайып, дамып, ғылымның барлық саласына кеңіненену кезінде бастапқы компьютерлік сауаттылықты қалыптастыруға компьютерлік ойындардың да үлесі бар деуге болады. С.Пейперттің пайымдауынша, компьютерлік ойын баланың ойлау қабілеттерін дамытып, заттардың және т.б. бір-біріне әсерлерін өз бетімен түсінуге мүмкіндік береді деп түйіндеген.

         Қазіргі таңда елімізде компьютерлік ойындар өз деңгейінде қолданып келеді. Олардың ішінде әртүрлі тақырыпқа байланысты барлық компьютерлік ойындарды бір-бірінен мазмұнына, ойынның ойналу тәртібінің айырмашылығына байланысты 8 жанрға бөлуге болады:

·        Аркадты ойындар. «Аркадты» сөзі ойын-сауық залдарындағы ойын автоматтарының атына байланысты аталған.Бұл жанрдың ойындары баланың жылдам әрекет жасауын, жақсы көзөлшемін, уақытты  үнемдеуін қажет етеді және соған тәрбиелейді

·        Адвентюрлік ойындар. Бұл ағылшынның «adventure»-шытырман оқиға деген сөзінен алынып және ең бірінші жасалған ойынның «adventure»-атауына байланысты аталған. Кей-кезде шытырман ойындар деп атайды.Бұл ойындардағы кейіпкер өзінің алдына қойған сынақтардан өтуі керек. Сынақ ойынның барысында анықталады-оның қандай болатындығы белгісіз. Осы сынақтан өту үшін тапқырлық және ойынның барысындағы құралдарды ұтымды пайдалану қажет.

Адвентюрлік ойындар мультфилмдерге ұқсас, тек қана қарапайым мультфилмдерге емес, интерактивті мультфилмді тек қана көріп қана қоймай, мұндай мультфилимде ойынның маңызды рөл атқаратын әртүрлі кейіпкерлер отрядымен ойнауға болады. Сондықтан бұл ойындар рөлдік ойындар деп аталады.

·        Спорттық ойындар. Бұл ойындарда ойыншы спорттық жарыстардың қатысушысы болып табылады. Мұнда жеке атлеттің рөліне кіруге немесе бірнеше команданы басқаруға болады. Спорттық ойындардың кейбір түрлері тек қана спорттық жарыстарға арналған болып қана қоймай, сонымен қатар оған дайындауға да мүмкіндік береді. Мұндай ойындарды менеджерлік спорттық ойындар деп атайды. Футбол, баскетбол, хоккей, бейсбол және гольф т.б. спорттық ойындар.

·        Стратегиялық ойындар. Бұл ойын жанры қорларды (ақша, қажетті құндылықтар, электрэнергиясы және т.б.) басқаруға арналған. Стратегиялық ойындарда ойыншыдан кездескен қиындықтарды жеңуге  деген оперативті реакциядан басқа, ұзақ уақыт стратегиялық жобалауды қажет етеді. Ойыншы бұл ойында өзі армияның генералы ретінде, мемлекеттің басқарушысы немесе жұлдыз аралық империяның жетекшісі ретінде сезіне алады. Мысалы: «Дюна 2», «Имитатор города 2000», «Эйфория хандығы», «Темір жол магнаты», «Тақырыптық саябақ», «Өркениет» «Сауда басшысы», «Цезарь 2» және т.б.

·        Имитаторлар ойыны. Имитатор ойынында – ойыншы әрбір кезде өзін жүйткіген автомобильдің, самолеттің штурвалының жүргізушісі ретінде сезіне алады. Бұл ойында техника басқару маңызды рөл атқарады. Мысалы, «2 әскери роботтар», «Формула 1» және т.б.

·        Логикалық ойындар. Көптеген балалар басқатырғыш ойындарды жақсы көреді. Басқатырғыштардың стандартты емес түрлерін шешуде ойлап тапқырлық және өзінің іс-әрекетін алдын-ала есептейтін қабілеттілік қажет. Мұндай компьютерлік ойындар ұлы математиктер ойлап тапқан классикалық басқатырғыштарды шешу мүмкіндігін тексеруге көмектесді. Мысалы: «Тетрис» ойынын айтуға болады.

·        Традициялық ойындар. Шахмат ойнайтын компьютерлік ойындар өте қажетті. Бірақ та тағыда басқа бірнеше ойыншыға арналған үстелдік ойындар аз емес. Кейбіреуі көптеп таратылса, кейбіреуі өте аз. Егер бала логикалық ойлауды қажет ететін үстелдік ойындарды ұнатса, жаңа ойынды ойнауға дайын деген сөз.

Балалар компьютерлік ойындарды басқа келеңсіз оқиғаларға соқтырмай таңдауы үшін:

-         ойынның жанрын дұрыс таңдай білуі;

-         ойынның мазмұны;

-         ойынның басқару жүйесі;

-         ойынның күнделілік деңгейін баптау;

-         ойынның жүргізілу уақытын қадағалау керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Информатика элементерін пәнаралық байланыс негізінде оқыту оқушылардың ойлау қабілетін компьютерлік ойындар арқылы дамыту мен өзіндік танымдық іс-әрекеттерін ақпараттық ортада қалыптастыруға бағытталған. Бұл жобаның тиімділігі оқушылар жоғарғы сыныпта информатиканы тез меңгереді және мемлекеттік білім стандарттарын терең меңгеруге мүмкіндік береді. Информатика пәнін оқыту арқылы оқушылар ақпараттық мәдениеттің негізі болып саналатын коммуникация мен түсініктердің, ойлаудың математикалық негіздерін меңгереді.

Бұл жоба келешекте 5 сыныпта информатика элементтерін пәнаралық байланыстар негізінде оқытуды орта мектептің жалпы білім беретін пәндеріне пайдалана отырып, оқушылардың екі жақты пәндерден алатын білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын жетілдіру бағытында дамытуға болады.

 

 

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ГЛОССАРИЙ

 

·        Аркадты ойындар. «Аркадты» сөзі ойын-сауық залдарындағы ойын автоматтарының атына байланысты аталған.Бұл жанрдың ойындары баланың жылдам әрекет жасауын, жақсы көзөлшемін, уақытты  үнемдеуін қажет етеді және соған тәрбиелейді

·        Адвентюрлік  «adventure»-шытырман оқиға деген сөзінен алынып және ең бірінші жасалған ойынның

·        «Имитатор ойынында – ойыншы әрбір кезде өзін жүйткіген автомобильдің, самолеттің штурвалының жүргізушісі ретінде сезіне алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1.     ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. 2002 жыл

2.     «Қазақстан-2030» бағдарламасы

3.     «Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журнал, №1-4,2003ж.

4.     «Қазақстан мектебі» Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық журналдары №3-8,2004ж

5.     «Бастауыш мектеп» Республикалық ғылыми - әдістемелік журналдары 2002-2008

6.     «Информатика негіздері» Республикалық ғылыми-әдістемелік журналдары 2003-2008

7.     Ы.Алтынсарин атындағы қазақтың білім академиясы орта және кәсіптік білім беру институты, Информатика 7-11 сынып. Күнтізбелік жоспарлау. Алматы.:1998ж

8.      «Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде информатика пәнін оқыту» (озық тәжірибелер материалдарының жинағы) 1-2 том Алматы-2006

9.     «Ақпараттық мәдениет негіздері» Әдістемелік нұсқау.-Алматы: «Аруна»,2004ж Е.Қ.Балапанов, Б.Бөрібаев, С.Мұхамбетжанова, Г.Қабылова, Б.Айтбақина, Ғ.Мамырбек

10. Информатикадан 30сабақ. Е.Балапанов, Алматы «Шартарап»

11. Жалпы информатика. С,Симонович, Г.Евсеев, Москва «АСТ-ПРЕСС»

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Информатика 5-сыныпта: мәселелері мен болашағы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по продажам

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Жоба жұмысының құрылымы және көлемі. Жоба жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады. Жұмыс көлемі 25 бет,   9 кесте түзілген. Қосымшада үйретуші және сабақ жоспарлары, жұмыс дәптерлері  келтірілген. Оқудың сипаттық ерекшелігі болып, оқушылар ең алғашқы күннен бастап меңгеруге кірісетін ақпарат көлемінің күрт өсуі болып саналады. Бұл олардың көпшілігінде ақпаратты саналау мен есте сақтауда едәуір қиындықтар туғызады. Өйткені, төменгі сынып оқушыларында адаптация-жағдайға бейімделу барысы мүлдем баяу, ал меңгеретін ақпарат өте тез ұлғаюда.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 693 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.03.2015 3629
    • DOCX 156.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Каденова Гулим Ошакбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Каденова Гулим Ошакбаевна
    Каденова Гулим Ошакбаевна
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3940
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Компьютерная грамотность для пенсионеров

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыкальная журналистика: создание и продвижение контента

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление внутренних барьеров: убеждения, зависимости, и самооценка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 36 регионов

Мини-курс

Психологическая работа с эмоциональными и поведенческими проблемами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 140 человек из 49 регионов