Инфоурок Информатика КонспектыИнформатика пәнінен ашық сабақ "Мәтіндік құжатты пішімдеу. Әріптер" ( 5- класс)

информатика пәнінен ашық сабақ "Мәтіндік құжатты пішімдеу. Әріптер" ( 5- класс)

Скачать материал

 

 

Сабақтың тақырыбы:  Мәтінді пішімдеу. Әріптер
Сабақтың мақсаты:

Ø Білімділік: Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға үйрету.
Ø Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Ø Тәрбиелік: оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Сабақтың түрі:  Ашық сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар:
Ø Интерактивті тақта, WordPad редакторы,  карточкалар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастырылуы. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Тест арқылы
3. Жаңа сабақты түсіндіру.

4. Компьютермен жұмыс.

5. Қорытынды

Мәтіндік процессор - бұл тек қана мәтінді енгізу мен түзету ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары бар бағдарламалар класы. Сонымен қатар пішімдеу қағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу жолымен іске асады. WordPad мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіншілігі бар қарапайым мәтіндік процессор болып табылады. Жай құжаттарды дайындау үшін және мәтіндік файлдарды бір пішіннен басқа пішінге өзгерту үшін пайдаланылады.

WordPad мәтіндік редакторымен жұмыс істеу.

WordPad мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. WordPad құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі қаріп қолдануға, сонымен қатар графикалық кескіндерді, дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болады.

WordPad бағдарламасын іске қосу.
WordPad мәтіндік редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз: Пуск - Программы - Стандартные - WordPad . Редактор іске қосылғанннан кейін экранға WordPad мәтіндік редакторының терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, құрал- саймандар тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы.
Терезенің көп бөлігін жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі.
Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad бағдарламасының аты көрінеді.
Құрал-саймандар тақтасында жиі пайдаланылатын командаларды шақыру батырмалары бар. Әрбір батырманың, міндетін білу үшін маустың нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төртбұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.

WordPad-та құжат құру.

WordPad-та құжат құру үшін , төмендегі негізгі сатыларды орындау керек:
1. Қаріп және оны өлшемін таңдау.
2. Мәтінді енгізу және редакциялау.
3. Мәтінді пішімдеу.
4. құжатты сақтау және ашу.
5. баспаға шығару.
Осы сатыларды қарастырайық:
1. Қаріп және оның өлшемін таңдау.

есептер тақтасындағы пернетақта индикаторы арқылы қажетті тілді таңдай аламыз.

Қаріп түрлерін құрал - саймандар тақтасындағы Қаріп батырмасын шерту арқылы, ал өлшемін Қаріп өлшемі батырмасы арқылы өзгерте аламыз.
Қаріпті, Өлшемді, Әлпетті қатар өзгерту үшін Формат-Шрифт (Формат-Қаріп) командасын орындаймыз.
2.Мәтінді енгізу мен редакциялау. Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде төмен жылжытылып отырады. Мәтінді теру кезіндегі кейбір пернелердің қызметі:
Enter- жаңа жолға көшу
Shift-бас әріптерді теру.
CapsLock - бас әріптер режиміне ауысу
Backspace - меңзердің сол жағындағы символдарды өшіру
Delete - меңзердің оң жағындағы символдарды өшіру.
3.Мәтінді пішімдеу. Мәтіннің әлпетін өзгерту және мәтінді беттердің шеттері бойынша тегістеу әрекеттерін орындау мәтінді пішімдеу деп аталады.

Мәтіннің әлпеті: Ж- жартылай қалың, К- курсив, Ч- асты сызылған. Кәдімгі пішімдеу құрал-саймандар тақтасындағы Ж,К,Ч батырмаларын шерту арқылы жылдам орындалады.

Мәтінді тегістеу үшін Пішімдеу құрал - саймандар тақтасындағы сол жақ шеті, оң жақ шеті, ортасы бойынша тегістеу батырмалары қолданылады. Бұл әрекетті Формат-Абзац командасы арқылы да орындауға болады.

Тапсырмалар:

№1 
1. Пуск – Программы – Стандартные – WordPad командасын орында.
2. Кел балалар оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.
өлеңін теріп, тақпақтың жолдарын қалың жазумен ауыстыр.
3. Тақпақтың  әр жолындағы бірінші сөздің түсін көк түске  ауыстыр.

№2
1. Пуск – Программы – Стандартные – WordPad командасын орында.
2. Кел балалар оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық,
өлеңін теріп, тақпақтың жолдарын курсивті жазумен ауыстыр.
3. Өлеңді сақтап, файлдың атын «Ы.Алтынсарин» деп сақта.
3-тапсырма .

 Суретке қарап мәтін құр және оны компьютерде теріп ,жаз.

 

3- т апсырма. 

1.  Word Pad   программасын ашыңдар

2. «Мен мәтінді пішімдеуді үйрендім» мәтінін теріңдер және оны көшіріңдер.

3. Пішімдеудің келесі параметрлерін тағайындаңдар

 

 

Сергіту сәті.

Қорытынды.

Бағалау

Үй тапсырмасы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға Word Pad мәтіндік бағдарламасының қосымша мүмкіндіктерін түсіндіру.
Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, ақпараттық сауаттылыққа, шапшаңдыққа, WordPad мәтіндік редакторында мәтінді өз бетінше жазуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, таным белсенділігін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдісі: Сәйкестендіру тесті, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың көрнекілігі: таратпа, компьютер, мультипроектор.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
- оқушылармен сәлемдесу;
- оқушыларды түгелдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1. Символ...
1) Мәтіндік ақпараттың ең кішкене бірлігі
2) Ең кіші нүкте
3) Ең кіші сызықша
4) Мәтіндік ақпараттың ең үлкен бірлігі
2. Мәтіндік курсор...
1) Мәтіндік редакторда орналасқан.
2) Жұмыс үстелінде орналасқан
3) Арнайы бумада орналасқан
4) Дұрыс жауабы жоқ
3. WordPad мәтіндік редакторының құжат типі
1). pnb
2). rtf
3). jpg
4). avi
4. Мәтіннің негізгі элементін көрсет:
1) Құжат
2) Кесте
3) Сурет
4) Сөз
5. Мәтіндік құжаттармен жұмыс жасауға арналған арнайы программалар:
1) Кестелік редактор
2) Графикалық редактор
3) Paint
4) Мәтіндік редактор
6. Сөзді немесе символды бас әріппен бастау үшін әріп пернесімен бірге қандай пернені басу керек?
1) delete
2) alt
3) shift
4) home
7. Бірнеше сөді бас әріппен жазу үшін...
1) Num lock
2) Caps lock
3) Backspace
4) Tab
8. Курсорды мәтін бойынша жолдын басына апару үшін...
1) End
2) Page down
3) Home
4) Page up
9.
Үзілмейтін бос орын қою үшін...
1) Alt+shift+
бос орын
2) Ctrl+shift+
бос орын
3) Shift+delete+
бос орын
4) Tab+
бос орын
10.
Көп бетті құжаттын соңғы бетіне бірден бару үшін:
1) Alt+shift
2) Ctrl+end
3) Shift+delete
4) tab
III.
Жаңа сабақ баяндау
Мәтін бөліктерін түзетуге: жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыруды жатқызуға болады.
Символдарды жою ціиін цандай пернелер қолданылады?
Windows
операциялың жүйесіндегі басқа нысандар сияқты, мәтіндердегі нысандарды Delete пернесімен - курсордан оң жақта орналасқан символды, Васкsрасе пернесімен курсордың сол жағында орналасқан символды жоюға болады.
Егер мәтінді Ауыстыру режимінде терсек, онда бүрын болған символдарды алмастыруға болады. Ол Іnsert пернесін басңанда қосылады. Мәтінді қосуды жалғастыру үшін, Іnsert пернесін ңайтадан басу керек.
Егер мәтіннің барлық бөлігінде түтас сөзді немесе сөз тіркесін алмастыру керек болса, онда Ауыстыру бұйрығын қолданған ыңғайлы.
Мәтіннің ерекшеленген бөлігін 2 тәсілмен Жылжытуға болады:
Көшіру амалы жылжытуға өте үқсас:
Ерекшеленген бөлікті тышқанмен Сtrl пернесін баса отырып жылжытамыз;
немесе оны алмасу буферіне көшіреміз (Жолақтағы копировать батырмасы), керек жерге кірістіреміз.
Егер мәтінге амал ңолданғанда бір нәрсе дүрыс шыңпай жатса, абыржудың керегі жоқ. Жылдам қол жеткізу тақтасындағы Кері қайтару пернесін немесе Сtrl+z пернелерін басу арқылы кез келген әрекеттен бас тартуға болады. Әрекеттер тізбектеліп кері қайтарылады, сондықтан олардың кез келгенін өз таңдауларың бойынша қайтара алмайсыңдар.
Жазылған әріптердің кескінің оның қаріп түрін және өлшемін өзгерту арқылы келтіруге болады:
IV.
Сабақты бекіту
Сәйкестіріндер
Ctrl+Home
Таңдалған бұйрықтан бас тарту
Page Up
Бас әріптерді теру режиміне өту
Delete
Курсорды құжаттың басына апару
Caps Lock
Курсордың сол жағындағы сөзді жою
Esc
Курсорды бір бетке жоғары апару
Insert
Абзацты енгізуді аяқтау
Enter
Курсордың оң жағындағы сөзді жою
Ctrl+Back Space
Мәтінді енгізгенде ауыстыру режиміне көшіру
1 -
тапсырма:
Сәтемір хан
Сәтемір жеті жасында атасынан жетім қалыпты. Күндерде бір күн Сәтемір далада ойнап жүріп, бір ескі тамның түбінде шаршаған соң сүйеніп, жан - жағына қарап жатса, бір аяғы ақсақ құмырсқа тамның тө - бесіне қарай өрмелеп барады да, орта шеніне барғанда қүлап түсе - ді; тұра салып тағы да өрмелейді, манағыдан гөрі жоғарырақ барған - да тағы құлап түседі. Үшінші рет құмырсқа және тырмысады; ақыры, бар күшін салып, қисая - мисая барып, тамның төбесіне шығып кетіпті.
Мұны көріп Сәтемір ойға қалды: «Құдай - тағаланың жаратқан жан - жануарының ең кішкентайы осы құмырсқа екеш құмырсқа да тынбай жұмыс жасап жүр; өзі ақсақ, бір тырмысып, екі тырмысып, жығылып, сонда да қоймай, ақырында мұратына жетті, тамның басына шықты. Мұны көріп отырып менің де талап іздемей, жұмыссыз ойнап жүргенім ақылсыздық екен» деп, ойынын тастап, қалаға барады. Қалада бір білімді, оқымысты молда бар екен, соған үй сыпыруға жалданып, ақы - сына оқу оқыпты - мыс.
Ақырында сол Сәтемір асқан данышпан, айдай әлемге патша болған екен.
1.
Құжатты өз бумаларыңда Сәтемір хан деген атпен сақтаңдар.
2.
Түзету мәзіріндегі Ауыстыру бұйрыгын пайдаланып, мәтіндегі «Сәтемір» сөзін «хан» сөзіне алмастырыңдар.
3. «;»
белгісін «.» белгісіне ауыстырыңдар. Пайда болган сөйлемдердегі бірінші әріптерді бас әріптерге ауыстырыңдар.
4.
Өз бумаларыңның Сәтемір хан файлындағы өзгерістерді сақтаңдар.
2 –
тапсырма:
Өзін ғана ойлағанжамандықтыңң белгісі,
Өзгені де өйлаған
Адамдықтың белгісі. Ағашты жемісінен таниды, Адамды ісінен таниыды.
Өз білмегенінді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса, кішіден сұра.
Оқусыз білім жоқ, ьь
Білімсіз күнің жоқ.
Оқубілім бұлақы,
Білімөмір шырағы
1.
Сөздердегі қателерді түзетіңдер, артық символдарды алып тастаңдар, бос орындардың қойылуына назар аударыңдар.
2.
Мәтінді әр мақал бір жолда жазылатындай етіп түзетіңдер. Еnter, Васкsрасе және Delete пернелерін қолданыңдар:
егер бір жолда екі мақал орналасса, онда курсорды бірінші ма - қалдың соңына қойып, Еnter пернесін басыңдар;
егер бір мақал екі жолда орналасса, онда курсорды бірінші жолдың соңына қойып, Delete пернесін басыңдар (курсорды екінші жолдың басына цойып, Васкsрасе пернесін басуға да болады).
3 –
тапсырма:
Тапсырма Дабыл Папка
Парта Программа Қарындаш
Көрме
• Delete,
Васкsрасе пернелерін цолданып және алмастыру режимінде (Insert пернесін қосып) символдарды жойып, ауыстырып жаңа сөздер жасаңдар.
Құжатты өз бумаларыңда Сөздерді деген атпен сақтаңдар.
V.
Үй тапсырмасын беру. Бағалау.

Сабақтың тақырыбы: Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу.

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік мақсаты:  Оқушылар мәтін енгізу алдында, ерекшеленген бөлігі үшін, бүкіл 
мәтін үшін әріпті, өлшемін таңдауды; абзац, бірінші жолдың 
шегерімін түзетуді орнатуды, сызғышты, мәтінді тізім түрінде 
рәсімдеуді үйренуі тиіс .
Дамытушылық: Оқушылардың ақпараттық – технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сұрақ- жауап
Сабақтың әдісі: сыни тұрғыдан ойлау
Сабақтың көрнекілігі: ЕТ, оқулық, үлестірмелі карточкалар, интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақтың жүрісі: I. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылармен амандасып, келмеген оқушылардың себебін анықтау.
1. Мәтіндік редактор дегеніміз не? 


Мәтіндік редактордың көмегімен кез келген мәтінді оңай және тез құруға және безендіруге болады.
2. Бас әріпті қалай енгіземіз? Shift пернесін басып тұрып енгіземіз.
3. Бос орын қай кезде қойылады? Бір бос орын сөздердің арасына және тыныс белгілерінен кейін қойылады. 
4. Enter пернесін қай кезде басуымыз керек ?  Enter пернесін абзацтың соңында басады.
5. Мәтін элементтерін атаңдар. Мәтіннің негізгі элементтері: символ, сөз, жол, абзац, бет, мәтін.
6. Дефис қалай қойылады? Дефис бос орынсыз қойылады
7. Ұзын сызықша (тире) қай кезде қойылады? Ұзын сызықша алдынан да, соңынан да бос орынмен қойылады. 
8. Мәтіндік құжатты сақтау үшін Файл---- Сохранить как командасын орындаймыз.
ІІІ. Жаңа сабақ
Кітаппен жұмыс. Мәтінмен танысу.

І – топ - «Мәтін». Мәтін бөліктерін ерекшелеу тәсілдері.
ІІ – топ – «Пішім». Мәтінді пішімдеу. Қаріптер.
ІІІ – топ – «Қаріп». Мәтінді пішімдеу. Абзац. Түзеу.
IV – топ – «Абзац». Мәтінді пішімдеу. Шегіністер. Тізім.

IV. Бекіту тапсырмаларына практикалық жұмыс. 
Компьютерде орындау. 

№1 
1. Пуск – Программы – Стандартные – WordPad командасын орында.
2. Кел балалар оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық,
өлеңін теріп, тақпақтың жолдарын қалың жазумен ауыстыр.
3. Тақпақтың әр жолындағы бірінші сөздің түсін ауыстыр.


№2
1. Пуск – Программы – Стандартные – WordPad командасын орында.
2. Кел балалар оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық,
өлеңін теріп, тақпақтың жолдарын курсивті жазумен ауыстыр.
3. Өлеңді сақтап, файлдың атын «Ы.Алтынсарин» деп сақта.


№3
1. Пуск – Программы – Стандартные – WordPad командасын орында.
2. Ер қанаты - ат, 
Сөз қанаты - хат.
Мақал – мәтелін теріп, тақпақтың жолдарын курсивті жазумен ауыстыр.
3. Мақал – мәтелді қызыл түске ауыстыр.


№4
1. Пуск – Программы – Стандартные – WordPad командасын орында.
2. Сөйлемді тер, бірінші жолды бас әріппен және өлшемі 18-қаріппен, 
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау
3. «Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау» жолын белгілеп, Қалың қаріп режимін қосыңдар. 

3 – тапсырма.
Мәтінді теріңіз, оны белгілеп алып асты бір сызықпен сызылған, әрі қарайтылған, орта бойынша тураланған етіңіз. Мәтін өлшемі – 14, түсін – көкпен өзгертіңіз. Осы құжатты «Білім» атымен сақтаңыз.
«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар»

1 – тапсырма.
Мәтінді теріңіз. Мәтін өлшемі – 20, орта бойынша туралауда орында.
«Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі»
2 – тапсырма.
Мәтіннің өлшемін – 16, түсін – жасыл, сол жақ туралауда, түрін – жартылай қарайтылған курсивті қылып пішімдеңіз.
«Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені, еменнің иілгені - сынғаны»


V. Сәйкестіндіру тестісі



VI. Сергіту сәті 

«М» сөзжұмбағын дұрыс шешсеңіз мәтінмен жұмыс кезіндегі терминдермен к
ездесесіз

Сұрақтар:
1. Кірістіру нүктесі
2. Word Pad ........... редакторы
3. Тізім құрау батырмасы
4. Редактордың негізгі командалары орналасқан жол

VII.
Топ басшыларының қорытындысы. Бағалау.

VIIІ. Үйге тапсырма: 21, 22,23 оқып
келу.

 

·                   2

·                   3

·                   4Сабақтың тақырыбы: WordPad. мәтіндік редакторымен жұмыс істеу.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды WordPad. мәтіндік редакторымен таныстыру. 
Білімділік: Өткен тақырыпты еске түсіру. Құжаттың құрылымы, стильі, баспа бетінің геометриясы туралы және WordPad. мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға үйрету;
Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардыұ ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, интерактивті тақта, планшет, флипчарт.
Сабақтың өту барысы:
1. Оқушыларды ұйымдастыру . 1 минут
2. Өткен тақырыпты еске түсіру. 5 минут
3. Үйге берілген тапсырманы тексеру . 5 минут
4. Жаңа тақырыпты тұсіндіру. 10 минут
5. Тапсырмаларды орындау 10 минут
6. Сергіту кезеңі 2 минут
7. Ауызша тапсырма 2 минут
8. Полиглот 5 минут
9. Сабақты бекіту.3 минут
10. Бағалау 1 минут 
11. Үйге тапсырма беру. 1 минут
Сабағымызды бағалау үшін дұрыс жауапқа, тапсырмаға 1 смайликтен беріп турамын.
І. Өткен тақырыпты еске түсір. 
Санымен балалар өткен тоқсанда өткен соңғы тарауымыз Paint графикалық редакторы болды. Есімізге түсіру үшін мен сіздерге бір сурет экранда көрсетемін, сол суретті тақтада салу керек. Мен кеспе қағаздарын дайындап қойдым. Кеспедегі тапсырманы біртіндеп келіп орындаймыз. 
1. Paint редакторын ашыңыз, жұмыс алаңының түсін аспан көк түсіне келтір.
2. Үлкен тік төртбұрыш сал, түсін қоңырға боя.
3. Терезе көлемі тәрізді етіп дөңгелек бұрышты төртбұрыш сал, түзу сызық таңдап сызықтар жүргіз.
4. Оны көшірмелеу арқылы алтауын жаса.
5. Терезелер түсін сары етіп боя, Есік суретін салып боя.
6. Шеңбер арқылы күн, түзу сызықтың қалыңы арқылы сәуле сал.
7. Тал суретін сал. (Қоңыр түзу сызық, жасыз түсті қарындаш арқылы жапырақтар), тал суретіңің үшеуін көшірмеле.
8. Суретке «Мой дом» деп жазу кірістір, дәл осылай сақта сақта.
8 кеспе қағазы беріледі. Балалар тез әрі дұрыс интерактивті тақтада сурет салады. 
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру. 
Енді балалар жаңа сабақты түсіндірмес бұрын мен сіздерге үйге тапсырма бердім тақырыбы «Мәтінді қай түрде жазған жақсы компьютердеме әлде қағаздама?» 
Біз класты екі топқа бөлдік, әр топқа басшы бердік олар Ақние және Аманжол. Аманжол денсаулығына байланысты сабаққа келмегендіктен біз онымен веб камера арқылы сөйлесеміз ол өзінің тобын осы камера арқылы бақылап отырады. 
Ақниет Мәтінді қағазға жазған жақсы, - деген ойға мілімет.
Аманжол Мәтінді компьбтерге жазған жақсы, - деген ойға мілімет.
ІІІ. Жаңа тұсініктер: 
Бүгінгі біздің жаңа сабағымызды игеру қиынға соқпайды, өйткені технологияның, әсіресе компьютердің дамыған кезінде барлығыңызда компьютер бар деп ойлаймын. Мәтіндік процессор - бұл тек қана мәтінді енгізу мен түзету ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары бар бағдарламалар класы. Сонымен қатар пішімдеу кағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу жолымен іске асады. WordPad мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіншілігі бар қарапайым мәтіндік процессор болып табылады. Жай құжаттарды дайындау үшін және мәтіндік файлдарды бір пішімнен басқа пішімге өзгерту үшін пайдаланылады.

WORDPAD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫ
Қазіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтінді дайындауда кеңінен пайдаланады. Компьютерлер тек баспа машинасының қызметін аткарып кана коймай, құжаттарды дайындау процесінде көптеген косымша мүмкіндіктер береді.
Біріншіден, компьютердегі мәтінді түзетуге, мәтін ұзінділерін косута, мәтін арасына жаңа жолдар қосуға, әр түрлі құжаттарды бірін-біріне қосуға, мәтіннің шекараларын тегістеуге. Жолдарды экранның ортасына келтіруге (центрлеуге), құжатты сақтап, баспаға қанша дана болса да шығаруға болады.
Екіншіден, әр түрлі қаріптерді, тұрлі тілдердің алфавиттерін, сондай- ақ. графикалық символдарды пайдалануға болады.
Үшіншіден, мәтін арасына кестелерді, суреттерді, графиктерді кірістіруге, сонымен қатар мәтіннің өзін түрлі пішінде (қисық бойында орналастыруға, "көлемді" пішін беруге, көлеңкелеуге және т. б.) орналастыруға болады.
Төртіншіден, қағазға жазылған мәтіндерді, құжаттарды (хат, кітап мәтінін және т.б.) сканер арқылы өткізіп, тану бағдарламасының көмегімен мәтіндік пішімге келтіруге болады.
Бесіншіден, стандартты құжаттарды шығарғанда дайын үлгілерді пайдалануға
болады.

Алтыншыдан, мәтіндерді дискілерге қысын жазып қоюға да болады.

WORDPAD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫНДА Ж¥МЫС ІСТЕУ
WordPad мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік береді. WordPad. құжаттарында мәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі қаріпті қолдануға, сонымен қатар графикалық кескіндерді, дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болады.
Видио түсіндіру. Видиоролик.
WORDPAD БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСУ:
WordPad. мәтіндік редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындаймыз: Пуск => Программы => Стандартные => WordPad. (Жіберу => Бағдарламалар => Стандартты -> WordPad.. Редакторды іске қосқаннан кейін экранға WordPad. мәтіндік редакторының терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, құрал-саймандар тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы. Терезенің көп бөлігін бос кеңістік жұмыс аймағы алады, оған мәтін енгізіледі. Терезенің тақырып жолында қркат аты және WordPad. бағдарламасының аты көрінеді. Құрал-саймандар тақтасында, пішімдеу тақтасында жиі пайдаланылатын командаларды шақыру батырмалары бар. Әрбір батырманың, міндетін білу үшін, маустың нұсқағышын сол батырманың үстіне орналастырыңдар, аз уақыттан соң ішіне батырманың қысқаша аты жазылған кішкене төрт бұрыш шығады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін көрсетеді.

WORDPAD - та құжат құру
WordPad. құжат кұру үшін, төмендегі негізгі сатыларды орындау керек: 
1. Қаріп және оның өлшемін таңдау
2. Мәтінді енгізу және редакциялау
3. Мәтінді пішімдеу
4. Құжатты сақтау және ашу
Осы сатыларды қарастырайық:
1. Қаріп және оның өлшемін таңдау:
Мәтінді термес бұрын қажетті тілді таңдап аламыз. Қаріп түрлерін кұрал-саймандар тақтасындағы Қаріп батырмасын шерту арқылы, ал өлшемін Қаріп өлшемі батырмасы арқылы өзгерте аламыз.

Қаріпті, қаріп өлшемін мәтінді тергеннен кейінде, дейінде өзгертуге болады.
2. Мәтінді енгізу және редакциялау:
Мәтінді енгізгенде жолдар автоматты түрде төмен жылжытылып отырады.
Мәтінді теру кезіндегі кейбір пернелердің қызметі:
Enter - жаңа жолға көшу
Shift - бас әріптерді теру
СарsLоск - бас әріптер режиміне ауысу
Васкsрасе - меңзердің сол жағындағы символарды өшіру
Delete - меңзердің оң жағындағы символдарды өшіру
3. Мәтінді пішімдеу:
Мәтіннің әлпетін өзгерту және шеттері бойынша тегістеу әрекеттері орындау мәтінді пішімдеу деп аталады. Ол үшін пішімдеу тақтасындағы Ж- жартылай қалың, К - курсив, Ч - асты сызылған батырмаларын шерту арқылы жылдам өзгертеміз.
Мәтінді тегістеу үшін Пішімдеу құрал-саймандар тақтасындағы сол жақ шеті, оң жақ шеті, ортасы бойынша тегістеу батырмалары қолданамыз. 
4. Құжаттарды сақтау және ашу:
WordPad. мәтіндік редакторында құжатты сақтау үшін Файл - Сохранить как командасын орындаймыз. 
Сақталған құжатты ашу үшін: Файл - Открыть командасын орындаймыз.
Жаңа құжат құру үшін: Файл - Создать командасын орындаймыз. Жаңа құжат терезесінде құжат түрін таңдап ОК шертеміз.

IV. Компьютерде тапсырмалар орындау:
1 – тапсырма.
Мәтінді теріңіз. Мәтін өлшемі – 20, орта бойынша туралауда орында.
«Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі»
2 – тапсырма.
Мәтіннің өлшемін – 16, түсін – жасыл, сол жақ туралауда, түрін – жартылай қарайтылған курсивті қылып пішімдеңіз.
«Ер жігіттің екі сөйлегені өлгені, еменнің иілгені - сынғаны»

V. Сергіту кезеңі.
1. Саусақ жаттығуларын жасау
2. Көз жаттығуларын жасау
3. Йық жаттығуларын жасау
VI. Ауызша тапсырма.
Қателерді анықтау
Бір бала компьютерде қалай жұмыс істегені жайлы әңгіме жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықта.
Мен компьютермен жұмыс істегенде міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса, сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басып алу үшін терезелерге қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, колонкаға құжаттарымды сақтаймын. Жауабы: 7 қате
VII. Полиглот.

VІІІ. Сабақты бекіту: (Терезе қатарларын құрастыр) 

ІХ Бағалау.

Х. Үйге тапсырма: Word Pad мәтіндік редакторында жұмыс жасау. 
«Word Pad» сөзіне сөзжұмбақ, ребус құрап келу.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Информатика пәнінен ашық сабақ "Мәтіндік құжатты пішімдеу. Әріптер" ( 5- класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Старший рекрутер

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:


Сабақтың мақсаты:

Ø Білімділік: Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторымен таныстыру.WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға үйрету.
Ø Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.
Ø Тәрбиелік: оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Сабақтың түрі:  Ашық сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар:
Ø Интерактивті тақта, WordPad редакторы,  карточкалар.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастырылуы. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 512 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.03.2015 1410
    • DOCX 47.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Лайыкова Нурбану Бакбергеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8917
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 123 человека из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Мини-курс

Музыкальная журналистика: создание и продвижение контента

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в инвестиции и инвестиционный процесс

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 11 регионов

Мини-курс

Взаимоотношения в семье и успех детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек